Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 6 шiлдедегi N 935 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 1 ақпан N 153. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.08.07. N 883 қаулысымен. ~P020883

      Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясы 70-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін тоқтатуына байланысты:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық атқарушы органдардың (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) басшылары:
      1) "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Z990453_ Заңының 26-бабы 5-тармағының күшіне орай отставкаға кету құқығы бар және отставкаға беруге міндетті, мемлекеттік органдардың басшылары орынбасарларының, ведомстволардың басшылары мен олардың орынбасарларының орнынан түсуі жөніндегі рәсімдерді қамтамасыз етсін;
      2) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне:

 

     мемлекеттік органдардың басшылары орынбасарларының, ведомстволардың

басшыларының қызметтеріне кандидаттарды тағайындауға ұсыныстарды;

     ведомстволардың басшылары орынбасарларының қызметтеріне кандидаттар

жөнінде ұсыныстарды жіберсін.

     2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.


     Премьер-Министр



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.