Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның Даму банкі туралы" 2000 жылғы 28 желтоқсандағы N 531 Жарлығын , Қазақстан Республикасының " 2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы " 2000 жылғы 22 желтоқсандағы және " Қазақстанның Даму банкі туралы " 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "Қазақстанның Даму банкі" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) құрылсын. <*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.15. N 1201
қаулысымен
.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Банктің құрылтай құжаттарына қол қойылуын және әділет органдарында тіркелуін;
2) Банктің құрылтай шартында анықталған мерзімде Банктің жарияланған жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің үлесіне республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ақы төлеуді қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері:
1) үш күн мерзімде Банктің лауазымды тұлғаларын анықтасын және оларға құрылтай құжаттарына қол қоюға өкілеттік берсін;
2) Банктің жарияланған жарғылық капиталындағы өздерінің үлестеріне тиісті жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ақы төлеуді қамтамасыз етсін.
4. Қосымшаға сәйкес Банк акционерлерінің жалпы жиналысына Банктің директорлар кеңесіне кандидатуралар және президентінің кандидатурасы ұсынылсын.
6. <*>
ЕСКЕРТУ. 5-6-тармақтар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.23. N 1343
қаулысымен.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 18 мамырдағы
N 659 қаулысына
қосымша
"Қазақстанның Даму Банкі" жабық акционерлік қоғамының директорлар кеңесі мүшелерінің және президентінің кандидатуралары
Аманбаев Мұрат Ермұқанұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары;
Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы;
Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi; <*>
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - "Қазақстанның Даму банкі" жабық акционерлік қоғамының президенті.
Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.19. N 1662
қаулысымен
.
Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.23. N 1343
қаулысымен.