Кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған мыналар бекiтiлсiн:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттiк саяси қызметшiлерi мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының
тiзбесi
;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсім бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттiк саяси қызметшiлерiн және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртiбi туралы
ереже
.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын және бекiтетiн немесе олармен келiсiм бойынша тағайындалатын және бекiтілетiн мемлекеттiк органдар басшы қызметкерлерінің лауазымдар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 наурыздағы N 373 қаулысы;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 4 маусымдағы N 101 өкімі.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 16 шілдедегі
N 784 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен
келiсiм бойынша тағайындалатын орталық және жергілiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттiк саяси қызметшiлерi мен өзге де басшы лауазымды адамдары
лауазымдарының тiзбесi
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 437 қаулысымен , 2003.12.31. N 1369 қаулысымен , 2004.01.29. N 100 қаулысымен , 2004.09.02. N 928 қаулысымен , 2005.05.04. N 423 қаулысымен (2005 жылғы 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.05.06. N 439 қаулысымен , 2006.01.20. N 44 қаулысымен , 2007.01.19. N 38 , 2007.08.28. N 740 , 2007.12.26. N 1298 қаулыларымен.
Лауазымы ! Кiм ! Кім ұсынады !Кіммен келісіледі! Ескерту
|
Премьер-Министр Үкiмет Премьер- Президентпен -
Кеңсесiнiң Басшысы Министрмен немесе оның
тапсыруымен
Әкiмшiлiк
Басшысымен
Орталық Президент Әкімшілік Премьер-Министрмен
атқарушы Басшысымен
органдардың
жауапты
хатшысы
Министрлердің Үкімет министрлер Президентпен
орынбасарлары немесе оның
(вице-министрлер) тапсырмасы бойынша
Әкiмшiлiк
Басшысымен
Қазақстан Президент Қорғаныс, Премьер-
Республикасының сыртқы Министрмен,
қорғаныс; сыртқы істер, ішкі Әкімшілік
істер; ішкі істер, әділет Басшысымен
істер; әділет министрлері-
министрлерінің мен
орынбасарлары
Орталық атқарушы Үкімет Премьер- Президентпен
органдар болып Министр немесе оның
табылатын Кеңсесінің тапсырмасы
агенттiктердiң Басшысы бойынша Әкімшілік
төрағалары* Басшысымен
Орталық атқарушы Үкімет агенттіктердің
органдар болып төрағалары
табылатын
агенттіктер
төрағаларының
орынбасарлары
Премьер-Министр Премьер- Премьер-Министр
Кеңсесi Министр Кеңсесінің
Басшысының Басшысы
орынбасарлары
Премьер- Премьер- Премьер-Министр "Мемлекеттiк
Министрдiң Министр Кеңсесінің қызмет туралы"
Кеңсесi Басшысы Қазақстан Республикасының
құрылымдық
Заңына
сәйкес
бөлiмшелерiнiң
басшылары
Премьер-Министр Премьер- Премьер-Министр "Мемлекеттiк
Кеңсесiнiң Министр Кеңсесінің қызмет туралы"
құрылымдық Басшысы Қазақстан Республикасының
бөлiмшелерi
Заңына
сәйкес
басшыларының
орынбасарлары,
бас инспекторлар,
Премьер-
Министрдiң
кеңесшiлерi мен
көмекшiлерi
Премьер- Премьер- Премьер-Министр
Министрдің Министр Кеңсесінің
штаттан тыс Басшысы
кеңесшiлерi
Министрліктердің министрлер министрлер Премьер- -
комитеттерінің Министрмен,
төрағалары* Әкімшілік
Басшысымен
Ішкі істер министрлер министрлер Премьер-
министрлігінің Министрмен,
комитеттері; Әкімшілік
Төтенше Басшысымен
жағдайлар
министрлігінің
өртке қарсы
қызмет; төтенше
жағдайларды
және
өнеркәсіптік
қауіпсіздікті
мемлекеттік
бақылау
комитеттері
төрағаларының
орынбасарлары*
Әділет министрлер комитеттер Премьер-
министрлігі төрағалары Министрмен,
комитеттерінің; Әкімшілік
Қаржы Басшысымен,
министрлігінің жауапты
мемлекеттік хатшымен
мүлік
және
жекешелендіру,
кедендік бақылау
комитеттері
төрағаларының
орынбасарлары*
Орталық атқарушы министрлер министрлер Премьер-
органдар Министрмен
комитеттерi немесе оның
төрағаларының тапсырмасы
орынбасарлары бойынша
Премьер-
Министр
Кеңсесінің
Басшысымен
Штабтар Қорғаныс Қорғаныс Премьер- -
бастықтары министрi министрi Министрмен,
комитетi Әкiмшiлiк
төрағасының Басшысымен
орынбасарлары
Қазақстан Қорғаныс Қорғаныс Премьер- -
Республикасының министрi министрi Министрмен,
Қарулы Күштерi Әкiмшiлiк
тылының бастығы Басшысымен
Қарулы Күштер Қорғаныс Қорғаныс Премьер- -
түрлерi бас министрi министрi Министрмен,
қолбасшыларының, Әкiмшiлiк
әскер түрлерi, Басшысымен
өңiрлiк
қолбасшылықтар
қолбасшыларының
бiрiншi
орынбасарлары
Iшкі iстер Үкiмет Iшкi iстер - -
министрлiгi министрi
Iшкi әскерлер
қолбасшысының
орынбасарлары -
Iшкi әскерлер
комитетiнiң
төрағасы
ЕурАзЭҚ бас Үкімет ЕурАзЭҚ
хатшысының мемлекетаралық
орынбасары кеңесі
Қазақстан Үкімет Сыртқы істер
Республикасы министрі
Yкіметiнiң
халықаралық
ұйымдардағы
өкілдері
Бiрлескен ядролық Үкімет Энергетика және
зерттеулер минералдық
институтына мүше ресурстар
мемлекеттер министрі
өкілетті
өкiлдерiнiң
комитетіндегі
Қазақстан
Республикасы
Yкiметiнiң
өкiлеттi өкілі
(Дубна қаласы)
Облыстық, Астана, Iшкi iстер Iшкi iстер Президентпен -
Алматы қалалары министрi министрi немесе оның
көлiктегi iшкi тапсырмасы
iстер департамент- бойынша
терiнiң бастық. Әкiмшiлiк
тары Басшысымен,
Премьер-Министрмен
Iшкi iстер Iшкi iстер Iшкi iстер Премьер- -
министрлiгiнiң министрi министрi Министрмен,
орталық аппараты Әкiмшiлiк
департаменттерiнiң Басшысымен
Аса қауіпті қылмыс-
тарға қарсы күресті
үйлестіру орталық-
тарының, ішкі әскерлер
Академиясының бастықтары
және бригадаларының
(құрылымдарының)
командирлері
Облыстар, жауапты Премьер-
Астана, Алматы хатшы Министрмен,
қалалары әділет Әкімшілік
департаменттерінің Басшысымен,
бастықтары Әділет
министрімен
Әділет « Әділет « Әділет Премьер-
министрлігі министрі министрі Министрмен,
Қылмыстық- Әкімшілік
атқару жүйесі Басшысымен
комитетінің
орталық
аппараты,
облыстар,
Астана және
Алматы
қалалары
бойынша
басқармаларының
бастықтары;
"Сот
сараптамасы
орталығы"
мемлекеттік
мекемесінің
директоры
Қаржы министрлiгi Қаржы Кедендiк Премьер- -
Кедендiк бақылау министрі бақылау Министрмен,
комитетiнiң комитетінің Әкiмшiлiк
облыстар, Астана төрағасы Басшысымен
және Алматы
қалалары кедендiк
бақылау
департаменттерiнiң
бастықтары
Төтенше Төтенше Төтенше Премьер-
жағдайлар жағдайлар жағдайлар Министрмен,
министрлігі министрі министрімен Әкімшілік
Төтенше Басшысымен
жағдайларды
және
өнеркәсіптік
қауіпсіздікті
мемлекеттік
бақылау және
қадағалау
комитетінің
орталық
аппараты
департаментте-
рінің директор-
лары, облыстық,
Астана және
Алматы
қалаларының
төтенше
жағдайлар
департамент-
терінің
бастықтары;
өртке
қарсы қызмет
департаментте-
рінің бастықтары;
облыстар, Астана
және Алматы
қалаларының
төтенше
жағдайларды
және
өнеркәсіптік
қауіпсіздікті
мемлекеттік
бақылау
басқармалары-
ның бастықтары
Облыстар, Астана Облыстар, облыстар, Премьер- -
және Алматы Астана және Астана Министрмен,
қалалары iшкi Алматы және Әкiмшiлiк
саясат қалалары Алматы Басшысымен
департаменттерiнiң әкiмдерi қалалары
директорлары әкiмдерi
---------------------------------------------------------------------------
* - Қазақстан Республикасы Президентінiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828
Жарлығына
сәйкес осы кадрлар Қазақстан Республикасының Президентiмен немесе оның тапсырмасы бойынша оның Әкiмшiлiгі Басшысымен мiндеттi келiсуден өтедi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 16 шілдедегі
N 784 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен
келiсiм бойынша тағайындалатын орталық және жергілiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттiк саяси қызметшiлерiн және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртiбi туралы
ереже
Ескерту. мәтіндегі»"Кадр жұмысы бөлімі",»"Кадр жұмысы бөліміне" және "Кадр жұмысы бөлімімен" деген сөздер тиісінше»"Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімі",»"Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөліміне" және»"Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімімен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.28. N 740 Қаулысымен.
Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың,
Премьер-Министр Кеңсесiнiң мемлекеттiк саяси
қызметшiлерi бойынша
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк саяси қызметшiлерiн және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке тағайындау немесе қызметтен босату туралы ұсыныстарды тиiстi мемлекеттiк органның басшысы, Премьер-Министр Кеңсесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiн Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы ұсынылып отырған тағайындау немесе босату себептерi мен дәлелдерiн көрсете отырып, жазбаша нысанда Премьер-Министрдiң қарауына енгiзедi.
Почта арқылы келiп түсетiн пакеттерде "Кадрлар" деген мөртаңба қойылып, пакет мiндеттi түрде нөмiрленедi.
Премьер-Министр Кеңсесiнiң
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi пакеттi Премьер-Министр Кеңсесiнiң Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөліміне (бұдан әрi - Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімі) ашпай бередi.
Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөліміне келiп түскен құжаттар тiркелген және зерделенген соң алдын-ала келiсу үшiн Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысына (бұдан әрi - Кеңсе Басшысы) берiледi, ол өз кезегiнде тағайындауға немесе босатуға кандидаттар туралы Премьер-Министрге жеке баяндайды. Премьер-Министр бас тартқан жағдайда құжаттар тиiстi мемлекеттiк органның басшысына қайтарылуы мүмкiн. <*>
Жекелеген мемлекеттiк қызметшiлердi қызметке тағайындау немесе қызметтен босату жөнiнде Үкiмет мүшелерi немесе агенттiктердiң төрағалары енгiзетiн ұсыныстар Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөліміне берiлместен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне жеке баяндалуы мүмкiн. Бұл ретте, олар Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөліміне Премьер-Министрмен келiсiлген соң берiледi. Мұндай құжаттарды қабылдау бөлмелерiнiң мамандары немесе көмекшiлерi арқылы беруге рұқсат етiлмейдi. <*>
Тағайындауға не атқарып отырған қызметiнен босатуға ұсынылатын кадрларды Премьер-Министрдiң немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесiнiң тиiстi бөлiмдерi алдын ала зерделеуi мүмкiн, олар Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімімен бiрлесiп тиiстi қорытындыны Кеңсе Басшысына ұсынады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.09.02. N 928
қаулысымен
.
2. Премьер-Министрдiң келiсiмiн алған соң Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімі кадрларды тағайындауға немесе босатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын (Премьер-Министрдің өкімдерін) дайындайды, оларды Кеңсе Басшысына бередi. Кеңсе Басшысы оларды Премьер-Министрге қол қоюға енгiзедi.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.26.
N 1298
Қаулысымен.
3. Үкiметтiң келiсiмi бойынша тағайындалатын кадрлар бойынша келiсу нәтижесi ұсынысқа қарар түрiнде ресiмделедi және тиiстi орталық атқарушы органға берiледi.
4. "Мемлекеттік билiк органдары жүйесiндегi кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828
Жарлыққа
сәйкес Қазақстан Республикасының Президентiмен немесе оның уәкiлеттiк беруiмен Президент Әкiмшiлiгi Басшысымен келiсiм бойынша тағайындалуы немесе босатылуы тиiс мемлекеттiк қызметшiлер жөнiндегi тиiстi орталық атқарушы органның басшысы қол қойған және Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөліміне енгiзiлген ұсыныстар Кеңсе Басшысында және Премьер-Министрде алдын ала келiсiлген соң тағайындауға немесе қызметтен босатуға келiсiм беру туралы ұсыныс хатпен Президент Әкiмшiлігінiң Кадр саясаты бөліміне берiледi. Ол
Президент Әкiмшiлiгiнде
келiсудi ұйымдастырады, содан соң
Премьер-Министр Кеңсесiнiң
Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөліміне ұсынылып отырған не босатылатын кандидатура жөнiнде жауапты хабарлайды.
Келiсу рәсiмi аяқталған соң қызметке тағайындау не қызметтен босату туралы дайындалған құжаттарды Кеңсе Басшысы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне қол қоюға енгiзедi.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.09.02. N 928
қаулысымен
, 2005.05.06. N 439
қаулысымен
.
Iшкi iстер, әдiлет, төтенше жағдайлар министрлiктерiнің және
Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің органдары бойынша
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.09.02. N 928 қаулысымен , 2005.05.06. N 439 қаулысымен .
5. Премьер-Министрдiң немесе Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының нұсқауы бойынша мынадай лауазымдарға кандидатуралар Премьер-Министр Кеңсесiнің қорғаныс және құқықтық тәртiп, заң, мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлiмдерiнде алдын ала зерделенуге жатуы мүмкiн:
iшкi iстер министрлерінің орынбасарлары (вице-министрлерi), Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлер қолбасшысының орынбасарлары - Iшкi әскерлер комитетiнiң төрағасы, Iшкi iстер министрлігі комитеттерiнiң төрағалары және төрағаларының орынбасарлары, IIМ орталық аппараты департаменттерiнiң бастықтары, облыстар, Астана, Алматы қалаларының, көлiктегi iшкi iстер департаменттерiнiң, Аса қауiптi қылмыстарға қарсы күрестi үйлестіру орталығының бастықтары, iшкi әскерлер бригадаларының (құрылымдарының) командирлерi, IIМ Академиясының бастықтары;
әдiлет министрiнiң орынбасарлары (вице-министрлерi), Әдiлет министрлiгi комитеттерiнiң төрағалары мен төрағаларының орынбасарлары, облыстар, Астана және Алматы қалалары әдiлет департаменттерiнiң бастықтары, орталық аппараттың, Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша басқарма бастықтары, Әдiлет министрлiгiнiң "Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттiк мекемесiнiң директоры;
Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң облыстар, Астана және Алматы қалалары кедендiк бақылау департаменттерiнiң бастықтары;
Қорғаныс министрлiгiнiң Штабтар бастықтары комитетi төрағасының орынбасары, Қарулы Күштер тылының бастықтары, Қарулы Күштер түрлерi бас қолбасшылықтарының, әскер түрлерi қолбасшылықтарының, өңiрлiк қолбасшылықтардың бiрiншi орынбасарлары;
Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің орталық аппараты департаменттерінің директорлары, облыстық, Астана, Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары, Өртке қарсы қызмет комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалаларының өртке қарсы қызмет департаменттерінің бастықтары, облыстар, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармаларының бастықтары;
облыстар, Алматы және Астана қалалары әкiмдiктерi iшкi саясат департаменттерiнiң директоры.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 437
қаулысымен
, өзгерту енгізілді - 2003.12.31. N 1369
қаулысымен
, 2004.01.29. N 100
қаулысымен
, 5-тармақ жаңа редакцияда - 2004.09.02. N 928
қаулысымен
, өзгеріс енгізілді - 2005.05.04. N 423
қаулысымен
(2005 жылғы 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.05.06. N 439
қаулысымен
, 2006.01.20.
N 44
, 2007.12.26.
N 1298
қаулыларымен.
Ескерту. 6-тармақтың және тарауының тақырыбы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.08.28. N 740 Қаулысымен.
7. Үкiметтiң лауазымды адамдарды тағайындау және босату жөнiндегi тиiстi қаулыларының немесе оларды келiсу жөнiндегi қарарлардың жобаларын дайындауды олардың келiсiмi бойынша, әдетте,
Премьер-Министр Кеңсесiнiң
Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімі жүргiзедi.
Мемлекеттiк лауазымға тағайындау туралы ұсынысқа мынадай құжаттар қоса берiлуi тиiс:
- кадрлар есебi жөнiндегi жеке парақ;
- өмiрбаян;
- бiлiмi, берiлген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы дипломдардың көшiрмелерi;
- өмiрбаяндық ақиқат анықтама*;
- кандидаттың лауазымға тағайындалуы үшiн арнайы тексеруден өткенi туралы анықтама*;
- кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары туралы
декларацияларды тапсырғаны туралы анықтама*;
- мөлшерi 4x6 см. 4 фотосурет;
- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
8-бабымен және өзге де заңдарымен белгiленген шектеулермен келiсу туралы мәлiмдеме;
- мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкiн сенiмдi басқару шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесi (қажет болған ретте).
Ұсынымда қызметке тағайындауға ұсынылып отырған кандидаттың кәсiби, iскерлiк және жеке басының қасиеттерi қысқаша сипатталуы қажет.
Мемлекеттiк саяси қызметшi орнынан түскен немесе ол өз еркiмен қызметтен босаған жағдайда материалдарға мемлекеттiк қызметшiнiң тиiстi өтiнiшi қоса берiледi.
Ескерту: * - осы құжаттар Үкiметтiң келiсiмi қажет орталық атқарушы органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымдары бойынша ұсыныстарға қоса тiркелуi тиiс.
Ескерту. Ескертуге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.08.28.
N 740
Қаулысымен.