Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 588 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету кеден режимі қолданылатын лизинг заттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 тамыздағы № 1092 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 тамыздағы № 1092 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 наурыздағы № 280 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 тамыздағы № 1092 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 тамыздағы № 895 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 31 мамырдағы № 741 және 2001 жылғы 21 тамыздағы № 1092 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 569 қаулысы.
5. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы № 170 қаулысы.