Экономикалық саясат жөнiндегі кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 25 ақпан N 202

Жаңартылған

      Мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын дамытудың қағидатты сипаттағы маңызды мәселелерi жөніндегі келісілген көзқарастар мен ұсынымдарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес құрылсын.

      2. Қоса берiліп отырған:
      1) Экономикалық саясат жөнiндегi кеңестiң құрамы;
      2) Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкіметiнің        
2003  жылғы 25 ақпандағы 
N 202 қаулысымен     
бекiтілген        

  Экономикалық саясат жөнiндегi кеңестiң
ҚҰРАМЫ

Ахметов                 - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы        Премьер-Министрi, жетекшi

Есiмов                  - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ахметжан Смағұлұлы        Министрiнiң орынбасары, жетекшiнiң
                          орынбасары

Сәйденов                - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң
Әнуар Ғалимоллаұлы        Төрағасы (келiсiм бойынша)

Орынбаев                - Қазақстан Республикасы Президентiнің
Ербол Тұрмаханұлы         Әкiмшілігі Басшысының орынбасары -
                          Экономикалық саясат басқармасының
                          бастығы (келiсiм бойынша)

Дунаев                  - Қазақстан Республикасының Қаржы
Арман Ғалиасқарұлы        министрі

                    Кеңес мүшелерi:

Келiмбетов              - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы           және бюджеттiк жоспарлау министрi

Мыңбаев                 - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы       Премьер-Министрiнiң орынбасары - 
                          Қазақстан Республикасының
                          Индустрия және сауда министрі
       Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.06.20. N 590   қаулысымен , 2004.08.19. N 869   қаулысымен , 2005.02.22.  N 158  қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнің       
2003 жылғы 25 ақпандағы 
N 202 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - ЭCK) Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесші орган болып табылады, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi мәселелерi бойынша ұсыныстарды қарайды.
      2. ЭCK өз қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы Ереженi басшылыққа алады.

  2. ЭСК-тiң мiндеттерi

      3. ЭСК-тiң негiзгi мiндеттерi:
      1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын әзiрлеу және iске асыру жөнінде келiсілген көзқарастарды әзiрлеу;
      2) экономиканы және әлеуметтiк саланы дамытудың орташа және ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған қағидатты маңызды мәселелерi, экономикадағы дағдарысты жайттардың пайда болуын болдырмау жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу немесе олардың мүмкiн терiс салдарларын жұмсарту болып табылады.

  3. ЭСК-тің функциялары

      4. ЭCK қойылған мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) әлеуметтiк-экономикалық дамудың орташа және ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлейдi;
      2) iшкi және сыртқы факторлардың әсерiмен туындаған елдің экономикасындағы дағдарысты жайттардың туындау мүмкіндігін талқылайды және оларды болдырмау жөнiнде ұқсас шаралар әзiрлейдi.

  4. ЭСК-тiң құқықтары

      5. ЭCK заңнамада белгiленген тәртiппен және өз құзыретiнiң шегінде:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi мүшелерiнiң қарауына елдің әлеуметтiк-экономикалық дамуының неғұрлым өзекті мәселелерiн енгiзуге;
      2) өзiнің жұмысына ел ұйымдарының басшыларын, ғалымдарды, мамандарды, отандық және шетелдiк консультанттарды шақыруға;
      3) ұсынымдық сипаттағы қаралатын мәселелер бойынша тиiстi шешiмдер қабылдауға құқығы бар.

  5. ЭСК-тің жұмысын ұйымдастыру

      6. ЭСК-тiң дербес құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекітіледi.
      7. ЭСК-тiң басшысы оның қызметiне басшылық етедi, ЭСК-тiң мәжiлістерiнде төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, ЭCK жүзеге асыратын қызметке жауап бередi. ЭСК-тің басшысы болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
      8. ЭСК-тiң мәжiлiсi қажеттілігіне орай өткiзiледi, бiрақ оның мүшелерiнің кемiнде жартысы болған кезде тоқсанына бiр реттен жиi болмайды.
      9. ЭСК-тің кезектi мәжiлiсiнiң күн тәртібiн оның басшысы Қазақстан Республикасы Президентiнің тапсырмаларына сәйкес, сондай-ақ ЭСК мүшелерiнiң ұсыныстары бойынша қалыптастырады.
      10. ЭСК-тiң шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және егер олар үшiн ЭСК-тiң мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс бергенде қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда ЭСК-тiң басшысы дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
      11. ЭСК-тiң жұмыс органы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгi болып табылады.
      12. Жұмыс органының функциясы күн тәртіптерiне сәйкес ЭСК-тiң мәжiлістерiне материалдар дайындау және оларды ЭСК-тiң мүшелерiне тарату, ЭСК мәжiлiстерiнің қорытындылары бойынша хаттамалар дайындау болып табылады.
      Қабылданған шешiм төрағалық етушi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнің       
2003 жылғы 25 ақпандағы 
N 202 қаулысына    
қосымша      

  Қазақстан Pecпубликасы Үкiметінің күші жойылған
кейбiр шешімдерінің тiзбесi

      1. "Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983  қаулысы .
      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 24 қарашадағы N 1192 қаулысы.
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 24 ақпандағы N 170  қаулысы .
      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 22 қазандағы N 1585  қаулысы .
      5. "Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 29 қазандағы N 1624  қаулысы .
      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1942  қаулысы .
      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 6 қаңтардағы N 16  қаулысы .
      8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 мамырдағы N 801  қаулысы .
      9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 101  қаулысы .
      10. "Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 сәуiрдегi N 467  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 13, 164-құжат).
      11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 2 қыркүйектегi N 1133  қаулысы .
      12. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 1559  қаулысы .
      13. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 7 ақпандағы N 176  қаулысы .
      14. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметiне байланысты жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 704  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 20, 215-құжат).
      15. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 шілдедегi N 732  қаулысы .
      16. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 қазандағы N 1083  қаулысы .
      17. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 қарашадағы N 1163  қаулысы .