Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 145 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.07.30 N 808 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 9-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2014.12.02 № 1266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттеріне, мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын және/немесе мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар), заңнамада белгіленген тәртіппен жыл сайын:
      1) алынып тасталды
      2) алынып тасталды
      3) акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді және ұлттық компанияларды, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін айқындауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын қарау және бекiту кезiнде:
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 қаулысымен бекiтiлген мемлекеттік органдарға көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтік автомобильдердiң тиiстiлiк нормативiне ұқсас акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттiк кәсiпорындардың) қызметтiк автомобильдерiнiң тиiстiлiк нормативiне;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың нормаларынан аспайтын мөлшерде акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттiк кәсіпорындардың) әкiмшiлiк аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормаларына;
      оларға сәйкес тәулiкақы мөлшерi және тұрғын үйдi жалдау жөнiндегi шығыстарды өтеу үшiн шектi мөлшерлер Қазақстан Республикасының шегiндегi iссапарлар үшiн "Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы N 108 қаулысымен белгiленген шетел валютасындағы iссапар шығыстарын өтеу нормаларынан аспауы тиiс "Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1428 қаулысымен бекiтiлген ережеге ұқсас. Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттiк кәсiпорындардың) қызметкерлерiне шығыстарын өтеу тәртiбi мен шарттарына сәйкес кейбiр шығыстардың лимиттерiн бекiтсiн;
      4) акционерлік қоғамның және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (мемлекеттік кәсіпорындардың) қаражаты есебінен ұялы телефондарды сатып алуға, сондай-ақ ұялы телефондардан шығатын шығыс қоңырауларына ақы төлеуге жол берілмейді;
      5) мемлекеттік органмен (мемлекеттік кәсіпорындар үшін - мемлекеттік басқару органымен) акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттік кәсіпорындардың) бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының шетелдік іссапарларын келісу міндеттілігін қамтамасыз етсін;
      6) өкiлдiк шығыстарының лимиттерiн белгiлесiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.07.30 N 808, 2006.05.03 N 362 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2007.04.12 N 294, 2007.07.31 N 647, 2007.10.18 N 964, 2008.07.31 N 725, 2008.11.12 N 1048, 2008.11.21 N 1080, 2009.03.12 N 294 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2009.03.24 N 388, 2011.03.31 N 335; 16.04.2013 № 366, 2014.12.02 № 1266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
      1-1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.09.13 N 1043 қаулысымен.
      1-2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі заңды тұлғаларға қатысты осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларға ұқсас шаралар қабылдау ұсынылсын.
      Ескерту. Қаулы 1-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 N 335, жаңа редакцияда - 2014.12.02 № 1266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
      1-3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2014.12.02 № 1266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      1-4. Тиісті салалардың уәкілетті органдары ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты:
      1) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түрлері бойынша арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiн бекітсiн;
      2) олардың құзыретіне жатқызылған қызмет салалары бойынша автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемдерін айқындасын.
      Ескерту. Қаулы 1-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 16.04.2013 № 366 қаулысымен.
      2. Осы қаулының күші қолданылатын, басым (монополиялық) орын алатын табиғи монополия субъектiлерi мен рынок субъектiлерiнiң қызметтер көрсетудi (тауарларды, жұмыстарды) өндiруiне және ұсынуына бағаларды (тарифтердi) есептеу кезiнде ескерiлетiн шығыстардың лимиттерi монополияға қарсы заңнамаға сәйкес анықталады.
      3. "Акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 тамыздағы N 1098 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 389-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1, 2, 3-тармақтар алынып тасталсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі