Қазақстан Республикасының Кеден кодексiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
1) "Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңілдетiлген тәртiппен өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 мамырдағы N 741
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 19, 249-құжат):
кiрiспедегі "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңының 108-бабына сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 264, 273 және 317-баптарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
мәтiндегi "коммерциялық" деген сөз "кәсiпкерлiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жеке тұлғалардың тауарлаpды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңілдетiлген тәртіппен өткiзу ережесiнде:
7-тармақтағы "Кеден ісі туралы заңның 179" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 91" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы "Кеден iсi туралы заңның 21-тарауына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 33-43-баптарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақта:
"Кеден iсi туралы заңның 122 және 128" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 306 және 309" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Кеден ісі туралы заңның 129-133" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 310, 311, 312, 313 және 314" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
2) "Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету кеден режимi қолданылатын лизинг заттарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 тамыздағы N 1092
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 387-құжат):
тақырыптағы және мәтiндегі "Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету" деген сөздер "Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу" деген сөздермен ауыстырылсын;
кiрiспеде:
"2000 жылғы 5 шiлдедегi және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңдарын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шiлдедегi Заңын және Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 191-бабын" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі