1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы iс жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық;
Азаматтардың өтiнiштерiн қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1998 жылғы 14 қазандағы N 195 өкiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап бiр ай өтiсiмен күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қызмет бабында пайдалану үшiн
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 31 қаңтардағы
N 168 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
РҚАО-ның ескертуі. "Қызмет бабында пайдалану үшiн" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.
Қызметтік бабында пайдалану үшiн
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 31 қаңтардағы
N 168 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің
Кеңсесiнде есептеу техникасы құралдарын қолдану
арқылы iс жүргізу жөнiндегi
НҰСҚАУЛЫҚ
РҚАО-ның ескертуі. "Қызмет бабында пайдалану үшiн" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 31 қаңтардағы
N 168 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кеңсесiнде, орталық және жергілiкті атқарушы
органдарда құжаттардың орындалуын
бақылауды ұйымдастыру жөнiндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Yкiметiнiң кесiмдерiн, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн, Президенттiң, Президент Әкiмшiлiгi Басшылығының, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының, оның орынбасарларының тапсырмалары бар құжаттардың және Парламент депутаттарының сауал салуларының (бұдан әрі - бақылаудағы құжаттар) орындалуын бақылауды ұйымдастыруды регламенттейдi.
2. Премьер-Министрдiң Кеңсесi Қазақстан Республикасы Yкiметінің Регламентiне сәйкес бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзiмiн бақылау жөнiнде ұйымдастыру және таңдау жұмысын жүзеге асырады, орындаушылық тәртiбiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне жүйелi түрде хабарлап отырады.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде (бұдан әрі - Кеңсе) бақылау жұмысын үйлестiрудi Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады, ол мынадай құжаттарды:
Президенттiң Үкiметке тапсырма берiлген кесiмдерiн;
Үкiметтiң қаулылары мен хаттамалық шешiмдерiн, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн;
Президенттiң, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының оларда орындалу мерзiмi көрсетiлген, соның iшiнде - "шұғыл" белгiсiмен немесе оны бақылауға алу туралы нұсқау болса, не "баяндалсын", "ұсыныс енгiзiлсiн" және т.б. белгiлерi бар тапсырмаларын;
Парламент депутаттарының сауалдарын бақылауға қояды.
4. Бақылаудағы құжаттар Кеңсе Басшысы бекiткен осы бөлiмшелер мен олардың функционалдық мiндеттерi туралы ережелерге сәйкес немесе Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының (бұдан әрi - Басшылық) тапсырмаларына сәйкес Кеңсенiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне бекiтiп берiледi.
5. Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары осы бөлiмшеге бекiтiлген әрбiр бақылаудағы құжатқа тұтас құжаттың не оның жекелеген тармақтарының орындалуын бақылау оған жүктелетiн бөлiмшенiң қызметкерiн (бұдан әрi - орындаушы) айқындайды.
6. Бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзiмдерiн бақылауды Кеңсенiң бақылаудағы нақты құжаттар оған бекiтiп берiлген құрылымдық бөлiмшесi мен Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң бақылау секторы (бұдан әрi - бақылау секторы) жүзеге асырады.
7. Егер бақылаудағы құжаттарда (Қазақстан Республикасы Президентiнiң кесiмдерi мен тапсырмаларынан басқа) орындалу мерзiмi нақты көрсетiлмесе, онда мұндай құжаттар келiп түскен күнiнен бастап бiр ай мерзiмде, ал "шұғыл" немесе "жеделдетiлсiн" белгiсi болса - он күн мерзiмде орындалады.
Егер Мемлекет басшысының кесiмдерi мен тапсырмаларында нақты орындалу мерзiмi мен орындалуы үшiн жауапты адамдар белгiленбесе, онда орындалу мерзiмi мен орындаушыларды Президент Әкiмшiлiгi белгiлеуi және орындаушыларға жеткiзуi мүмкiн.
Мемлекет басшысының жеке тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзгеше белгiленбесе, екi апта мерзiмде орындалуы тиiс.
8. Егер Басшылық тапсырманы Кеңсенiң бiрнеше құрылымдық бөлiмшесiне берсе, онда орындалуын бақылау және үйлестiру жөнiндегi жұмысты тапсырмада бiрiншi көрсетiлген құрылымдық бөлiмше не оның атауының жанында "(шақыру)" белгiсi бар бөлiмше жүзеге асырады.
9. Егер бақылаудағы құжаттарда Кеңсенiң бiрнеше құрылымдық бөлiмшесiнiң құзыретiне жататын тапсырма болса, онда құжаттың орындалуын тұтас бақылау бекiтiлген құрылымдық бөлiмше үш күндiк мерзiмде нақты тармақтарын орындау бекiтiлетiн Кеңсенiң басқа құрылымдық бөлiмшелерiмен (әрбiр тармақ бойынша Кеңсенiң нақты құрылымдық бөлiмшесiндегi орындаушы мен орындау күнi көрсетiледi) келiседi және жасайды, оны Кеңсе Басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы адам бекiтедi. Бекiтiлген бекiменiң көшiрмелерi iске қосылған құрылымдық бөлiмшелер мен бақылау секторына жiберiледi.
10. Орындаушы Президенттiң және Yкiметтің бақылауға алынған әрбiр кесiмiне, Премьер-Министрдiң өкiмiне жинақтаушы папка (ic) ашады, және тiркеу-бақылау кәртiшкесiн толтырады.
Жинақтаушы папкалардағы құжаттар мынадай тәртiппен топталады:
бақылаудағы кесiмнiң (қаулының, өкiмнiң) көшiрмесi;
құжатты бақылаудан алу туралы анықтама;
бақылаудағы құжаттың және оның жекелеген тармақтарының орындалу барысы туралы ақпарат пен басқа да құжаттар (хронологиялық тәртiппен орналастырылады).
Президенттiң кесiмдерiн, Үкiметтiң қаулыларын, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн орындау жөнiндегi құжаттар бар iстер көшiрiлуi және олар толық шешiлiп, бақылаудан алынғанға дейiн Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнде сақталуы мүмкiн, одан кейiн мұрағатқа тапсырылады.
11. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан келiп түскен құжаттардың бақылаудағы тармақтарының орындалуы туралы жауаптар мен есептер Кеңсенiң бақылау секторына және тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне жiберiледi.
Егер орталық немесе жергiлiктi атқарушы органдар бақылаудағы құжаттың орындалуы туралы жауаптарды (есептердi) белгiленген мерзiмде немесе толық көлемде тапсырмаса, онда нақты құжаттың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын Кеңсенiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесi мемлекеттік органдар үшiн белгiленген мерзiм өткеннен кейiн орындалу мерзiмiнiң бұзылу себептерi туралы Басшылыққа хабарлауға және осы бақылаудағы құжаттың одан әрi орындалуы жөнiнде ұсыныс енгiзуге тиiс.
12. Құжаттың, соның iшiнде құпиялық та, әрбiр бақылаудағы тармағы бойынша орталық және/немесе жергiлiктi атқарушы органдардың жауабы/немесе есебi алынғаннан кейiн Кеңседегi бақылауына жауапты орындаушы сараптама жүргiзедi және қажет болған жағдайда, нақты тұжырымдарымен және ұсыныстарымен орындалуының сапасы мен толықтығы туралы қорытынды әзiрлейдi. Сараптама жүргiзудiң мерзiмi Кеңседе тiркелген күнiнен бастап бес күннен, ал заң жобалары үшiн - он күннен аспауы тиiс.
Келiп түскен ақпараттың негізiнде және сараптаманың қорытындыларына қарай орындаушы орындалу мерзiмi аяқталғанға дейiн үш күннен кешiктiрмей Басшылыққа:
1) Президенттiң кесiмдерi мен тапсырмалары бойынша - оларды бақылаудан алу туралы не орындау мерзiмiн ұзарту туралы, не құжаттарды Үкiметтiң және/немесе Премьер-Министр Кеңсесiнiң жұмыс бабындағы бақылауына көшiру туралы Үкiметтiң Басшылығы немесе Кеңсесiнiң Басшысы (ол болмаса - оның мiндетiн атқарушы адамның) атынан Президенттiң Әкiмшiлiгiне белгiленген тәртiппен әзiрленiп, негізделген хат жобасын;
2) үкiметтiк шешiмдер, хаттамалық шешiмдер және Басшылықтың тапсырмалары бойынша - оларды бақылаудан алу, орындау мерзiмiн ұзарту немесе Кеңсенiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң жұмыс бабындағы бақылауына көшiру үшiн жазба және/немесе Басшылықтың тиiстi қарарының жобасын әзiрлеп, ұсынады.
Көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерi оларға Басшылық қол қойғаннан кейiн мiндеттi түрде бақылау секторына тапсырылады.
13. Оларға Басшылықтың қарарлары бар, орындалу мерзiмi көрсетiлген құжаттарды, соның iшiнде "шұғыл" немесе "жеделдетiлсiн" белгiсiмен, не оны бақылауға қою туралы нұсқау болса немесе "баяндалсын", "ұсыныс енгiзiлсiн" және т.с.с. белгiлерi бар құжаттар адресаттарға жiберiлуден бұрын мiндеттi түрде бақылау секторына тапсырылады да, ол құжатқа "БАҚЫЛАУҒА" немесе "БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ" мөртабанын қояды да, одан кейiн құжаттар нысанасына қарай жiберу үшiн қызметтiк хат-хабар секторына тапсырылады.
14. Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Кеңсе Басшысында және оның орынбасарларында болып өткен кеңестердің хаттамаларының жекелеген тармақтарын бақылауға қоюды хаттаманы әзiрлеген орындаушының нұсқауы бойынша бақылау секторы жүзеге асырады.
15. Басшылықтың аймақтар әкiмдерiне берген тапсырмаларының орындалуын бақылауды Аймақтық даму бөлiмi жүзеге асырады.
16. Құпия құжаттардың орындалу мерзiмдерiн бақылауды Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң құпиялы iс жүргiзу секторы жүзеге асырады.
17. Басшылықтың азаматтардың хаттары мен өтiнiштерi бойынша тапсырмаларының мерзiмдерiн бақылауды Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң азаматтардың хаттары мен қабылдау секторы жүзеге асырады.
18. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi Кеңсенiң Басшысымен келiсiм бойынша осы Нұсқаулықтың орындалуына тексеру жүргiзуге және бұзылуы анықталған фактiлер туралы шешiм қабылдау үшiн Басшылыққа баяндауға құқылы.
19. Бақылаудағы құжаттардың уақытылы әрi сапалы орындалуына, заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларының әзiрленуiне, олардың Қазақстан Республикасының Президентi мен Премьер-Министрдiң қарауына ұсынылуы үшiн жауапкершiлiк орталық атқарушы органдардың бiрiншi басшыларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне жүктеледi. Бұл ретте, көрсетiлген органдардың басшылары бақылау жұмысын ұйымдастыруға жауапты бөлiмшелер мен лауазымды адамдарды белгiлейдi.
20. Тапсырмаларды бiрнеше мемлекеттiк орган орындаған жағдайда атауының жанында "(шақыру)" белгiсi бар орган жауапты болып табылады. Ол қосарлы орындаушылармен келiскеннен кейiн ғана орындау мерзiмiн ауыстыру туралы ұсыныс енгiзуге құқылы. Бұл ретте, қосарлы орындаушылар оған шақыру бекiтiлген жауапты органға орындау мерзiмi аяқталудан 3 күн бұрын өз ұсыныстарын енгiзедi.
Ал, тапсырмада жауапты орындаушы белгiленбеген жағдайда, яғни "(шақыру)" белгісi болмаса, тапсырмада аталған барлық органдар тапсырма берушiге өз жауаптарын жiбередi.
21. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу және орындалу мерзiмiн ұзарту Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi мен осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
22. Президенттiң кесiмдерi мен Үкiметтiң шешiмдерiнiң орындалуы үшiн жауапты орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, егер көрсетiлген кесiмдер мен тапсырмаларда өзге мерзiмдер белгіленбесе, олар алынғаннан немесе ресми басылымдарда жарияланғаннан кейiн үш күн мерзiмнен кешiктiрмей оларды iске асыру жөнiнде өз шешiмдерiн қабылдайды.
23. Мемлекет басшысының жеке тапсырмаларын барлық мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар, егер Мемлекет басшысы немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi өзгеше белгiлемесе, екi апта мерзiмнен асырмай орындауы тиiс.
Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгi Басшылығының бақылаудағы тапсырмаларын орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Мемлекет басшысының және/немесе Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгінiң Басшылығы шешiм қабылдаған күннен бастап 25 күндiк мерзiмде орындайды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, оның орынбасарларының және Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының қарарлары бар Парламент депутаттарының сауалдарына жауап, сауал Кеңседе тiркелген күннен бастап, Кеңсеге 25 күндiк мерзiмде ұсынылады.
Қалған құжаттар оларда не оларға тапсырмаларда көрсетiлген мерзiмдерде, ал нақты мерзiмi болмаса, бiр айлық мерзiмде орындалады. Мәтiнiнде "шұғыл" немесе "жеделдетiлсiн" белгiсi бар тапсырмалар 10 күн iшiнде орындалады, Yкiмет шешiмдерiнiң жобаларын қосымша келiсу жағдайларынан басқа, орталық атқарушы органдарда оларды келiсу мерзiмi үш күннен аспауы тиiс.
24. Бақылаудағы құжаттардың орындалуы туралы есептер бар, Кеңсеге жiберiлетiн хаттарда мiндеттi түрде құжаттың нақты тармағы көрсетiлiп, (егер бар болса) тiркеу нөмiрiне (Кеңсенiң шығыс нөмiрi) сiлтеме болуы тиiс.
25. Орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Премьер-Министрдiң Кеңсесiне:
1) есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне атқарушылық тәртiп және бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзiмдерiнiң бұзылуына кiнәлі нақты лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнiнде қолданылған шаралар туралы ақпаратты;
2) бақылаудағы құжаттарды орындауға белгiленген мерзiм аяқталғаннан кейiн әрбiр бақылаудағы құжаттың немесе оның нақты тармағының нақты орындалуы немесе орындалмауы туралы ақпаратты ұсынады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 31 қаңтардағы
N 168 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентiнің "Азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2340 заң күшi бар
Жарлығына
сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне (бұдан әрi - Кеңсе) келiп түскен азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын және шағымдарын қарау тәртiбiн реттейді.
2. Осы Нұсқаулықтың сақталуын бақылауды Кеңсенiң Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады.
3. Азаматтардың келiп түскен өтiнiштерi олар Кеңсеге келiп түскен күнi белгiленген нысандағы есеп кәртiшкесi (1-қосымша) бойынша Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң хат және азаматтарды қабылдау секторында (бұдан әрi - хат және азаматтарды қабылдау секторы) тiркеледi. Өтiнiштiң бiрiншi бетiне: жеке өтiнiштер үшiн - автордың тегiнiң бастапқы әріпі мен өтiнiштiң реттiк нөмiрiнен (мысалы: А-1780), ұжымдық өтiнiштер үшiн - К/Е индексiнен, нөмiрi мен күнiнен тұратын тiркеу индексi көрсетiлетiн мөртабан қойылады. Күнiн көрсету мынадай ретпен жүргiзiледi: күнi, айы, жылы (мысалы, 01.01.2000 ж.). Тiркеу индексi бiр мезгiлде кiрiстiк әрi шығыстық болып табылады және өтiнiштер бойынша барлық жауап осы нөмiрмен тiркеледi. Осыдан кейiн хаттың сипатына қарай коды қойылады. Одан әрi хатқа, қисынды қысқа болуы, ұсыныстың, өтiнiштiң не шағымның мазмұнын көрсетуi тиiс аннотация жасалады. Бұл ретте есеп кәртішкесiндегi жазба хатты қарауға жолдаудың тиесiлiлiгін негiздеуi қажет.
4. Хат және азаматтарды қабылдау секторында Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының (бұдан әрі - депутаттар) қоса азаматтардың хаттары тiркелiп, оларды қарау туралы өтінімi бар жазбаша өтініштерi ғана тiркеледi.
5. Егер бiрiншi хатты тiркеген уақыттан бастап заңнамада белгіленген қарау мерзiмi аяқталса немесе өтiнiш беруші өзiнiң хаты бойынша шешiм қабылданғанмен келiспесе, сол адамнан сол бiр мәселе бойынша келiп түскен хат қайталама болып саналады. Сол автордың әр түрлi мәселелер бойынша хаттары бастапқы болып саналады.
Олар бойынша авторға толымды жауап берiлген сол бiр мәселе бойынша көп мәрте келген хаттар қайталама болып саналмайды және қаралмайды.
Автор күнтiзбелiк бiр жылдың iшiнде сол бір мәселенi қоятын қайталама өтiнiштерге "екiншi", "үшiнші" деп және одан әрi көрсетiле отырып, бастапқы өтiнiштiң тiркеу нөмiрi қойылады, ал "қайталама" деген белгісi бар есеп кәртiшкесi бастапқысы мен бiрге ағымдағы жылдың картотекасына орналастырылады. Қайталама өтiнiштерге оның алдындағы өтiнiштердi қарау материалдары қосып қойылады.
Кеңсенiң хат және азаматтарды қабылдау секторында немесе құрылымдық бөлiмшелерiнде толымды жауаптары бар бұрын қаралған қайталама хаттар қосымша қарауға жатпайды, өтiнiш берушiге бес күндiк мерзiмде бұл туралы хабарланады.
6. Хаттар мазмұнына қарай Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына немесе оның орынбасарларына (бұдан әрi - Басшылық) баяндалады немесе хат және азаматтарды қабылдау секторы алдын ала қарау және Басшылық қарарын дайындау үшiн Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiне бередi не олардың құзыретiне сәйкес орталық және жергiлiктi атқарушы және өзге да органдардың атына жолдайды.
Азаматтар хаттарын Кеңсенiң бір құрылымдық бөлiмшесiнен екiншiсiне беру тек олардың басшыларының келісімі бойынша есеп кәртiшкесiнде тиiстi белгi жасалып, хат және азаматтарды қабылдау секторы арқылы жүргізіледі.
7. Азаматтардың өтiніштерi орталық және жергiлiктi атқарушы және өзге де органдардың атына олар құзыретіне сәйкес қарауы үшiн Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушiсi немесе оның орынбасары қол қойған iлеспе хатпен бірге дереу жiберiледi.
8. Азаматтардың хаттары Басшылықтың оларға тапсырмаларымен бiрге тиiстi орындаушылардың мекен-жайына жiберiлер алдында хат пен тапсырмалардың түпнұсқалары хат және азаматтарды қабылдау секторына берiледi, ал қажет болған жағдайда оларды бақылауға алады.
Хат және азаматтарды қабылдау секторы Басшылықтың азаматтардың хаттарына Кеңсеге жауап ұсынуды талап ететiн "баяндалсын", "хабарласын" деген және басқа да нақты мерзiмдерi көрсетілген белгісi бар тапсырмаларын бақылауға алады, бұл ретте хаттар мен кәртiшкелерге "БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ ("Взято на контроль") және "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жауаппен бiрге қайтарылуға жатады" ("Подлежит возврату в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан вместе с ответом") деген мөртабандар қойылады.
9. Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiне жiберiлген хаттардың орындалуын бақылау олардың басшыларына жүктеледi.
Егер хатты қарау Кеңсенiң бiрнеше құрылымдық бөлiмшелерiне тапсырылса, онда қарарда бiрiншi көрсетiлген не атауының тұсында "(шақыру)" деген белгi тұрған бөлiмше орындалуын бақылау үшiн жауапты болып табылады.
10. Басшылық нұсқауы бойынша хатты қарау мерзiмi ұзартылған жағдайда, ол қосымша бақылауға алынады, хат есеп кәртiшкесiнiң тыс жағына хат және азаматтарды қабылдау секторы бұл туралы белгi қояды және компьютерлік дерекқорға тиiстi түзету енгiзiледi.
11. Азаматтар хаттарына Басшылық тапсырмаларын орындауға бiр айдан аспайтын, ал қосымша зерделеудi және тексерудi қажет етпейтiндерiне - 15 күннен аспайтын мерзiм белгiленедi және олар Кеңседе тiркелген күннен бастап есептеледi.
Егер хатқа жауапта азаматтар өтiнiштерiнде қойылған мәселелердi iс жүзiнде шешу жөнiнде қабылданған шаралар туралы деректер болмаса, оны қарау аяқталды деп есептеуге болмайды.
12. Хатты бақылаудан, әдетте, оның тапсырмасы бойынша қаралған лауазымды тұлғаның өзi алады. Бұл ретте Басшылықтың тиiстi қарары хатты бақылаудан алу үшiн негiздеме болып табылады.
Бақылаудағы хаттарға жауаптар түскен кезде Кеңсенiң олардың орындалуы үшiн жауапты құрылымдық бөлiмшелерi азаматтардың хаттарында қойылған мәселелердi шешудiң сапасы мен толықтығына сараптама жүргiзедi және Басшылыққа қараудың нәтижелерi туралы бақылаудан алу, орындау мерзiмiн ұзарту немесе басқа да iс-әрекеттер туралы ұсыныспен бiрге баяндайды. Азаматтардың бақылаудан алынған хаттары бойынша Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiндегi орындаушылар есеп кәртішкесiндегi тиiстi бағанды толтырады, одан кейiн хаттар мен оларға материалдар құрылымдық бөлiмшенiң ағымдағы мұрағатына есеп кәртішкелерiмен бiрге тапсырылады.
13. Азаматтардың қойылған қолы жоқ, өтiнiш берушінің тегi көрсетілмеген немесе анық көрсетiлмеген және өтiнiш берушінің тұратын жерi туралы не оның жұмысы немесе өзге тұрғыда айналысатын қызметi туралы деректерi жоқ жазбаша өтiнiштер бүркеншiк деп танылады. Бүркеншiк хаттар, әдетте, қарауға жатпайды.
14. Күнтiзбелiк жылдың аяқталуы бойынша азаматтардың қаралған хаттары мен оларға барлық материал iске түзiледi және мұрағатқа тапсырылады.
Бүркеншiк өтiнiштер хат және азаматтарды қабылдау секторында бiр жыл сақталады, одан кейiн кесiм бойынша жойылады.
15. Азаматтардың хаттары мен оларға қатысты материалдар мұрағаттан Кеңсе қызметкерлерiне Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi меңгерушiсiнiң немесе оның орынбасарының рұқсатымен ғана берiледі.
16. Азаматтарды қабылдауды хат және азаматтарды қабылдау секторы дайындап, Кеңсе Басшысы бекiткен кестеге сәйкес Аймақтық даму және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң бас инспекторлары Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесiнде жүргізедi. Қабылдау кестесi Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесiнің кiреберiсiнде ақпараттық қабырғаға iлiнедi.
Азаматтарды қабылдаудың есебi өтiнiш берушінің тегі, аты, әкесiнің аты, жұмыс орны, лауазымы, мекен-жайы, өтiнiштiң, тапсырманың және қарау нәтижелерiнің қысқаша мазмұны көрсетiле отырып, кәртішкелер (2-қосымша) бойынша жүргiзiледi.
Егер өтiнiш немесе шағым қабылдау кезiнде шешiлмесе, онда азаматтар көтерiп отырған мәселелер жазбаша түрде баяндалады және онымен азаматтардың хаттарымен секiлдi одан әрi жұмыс жүргiзiледi.
17. Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесiнде Үкiмет мүшелерiнің, азаматтарды жеке қабылдауы "Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарында азаматтарды қабылдаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 27 қаңтардағы N 58
қаулысына
және осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Хат және азаматтарды қабылдау секторы тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi бекiтетiн Үкiмет мүшелерiнiң (Премьер-Министрдi, оның орынбасарларын және Кеңсе Басшысын қоспағанда) азаматтарды қабылдау кестесiн жасайды. Үкiмет мүшелерінің азаматтарды қабылдау кестесi ол бекiтiлгеннен кейiн республикалық баспасөзде жарияланады және Кеңсенiң Азаматтарды қабылдау бөлмесiнiң кiреберiсiне iлiнедi, азаматтарды қабылдау апта сайын сәрсенбi күнi сағат 10.00-ден 13.00-ге дейiн жүргiзiледi.
18. Үкiмет мүшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Президентiне тiкелей бағыныстағы және есеп беретiн мемлекеттiк органдар және өзге де органдар басшыларының, Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының, оның орынбасарларының және Кеңсе құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының Алматы қаласының әкiмi аппаратының ғимаратында азаматтарды қабылдауы Премьер-Министр бекiткен бөлек кесте бойынша жүзеге асырылады. Азаматтарды Алматы қаласындағы көрсетiлген қабылдауға дайындық іс-шараларын жүргiзу және оған Кеңсе қызметкерлерiнiң қатысуы Кеңсе Басшысының әрбiр нақты жағдайдағы нұсқауына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Азаматтарды Үкiмет мүшелерінің жеке қабылдауына алдын ала жазуды және қабылдауға мәселелердi алдын ала пысықтауды хат және азаматтарды қабылдау секторы қызметкерлерi жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, сенбi күндерi сағат 9.30-дан 13.00-гe дейiн жүзеге acырады.
Үкiмет мүшелерiнiң қабылдауына алдын ала жазылу кезiнде әрбiр өтiнiшке хат және азаматтарды қабылдау секторы қызметкерлерi белгiленген үлгiдегi азаматтарды қабылдау кәртiшкесiн (3-қосымша) ресiмдейдi.
Алдын ала жазу кезiнде де Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесiне азаматтардың ауызша немесе жазбаша өтiнiшпен келуiнiң мәртелiк ретi анықталады, қайталама өтiнiш кезiнде осы өтiнiш берушi жөнiнде бар барлық материал (осының алдындағы жазба, қабылдау кәртішкесі, өтiнiштiң көшiрмесi) туралы жазба жасалады.
Азаматтарды Үкiметтің нақты мүшесi қабылдайтын күнге екi күн қалғанда хат және азаматтарды қабылдау секторы азаматтың жазбаша өтiнiшiнiң түпнұсқасын, ресімделген есеп кәртiшкесiн, хатқа қоса берiлетiн басқа да құжаттарды кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауды жүргiзетiн Үкімет мүшесiне жолдайды.
Үкiмет мүшесi азаматтарды қабылдауды аяқтағаннан кейiн оның хатшылығы (департамент, қабылдау бөлмесi) қажет болған жағдайда азаматтардың өтiнiштерi бойынша тапсырмалардың жобаларын жасайды және оған қол қоюға бередi. Азаматтарды қабылдау мен олардың өтiнiштерін қарау нәтижелерiн хатшылық (департамент, қабылдау бөлмесi) 10 күндiк мерзiмде хат және азаматтарды қабылдау секторына жеткiзедi.
20. Үкімет мүшесi азаматтарды қабылдауды аяқтағаннан кейiн азаматтардың өтініштерi мен оған байланысты материалдарды Кеңсенің хат және азаматтарды қабылдау секторы өңдейдi және есепке алады. Өткiзiлген қабылдау туралы есептік деректердi сектордың маманы компьютерлiк дерекқорына енгiзедi.
21. Орталық және жергілікті атқарушы органдар басшылары, олардың орынбасарлары "Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда азаматтарды қабылдаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 қаңтардағы N 58 қаулысы мен Премьер-Министр тоқсан сайын бекiтетiн кестелерге сәйкес өздерi басқаратын мемлекеттiк органдарда аптасына екі рет азаматтарды тiкелей жеке қабылдауды ұйымдастырады және жүргізедi.
22. Қосымша тексерулер жүргізу қажет жағдайларда азаматтар өтініштерiн қараудың белгіленген мерзiмдерiн азаматтарды қабылдауды жүргізушi адам ұзартуы мүмкiн, ол туралы өтінiш берушіге хабарланады. Азаматтардың жеке қабылдау кезiнде келiп түскен ауызша және жазбаша өтiнiштерiн, қойылған мәселелердiң мәнi бойынша қарау барысын басшылары нақты азаматты қабылдауды жүргiзген мемлекеттiк органдар бақылайды.
23. Азаматтардың хаттары мен өтiнiштерiн қарау мерзiмдерiн және Басшылықтың оларға тапсырмаларының орындалуын бақылауды Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады.
Азаматтардың өтiнiштерiн қарау
және олардың орындалуын бақылау
тәртiбi туралы нұсқаулыққа
1-қосымша
(кәртiшкенiң бет жағы)
КЕЛГЕН ХАТТАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КӘРТІШКЕСI
|
Өтінiш берушiнiң Тiркеу Тiркелген
Хаттың сипатының коды |
Хаттың қысқаша аннотациясы
Өтiнiш
Ұсыныс, өтiнiш, шағым, үн қосу, сұрау салу.
Орындаушының шифрi. Қарар. |
(кәртiшкенiң сырт жағы)
Күні |
Хатты кiм жолдады, кiмге |
Қолхат |
Сақтау: iс/том
|
Азаматтардың өтiнiштерiн қарау
және олардың орындалуын бақылау
тәртiбi туралы нұсқаулыққа
2-қосымша
(кәртiшкенiң бет жағы)
КЕЛУШIЛЕРДI ҚАБЫЛДАУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КӘРТIШКЕСI
N________ 200 жылғы "___"____________________
Өтінiш иесiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты ________________________
Өтiнiш иесiнiң жұмыс орны және атқаратын қызметi ______________
Тұратын мекен-жайы ____________________________________________
Өтiнiштiң қысқаша мазмұны _____________________________________
Қабылдау жүргiзушiнiң тегi ____________________________________
|
(кәртiшкенiң сырт жағы)
Кiмге және не тапсырылды, күнi ________________________________
Өтініш қараудың нәтижелерi ____________________________________
Қашан және кiм жауап қайтарды _________________________________
|
Азаматтардың өтiнiштерiн қарау
және олардың орындалуын бақылау
тәртiбi туралы нұсқаулыққа
3-қосымша
(кәртiшкенiң бет жағы)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI МҮШЕЛЕРIНIҢ
N________ 200 жылғы "___"____________________
Өтiніш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты ______________________
Өтiнiш берушінің жұмыс орны және атқаратын қызметi ____________
Тұратын мекен-жайы мен телефон N ______________________________
Мәселенiң қысқаша мазмұны _____________________________________
Қабылдауды жүргізушiнiң қызметi, тегі, аты, әкесiнiң аты ______
|
(кәртiшкенiң сырт жағы)
Қабылдауға жазылатын адамның тегi, аты, әкесiнiң аты және _____
Қазақстан Республикасының Үкiметi мүшесiнiң қабылдау күнi _____
Өтінiштi қараудың нәтижелерi __________________________________
|
Ескертпе.
Кәртiшке екi данада жасалады, оның бipeуi Қазақстан
Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң iсiнде қалдырылады, ал
екiншiсi азаматтарды қабылдауды өткiзушінің қарауына берiледi.
Кәртішке қараудан кейiн қараудың нәтижесiмен бiрге Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне қайтарылады.