Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның Даму банкі туралы" 2000 жылғы 28 желтоқсандағы N 531 Жарлығын , Қазақстан Республикасының " 2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы " 2000 жылғы 22 желтоқсандағы және " Қазақстанның Даму банкі туралы " 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "Қазақстанның Даму банкі" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) құрылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.15. N 1201 қаулысымен .
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Банктің құрылтай құжаттарына қол қойылуын және әділет органдарында тіркелуін;
2) Банктің құрылтай шартында анықталған мерзімде Банктің жарияланған жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің үлесіне республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ақы төлеуді қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері:
1) үш күн мерзімде Банктің лауазымды тұлғаларын анықтасын және оларға құрылтай құжаттарына қол қоюға өкілеттік берсін;
2) Банктің жарияланған жарғылық капиталындағы өздерінің үлестеріне тиісті жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ақы төлеуді қамтамасыз етсін.
4. күші жойылды
Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.20. N 885 қаулысымен .
5. алынып тасталды
6. алынып тасталды
Ескерту. 5-6-тармақтар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.23. N 1343 қаулысымен.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 18 мамырдағы
N 659 қаулысына
қосымша
"Қазақстанның Даму Банкі" жабық акционерлік қоғамының директорлар кеңесі мүшелерінің және президентінің кандидатуралары
Аманбаев Мұрат Ермұқанұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары;
Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы;
Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi; <*>
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - "Қазақстанның Даму банкі" жабық акционерлік қоғамының президенті.
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.12.19. N 1662 қаулысымен , 2002.12.23. N 1343 қаулысымен .