Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қазандағы N 964 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 18 қазандағы
N 964 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 21-39, 21-78 және 21-80-жолдар алынып тасталсын;

      "Алматы қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 92, 123-26 және 123-74-жолдар алынып тасталсын.

      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 222-37-жол алынып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 224-19-жол алынып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 275 және 278-1-жолдар алынып тасталсын.

      4. "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 145 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 7, 73-құжат):

      1-тармақтың бірінші абзацы""ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздерден кейін ",""Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" деген сөздермен толықтырылсын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      6. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117 қаулысында :

      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері""Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамына берілетін ұлттық компаниялардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын.