Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық ко

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 1266 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 15-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттері;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттеріне мониторинг жүргізу тетігі айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:

      1) "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 7, 73-құжат):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 9-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді және ұлттық компанияларды, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін айқындауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын қарау және бекiту кезiнде:";

      1-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі заңды тұлғаларға қатысты осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларға ұқсас шаралар қабылдау ұсынылсын.";

      1-3-тармақ алып тасталсын;

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1183 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларға ("Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) 2014 жылдың соңына дейінгі мерзімде әкімшілік шығыстардың лимиттерін айқындауды регламенттейтін ішкі құжаттарын осы қаулыға сәйкес бекітілген әкімшілік шығыстардың жекелеген түрлерінің лимиттеріне сәйкес келтіру бойынша шаралар қабылдау ұсынылсын.

      4. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларға ("Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) компанияның бірінші басшылары мен оның орынбасарларының шетелдік іссапарларын жалғыз акционермен келісуді міндетті түрде қамтамасыз ету ұсынылсын.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 1266 қаулысына
1-қосымша

Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық
басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда),
ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына
кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының
құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік
шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттері
1. Жалпы ережелер

      1. Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттері "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 15-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы лимиттерде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) басқарма мүшелеріне бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы – Директорлар кеңесінің шешімі бойынша қызметтің стратегиялық түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу нәтижелеріне және оны бағалау нәтижелеріне байланысты төленетін басқарма мүшелерінің еңбек тиімділігін ынталандыруға арналған сыйақы;

      2) шетелдік қызметкер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс беруші тартатын көшіп келуші;

      3) компания – акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтер (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтер және ұлттық компаниялар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялар (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда);

      4) қызметтің түйінді көрсеткіші (бұдан әрі – ҚТК) – компания қызметінің тиімділігін және мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін сипаттайтын қызметтің түйінді көрсеткіштері;

      5) жеке ҚТК – басқарма мүшелеріне жатпайтын компания қызметкерлері үшін сараланып белгіленетін және жеке нәтижелілік үшін сыйлықақы мөлшерін айқындайтын қысқа мерзімді (тоқсан қорытындысы бойынша) және ұзақ мерзімді (жыл қорытындысы бойынша) ҚТК;

      6) стратегиялық ҚТК – қызметкерді жыл қорытындысы бойынша басым мақсаттарға қол жеткізуге ынталандыру үшін басқарма мүшелерінің сыйақы жүйесіне енгізілген және қызметтің нәтижелері үшін сыйақы мөлшерін айқындайтын ҚТК;

      7) басқарма мүшелері – басқарма төрағасы және басқарма төрағасының орынбасарлары, басқарушы директор – басқарма мүшесі.

      3. Әкімшілік шығыстардың жекелеген түрлерінің лимиттері компанияның әкімшілік шығыстарының мынадай түрлеріне белгіленеді:

      1) компания қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған шығыстар;

      2) компанияның басқарма мүшелеріне жатпайтын қызметкерлеріне сыйлықақы беруге және басқарма мүшелеріне бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы беруге арналған шығыстар;

      3) лауазымдарды қоса атқарғаны және уақытша жоқ қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін үстемақыға арналған шығыстар;

      4) компанияға көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердiң тиесілілік нормативтерiне арналған шығыстар;

      5) компания аппаратын орналастыру алаңының нормаларына арналған шығыстар;

      6) телефон байланысын пайдаланғаны үшін тиесілілік нормаларына арналған шығыстар;

      7) компания қызметкерлерінің қызметтiк iссапарлар шығыстарын өтеу нормаларына арналған шығыстар;

      8) компанияның өкілдік шығыстары нормаларына арналған шығыстар.

      4. Компанияға заңнамада белгіленген тәртіппен тартылатын шетелдік қызметкерлерге осы лимиттер қолданылмайды. Шетелдік мамандарға – басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу шарттары компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен айқындалады.

2. Компания қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуге
арналған әкімшілік шығыстардың лимиттерін айқындау

      5. Компания қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің мынадай түрлеріне шығыстар лимиттері айқындалсын:

      1) материалдық көмек;

      2) медициналық сақтандыру (сырқаттану жағдайына арналған сақтандыру).

      6. Қызметкерлерге компания қаражаты есебінен белгіленген тәртіппен мынадай жағдайларда:

      1) жыл сайынғы еңбек демалысын берген кезде төленетiн сауықтыру үшін - 2 (екi) лауазымдық айлықақыдан аспайтын мөлшерде;

      2) баланың тууына/бала асырап алуына байланысты – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 100 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын мөлшерде қызметкерге бір рет төленеді. Егер ата-анасының екеуі де компания қызметкерлері болып табылса, біржолғы материалдық көмек таңдау бойынша ата-анасының біреуіне төленеді;

      3) мыналардың:

      қызметкердің қайтыс болуына байланысты отбасы мүшелерінің біреуіне немесе олар болмаған жағдайда, жерлеуді ұйымдастыруды мойнына алған адамға 400 АЕК-тен аспайтын мөлшерде бір рет төленеді;

      қызметкердің әйелінің/балаларының, ата-анасының қайтыс болуына байланысты – 300 АЕК-тен аспайтын мөлшерде;

      4) отбасын құруына байланысты – 50 АЕК-тен аспайтын мөлшерде;

      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 1309 қаулысымен бекітілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізіміне және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін еңбекке жарамсыздықтың анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне сәйкес қызметкерді немесе оның отбасы мүшелері болып табылатын адамдарды емдеуге/операцияға байланысты егер емдеу/операция шығындары компанияның медициналық сақтандыру бағдарламасында белгіленген лимиттен асып түскен жағдайда (негіздеме: науқас тарихынан үзінді көшірме, емдеуші дәрігердің қорытындысы, шығыстарды растайтын құжаттар) – 100 АЕК-тен аспайтын мөлшерде материалдық көмек төленеді.

      7. Медициналық сақтандыруға арналған шығыстар жылына бір қызметкерге 100 АЕК-тен аспауға тиіс.

3. Компанияның қызметкерлеріне сыйлықақы беруге және үстемақыға
арналған әкімшілік шығыстардың лимиттерін айқындау

      8. Компания қызметкерлеріне сыйлықақы берудің мынадай түрлеріне шығыстар лимиттері айқындалсын:

      1) басқарма мүшелеріне жатпайтын компания қызметкерлеріне арналған есепті кезең (тоқсан, жыл) қорытындылары бойынша сыйлықақы;

      2) басқарма мүшелеріне бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы;

      3) барлық қызметкерлер үшін мемлекеттік мерекеге сыйлықақы;

      4) шығындарды үнемдеуге, кірістілікті арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлегені және енгізгені, сондай-ақ инновациялық шешімдерді және өнертабыстық ұсыныстарды енгізгені үшін барлық қызметкерлерге арналған сыйлықақы.

      9. Басқарма мүшелеріне бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілетін стратегиялық ҚТК-ге қол жеткізуге және олардың қызметін бағалау нәтижелеріне, сондай-ақ аудиттелген қаржылық есептілік негізінде компанияның қаржы-шаруашылық нәтижелері белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін таза шоғырландырылған пайданың болуына байланысты есепті жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте осы сыйақының жалпы жылдық көлемі 6 (алты) лауазымдық айлықақыдан аспауға тиіс.

      10. Басқарма мүшелеріне жатпайтын компания қызметкерлеріне сыйлықақы беру басқарманың шешімімен бекітілетін жеке ҚТК-ге қол жеткізуге және олардың қызметін бағалау нәтижелеріне байланысты, жеке ҚТК-ге қол жеткізу бойынша бағалау нәтижелерін (тоқсан, жыл) компания басқармасы мақұлдағаннан кейін, есепті кезеңнің (тоқсан, жыл) қорытындылары бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте осы сыйақының жалпы жылдық көлемі 6 (алты) лауазымдық айлықақыдан аспауға тиіс.

      11. Барлық қызметкерлер үшін мемлекеттік мерекеге сыйлықақы беру компанияның қарауы бойынша жыл ішінде жүзеге асырылады, бұл ретте осы сыйлықақының жалпы жылдық мөлшері 1 (бір) қызметкерге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген 10 (он) еңбекақының ең төменгі мөлшерінен аспайды.

      12. Компания қызметкерлеріне шығындарды үнемдеуге, кірістілікті арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлегені және енгізгені, сондай-ақ инновациялық шешімдерді және өнертабыстық ұсыныстарды енгізгені үшін басқарма шешімі бойынша мөлшері 1 (бір) лауазымдық айлықақыдан аспауға тиіс сыйлықақы төленуі мүмкін.

      13. Лауазымдарды қоса атқарғаны, уақытша жоқ қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін оны алмастыратын қызметкердің белгіленген лауазымдық айлықақысы мөлшерінен 30 %-дан аспайтындай үстемақы төленуі мүмкін.

4. Компанияға көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк
автомобильдердiң тиесілілік нормативтерiне арналған әкімшілік
шығыстардың лимиттерін айқындау

      14. Компанияға көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердiң тиесілілік нормативтерi 1-кестеде келтірілген.

      1-кесте

Р/с

Лауазымның атауы

Автомобильдер саны

Қозғалтқыштың көлемі, текше см. (автобустардан басқа)

1 автомобильдің бір айдағы жүруі (км)

қызметтік (1 бірлік)

кезекші (оның ішінде автобустар)

1

2

3

4

5

6

1.

Басқарма төрағасы

1



2600

2.

Басқарма төрағасының орынбасары

1

2600

3.

Компанияның қалған қызметкерлері үшін көліктік қызмет көрсету, қызметкерлерінің саны:





100-ге дейін


1

3000-нан көп емес


100-ден 200-ге дейін


2

3000-нан көп емес


200-ден 300-ге дейін


3

3000-нан көп емес


300-ден 500-ге дейін


4

3000-нан көп емес


500-ден 900-ге дейін


5

3000-нан көп емес


900-ден 1300-ге дейін


7

3000-нан көп емес


1300-ден жоғары болғанда көлік қызметін көрсету


9

3000-нан көп емес


5. Компания аппаратын орналастыру алаңының нормаларына арналған
әкімшілік шығыстардың лимиттерін айқындау

      15. Компания аппаратын орналастыру үшін алаң нормалары 2-кестеде келтірілген.

      2-кесте

Р/с №

Үй-жайдың атауы

Өлшем бірлігі

Үй-жайдың алаңы

1

2

3

4

1.

Басқарма төрағасының кабинеті

шаршы м

54

Басқарма төрағасының демалыс бөлмесі

шаршы м

15

Басқарма төрағасының қабылдау бөлмесі

шаршы м

12

2.

Басқарма төрағасы орынбасарының (басқарушы директор – басқарма мүшесінің) кабинеті

шаршы м

36

Басқарма төрағасы орынбасарының (басқарушы директор – басқарма мүшесінің) демалыс бөлмесі

шаршы м

12

Басқарма төрағасы орынбасарының (басқарушы директор – басқарма мүшесінің) қабылдау бөлмесі

шаршы м

10

3.

Басқарушы директордың (аппарат басшысының) кабинеті

шаршы м

36

Басқарушы директордың (аппарат басшысының) демалыс бөлмесі

шаршы м

12

Басқарушы директордың (аппарат басшысының) қабылдау бөлмесі

шаршы м

10

4.

Құрылымдық бөлімше басшысының (департамент директорының) кабинеті

шаршы м

25

Құрылымдық бөлімше басшысының (департамент директорының) қабылдау бөлмесі

шаршы м

7

5.

Компания қызметкерінің кабинеті (1 қызметкерге)

шаршы м

7,5

6.

Ортақ үй-жайлар (конференц-зал, мәжіліс залы, мұрағат, көбейту-көшірме қызметі, гардероб, серверлік бөлме, қоймалық жабдықтар, нысанды киім-кешек, дәрі-дәрмек, техникалық құралдар, мүкәммал мен кеңсе керек-жарақтары және т.б. қоймалары)

шаршы м

барлық алаңның 30 %-ы

7.

Қосалқы үй-жайлар (дәліздер, желдеткіш камералары, дәретханалар, жеке гигиенаға арналған үй-жайлар және басқалар)

шаршы м

барлық алаңның 25 %-ы

6. Телефон байланысын пайдаланғаны үшін тиесілілік нормаларына
арналған әкімшілік шығыстардың лимиттерін айқындау

      16. Телефон байланысын пайдаланғаны үшін тиесілілік нормалары 3-кестеде келтірілген.

      3-кесте

Р/с

Телефон байланысы түрлерінің атауы

Пайдаланушылар

1

2

3

1.

Республика ішіндегі қалааралық телефон байланысы

басқарма төрағасы, оның орынбасары, басқарушы директор – басқарма мүшесі, басқарушы директор, аппарат басшысы (осындай лауазым болған жағдайда), құрылымдық бөлімшенің басшысы (департамент директоры), компания қызметкерлері

2.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен халықаралық телефон байланысы

басқарма төрағасы, оның орынбасары, басқарушы директор – басқарма мүшесі, басқарушы директор, аппарат басшысы (осындай лауазым болған жағдайда), құрылымдық бөлімшенің басшысы (департамент директоры)

3.

Алыс шет елдермен халықаралық телефон байланысы

басқарма төрағасы, оның орынбасары, басқарушы директор – басқарма мүшесі, басқарушы директор, аппарат басшысы (осындай лауазым болған жағдайда)

4.

Қалалық нөмірлермен телефон байланысы

Компанияның қызметкерлері, басқарма төрағасы, оның орынбасары, басқарушы директор – басқарма мүшесі, басқарушы директордың, аппарат басшысының (осындай лауазым болған жағдайда), құрылымдық бөлімше басшысының (департамент директорының) қабылдау бөлмелері – бір нөмірден

7. Компания қызметкерлерінің қызметтік іссапарлар шығыстарын
өтеу нормаларына арналған әкімшілік шығыстардың лимиттерін
айқындау

      17. Іссапарға жiберiлген қызметкердiң мынадай шығыстары өтеледi:

      1) iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде тәулiкақы төленедi;

      2) көрсеткен растау құжаттары бойынша (фискалдық чек, кіріс кассалық ордер, шот-фактура, шот, жүкқұжат, хабарлама, ал тұрғаны үшін дара кәсіпкер берген құжаттарды ұсынған жағдайда адамның мүлікті жалға беру құқығын растайтын құжаттар (жалдау шарты, патент, куәлік) және қонақүй қызметтерін берушілер ұсынатын басқа да растау құжаттары қосымша беріледі) тұрғын үй-жайды жалдауы бойынша:

      компанияның басқарма мүшелері үшiн тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстардың сомасы тәулiгiне Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында – айлық есептiк көрсеткiштiң он еселенген мөлшерiнен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен және аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен аспауға тиiс;

      басқарма мүшелеріне жатпайтын компанияның қызметкерлері үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстардың сомасы тәулігіне Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында – айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен, аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен және ауылдық округтерде айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;

      растаушы құжаттар болмаған кезде тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегi шығыстар, қызметкерлер тегін берiлген тұрғын үй-жайды пайдаланғаннан басқа жағдайларда, қызметтiк iссапарлар бойынша тәулiкақы нормасының 50 пайызы мөлшерiнде өтеледi;

      3) темiр жолмен жүрген кезде – купе вагонының (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист" және "Бизнес" класты вагондарын қоспағанда) тарифі бойынша; су жолдарымен, тас және топырақ жолдармен – сол жергiлiктi жердегi қолданылып жүрген жол құны бойынша; ерекше жағдайларда (Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген жағдайда, транзитпен жүріп өту кезінде, көрсетiлген көлік құралдарының болмауы немесе іссапардың шұғылдығы) басқарма төрағасының рұқсатымен жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист" және "Бизнес" класты вагондарының тарифтері бойынша темiржол көлiгiмен және әуе көлiгiмен – экономикалық класс тарифі бойынша көрсеткен жол құжаттарының негiзiнде iссапарға жiберiлген орынға жетуі және тұрақты жұмыс орнына қайтып келуi бойынша (әкiмшiлiк iссапарға жіберілушіге қозғалыс құралдарын берген жағдайлардан басқа жағдайларда);

      4) жол жүру билеттерi мен қонақүйдегі орынды броньдау құны, сондай-ақ iссапарға жiберiлген жерге келу және тұрақты жұмыс орнына қайтып келу кезiнде поездарда төсек орын жабдықтарын пайдалануының құны осы шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде;

      5) iссапарға жіберілген жерге және тұрақты жұмыс орнына қайтып келу жол құжаттары болмаған кезде осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген көлiкпен (әуе көлiгiн қоспағанда) жол жүрудiң ең төменгi құны бойынша шығыстар өтеледi;

      6) темiр жол станциясына, айлаққа, әуежайға, егер олар елдi мекеннен тыс жерде орналасса, растайтын құжаттар болған кезде автокөлiкпен (таксиден басқа) жүруi бойынша;

      7) басқарма мүшелерін жақын маңдағы аудан және облыс орталықтарына қызметтік автокөлікпен іссапарға жіберген кезде көлік шығыстары.

      18. Іссапарға жiберiлген қызметкер одан тұрғылықты жерiне күн сайын қайту мүмкiндiгi болатын жергiлiктi жерге iссапарға жiберiлген кезде мынадай шығыстар өтеледi:

      1) егер iссапарға жiберiлген қызметкер жұмыс күнi аяқталғаннан кейін өз еркiмен iссапар орнында қалса, онда тұрғын үй-жайды жалдау туралы негіздейтін құжаттарды көрсеткен кезде осы бөлімнiң 17-тармағында көзделген мөлшерде тәулiкақы және көлiктiк шығыстар өтеледi;

      2) егер iссапарға жiберiлген қызметкер тұрақты жұмыс орнына күн сайын қайтып келсе, онда жол жүру құжаттары болған кезде тәулiкақы (тәулiкақының орнына үстемеақы) төленбей, көлiктiк шығыстар ғана өтеледi.

      19. Iссапарға жiберiлген қызметкердiң жұмысқа уақытша жарамсыздығы жағдайында оған жалпы негізде тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар өтеледi (iссапарға жiберiлген адам стационарлық емдеуде жатқан жағдайдан басқа) және ол өзіне жүктелген қызметтiк тапсырманы орындауға кiрiскенше немесе тұрғылықты жерiне қайтып келгенше бүкiл, бiрақ 40 күннен аспайтын уақытқа тәулiкақы төленедi.

      20. Іссапарға жiберiлген қызметкерге iссапарға жiберiлуiнiң алдында жол жүру ақысына, тұрғын үй-жай жалдауы және тәулiкақы бойынша шығыстарға тиесiлi сомалар шегiнде ақшалай аванс беріледi. Іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер бес күннiң iшiнде ақша қаражатының нақты шығыстары туралы расталатын құжаттарды ұсынуымен аванстық есеп беруге мiндеттi. Аванстық есепті қарау қорытындылары бойынша қызметтік іссапар шығыстарын өтеу бойынша лимиттер шеңберінде қайта есептеу жүзеге асырылады.

      21. Басқарма мүшелері қызметтік істері бойынша шетелге барған кезде көлік шығыстары шетелдік валютада "Бизнес" класы бойынша авиабилет құнының мөлшерінде өтеледі.

      Басқарма мүшелеріне жатпайтын компания қызметкерлері қызметтік істері бойынша шетелге барған кезде көлік шығыстары шетелдік валютада "Экономикалық" класы бойынша авиабилет құнының мөлшерінде өтеледі.

      22. Шетелде қысқа мерзімді іссапарларда болатын қызметкерлерге үй-жайды жалдау бойынша (тәулігіне бір адамға) шығыстарды өтеу нормалары:

      1) басқарма төрағасы үшін люкс сыныптамасы бойынша – қонақүйдегі бір орындық нөмірдің құны бойынша;

      2) басқарма төрағасының орынбасары, басқарушы директор – басқарма мүшесі үшін жартылай люкс сыныптамасы бойынша – қонақүйдегі бір орындық нөмірдің құны бойынша;

      3) басқарма мүшелеріне жатпайтын компания қызметкерлері үшін стандарт сыныптамасы бойынша – қонақүйдегі бір орындық нөмірдің құны бойынша.

      23. Шет елде қысқа мерзімді іссапарларда жүрген қызметкерлердің тәуліктік шығыстарын АҚШ долларымен және евромен өтеу нормалары және қонақүй бөлмелерін жалдау жөніндегі шығыстарды өтеудің шекті нормалары 4-кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

      4-кесте

Р/с №

Мемлекет

Тәулікақы

Қонақүй нөмірлерінің сыныптамасы

люкс

жартылай люкс

стандарт

АҚШ доллары

евро

АҚШ доллары

евро

АҚШ доллары

евро

АҚШ доллары

евро

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.

Аустрия Республикасы


80


435


320


230

2.

Аустралия

90


400


300


250


3.

Әзербайжан Республикасы

80


250


200


150


4.

Албания

80


180


150


120


5.

Алжир Халық Демократиялық Республикасы

80


150


120


100


6.

Антигуа және Барбуда

80


180


150


120


7.

Аргентина Республикасы

80


330


210


120


8.

Египет Араб Республикасы

90


200


175


120


9.

Багам аралдары

80


150


120


100


10.

Белиз

80


150


120


100


11.

Бермуд аралдары

80


150


120


100


12.

Босния және Герцеговина


80


195


160


125

13.

Бруней

90


180


140


120


14.

Вануату

80


150


120


100


15.

Шығыс Самоа

80


150


120


100


16.

Уругвай Шығыс Республикасы

80


150


120


100


17.

Люксембург Ұлы Герцогтігі


80


405


205


110

18.

Габон Республикасы

80


150


120


100


19.

Бахрейн Мемлекеті

90


300


240


100


20.

Катар Мемлекеті

90


400


270


130


21.

Израиль Мемлекеті

90


330


250


160


22.

Кувейт Мемлекеті

90


330


240


150


23.

Грек Республикасы


80


285


230


185

24.

Доминикан Республикасы

80


150


120


100


25.

Мадагаскар Демократиялық Республикасы

80


150


120


100


26.

Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы

80


150


120


100


27.

Судан Демократиялық Республикасы

80


150


120


100


28.

Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы

80


150


120


100


29.

Шығанақтағы аумақтар

80


150


120


100


30.

Иордан Хашимит Корольдігі

80


180


140


120


31.

Ирак Республикасы

80


180


140


110


32.

Иран Ислам Республикасы

80


250


180


130


33.

Ирландия Республикасы


80


405


250


165

34.

Италия Республикасы


80


375


290


205

35.

Йемен Араб Республикасы

80


150


120


100


36.

Ауғанстан Ислам Республикасы

80


150


120


100


37.

Мавритания Ислам Республикасы

80


150


120


100


38.

Пәкістан Ислам Республикасы

80


290


180


155


39.

Дания Корольдігі


80


400


225


150

40.

Андорра Князьдігі

80


150


120


100


41.

Бельгия Корольдігі


80


310


250


165

42.

Гайана Кооперативтік Республикасы

80


150


120


100


43.

Испания Корольдігі


80


330


250


205

44.

Кайман аралдары

80


150


120


100


45.

Камбоджи

80


150


120


100


46.

Кампучия

80


210


190


180


47.

Канада

100


300


285


150


48.

Корей Халық Демократиялық Республикасы

80


450


250


150


49.

Қытай Халық Республикасы

100


220


180


150


Гонконг қаласы

100


220


180


150


50.

Қырғыз Республикасы

80


275


130


100


51.

Лесото Корольдігі

80


150


120


100


52.

Лихтенштейн Князьдігі


80


405


205


110

53.

Марокко Корольдігі

80


230


200


180


54.

Непал Корольдігі

80


150


120


100


55.

Нидерланды Корольдігі


80


305


250


165

56.

Норвегия Корольдігі


80


390


330


250

57.

Сауд Арабиясы Корольдігі

90


400


180


130


58.

Свазиленд Корольдігі

80


150


120


100


59.

Таиланд Корольдігі

90


300


240


130


60.

Тонго Корольдігі

80


150


120


100


61.

Швеция Корольдігі


80


530


355


200

62.

Лаос Халық Демократиялық Республикасы

80


150


120


100


63.

Латвия Республикасы


80


175


130


85

64.

Ливан Республикасы

80


260


150


100


65.

Ливия

80


165


120


100


66.

Литва Республикасы


80


165


125


100

67.

Макао

80


150


120


100


68.

Малави

80


150


120


120


69.

Мальдив Республикасы

80


150


120


100


70.

Мексика Құрама Штаттары

80


230


180


125


71.

Монако


80


525


305


175

72.

Моңғол Республикасы

80


150


120


100


73.

Мьянма

80


150


120


100


74.

Конго Халық Республикасы

80


150


120


100


75.

Жаңа Зеландия

80


300


240


150


76.

Бангладеш Халық Республикасы

80


200


150


100


77.

Палау аралы

80


150


120


100


78.

Біріккен Араб Әмірліктері

90


460


220


160


79.

Біріккен Танзания Республикасы

80


150


120


100


80.

Папуа Жаңа Гвинея

80


160


130


100


81.

Португалия Республикасы


80


265


210


150

82.

Пуэрто-Рико

80


150


120


100


83.

Ангола Республикасы

80


180


150


120


84.

Армения Республикасы

80


200


170


130


85.

Барбадос Республикасы

80


150


120


100


86.

Беларусь Республикасы

80


315


120


100


87.

Бенин Республикасы

80


150


120


100


88.

Болгария Республикасы


80


380


200


130

89.

Боливия Республикасы

80


150


120


100


90.

Ботсвана Республикасы

80


150


120


100


91.

Венгрия Республикасы


80


285


215


125

92.

Венесуэла Республикасы

80


260


210


110


93.

Вьетнам Республикасы

80


200


150


100


94.

Гаити Республикасы

80


150


120


100


95.

Гамбия Республикасы

80


150


120


100


96.

Гана Республикасы

80


150


120


100


97.

Гватемала Республикасы

80


150


120


100


98.

Гвинея Республикасы

80


150


120


100


99.

Гвинея-Бисау Республикасы

80


150


120


100


100.

Буркино Фасо Республикасы

80


150


120


100


101.

Бурунди Республикасы

80


150


120


100


102.

Гибралтар Республикасы

80


150


120


100


103.

Гондурас Республикасы

80


150


120


100


104.

Гренада Республикасы

80


150


120


100


105.

Грузия Республикасы

80


180


150


100


106.

Джибути Республикасы

80


150


120


100


107.

Заир Республикасы

80


150


120


100


108.

Замбия Республикасы

80


185


150


120


109.

Зимбабве Республикасы

80


165


130


100


110.

Үндістан Республикасы

80


300


250


150


111.

Индонезия Республикасы

80


260


230


217


112.

Исландия Республикасы


80


315


210


115

113.

Кабо-Верди Республикасы

80


150


120


100


114.

Камерун Республикасы

80


150


120


100


115.

Кения Республикасы

80


185


150


120


116.

Кипр Республикасы


80


265


210


150

117.

Колумбия Республикасы

80


220


200


160


118.

Коста-Рика Республикасы

80


150


120


100


119.

Код-д'Ивуар Республикасы

80


150


120


100


120.

Куба Республикасы

80


340


270


150


121.

Корея Республикасы, Сеул қ.

90


530


250


210


122.

Либерия Республикасы

80


150


120


100


123.

Маврикий Республикасы

80


150


120


100


124.

Мали Республикасы

80


150


120


100


125.

Македония Республикасы


80


190


165


115

126.

Мальта Республикасы

80


230


180


120


127.

Мозамбик Республикасы

80


180


130


100


128.

Молдова Республикасы

80


190


150


100


129.

Намибия Республикасы

80


150


120


100


130.

Нигер Республикасы

80


175


140


120


131.

Никарагуа Республикасы

80


150


120


100


132.

Панама Республикасы

80


150


120


100


133.

Парагвай Республикасы

80


145


120


100


134.

Перу Республикасы

80


245


200


140


135.

Польша Республикасы


80


330


180


125

136.

Сальвадор Республикасы

80


150


120


100


137.

Сенегал Республикасы

80


150


120


100


138.

Сингапур Республикасы

90


500


300


200


139.

Словения Республикасы


80


195


165


125

140.

Суринам Республикасы

80


150


120


100


141.

Сьерра Лион Республикасы

80


240


160


100


142.

Тәжікстан Республикасы

80


170


130


100


143.

Тринидад және Тобаго Республикасы

80


150


120


100


144.

Уганда Республикасы

80


180


140


100


145.

Өзбекстан Республикасы

80


315


180


100


146.

Украина Республикасы

80


315


180


120


147.

Филиппин Республикасы

90


280


220


150


148.

Хорватия Республикасы


80


260


195


125

149.

Чад Республикасы

80


150


120


100


150.

Чили Республикасы

80


240


180


110


151.

Эквадор Республикасы

80


150


120


110


152.

Ресей Федерациясы

80


450


280


220


153.

Руанда Республикасы

80


150


120


100


154.

Румыния


80


280


185


130

155.

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі


80


580


390


215

80


550


375


205

156.

Самоа

80


150


120


100


157.

Сан-Марино

100


320


250


180


158.

Сейшель аралдары

80


150


120


100


159.

Сент-Люсия

80


150


120


100


160.

Сирия Араб Республикасы

80


260


180


110


161.

Словакия Республикасы


80


190


165


125

162.

Соломон аралдары

80


120


110


100


163.

Сомали Демократиялық Республикасы

80


150


120


100


164.

Америка Құрама Штаттары

100


525


400


260


Нью-Йорк қаласы

100


1200


1000


575


165.

Оман Сұлтандығы

90


300


240


120


166.

Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы

80


150


120


100


167.

Сербия және Черногория


80


205


165


125

168.

Тайвань

80


150


120


100


169.

Тоголез Республикасы

80


150


120


100


170.

Тунис Республикасы

80


150


120


100


171.

Түрікменстан

80


240


180


120


172.

Түркия Республикасы

100


350


230


180


173.

Бразилия Федеративтік Республикасы

80


330


210


150


174.

Германия Федеративтік Республикасы


80


400


210


165

175.

Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы

80


150


120


100


176.

Финляндия Республикасы

100


370


300


200


177.

Француз Республикасы


80


415


290


230

178.

Малайзия Федерациясы

90


300


270


170


179.

Нигерия Федеративтік Республикасы

80


150


120


100


180.

Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы

80


240


180


120


181.

Чехия Республикасы


80


255


210


125

182.

Швейцария Конфедерациясы

100


430


285


220


183.

Экваторлық Гвинея

80


150


120


100


184.

Эстон Республикасы


80


330


175


125

185.

Оңтүстік Африка Республикасы

80


190


160


100


186.

Ямайка

80


180


150


120


187.

Жапония

100


360


325


220



      24. Қызметкер іссапарының мерзiмiн басқарма төрағасы немесе оны алмастыратын адам айқындайды, алайда ол жолда жүру уақытын есептемегенде 40 күннен (кәсіптік біліктілік деңгейін арттыруға және қайта даярлауға жіберуді қоспағанда) аспауға тиiс. Қызметтiк қажеттiлiк жағдайында iссапар мерзiмi басқарма төрағасының немесе оны алмастыратын адамның тиiстi бұйрығымен ұзартылуы мүмкін.

8. Компанияның өкілдік шығыстары нормаларына арналған әкімшілік
шығыстардың лимиттерін айқындау

      25. Компанияның өкілдік шығыстарының нормалары 5-кестеде келтірілген.

      5-кесте

Р/с

Шығыстардың атауы

АЕК-пен есептегендегі құны

1

2

3

1.

Делегациялар үшін ресми түскі астар, кешкі астар өткізуге арналған шығыстар күніне бір адамға есептеле отырып жүргізіледі

4 АЕК

2.

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің қатысуымен өтетін ресми түскі астар, кешкі астар өткізуге арналған шығыстар күніне бір адамға есептеле отырып жүргізіледі

16 АЕК

3.

Келіссөздер, мәдени бағдарлама іс-шаралары кезінде бір күнде бір адамға буфеттік қызмет көрсету

1 АЕК

4.

Делегацияны қабылдайтын компанияның штатында тұрмайтын аудармашының еңбекақысы (ілеспе аудармадан басқа), сағаттық төлем есебімен

0,5 АЕК

5.

Шетел делегацияларына автомобиль көлігімен қызмет көрсетуге арналған көлік шығыстарын төлеу сағаттық төлем есебімен қаржыландыру жоспарында көзделген

1 АЕК


      26. "Аса жоғарғы деңгейдегі" және "жоғары деңгейдегі" сапарларға жататын шетелдік делегацияларды қабылдау жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде компанияның өкілдік шығыстары 6-кестеде келтірілген нормалар бойынша жүзеге асырылады:

      6-кесте

Р/с

Шығыстардың атауы

АЕК-пен есептегендегі құны

1

2

3

1.

Делегациялар үшін ресми түскі астарды, кешкі астарды өткізуге арналған шығыстар күніне бір адамға есептеле отырып жүргізіледі

7 АЕК

2.

Келіссөздер, мәдени бағдарлама іс-шаралары кезінде күніне бір адамға буфеттік қызмет көрсету

2 АЕК

3.

Делегацияны қабылдайтын компанияның штатында тұрмайтын аудармашының еңбекақысы (ілеспе аудармадан басқа) сағаттық төлем есебімен

2 АЕК

4.

Шетел делегацияларына автомобиль көлігімен қызмет көрсетуге арналған көлік шығыстарын төлеу сағаттық төлем есебімен:

жеңіл автомобильдер үшін

шағын автобустар үшін

автобустар үшін

1 АЕК

2 АЕК

2 АЕК

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 1266 қаулысына
2-қосымша

Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық
басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда),
ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына
кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының
құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік
шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттеріне мониторинг
жүргізу тетігі
1. Жалпы ережелер

      1. Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттеріне мониторинг жүргізу тетігі "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 15-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Компанияның директорлар кеңесі компанияның іс-шаралар жоспарын қараған және бекіткен кезде, сондай-ақ оны жыл сайын түзеткен кезде осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген әкімшілік шығыстардың жекелеген түрлерінің лимиттерін басшылыққа алуға тиіс.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Әкімшілік шығыстардың жекелеген түрлері лимиттеріне мониторингті тиісті есепті қалыптастыру арқылы компанияның Ішкі аудит қызметі жүзеге асырады.

      4. Компанияның әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің есебінде мыналар қамтылуы тиіс:

      1) есепті жылға арналған әкімшілік шығыстардың жекелеген түрлеріне бағытталған қаражатты тиімді пайдалану бойынша ақпаратты талдау және қорытындылау;

      2) әкімшілік шығыстардың жекелеген түрлерінің лимиттері туралы тұжырымдар мен ұсыныстарды қамтитын қорытынды, оның ішінде оларды қайта қарау қажет болған жағдайда, тиісті негіздемені берумен, сондай-ақ осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген лимиттер шеңберінде компанияның ішкі құжаттарын түзету бойынша ұсыныстар және басқалары.

      5. Компанияның Ішкі аудит қызметі жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың бірінші тоқсанынан кешіктірмей есепті компанияның Директорлар кеңесінің қарауына ұсынады. Есептің негізінде қажет болған жағдайда, Директорлар кеңесі компанияның әкімшілік шығыстарын оңтайландыру туралы шешім қабылдайды.