Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 25 ақпандағы N 202 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 наурыздағы N 193 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 265 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкiметi өкiлдерiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1305  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 437-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1-тармақта:
      әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Yкiметi өкiлдерiнiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Мәсiмов                      - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кәрiм Қажымқанұлы              Министрiнiң орынбасары, төраға

Палымбетов                   - Қазақстан Республикасының Экономика
Болат Әбiлқасымұлы             және бюджеттiк жоспарлау вице-
                               министрi;

      көрсетiлген құрамнан Есiмов Ахметжан Смағұлұлы, Исаев Батырхан Арысбекұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі