Мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын дамытудың қағидатты сипаттағы маңызды мәселелерi жөніндегі келісілген көзқарастар мен ұсынымдарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
2. Қоса берiліп отырған:
1) Экономикалық саясат жөнiндегi кеңестiң құрамы;
2) Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
Экономикалық саясат жөнiндегi кеңестiң
ҚҰРАМЫ
Мәсiмов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрiм Қажымқанұлы Министрi, жетекшi
Шөкеев - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы Премьер-Министрінің
орынбасары, жетекшінің орынбасары
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi,
хатшы
Кеңес мүшелерi:
Сағынтаев - Қазақстан Республикасының Премьер-
Бақытжан Әбдірұлы Министрі Кеңсесінің Басшысы
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрі
Бахмутова - Қазақстан Республикасы Қаржы
Елена Леонидовна нарығын және ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігінің төрағасы
(келісім бойынша)
Исекешев - Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы Президентінің көмекшісі (келісім
бойынша)
Сәйденов - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң
Әнуар Ғалимоллаұлы Төрағасы (келiсiм бойынша)
Орынбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы орынбасары
Дунаев - "Қазына" орнықты даму қоры"
Арман Ғалиасқарұлы акционерлік қоғамының басқарма
төрағасы (келісім бойынша)
Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич және сауда министрі
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының
Сауат Мұхаметбайұлы Энергетика және минералдық
ресурстар министрі
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі
Бозымбаев - "Самұрық" мемлекеттік
Қанат Алдабергенұлы активтерді басқару жөніндегі
қазақстандық холдингі"
акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
(келісім бойынша)
Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің
2003.06.20 N 590
қаулысымен
, 2004.08.19 N 869
қаулысымен
,
2005.02.22
N 158
, 2006.03.21 N
193
, 2006.05.30 N
473
,
2006.11.23
N 1117
, 2007.01.18
N 32
, 2007.02.28
N 157
,
2007.10.15
N 948
, 2008.04.07
N 326
Қаулыларымен.
1. Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - ЭCK) Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесші орган болып табылады, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi мәселелерi бойынша ұсыныстарды қарайды.
2. ЭCK өз қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы Ереженi басшылыққа алады.
3. ЭСК-тiң негiзгi мiндеттерi:
1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын әзiрлеу және iске асыру жөнінде келiсілген көзқарастарды әзiрлеу;
2) экономиканы және әлеуметтiк саланы дамытудың орташа және ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған қағидатты маңызды мәселелерi, экономикадағы дағдарысты жайттардың пайда болуын болдырмау жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу немесе олардың мүмкiн терiс салдарларын жұмсарту болып табылады.
4. ЭCK қойылған мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) әлеуметтiк-экономикалық дамудың орташа және ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлейдi;
2) iшкi және сыртқы факторлардың әсерiмен туындаған елдің экономикасындағы дағдарысты жайттардың туындау мүмкіндігін талқылайды және оларды болдырмау жөнiнде ұқсас шаралар әзiрлейдi.
5. ЭCK заңнамада белгiленген тәртiппен және өз құзыретiнiң шегінде:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi мүшелерiнiң қарауына елдің әлеуметтiк-экономикалық дамуының неғұрлым өзекті мәселелерiн енгiзуге;
2) өзiнің жұмысына ел ұйымдарының басшыларын, ғалымдарды, мамандарды, отандық және шетелдiк консультанттарды шақыруға;
3) ұсынымдық сипаттағы қаралатын мәселелер бойынша тиiстi шешiмдер қабылдауға құқығы бар.
5. ЭСК-тің жұмысын ұйымдастыру
6. ЭСК-тiң дербес құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекітіледi.
7. ЭСК-тiң басшысы оның қызметiне басшылық етедi, ЭСК-тiң мәжiлістерiнде төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, ЭCK жүзеге асыратын қызметке жауап бередi.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.18.
N 32
қаулысымен.
8. ЭСК-тiң мәжiлiсi қажеттілігіне орай өткiзiледi, бiрақ оның мүшелерiнің кемiнде жартысы болған кезде тоқсанына бiр реттен жиi болмайды.
9. ЭСК-тің кезектi мәжiлiсiнiң күн тәртібiн оның басшысы Қазақстан Республикасы Президентiнің тапсырмаларына сәйкес, сондай-ақ ЭСК мүшелерiнiң ұсыныстары бойынша қалыптастырады.
10. ЭСК-тiң шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және егер олар үшiн ЭСК-тiң мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс бергенде қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда ЭСК-тiң басшысы дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
11. ЭСК-тiң жұмыс органы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгi болып табылады.
12. Жұмыс органының функциясы күн тәртіптерiне сәйкес ЭСК-тiң мәжiлістерiне материалдар дайындау және оларды ЭСК-тiң мүшелерiне тарату, ЭСК мәжiлiстерiнің қорытындылары бойынша хаттамалар дайындау болып табылады.
Қабылданған шешiм төрағалық етушi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.
Қазақстан Pecпубликасы Үкiметінің күші жойылған
кейбiр шешімдерінің тiзбесi
1. "Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983
қаулысы
.
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 24 қарашадағы N 1192 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 24 ақпандағы N 170
қаулысы
.
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 22 қазандағы N 1585
қаулысы
.
5. "Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 29 қазандағы N 1624
қаулысы
.
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1942
қаулысы
.
7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 6 қаңтардағы N 16
қаулысы
.
8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 мамырдағы N 801
қаулысы
.
9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 101
қаулысы
.
10. "Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 сәуiрдегi N 467
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 13, 164-құжат).
11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 2 қыркүйектегi N 1133
қаулысы
.
12. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 1559
қаулысы
.
13. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 7 ақпандағы N 176
қаулысы
.
14. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметiне байланысты жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 704
қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 20, 215-құжат).
15. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 шілдедегi N 732
қаулысы
.
16. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 қазандағы N 1083
қаулысы
.
17. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 қарашадағы N 1163
қаулысы
.