Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 340 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1.""Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерін шешу тетігін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі N 784 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тізбесінде:
мынадай:
"Облыстар, Астана және облыс әкімі облыс әкімі Премьер-
Алматы қалалары Министрмен,
әкімдерінің Әкімшілік
орынбасарлары, әкімдері Басшысымен
аппараттарының
басшылары, қалалардың,
аудандардың және
қалалардағы аудандардың
әкімдері " "
деген жол алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
мәтіндегі""Кадр жұмысы бөлімі",""Кадр жұмысы бөліміне" және "Кадр жұмысы бөлімімен" деген сөздер тиісінше""Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімі",""Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөліміне" және""Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Аумақтық органдар бойынша" тарауының тақырыбы және 6-тармақ алынып тасталсын;
Ескертудегі""облыстар әкімдерінің орынбасарларын, қалалармен аудандар, қалалардағы аудандар әкімдерін, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі |