Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы N 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі N 326 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 265 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.05.2016 № 265 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы N 202  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 9, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына енгізілсін:

Сағынтаев                     - Қазақстан Республикасының Премьер-
Бақытжан Әбдірұлы               Министрі Кеңсесінің Басшысы

Жәмішев                       - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы               министрі

Бахмутова                     - Қазақстан Республикасы Қаржы
Елена Леонидовна                нарығын және ұйымдарын реттеу мен
                                қадағалау агенттігінің төрағасы
                                (келісім бойынша)

Исекешев                      - Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы                 Президентінің көмекшісі (келісім
                                бойынша);

"Школьник                     - Қазақстан Республикасы
Владимир Сергеевич              Президентінің Әкімшілігі Басшысының
                                орынбасары

Орынбаев                      - Қазақстан Республикасының
Ербол Тұрмаханұлы               Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы

Дунаев                        - Қазақстан Республикасы Қаржы
Арман Ғалиасқарұлы              нарығын және ұйымдарын реттеу мен
                                қадағалау агенттігінің төрағасы
                                (келісім бойынша)"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Школьник                     - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич              және сауда министрі

Орынбаев                      - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы               Министрінің орынбасары

Дунаев                        - "Қазына" орнықты даму қоры"
Арман Ғалиасқарұлы              акционерлік қоғамының басқарма
                                төрағасы (келісім бойынша)";

      көрсетілген құрамнан Келімбетов Қайрат Нематұлы, Коржова Наталья Артемовна, Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов