Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 7, 73-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-1-тармақ алынып тасталсын;
1-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын (бұдан әрі – Қор) қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компанияларға дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі заңды тұлғаларға қатысты осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларға ұқсас шаралар қабылдау ұсынылсын.»;
мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:
«1-3. Қорға осы қаулының 1-тармағында көрсетілген әкімшілік шығыстардың лимиттерін Қор үшін Қор директорлар кеңесінің шешімімен, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында Қорға тиесілі заңды тұлғалар үшін Қор басқармасының шешімімен белгілеу жөнінде белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау ұсынылсын.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов