Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. 1999 жылғы 20 желтоқсан N 1942.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.02.25. N 202 қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына   1-тармақтағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамы мынадай сөздермен толықтырылсын:

     "Бүркітбаев Серік             - Қазақстан Республикасының
     Мінуәрұлы                       Көлік және коммуникациялар
                                     министрі

     Жандосов Ораз                 - "KEGOC" Электр жүйелерін
     Әлиұлы                          басқару жөніндегі Қазақстан
                                     компаниясы" ашық акционерлік
                                     қоғамының президенті
                                     (келісім бойынша)."

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі