"Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 желтоқсан N 1343

      "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегi  Заңының 24-бабына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1.  күші жойылды
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.20. N  885 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына :
      иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 217-1-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне" деген бөлiммен және мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 268-жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне:
      268. "Қазақстанның Даму Банкi" ЖАҚ";
      2) "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы N 659  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 18, 232-құжат):
      5 және 6-тармақтар алынып тасталсын;
      3)  күші жойылды
       Ескерту. 2-тармақтың 3) тармақшасы мен 2) тармақшасының үшiншi, төртiншi, бесiншi абзацтарының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.20. N  885 қаулысымен.
        3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі