Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 16 шілде N 784.

Жаңартылған
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды лауазымға келісу, лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртібі туралы қағидалар;
     3) бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы немесе онымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілсін.
     Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
     1) "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын және бекiтетiн немесе олармен келiсiм бойынша тағайындалатын және бекiтілетiн мемлекеттiк органдар басшы қызметкерлерінің лауазымдар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 наурыздағы N 373 қаулысы;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 4 маусымдағы N 101 өкімі.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 16 шілдедегі
№ 784 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі
     Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
     Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2015 N 153 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 213; 25.04.2019 № 226;10.07.2019 № 497; 31.12.2020 № 952 қаулыларымен.
Лауазымы
Кім тағайындайды
Кім ұсынады
Кіммен келісіледі
(ұсыным берген)
1
2
3
4
Премьер-Министрдің орынбасарлары
Президент
Премьер-Министр

Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер министрлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының министрлері
Президент
Премьер-Министр
Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасымен, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы
Президент
Премьер-Министр

Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер министрлерінің орынбасарларын қоспағанда, министрлердің орынбасарлары (вице-министрлер)
Үкімет
министрлер
Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы**
Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің аппарат басшыларын қоспағанда, орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары
министрлер
министрлер
Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен
Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы
Төтенше жағдайлар министрі

Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы**
Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасарлары
Премьер-Министр
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы

Премьер-Министр Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары
Премьер-Министр
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы

Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары, бас инспекторлар, Премьер-Министрдің кеңесшілері мен көмекшілері
Премьер-Министр
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы

Премьер-Министрдің штаттан тыс кеңесшілері
Премьер-Министр
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы

Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, министрліктер комитеттерінің төрағалары
министрлер

Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен**
Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, орталық атқарушы органдардың комитеттері төрағаларының орынбасарлары
аппарат басшылары
комитет төрағалары
Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасарлары
министр
министр
Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен
Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті, Aзаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағаларының орынбасарлары
Төтенше жағдайлар министрі
Төтенше жағдайлар министрі
Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен**
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Aзаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасарлары
министр
министр
Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша департаменттерінің басшылары
министр
министр
Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен
Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы
Үкімет
БҰҰДБ тұрақты өкілі

Ядролық зерттеулер біріккен институтына мүше-мемлекеттердің өкілетті өкілдер комитетіндегі (Дубна қаласы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілі
Үкімет
Энергетика министрі

Ұлттық жоғары оқу орындарының бірінші басшылары*
министрлер

Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы*
Үкімет

Президентпен
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
Үкімет

Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысымен
«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы*
директорлар кеңестері
Премьер-Министр
Әкімшілік Басшысымен
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына кіретін жекелеген ұлттық даму институттарының және ұлттық компанияларының басқарма төрағалары*
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқармасы
Премьер-Министр
Әкімшілік Басшысымен
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамдарына кіретін жекелеген ұлттық даму институттарының немесе ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары*
директорлар кеңестері
холдингтердің басқарма төрағалары
Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен
Холдингтердің құрамына кірмейтін жекелеген ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары
директорлар кеңестері
министрлер
Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі
Үкімет
Сауда және интеграция министрі
Президентпен
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары
Үкімет
Сауда және интеграция министрі
Президентпен
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры
Мәдениет және спорт министрі

Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен
«Aстана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы
Мәдениет және спорт министрі

Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен
«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі  Н. Назарбаев орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
директорлар кеңесi
Aқпарат және қоғамдық даму министрі
Премьер-Министрмен
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры», «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры», «Aзаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамдарының басқарма төрағалары
директорлар кеңесi
министрлер
Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен
«Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd» басқарушы компаниясының басқарма төрағасы
директорлар кеңесi
Премьер-Министр

     
Ескертпе:
     * «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына сәйкес осы кадрлар бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы немесе онымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша оның Әкімшілігі Басшысымен міндетті түрде келісуден өтеді.
     ** кандидатураларды талқылау «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабы 8) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 16 шілдедегі
№ 784 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер  мен өзге де лауазымды адамдарды лауазымға келісу, лауазымға  тағайындау және лауазымнан босату тәртібі туралы қағидалар
     Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - Премьер-Министр) тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды лауазымға тағайындау немесе лауазымнан босату туралы ұсыныстарды - тиісті мемлекеттік органның басшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік қызметшілерін - Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы, өзге де лауазымды адамдарды тиісті ұйымдардың басшылары ұсынылып отырған тағайындау немесе босату себептері мен дәлелдерін, сондай-ақ тиісті лауазымға кандидаттардың біліктілік талаптарына сәйкес келуін көрсете отырып, жазбаша нысанда Премьер-Министрдің қарауына енгізеді.
      Мемлекеттік немесе өзге де лауазымға тағайындау және/немесе тағайындауды келісу үшін ұсынысқа:
     1) кандидат деректерінің тиісті лауазымның біліктілік талаптарына сәйкестігі көрсетілген ұсыныс;
2) қағаз және электрондық тасығышта мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша түрлі-түсті суреті бар қызметтік тізім;
     3) кандидаттың өтініші;
4) жеке куәліктің көшірмесі;
     5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
6) өз қолымен жазылған өмірбаян;
     7) білімі, берілген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы дипломдардың көшірмелері;
8) кандидаттың лауазымға орналасуы үшін арнайы тексеруден өткені туралы анықтама;
     9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнен анықтама;
10) «Б» корпусының орналасатын лауазымына қойылатын белгіленген тәртіппен бекітілген біліктілік талаптарының көшірмесі;
     11) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының орынбасарлары лауазымына тағайындауды келісу кезінде конкурстық комиссия хаттамасының көшірмесі (бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізілген жағдайда).
Мемлекеттік саяси қызметке жататын лауазымға ротациялау шеңберінде тағайындауды келісу рәсіміне қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдерінде, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарында (бұдан әрі - Ротация жүргізу қағидалары) айқындалады.
      Мемлекеттік немесе өзге де лауазымнан босату және/немесе босатуды келісу үшін:
     1) болжамды босатудың нақты себептері мен дәлелдері көрсетілген ұсыныс;
2) мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша түрлі-түсті суреті бар қағаз және электрондық тасығыштағы қызметтік тізім;
     3) мемлекеттік қызметшінің өтініші;
4) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі (қажет болған кезде) ұсынылуы тиіс.
      «A» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне жататын лауазымға ротациялау шеңберінде тағайындауды келісу ресіміне қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ротация жүргізу қағидаларында айқындалады.
      Мемлекеттік немесе өзге де лауазымнан босату және/немесе босатуды келісу үшін:
1) болжамды босатудың нақты себептері мен дәлелдері көрсетілген ұсыныс;
     2) мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша түрлі-түсті суреті бар қызметтік тізім;
3) өтініш ұсынылуға тиіс.
      Ұсынылған материалдар Премьер-Министр Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде тіркеледі және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін Премьер-Министр Кеңсесінің Кадр жұмысы бөліміне (бұдан әрі - Бөлім) дереу беріледі.
      Тексеру жүргізілгеннен кейін ұсынылған құжаттар бір жұмыс күні ішінде Премьер-Министр Кеңсесінің басшысының (бұдан әрі - Кеңсе Басшысы) қарауына беріледі, ол өз кезегінде тағайындауға немесе босатуға кандидаттар туралы Премьер-Министрге жеке баяндайды.
      Мұндай құжаттарды қабылдау бөлмелерінің мамандары және Үкімет пен Премьер-Министр Кеңсесі басшылығының көмекшілері арқылы беруге жол берілмейді.
      2. Тағайындау не атқарып отырған лауазымнан босату ұсынылатын кадрларды Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесінің бөлімдері алдын ала зерделеуі мүмкін. Лауазымға тағайындауды немесе лауазымнан босатуды келісу бойынша ұсынылған материалдарды талдау барысында тағайындалатын немесе босатылатын лауазымды тұлғаның іскерлік және жеке қабілеттері оны Премьер-Министр Кеңсесіне әңгімелесуге шақыру арқылы зерделенеді, қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін.
     Қабылданған шешім туралы мемлекеттік органдарға хабарламаны Бөлім бір күн ішінде жібереді.
3. Премьер-Министрдің келісімін алған жағдайда Бөлім лауазымды тұлғаларды тағайындау немесе босату бойынша Үкімет қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдерін дайындайды.
     Премьер-Министрдің тиісті келісімін алғанға дейін кандидаттарды лауазымға тағайындау немесе лауазымнан босату туралы шешім қабылдауға жол берілмейді.
4. Үкімет тағайындайтын не Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Кеңсе Басшысымен келісу бойынша тағайындалатын кадрлар бойынша келісу нәтижесі ұсынысқа Кеңсе Басшысының қарары түрінде ресімделеді және тиісті орталық атқарушы органға жіберіледі.
      5.  «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі і Президент Әкімшілігі) Басшысымен, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен келісу бойынша тағайындалуы немесе босатылуы тиіс мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдар жөніндегі тиісті орталық атқарушы органның басшысы қол қойған және Бөлімге енгізілген ұсыныстар Кеңсе Басшысында және Премьер-Министрде алдын ала келісілгеннен кейін тағайындауға немесе қызметтен босатуға келісім беру туралы ұсыныс хатпен Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөліміне жолданады. Ол Президент Әкімшілігінде келісуді ұйымдастырады, содан кейін Бөлімге ұсынылып отырған не босатылатын кандидатура жөнінде жауапты хабарлайды.
     Келісу рәсімі аяқталған соң лауазымға тағайындау не лауазымнан босату туралы дайындалған құжаттарды Кеңсе Басшысы Премьер-Министрге қол қоюға енгізеді.
6. Ротация шеңберінде саяси мемлекеттік лауазымға және «A» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметтеріне жатқызылған лауазымға тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ротация жүргізу қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 16 шілдедегі
№ 784 қаулысымен
бекітілген
Бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы немесе онымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі
       Ескерту. Тізімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
     Ескерту. Қаулы тізіммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.11. N 1348; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2015 N 153; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.11.2016 № 696 ; 01.03.2017 № 100; 10.03.2017 № 112; 05.10.2017 № 622; 19.04.2019 № 215; 20.12.2019 № 955; 26.12.2019 № 979 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.09.2020 № 557; 31.12.2020 № 952; 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» AҚ
2.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» AҚ
3.
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» AҚ
4.
«Қазақтелеком» AҚ
5.
«Қазпочта» AҚ
6.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» AҚ
7.
«KEGOC» AҚ
8.
«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» AҚ
9.
«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» AҚ
10.
«Эйр Aстана» AҚ
11.
«Самұрық-Энерго» AҚ
12.
«Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» AҚ
13.
«Қазақстан даму банкі» AҚ
14.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» AҚ
15.
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» AҚ
16.
Aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
17.
Aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.09.2020 № 557 қаулысымен.
18.
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» AҚ
19.
Aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
20.
«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» AҚ
21.
Aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 11.11.2016 № 696 қаулысымен.
22.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» AҚ
23.
Aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 952 қаулысымен.
24.
«Aзық-түлік келісім-шарт корпорациясы» AҚ
25.
Aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
26.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» AҚ
27.
«QazExpoCongress» ҰК» AҚ
28.
«Казгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» AҚ
29.
Aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.12.2019 № 979 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
30.
«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» AҚ
31.
«Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК» AҚ
32.
«СК-Фармация» ЖШС
33.
«Қазтелерадио» AҚ
34.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
35.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
36.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
37.
Aбай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
38.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
39.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
40.
Қазақ ұлттық өнер университеті
41.
Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
42.
С.Д. Aсфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
43.
«KazakhExport» экспортты сақтандыру компаниясы» AҚ
44.
«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» AҚ
45.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеAҚ
46.
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» КеAҚ
47.
«Aзаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеAҚ
48.
«Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd басқарушы компаниясы
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
AҚ - акционерлік қоғам
ҰК - ұлттық компания
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік
КеAҚ - коммерциялық емес акционерлік қоғам