Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 31 мамырдағы N 741 және 2001 жылғы 21 тамыздағы N 1092 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 569 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 588 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 588 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Кеден кодексiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:

      1) <*>

      2) "Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету кеден режимi қолданылатын лизинг заттарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 тамыздағы N 1092 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 387-құжат):

      тақырыптағы және мәтiндегі "Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету" деген сөздер "Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      кiрiспеде:

      "2000 жылғы 5 шiлдедегi және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңдарын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шiлдедегi Заңын және Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 191-бабын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Ескерту. 1) тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.03.09. N 217 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі