Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 16 мамыр N 644. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 520 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2017 № 520 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару жөнінде амал әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мына құрамда құрылсын:

      Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы

      Болат Бидахметұлы министрі, төраға

      Ерғожин - Қазақстан Республикасының

      Дәулет Еділұлы Қаржы вице-министрі,

      төрағаның орынбасары

      Үмбетова - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

      Инесса Тілеутайқызы Үкіметтік қарыздарды тарту

      департаментінің халықаралық

      ынтымақтастық басқармасы еларалық

      қаржылық ынтымақтастық бөлімінің

      бастығы, хатшы

      Әзімова - Қазақстан Республикасы

      Эльвира Әбілқасымқызы Әділет министрлігі Халықаралық

      құқық, мемлекеттің мүліктік

      құқықтарын қорғау, шарттар

      және талап қою-қуыну жұмыстары

      департаментінің директоры

      Солодченко - "ТұранӘлемБанкі" акционерлік

      Роман Владимирович қоғамының басқарма төрағасы

      (келісім бойынша)

      Шварцкопф - Қазақстан Республикасы

      Илона Альбертовна Экономика және бюджеттік

      жоспарлау департаментінің директоры

      Байбағысова - Қазақстан Республикасы Ұлттық

      Айсұлу Сәпиқызы Банкiнiң Халықаралық қатынастар

      басқармасы бастығының орынбасары

      (келiсiм бойынша)

      Әбжанов - "ТұранӘлемБанкі" акционерлік

      Дәулет Көбенұлы қоғамының атқарушы директоры

      (келісім бойынша)

      Әблязова - "ТұранӘлемБанкі" акционерлік

      Ақмарал Насырқызы қоғамы Директорлар кеңесінің

      мүшесі (келісім бойынша)

      Сартбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi

      Медет Мақсұтұлы Төрағасының орынбасары

      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
      2002.04.11. N 416 қаулысымен , 2002.11.08. N 1187 қаулысымен ,
      2003.09.22. N 964 қаулысымен , 2005.05.06. N 434 қаулысымен ,
      2006.09.25. N 908 , 2007.10.12. N 933 , 2008.04.16 N 350
      Қаулыларымен.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 16 мамырдағы
N 644 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару жөніндегі
ведомствоаралық комиссия туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексті , Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн , Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.25. N 908 қаулысымен .

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      3. Комиссияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару амалы жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

      4. Комиссияның функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардан КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттары қалдықтарының сомасын түпкілікті салыстыру мен анықтау туралы есепті қарау және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қабылдауы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      2) мыналар жөнінде ұсыныстар әзірлеу:

      - Ресей Сыртқыэкономбанкінің Қазсыртқыэкономбанкі алдындағы міндеттемелерінің сомасын және Қазсыртқыэкономбанкінің Ресей Сыртқыэкономбанкі алдындағы міндеттемелерінің сомасын айқындау кезінде туындаған бағамдық айырмашылық мәселесін шешу;

      - Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару амалы;

      - Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтаруды қаржыландыру көздерін айқындау.

3. Комиссияның жұмыс тәртібі

      5. Комиссияның органдары:

      1) жұмыс органы;

      2) Комиссияның төрағасы;

      3) төрағаның орынбасары;

      4) хатшы.

      6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауап береді.

      7. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.

      8. Комиссияның хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.

      9. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер оларға Комиссияның қатысқан мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.

      10. Комиссияның мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, оны білдірген жағдайда, жазбаша түрде жазылуы және Комиссия мәжілісінің хаттамасына және есеп-хатына қоса берілуі тиіс.

      11. Комиссия жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктеледі.

      12. Комиссияның жұмыс кестесін Комиссия айқындайды.

      13. Комиссияның мәжілістері нақты проблемалар мен мәселелер бойынша өткізіледі.

      14. Комиссия мәжілістерін өткізу нәтижелері бойынша мәжіліске қатысқан оның мүшелері қол қоятын хаттама жасалады.

      15. Комиссияның әрбір мәжілісінен кейін Премьер-Министрдің Кеңсесіне қаралған мәселелер бойынша ұсыныстармен бірге жұмыс қорытындысы туралы есеп жіберіледі.

4. Комиссия қызметінің тоқтатылуы

      16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссия қызметінің тоқтатылуы үшін негіз болып табылады.