Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі N 935 және 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1691 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы N 1654 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1465 Қаулысымен

      1-бап.  Қазақстан Республикасы ақ түс аясындағы қызыл жарты ай геральдикалық белгісін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері медициналық қызметінің эмблемасы және айырым белгісі ретінде қолданатын болсын.

      2-бап.  Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының Соғыс құрбандарын қорғау туралы 1949 жылғы Женева конвенцияларына және Соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева конвенцияларының 1977 жылғы I және II Қосымша хаттамаларына қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысында аталған ескертпелерді алып тастасын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті