Кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған мыналар бекiтiлсiн:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесi ;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсім бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртiбi туралы ереже;
3) Бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы (ұсынымы) бойынша немесе онымен келісім бойынша қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.11. N 1348 Қаулысымен.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын және бекiтетiн немесе олармен келiсiм бойынша тағайындалатын және бекiтілетiн мемлекеттiк органдар басшы қызметкерлерінің лауазымдар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 наурыздағы N 373 қаулысы;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 4 маусымдағы N 101 өкімі.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 16 шілдедегі
N 784 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен
келісім бойынша тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер
мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.09.11. N 1348 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.07.31 № 1011 (2012.08.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Лауазымы |
Кім тағайындайды |
Кім ұсынады |
Кіммен келісіледі (ұсыным берген) |
1 |
2 |
3 |
4 |
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы |
Үкімет |
Премьер-Министр |
|
Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары |
Президент |
Әкімшілік басшысы |
Премьер-Министрмен |
Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер, Әділет министрлерінің орынбасарларынан басқа, министрлердің орынбасарлары (вице-министрлер) |
Үкімет |
министрлер |
Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысымен |
Орталық атқарушы органдар болып табылатын агенттіктердің төрағалары |
Үкімет |
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы |
Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысымен |
Орталық атқарушы органдар болып табылатын агенттіктер төрағаларының орынбасарлары |
Үкімет |
агенттіктердің төрағалары |
|
Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасарлары |
Премьер-Министр |
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы |
|
Премьер-Министр Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары |
Премьер-Министр |
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы |
|
Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары, бас инспекторлар, Премьер-Министрдің кеңесшілері мен көмекшілері |
Премьер-Министр |
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы |
|
Премьер-Министрдің штаттан тыс кеңесшілері |
Премьер-Министр |
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы |
|
Ішкі істер, Қорғаныс, Сыртқы істер және Әділет министрліктерін қоспағанда, министрліктер комитеттерінің төрағалары |
министрлер |
Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен |
|
Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет, Төтенше жағдайларды және өнеркәсіп қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау комитеттері төрағаларының орынбасарлары |
Министр |
Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен |
|
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, Салық, Кедендік бақылау комитеттері төрағаларының орынбасарлары |
Министр |
Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен, жауапты хатшымен |
|
Ішкі істер, Қорғаныс, Сыртқы істер және Әділет министрліктерін қоспағанда, орталық атқарушы органдар комитеттері төрағаларының орынбасарлары |
Министр |
Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен |
|
ЕурАзЭқ бас хатшысының орынбасары |
Үкімет |
ЕурАзЭқ мемлекетаралық кеңесі |
|
Ядролық зерттеулер біріккен институтына мүше-мемлекеттердің өкілетті өкілдер комитетіндегі (Дубна қаласы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілі |
Үкімет |
Энергетика және минералдық ресурстар министрі |
|
Астана және Алматы қалаларының, облыстардың ішкі саясат басқармаларының бастықтары |
Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері |
Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен |
|
Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары* |
Президент |
министрлер |
Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен |
"Cамұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның басқарма төрағасы* |
Президент |
Премьер-Министрмен |
|
"Параcат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ-ның, "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" АҚ-ның, "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ-ның, "ҚазАгро" ұлттық басқару холдингі" АҚ-ның, "Ұлттық медицина холдингі" АҚ-ның басқарма төрағалары* |
тиісті холдингтердің директорлар кеңестері |
Премьер-Министр |
Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысымен |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-на кіретін ұлттық даму институттарының және ұлттық компанияларының басқарма төрағалары* |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқармасы |
Премьер-Министр |
Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысымен |
"Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" АҚ-на, "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ-на, "ҚазАгро" ұлттық басқару холдингі" АҚ-на кіретін ұлттық компанияларының басқарма төрағалары* |
директорлар кеңестері |
Премьер-Министр |
Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысымен |
Холдингтердің құрамына кірмейтін ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары* |
директорлар кеңестері |
Премьер-Министр |
Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысымен |
"Ұлттық инновациялық қоры" АҚ-ның, "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ-ның, "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы АҚ-ның, "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы", "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" басқарма төрағалары |
директорлар кеңестері |
Индустрия және сауда министрі |
Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен |
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі |
Үкімет |
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі |
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрімен |
* - Бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) бойынша немесе оның келісімі бойынша қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының осы қаулымен бекітілген тізіміне сәйкес осы кадрлар "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсырмасы (бойынша оның Әкімшілігі Басшысының міндетті түрде келісімінен өтеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 16 шілдедегі
N 784 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды қызметке келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ереже
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.09.11. N 1348 Қаулысымен.
Ескерту. мәтіндегі "Кадр жұмысы бөлімі", "Кадр жұмысы бөліміне" және "Кадр жұмысы бөлімімен" деген сөздер тиісінше "Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімі", "Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөліміне" және "Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімімен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.28. N 740 Қаулысымен.
Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың,
Премьер-Министр Кеңсесiнiң мемлекеттiк саяси
қызметшiлерi бойынша
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды қызметке тағайындау немесе қызметтен босату туралы ұсыныстарды тиiстi мемлекеттiк органның басшысы, Премьер-Министр Кеңсесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiн Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы ұсынылып отырған тағайындау немесе босату себептерi мен дәлелдерiн көрсете отырып, жазбаша нысанда Премьер-Министрдiң қарауына енгiзедi.
Почта арқылы келiп түсетiн пакеттерде "Кадрлар" деген мөртаңба қойылып, пакет мiндеттi түрде нөмiрленедi. Премьер-Министр Кеңсесiнiң Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi пакеттi Премьер-Министр Кеңсесiнiң Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөліміне (бұдан әрi - Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімі) ашпай бередi.
Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөліміне келiп түскен құжаттар тiркелген және зерделенген соң алдын-ала келiсу үшiн Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысына (бұдан әрi - Кеңсе Басшысы) берiледi, ол өз кезегiнде тағайындауға немесе босатуға кандидаттар туралы Премьер-Министрге жеке баяндайды. Премьер-Министр бас тартқан жағдайда құжаттар тиiстi мемлекеттiк органның басшысына қайтарылуы мүмкiн. <*>
Жекелеген мемлекеттiк қызметшiлердi қызметке тағайындау немесе қызметтен босату жөнiнде Үкiмет мүшелерi немесе агенттiктердiң төрағалары енгiзетiн ұсыныстар Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөліміне берiлместен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне жеке баяндалуы мүмкiн. Бұл ретте, олар Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөліміне Премьер-Министрмен келiсiлген соң берiледi. Мұндай құжаттарды қабылдау бөлмелерiнiң мамандары немесе көмекшiлерi арқылы беруге рұқсат етiлмейдi. <*>
Тағайындауға не атқарып отырған қызметiнен босатуға ұсынылатын кадрларды Премьер-Министрдiң немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесiнiң тиiстi бөлiмдерi алдын ала зерделеуi мүмкiн, олар Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімімен бiрлесiп тиiстi қорытындыны Кеңсе Басшысына ұсынады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.09.02. N 928, 2009.09.11. N 1348 Қаулыларымен.
2. Премьер-Министрдiң келiсiмiн алған соң Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімі кадрларды тағайындауға немесе босатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын (Премьер-Министрдің өкімдерін) дайындайды, оларды Кеңсе Басшысына бередi. Кеңсе Басшысы оларды Премьер-Министрге қол қоюға енгiзедi.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.26. N 1298 Қаулысымен.
3. Үкiметтiң келiсiмi бойынша тағайындалатын кадрлар бойынша келiсу нәтижесi ұсынысқа қарар түрiнде ресiмделедi және тиiстi орталық атқарушы органға берiледi.
4. "Мемлекеттік билiк органдары жүйесiндегi кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Президентiмен немесе оның уәкiлеттiк беруiмен Президент Әкiмшiлiгi Басшысымен келiсiм бойынша тағайындалуы немесе босатылуы тиiс мемлекеттiк қызметшiлер жөнiндегi тиiстi орталық атқарушы органның басшысы қол қойған және Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөліміне енгiзiлген ұсыныстар Кеңсе Басшысында және Премьер-Министрде алдын ала келiсiлген соң тағайындауға немесе қызметтен босатуға келiсiм беру туралы ұсыныс хатпен Президент Әкiмшiлігінiң Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөліміне берiледi. Ол Президент Әкiмшiлiгiнде келiсудi ұйымдастырады, содан соң Премьер-Министр Кеңсесiнiң Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөліміне ұсынылып отырған не босатылатын кандидатура жөнiнде жауапты хабарлайды.
Келiсу рәсiмi аяқталған соң қызметке тағайындау не қызметтен босату туралы дайындалған құжаттарды Кеңсе Басшысы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне қол қоюға енгiзедi.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.09.02. N 928, 2005.05.06. N 439, 2009.09.11. N 1348 Қаулыларымен.
Ескерту. 5-тармақ және тарау алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.09.11. N 1348 Қаулысымен.
Ескерту. 6-тармақтың және тарауының тақырыбы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.08.28. N 740 Қаулысымен.
Ереженiң өзге де мәселелерi
7. Үкіметтің лауазымды адамдарды тағайындау және босату жөніндегі тиісті қаулыларының немесе оларды келісу жөніндегі қарарлардың жобаларын дайындауды, әдетте, Премьер-Министр Кеңсесінің Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімі жүзеге асырады.
Мемлекеттік және өзге де лауазымға тағайындау туралы ұсынысқа мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
кадрлар есебі жөніндегі жеке парақ;
өмірбаян;
білімі, берілген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы дипломдардың көшірмелері;
өмірбаяндық ақиқат анықтама;
мөлшері 4x6 см 4 фотосурет;
кандидаттың лауазымға орналасуы үшін арнайы тексеруден өткені туралы анықтама;
мемлекеттік қызметшінің мүлкін сенімді басқару шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі (қажет болған кезде).
Мемлекеттік саяси қызметші орнынан түскен немесе ол өз еркімен қызметтен босаған жағдайда материалдарға мемлекеттік қызметшінің тиісті өтініші қоса беріледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.09.11. N 1348 Қаулысымен.
Ескерту: * - осы құжаттар Үкiметтiң келiсiмi қажет орталық атқарушы органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымдары бойынша ұсыныстарға қоса тiркелуi тиiс.
Ескерту. Ескертуге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.08.28. N 740 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 16 шілдедегі
N 784 қаулысымен
бекітілген
Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) немесе оның келісімі
бойынша бірінші басшылары қызметке тағайындалатын немесе
қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың,
даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі
Ескерту. Қаулы тізіммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.11. N 1348, 2011.08.01. N 887 Қаулыларымен.
1. |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ |
2. |
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ |
3. |
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы АҚ |
4. |
"Қазақтелеком" АҚ |
5. |
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ |
6. |
"Стрессті активтер қоры" АҚ |
7. |
"Қазақстан даму банкі" АҚ |
8. |
"Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ |
9. |
"Қазпочта" АҚ |
10. |
"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ |
11. |
"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ |
12. |
"Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен рудасы компаниясы" АҚ |
13. |
"КЕGОС" АҚ |
14. |
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ |
15. |
"Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ |
16. |
"Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" АҚ |
17. |
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.08.01. N 887 Қаулысымен |
18. |
"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ |
19. |
"Kazsatnet" ұлттық компаниясы" АҚ |
20. |
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ |
21. |
"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ |
22. |
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ |
23. |
"Ұлттық медициналық холдингі" АҚ |
24. |
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ |
25. |
Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті |
26. |
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті |
27. |
Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті |
28. |
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті |
29. |
Қазақ ұлттық аграрлық университеті |
30. |
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы |
31. |
Қазақ ұлттық музыка академиясы |
32. |
Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы |
33. |
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚ - акционерлік қоғам
ҰК - ұлттық компания