Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару жөнінде амал әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мына құрамда құрылсын:
Кәкiмжанов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Зейнолла Халидоллаұлы министрi, төраға
Иванов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Леонид Александрович вице-министрi, төрағаның орынбасары
Болатбекова - Қазақстан Республикасының Қаржы
Гүлбағила Қоңырбайқызы министрлiгi Еларалық қаржы
қатынастары басқармасының бастығы,
хатшы
Байбағысова - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Айсұлу Сәпиқызы Банкiнiң Халықаралық қатынастар
басқармасы бастығының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Әкежанов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Қуат Балқашұлы министрлiгi Мемлекеттiң мүлiктiк
құқықтары, шарттар және талап
қою-қуыну жұмыстары басқармасының
бастығы
Әбжанов - "ТұранӘлем Банкi" ашық акционерлiк
Дәулет Көбенұлы қоғамы Директорлар кеңесiнiң мүшесi
(келiсiм бойынша);
Өтеғұлов - Қазақстан Республикасының
Мәулен Амангелдiұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау
министрлiгi Мемлекеттiк қарыз алуды
және кредит берудi жоспарлау
департаментiнiң директоры
Тәтішев - "ТұранӘлемБанк" ашық
Ержан Нұрелдәйімұлы акционерлік қоғамы басқармасы
төрағасы (келісім бойынша)
Әблязова - "ТұранӘлемБанк" ашық
Ақмарал Насырқызы акционерлік қоғамы басқармасы
төрағасының орынбасары (келісім
бойынша)
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.11. N 416
қаулысымен
.
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.11.08. N 1187
қаулысымен
.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 16 мамырдағы
N 644 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының резиденттері -
жеке және заңды тұлғалардың КСРО
Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған
қаражаттарын қайтару жөніндегі
ведомствоаралық комиссия туралы
Ереже
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексті , "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен
функциялары
3. Комиссияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару амалы жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
4. Комиссияның функциялары:
1) Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардан КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттары қалдықтарының сомасын түпкілікті салыстыру мен анықтау туралы есепті қарау және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қабылдауы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) мыналар жөнінде ұсыныстар әзірлеу:
- Ресей Сыртқыэкономбанкінің Қазсыртқыэкономбанкі алдындағы міндеттемелерінің сомасын және Қазсыртқыэкономбанкінің Ресей Сыртқыэкономбанкі алдындағы міндеттемелерінің сомасын айқындау кезінде туындаған бағамдық айырмашылық мәселесін шешу;
- Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару амалы;
- Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтаруды қаржыландыру көздерін айқындау.
5. Комиссияның органдары:
1) жұмыс органы;
2) Комиссияның төрағасы;
3) төрағаның орынбасары;
4) хатшы.
6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауап береді.
7. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
8. Комиссияның хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.
9. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер оларға Комиссияның қатысқан мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
10. Комиссияның мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, оны білдірген жағдайда, жазбаша түрде жазылуы және Комиссия мәжілісінің хаттамасына және есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
11. Комиссия жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктеледі.
12. Комиссияның жұмыс кестесін Комиссия айқындайды.
13. Комиссияның мәжілістері нақты проблемалар мен мәселелер бойынша өткізіледі.
14. Комиссия мәжілістерін өткізу нәтижелері бойынша мәжіліске қатысқан оның мүшелері қол қоятын хаттама жасалады.
15. Комиссияның әрбір мәжілісінен кейін Премьер-Министрдің Кеңсесіне қаралған мәселелер бойынша ұсыныстармен бірге жұмыс қорытындысы туралы есеп жіберіледі.
4. Комиссия қызметінің тоқтатылуы
16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссия қызметінің тоқтатылуы үшін негіз болып табылады.