Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 6 шілде N 935. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.08.07. N 883 қаулысымен. ~P020883

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығын U984189_ іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын

 

кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы ереже;

     2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын

кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін.

     2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай

мерзімде шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде комиссиялар құрсын және

олардың ережесін бекітсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



                                         Қазақстан Республикасы

                                               Үкiметiнiң

                                         1999 жылғы 6 шiлдедегi

                                            N 935 қаулысына

                                              1-қосымша


         Қазақстан Республикасы Yкiметiнің жанындағы

      Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегі комиссия туралы

                           Ереже


                   1. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органдар мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын жұмыс топтарын құру тәртiбi, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 P990247_ қаулысын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
 
                2. Комиссияның мiндеттерi
 
      3. Қазақстан Республикасының "Шағын кәсіпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Заңын iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу.
      4. Заңдарда белгіленген тәртiппен кәсіпкерлердiң мүдделерiн бiлдiру, заңды құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының жобаларын қабылдау, (дайындау) кезiнде олардың пiкiрлерiн ескеру.
      5. Кәсiпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң конструктивтi бастамаларын қолдау, әр кәсiпкердiң экономикалық дамыған мемлекет құрудағы және республика азаматтарының әл-ауқатын арттырудағы белсендi өмірлiк позицияларын насихаттау.
      6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шағын кәсiпкерлiктi

 

дамыту мәселелерi жөнiндегi қаулыларын бастамашылықты дайындау және

оларды сараптауға қатысу.

     7. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау жөнiндегi мақсатты

бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге, үйлестiруге және iске асыруға

жәрдемдесу.


                 3. Комиссияның құрамы


     8. Комиссияға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

басшылық жасайды.



     ЕСКЕРТУ. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.02.15. N 252

              қаулысымен. 


P000252_



     ЕСКЕРТУ. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.03.19. N 355

              қаулысымен. 


P010355_



     9.



     ЕСКЕРТУ. 9-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.02.15. N 252

              қаулысымен. 


P000252_




 
       10. Комиссияның жеке құрамын Комиссияның жұмыс органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Комиссияның құрамына мемлекеттiк органдардан мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының орынбасары деңгейiнде мәртебесi бар өкiлдер енгiзiледi, қоғамдық бiрлестiктерден шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн саны кемiнде үштен бiрiн құрайтын республикалық қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi енгiзiледi.
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.02.15. N 252
               қаулысымен. P000252_
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.02.01.
               N 153 қаулысымен. P020153_
      11. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының

 

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті

қолдау жөніндегі агенттігіне жүктеледі.



     ЕСКЕРТУ. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.02.15. N 252

              қаулысымен. 


P000252_



     12. Комиссияның шешiмi ашық дауыс беру жолымен қарапайым көпшiлiк

дауыспен қабылданады және, егер оған Комиссия мүшелерi жалпы санының

көпшiлiк дауысы берiлсе қабылданған деп есептеледi. Дауыстар тең болған

жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.

     13. Комиссияның шешiмiне Комиссияның төрағасы қол қояды.



     ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.15. N 252

              қаулысымен. 


P000252_



     14. Комиссия мүшелерiнiң, оны бiлдiрген жағдайда, жазбаша түрде

мазмұндалуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуi тиiс

ерекше пiкiрге құқығы бар.

     15. Комиссияның жұмыс органы:

     Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныс дайындайды;

     Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды;

     Комиссияның мүшелерi мен оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын

үйлестiредi.

     ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.15. N 252

              қаулысымен. 


P000252_




          4. Комиссия қызметiнiң негізгі бағыттары


     16. Комиссия өзiнiң мiндеттерiне сәйкес:


 
       шағын бизнестiң салалық, кәсiби және аумақтық одақтарымен, ассоциацияларымен және шағын бизнес бiрлестiктерiмен, басқа да кәсiпкерлік құрылымдармен өзара iс-қимыл жасайды;
      келiсiлген шешiмдердi пысықтау және шағын бизнес саласындағы мемлекеттiк саясатты жетiлдiру үшiн уәкiлетті мемлекеттiк органмен, сондай-ақ шағын кәсіпкерлiкті қолдауды жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік органдармен тұрақты өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
      департаменттермен, комитеттермен, басқармалармен және атқарушы өкiметтің басқа да аумақтық органдарымен өзара iс қимылды жүзеге асырады. Осы мақсатта оларға тиiстi органдар мен ұйымдардың өкiлдерiн шақыра отырып, Комиссияның бiрлескен тақырыптық отырыстарын ұйымдастырады;
      заңдарда белгiленген тәртiппен шағын кәсіпкерлiктің өкiлдерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмдерiнiң жобасын дайындауға, шағын кәсiпорындарға, шағын бизнес саласындағы кәсiпкерлердiң одақтарына, бiрлестiктерiне, ассоциацияларына ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық көмектер көрсету жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеуге тартады;
      заңдарда белгiленген тәртiппен шағын кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын бастамашылдықты дайындау мен сараптауды жүзеге асырады;
      шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың мемлекеттiк, аумақтық

 

және салалық бағдарламаларын әзiрлеуге, оларды үйлестiрудi және iске

асыруды қамтамасыз етуге қатысады;

     шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң, олардың бiрлестiктерiнің,

одақтарының, ассоциацияларының оларды iске асыруға қатысуымен,

аймақтардың өзектi әлеуметтiк-экономикалық проблемаларын шешуге

бағытталған бағдарламаларды әзiрлеуге қатысады;

     шағын кәсiпкерлiк саласындағы жобалар мен бағдарламаларға

сараптама жүргiзедi және оларды қаржыландыру мен iске асыруға ұсыным

жасайды.


             5. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру


     17. Комиссия өз қызметiн жүзеге асыру үшiн:


 
       заңдарда белгіленген тәртiппен Комиссияның жұмысы үшiн ғалымдардың, беделдi кәсіпкерлердiң, басқару органдары өкiлдерiнiң және басқа да мамандардың қатарынан сарапшылар мен консультанттарды тартады;
      уақытша және тұрақты iстейтiн сараптамашылар мен жұмыс топтарын ұйымдастырады;
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң

 

Кеңсесiнен және өкiметтiң атқарушы органдарынан қажеттi ақпараттар,

талдаулық, анықтамалық-статистикалық материалдар, сондай-ақ

ведомстволық және нормативтiк құқықтық-актiлер алады;

     жергілікті атқарушы органдар жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту

жөніндегі комиссияның қызметін үйлестіреді.



     ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.19. N 355

              қаулысымен. 


P010355_



     18. Комиссия өзiнiң жұмысын реттейтiн iшкi құжаттарды дербес

қабылдайды.

     19.



     ЕСКЕРТУ. 19-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.02.15. N 252

              қаулысымен. 


P000252_



     20. Комиссияның отырысын қажеттілiгiне қарай, бiрақ кемiнде

тоқсанына бiр рет Комиссияның төрағасы шақырады.




                                            Қазақстан Республикасы



                                            Үкіметінің 1999 жылғы

                                         6 шілдедегі N 935 қаулысымен

                                                  бекітілген




 

     ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.02.15. N 252

              қаулысымен. 


P000252_



     ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.03.19. N 355

              қаулысымен. 


P010355_



     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.28. N 1116 қаулысымен.



P011116_



     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.19. N 1654 қаулысымен.



P011654_




                Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы

       Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияның

                          құрамы





     Мәсімов               - Қазақстан Республикасы Премьер-

     Кәрім Қажымқанұлы       Министрінің орынбасары, төраға




     Досаев                - Қазақстан Республикасы Табиғи

     Ерболат Асқарбекұлы     монополияларды реттеу, бәсекелестікті

                             қорғау және шағын бизнесті қолдау

                             жөніндегі агенттігінің төрағасы




     Мейрамбеков           - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры"

     Теміржан Қадырбекұлы    ЖАҚ басқармасының төрағасы

                             (келісім бойынша)




     Коржова               - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Наталья Артемовна       вице-министрі


     Нефедов               - Қазақстан Республикасының Энергетика

     Петр Петрович           және минералдық ресурстар

                             вице-министрі


     Нұрқиянов             - Қазақстан Республикасының Ауыл

     Төлеухан Мұратқанұлы    шаруашылығы вице-министрі


     Толқаншынов           - Қазақстан Республикасының Әділет

     Әнуар Құрманбайұлы      вице-министрі


     Өмірбаев              - Қазақстан Республикасының Еңбек

     Әділхан Әбдірахманұлы   және әлеуметтік қорғау вице-министрі


     Мұхамеджанов          - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Бектас Ғафурұлы         министрлігі Мемлекеттік сатып алу

                             жөніндегі комитетінің төрағасы


     Белоног               - Қазақстан Республикасы Денсаулық

     Анатолий Александрович  сақтау ісі жөніндегі агенттігі

                             төрағасының орынбасары, Қазақстан

                             Республикасының бас Мемлекеттік

                             санитарлық дәрігері


     Елшібеков             - Қазақстан Республикасының

     Серікбек Кеңесбекұлы    Мемлекеттік кіріс министрлігі

                             Әкімшіліктендіру департаментінің

                             директоры


     Нәубетова             - Қазақстан Республикасы Министрінің

     Рашида Аронқызы         - Қазақстан Республикасының

                             Президенті жанындағы Отбасы және

                             әйелдер істері жөніндегі Ұлттық

                             комиссиясы төрағасы хатшылығының

                             сектор меңгерушісі


     Абт                   - Қарағанды облысы кәсіпкерлер

     Николай Викторович      қауымдастығының президенті

                             (келісім бойынша)


     Әділбеков             - Ақмола облысы әкімінің орынбасары

     Дәурен Зәкенұлы      


     Бессонов              - Қазақстан Республикасы Жиһаз және

     Евгений Анатольевич     ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары

                             қауымдастығының вице-президенті

                             (келісім бойынша)


     Бижкенова             - Астана қаласындағы адвокаттар

     Раушан Ермекқызы        алқасының "Шағын бизнес адвокатурасы"

                             заң кеңесінің меңгерушісі

                             (келісім бойынша)


     Казанцев              - Астана қаласы кәсіпкерлерінің

     Павел Олегович          құқықтарын қорғау жөніндегі

                             қауымдастығының президенті

                             (келісім бойынша)


     Кәкімжанова           - техникалық ынтымақтастық

     Жарқын Әулиеханқызы     жөніндегі (GTZ) неміс қоғамы

                             өкілінің орынбасары, Қазақстандағы

                             шағын және орта кәсіпкерлікті

                             қолдаудың аймақтық жобасының

                             үйлестірушісі (келісім бойынша)


     Касумов               - Қазақстан фермерлер "ҚазАгро"

     Борис Ибрагимович       ұлттық федерациясының президенті

                             (келісім бойынша)


     Захаров               - Алматы кәсіпкерлері

     Андрей Михайлович       қауымдастығының вице-президенті

                             (келісім бойынша)

     Смагин                - Қазақстанның Рыноктар және

     Алексей Петрович        кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті

                             (келісім бойынша)

     Мамин                 - Қазақстан Республикасының

     Асқар Ұзақбайұлы        Көлік және коммуникациялар

                             вице-министрі



     Мұртазаев             - Қазақстан Республикасының

     Мұрат Арзаұлы           Экономика және сауда

                             вице-министрі



     Кононова              - Қазақстан Республикасының

     Татьяна Ильинична       Сауда-өнеркәсіп палатасы одағының

                             вице-президенті (келісім бойынша)



     Тоқаев                - "Шағын кәсіпкерлік жөніндегі

     Әкбар Қуанышбайұлы      республикалық ақпараттық-көрме   

                             орталығы" жабық акционерлік

                             қоғамының президенті (келісім

                             бойынша)




     Доскенов              - Кәсіпкерлердің Орталық Қазақстан

     Талғат Қазкенұлы        қауымдастығының президенті 

                             (келісім бойынша)




     Резван                - "Алматы қаласы қоғамдық

     Василий Александрович   тамақтандыру және қызмет көрсетулер саласы   

                             кәсіпорындарының комитеті" қоғамдық          

                             бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)




   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.