Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 Қаулысы

Жаңартылған

       Мазмұны

      1. "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168  қаулысы

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде іс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық

      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулық

      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулық

      5. Азаматтардың өтiнiштерiн қарау және олардың орындалуын бақылау тәртiбi туралы нұсқаулық

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса берiлiп отырған:
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы iс жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
      Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.28. N  643 , 2007.05.14. N  382  қаулыларымен.

        1-1. Көрсетiлген нұсқаулықтардың талаптары оларға қатысты бөлiгiнде барлық мемлекеттiк органдар үшiн мiндеттi деп белгiленсiн.
       Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N  1300  (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1998 жылғы 14 қазандағы N 195  өкiмiнiң  күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап бiр ай өтiсiмен күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

  Қызмет бабында пайдалану үшiн   

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
2001 жылғы 31 қаңтардағы    
N 168 қаулысымен       
БЕКIТIЛГЕН          

  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

       РҚАО-ның ескертуі. "Қызмет бабында пайдалану үшiн" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.
      Ескерту. Нұсқаулыққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N  1300  (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.04.14.  N 358  қаулыларымен.

Қызметтік бабында пайдалану үшiн  

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
2001 жылғы 31 қаңтардағы    
N 168 қаулысымен       
БЕКIТIЛГЕН          

  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің
Кеңсесiнде есептеу техникасы құралдарын қолдану
арқылы iс жүргізу жөнiндегi
НҰСҚАУЛЫҚ

       РҚАО-ның ескертуі. "Қызмет бабында пайдалану үшiн" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.
      Ескерту. Нұсқаулыққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N  1300  (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен. 

      Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
2001 жылғы 31 қаңтардағы    
N 168 қаулысымен       
БЕКIТIЛГЕН          

  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кеңсесiнде, орталық және жергілiкті атқарушы
органдарда құжаттардың орындалуын
бақылауды ұйымдастыру жөнiндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

  1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесiнде

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Yкiметiнiң кесiмдерiн, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн, Президенттiң, Президент Әкiмшiлiгi Басшылығының, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының, оның орынбасарларының тапсырмалары бар құжаттардың және Парламент депутаттарының сауал салуларының, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру туралы өтiнiшпен Парламент Палаталары хаттарының орындалуын бақылауды ұйымдастыруды регламенттейдi.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N  1300  (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      2. Премьер-Министрдiң Кеңсесi Қазақстан Республикасы Yкiметінің Регламентiне сәйкес бақылаудағы құжаттардың орындалуын бақылау жөнiнде ұйымдастыру және таңдау жұмысын жүзеге асырады, орындаушылық тәртiбiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне жүйелi түрде хабарлап отырады.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N  1300  (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде (бұдан әрi - Кеңсе) бақылау жұмысын үйлестiрудi Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады, ол мынадай құжаттарды (бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар) бақылауға алады:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Үкiметке немесе оның басшылығына тапсырма беретiн кесiмдерiн;
      2) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсырмалары бар Үкiметтiң қаулыларын, Үкiмет мәжiлiстерiнiң хаттамаларын, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн;
      3) Президенттiң Үкiметке немесе оның басшылығына, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Президент Әкiмшiлiгi басшылығының және Кеңсе Басшысының не оны алмастыратын адамның орындалу мерзiмдерi көрсетiлген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулары, "шұғыл", "баяндалсын", "ұсыныстар енгiзiлсiн" деген белгiлерi бар тапсырмалары (соның ішінде мәжілiстер хаттамалары мен iс-шаралар жоспарларында қамтылған), сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттiгi туындайтын тапсырмаларды;
      4) Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру өтiнiшiмен Парламент Палаталарының хаттарын.
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N  1300  (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      4. Бақылаудағы құжаттар олардың орындалуын бақылау үшiн Кеңсе Басшысы бекiткен осы бөлiмшелер мен олардың функционалдық мiндеттерi туралы ережелерге сәйкес немесе Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының (бұдан әрi - Басшылық) тапсырмаларына сәйкес Кеңсенiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне бекiтiп берiледi.
      Қандай да болмасын iс-шаралар жоспарын бекiтетiн Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң орындалуын бақылау, тұтастай алғанда, осы қаулыны немесе өкiмдi орындаушыға (қаулы немесе өкiм жобасының Кеңседе өтуi үшiн жауап беретiн Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшесiне) жүктеледi.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.14.  N 358  қаулысымен.

      5. Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары осы бөлiмшеге бекiтiлген әрбiр бақылаудағы құжатқа тұтас құжаттың не оның жекелеген тармақтарының орындалуын бақылау оған жүктелетiн бөлiмшенiң қызметкерiн (бұдан әрi - орындаушы) айқындайды.

      6. Бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзiмдерiн бақылауды Кеңсенiң бақылаудағы нақты құжаттар оған бекiтiп берiлген құрылымдық бөлiмшесi мен Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң бақылау секторы (бұдан әрi - бақылау секторы) жүзеге асырады.

      7. Егер бақылаудағы құжаттарда (Қазақстан Республикасы Президентiнiң кесiмдерi мен тапсырмаларынан басқа) орындалу мерзiмi нақты көрсетiлмесе, онда мұндай құжаттар тапсырма берілген күнiнен бастап бiр ай мерзiмде, ал "шұғыл" немесе "жеделдетiлсiн" белгiсi болса - он күн мерзiмде орындалады.
      Егер Мемлекет басшысының кесiмдерi мен тапсырмаларында нақты орындалу мерзiмi мен орындалуы үшiн жауапты адамдар белгiленбесе, онда орындалу мерзiмi мен орындаушыларды Президент Әкiмшiлiгi белгiлеуi және орындаушыларға жеткiзуi мүмкiн.
      Мемлекет басшысының жеке тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзгеше белгiленбесе, тапсырма берiлген күннен бастап екi апта мерзiмде орындалуы тиiс.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.14.  N 358  қаулысымен.

      8. Егер Басшылық тапсырманы Кеңсенiң бiрнеше құрылымдық бөлiмшесiне берсе, онда орындалуын бақылау және үйлестiру жөнiндегi жұмысты тапсырмада бiрiншi көрсетiлген құрылымдық бөлiмше не оның атауының жанында "(шақыру)" белгiсi бар бөлiмше жүзеге асырады. Құрылымдық бөлiмшелер - тапсырмаларды бiрге орындаушылар жинақтауды жүзеге асыратын бөлiмшеге өз ұсыныстарын тапсырманың белгіленген орындалу мерзiмi өткенге дейiн бiр күннен кешiктiрмей енгiзедi.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N  1300  (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      9. Егер бақылаудағы құжаттарда Кеңсенiң бiрнеше құрылымдық бөлiмшесiнiң құзыретiне жататын тапсырма болса, онда құжаттың орындалуын тұтас бақылау бекiтiлген құрылымдық бөлiмше үш күндiк мерзiмде нақты тармақтарын орындау бекiтiлетiн Кеңсенiң басқа құрылымдық бөлiмшелерiмен (әрбiр тармақ бойынша Кеңсенiң нақты құрылымдық бөлiмшесiндегi орындаушы мен орындау күнi көрсетiледi) келiседi және жасайды, оны Кеңсе Басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы адам бекiтедi. Бекiтiлген бекiменiң көшiрмелерi iске қосылған құрылымдық бөлiмшелерге, қызметтiк хат-хабар секторына  және бақылау секторына жiберiледi.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.14.  N 358  қаулысымен.

      9-1. Бақылау секторы Үкiмет Регламентiнде көзделген әр түрлi iс-шаралар жоспарларын бекiтудi көздейтiн енгiзілетiн Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын тiркеу алдындағы тексеру барысында жобалардың мәтiндерiнде және iс-шаралар жоспарларында келiспеушілiктердi, оның iшiнде негiзделмеген орындау мерзiмiн, аяқталу нысанының дұрыс еместiгiн және орындаушыларды дұрыс белгілемеудi анықтаған кезде бұл жобалар әзiрлеушiге тiркеусiз қайтарылады.
      Кеңседе тiркелген көрсетілген жобалар Басшылықтың қарауына енгiзілгенге дейiн бақылау секторымен келiсілуге (бұрыштама соғылуға) тиiс. Басшылық кеңесшілерiне (көмекшiлерiне) және қабылдау бөлмелерiнiң аға мамандарына мұндай жобаларды бақылау секторының келiсiмiнсiз (бұрыштамасынсыз) қабылдауға тыйым салынады.
       Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.14.  N 358  қаулысымен.

      10. Орындаушы Президенттiң және Yкiметтің бақылауға алынған әрбiр кесiмiне, Премьер-Министрдiң өкiмiне жинақтаушы папка (ic) ашады, және тiркеу-бақылау кәртiшкесiн толтырады.
      Жинақтаушы папкалардағы құжаттар мынадай тәртiппен топталады:
      бақылаудағы кесiмнiң (қаулының, өкiмнiң) көшiрмесi;
      құжатты бақылаудан алу туралы анықтама;
      бақылаудағы құжаттың және оның жекелеген тармақтарының орындалу барысы туралы ақпарат пен басқа да құжаттар (хронологиялық тәртiппен орналастырылады).
      Президенттiң кесiмдерiн, Үкiметтiң қаулыларын, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн орындау жөнiндегi құжаттар бар iстер көшiрiлуi және олар толық шешiлiп, бақылаудан алынғанға дейiн Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнде сақталуы мүмкiн, одан кейiн мұрағатқа тапсырылады.

      11. Мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан келiп түсетiн бақылаудағы құжаттар мен олардың жекелеген тармақтарын орындау туралы есептер Кеңсенiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне, ал олардың көшiрмелерi бақылау секторына жiберіледi. Бұл ретте есептердiң төлнұсқалары құжаттың тұтастай орындалуын бақылау бекiтілiп берілген Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшесiне, ал олардың көшiрмелерi Кеңсе Басшысымен (оның мiндетiн атқарушы тұлғамен) немесе оның тапсырмасымен бекiтілген бекiтiп беруге сәйкес бақылаудағы құжаттардың жекелеген тармақтарының орындалуына жауапты құрылымдық бөлiмшелерге жiберіледi.
      Егер орталық немесе жергiлiктi атқарушы органдар бақылаудағы құжаттың орындалуы туралы есептердi белгiленген мерзiмде немесе толық көлемде тапсырмаса, онда нақты құжаттың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын Кеңсенiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесi мемлекеттік органдар үшiн белгiленген мерзiм өткеннен кейiн орындалу мерзiмiнiң бұзылу себептерi туралы Басшылыққа хабарлауға және осы бақылаудағы құжаттың одан әрi орындалуы жөнiнде ұсыныс енгiзуге тиiс.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.14.  N 358  қаулысымен.

      12. Тұтастай алғанда, құжаттың немесе оның жекелеген тармақтарын бақылауы үшiн жауапты Кеңседегi орындаушы мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан есептi алғаннан кейiн құжаттың, сондай-ақ құпия сипаттағының әрбiр бақылаудағы тармағы бойынша есептiң орындалу уақтылылығы, толықтығы және сапасы мәнiне талдау жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша нақты қорытындылар мен ұсыныстары бар анықтама дайындайды. Есептерге талдауды жүргiзу мерзiмi олардың Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 5 күннен аспауы тиiс.
      Келiп түскен ақпараттың негізiнде және талдау нәтижелерiне қарай орындаушы орындалу мерзiмi аяқталғанға дейiн үш күннен кешiктiрмей Басшылыққа:
      1) Президенттiң кесiмдерi мен тапсырмалары бойынша - оларды бақылаудан алу туралы не орындау мерзiмiн ұзарту туралы, не құжаттарды Үкiметтiң және/немесе Премьер-Министр Кеңсесiнiң жұмыс бабындағы бақылауына көшiру туралы Үкiметтiң Басшылығы немесе Кеңсесiнiң Басшысы (ол болмаса - оның мiндетiн атқарушы адамның) атынан Президенттiң Әкiмшiлiгiне белгiленген тәртiппен әзiрленiп, негізделген хат жобасын;
      2) үкiметтiк шешiмдер, хаттамалық шешiмдер және Басшылықтың тапсырмалары бойынша - оларды бақылаудан алу, орындау мерзiмiн ұзарту немесе Кеңсенiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң жұмыс бабындағы бақылауына көшiру үшiн талдау нәтижелерi бойынша анықтаманы және Басшылықтың тиiстi қарарының жобасын әзiрлеп, ұсынады.
      Көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерi оларға Басшылық қол қойғаннан кейiн мiндеттi түрде бақылау секторына тапсырылады.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N  1300  (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.04.14.  N 358  қаулыларымен.

      13. Оларға Басшылықтың қарарлары бар, орындалу мерзiмi көрсетiлген құжаттарды, соның iшiнде "шұғыл" немесе "жеделдетiлсiн" белгiсiмен, не оны бақылауға қою туралы нұсқау болса немесе "баяндалсын", "ұсыныс енгiзiлсiн" және т.с.с. белгiлерi бар құжаттар адресаттарға жiберiлуден бұрын мiндеттi түрде бақылау секторына тапсырылады да, ол құжатқа "БАҚЫЛАУҒА" немесе "БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ" мөртабанын қояды да, одан кейiн құжаттар нысанасына қарай жiберу үшiн қызметтiк хат-хабар секторына тапсырылады.

      14. Үкiмет мәжiлiстерi хаттамаларының жекелеген тармақтарын бақылауға қоюды Кеңсе Басшылығымен келiскеннен кейiн бақылау секторы жүзеге асырады.
      Премьер-Министрде өткен мәжілiс хаттамаларының тармақтарын бақылауға қоюды Кеңсе Басшылығымен келiсiлген Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң ұсыныстары бойынша, ал Премьер-Министрдiң орынбасарларында, Кеңсе Басшысында және оның орынбасарларында өткен мәжiлiстердiң хаттамаларын Кеңсе Басшысының тиiстi орынбасарымен келiсiлген ұсыныстар бойынша бақылау секторы жүзеге асырады. Бұл ретте Премьер-Министрде өткен мәжілiстер хаттамаларының тармақтарын бақылауға қою туралы ұсыныстар бақылау секторына ақпаратты қағаз және магниттi (дискета) жеткiзгiштерде құрылымдық бөлiмшелер басшыларының (құрылымдық бөлiмшелер басшыларының мiндетiн атқарушы тұлғалардың) қолы қойылып енгiзіледi.
       Ескерту. 14-тармақ ҚР Үкіметінің 2005.04.14.  N 358  қаулысының редакциясында.

       14-1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жолдауларын, Үкiмет Бағдарламасын, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетiн республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары бойынша Үкiмет мәжілiстерiнiң хаттамаларын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарларын бекiту туралы Үкiмет қаулыларының орындалуын бақылауды, тұтастай алғанда, Жиынтық талдау бөлiмi жүзеге асырады.
       Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.14.  N 358  қаулысымен.

      15. Басшылықтың аймақтар әкiмдерiне берген тапсырмаларының орындалуын бақылауды Аймақтық даму бөлiмi жүзеге асырады.

      16. Құпия құжаттардың орындалу мерзiмдерiн бақылауды Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң құпиялы iс жүргiзу секторы жүзеге асырады.

      17. Басшылықтың азаматтардың хаттары мен өтiнiштерi бойынша тапсырмаларының мерзiмдерiн бақылауды Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң азаматтардың хаттары мен қабылдау секторы жүзеге асырады.

      17-1. Орындау мерзiмi ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан бастап келесi жылдың 5 қаңтарына дейiн қоса алғанда аяқталатын Мемлекет басшысының актілерi мен тапсырмаларын орындау туралы есептер (Президент Әкiмшілiгi Басшылығының тапсырмасына жауаптар) белгіленген тәртiппен дайындалуы және оларды Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерi ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде Президент Әкiмшілiгiне жiберуi тиiс.
       Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.14.  N 358  қаулысымен.  

      18. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi Кеңсенiң Басшысымен келiсiм бойынша осы Нұсқаулықтың орындалуына тексеру жүргiзуге және бұзылуы анықталған фактiлер туралы шешiм қабылдау үшiн Басшылыққа баяндауға құқылы.

  2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда

      19. Бақылаудағы құжаттардың уақытылы әрi сапалы орындалуына, заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларының әзiрленуiне, олардың Қазақстан Республикасының Президентi мен Премьер-Министрдiң қарауына ұсынылуы үшiн жауапкершiлiк орталық атқарушы органдардың бiрiншi басшыларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне жүктеледi. Бұл ретте, көрсетiлген органдардың басшылары бақылау жұмысын ұйымдастыруға жауапты бөлiмшелер мен лауазымды адамдарды белгiлейдi.

      20. Тапсырмаларды бiрнеше мемлекеттiк орган орындаған жағдайда атауының жанында "(шақыру)" белгiсi бар орган жауапты болып табылады. Ол қосарлы орындаушылармен келiскеннен кейiн ғана орындау мерзiмiн ауыстыру туралы ұсыныс енгiзуге құқылы. Бұл ретте, қосарлы орындаушылар оған шақыру бекiтiлген жауапты органға, егер тиiстi тапсырмамен өзгеше белгіленбесе, ол үшiн белгіленген орындау мерзiмiне дейiн кемiнде 3 күн бұрын, ал орындау мерзiмi 5 күннен кем тапсырмалар бойынша - тапсырма келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде өз ұсыныстарын енгiзедi.
      Ал, тапсырмада жауапты орындаушы белгiленбеген жағдайда, яғни "(шақыру)" белгісi болмаса, тапсырмада аталған барлық органдар тапсырма берушiге өз жауаптарын жiбередi.
       Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.14.  N 358  қаулысымен.

       20-1. Бақылаудағы құжаттарды орындау үшiн дайындалған құжаттар оларды Кеңсеге енгiзгенге дейiн ведомстволық бақылау қызметтерiмен оларда Басшылық тапсырмаларына сiлтемелердiң болуы, олардың ресiмделуiнiң дұрыстығы, сондай-ақ Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерi жобаларының мәтiндерiнде және оларда бекiтiлетiн iс-шаралар жоспарларында келiспеушiлiктердiң жоқтығы мәнiне келiсілуi (бұрыштама қойылуы) тиiс.
       Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.14.  N 358  қаулысымен.  

      20-2. Үкiмет мәжiлiстерiнiң және Премьер-Министрде өтетiн кеңестердiң хаттамаларындағы тапсырмаларды орындау туралы есептердi мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар, егер тапсырмада өзгеше белгiленбесе, оларды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн 3 күннен кешiктiрмей, ал орындау мерзiмi 5 күннен кем тапсырмалар бойынша - тиiстi хаттама келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Кеңсеге ұсынады.
       Ескерту. 20-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.14.  N 358  қаулысымен.  

      20-3. Орындау мерзiмi ағымдағы жылдың 20 желтоқсанынан бастап келесі жылдың 5 қаңтарына дейiн қоса алғандағы кезеңде аяқталатын бақылаудағы құжаттардың орындалуы туралы есептер Кеңсеге ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде ұсынылуы тиiс.
      Ескерту. 20-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.14.  N 358  қаулысымен.  

      21. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу, орындалу мерзiмдерiн ұзарту мен орындалуы туралы жауаптарды (есептердi) ұсыну Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiне сәйкес жүзеге асырылады.
       Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N  1300  (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      22.  алынып тасталды
       Ескерту. 22-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N  1300  (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      23.  алынып тасталды
       Ескерту. 23-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N  1300  (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      24.  алынып тасталды
       Ескерту. 24-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N  1300  (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      25.  алынып тасталды
       Ескерту. 25-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N  1300  (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
2001 жылғы 31 қаңтардағы    
N 168 қаулысымен       
БЕКIТIЛГЕН          

  Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау және
 олардың орындалуын бақылау тәртiбi туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

       Ескерту. Тақырыбындағы және мәтіндегі "Азаматтардың", "Хат және азаматтарды қабылдау секторында", "хат және азаматтарды қабылдау секторы", "хат және азаматтарды қабылдау секторында", "хат және азаматтарды қабылдау секторына" және "Хат және азаматтарды қабылдау секторы" деген сөздер тиісінше»"Жеке және заңды тұлғалардың", "Бөлімде", "Бөлім" және "Бөлімге" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2007.05.14. N  382  қаулысымен.

      1. Осы Нұсқаулық Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне (бұдан әрi - Кеңсе) келiп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбiн реттейді.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.14. N  382  қаулысымен.

      2. Осы Нұсқаулықтың сақталуын бақылауды Кеңсенiң Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады.

      3. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштер Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде (бұдан әрі - Бөлім) тіркеледі және өз құзыреті шегінде құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен есепке алуға (бұдан әрі - Есепке алу ережесі) жатады.
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.05.14. N  382  қаулысымен.

      4. Бөлімде Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының (бұдан әрі - депутаттар) қоса жеке және заңды тұлғалардың хаттары тiркелiп, оларды қарау туралы өтінімi бар жазбаша өтініштерi ғана тiркеледi.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.14. N  382  қаулысымен.

      5. Егер бiрiншi хатты тiркеген уақыттан бастап заңнамада белгіленген қарау мерзiмi аяқталса немесе өтiнiш беруші өзiнiң хаты бойынша шешiм қабылданғанмен келiспесе, сол адамнан сол бiр мәселе бойынша келiп түскен хат қайталама болып саналады. Сол автордың әр түрлi мәселелер бойынша хаттары бастапқы болып саналады.
      Олар бойынша авторға толымды жауап берiлген сол бiр мәселе бойынша көп мәрте келген хаттар қайталама болып саналмайды және қаралмайды.
      Автор күнтiзбелiк бiр жылдың iшiнде сол бір мәселенi қоятын қайталама өтiнiштерге "екiншi", "үшiнші" деп және одан әрi көрсетiле отырып, бастапқы өтiнiштiң тiркеу нөмiрi қойылады, ал "қайталама" деген белгісi бар есеп кәртiшкесi бастапқысы мен бiрге ағымдағы жылдың картотекасына орналастырылады. Қайталама өтiнiштерге оның алдындағы өтiнiштердi қарау материалдары қосып қойылады.
      Кеңсенiң Бөлімде немесе құрылымдық бөлiмшелерiнде толымды жауаптары бар бұрын қаралған қайталама хаттар қосымша қарауға жатпайды, өтiнiш берушiге бес күндiк мерзiмде бұл туралы хабарланады.

      6. Хаттар мазмұнына қарай Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына немесе оның орынбасарларына (бұдан әрi - Басшылық) баяндалады немесе Бөлім алдын ала қарау және Басшылық қарарын дайындау үшiн Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiне бередi не олардың құзыретiне сәйкес орталық және жергiлiктi атқарушы және өзге да органдардың атына жолдайды.
      Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын Кеңсенiң бір құрылымдық бөлiмшесiнен екiншiсiне беру тек олардың басшыларының келісімі бойынша есеп кәртiшкесiнде тиiстi белгi жасалып, Бөлім арқылы жүргізіледі.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.14. N  382  қаулысымен.

      7. Жеке және заңды тұлғалардың өтiніштерi орталық және жергiлiктi атқарушы және өзге де органдардың атына олар құзыретіне сәйкес қарауы үшiн Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушiсi немесе оның орынбасары қол қойған iлеспе хатпен бірге дереу жiберiледi.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.14. N  382   қаулысымен.

      8. Жеке және заңды тұлғалардың хаттары Басшылықтың оларға тапсырмаларымен бiрге тиiстi орындаушылардың мекен-жайына жiберiлер алдында хат пен тапсырмалардың түпнұсқалары Бөлімге берiледi, ал қажет болған жағдайда оларды бақылауға алады.
      Бөлім Басшылықтың жеке және заңды тұлғалардың хаттарына Кеңсеге жауап ұсынуды талап ететiн "баяндалсын", "хабарласын" деген және басқа да нақты мерзiмдерi көрсетілген белгісi бар тапсырмаларын бақылауға алады, бұл ретте хаттар мен кәртiшкелерге "БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ ("Взято на контроль") және "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жауаппен бiрге қайтарылуға жатады" ("Подлежит возврату в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан вместе с ответом") деген мөртабандар қойылады.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.14. N  382  қаулысымен.

      9. Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiне жiберiлген хаттардың орындалуын бақылау олардың басшыларына жүктеледi.
      Егер хатты қарау Кеңсенiң бiрнеше құрылымдық бөлiмшелерiне тапсырылса, онда қарарда бiрiншi көрсетiлген не атауының тұсында "(шақыру)" деген белгi тұрған бөлiмше орындалуын бақылау үшiн жауапты болып табылады.

      10. Басшылық нұсқауы бойынша хатты қарау мерзiмi ұзартылған жағдайда, ол қосымша бақылауға алынады, хат есеп кәртiшкесiнiң тыс жағына Бөлім бұл туралы белгi қояды және компьютерлік дерекқорға тиiстi түзету енгiзiледi.

      11. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарына Басшылық тапсырмаларының орындалу мерзімі олардың Кеңседе тіркелген күнінен бастап есептеледі және былайша белгіленеді:
      1) 15 күнтізбелік күннен аспайды, мемлекеттік органдардан мемлекет жүз пайыз қатысатын немесе мемлекеттік тапсырыстың және (немесе) мемлекеттік сатып алудың шарттарына сәйкес (бұдан әрі - субъектілер) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ұсынатын заңды тұлғалардан ақпарат алуды не жергілікті жерлерге барып тексеру жүргізуді талап етпейтін;
      2) 30 күнтізбелік күннен аспайды, субъектілерден ақпарат алуды немесе жергілікті жерлерге барып тексеру жүргізуді талап ететін;
      3) қосымша зерделеу жүргізуді немесе тексеруді қажет ететін жағдайда қарау мерзімін Басшылық 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, ол туралы мерзім ұзартылған сәттен бастап 3 күнтізбелік күннің ішінде өтініш берушіге хабарланады;
      4) егер өтініште жазылған мәселелерді шешу ұзақ мерзімді талап етсе, онда өтініш ол түпкілікті орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылады, ол туралы өтініш берушіге 3 күнтізбелік күннің ішінде хабарланады.
      Егер оған жауапта жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштерінде қойылған мәселелерді іс жүзінде шешу бойынша қабылданған шаралар туралы деректер қамтылмаса, хатты қарауды аяқталды деп санауға болмайды.
       Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.05.14. N  382  қаулысымен.

      12. Хатты бақылаудан, әдетте, оның тапсырмасы бойынша қаралған лауазымды тұлғаның өзi алады. Бұл ретте Басшылықтың тиiстi қарары хатты бақылаудан алу үшiн негiздеме болып табылады.
      Бақылаудағы хаттарға жауаптар түскен кезде Кеңсенiң олардың орындалуы үшiн жауапты құрылымдық бөлiмшелерi жеке және заңды тұлғалардың хаттарында қойылған мәселелердi шешудiң сапасы мен толықтығына сараптама жүргiзедi және Басшылыққа қараудың нәтижелерi туралы бақылаудан алу, орындау мерзiмiн ұзарту немесе басқа да iс-әрекеттер туралы ұсыныспен бiрге баяндайды. Жеке және заңды тұлғалардың бақылаудан алынған хаттары бойынша Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiндегi орындаушылар есеп кәртішкесiндегi тиiстi бағанды толтырады, одан кейiн хаттар мен оларға материалдар құрылымдық бөлiмшенiң ағымдағы мұрағатына есеп кәртішкелерiмен бiрге тапсырылады.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.14. N  382  қаулысымен.

      13. Жеке тұлғалардың қолдары, оның ішінде электрондық цифрлық қолдары қойылмаған, өтініш берушінің тегі, аты, почталық мекен-жайы (тұрғылықты жері, жұмысы немесе өзге де айналысатын ісі туралы деректер, электрондық почта мекен-жайы) көрсетілмеген немесе анық көрсетілмеген жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері, қолы,  атауы, почталық мекен-жайы (тұратын жері туралы деректер), шығыс нөмірі және күні көрсетілмеген заңды тұлғаның өтініштері жасырын деп танылады.
      Мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер туралы мәліметтер қамтылатын және мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне сәйкес жедел қайта жіберілуге жататын жағдайларды қоспағанда, жасырын хаттар қаралмайды.
       Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.05.14. N  382  қаулысымен.

      14. Күнтiзбелiк жылдың аяқталуы бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаралған хаттары мен оларға барлық материал iске түзiледi және мұрағатқа тапсырылады.
      Бүркеншiк өтiнiштер Бөлімде бiр жыл сақталады, одан кейiн кесiм бойынша жойылады.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.14. N  382  қаулысымен.

      15. Хаттар мен оларға қатысты материалдар мұрағаттан Кеңсе қызметкерлерiне Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi меңгерушiсiнiң немесе оның орынбасарының рұқсатымен ғана берiледі.
       Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.14. N  382  қаулысымен.

      16. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды Бөлім дайындап, Кеңсе Басшысы бекiткен кестеге сәйкес Аймақтық даму және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң бас инспекторлары Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесiнде жүргізедi. Қабылдау кестесi Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесiнің кiреберiсiнде ақпараттық қабырғаға iлiнедi.
      Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды есепке алу Есепке алу ережесіне сәйкес жүргізіледі. Егер өтініш қабылдау кезінде шешілмейтін болса, онда ол жазбаша түрде жазылады және онымен әрі қарай жұмыс істеу жазбаша өтініш сияқты жүргізіледі.
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.14. N  382  қаулысымен.

      16-1. Жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтiнiштерiн қарау және оларға Басшылық тапсырмаларының орындалуы мерзiмдерiн бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады.
       Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N  1300  (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2007.05.14. N  382  қаулыларымен.

      17.  алынып тасталды
       Ескерту. 17-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N  1300  (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      18.  алынып тасталды
       Ескерту. 18-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N  1300  (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      19.  алынып тасталды
       Ескерту. 19-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N  1300  (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      20.  алынып тасталды
       Ескерту. 20-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N  1300  (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      21. "Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N  974  қаулысына сәйкес орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тiкелей өздерi басқаратын органдарда жүргiзедi
       Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N  1300  (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2007.05.14. N  382  қаулыларымен.

      22.  алынып тасталды
       Ескерту. 22-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N  1300  (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      23.  алынып тасталды
       Ескерту. 23-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N  1300  (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.

                                   Жеке және заңды тұлғалардың
                                         өтiнiштерiн қарау
                                   және олардың орындалуын бақылау
                                    тәртiбi туралы нұсқаулыққа
                                              1-қосымша

       Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.05.14. N  382  қаулысымен.

                                   Жеке және заңды тұлғалардың
                                         өтiнiштерiн қарау
                                   және олардың орындалуын бақылау
                                    тәртiбi туралы нұсқаулыққа
                                              2-қосымша

       Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.05.14. N  382  қаулысымен.

                       

                                   Жеке және заңды тұлғалардың
                                          өтiнiштерiн қарау
                                   және олардың орындалуын бақылау
                                    тәртiбi туралы нұсқаулыққа
                                              3-қосымша

                      (кәртiшкенiң бет жағы)

       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI МҮШЕЛЕРIНIҢ
           ҚАБЫЛДАУЫНА АЛДЫН АЛА ЖАЗЫЛУ КӘРТIШКЕСI

N________                   200 жылғы "___"____________________
                                      өтініш қабылданған күнi

Өтiніш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты ______________________
_______________________________________________________________

Өтiнiш берушінің жұмыс орны және атқаратын қызметi ____________
_______________________________________________________________

Тұратын мекен-жайы мен телефон N ______________________________
_______________________________________________________________

Мәселенiң қысқаша мазмұны _____________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________

Қабылдауды жүргізушiнiң қызметi, тегі, аты, әкесiнiң аты ______
_______________________________________________________________

                  (кәртiшкенiң сырт жағы)

Қабылдауға жазылатын адамның тегi, аты, әкесiнiң аты және _____
қызметi _______________________________________________________
_______________________________________________________________

Қазақстан Республикасының Үкiметi мүшесiнiң қабылдау күнi _____
_______________________________________________________________

Өтінiштi қараудың нәтижелерi __________________________________
_______________________________________________________________

      Ескертпе.
      Кәртiшке екi данада жасалады, оның бipeуi Қазақстан
Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң iсiнде қалдырылады, ал
екiншiсi азаматтарды қабылдауды өткiзушінің қарауына берiледi.
      Кәртішке қараудан кейiн қараудың нәтижесiмен бiрге Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне қайтарылады.