Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанынан Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 7 тамыз N 883

Жаңартылған

      Президенттiң "Iшкi және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi комиссия құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi бiр ай мерзiмде шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi комиссияларды құрсын.

      4. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Yкiметiнiң              
2002 жылғы 7 тамыздағы       
N 883 қаулысына           
1-қосымша              

         Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы
          Шағын және орта бизнес мәселелерi жөніндегi
                   комиссияның құрамы

Мыңбаев                  - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы        Премьер-Министрiнiң орынбасары, төраға

Жақсыбеков               - Қазақстан Республикасының
Әдiлбек Рыскелдiұлы        Индустрия және сауда министрi,
                           төрағаның орынбасары

Рахметов                 - Қазақстан Республикасының Қаржы
Нұрлан Құсайынұлы          вице-министрi

Исаев                    - Қазақстан Республикасының
Батырхан Арысбекұлы        Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                           вице-министрi

Әдiлбеков                - Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары
Дәурен Закенұлы

Нәубетова                - Қазақстан Республикасының
Рашида Аронқызы            Президентi жанындағы Отбасы және
                           әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық
                           комиссия хатшылығының сектор
                           меңгерушiсi (келiсiм бойынша)

Абт                      - Қарағанды облысы кәсiпкерлерi
Николай Викторович         қауымдастығының президентi (келiсiм
                           бойынша)

Бекқожиева               - Атырау облысы кәсiпкерлерi
Әлия Байжанқызы            қауымдастығының президентi
                           (келiсiм бойынша)

Дүйсембаев               - Павлодар облыстық "Бизнес"
Бақытриза                  қауымдастығының президентi
Құлықбайұлы                (келiсiм бойынша)

Казанцев                 - Астана қаласы кәсiпкерлер
Павел Олегович             құқықтарын қорғау жөнiндегi
                           қауымдастығының президентi
                           (келiсiм бойынша)

Құрманғазин              - "Көкжар" агроөнеркәсiптiк тауар-
Есмұқан Ақнаурызұлы        шикiзат биржасы" жауапкершiлiгi
                           шектеулi серiктестiгiнiң президентi,
                           Ақтөбе облысы (келiсiм бойынша)

Махмұтова                - Батыс Қазақстан облыстық "Шағын
Шолпан Жұматайқызы         бизнес орталығы" қауымдастығының
                           директоры (келiсiм бойынша)

Райымов                  - Қызылорда облысы кәсiпкерлерi
Ерлан Қаниұлы              қауымдастығының президентi
                           (келiсiм бойынша)

Ямбаев                   - Алматы қаласы кәсiпкерлерi
Виктор Вениаминович        қауымдастығының вице-президентi
                           (келiсiм бойынша)

Рақышев                  - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп
Хамит Қошанұлы             палаталары одағының президентi  (келiсiм
                           бойынша)

Лавриненко               - Қазақстан Республикасының
Юрий Иванович              Көлiк және коммуникациялар бiрiншi
                           вице-министрi

Асанов                   - Қазақстан Республикасының
Жақып Қажманұлы            Әдiлет вице-министрi

Мисников                 - Қазақстан Республикасының
Владимир Андреевич         Индустрия және сауда министрлiгi
                           Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi
                           комитетiнiң төрағасы

Баталов                  - Қазақстан кәсiпкерлерi форумы
Райымбек Әнуарұлы          кеңесiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)     
      Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.01.24. N 87 қаулысымен.
      Ескерту. Құрам толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.21. N 285 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.11.10. N 1120 қаулысымен .

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
2002 жылғы 7 тамыздағы    
N 883 қаулысымен      
бекiтiлген         

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегі комиссия
туралы ереже

                    1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңес органы болып табылады және Президенттiң "Iшкi және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауын  iске асыру мақсатында құрылды.

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы  мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнес саласындағы қызметтi реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

        2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары

      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын  iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жүзеге асырылуына жәрдемдесу;
      2) тиiстi мемлекеттiк органдар үшiн салық ауыртпалығын азайту мәселелерi жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
      3) меншiктi және активтердi жария ету мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      4) кредит ресурстарына қол жеткiзудi жеңiлдету жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу жөнiнде ұсынымдар даярлау;
      5) әкiмшiлiк рәсiмдер мен рұқсаттарды оңайлату мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеуге қатысу;
      6) шағын және орта бизнестi қолдау аймақтық орталықтарын ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
      7) ауылда шағын және орта бизнестi дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      8) Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары үшiн шағын және орта бизнес мәселелерi жөнінде ұсынымдар әзiрлеу;
      9) кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарының сындарлы бастамаларын қолдау, әрбiр кәсіпкердің экономикалық дамыған мемлекеттi құрудағы және республика азаматтарының әл-ауқатын арттырудағы белсендi өмiршең ұстанымын насихаттау;
      10) Қазақстан Республикасы Yкiметiнің және жергілiкті атқарушы органдардың кәсіпкерлік қызмет мәселелерi жөнiндегi қаулылары мен өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң жобаларын бастамашылықпен даярлау және қоғамдық сараптау;
      11) шағын және орта бизнесті қолдау мен қорғау жөнiндегi мақсатты бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге, үйлестiруге және iске асыруға жәрдемдесу;
      12) жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы Шағын және орта бизнесті дамыту жөнiндегi комиссиялардың қызметiн үйлестiру.

      4. Комиссияның оған жүктелген мiндеттерге сәйкес негiзгi функциялары мыналар болып табылады:
      1) шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік, аймақтық және салалық бағдарламаларын әзiрлеуге, үйлестiру мен iске асыруды қамтамасыз етуге қатысу;
      2) аймақтардың өзектi әлеуметтiк-экономикалық проблемаларын шешуге бағытталған бағдарламаларды iске асыруға шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерiн, олардың бiрлестiктерiн, одақтары мен қауымдастықтарын тарта отырып, оларды әзiрлеуге қатысу;
      3) заңнамада белгiленген тәртiппен шағын және орта бизнестiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын бастамашылықпен даярлауды және сараптауды жүзеге асыру;
      4) Қазақстан Республикасының Yкіметі шешiмдерiнiң жобаларын даярлау мен шағын және орта кәсiпорындарға, кәсiпкерлердiң одақтарына, бiрлестiктерiне, қауымдастықтарына ұйымдастыру, қаржылық, материалдық-техникалық көмек көрсету жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен шағын және орта бизнес өкiлдерiн тарту;
      5) үкіметтік шешiмдердiң жобаларын даярлау кезiнде заңнамада белгіленген тәртіппен кәсiпкерлердiң пiкiрлерiн ескеру;
      6) шағын және орта бизнестің салалық, кәсiптiк және аумақтық одақтарымен, қауымдастықтарымен және бiрлестiктерiмен, басқа да кәсiпкерлiк құрылымдармен өзара іс-қимыл жасасу;
      7) шағын және орта бизнес саласында келiсiлген шешiмдер шығару және мемлекеттiк саясатты жетiлдiру үшiн уәкiлеттi мемлекеттік органмен, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдауды жүзеге асыратын басқа да мемлекеттiк органдармен тұрақты өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
      8) тиiстi мемлекеттiк органдар, кәсiпкерлердiң қоғамдық ұйымдары өкiлдерiнiң, сондай-ақ кәсiпкерлердiң өздерiнiң қатысуымен тақырыптық отырыстар өткiзу;
      9) заңнамада белгiленген тәртiппен кәсiпкерлердiң мүдделерiн бiлдiру және заңды құқықтарын қорғау;
      10) заңнамада белгiленген тәртiппен Комиссияда жұмыс жасау үшін ғалымдардың, беделдi кәсіпкерлердің, басқару органдары өкiлдерiнiң және басқа да мамандардың iшiнен сарапшылар мен консультанттарды тарту;
      11) белгiленген тәртiппен орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан қажеттi ақпараттық, талдау, анықтамалық-статистикалық материалдарды, сондай-ақ ведомстволық нормативтік құқықтық кесiмдердi алу;
      12) "Шағын бизнес саласындағы жылдың үздiк кәсiпкерлерi" республикалық конкурсының жеңiмпаздарын iрiктеудi жүргiзу. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.11.10. N 1120 қаулысымен .

                3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      5. Комиссияны төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары басқарады.

      6. <*>
      Ескерту. 6-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.01.24. N 87 қаулысымен.

      7. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетiне жүктеледi. <*>
      Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.01.24. N 87 қаулысымен.

      8. Комиссияның жұмыс органы:
      1) Комиссия отырысының күн тәртiбiн қалыптастырады;
      2) Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды;
      3) Комиссия мүшелерінің және оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi.

      9. Комиссияның отырыстарында қарау үшiн мәселелер тiзбесi қажеттігіне қарай жасалады және оны төраға бекітедi.

      10. Бекiтiлген тізбе Комиссия мүшелерiне тiзiм бойынша таратылады.

      11. Комиссия отырыстарының нәтижелерi бойынша хаттама жасалады, оған төраға қол қояды. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру жолымен жай көпшiлiк дауыспен қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшiлiк дауыс берiлсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледі.

      12. Комиссияның шешiмдерi ұсынымдық сипатқа ие.

      13. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiр білдiруге құқылы, ол бiлдiрiлген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуға және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуге тиiс.

      14. Комиссияның отырыстары қажеттiгiне қарай, бiрақ тоқсанына бiр реттен сирек емес жүргiзiледi және оларды төраға шақырады. Шұғыл шешiм қабылдау қажет жағдайларда, төрағаның шақыруымен Комиссияның кезектен тыс отырысы өткiзiлуi мүмкiн.

      15. Төрағаның шақыруы бойынша Комиссияның отырыстарында сондай-ақ мүдделi мемлекеттiк органдардың басшылары және басқа да лауазымды тұлғалары, өтiнiштерi қаралатын кәсiпкерлер мен олардың қоғамдық ұйымдарының өкілдерi қатысуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң          
2002 жылғы 7 тамыздағы     
N 883 қаулысына         
2-қосымша            

              Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
              күшi жойылған кейбiр шешімдерiнiң
                         тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Шағын кәсіпкерлiкті дамыту жөнiндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шiлдедегі N 935 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 34, 298-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 6 шiлдедегі N 935 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 15 ақпандағы N 252 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 7, 93-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 6 шiлдедегi N 935 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 наурыздағы N 355 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 11, 118-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 6 шiлдедегi N 935 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 тамыздағы N 1116 қаулысы .
      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 6 шiлдедегi N 935 және 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1691 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 19 желтоқсандағы N 1654 қаулысы  1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 47, 558-құжат).
      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 6 шiлдедегi N 935 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 1 ақпандағы N 153 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 6, 48-құжат).