Акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдарды оңтайландыру мақсатымен олардың әкiмшiлiк шығыстарының мониторингін жүргiзу тетiгiн анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 10 ақпан N 145

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарының 2.3.3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Акционерлiк қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын немесе мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органдары болып табылатын мемлекеттiк органдар (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiн қоспағанда, заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) жыл сайын жоспарланған жылдың бiрiншi тоқсанынан кешiктiрмей акционерлiк қоғамдар директорлар кеңесiнiң (мемлекеттiк кәсiпорындар үшiн - мемлекеттiк басқару органының) мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкiлеттiк берiлген орган бекiткен нысан бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ұйымның өткен кезеңдегi әкiмшiлiк шығыстары сметасының атқарылуы туралы есебiн және жоспарланған кезеңге арналған әкiмшiлiк шығыстарының сметасын бекiтуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген бекiтiлген құжаттардың көшiрмелерiн, оларды бекiткеннен кейiн 5 күнтiзбелiк күн iшiнде мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкiлеттiк берiлген тиiстi органға берудi қамтамасыз етсiн;
      3) әкiмшiлiк шығыстардың сметасын қарау және бекiту кезiнде:
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 қаулысымен  бекiтiлген II топтағы мемлекеттiк органдардың орталық аппаратына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтік жеңiл автомобильдердiң тиiстiлiк нормативiне ұқсас акционерлiк қоғамдардың (мемлекеттiк кәсiпорындардың) қызметтiк жеңiл автомобильдерiнiң тиiстiлiк нормативiне;
      "Қызмет телефондары мен мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 қазандағы N 1217 қаулысымен  бекiтiлген мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың уақытша нормаларынан аспайтын мөлшерде акционерлiк қоғамдардың (мемлекеттiк кәсіпорындардың) әкiмшiлiк аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормаларына;
      оларға сәйкес тәулiкақы мөлшерi және тұрғын үйдi жалдау жөнiндегi шығыстарды өтеу үшiн шектi мөлшерлер Қазақстан Республикасының шегiндегi iссапарлар үшiн "Шетел валютасындағы iссапарлар шығыстарын өтеудiң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 қыркүйектегi N 967 қаулысымен  және "Шетел валютасындағы iссапарлар шығыстарын өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы N 534 бұйрығымен  белгiленген шетел валютасындағы iссапар шығыстарын өтеу нормаларынан аспауы тиiс "Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1428 қаулысымен  бекiтiлген ережеге ұқсас. Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн акционерлiк қоғамдардың (мемлекеттiк кәсiпорындардың) қызметкерлерiне шығыстарын өтеу тәртiбi мен шарттарына сәйкес кейбiр шығыстардың лимиттерiн бекiтсiн;
      4) бiрiншi басшылар мен олардың орынбасарларына ұялы байланысты пайдалану құқығын беру кезiнде акционерлiк қоғамның (мемлекеттiк кәсiпорынның) қаражаты есебiнен өтелетiн шығыстардың лимиттерiн белгiлесiн;
      5) мемлекеттiк органмен (мемлекеттiк кәсiпорындар үшiн - мемлекеттiк басқару органымен) акционерлiк қоғамдардың (мемлекеттiк кәсiпорындардың) бiрiншi басшылары мен олардың орынбасарларының шетелдiк iссапарларын келiсу мiндеттiлiгiн қамтамасыз етсiн;
      6) "Салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шегерiмге жататын өкiлдiк шығыстардың және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде iссапарда болған уақыты үшiн төленетін тәулiкақы нормаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1677 қаулысымен  белгiленген нормаларға сәйкес өкiлдiк шығыстарының лимиттерiн белгiлесiн.
      2. Осы қаулының күші қолданылатын, басым (монополиялық) орын алатын табиғи монополия субъектiлерi мен рынок субъектiлерiнiң қызметтер көрсетудi (тауарларды, жұмыстарды) өндiруiне және ұсынуына бағаларды (тарифтердi) есептеу кезiнде ескерiлетiн шығыстардың лимиттерi монополияға қарсы заңнамаға сәйкес анықталады.
      3. "Акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 тамыздағы N 1098 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 389-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1, 2, 3-тармақтар алынып тасталсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі