Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы

Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы. 2002 жылғы сәуір

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының теміржол көлігін қайта құрылымдаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" 2001 жылғы 4 маусымдағы N 756 P010756_ және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" 2002 жылғы 15 наурыздағы N 310 P020310_ қаулыларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Жолаушылар тасымалы", "Теміржолмашжөндеу", "Локомотивжөндеу", "Вагонжөндеу", "Теміржолсужылужабдықтау", "Қазкөліксервис" еншілес мемлекеттік кәсіпорындары тиісінше "Жолаушылар тасымалы", "Теміржолмашжөндеу", "Локомотивжөндеу", "Вагонжөндеу", "Теміржолсужылужабдықтау", "Қазкөліксервис" ашық акционерлік қоғамдары (бұдан әрі - Қоғамдар) етіп қайта құру жолымен жарғылық капиталдарына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қоғамдар қызметінің негізгі түрлері:
      "Жолаушылар тасымалы" - жолаушыларды, жүкті, теңдеме жүкті тасымалдау;
      "Теміржолмашжөндеу" - темір жол көлігінің және басқа да салалардың жылжымалы құрамын, оның тораптары мен агрегаттарын жөндеудегі және жаңғыртудағы, қосалқы бөлшектер мен машина жасау өнімдерін дайындаудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
      "Локомотивжөндеу" - темір жол көлігінің локомотивтерді және моторвагондарды жылжымалы құрамды, оның тораптары мен агрегаттарын жөндеудегі және техникалық қызмет көрсетудегі, қосалқы бөлшектер дайындаудағы және қалпына келтірудегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
      "Вагонжөндеу" - темір жол көлігінің жүк вагондары мен рефрижераторлық секцияларды жөндеудегі және техникалық қызмет көрсетудегі, тораптары мен бөлшектерін қалпына келтірудегі, жылжымалы құрамды, оның тораптары мен агрегаттарын жаңғыртудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
      "Теміржолсужылужабдықтау" - темір жол көлігінің және халықтың ауыз су, техникалық су және жылу берудегі, сужылужабдықтау және санитарлық техникалық құрылғыларға техникалық қызмет көрсетудегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін су шаруашылығы және кәріз жүйелерінің қызметі;
      "Қазкөліксервис" - контейнерлерді тасымалдауды және оларды жүк және қоймалық терминалдарда өңдеуді қамтитын темір жол контейнерлері тасымалын жүзеге асыру болып анықталсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қайта ұйымдастырылып жатқан "Жолаушылар тасымалы", "Теміржолмашжөндеу", "Локомотивжөндеу", "Вагонжөндеу", "Теміржолсужылужабдықтау", "Қазкөліксервис" еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының мүліктерін беру жолымен Қоғамдардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруды;
      2) Қоғамдардың жарғыларын бекітуді және олардың мемлекеттік тіркелуін;
      3) Қоғамдардың мемлекеттік пакеттерін "Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталына беруді;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 P001587_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):
      көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 32-жолмен толықтырылсын:
      32. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ";
      3) "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 наурыздағы N 310 P020310_ қаулысына:
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының және 1-қосымшаға сәйкес оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының мүліктерін, сондай-ақ 2-қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін беру жолымен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;";
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      реттік нөмірлері 1, 4-7, 12-жолдар алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      реттік нөмірі 3-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 8-13-жолдармен толықтырылсын:
      "8. "Жолаушылар тасымалы" ААҚ.
      9. "Теміржолмашжөндеу" ААҚ.
      10. "Локомотивжөндеу" ААҚ.
      11. "Вагонжөндеу" ААҚ.
      12. "Теміржолсужылужабдықтау" ААҚ.
      13. "Қазкөліксервис" ААҚ.".
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі