1. Жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "Қазақстанның Даму банкі" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Банктің құрылтай құжаттарына қол қойылуын және әділет органдарында тіркелуін;
2) Банктің құрылтай шартында анықталған мерзімде Банктің жарияланған жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің үлесіне республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ақы төлеуді қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері:
1) үш күн мерзімде Банктің лауазымды тұлғаларын анықтасын және оларға құрылтай құжаттарына қол қоюға өкілеттік берсін;
2) Банктің жарияланған жарғылық капиталындағы өздерінің үлестеріне тиісті жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ақы төлеуді қамтамасыз етсін.
4. Қосымшаға сәйкес Банк акционерлерінің жалпы жиналысына Банктің директорлар кеңесіне кандидатуралар және президентінің кандидатурасы ұсынылсын.
5. Қаржы министрлігіне Банк акцияларының Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары берілсін.
6. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 217-1-жолмен толықтырылсын: "217-1. "Қазақстанның Даму банкі" ЖАҚ". 7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін. 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 659 қаулысына қосымша "Қазақстанның Даму Банкі" жабық акционерлік қоғамының директорлар кеңесі мүшелерінің және президентінің кандидатуралары Аманбаев Мұрат Ермұқанұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары; Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі; Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрі; Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - "Қазақстанның Даму банкі" жабық акционерлік қоғамының президенті. Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.