Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 мамырдағы N 644 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 964 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 520 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2017 № 520 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 мамырдағы N 644 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 18, 229-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Досаев - Қазақстан Республикасының Қаржы

      Ерболат Асқарбекұлы министрі, төраға

      Өзбеков - Қазақстан Республикасының Қаржы

      Ғани Нұрмаханбетұлы вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Жәкенов - Қазақстан Республикасының Әділет

      Асқар Серікжанұлы министрлігі мемлекеттің мүліктік

      құқықтарын қорғау, шарттар және талап

      қою-қуыну жұмыстары басқармасының

      бастығы

      мына:

      "Болатбекова - Қазақстан Республикасының Қаржы

      Гүлбағила Қоңырбайқызы министрлігі Еларалық қаржы қатынастары

      басқармасының бастығы, хатшы"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Болатбекова - Қазақстан Республикасы Қаржы

      Гүлбағила Қоңырбайқызы министрлігінің Халықаралық қаржы

      қатынастары департаменті директорының

      орынбасары, хатшы";

      көрсетілген құрамнан Кәрімжанов Зейнолла Халидоллаұлы, Иванов Леонид Александрович, Әкежанов Қуат Балқашұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі