Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 520 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы 31 тамыздағы
№ 520 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 мамырдағы № 644 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 18, 229-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2001 жылғы 16 мамырдағы № 644 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 11 сәуірдегі № 416 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 11, 105-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 16 мамырдағы № 644 қаулысына өзгерістер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 9 қарашадағы № 1187 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 мамырдағы № 644 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі № 964 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 393-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтыру енгізу және кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 434 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 19, 234-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 16 мамырдағы № 644 қаулысына өзгерістер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі № 908 қаулысы.

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 мамырдағы № 644 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2007 жылғы 12 қазандағы № 933 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 38, 433-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 мамырдағы № 644 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 350 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 190-құжат).