Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1355 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1936 қаулысы.
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 04 шілдедегі N 661 қаулысымен.

      Ветеринариялық айқындау жұмысының қазіргі заманғы деңгейін қамтамасыз ету, жануарлардың аса қауіпті, баяу жүретін және экзотикалық ауруларының алдын алу мен оларды айқындау жөніндегі ветеринариялық-санитариялық шаралардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ жануарлардың ағзасындағы, жануар тектес өнімдер мен шикізаттағы жоғары уытты немесе радиоактивті заттарды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Республикалық ветеринариялық зертханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бағынысындағы "Республикалық ветеринариялық зертханасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) етіп қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мекеменің штат саны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің штат саны лимитінің шегінде белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Жануарлар ауруларын айқындау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде Мекеменің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада P990119_ белгіленген тәртіппен:
      1) Мекеменің Жарғысын бекітсін;
      2) Мекеменің мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары