Мазмұны
1. "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысы
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде іс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулық
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулық
5. Азаматтардың өтiнiштерiн қарау және олардың орындалуын бақылау тәртiбi туралы нұсқаулық
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы iс жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.28 N 643, 2007.05.14 N 382 қаулыларымен.
1-1. Көрсетiлген нұсқаулықтардың талаптары оларға қатысты бөлiгiнде барлық мемлекеттiк органдар үшiн мiндеттi деп белгiленсiн.
Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.10 N 1300 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1998 жылғы 14 қазандағы N 195 өкiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап бiр ай өтiсiмен күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы
N 168* қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
Ескерту. Нұсқаулық жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен, бүкіл мәтін бойынша «қызметтiк хат-хабар секторы», «қызметтiк хат-хабар секторының», «қызметтiк хат-хабар секторына», «қызметтiк хат-хабар секторында», «Қызметтiк хат-хабар секторы» және «қызметтiк хат-хабар секторынан» деген сөздер тиісінше «іс жүргізу және мұрағат секторы», «іс жүргізу және мұрағат секторының», «іс жүргізу және мұрағат секторына», «іс жүргізу және мұрағат секторында», «Іс жүргізу және мұрағат секторы» және «іс жүргізу және мұрағат секторынан» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережеге сәйкес өзіне жүктелген функцияларды орындау процесінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде (бұдан әрі - Кеңсе) құжаттармен жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
2. Осы Нұсқаулықта белгіленген құжаттармен жұмыс істеу ережесі мен тәртібі Кеңсенің барлық қызметкерлеріне қолданылады.
3. Осы Нұсқаулық құпия емес сипаттағы және «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттарды дайындау, ресімдеу, олардың өту тәртібін белгілейді.
Таралуы шектелген қызметтік ақпаратты және «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қызметтік ақпаратты дайындау, таныстыру және олардың өтуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 51 қпү қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Нұсқаулықтың ережелері электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық (құпия) кілтін және электрондық цифрлық қолтаңба құралын (электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру мен тексеру процестерін іске асыратын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын) пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтін пайдалана отырып, электрондық құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбасын есептеу мен тексеруден кейін электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерудің (электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растаудың (анықтаудың) оң қорытындысын белгіленген тәртіппен айқындау туралы растамасы бар электрондық құжаттарды қоса алғанда, жеткізгіш түріне қарамастан, құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыруға қолданылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
4. Осы Нұсқаулықпен:
1) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта белгіленетін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу, сондай-ақ азаматтарды қабылдау;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта белгіленген құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру;
3) жекелеген арнайы нұсқаулықтарда белгіленетін шифрланған құжаттық байланысты пайдалана отырып, құпия іс жүргізу мен құпия хат жазысуды жүргізу тәртібі реттелмейді.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізу, құжаттардың есебі, сақталуы, уақтылы өтуі және орындалуы үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі.
6. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Кеңсенің жаңа қызметкерлерін осы Нұсқаулықпен және Кеңсенің қызметін регламенттейтін басқа құжаттармен таныстырады.
________________
* Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300 , 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 358 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге.
2. Кіріс хат-хабарын қабылдау және тіркеу
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тараудың тақырыбын жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
7. Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің органдарымен, ұйымдарымен және азаматтарымен хат жазысу мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жүргізіледі, өзге шетелдік хат-хабармен басқа да шет тілдерінде жүргізілуі мүмкін.
8. Кеңсеге қағаз жеткізгіште түсетін кіріс хат-хабарларын Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің іс жүргізу және мұрағат секторы (бұдан әрі - іс жүргізу және мұрағат секторы) күнін, уақытын және құжаттарды алған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, ал электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттарды – ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып, электрондық құжатқа қол қойған адамның және құжаттың деректемелерін растаған адамның электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі - ЭЦҚ) тексеру рәсімі аяқталғаннан кейін қабылдайды.
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы (бұдан әрі - БКО) және Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің ведомствоаралық құжат айналымы орталығының (бұдан әрі - ЭҚАБЖ ВҚО) сервері арқылы берілуі тиіс.
Хат-хабарларды электрондық құжаттар форматында қабылдаған кезде осы құжаттармен барлық кейінгі рәсімдер Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес жасалады.
Шетелдік елшіліктердің ноталары мен хаттары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы ғана қабылданады.
Сақтау мерзімі 10 жылға дейінгі құжаттар (сақтау мерзімі 75 жыл, тұрақты, ЭПҚ белгісі бар құжаттардан басқа) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттардың электрондық нысанында ғана қабылданады және жолданады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
9. Кеңсеге сенбі күндері келіп түсетін құжаттарды қабылдауды сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін іс жүргізу және мұрағат секторының кезекші қызметкерлері жүзеге асырады, сондай-ақ оларды кейіннен іс жүргізу және мұрағат секторына тіркеуге міндетті түрде беру арқылы Премьер-Министрдің қабылдау бөлмесінің жауапты кезекшісі де жүзеге асыра алады.
Жекелеген нұсқаулықтарда белгіленген тәртіппен электр және электрондық байланыс құралдарының көмегімен хабарларды (ақпаратты) криптограммалар, жеделхаттар, телетайпограмдар, факсограмдар, телефонограммалар мен почталық файл (электрондық) хабарларын беру жүзеге асырылады. Факсограммалардың қағаздағы түпнұсқалары ұқсас хат-хабар жіберу үшін осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен адресаттарға дереу жеткізіледі.
Кеңсеге келіп түсетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары (Премьер-Министрдің оларды шұғыл енгізуді көздейтін тапсырмаларын орындау үшін әзірленген Премьер-Министрдің өкімдерін; заң жобаларын; Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының жобаларын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда) сәрсенбі күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін қабылданады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
10-тармақты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
10. Осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, Кеңсе қызметкерлеріне іс жүргізу және мұрағат секторында тіркелмеген құжаттарды қабылдауға және олармен жұмыс істеуге тыйым салынады.
РҚАО-ның ескертпесі!
11-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
11. Конверттерді ашардың алдында олардың арналуы мен ресімделуінің дұрыстығы, орамының бүтіндігі (мөрлер болған кезде) тексеріледі. Конверттерді ашқан кезде мекен-жайдың жөнелтуші атауымен, пакетте көрсетілген салу нөмірлерінің құжаттарға қойылған нөмірлермен сәйкестігі салыстырылады, құжаттардың және оларға қосымшалардың жинақтылығы тексеріледі.
Құжаттар жеткіліксіз болған, пакеттер бүлінген, конверттердің нөмірлері құжаттардың нөмірлерімен сәйкес келмеген жағдайда үш данада акт жасалады ( 2-қосымша ), бұл ретте актінің бір данасы іс жүргізу және мұрағат секторында қалады, екіншісі құжатпен бірге арналуы бойынша беріледі, ал үшіншісі жөнелтушіге жолданады.
Дұрыс арналмаған және ресімделмеген, қате салынған құжаттар арналуы бойынша қайта жөнелтіледі немесе жөнелтушіге қайтарылады.
Құжаттар салынған конверттер құжаттарды жөнелтушінің мекен-жайын, олардың жөнелтілген және алынған күнін тек сол арқылы ғана анықтау мүмкін болатын жағдайларда сақталады.
"Жеке өзіне" деген белгісі бар конверттерді қоспағанда, барлық конверттер іс жүргізу және мұрағат секторында ашуға жатады.
12. Белгіленген үлгідегі бланкіде ресімделуге тиіс, бірінші басшы (ол болмағанда бұйрық болған жағдайда оның міндеттерін атқаратын адам, өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жауапты хатшы, министрліктердің немесе агенттіктердің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған және жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адам) қол қойған немесе толтырылған деректемелері бар (ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесінің белгіленген тәртіппен анықталғаны туралы растамасы бар, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) электрондық құжаттың оған сәйкес келетін шаблонын пайдалана отырып жасалған құжаттардың бірінші даналары Кеңседе қабылдануға жатады. Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындауға жауапты мемлекеттік органдардың хаттарына міндетті түрде бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының расталған көшірмелері қоса беріледі. Құжатқа күні, шығыс нөмірі, құжаттың қысқаша тақырыбы, тапсырмалардың орындалуы туралы сауалға жауап қайтару немесе есеп (ақпарат) беру кезінде Кеңсенің тіркеу нөміріне сілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Бұл ретте Кеңсе күні оларды Кеңсеге өткізген күнге сәйкес келетін құжаттарды (басқа жерден поштамен келіп түскен хат-хабардан басқа) ғана қабылдайды. Орындаушының тегі, аты-жөні, оның телефонының нөмірі, сондай-ақ құжат данасының саны міндетті түрде қолдан кейін төменгі сол жақ бұрышында немесе құжаттың бірінші парағының артқы жағына қойылады (мысалы: С.А. Асанов, тел. 742469). Құжат қосымшасының әр бетіне құжатқа қол қойған немесе дайындаған адам қол қоюы тиіс.
Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысының атына жіберілген мемлекеттік органдардың хат-хабарлары (оның ішінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделуі тиіс (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі бланкісіз қол қойылған нұсқасы қоса беріледі).
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды қабылдау кезінде даналарының саны ескерілмейді.
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында келіп түсетін құжаттарды (тек электрондық нысанда) кеңсе сағат 9.00-ден 15.30-ға дейін, сенбі күндері сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін қабылдайды және белгіленген тәртіппен өңдейді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
13-тармақты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
13. Кіріс хат-хабарын тіркеуді құжаттың бірінші парағының оң жақ төменгі бұрышына негізгі құжаттың тіркеу нөмірі, тіркелген күні, парақтарының саны және қосымшалар парақтарының саны көрсетілетін тіркеу мөртаңбасын қою жолымен іс жүргізу және мұрағат секторы жүзеге асырады, қосымшаларға "N___-ге" деген мөртаңба қойылады. Шет тілдеріндегі хат-хабар тіркелген кезде мөртаңба түпнұсқаға және аударма мәтінге ("Аударма" деген белгімен) қойылады.
Үкімет қаулыларының немесе Премьер-Министр өкімдерінің жобалары келіп түскен кезде тіркеу мөртаңбасы ілеспе хатқа қойылады.
Бұрын тіркелген кіріс құжаттарына келіп түскен құжаттарға негізгі құжаттың тіркеу нөмірі беріледі.
___________________
* Құжаттар Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттарды басқару және құжаттама комитеті төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 33 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың үлгі ережесіне сәйкес ресімделуі тиіс. Қараныз V095834
РҚАО-ның ескертпесі!
Ережені 12-1-тараумен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
13-1. Кеңсеге келіп түсетін барлық хат-хабар (құжаттар) сағат 9.00-ден бастап 15.30-ға дейін қабылданады және оларды әрбір келіп түскен құжатқа кіріс (шығыс, ішкі) құжаттарды тіркеуге арналған тіркеу-бақылау карточкасын (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша) толтыратын іс жүргізу және мұрағат секторы тіркейді.
Ескерту. 13-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540Қаулысымен.
13-2. Келіп түскен құжаттарды және басқа да қызметтік хат-хабарды құзыреті бойынша іс жүргізу және мұрағат секторының меңгерушісі алдын ала белгілейді, бөледі. Үкімет, Кеңсе басшылығының атына келіп түскен құжаттарды және басқа да қызметтік хат-хабарды бөлу қойылған мәселелердің сипатына, маңыздылығына және мерзімділігіне қарай жүзеге асырылады.
Алдын ала қаралғаннан кейін келіп түскен құжаттар мен басқа да қызметтік хат-хабар белгіленген тәртіппен тіркеледі. Осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада көрсетілген құжаттар тіркеуге жатпайды.
Ескерту. 13-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540Қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
13-3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 34 Қаулысымен.
13-4. Кіріс хат-хабарын тіркеуді оң жақ төменгі бұрышына (немесе бос кеңістік болмаған жағдайларда сол жақ жоғарғы бұрышына) негізгі құжаттың және оған қосымшалардың кіріс тіркеу нөмірі, түскен күні, парақтарының саны көрсетілетін мөртаңба қою жолымен іс жүргізу және мұрағат секторы жүзеге асырады. Бұрын тіркелген кіріс құжаттарына келіп түскен құжаттарға «№___ -ге» деген белгімен негізгі құжаттың тіркеу нөмірі қойылады.
Келіп түскен құжаттың бұрын іс жүргізу және мұрағат секторында тіркелген, бақылау секторында бақылаудағы құжатқа тіркеу нөмірі берілгеннен кейін қосарланған тіркеуді болдырмау үшін есептік деректерде бұрын іс жүргізу және мұрағат секторы берген тіркеу нөмірін жабу қажет.
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар ЭЦҚ тексерілгеннен кейін тіркеледі және электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы басшылықтың қабылдау бөлмелеріне және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесіне сәйкес беріледі.
Шет тіліндегі кіріс хат-хабарын тіркеген кезде мөртаңба түпнұсқаға және аударма мәтінге «Аударма» деген белгімен қойылады.
Ескерту. 13-4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540Қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тараудың тақырыбына өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
3. Кіріс хат-хабарын қарау және олардың өтуі
РҚАО-ның ескертпесі!
14-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
14. Іс жүргізу және мұрағат секторы почтаны тіркеу сатысында сұрыптайды және алдын ала зерделегеннен кейін оны Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісіне баяндайды.
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі зерделеу нәтижелері бойынша мыналарды:
1) өтініш жасаушылардың немесе өзге де мемлекеттік органдардың айрықша құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың өтініштерін;
2) өздері дайындаған нормативтік құқықтық актілердің және өзге құжаттардың жобаларын мүдделі мемлекеттік органдардың немесе орталық атқарушы органдар жұмыс органдары болып табылатын ведомствоаралық комиссиялардың қарауы туралы тапсырма беру өтінішімен әзірлеуші мемлекеттік органдардың өтініштерін;
3) Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің шешімдерін, оның ішінде республикалық бюджеттен және Үкіметтің резервінен қаражат бөлу туралы шешімдер қабылдауды талап ететін, бірақ өтініштерде көтеріліп отырған мәселелер құзыретіне жататын орталық атқарушы органдарда пысықталмаған мемлекеттік органдардың, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың өтініштерін;
4) белгіленген есептілікте берілуі көзделмеген ақпаратты;
5) Үкіметтің бақылауында жоқ және олар бойынша Үкіметті және/немесе Премьер-Министрдің Кеңсесін хабардар ету қажеттілігі туралы нақты тапсырмалар берілмеген тапсырмаларды орындау жөніндегі ақпаратты;
6) салықтарды төлеу мерзімін ұзарту туралы өтінішті;
7) жабылған конверттердегі құжаттарды (құпия, кадр мәселелері бойынша және басқа қаладан келген, сондай-ақ соттар жіберген хат-хабарды қоспағанда);
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі Регламентінің талаптарын және осы Нұсқаулықты бұзып дайындалған құжаттарды қамтитын құжаттарды қабылдамауы немесе қарамастан қайтаруы мүмкін.
15. Құпия хат-хабар тек Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторында (бұдан әрі - құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторы) ғана өңделеді.
16. Құжаттардың одан әрі өтуінде түсініксіздік пайда болған жағдайларда, ол Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісіне, ал қажет болған жағдайда Кеңсе Басшысына немесе оның орынбасарларына мәлімделеді.
17. Үкіметтің қарауын талап етпейтін әрі орталық және жергілікті атқарушы, өзге де мемлекеттік органдар шеше алатын заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін Үкіметтің Регламентіне және Кеңсе туралы ережеге сәйкес Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі (ол болмаған кезде - меңгерушінің орынбасары) тиісті министрліктерге, агенттіктерге, әкімдерге және өзге де мемлекеттік органдарға жібереді.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, өзге де мемлекеттік органдардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделмеген қосымша қаржыландыру не жеке салықтық, кедендік және басқа да жеңілдіктер беру жөніндегі өтініштері, егер ол Үкімет Регламентінде белгіленген тәртіппен келісілмеген болса, тіркеусіз қайтарылады.
Осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада көрсетілген құжаттар тіркеуге жатпайды.
18. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен келіп түсетін кіріс хат-хабарын өңдеу және тіркеу кезінде құжатқа танысу парағын ( 4-қосымша ) тіркей отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының аппараттарында, ұйымдарында және мекемелерінде Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құжаттарымен жұмыс істеу ережесін қосымша басшылыққа алу қажет.
РҚАО-ның ескертпесі!
19-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 (жариялануға жатпайды).
19. Үкіметке келіп түсетін құжаттар, әдетте, мынадай тұрғыда бөлінеді:
1) Премьер-Министрдің қарауына:
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы;
Парламент палаталары төрағаларының, Мемлекеттік хатшының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Жоғарғы Сот Төрағасының, Премьер-Министрдің жеке өзіне жолдаған хаттары;
Бас прокуратураның хаттары;
мемлекеттер басшылары мен үкіметтер басшыларының хаттары;
Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау жөніндегі қызметтік жазбалар мен басқа да хат-хабар;
министрліктердің, ведомстволардың, республикалық бюджет есебінен ұсталатын басқа да орталық мекемелер басшыларының, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің іссапарға шығуға рұқсат алуға және оларға ақша қаражатын бөлуге байланысты өтініштері;
Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының және Кеңсе Басшысының арасында міндеттер бөлісуге сәйкес өзге де хат-хабар беріледі;
шығуға дейін 3 күн бұрын ақшалай қаражат бөле отырып, министрліктердің, ведомстволардың, республикалық бюджет есебінен ұсталатын басқа да орталық мекемелер басшыларының, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің іссапарға шығуға рұқсат алуға байланысты өтініштері;
2) Премьер-Министрдің орынбасарларының қарауына:
тікелей оларға жолданған хат-хабар (құжаттар), сондай-ақ Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының арасында міндеттерді бөлуге сәйкес олар жетекшілік ететін мәселелер бойынша хат-хабар беріледі;
3) Кеңсе Басшысына:
Президенттің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің уақтылы және сапалы орындауын бақылау мәселелері жөніндегі материалдар, сондай-ақ Үкімет мәжілістерінің хаттамалары;
Үкіметке және Премьер-Министрге депутаттық сауалдар;
Конституциялық Кеңестің өтініштері;
Үкіметтің мәжілістерін, кеңестер, республикалық деңгейде басқа да іс-шаралар өткізуге байланысты құжаттар;
СІМ-нің халықаралық шарттарды жасасу және іске асыру, мемлекеттер, үкіметтер басшыларының, халықаралық ұйымдардың, ірі шетелдік фирмалардың басшыларын қабылдау, Премьер-Министрдің таяу және алыс шетелдерге сапарлары мәселелері жөніндегі материалдары;
Премьер-Министр бекіткен Ақпараттық материалдарды Премьер-Министрге ұсыну кестесіне сәйкес ақпараттық-анықтамалық материалдар;
кадр мәселелері жөніндегі құжаттар және тікелей соның атына жіберілген хат-хабар;
Премьер-Министрдің Кеңсесінде қарау талап ететін Президент актілерінің жобалары, заң жобалары және Үкіметке өзге де өтініштер;
Үкіметтің Регламентіне, Премьер-Министрдің Кеңсесі туралы ережеге және Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының арасында міндеттерді бөлуге сәйкес басқа да құжаттар жіберіледі;
4) Кеңсе Басшысының орынбасарына (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін):
Заң бөліміне бағытталатын барлық хат-хабар (құжаттар) алдын ала қарауға;
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің отырысына енгізілетін мәселелер жөніндегі материалдардың көшірмелері;
«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің отырысына енгізілетін мәселелер жөніндегі материалдардың көшірмелері жіберіледі.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.13 № 34, 2012.04.27 № 540, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
20-тармақты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
20. Хат-хабарды (құжаттарды) тіркегеннен кейін іс жүргізу және мұрағат секторының қызметкері электрондық құжат айналымы жүйесінің дерекқорында сақталған есептік деректері бар тіркеу-бақылау карточкасының екі данасын қағазға басып шығарады ( 1-қосымша ) және осы карточкаларды олармен бірге іс жүргізу және мұрағат секторының почтаның жеткізілуіне жауапты қызметкеріне берілетін тіркелген кіріс құжатына қоса тіркейді.
21. Іс жүргізу және мұрағат секторының қызметкері хат-хабарды (құжаттарды) Премьер-Министр Хатшылығының қабылдау бөлмесіне береді және оларды іс жүргізу және мұрағат секторына қайтарылатын тіркеу карточкасында алған күні мен уақытын көрсетумен қол қойдырып, оларды қабылдау бөлмесінің қызметкеріне тапсырады.
Хатшылық құжаттарды қарағаннан кейін қабылдау бөлмесінің қызметкері тапсырмалар бланкілерінде қарарлармен және басып шығарылған тапсырмалармен (фишкалармен) және оларды одан әрі адресаттарға электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы беру (жіберу) үшін ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат форматында жасалған құжаттарды іс жүргізу және мұрағат секторының қызметкеріне береді.
Іс жүргізу және мұрағат секторының, үкіметтік шешімдерді шығару секторының арнайы стеллажынан Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және Кеңсе Басшысы орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелердің қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері белгіленген кесте бойынша іс жүргізу және мұрағат секторында, үкіметтік шешімдерді шығару секторында құжаттарға жауапты адамда қалатын карточканың екінші данасына қолын қойып, келіп түскен хат-хабарды алуды жүргізеді. Бұл ретте іс жүргізу және мұрағат секторының, үкіметтік шешімдерді шығару секторының қызметкері телефон арқылы шұғыл хат-хабардың (құжаттардың) түскені туралы тиісті қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне дереу хабарлайды, олар шұғыл хат-хабарды (құжаттарды) кестеден тыс дереу алуды жүзеге асыруға тиіс;
хат-хабар (құжаттар) бір мезгілде электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар форматында белгілеуге (таратқыш есебіне) сәйкес бірлесіп орындаушы басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.
Кеңсе басшылығы қарағаннан кейін Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және Кеңсе Басшысы орынбасарларының қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері тапсырмалар бланкілерінде қарарлармен және басып шығарылған тапсырмалармен (фишкалармен) және оларды одан әрі адресаттарға электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы беру (жіберу) үшін ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат форматында жасалған құжаттарды іс жүргізу және мұрағат секторының қызметкеріне жеткізеді (береді).
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540Қаулысымен.
22. Премьер-Министрдің қарауына жолданатын құжаттар Премьер-Министрдің Хатшылығы (бұдан әрі - Хатшылық) қабылдау бөлмесінің қызметкеріне беріледі.
Хатшылық тікелей Премьер-Министр, оның орынбасарлары немесе Кеңсе Басшысы бергендерді қоспағанда, тіркеуден өтпеген хат-хабарды (құжаттарды) қабылдамайды. Бұл ретте Премьер-Министр, оның орынбасарлары, сондай-ақ Кеңсе Басшысы тікелей қабылдаған хат-хабар дереу іс жүргізу және мұрағат секторына тіркеуге беруі тиіс.
Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
23. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінен келіп түсетін Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын (арнайы қаптамаларда), Премьер-Министрдің хаттары мен тапсырмаларын (таза қаптамаларда) Хатшылықтың қызметкері қабылдап алады және қажетті келісулер мен құжаттардың болуын тексереді, одан кейін Премьер-Министрге баяндау үшін және кейіннен қол қою үшін береді.
24. Қалған хат-хабарды Хатшылықтың қабылдау бөлмесінің қызметкері қабылдап алады, оны алғандығы үшін қол қояды, одан кейін барлық келіп түскен құжаттар алдын ала зерделеу, қарарлар жобаларын дайындау және оларды Премьер-Министрге баяндау және кейіннен қол қоюға ұсыну үшін Хатшылықтың қызметкеріне беріледі.
25. Хатшылыққа мазмұны бойынша Премьер-Министрдің шешім қабылдауын қажет етпейтін құжаттар келіп түскен жағдайда, Кеңсе Басшысымен не оның міндетін атқарушы тұлғамен келісім бойынша олар іс жүргізу және мұрағат секторы арқылы Премьер-Министр орынбасарларының қабылдау бөлмелеріне немесе Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне беріледі.
Кеңсе Басшысының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар тиісті тапсырмалардың жобаларымен бірге оның қабылдау бөлмесіне беріледі.
Заң бөлімінің құзыретіне жататын мәселелері бойынша құжаттар тиісті тапсырмалардың жобаларымен бірге Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне алдын ала беріледі.
Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының таяу және алыс шетелдерге сапарларына байланысты құжаттардың (материалдардың) төлнұсқалары Сыртқы байланыстар және протокол бөліміне жіберіледі.
Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
26. Кіріс құжаттар мен ол бойынша қабылданған Премьер-Министр қарарларының қысқаша мазмұны тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына енгізіледі.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540Қаулысымен.
27. Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының атына жолданатын құжаттарды тиісінше Премьер-Министр орынбасарларының және Кеңсе Басшысының көмекшілері (кеңесшілері) немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері береді, олар іс жүргізу және мұрағат секторында алған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу-бақылау карточкасына құжаттарды алғаны үшін қол қояды.
Премьер-Министрдің орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының қабылдау бөлмелерінде іс жүргізуді қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері жүргізеді, олар құжаттардың өтуі мен олардың тиісінше сақталуы үшін дербес жауапты болады.
Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
28. Премьер-Министр орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының қарарлардың жобаларын дербес немесе Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелерімен келісім бойынша дайындауды жүзеге асыратын көмекшілері (кеңесшілері) келіп түскен құжаттарды дереу хабарлайды. Құжатты қабылдау бөлмелерінде алдын ала зерделеу және баяндау мерзімі 2 сағаттан аспайды.
29. Парламент депутаттарының сауалдары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өтініштері бойынша Кеңсе Басшысы қарарларының жобаларын бөлімдердің қызметкерлері Кеңсенің басқа тиісті құрылымдық бөлімшелерімен келісім бойынша дайындайды.
Парламент депутаттарының сауалдары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өтініштері бойынша Кеңсе Басшысы қарарларының жобаларын Заң бөлімінің қызметкерлері Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісім бойынша дайындайды.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
30. Премьер-Министрдің орынбасарларына берілген құжаттар қараусыз қайтарылған жағдайларда Премьер-Министр орынбасарларының көмекшілері (кеңесшілері) немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері қайтарылған құжаттарға құжатты қайтару себебінің өздері қол қойған жазбаша негіздемесін қоса тіркейді.
31. Үкімет пен Кеңсе Басшылығының кіріс құжаттары (тапсырма, нұсқау) бойынша қарарлары белгіленген үлгідегі бланкілерге (фишкаларға) басылады немесе оларға сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблондарын пайдалана отырып жасалады және қажет болған жағдайда олардың құзыретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерімен келісіледі.
Үкімет пен Кеңсе басшылығының Заң бөлімі дайындаған қарарларының жобалары алдын ала Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісіледі.
Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
32. Қарарда:
орындаушылар (ұйымдардың атауы атау септігінде, лауазымды тұлғалардың тегі мен аты-жөні барыс септігінде);
егер тапсырма Заң бөліміне жолданса немесе көшірмелерде Заң бөліміне жіберілсе, қарарда міндетті түрде Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) көрсетіледі;
құжатты қолданудың анық және толық мазмұны немесе орындаудың тәртібі мен сипаты;
орындау мерзімі (қажет болған жағдайда);
басшының толық жазылған жеке қолы (атының бірінші әрпі мен тегі);
күні (күні, айы, жылы);
құжаттың нөмірі;
төменгі жақта, сызықтың астынан қарар қандай құжатқа қатысты екендігі, сондай-ақ бұл құжаттың күні мен нөмірі көрсетілуі тиіс.
Қарарларды ресімдеудің үлгісі - 5-қосымша.
Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
33. Қаралған құжаттарды Үкімет пен Кеңсе Басшылығының көмекшілері (кеңесшілері) немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері құжаттарды қарарларға сәйкес қайта белгілеу және жөнелту үшін тіркеу-бақылау карточкасымен бірге іс жүргізу және мұрағат секторына береді. Егер қарарда бақылауға қою туралы тапсырма болса немесе орындау мерзімі көрсетілсе, оның ішінде «жедел» белгісі немесе «баяндалсын», «ұсыныс енгізілсін» деген белгілер болса, онда қарардың төлнұсқасын іс жүргізу және мұрағат секторы бақылауға қою үшін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау секторына (бұдан әрі - бақылау секторы), ал одан кейін Кеңсенің қаралған құжаттар құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесіне жібереді. Бұл ретте шұғыл құжаттар мен тапсырмаларды (орындау мерзімі үш жұмыс күніне дейін) адресаттарға жедел жөнелтуді қамтамасыз ету үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, Үкімет пен Кеңсе Басшылығының көмекшілері (кеңесшілері) мен қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері, құрылымдық бөлімшелер басшылары көрсетілген құжаттар мен тапсырмаларды электрондық құжат айналымы жүйесін және факсимильдік байланысты пайдалана отырып, электрондық құжаттар форматында кейіннен оларды іс жүргізу және мұрағат секторы арқылы адресаттарға жөнелте отырып, беруі тиіс.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540Қаулысымен.
34. Үкімет пен Кеңсе Басшылығының, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің қабылдау бөлмелерінде іс қағаздарын Үкімет пен Кеңсе Басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері немесе арнайы бөлінген қызметкерлер (бұдан әрі - қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері) жүргізеді, олар құжаттарды уақтылы қабылдауға және өз бөлімшелерінің басшылары мен орындаушыларына уақтылы жеткізілуіне, құжаттарға тіркеу-бақылау карточкаларының бірінші даналарында жазбалар енгізудің толықтығы мен дұрыстығына, орындаушылардың тегі мен құжаттарға қарарлардың (тапсырмалардың, нұсқаулардың) Кеңсенің электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына енгізілуіне, құжаттар мен оларға қарарлардың уақтылы жөнелтілуіне (берілуіне), құжаттарды тиісінше жедел сақтауға дербес жауапты болады.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540Қаулысымен.
35. Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің басшысы құжатты қарағаннан кейін, әдетте, құжат бойынша тікелей орындаушыға оны орындау жөнінде жазбаша тапсырма береді және құжатты қабылдау бөлмесінің қызметкеріне қайтарады, ол орындаушы туралы есептік деректерді Кеңсенің электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына және карточканың бірінші данасына дереу енгізеді.
Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) құжатты алдын ала қарағаннан кейін оны орындау жөнінде Заң бөлімінің меңгерушісіне және (немесе) құқықтық сипаттағы мәселелерді қарауға жауапты орындаушысына жазбаша тапсырма береді және егер құжатты орындау туралы тапсырма Заң бөлімінің құқықтық сипаттағы мәселелерді қарауға жауапты орындаушысына ғана берілсе, құжатты Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесінің қызметкеріне қайтарады, ол орындаушы туралы есептік деректерді Кеңсенің электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына және карточканың бірінші данасына дереу енгізеді.
Осыдан кейін қабылдау бөлмесінің қызметкері арнайы журналға кіріс құжатының тіркеу нөмірін, күнін, қысқаша мазмұнын (атауын), орындаушының тегін енгізеді және тіркеу-бақылау карточкасына қолын қойдырып, оған құжатты береді.
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінен құжатты алған сәттен бастап оны тікелей орындаушыға беруге дейінгі мерзім 4 сағаттан аспауы тиіс.
Үкімет пен Кеңсе Басшылығы қарарының жобасын (қызметтік жазбаның немесе жауап жобасын) жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің орындаушысы әзірлейді, орындаушы, құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі бұрыштама соғады.
Премьер-Министр қарарларының жобаларына қол қоюға баяндар алдында Кеңсе Басшысы бұрыштама соғады.
Заң бөлімі дайындаған Премьер-Министрдің, Үкімет және Кеңсе басшылығы қарарларының жобаларына (қызметтік жазбаның немесе жауап жобасына) Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) да бұрыштама соғады.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
36. Құжат бойынша бірлесіп орындаушылар болған кезде негізгі орындаушыда келісілген қарардың (қызметтік жазбаның, әзірленген құжаттың) жобасы құжат бойынша орындаушы арқылы бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімше басшысының қабылдау бөлмесіне жіберіледі.
Бірлесіп орындаушыда келісуге арналған мерзім - іс жүргізу және мұрағат секторының қызметкерінен құжатты алған сәттен бастап 3-4 сағаттан аспайды.
37. Орындаушының және бірлесіп орындаушының құрылымдық бөлімшелерінде қарардың (қызметтік жазбаның, әзірленген құжаттың) жобасын дайындау мен келісуге арналған мерзім тікелей орындаушы құжатты алған сәттен бастап 2 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Қарардың, қызметтік жазбаның (әзірленген құжат) жобасы бойынша бірлесіп орындаушыда ескертулер болған жағдайда оларды пысықтау жүзеге асырылады, ал бірлесіп орындаушылардың шешілмеген келіспеушіліктері болған жағдайда жазбаша дәлелді қарсылықтар ұсынылады.
Қарардың (қызметтік жазбаның, әзірленген құжаттың) жобасын немесе жазбаша қарсылықты дайындаудың жалпы мерзімі 1 (бір) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
38. Мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан Кеңсеге келіп түскен бақылаудағы құжаттардың орындалуы туралы есептер Кеңсенің қаралатын бақылаудағы құжаттар құзыретіне жататын және/немесе олардың орындалуын бақылау бекітіп берілген құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.
Кеңсеге мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан келіп түскен және орындалуын бақылау Заң бөліміне бекітіліп берілген бақылаудағы құжаттардың орындалуы туралы есептер алдын ала Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне жіберіледі.
Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
39. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне мәлімет үшін келіп түсетін құжаттар (заңдар, жарлықтар, қаулылар, өкімдер, өтініштер және басқа да материалдар) істің номенклатурасына сәйкес арнаулы папкаларда (файлдарда) қабылдау бөлмесінің қызметкерінде сақталады және қажет болған жағдайда істің ішкі жазбасына тиісті белгі қойылып, тиісті құрылымдық бөлімшелер қызметкерлеріне беріледі.
40. Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінде картотеканы қабылдау бөлмесінің қызметкері немесе арнайы бөлінген қызметкер жүргізеді, ол тіркеу-бақылау карточкаларына есептік жазбалардың енгізілу толықтығы мен дұрыстығына, басшылық қарарларының (тапсырмаларының, нұсқауларының) және тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына есептік деректердің енгізілуіне, құжаттардың және басшылық қарарларының, оның ішінде электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып, электрондық құжаттар форматында уақтылы жөнелтілуіне (берілуіне) жауапты болады.
Карточкалар тек құрылымдық бөлімшенің картотекасында ғана сақталады. Олардың құжаттармен бірге орындаушыларда сақталуына тыйым салынады. Бақылау құжаттарының картотекалары жеке жүргізіледі.
Карточкада құжаттың орындалу барысы (еске салу, сұратулар, жауаптар, анықтамалар және т.с.с.) белгіленеді. Карточкалардағы жазбалар есептік деректерді электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына бір уақытта енгізе отырып, сиямен айқын да анық жүргізіледі.
Қаламмен жазуға, бояуға, тазартуға жол берілмейді. Жазбалар карточканың бір бланкісіне сыймаған жағдайда бастапқы карточкаға "N___ жалғасы" деген жазуы бар карточканың екінші бланкісі қоса тіркеледі.
Ескерту. 40-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
41. Орындалған және бақылаудан алынған құжаттарды құрылымдық бөлімшенің басшысы немесе оның осы мәселеге жетекшілік ететін орынбасары іске жібереді. Бұл ретте қажет болған жағдайда, құжат авторы қарау нәтижелері туралы хабардар етілуі тиіс. Орындаушы хат жазысуды жүйеге келтіреді, бастапқы құжат пен карточкаға: мәселе қалай, қандай құжатпен және қашан шешілгендігін, құжатқа кім қол қойғандығын жазады және жеке қолымен расталған "N іске" деген белгімен оларды құрылымдық бөлімшенің ағымдағы мұрағатты жүргізу үшін жауапты қызметкеріне береді.
Егер құжат мәлімет үшін жіберілсе не онда Басшылықтың осындай мазмұндағы қарары болса, онда карточкаға "Мәселе шешілді" деген бағанға "Назарға алынды" деген жазба жасалады.
Нақты мәселе бойынша Үкіметтің тиісті шешімі немесе Премьер-Министрдің өкімі қабылданған және қажетті құжаттар үкіметтік шешімдерді шығару секторына берілген жағдайда "Құжат N іске тігілді" деген бағанда "үкіметтік шешімдерді шығару секторында" деп көрсетіледі, ал "Мәселе шешілді" деген бағанға "200 _ ж. "___"________N____ № қаулымен (өкіммен)" деп жазылады. Бұл жағдайда үкіметтік шешімдерді шығару секторының орындаушыдан тиісті қаулыны немесе өкімді қабылдап алған қызметкері құжаттарды алғаны үшін қол қояды.
Егер мәселе ауызша шешілсе, онда орындаушы құжаттың өзіне және карточкаға әңгіме болған адамның лауазымы мен тегін, оның қысқаша мазмұны мен күнін жазады.
42. Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің осы бөлімшедегі құжаттар төлнұсқаларының жедел сақталуы және ағымдағы мұрағатты жүргізу үшін жауапты қызметкері орындалған құжатты қабылдай отырып, олардың бар екендігін тіркеу-бақылау карточкасымен салыстырады, бекітілген номенклатураға сәйкес іске тігеді және есептік деректерді электрондық құжат айланымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына енгізе отырып, іс пен томдардың нөмірлерін қояды, ал тіркеу-бақылау карточкасын орындалған құжаттар картотекасына орналастырады. Қажетті құжаттар болмаған немесе орындалған құжаттар дұрыс ресімделмеген жағдайда олар кемшіліктерін жою үшін орындаушыға қайтарылады.
43. Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі өз құзыретінің шеңберінде келіп түсетін хат-хабардың сипаты мен сапасын жүйелі түрде талдайды, қойылған мәселелерді шешу жөнінде қажетті, сондай-ақ құжат айналымын қысқарту жөнінде шаралар қабылдайды.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тараудың тақырыбын жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
4. Шығыс және ішкі хат-хабарды ресімдеу
РҚАО-ның ескертпесі!
44-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
44. Құжаттарды дайындаған кезде осы Нұсқаулықты және өзге де қолданыстағы ережелерді* басшылыққа ала отырып, мемлекеттік билік пен басқару органдарының, басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің атауларын жазудың бірізділігін сақтаған жөн.
Мемлекеттік органдарға жіберілетін шығыс хат-хабарлар (оның ішінде электрондық құжат форматында) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделеді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі).
Құжатқа күн сәулесіне төзімді сиямен қол қойылады. Құжаттың түпнұсқасына факсимиле қою арқылы қол қоюға тыйым салынады.
Шығыс хаттары, әдетте, екі данада дайындалады және қол қойылады, бұл ретте Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесінің ағымдағы мұрағатында сақталатын екінші данасында бұрыштама соғу күні көрсетіле отырып, орындаушы мен осы құрылымдық бөлімше басшысының бұрыштамасы болуы тиіс.
____________________________________
Ескертпе:* Құжаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына сәйкес ресімделуі тиіс.
Ескерту. 44-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.13 N 931, 2012.04.27 № 540, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
45-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
45. Қызметтік құжаттар (хаттар, баяндамалар, есептер және т.с.с.) қысқа, түсінікті болуы және белгіленген нысандағы бланкілерге басылуы тиіс (Кеңседен сыртқа жөнелтілген жағдайда).
Кеңсе ішінде хат жазысу кезінде бланкілер пайдаланылмайды.
РҚАО-ның ескертпесі!
46-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
46. Құжатты лауазымды адамға жолдау кезінде мекеменің атауы атау септікте, ал адресаттың лауазымы мен тегі барыс септігінде көрсетіледі.
Басқа қаладағы адресатқа жолданатын құжатта оның атауынан кейін почтаның индексі, облыс, қала (село), көше, үйдің нөмірі көрсетіледі. Егер құжат факсимильдік байланыс арқылы жөнелтілсе, онда адресаттың факсимильдік аппаратының нөмірі көрсетіледі.
Құжатта төрттен артық адресат болмауы тиіс. Құжатты төрттен артық мекен-жайға жолдау кезінде тарату көрсеткіші жасалады және құжаттың әр көшірмесінде тек бір мекен-жай ғана көрсетіледі.
Құжат жолданған адресат жалпылама көрсетілуі мүмкін (мысалы, "барлық облыстар әкімдеріне").
47. Шығыс құжаттары (хат-хабары) құжаттар деректемелерінің есептік деректерін электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына бір уақытта енгізе отырып, тіркеу-бақылау карточкаларында ( 1-қосымша ) ескеріледі.
Электрондық шығыс құжаттарын жасау (әзірлеу) кезінде Үкімет пен Кеңсенің ресми бланкілеріне сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблондары да пайдаланылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
48-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
48. Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, басқа мемлекеттер басшыларына құжаттар Үкімет немесе Премьер-Министр бланкілерінде дайындалып жіберіледі және Премьер-Министр екі данада қол қояды. Екінші данасында орындаушының, тиісті құрылымдық бөлімше басшысының және қажет болған жағдайда Премьер-Министрдің тиісті орынбасарының, Кеңсе Басшысының, құқықтық сипаттағы мәселелер болған жағдайда Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) бұрыштамасы болуы тиіс. Көрсетілген шығыс құжаттары белгіленген тәртіппен электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар (хабарламалар) форматында жөнелтілуі (берілуі) мүмкін.
Жекелеген ағымдағы мәселелер бойынша хаттарға Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары қол қоя алады. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерге сәйкес белгіленген үлгідегі тиісті бланкілерде орындалған хатқа Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары қол қоя алады.
Ескерту. 48-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
48-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке және тікелей тапсырмаларын орындау жөніндегі есептік ақпаратқа Премьер-Министр (оның мiндеттерін орындайтын тұлға) немесе Премьер-Министрдің осы тапсырмаларды орындау тапсырылған орынбасары қол қойылады.
Ескерту. Нұсқаулық 48-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.13 № 34 Қаулысымен.
48-2. Үкіметтің немесе Кеңсенің Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы Президент Әкімшілігіне жіберетін есептік ақпаратына Премьер-Министр (оның мiндеттерін орындаушы тұлға) немесе Премьер-Министрдің жетекшілік ететін бағыты (мәселесі) жөніндегі орынбасары не Кеңсе Басшысы қол қояды.
Ескерту. Нұсқаулық 48-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.13 № 34 Қаулысымен.
49. Республикалық органдар басшыларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне тапсырмаларға, нұсқауларға Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес өздері жетекшілік ететін мәселелер бойынша Премьер-Министр, Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы (ол болмаған кезде - оның міндетін атқарушы тұлға), сондай-ақ Кеңсе Басшысы белгілеген құзыреті мен өкілеттіктеріне сәйкес Кеңсе Басшысының орынбасарлары қол қояды.
50. Дайындалатын хатқа, әдетте, қысқа тақырып беріледі. Хат өтінішке немесе сауалға жауап ретінде жолданатын барлық жағдайда мекен-жайдан кейін (сол жағынан) бұл өтініштің немесе сауалдың нөмірі мен күні көрсетіледі (мысалы: "04.01.2000 N 101-ге").
Құжатқа (хатқа, анықтамаға, есепке, баяндамаға) қосымшалар, әдетте, оның мәтінінен кейін парақтары мен даналарының саны көрсетіле отырып санамалануға тиіс.
51. Шығыс құжатының күнін араб сандарымен: айдың күні, айы, жылы кезектілігімен рәсімдейді. Айдың күнін және айды нүктемен бөлінген екі жұп араб санымен, жылды төрт араб санымен ресімдейді. Күнді сөздік-сандық тәсілмен жазу нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасағанда азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін айқындайтын қаржылық сипаттағы мәліметтерді қамтитын құжаттарда пайдаланылады және былайша ресімделеді: мысалы, 2009 жылғы 4 маусым және тіркеу нөмірі. 04.06.2009 күннің қысқартылған жазуы ереже бойынша анықтамаларға, баяндамалық жазбаларға және т.с.с. қойылған қолдан кейін қойылады.
Құжаттың шығыс нөмірі мынадай тәртіппен қойылады: алдымен Кеңсенің оны дайындаған құрылымдық бөлімшесінің индексі көрсетіледі; одан кейін құжат орындалған соң тігілуі тиіс істің номенклатура бойынша нөмірі сызықша арқылы көрсетіледі; одан кейін таяқша арқылы шығыс құжатының реттік нөмірі көрсетіледі (мысалы: 17-16/180). Құрылымдық бөлімшелердің индекстерін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі әзірлейді және Кеңсенің Басшысы бекітеді.
Ескерту. 51-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
52. Шығыс құжатын дайындаған орындаушының тегі мен оның қызметтік телефонының нөмірі, әдетте, құжаттың соңғы парағының сырт жағына жазылады (мысалы: А.И. Исаев, тел. 159798).
53. Қайтару талап етілетін құжатты жолдау кезінде құжаттың бірінші парағына, жоғарғы бөлігінің оң жағына "Қайтарылуға жатады" деген мөртаңба қойылады.
54. Барлық шығыс құжаттары (хат-хабары) жөнелту үшін іс жүргізу және мұрағат секторына жұмыс күндері сағат 12.30-ға дейін, ал сенбі күндері - сағат 11.00-ге дейін, шұғыл хат-хабар (орындалу мерзімі 5 күнге дейінгі) жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін, сенбі күндері - сағат 12.00-ге дейін тапсырылады.
Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның) нұсқауы бойынша шұғыл хат-хабар жөнелту үшін басқа уақыттарда да тапсырылуы мүмкін.
55. Шығыс жеделхаттарын тіркеу ағымдағы хат-хабармен бірдей жүргізіледі.
56. Үкіметтік жеделхаттарға Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы қол қояды. Жеделхаттардың мәтіні қысқаша, түзетусіз жазылады және машинкаға басылған бір беттен аспауы тиіс. Жеделхаттағы қол жеделхатқа қол қоюшы тұлғаның лауазымы мен тегі көрсетілетін жеке жолға ресімделеді. Жеделхатты ресімдеудің үлгісі - 6-қосымша .
57. Мәтіні бірдей жеделхатты бірнеше мекен-жайларға жөнелту қажет болған жағдайда орындаушы оны адресаттар санына сәйкес көбейтеді.
Мұндай жеделхаттарда әрбір данасында оны қайда жеткізу керек екендігі туралы мекен-жай деректері бар бір ғана белгіленген пункт жеке көрсетіледі.
Жеделхатқа Кеңсенің жеделхатты дайындаған құрылымдық бөлімшесінің басшысы растаған тарату көрсеткіші қоса беріле отырып, адресаттарды жинақтап көрсетуге рұқсат етіледі (мысалы: "министрлерге және агенттіктердің төрағаларына").
58. Жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзып ресімделген жеделхаттарды іс жүргізу және мұрағат секторы жөнелтуге қабылдамайды.
Арнайы байланыс органдары арқылы жөнелтілетін жеделхаттарды ресімдеу тәртібі арнайы нұсқаулықпен белгіленеді.
РҚАО-ның ескертпесі!
59-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
59. Шығыс құжаттарын Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері жөнелтуге дайындайды, бұл ретте есептік деректерді электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына бір уақытта енгізе отырып, басшылықтың қарарларын (тапсырмаларын, нұсқауларын) тіркеу карточкаларына енгізеді. Одан кейін шығыс құжаттары мен орындау мерзімдері көрсетілген, оның ішінде "жедел" деген белгісі, құжатты бақылауға алу туралы тапсырма не "баяндалсын", "ұсыныс енгізілсін" деген және т.с.с. белгілері бар қарарлар міндетті түрде бақылау секторына ұсынылады, ол бұларға "Бақылауға" немесе "Бақылауға алынды" деген мөртаңба қояды.
Қызметкерлер жөнелтуге дайындаған құжаттар мен қарарларды, адресаттардың санына қарай олардың көшірмелерін және құрылымдық бөлімше басшылығы бекіткен тарату көрсеткішін (төрттен артық мекен-жайға жіберу кезінде) қызметкерлер адресаттарға жөнелту үшін іс жүргізу және мұрағат секторына береді.
60. Іс жүргізу және мұрағат секторында жөнелту алдында шығыс құжаттарын ресімдеудің дұрыстығы тексеріледі. Үкімет Регламентінде және осы Нұсқаулықта белгіленген талаптарды бұзып ресімделген құжаттар түзету үшін Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне қайтарылады. Жөнелтуге жауапты қызметкер құжаттар мен қарарлардың көшірмелерін олардың төлнұсқаларымен салыстырады, одан кейін оларды Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің нөмірлік дөңгелек мөрімен куәландырады, одан кейін онда жөнелтілетін құжаттардың адресаттарын, нөмірлерін және дана санын көрсете отырып, жөнелтілетін құжаттардың тізілімін (таратылым есебін, біржолғы қолхат) жасайды, осы деректерді құжаттың тіркеу-бақылау карточкасына енгізеді, жөнелтілетін құжаттарды нақты адресаттарға жөнелтуге арналған конверттерге салады және конверттерді адресаттарға жеткізу үшін тізілімдермен (бағыт парақтарымен, біржолғы қолхаттармен) бірге мемлекеттік фельдъегерлік немесе почта қызметінің қызметкеріне береді.
61. Құжаттарды адресаттарға мемлекеттік фельдъегерлік немесе почта қызметі оларды жеткізу шұғылдығына қарай жөнелтеді. Құжатты жеткізу шұғылдығы дәрежесін жөнелтуші анықтайды. «Шұғыл» деген белгісі бар хат-хабар таяу арадағы авиарейспен, автомобиль немесе темір жол фелдъегерлік бағытымен бірінші кезекте жеткізіледі. Мемлекеттік фелдъегерлік қызметке жедел басшылық етуді Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540Қаулысымен.
62. Хат-хабарды (шығыс құжаттарын, оның ішінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды) жөнелту (беру) Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі белгілеген кесте бойынша жүргізіледі. Құжаттарды іс жүргізу және мұрағат секторынан өтпей жөнелтуге тыйым салынады.
Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540Қаулысымен.
63. Іс жүргізу және мұрағат секторы құжаттарды жөнелткеннен кейін тіркеу-бақылау карточкаларының артқы бетінде және деректерді электрондық құжат айланымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына бір уақытта енгізе отырып, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне қайтарылатын құжаттар мен оларға қарарлардың даналарында жөнелтілгені туралы белгі жасайды. Жөнелтуге тапсырылған құжатта көрсетілген дұрыс емес мекен-жай бойынша құжатты таратқаны (бергені) үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің құжатты әзірлеген орындаушысы жауапты болады.
Ескерту. 63-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
64. Адресаттардың тиісті бөлімшелері қызметкерлерінің құжаттардың тапсырылғанын растайтын қолдары бар жөнелтілген құжаттарға арналған тізілімдерді, сондай-ақ қандай да бір себеппен адресаттарға тапсырылмаған, тиісті белгісі бар құжаттар салынған конверттерді фелдъегерлер фелдъегерлік қызмет экспедициясының (кезекшісінің) белгісімен бірге іс жүргізу және мұрағат секторына қайтарады. Құжаттарды жөнелтуге (тапсыруға) арналған тізілімдер, бағыт парақтары және біржолғы қолхаттар іс жүргізу және мұрағат секторында бір жыл бойы сақталады.
Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540Қаулысымен.
65. Іс жүргізу және мұрағат секторының жөнелтуге жауапты қызметкері фельдъегерлік қызметтің немесе почта бөлімшесінің тізілімдер бойынша жөнелтуге пакеттерді қабылдауды ресімдеудің, сондай-ақ тізілімдер немесе бағыт парақтары бойынша хат-хабарды адресаттарға тапсырудың (қолхатпен) дұрыстығын тексереді және құжаттарда көрсетілген мекенжайларға сәйкес шығыс хат-хабарын уақтылы жөнелту үшін жауапты болады.
Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540Қаулысымен.
66. Жөнелтілген құжаттардың төлнұсқаларын не олардың екінші даналарын іс жүргізу және мұрағат секторының жөнелтуге жауапты қызметкері есептік деректерді электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына енгізе отырып, тіркеу-бақылау карточкасында және/немесе тарату көрсеткішінде жөнелту туралы белгімен Кеңсенің жөнелтілетін құжаттарда қозғалатын мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесінің арнайы стеллажының мекен-жай жәшігіне орналастыру жолымен жөнелтеді.
67. Электрондық құжат айналымы жүйесін және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі N 430 қаулысымен бекітілген тиісті Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесінде анықталады.
68. Құжатты жөнелту туралы белгі жөнелту күні мен іс жүргізу және мұрағат секторының жөнелтуді жүзеге асыратын қызметкерінің қолын көрсете отырып, осы құжаттың екінші данасында "Жөнелтілді" деген сөзді жазып жүргізіледі.
69. Үкімет пен Кеңсе Басшылығының, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері басшыларының бір адресатқа жолданатын хаттары, әдетте, төлнұсқада жөнелтіледі, ал екінші данасы есептік деректерді электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына бір уақытта енгізе отырып, Кеңсенің тиісті бөлімшесіне қайтарылады. Егер адресаттар бірнешеу болса, онда оларға Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің нөмірлік дөңгелек мөрімен куәландырылған құжаттардың көшірмелері таратылады немесе көшірмелер электрондық құжаттар форматында берілуі мүмкін, ал жөнелтілгені туралы белгісі бар төлнұсқа тіркеу-бақылау карточкасының бірінші данасымен бірге есептік деректерді электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына бір уақытта енгізе отырып, тиісті құрылымдық бөлімшеге қайтарылады.
70. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның), сондай-ақ Кеңсе Басшысы белгілеген өздерінің құзыреті мен өкілеттіктеріне сәйкес Кеңсе Басшысы орынбасарларының қарарлары Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің нөмірлік дөңгелек мөрімен куәландырылған түрде ғана таратылады, ал олардың төлнұсқалары өздерінің құзыретіне сәйкес Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелерінде қалады. Қолмен жазылған қарарлардың (тапсырмалардың, нұсқаулардың) көшірмелерін жөнелтуге жол берілмейді.
Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540Қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
71-тармақты алып тастау көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
71. Үкімет қаулылары адресаттарға тиісті бланкілерде орындалған, мөрмен куәландырылған көшірмелер түрінде ғана таратылады, ал олардың төлнұсқалары үкіметтік шешімдерді шығару секторында қалады. Адресаттарға таратылатын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қаулылардың ресми көшірмелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің көгілдір немесе қызыл түсті бедері бар елтаңбалық мөрімен куәландырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
72-тармақты алып тастау көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
72. Қаулыларды таратқаннан кейін үкіметтік шешімдерді шығару секторының шығаруға жауапты қызметкері істе бар құжаттардың тізбесін жасайды, оған қол қояды, істің парақтарын нөмірлейді, тарату көрсеткішінде жөнелтілім данасының саны (тиражы) және күні туралы белгілердің болуын тексереді, одан кейін істі ағымдағы мұрағатқа сақтауға орналастырады және есептік деректерді электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына енгізеді.
73. Құжаттарды факсимильдік байланыс арқылы жөнелту кезінде орындаушы адресаттың факсимильдік байланыс аппаратының дәл нөмірін көрсетуі және құжаттың төлнұсқасы мен көшірмесін тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы қабылдау бөлмесінің қызметкеріне немесе Үкімет немесе Кеңсе Басшылығының тиісті қабылдау бөлмесінің қызметкеріне (көмекшіге, кеңесшіге) не іс жүргізу және мұрағат секторына тапсыруы тиіс. Жөнелтілгеннен кейін құжаттың факсимильдік байланыс арқылы жөнелтілгендігі туралы белгісі бар көшірмесі және төлнұсқасы Кеңсенің құжатты дайындаған құрылымдық бөлімшесіне қайтарылады, одан кейін төлнұсқа осы Нұсқаулыққа сәйкес почтамен дереу адресатқа жөнелтіледі.
74. Парламенттің Мәжілісі қайтаратын заң жобаларын фельдъегерлік қызмет тіркеусіз Кеңсе Басшысының қабылдау бөлмесіне жеткізеді және Үкімет Регламентіне сәйкес шешім қабылдау үшін кеңесші (қабылдау бөлмесінің қызметкері) арқылы Кеңсе Басшысына баяндалады. Бұл ретте көрсетілген заң жобаларына ілеспе хаттардың көшірмелерін Кеңсе Басшысының кеңесшісі (қабылдау бөлмесінің қызметкері) Үкіметтің Парламент Мәжілісіндегі Өкілдігіне белгіленген тәртіппен береді.
Ескерту. 74-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
5. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар
құжаттармен жұмыс істеу
75. "Қызмет бабында пайдалану үшін" (бұдан әрі - "ҚПҮ") деген белгісі бар құжаттардағы, істер мен басылымдардағы таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа тартылуына шектеулер қызметтік қажеттіліктен туындаған, Кеңсенің немесе басқа да мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты мәліметтер жатады.
Ашық баспасөзде жариялауға, радио мен теледидар бойынша, ашық электрондық байланыс және Интернет желілерінде таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты беруге тыйым салынады.
76. Кеңсеге келіп түскен "ҚПҮ" деген белгісі бар құжаттар іс жүргізу және мұрағат секторында қабылданады, тіркеледі және есепке алынады. Бұл ретте карточкалардағы тіркеу нөмірлеріне "ҚПҮ" деген белгі қосылады және дананың нөмірі қойылады.
77. Кеңсе бөлімшелерінде таратылуы шектелген мәліметі бар құжаттарды дайындау және ресімдеу кезінде оларға «ҚПҮ» деген белгісі мен дананың нөмірі қойылады. Құжаттың және ілеспе хаттың әрбір данасының соңғы парағының сырт жағында жөнелтілген құжаттың даналары қайда жолданғаны және оның жібергендігі, құжатты орындаушының тегі және файлды жою туралы белгі көрсетіледі.
"ҚПҮ" деген белгіні қоюдың қажеттілігін орындаушы және/немесе құжатқа қол қойған басшы айқындайды.
Ескерту. 77-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
78. Кеңсе Басшысының, оның орынбасарларының және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері басшыларының, егер алған құжаттағы мәліметтер таратылуы шектеулі мәліметтердің тізбесіне кірмейтін болса, одан «ҚПҮ» деген белгіні алып тастауға құқығы бар. Олар сондай-ақ осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен, құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторымен келісім бойынша құжаттардың көшірмелерін жасауға рұқсат бере алады. «ҚПҮ» деген белгісі бар ксерокөшірме құжаттар есебін жүргізу әр данасы бойынша жүзеге асырылады. «ҚПҮ» деген белгісі бар құжаттар басқа құпия емес құжаттардан бөлек, металл сейфтер мен шкафтарда сақталуы тиіс.
Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
79. "ҚПҮ" деген белгісі бар құжаттарды іс жүргізу және мұрағат секторына жөнелтуге тапсырар алдында оларға даналарының нөмірлері қойылады. Мұндай құжаттарды бірнеше мекен-жайға жөнелту кезінде құжаттармен бірге жөнелтілетін даналардың нөмірлері көрсетіле отырып, Кеңсенің құжатты дайындаған құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі немесе оның орынбасары қол қойған тарату көрсеткіші қоса беріледі. "ҚПҮ" деген белгісі бар құжаттар пакеттеріне де "ҚПҮ" деген белгі қойылады.
80. Кеңсе қызметкерлері "ҚПҮ" деген белгісі бар құжаттарды жоғалтқаны, таратылуы шектеулі ақпараттарды жариялағаны немесе таратылуы шектеулі мәліметтерді қамтитын ақпараты бар құжаттармен жұмыс істеу ережесін бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
6. Үкімет мәжілістерін және Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі мен оның орынбасарлары өткізетін
кеңестерді дайындау және өткізу тәртібі
РҚАО-ның ескертпесі!
81-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
81. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістерінде қаралуға жататын мәселелердің тізбесі тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен бекітіледі.
82. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мәжіліске дейін 5 күн бұрын мемлекеттік және орыс тілдерінде белгіленген нысан бойынша Үкімет мәжілісі күн тәртібінің жобасын, шақырылғандардың алдын ала тізімін жасайды және оларды Кеңсе Басшысына қол қоюға береді.
83. Кеңсе Басшысы қол қойған Үкімет мәжілісінің күн тәртібін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі дереу 1 жұмыс күні ішінде онда баяндамашылар ретінде көрсетілген мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ Кеңсенің күн тәртібіне енгізілген мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жібереді. Телефонограмма Үкімет мәжілістеріне қатысушылардың көмекшілері мен қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне беріледі.
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, күн тәртібін Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесіне беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қойған мәжіліске шақырылғандардың тізіміне сәйкес Үкімет мүшелеріне және басқа да лауазымды адамдарға «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы мобильдік құрылғыларға қорғалмаған байланыс арналары бойынша кіруге тыйым салынбаған тиісті материалдармен бірге жібереді.
Ескерту. 83-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
84-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
84. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Үкімет мүшелерінің, агенттіктер төрағаларының, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар басшыларының және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар өкілдерінің, құрылымдық бөлімшелер басшыларының мәжіліске келуіне жауап береді.
Басқа да шақырылған тұлғалардың келуін Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі қамтамасыз етеді.
85. Мәжіліс залын техникалық дайындауды (дыбыс күшейткішті, дыбыс жазбаны және микрофондарды, электрондық дауыс беру пульттерін, бейнепроекторды, экранды, сусынды, жазу керек-жарақтарын, тиісті жарық беруді және кондиционерлеуді, слайдтар көрсетуге дайындықты қамтамасыз ету және т.б.) Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімі жүзеге асырады.
Ескерту. 85-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
86. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдарды, Үкімет мәжілісіне шақырылғандардың тізімін анықтау немесе нақтылау жөніндегі ұсыныстарды мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік орган мәжіліске дейінгі 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей, ал таныстырулардың электрондық нұсқаларын мәжіліс болатын күннің алдындағы екі күннен кешіктірмей енгізеді.
Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
87. Үкімет мәжілістері Премьер-Министрдің не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның тапсырмасы бойынша жедел тәртіппен өткізілетін ерекше жағдайларда материалдар Кеңсеге ол өткізілетін күні енгізілуі және Үкімет мәжілісіне қатысушыларға тікелей мәжілісте жеткізілуі мүмкін.
88. Кеңседе материалдардың уақтылы енгізілуі жөніндегі бақылау үшін мәжілісте қаралатын мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше жауапты болып табылады.
89. Үкімет мәжілісіне материалдар уақтылы тапсырылмаған, сондай-ақ олар толық емес көлемде және сапасыз пысықталған түрде ұсынылған жағдайда Премьер-Министр не оның келісімі бойынша Кеңсе Басшысы жоспарланған мәселені қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
90. Үкімет мәжілісіне материалдар хаттамалық шешімнің жобасын, көлемі 5 беттен аспайтын анықтамаларды, салыстырма кестелерді, слайдтарды, ақпараттық (талдамалық) және Үкімет мәжілісінде қаралатын мәселелер бойынша басқа да материалдарды қамтуы және мемлекеттік және орыс тілдерінде енгізілуі тиіс.
91. Қаралатын мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелер материалдарды талдауды жүргізеді, жүргізу тәртібінің жобасы бойынша ұсыныстар және қажет болған кезде материалдар бойынша анықтама жасайды және егер Кеңсе Басшысы өзге мерзім белгілемеген болса, мәжіліске дейін 4 күнтізбелік күннен кешіктірмей Кеңсе Басшысының қарауына енгізеді.
Заң бөлімі көрсетілген материалдар Кеңсе Басшысының қарауына шығарылғанға дейін оларды Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) алдын ала келіседі.
Ескерту. 91-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
92. Жүргізу тәртібінің жобасы, материалдар бойынша анықтама, егер Кеңсе Басшысы өзге мерзім белгілемеген болса, мәжіліске дейін кемінде 3 күнтізбелік күннен кешіктірмей қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшемен, Кеңсе Басшысымен келісіледі.
93. Кеңсе Басшысымен келісілген және құрылымдық бөлімшенің басшысы бұрыштама қойған жүргізу тәртібінің жобасы, ақпараттың қағаз және электрондық жеткізгіштердегі анықтамасы, сондай-ақ олардың электрондық нұсқасы пысықтау үшін Премьер-Министрдің кеңесшісіне жіберіледі.
Көрсетілген материалдарға Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қосымша бұрыштама қоюы Заң бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде талап етіледі.
Ескерту. 93-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
94. Үкімет мәжілісіне шақырылғандар тізімінің түпкілікті нұсқасын жасау үшін мәжіліс алдындағы күні Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі шақырылғандардың тізімін нақтылайды.
95. Мәжіліске қатысушылардың құрамындағы барлық өзгерістер туралы Кеңсе Басшысына баяндалады. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі анықтама жасайды, онда Үкімет мәжілісінің кворумын және себептерін көрсете отырып, қатыспаған Үкімет мүшелерінің тізімін анықтайды.
96. Үкімет мәжілісіне шақырылғандардың түпкілікті тізіміне Кеңсе Басшысы қол қояды.
97. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мәжіліс алдындағы күні Кеңсе Басшысы қол қойған шақырылғандар тізімінің түпкілікті нұсқасын көбейтеді:
1) отырғызуды жүзеге асыру үшін бір данасын Сыртқы байланыстар және хаттама бөліміне береді;
2) нөмірлік мөртабан қойғаннан кейін бір данасын Премьер-Министрдің күзет қызметіне және үш данасын әкімшілік ғимараттың күзетіне береді;
3) Премьер-Министрдің (түпнұсқа), оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының атаулы папкаларына салады не көрсетілген папкаларға салу үшін тиісінше Хатшылыққа және Кеңсе Басшысының көмекшісіне береді;
4) Кеңсе Басшысына кворум туралы баяндайды.
98. Әдетте, Үкімет мәжілістерінің кейіннен фонограммаларды толық жазып және оларды қағазға басып шығарып, дыбысжазбасы жүргізіледі. Қажет болған кезде Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша мәжілістің бейнежазбасы жүргізілуі мүмкін.
Хаттаманың шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында мәжіліс барысында Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері баяндамашылар мен сөз сөйлеушілердің тегін, Үкімет мүшелері және қатысушылар айтқан ескертулер мен ұсыныстарды жұмыс бабында жазуды, сондай-ақ мәжіліс фонограммасының толық жазылуымен (егер мұндай жүргізілсе) салыстырылатын талқыланатын мәселелер бойынша төрағалық етуші берген тапсырмаларды есепке алуды жүргізеді.
99. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі ілеспе аударма (мемлекеттік және орыс тілдері) үшін жауапты болып табылады.
100. Баяндамашылардың таныстыруларын (слайдтарын) көрсетуді тексеруді мәжіліс өткізілер алдындағы күні құзыретіне таныстыратын мәселелер кіретін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мен Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімі баяндамашы мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп жүргізеді. Таныстыруларды (слайдтарды) көрсету тәртібі мен оған қойылатын талаптарды Кеңсе Басшысы анықтайды.
Ескерту. 100-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
101. Мәжіліске қатысушыларды тіркеуді Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
102. Мәжіліске қатысушыларды тіркеу мәжіліс басталғанға дейін кемінде 30 минут бұрын, ал кеңейтілген мәжілістерде - мәжіліс басталғанға дейін 1 сағат бұрын басталады.
103. Мәжіліске қатысушыларды тіркеу, әдетте, мәжіліске дейін 5 минут бұрын аяқталады.
104. Үкімет мүшелері, агенттіктердің төрағалары, ұлттық холдингтердің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары, баяндамашылар келмеген жағдайда Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің тіркеуді жүзеге асыратын қызметкері келмеген қатысушының көмекшісімен немесе қабылдау бөлмесінің басшысымен дереу хабарласады, келмеудің себептерін нақтылайды және бұл туралы Кеңсе Басшысына хабарлайды.
Ескерту. 104-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 қаулысымен.
105. Тіркеу аяқталғаннан кейін мәжіліске нақты қатысатындардың тізімі және Үкімет мәжілісінің кворумы айқындалған түпкілікті анықтама және себептерін көрсете отырып, Үкіметтің келмеген мүшелерінің тізімі Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысына беріледі.
106. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі тиісті материалдармен бірге күн тәртібін «Қазақстан Республикасының мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қойған тізімге сәйкес және осы Нұсқаулықтың 83-тармағының талаптарын орындай отырып, Үкімет мүшелеріне және басқа да лауазымды адамдарға мобильдік құрылғыларына жіберді.
Ескерту. 106-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
107. Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына арналған материалдар арнайы тыстарда реттік нөмірін көрсете отырып, атаулы папкаларға жинақталады және мәжіліске дейін 1 күн бұрын Хатшылыққа, тиісті қабылдау бөлмелеріне беріледі.
Материалдарға қосымша Премьер-Министрдің және Кеңсе Басшысының папкілеріне қаралатын мәселелер (болған жағдайда) құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелердің анықтамалары қоса салынады.
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына арналған материалдарды жинақтауға жауапты болып табылады. Үкімет мәжілісінде қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше (Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) алдын ала келісім бойынша Заң бөлімі):
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне - Кеңсе Басшысымен келісілген шақырылғандардың тізімі (Үкімет мүшелерінен және Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларынан басқа);
Премьер-Министр Кеңесшісіне – Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы белгілеген тәртіппен ресімделген және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тиісті орынбасарымен келісілген қаралатын мәселе бойынша Үкімет мәжілісін жүргізу тәртібінің жобасы, сондай-ақ Үкімет мәжілісінің қарауына енгізілген құжаттар бойынша анықтама дайындайды және мәжіліске дейін күнтізбелік 3 күн бұрын ұсынады. Хатшылық мәжіліске арналған материалдар салынған папкаларды Премьер-Министр үшін жинақтауды жүзеге асырады, ал жүргізу тәртібінің түпкілікті көшірмесін Кеңсе Басшысының қабылдау бөлмесіне береді.
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мәжіліске шақырылғандардың жалпы тізімін жасайды, оған Кеңсе Басшысы қол қояды.
Ескерту. 107-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
108. Кюверттік карточкаларды қоюды және мәжіліске қатысушыларды отырғызуды Кеңсенің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі жүзеге асырады.
109. Үкіметтің мәжілістерінде Премьер-Министр, ал ол болмағанда - Премьер-Министр белгілеген тәртіппен Премьер-Министрдің орынбасары не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы төрағалық етеді.
110. Мәжілістерге Президент қатысқан кезде Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр төрағалық етеді.
111. Үкімет мәжілістері ашық болып табылады және мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің не Премьер-Министрінің бастамасы бойынша Үкіметтің жабық отырыстары өткізілуі мүмкін.
112. Егер мәжіліске Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екі бөлігі қатысса, ол заңды болып есептеледі. Үкімет мүшелері мәжілістерге алмастыру құқығынсыз қатысады.
113. Қаулылардың жобаларын қарау мәжілістің күн тәртібіне енгізіледі және осы Нұсқаулықта көрсетілген тәртіпке сәйкес Үкімет мүшелерінің назарына жеткізіледі.
114. Үкіметтің мәжілістерінде қаулы жобасы бойынша әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы баяндайды. Қолда бар ескертулер мен ұсыныстар бойынша жоба жөнінде Кеңсе Басшысы баяндайды.
115. Үкімет қаулыларының әрбір жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін көрсете отырып, хаттамалық шешім қабылданады.
116. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
117. Үкіметтің мәжілісі барысында Кеңсенің құзыретіне қаралатын мәселе жататын құрылымдық бөлімшесінің қатысып отырған қызметкері не осы бөлімшенің басшысы хаттамалық жазбалар жүргізеді.
118. Үкімет мәжілісінде қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді.
119. Фонограмманы толық жазу және оларды басып шығару мәжілістен кейін бір күн мерзімде жүзеге асырылады. Қағазға басып шығарылған фонограмма көбейтіліп таратылады және Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мәселелері Үкімет мәжілісінде қаралған құрылымдық бөлімшелерге береді.
120. Хаттамалар Үкімет мәжілісінің стенограммасы негізінде және соған сәйкес дайындалады. Премьер-Министрдегі кеңестердің хаттамаларын дайындау кезінде осындай тәртіп қолданылады.
121. Мәжілісте қаралған мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелер құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұрыштама қойған хаттамалық шешімнің жобасын, сондай-ақ ақпаратты электрондық жеткізгіштегі хаттаманың жобасын дайындайды және мәжілістен кейін екі күн мерзімде Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне табыс етеді.
Заң бөлімі Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) да бұрыштама қойған хаттамалық шешімнің жобасын ұсынады.
Ескерту. 121-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
122. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Үкімет мәжілісінің хаттамасын Кеңсенің мәжілісте қаралған мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелері дайындаған хаттамалық шешімдер жобаларының негізінде Үкіметтің елтаңбалық бланкісінде жасайды.
123. Елтаңбалық бланкіге ауыстырғаннан кейін хаттамаға орындаушы және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері (өздерінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша), Кеңсе Басшысының орынбасарлары (міндеттерді бөлуге байланысты), Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы бұрыштама қояды және мәжілістен кейін төрт күн мерзімде Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.
Ескерту. 123-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
124. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі бір күн мерзімде Үкімет мүшелеріне, агенттіктердің төрағаларына және хаттамада өздеріне қатысты бөлігінде тапсырмалар берілген адресаттарға хаттамадан үзінді көшірме дайындайды, мемлекеттік тілге аударуды, мәтіндердің дәлме-дәлдігін тексеруді, бақылауға қоюды және таратуды қамтамасыз етеді.
125. Кеңсенің қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесі кеңеске материалдарды, шақырылғандардың тізімін, хаттаманың жобасын дайындауды ұйымдастыруға жауапты болып табылады.
126. Премьер-Министрдегі кеңеске шақырылғандардың тізімін Кеңсе Басшысы бекітеді.
127. Кеңеске материалдарды, Премьер-Министрде өтетін кеңесті жүргізу тәртібінің жобасы кеңеске дейін 1 күн бұрын Хатшылыққа жіберіледі.
128. Премьер-Министрдің орынбасарында, Кеңсе Басшылығында өтетін кеңеске материалдар тиісті қабылдау бөлмелеріне кеңестің алдындағы күні жіберіледі.
129. Кеңеске қатысушылардың келуін, оларды тіркеуді Кеңсенің қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесі қамтамасыз етеді.
130. Үкімет (Кеңсе) Басшылығында өтетін кеңестер міндетті түрде хаттамаланады. Хаттамаларға хронологиялық тәртіппен (жыл басынан бері) іс номенклатурасына сәйкес есептік нөмірлер беріледі.
131. Кеңесте жұмыс жазбаларын жүргізуді Кеңсенің мәселені дайындауға жауапты болып табылатын құрылымдық бөлімшесінің оған қатысып отырған қызметкері не төрағалық етуші белгілеген тұлға жүзеге асырады.
132. Хаттаманы ресімдеуді, Кеңсенің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен келісуді және кеңесте төрағалық етушіге қол қоюға ұсынуды кеңес өткізілген күннен бастап 3 күннен кешіктірмей қызметкері хаттаманы жүргізген Кеңсенің бөлімшесі жүргізеді.
133. Премьер-Министрде және оның орынбасарларында өткен кеңестердің хаттамалары міндетті түрде Кеңсенің Басшысымен келісіледі.
Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамалары құқықтық сипаттағы мәселелер болған жағдайда, сондай-ақ Премьер-Министрдің, Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмалары бойынша Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісіледі.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі мен «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесі мәжілістерінің хаттамалары да міндетті түрде Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісілуі тиіс.
Ескерту. 133-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540Қаулысымен.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен
Премьер-Министрінің өкімдері жобаларының Премьер-Министр
Кеңсесінде ресімделу және өту тәртібі
РҚАО-ның ескертпесі!
134-тармақты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
134. Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілетін Үкімет қаулыларының жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын, заң жобаларын (бұдан әрі - жобалар) үкіметтік шешімдерді шығару секторы сәрсенбі күні сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін қабылдайды.
134-1. Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрдің, Президент Әкімшілігі басшыларының, Премьер-Министрдің орынбасарларының сондай-ақ Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысының тапсырмалары бар жобаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Премьер-Министрі өкімдерінің жобаларын Кеңсеге ағымдағы жылғы 20 желтоқсанға дейін енгізеді.
Ескерту. Нұсқаулық 134-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.13 № 34 Қаулысымен.
135. Жобаны енгізген мемлекеттік органның өкілі жобаның төлнұсқасын Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің үкіметтік шешімдерді шығару бойынша жауапты қызметкеріне тапсырады, ол жобаның Үкімет Регламенті мен осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін тексереді.
Ескерту. 135-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
135-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
136. Премьер-Министрдің Кеңсесінде Заң бөлімі жобаны заңдық техника қағидаларының сақталуына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне тексеруді, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мемлекеттік және орыс тілдері ережелерінің сақталуына, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігіне (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігіне әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы дербес жауап береді) және Үкімет Регламентінің және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігіне алдын ала тексеруді ұйымдастырады. Алдын ала тексеру жүргізуге арналған мерзім жоба түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Ескерту. 136-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
137. Белгіленген тәртіппен тіркелген, бұрын тіркелген құжатқа келіп түскен (Үкімет немесе Кеңсе Басшылығы бұрын берген тапсырмаларды орындау үшін) Үкімет қаулыларының жобалары олардың құзыретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне тікелей жіберіледі.
Бұрын тіркелген нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заң бөлімі алдын ала қараса) кейіннен Заң бөліміне жіберу үшін Кеңсе басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне беріледі.
Ескерту. 137-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
138. Үкімет қаулыларының жобаларын (заң жобаларын қоспағанда) алдын ала тексеру нәтижелері туралы Кеңсе басшысының орынбасары (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) мен Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Кеңсе Басшысын немесе оның міндеттерін атқарушы адамды хабардар етеді.
Баяндаудың қорытындылары бойынша Кеңсе Басшысы алдын ала тексерілген Үкімет қаулыларының жобалары бойынша бар ескертулерді талқылау үшін орталық атқарушы органдар жауапты хатшыларының (Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың) қатысуымен кеңес еткізу туралы шешім қабылдайды.
Кеңсе Басшысындағы кеңесте мынадай шешімдер қабылданады:
қаулының жобасы Үкіметтің мәжілісіне шығарылсын;
қаулының жобасы Кеңсенің тиісті бөлімінде пысықталсын және ол Үкіметтің мәжілісіне шығарылсын;
қаулының жобасы әзірлеуші мемлекеттік органға қайтарылсын.
Ескерту. 138-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
139-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 (жариялануға жатпайды) қаулысымен.
139. Жоба:
1) жобаны кез келген негіздер бойынша дауыс беруге шығарғанға дейін Премьер-Министрдің шешімі бойынша;
2) Премьер-Министрдің орынбасарларында өткен кеңестердің хаттамасы негізінде пысықтауға қайтарылуы мүмкін.
Әзірлеуші мемлекеттік органның жобаны жұмыс тәртібімен пысықтау мерзімі 20 жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Ескерту. 139-тармаққа өзгеріс енгізілді - 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
140. Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдері жобаларының Кеңседе өту мерзімі осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес белгіленеді.
Алдын ала тексеруден кейін Кеңседе жобалардың өту мерзімі (жоба құрылымдық бөлімшелерге түскен күнінен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейін): Үкімет қаулыларының жобалары үшін 20 жұмыс күнінен (басымдықты заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған, өту мерзімі 5 күнтізбелік күннен аспауы тиіс заң жобаларын қоспағанда); Премьер-Министр өкімдерінің жобалары үшін 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Жобалар мәтінінің көлемі үлкен және күрделі болуына байланысты өту мерзімін (басымдықты заң жобаларының және шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған заң жобаларының өту мерзімінен басқа) Кеңсе Басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға ұзартуы мүмкін.
Ескерту. 140-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
141. Үкімет Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына бастамашылық жасаған жағдайда олар Үкіметтің Регламентіне сәйкес Президент Әкімшілігіне енгізіледі. Бұл ретте енгізілетін жобалардың және оларға материалдардың көшірмелері Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің үкіметтік шешімдерді шығару секторында қалады.
142. Кеңсе Басшысы Премьер-Министрге келіп түскен жобалар, жобаны Үкіметтің мәжілісіне немесе Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығару туралы ұсыныстар туралы, сондай-ақ алдын ала тексеру барысында анықталған жобаға ескертулер туралы хабарлайды.
143. Үкімет мәжілісіне шығару туралы олар бойынша шешім қабылданған жобалар Үкімет мәжілісіне тиісті анықтама дайындау үшін Кеңсенің қаралатын жобалардың мәселелері құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.
144. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Үкіметтің отырысына шығарылатын жобалар бойынша:
жобаларды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде бар, оның ішінде редакциялық сипаттағы және заңдық техника бойынша ескертулерді ескере отырып дербес пысықтайды. Қалған жағдайларда жобалар Үкімет немесе Кеңсе Басшылығының тапсырмасы бойынша пысықталады және жобаның түпкілікті нұсқасына әзірлеуші мемлекеттік орган қайтадан бұрыштама қояды, ал қажет болған жағдайда басқа мүдделі мемлекеттік органдармен қайта келісіледі;
жобаларды тиісті елтаңбалы бланкіде ресімдейді;
әр парағына қол қойылғаннан кейін жобаларға (қағаз тасығыштарда және электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар форматында) мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшылары және Кеңсе Басшысының орынбасарлары (олардың міндеттерінің бөлінуіне сәйкес) бұрыштама соғады, ал заң жобаларын Парламентке жолдауды немесе Парламенттен қайтарып алуды көздейтін қаулы жобаларына Үкіметтің Парламент Мәжілісіндегі Өкілдігінің басшысы қол қояды;
Кеңседе әзірленетін жобаның пысықталатын тұстарының көлемі мен сипатын баяндай отырып, жоба бойынша анықтаманы Кеңсе Басшысына қол қоюға ұсынады. Үкімет отырысы өткізілгенге дейін екі күннен кешіктірмей толық дайындалған құжаттардың пакетін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне береді.
Үкіметтің отырысында Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданған қаулылардың жобалары сол күні Премьер-Министрдің орынбасарларына (тиесілілігі бойынша) және Кеңсе Басшысына бұрыштама соғуға беріледі, одан кейін Премьер-Министрге қол қоюға беріледі. Қаулының жобасына Кеңсе Басшысы қол қойған Үкімет мүшелерінің дауыс беру қорытындылары туралы анықтама қоса беріледі.
Тіркелген жобалардың төлнұсқалары Кеңсе Басшысының отырысында олар қаралғанға дейін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде сақталады.
Ескерту. 144-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.13 № 34, 2012.04.27 № 540, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
145. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің Үкімет мәжілісіне енгізілген жобалар бойынша ескертулері Кеңсе Басшысына қол қоюға ұсынылатын анықтамада көрсетіледі.
146. Үкімет қаулыларының жобаларына және Үкімет бастамашылық еткен заң жобалары бойынша, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша депутаттардың түзетулеріне Үкiмет қорытындыларының жобаларына сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 146-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
147. Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне арналған мерзім дауыс беру үшін жоба (жоба бойынша материалдар) таратылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр және Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы дауыс беруге арналған мерзімді қысқартуы мүмкін.
148. Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Премьер-Министрдің Кеңсесіне өз пікірлерін білдіретін жазбаша жауаптар жібереді. Жазбаша жауап көрсетілген мерзімде болмаған жағдайда Үкімет мүшесі жобаны қабылдау үшін дауыс берді деп саналады.
149. Егер жоба бойынша Үкімет мүшелері жалпы санының көпшілігі жобаны қабылдау үшін дауыс берсе, сырттай дауыс беру өтті деп саналады.
149-1. Сырттай дауыс беру нәтижелері бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің орындаушылары бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағын жасайды.
Ескерту. Нұсқаулық 149-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.13 № 34 Қаулысымен.
150. Жоба бойынша сырттай дауыс беруді ұйымдастыру мен өткізуді Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
Бұл ретте, Кеңсе Басшысы қағаз және электрондық жеткізгіштердегі жобаларға тиісті тапсырмаға қол қояды, осыдан кейін үкіметтік шешімдерді шығару секторының қызметкері Үкімет мүшелерін ЭҚАБЖ бойынша тиісті тапсырма туралы хабардар етеді. "Қызмет бабында пайдалану үшін" жобалары фельдъегерлік немесе арнайы байланыс арқылы қағаз тасығышта жіберіледі.
Ескерту. 150-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.13 № 34 Қаулысымен.
151. Үкімет қабылдаған жобаны Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі бұрыштама қоюды (келісуді) қамтамасыз ету және қол қоюға ұсыну үшін Кеңсенің қаралатын жоба мәселелері құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесіне жібереді. Бұл ретте жобаға қаулылардың (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын Кеңседе келісу парағы қоса тіркеледі ( 7-қосымша ). Қаулылар мен өкімдердің әрбір өту сатысында Кеңсенің барлық құрылымдық бөлімшелерінде келісу парағын толтыру міндетті. Қаулылар мен өкімдердің жобаларын келісу парағы қаулының немесе өкімнің жобасына басқа да материалдармен бірге істе болуға тиіс және алуға жатпайды.
152. Жобаға орындаушы қол қояды және Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері, Премьер-Министрдің орынбасары (тиісті мәселелерге жетекшілік ететін), Кеңсе Басшысы және оның орынбасары (тиісті мәселелерге жетекшілік ететін) бұрыштама қояды және Хатшылық арқылы Премьер-Министрге қол қоюға ұсынылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
153-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
153. Қаулы мәтінінде оны жариялау қажеттігіне нұсқау болған не қаулыға Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының (олар болмаған кезде - тиісінше Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының міндетін атқарушы тұлғалардың) осы қаулыны жариялау туралы тапсырмасы қоса берілген жағдайда орындаушы тарату көрсеткішіне Премьер-Министрдің Баспасөз қызметін қосуға міндетті, ол Үкімет Регламентіне сәйкес қаулылардың бұқаралық ақпарат құралдарында уақтылы жариялануын қамтамасыз етеді.
Тарату көрсеткішінің дұрыс ресімделуі үшін, сондай-ақ оған қажетті лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың кіргізілгені немесе кіргізілмегені үшін жобаның Кеңседе өтуі үшін жауап беретін Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің басшысы жауапты болады.
Орындаушы шығаруға толық дайын қаулыны (өкімді) және оның ақпаратты электрондық жеткізгіштегі көшірмесін келісу парағына қолын қойғызып, үкіметтік шешімдерді шығару секторының меңгерушісіне тапсырады (немесе электрондық құжат форматында жібереді).
154. Үкімет қаулыларының жобалары Үкімет мәжілісінде қарағаннан немесе сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғаннан кейін үш күн ішінде Премьер-Министрге қол қоюға баяндалуға тиіс.
РҚАО-ның ескертпесі!
155-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
155. Үкіметтік шешімдерді шығару секторы Үкіметтің қол қойылған қаулысын ала отырып, істі түпкілікті қалыптастырады, онда бастапқы материалдардың және оларға қосымшалардың бар-жоғын, қажетті келісулер мен тарату көрсеткішінің бар-жоғын тексереді, жобалардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің дәлме-дәлдігін 1 жұмыс күні ішінде қайта тексереді.
156. Істе барлық қажетті құжаттар болғанда және олар тиісінше орындалған кезде үкіметтік шешімдерді шығару секторының шығаруға жауапты қызметкері Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісіне бұл туралы хабарлайды, одан кейін Премьер-Министр (оның міндеттерін атқарушы адам) қол қойған жобаны тіркейді және оны тираждауды, Үкіметтің елтаңбалық мөрімен куәландыруды және Кеңсенің осы жобаны дайындауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі қол қойған тарату көрсеткішіне сәйкес адресаттарға жөнелту үшін іс жүргізу және мұрағат секторына беруді қамтамасыз етеді. Жекелеген жағдайларда тарату көрсеткішіне сәйкес адресаттарға қаулылардан оларға қатысты бөлігіндегі үзінді көшірме ғана жіберілуі мүмкін.
Ескерту. 156-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
157. Үкімет қаулылары адресаттарға көрсеткіш (тарату есебі) бойынша (Үкіметтің елтаңбалық мөрімен куәландырылған түрде қағаз тасығыштарда Әділет министрлігіне, әзірлеуші мемлекеттік органға ғана) таратылады, басқа мемлекеттік органдарға ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында ғана беріледі, ал олардың төлнұсқалары үкіметтік шешімдерді шығару секторында қалады.
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы Үкімет қаулысын қабылдаған мемлекеттік орган оны А-4 пішініндегі қағаз тасығышқа басып шығарады, Үкіметтің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесінде көзделген тәртіппен ЭЦҚ-ның оң нәтижесі айқындалғаны туралы мөртабанмен куәландырады және белгіленген тәртіппен тіркейді.
Кеңсе Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің куәландырылған көшірмелерін тарату кезінде Әділет министрлігіне жіберген, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған ілеспе электрондық құжатта құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде мәліметтердің деректерін орналастыру үшін оларды әзірлеуші мемлекеттік органды көрсетеді.
Ескерту. 157-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
158. Қаулыларды таратқаннан кейін үкіметтік шешімдерді шығару секторының шығаруға жауапты қызметкері істе бар құжаттардың тізбесін жасайды, оған қол қояды, істің парақтарын нөмірлейді, тарату көрсеткішінде даналар (тиражы) саны, жөнелту күні туралы белгілердің бар-жоғын тексереді, одан кейін сақтауға арналған істі ағымдағы мұрағатқа орналастырады және электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына есептік деректерді енгізеді.
159. Үкімет актілерінің, Премьер-Министр өкімдерінің және Кеңсенің басқа да құжаттарының ресімделуін бақылауды Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
160. Кеңсенің, басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қаулылар мен өкімдердің көшірмелерін өз бетінше түсіруге тыйым салынады.
«Қаулылар мен өкімдердің Үкіметтің елтаңбалы мөрінің ксерокөшірмесі бар көшірмелері жарамсыз болады.
Ескерту. 160-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
161. Қаулылардың (өкімдердің) түпнұсқалары танысу үшін осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның нұсқауы бойынша ғана Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі арқылы ұсынылуы мүмкін.
Қаулының (өкімнің) түпнұсқасын сұрату және қайтару туралы мәліметтерді үкіметтік шешімдерді шығару секторының тиісті қызметкері есепке алу журналында көрсетеді. Журнал нөмірленген, қатталып тігілген және мөрмен бекітілген болуы тиіс. Журналдың дұрыс толтырылуы және оның сақталуы үшін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі бекіткен міндеттерді бөлуге сәйкес үкіметтік шешімдерді шығару секторының қызметкері жауапты болады.
8. Қызметтік құжаттарды, мөрлерді, бланкілерді және есепке
алу нысандарын сақтау мен пайдалану ережелерін сақтау
162. Кеңсе қызметкерлері құжаттармен жұмыс істеген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларымен жұмыс істеу жөнінде белгіленген талаптарды қатаң сақтауға, мемлекеттік және қызметтік құпияны, «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар шектеулі түрде таралатын қызметтік ақпаратты жария етпеуге, құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, жұмыс орнында қызметтік кабинеттерге бөгде адамдардың рұқсатсыз кіруі және олардың қызметтік құжаттармен танысуы, компьютерлерді, жазу машинкаларын, жазатын және көшіргіш қағаздарды, телефондарды және басқа да ұйымдастыру техникасы құралдарын пайдалануы мүмкіндігін болдырмайтындай тәртіп сақтауға міндетті. Қызметтік кабинеттердің кілтін есіктің сыртқы құлпында қалдыруға тыйым салынады.
Кеңсе құжаттары көшірмелерін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің рұқсатынсыз кімге болса да беруге үзілді-кесілді тыйым салынады.
Ескерту. 162-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
163. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Премьер-Министр берген өкілеттіктер сертификаттары көшірмелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Сертификаттар көшірмелері оларға қол қойылған күні бойынша жеке топтастырылады және құпия іс жүргізу секторында сақталады.
164. Елтаңбалы мөрлерді сақтау және қолдану тәртібі Үкіметтің жеке қаулысымен белгіленеді.
165. Кеңсе бланкілері құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторының өтінімдері бойынша, ал Кеңсе Басшысының бұйрықтары мен іссапар куәліктерінің бланкілері – Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімінің тапсырысы бойынша баспаханалық тәсілмен дайындалады.
Қаулылардың, өкімдердің және хаттардың бланкілері баспаханалық тәсілмен нөмірленеді.
Бланкілердің есебін жүргізу және Кеңсе бөлімшелеріне беру құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторына жүктеледі.
Ескерту. 165-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
166. Кеңсе қызметкерлері құжаттарды жоғалтқаны, қызметтік ақпаратты жария еткені, құжаттармен жұмыс істеудің ережелерін және осы Нұсқаулықтың басқа да ережелерін бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
9. Кеңсе қызметкері жұмысынан босаған немесе басқа жұмысқа
ауысқан кезде істер мен құжаттарды қабылдап алу,
беру, құжаттарды бір бөлімшеден екіншісіне беру
167. Кеңсе қызметкері жұмысынан босаған немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының нұсқауы бойынша өзіндегі орындауға арналған барлық істер мен құжаттарды, жинақталған анықтамалық материалдарды осы бөлімшенің басқа қызметкеріне береді.
Бұл жағдайда құжаттарды беруші қызметкер екі данада қызметтік істерді қабылдап алу-беру туралы акт жасайды, онда берілетін құжаттар көрсетіледі және беру күніне шешілмеген мәселелердің орындалу жай-күйі сипатталады. Актінің екі данасына да құжаттарды беруші және қабылдап алушы қызметкерлер қол қояды және құрылымдық бөлімше басшысы бекітеді. Бір данасы Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің мұрағатына (бұдан әрі - Мұрағат) сақтауға беріледі, ал екінші данасы Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі құжаттарының есебін жүргізу және сақтау үшін жауапты адамда қалады.
Актінің негізінде осы құрылымдық бөлімшенің қызметкері құжаттарды басқа қызметкерге беру туралы тіркеу-бақылау карточкасына белгі қояды.
168. Құрылымдық бөлімшенің қабылдау бөлмесінің қызметкері жұмысынан босаған немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде өзіндегі барлық құжаттарды (оның ішінде істерді, картотеканы, өзге де қызметтік құжаттарды) екі данада жасалған акт бойынша жаңадан тағайындалған қызметкерге (немесе бөлім меңгерушісінің нұсқауы бойынша басқа адамға) береді. Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекіткен актінің бір данасы мұрағатта сақтау үшін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне беріледі.
169. Қызметкер демалысқа кеткенде немесе ұзақ іссапарға шыққанда ондағы орындауға арналған қызметтік құжаттар Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі басшысының нұсқауы бойынша басқа қызметкерге беріледі. Осы бөлімшенің қызметкері тіркеу-бақылау карточкаларына құжаттардың берілгені туралы белгі қояды. Егер қызметкер оралғаннан кейін құжаттар орындалмай қалса, олар карточкаға тиісті белгі соғыла отырып, оған қайтадан беріледі.
170. Құжаттарды Кеңсенің бір құрылымдық бөлімшесінен екіншісіне беру мынадай тұрғыда жүзеге асырылуы тиіс:
Үкімет немесе Кеңсе Басшылығының қарары болмаған жағдайда - құрылымдық бөлімшелер басшыларының (олардың орынбасарларының) уағдаласуы бойынша;
құжатқа Үкімет немесе Кеңсе Басшылығының Кеңсенің бір құрылымдық бөлімшесінің атына тапсырмасы бар қарары болған жағдайда, мұндай құжаттарды басқа бөлімшеге орындауға беру тек Кеңсе Басшысының немесе оның орынбасарларының нұсқауы негізінде іс жүргізу және мұрағат секторы арқылы мүмкін болады.
10. Істер номенклатурасын жасау және құжаттарды іске жинақтау
РҚАО-ның ескертпесі!
171-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
171. Істер номенклатурасы орындалған құжаттарды жинақтау және жүйелеу, істерді Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері мен мұрағатта сақтау, есепке алу мерзімдерін айқындау үшін қызмет етеді.
Номенклатураға кіргізілген істердің тақырыптары жұмыстың мазмұнын көрсетуі тиіс, ол бойынша құжаттар олардың түрлері (қаулылар, өкімдер, хаттамалар, жоспарлар, есептер, хат жазысулар және басқалары) көрсетіле отырып, істерге топтастырылады.
Жыл сайын (желтоқсанда) Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріндегі істер номенклатурасы нақтыланады және мұрағатпен келісіледі. Осы номенклатураның негізінде Кеңсе істерінің жиынтық номенклатурасы жасалады, ол Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатымен келісіліп, Кеңсе Басшысы бекітеді және жаңа жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Жыл ішінде мұрағатпен келісім бойынша істердің бекітілген жиынтық номенклатурасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Ағымдағы іс жүргізуде құжаттарды істерге қалыптастыру
172. Істің нөмірі Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің индексі мен істің номенклатура бойынша нөмірінен тұрады (мысалы, N 5 - 8, мұнда 5 - құрылымдық бөлімшенің индексі, 8 - номенклатура бойынша істің нөмірі).
173. Істерді жинақтауды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің осы бөлімшелердің ағымдағы мұрағаттарын жүргізуге жауапты қызметкерлері номенклатураға сәйкес жүзеге асырады. Құжаттардың мазмұны номенклатура бойынша істің тақырыбына сәйкес келуі тиіс. Іске керексіз нобайлықтарды, көбейтілген көшірмелерді және т.с.с. қосуға жол берілмейді.
Іске шешілген мәселелер бойынша құжаттар тігіледі, бұл ретте құжаттардың болуы, сондай-ақ олардың ресімделуінің дұрыстығы (қолдар, күндері, тіркеу нөмірлері, бұрыштамалар, қосымшалары, қарарлары, орындалғаны және "Іске" жіберілгені туралы белгілер) карточкамен салыстырылады. Орындалмаған және дұрыс ресімделмеген құжаттар орындаушыға қайтарылады.
Іске, әдетте, бір күнтізбелік жылдың құжаттары қосылады.
Ағымдағы жылда қойылған мәселелердің шешімі келесі жылдың іс қағаздарын жүргізумен аяқталған жағдайда, құжаттар индексі сақтала отырып, олар шешілген жылдың істеріне тігіледі.
Тұрақты және уақытша сақталатын құжаттар жеке істерге топтастырылады.
Әр іс көп дегенде 180 парақты қамтуы тиіс. Егер істе құжаттар көп болса, онда олар томдарға (бөліктерге) бөлінеді.
Әрбір том беттері дербес нөмірленген жеке істі білдіреді. Барлық томдағы тақырыптар бірыңғай болуы тиіс, осы томның ерекшеліктері ғана қосымша көрсетіледі.
Істің тақырыптары қысқа, қорытылған нысанда іс құжаттарының негізгі мазмұны мен құрылымын білдіруі тиіс.
Ескерту. 173-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 Қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
174. Бір мәселе бойынша құжаттар мынадай тәртіппен қалыптастырылады:
мәселенің пайда болуына негіз болған құжат;
мәселе шешілген құжат;
осы мәселені шешуді негіздейтін қорытындылар, анықтамалар және басқа да құжаттар (хронологиялық тәртіппен немесе қисындық ретпен).
Тұрақты және уақытша сақтау мерзімді құжаттары бар істі Мұрағатқа тапсыруға дайындау кезінде ол кері қарай мынадай тәртіппен қайта қалыптастырады: күнтізбелік жылда соңғы түскен құжат істің соңында, ал күнтізбелік жылдың бірінші құжаты - бірінші болуы тиіс.
Үкімет мәжілістерінің хаттамаларына құжаттарды қалыптастыру
175. Үкімет мәжілістері хаттамаларының түпнұсқалары істе жеке топтастырылады және нөмірлері бойынша хронологиялық тәртіппен орналастырылады.
176. Үкімет мәжілістерінің хаттамаларына құжаттарды үкіметтік шешімдерді шығару секторы ресімдейді, олар әр хаттама бойынша жеке томдарға топтастырылады.
Бір хаттамаға қатысты құжаттар мәселелерді қараудың ретіне орай жүйеленеді және орналастырылады. Істің басында - өзіне қатысты құжаттармен бірге хаттаманың бақылау данасы, одан әрі әрбір мәселе бойынша мынадай тәртіппен топтастырылатын құжаттар:
мәселенің реттік нөмірі, оның қысқаша мазмұны және орындаушының тегі көрсетілген тақырыптық парақ;
осы мәселе бойынша мәжіліс хаттамасынан үзінді;
тарату көрсеткіші мен Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің анықтамасы;
осы мәселені шешуге қатысты хронологиялық тәртіппен жинақталған басқа да құжаттар.
Егер мәжілістің бір хаттамасына материалдар екі және одан көп томдарға жинақталса, онда барлық томның толық мазмұны бірінші томға, ал екіншісіне және одан кейінгілеріне - мазмұнның тек осы томға қатысты бөлігі ғана орналастырылады.
Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдеріне құжаттарды
қалыптастыру
177. Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің түпнұсқалары істе бөлек жинақталады. Әр томға мазмұны жасалады.
178. Орындаушы үкіметтік шешімдерді шығару секторына осы қаулыны немесе өкімді шығаруға негіз болған барлық құжатты: шешім жобасын, келісу парағын, келіспеушіліктер хаттамасын, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің анықтамаларын және басқа да қажетті құжаттарды (қорытындыларды, ұсынуларды, хаттамалық шешімдерді, Басшылық қарарларын, министрліктер қорытындыларын, мәліметтерді және т.с.с.) беруге міндетті.
179. Қаулылар мен өкімдерге құжаттар істе айлар бойынша жинақталады.
Істің ішінде құжаттар қаулылар мен өкімдердің нөмірлері ретімен орналастырылады.
Әрбір қаулыға (өкімге) құжаттар арнайы мұқабада мынадай тәртіппен орналастырылады: қаулы немесе өкім жобасының келісу парағы, қаулының (өкімнің) бақылау данасы, оларға қосымшалар, әзірлеушінің түсіндірме жазбасы, тарату көрсеткіші, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің анықтамалары, барлық қосымшасымен және бұрыштамалармен қоса жоба мен оның нұсқалары, қорытындылар және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің өзге де анықтамалары (хронологиялық тәртіппен орналастырылады).
Әр іске мазмұны жасалады.
Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының және
Премьер-Министр өкімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі
құжаттарды қалыптастыру
180. Бақылау жасалатын актілерге, қаулыларға, өкімдерге номенклатураға сәйкес бақылаулық жинақтаушы папкалар (істер) жүргізіледі.
Ондағы құжаттар мынадай тәртіппен топтастырылады:
бақылаудағы актінің, қаулының, өкімнің көшірмесі;
бақылаудан алу туралы анықтама (бақыланатын құжаттан кейін тігіледі);
жекелеген тармақтардың орындалу барысы туралы ақпарат пен басқа да құжаттар (хронологиялық тәртіппен орналастырылады).
181. Президент актілерін, Үкімет қаулыларын, Премьер-Министрдің өкімдерін орындау жөніндегі құжаттарды қамтитын істер ауыспалы болуы мүмкін және олар толық шешілгенге және бақылаудан алынғанға дейін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде сақталуы тиіс, одан кейін мұрағатқа беріледі.
11. Құжаттарды дайындау және бөлімдерден мұрағатқа беру
182. Мұрағат Кеңсе қызметінде пайда болған барлық іс жүргізілуі аяқталған құжаттарды және тұрақты да, уақытша да сақталатын істерді қабылдайды, есепке алады және сақтайды.
183. Өткен жыл ішінде іс жүргізілуі аяқталған істер Кеңсе Басшысы бекіткен кесте бойынша келесі жылдың сәуірінен қарашасына дейін мұрағатқа қабылданады. Істерді тапсыруды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің осы бөлімшелердің ағымдағы мұрағаттарын жүргізу үшін жауапты қызметкерлері жүзеге асырады.
Құжаттың түпнұсқаларын анықталмаған жағдайда Кеңсе Басшысына баяндау үшін орындаушымен құрылым бөлімшенің басшысымен және орындаушымен қол қойылған анықтама құрастырылады.
Ескерту. 183-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
184. Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда осы бөлімшенің қызметкері ол таратылған немесе қайта ұйымдастырылған сәттен бастап екі айдың ішінде барлық қолда бар құжатты істерге жинақтайды, істерді ресімдейді және сақтау мерзімдеріне қарамастан мұрағатқа береді.
185. Құжаттарға тіркеу-қабылдау карточкаларының даналары Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің және тиісті орындаушы (бірлесіп орындаушы) құрылымдық бөлімшелердің жедел сақтауында болады. Сақтау мерзімі өткеннен кейін карточкалар белгіленген тәртіппен жойылады.
Ескерту. 185-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
186. Мұрағаттық сақтауда жатқан құжаттар қажет болған жағдайда мұрағаттан құрылымдық бөлімшелерге Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің немесе оның міндетін атқарушы адамның рұқсатымен уақытша пайдалануға беріледі.
Ескерту. 186-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
187. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері істерді мұрағатқа тапсырар алдында мынадай дайындау жұмыстарын орындайды:
карточкаларды, электрондық құжат айналымы жүйесінің тіркеу-бақылау карточкалары дерекқорының есептік деректерін (оның ішінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттардың (сақтау бірлігі – электрондық құжат)) әрбір іс бойынша құжаттардың іс жүзінде болуымен салыстыру;
төлнұсқада басқа ұйымдарға жолданған, келесі жылы орындауға ауыстырылатын, бөлімшеде басшылыққа алу үшін қалған және т.с.с. құжаттарды карточкалар бойынша салыстыру;
құжаттардың осы іске дұрыс тігілуін (құжаттар мазмұнының іс номенклатурасы бойынша тақырыпқа сәйкестігін) тексеру;
артық даналарын, керексіз нобайлық жазбаларды алып тастау (құжаттар тігілгенге дейін қыстырғыштар алынбайды).
Ескерту. 165-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
188. Тұрақты сақталатын істер және жеке құрам жөніндегі құжаттар қатты мұқабаға (8-қосымша) тігіліп, металл қыстырғыштар алынып тасталады, парақтар оң жоғарғы жағында қара графит қаламмен мәтінге тигізілмей нөмірленеді, ішкі тізімдеме (9-қосымша) жасалады. Ішкі тізімдеме оларды сақтау мерзіміне қарамастан, "Ескертпе" деген бағанда тиісті негіздемелерге (актілерге, қызметтік жазбаларға) сілтемемен жоқ құжаттар көрсетіле отырып, барлық істе жасалады.
Істің соңында қызметкер санмен және жазумен істегі парақтардың саны көрсетілетін куәландыру жазбасын (10-қосымша) ресімдейді.
189. Тұрақты сақталатын істердің мұқабаларындағы барлық жазба қара сиямен немесе қара тушьпен анық жазылады.
190. Уақытша сақталатын құжаттары бар істер тігілмейді, тігінділерде қалдырылады, олардағы парақтар нөмірленбейді.
191. Мұрағат қызметкерлері құжаттардың іске жинақталуын тақырыптары мен сақталу мерзімдері бойынша тексереді.
Мұрағат істерді Кеңсенің осы құрылымдық бөлімшесінің істері номенклатурасының жылдық бөлімдері бойынша қабылдайды, онда тұрақты және уақытша сақтауға қабылданған істер саны туралы белгі қойылады.
Осы Нұсқаулықты бұза отырып ресімделген істер қайта ресімдеу үшін Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесіне қайтарылады.
192. Құжаттарды Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінен Мұрағатқа қабылдап алу және тапсыру осы бөлімшенің басшысы мен қызметкері және мұрағаттың меңгерушісі қол қойған актімен (11-қосымша) ресімделеді. Істердің бекітілген номенклатурасына мұрағат осы бөлімше бойынша қабылданған істер саны туралы белгі қояды.
Мұрағат қызметкерлері құжаттарды өңдеуді жүргізеді, сақталатын істердің құрамы мен мазмұнын ашатын тізімдеме жасайды.
193. Мұрағаттық құжаттардың мұрағатта сақталуы үшін жауапкершілік мұрағат меңгерушісіне жүктеледі.
Тұрақты сақтау мерзімі бар құжаттарды мұрағаттық істен алуға және оларға өзгерістер енгізуге тыйым салынады. Іс жүргізудегі немесе ағымдағы мұрағаттағы құжаттар зерттеушілерге берілмейді. 1990 жылға дейін Орталық мемлекеттік мұрағатта және 1994 жылдан бастап Ұлттық мұрағатта сақталатын Кеңсе құжаттары зерттеушілерге Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының Орталық мемлекеттік мұрағаты басшылығының жазбаша қолдаухатының негізінде және Кеңсе Басшысының рұқсатымен беріледі. Қажет болған кезде құжаттар Кеңсенің ағымдағы мұрағатынан құжаттар өтінім негізінде (13-қосымша) тиісті журналға белгі қойыла отырып, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің рұқсатымен ғана 10 күннен аспайтын мерзімге берілуі мүмкін.
Ескерту. 193-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
194. Мұрағат қызметкеріне мұрағаттық құжаттарды Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатына мемлекеттік сақтауға белгіленген мерзімдерде дайындау және тапсыру жүктеледі.
195. Мұрағат мекемелерге де, жекелеген азаматтарға да Үкіметтің мұрағаттық құжаттары бойынша анықтамаларды олардың жазбаша өтініші негізінде Кеңсе Басшысының рұқсатымен ғана береді.
196. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мұрағаттық құжаттық материалдарды тұрақты, уақытша сақтауға немесе жоюға түпкілікті іріктеу жүргізетін, тұрақты жұмыс істейтін Сараптау комиссиясын құрады.
12. Машинамен жазу, көшіру-көбейту жұмыстары және диктофон
жазбасы
197. Кеңсе Басшылығының құжаттарын басуды, Үкімет мәжілістерінің фонограммаларын толық жазуды және оларды қағазға басып шығаруды жедел басқарылуын Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асыратын "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" РМҚК-ның компьютерлік-диктофондық бюросы (бұдан әрі - компьютерлік-диктофондық бюро) қамтамасыз етеді. Барлық қалған машинамен жазу жұмыстарын Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері өз бетінше орындайды.
Компьютерлік-диктофондық бюрода қызметтік қажеттілікке байланысты өзге де құжаттарды басуға жол беріледі, ол Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің немесе оның орынбасарларының нұсқауы бойынша жүзеге асырылады. Құпия құжаттар компьютерлік-диктофондық бюроға құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторы арқылы беріледі.
198. Басу үшін компьютерлік-диктофондық бюроға берілетін қолжазбалар орфографиялық ережелер сақтала отырып, анық жазылған болуы тиіс. Қалай болса солай және түсініксіз жазылған нобайлық жазбалар немесе қаламмен түзетілген құжаттар басуға қабылданбайды.
199. Құжаттарды басу кезінде пайдаланылған нөмірі бар бланкілер арнайы журналда есепке алынады, онда бланкінің нөмірі, орындаушының тегі, басылған күні көрсетіледі.
200. Құжаттарды ксерокөшіру "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" РМҚК-ның кешіру-көбейту бюросында (бұдан әрі - көбейту-көшіру бюросы) Премьер-Министр Кеңсесінде құжаттар ксерокөшірмесін жасау тәртібіне (12-қосымша) сәйкес жүзеге асырылады.
Құпия құжаттарды Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің немесе оның орынбасарларының рұқсатымен құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторының қызметкерлері ғана ксерокөшіруге береді.
201. Үкімет мәжілістерінің, Үкімет пен Кеңсенің Басшылығында өткен кеңестердің фонограммаларын жазу және оларды толық жазу Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.
202. Премьер-Министрдің орынбасарларында өткен кеңестердің фонограммалары олардың нұсқауы бойынша ғана жазылады және, әдетте, толық жазылмайды, кеңестердің хаттамаларын дайындау үшін жауапты Кеңсе қызметкерлері хаттамаларды жасау кезінде тұжырымдарды нақтылау мақсатында дербес тыңдау үшін пайдаланылады.
13. Осы Нұсқаулықтың орындалуын бақылау
203. Осы Нұсқаулықтың орындалуын бақылауды Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады, оның Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде осы Нұсқаулықтың бұзылуы фактілерін анықтау мақсатында тексерулер жүргізуге және олардың нәтижелері бойынша Кеңсе Басшысына осы Нұсқаулықтың бұзылуына кінәлі қызметкерлерді жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Құжаттарды тіркеуге арналған
ТІРКЕУ-БАҚЫЛАУ КАРТОЧКАСЫ
(карточканың бет жағы)
Құжаттың түрі |
Парағы |
Қосымшасы |
Бақылау |
Кіріс N |
Кірген күні |
Корреспондент |
Тел. |
Шығыс N |
Шыққан күні |
Адресат |
Жөнелтуші |
Сипаты |
Жеткізу түрі |
Тілі |
Қысқаша мазмұны |
Қарарлары |
Бөлім |
Орындаушы |
Еске алу |
|||
Орындалу мерзімі |
Ұзартылды |
дейін |
|||
Іс жүзінде орындалған |
Мәселенің |
||||
N№іс |
N том |
Парақтары |
N акт |
Индексі, қолы, |
Индексі, қолы, |
Индексі, қолы, |
Индексі, қолы, |
(карточканың сырт жағы)
Орындалу барысы |
||||
Күні, N, сауал |
Күні, шығыс N, |
Алған күні |
||
Индексі, қолы, |
Индексі, қолы, |
Индексі, |
Индексі, |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
Іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
N ____ АКТ
Біз, төменде қол қоюшы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі іс жүргізу және мұрағат секторының қызметкерлері____________
___________________________________________________________________
200__жылғы "__" ____________________________ ішінде
___________________________________________________________________
________________________________________________________________бар,
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
_______________________________________________________ келіп түскен
N ___ пакетті ашу кезінде осы актіні жасадық.
Осы акт үш данада жасалды. Актінің бірінші данасы іс жүргізу және мұрағат секторында қалдырылды, екіншісі - құжаттармен бірге арналған жеріне берілді, ал үшіншісі - авторға жіберілді.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қолдары ___________
___________
___________
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
Премьер-Министр Кеңсесінде тіркеуге жатпайтын құжаттардың
ТІЗБЕСІ
Кеңсеге келіп түсетін, олар бойынша шешім қабылдауды талап етпейтін (қойылған мәселелері жоқ) мынадай құжаттар тіркелмейді:
1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағы;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы;
3) облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы алқа отырыстарының хаттамалары, сондай-ақ олардың жекелеген шешімдері;
4) Кеңсеге мәлімет үшін келіп түсетін хаттардың көшірмелері;
5) тағайындалатын қызметкерлер жөніндегі есептік деректер;
6) мемлекеттік органдар жұмысы, экономика саласы мен әлеуметтік-мәдени сала туралы статистикалық есептер, мәліметтер, анықтамалар және мәлімет үшін жіберілген басқа да ақпараттар;
7) ІІМ, ТЖМ және басқа да жедел қызметтердің шұғыл ақпарлары;
8) ауа-райы мәліметтері;
9) Кеңсе сұрау салатын алқаның қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың бұйрықтары;
10) әлеуметтанушылық зерттеулердің материалдары;
11) баспа басылымдары (кітаптар, брошюралар, газеттер, журналдар және басқалары);
12) құттықтау жеделхаттары мен ашықхаттары (мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының жолдауларынан басқа);
13) шақырулар;
14) жарнамалық ақпарат;
15) телефон орнатуға өтінімдер;
16) рұқсаттамалар беруге өтінімдер;
17) бухгалтерлік құжаттар;
18) кездесуді ұйымдастыру туралы өтініштері бар хаттар.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
(бет жағы)
____________________ Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Құжаттың атауы мен тақырыбы: Қарар: |
(сыртқы беті)
Танысу туралы белгілер
Күні Тегі, аты-жөні Танысқаны туралы қолхат Ескертпе
Басқа белгілер:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша
Қарарларды ресімдеу
ҮЛГІСІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ ___________________________________________________________ РУКОВОДИТЕЛЬ КАНЦЕЛЯРИИ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ___________________________________________________________ Ұйым (қарар жіберілген жер, атауы атау септігінде) Лауазымды адамның тегі мен аты-жөні (қарар жіберілген адам, барыс септігінде) Қарардың мәтіні (іс-қимылдың анық та қанық мазмұны немесе қаралатын құжатты орындау тәртібі мен сипаты) Орындау мерзімі (қажет болған жағдайда) _______Басшының аты-жөні мен тегі (қолы) Қарардың күні (күні, айы, жылы) Нөмірі (кіріс немесе шығыс) ________________________________________________________ Құжаттың (қарарға қатысты) атауы, күні және нөмірі |
---|
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша
РҚАО-ның ескертпесі!
6-қосымшаға өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
Шығыс жедел хатты ресімдеу
ҮЛГІСІ
Үкіметтік ЖЕДЕЛХАТ N____________ Арналған пункті ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ НР (шығыс нөмірі, жазылым) Жеделхатқа қол қойған |
Ескертпе. Құттықтау немесе көңіл айту жеделхаттарына шығыс нөмірі сызықтың астына қойылады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
(Премьер-Министр өкімі) жобасының Премьер-Министр
Кеңсесіндегі келісу парағы
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының (Премьер-Министр өкімінің) атауы "_________________________________
___________________________________________________________________"
2. Жобаның Премьер-Министрдің Кеңсесіндегі өтуі үшін жауап беретін
құрылымдық бөлімше
_____________________________________________________________ бөлімі
3. Орындаушы (жобаның өтуі үшін жауапты адамның тегі)
___________________________________________________ жобаны қабылдады
4. Орындаушының жобаға анықтаманы берген күні
5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде жобаның өтуі және келісілуі
Құрылымдық бөлімшелердің атауы | Келісуге түскен күні | Қайтарылған күні және орындаушының қолы |
---|---|---|
1. Заң бөлімі |
||
2. Бақылау және |
||
1) үкіметтік шешімдер- |
||
2) мемлекеттік тілдегі мәтінді тексеру |
||
3) мәтіннің дәлме-дәл- |
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
6. Жобаны Басшылықта келісу
Басшылықтың қабылдау бөлмелері |
Келісуге (бұрыштама соғуға) түскен күнімен қабыл- дап алушының қолы |
Қайтарылған күнімен орындаушы- ның қолы |
---|---|---|
Премьер-Министрдің орынбасары |
||
Премьер-Министрдің орынбасары |
||
ПМК Басшысы |
||
ПМК Басшысының орынбасарлары (міндеттемелерінің бөлінуіне сәйкес): |
||
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
7. Жобаны пысықтауға қайтару (оның ішінде жұмыс тәртібімен) себебі, негіздемесі (басшылықтың қарары) және күні_________________________
___________________________________________________________________
8. Пысықталған жобаның орындаушыға келіп түскен күні 2008 жылғы
"__"__________
9. Жобаның Хатшылыққа Премьер-Министрдің қол қоюына келіп түскен күні 2008 жылғы "__"_________
10. Қол қойылған қаулының (өкімнің) орындаушыға қайтарылған күні 2008 жылғы "__"____________
11. Жобаның қозғалысы туралы ерекше белгілер
12. Электрондық жеткізгіштегі (тірк. N __дискета) қабылданған шешімнің (заң жобасының) қоса беріліп отырған нұсқасы мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз жеткізгіштегі соңғы нұсқасына сәйкес - тексерген орындаушы
13. Электрондық жеткізгіштегі салыстырылған нұсқасымен шығаруға дайын қаулының (өкімнің) үкіметтік шешімдерді шығару секторына келіп түскен күні 2008 жылғы "__"___________
Қабылдады _____________ /_____________/
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Тапсырды _____________ /_____________/
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
8-қосымша
Меммұрағаттың коды____________
Мекеменің коды____________
___________________________
(қор құрушының атауы)
Қ. N ___________________________________________ |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(бөлімнің, құрылымдық бөлімшенің атауы)
Істің N Томның N
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(істің тақырыбы)
200_ жылғы "__"_________
Қ. N ___________________________________________ |
___________ парақ
______________ сақталды
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
9-қосымша
N ____ іс құжаттарының
ІШКІ ТІЗІМДЕМЕСІ
Р/сN |
Құжаттың |
Құжаттың |
Құжаттың |
Парақтар- |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Жиыны_________________________________________________________ құжат
(санмен және жазумен)
Ішкі тізімдеме парақтарының саны___________________________________
(санмен және жазумен)
Құжаттардың ішкі тізімдемесін
жасаған тұлғаның лауазымы __________ Қолының толық жазылуы
(қолы)
Күні 200__ жылғы ________
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
10-қосымша
КУӘЛАНДЫРУ ЖАЗБАСЫ
Істе_______________________________________________________________
(санмен және жазумен)
___________________________________________________парақ нөмірленді.
Құрылымдық бөлімшенің маманы _________________________________
(құрылымдық бөлімшенің атауы
____________________/______________________/
(қолы) (аты-жөні)
200__жылғы________
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
11-қосымша
200__жылғы құжаттарды мұрағатқа қабылдау туралы
АКТ
___________________________________________________________________
құрылымдық бөлімшенің атауы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Номенклатура бойынша барлығы_________________іс бар,
Іс жүзінде барлығы____________________іс қабылданды,
оның ішінде:
тұрақты сақталатыны______________іс,
уақытша сақталатыны______________іс.
Құжаттарды ресімдеу мен жинақтау жөніндегі ескертулер:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Құжаттарға сәйкес келетін есептеу-тіркеу картотекасы бір уақытта қабылданды.
Карточкаларды толтыру жөніндегі ескертулер:
___________________________________________________________________
ЖЕТІСПЕЙТІН ҚҰЖАТТАР
Карточка N № |
Жылы |
Құжат |
Құжаттың |
Мазмұны |
Орындаушы |
Ескертпе |
ЖЕТІСПЕЙТІН КАРТОЧКАЛАР
Карточка N № |
Жылы |
Орындаушы |
Құжаттың күні мен N |
Ескертпе |
||
жылы |
істің N |
парағы |
ӨТКЕН ЖЫЛДАР ҮШІН ТАПСЫРЫЛҒАН ҚҰЖАТТАР
Орындаушы |
Жылы |
Құжаттардың |
Карточкалар- |
Ескертпе |
Мұрағат меңгерушісі___________
Құрылымдық бөлімшенің басшысы___________
Құжаттарды мұрағатқа тапсырған құрылымдық
бөлімшенің маманы___________
200__жылғы "__"__________
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
12-қосымша
Премьер-Министр Кеңсесінде құжаттар ксерокөшірмесін жасау
ТӘРТІБІ
1. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" РМҚК-нің көшіру-көбейту бюросында ксерокөшірме жасауға құжаттар белгіленген үлгіде толтырылған және қол қойылған өтінімдер болған кезде тек Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлерінен ғана қабылданады.
2. Құжаттар ксерокөшірмелерін жасауға арналған өтінімдерге ( N 1 нысан ) Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, оның орынбасарларының, Кеңсе құрылымдық бөлімшелері басшыларының және олардың орынбасарларының қол қоюға құқығы бар.
3. Кіріс хат-хабарларын, хаттамаларын, шығыс құжаттардың, Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын, оның ішінде «ҚПҮ» деген белгісі бар ксерокөшіруге арналған (№ 2 нысан) өтінімдерге Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің, оның орынбасарларының, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің үкіметтік шешімдерді шығару секторының бас инспекторының, бақылау секторының меңгерушісінің, іс жүргізу және мұрағат секторының меңгерушісінің, құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторының меңгерушісінің қол қоюға құқығы бар.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Үкімет қаулыларының, Премьер-Министр өкімдерінің, Үкімет мәжілістері хаттамаларының, оларға қосымшалардың, өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ Кеңсенің мұрағаттық құжаттарының түпнұсқаларын ксерокөшіру Кеңсенің Басшысы немесе оның орынбасарлары, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі немесе оның орынбасарлары қол қойған өтінімдер (N 3 нысан) бойынша ғана жүзеге асырылады.
5. (Алынып тасталды).
6. Құпия құжаттар ксерокөшірмесін жасау: Кеңсе Басшысы, оның орынбасарлары, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі және оның орынбасарлары, құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторының меңгерушісі қол қойған өтінімдер бойынша ғана қатаң белгіленген санда жүзеге асырылады және бөлек есепке алынады (N 4 нысан).
7. Көбейту-көшіру бюросында көбейтілген құжаттарды сақтау осы құжаттарға қатысы жоқ адамдардың олармен танысу мүмкіндігін болдырмайтындай ретте жүзеге асырылуы тиіс.
8. Көшіру-көбейту бюросы өтінімдердің негізінде көбейтілген құжаттардың саны мен таралымын, қағаз бен басқа да материалдар шығынының есебін жүргізеді. Көшіру-көбейту жұмыстары орындалғаннан кейін нобайлық материал белгіленген тәртіппен жойылады.
9. Осы Тәртіптің сақталуын бақылауды Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
13-қосымша
Премьер-Министр Министрінің
ведомстволық мұрағатынан құжаттарды беруге
ӨТІНІМ
Ескерту. Нұсқаулық 13-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
Бөлім _______________________________________________________________
Кімге (Т.А.Ә.) ______________________________________________________
Телефоны ____________________________________________________________
Құжаттың атауы |
Құжаттың тіркеу-есептік деректері |
Қолданыстағы редакция |
Түпнұсқасы (құжат парақтарының саны |
Алушының қолы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Рұқсат етемін ____ Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
Күні _____________
N 1 нысан
Құжаттан ксерокөшірме дайындауға арналған
ӨТІНІМ
Бөлім____________________
Орындаушының тегі, аты-жөні_____________
телефоны_____________
Р/сN |
Құжаттың күні, атауы |
Төлнұсқадағы |
Таралымы |
Барлық парақ- |
Күні_________жалпы парақтар шығысы___________
Рұқсат етемін: Кеңсе құрылымдық бөлімшесінің басшысы немесе оның орынбасары (кеңесші, бас инспектор)________________________
Ксерокөшірмелерді алғандығы туралы қолхаты ________________________
N 2 нысан
Құпия құжаттардың ксерокөшірмесін жасауға арналған
ӨТІНІМ*
Орындаушының тегі, аты-жөні_______________
телефоны_______________
Құжаттың |
Құжаттың күні |
Төлнұсқадағы |
Таралымы |
Барлық |
Күні____жалпы парақтар шығысы___________
Рұқсат етемін: Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі (орынбасары) немесе құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторының меңгерушісі__________________________
Ксерокөшірмелерді алғандығы туралы қолхаты_____________________
_____________
* нарядтарды есепке алу журналы бойынша МҚҚБ-де есепке алынуға тиіс (31-ИРС нысаны)
Қызметтік бабында пайдалану үшiн
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 31 қаңтардағы
N 168 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің
Кеңсесiнде есептеу техникасы құралдарын қолдану
арқылы iс жүргізу жөнiндегi
НҰСҚАУЛЫҚ
РҚАО-ның ескертуі. "Қызмет бабында пайдалану үшiн" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.
Ескерту. Нұсқаулыққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N 1300 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 31 қаңтардағы
N 168 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде,
орталық және жергілiкті атқарушы органдарда құжаттардың
орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөнiндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесiнде
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Yкiметiнiң кесiмдерiн, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн, Президенттiң, Президент Әкiмшiлiгi Басшылығының, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының, оның орынбасарларының тапсырмалары бар құжаттардың және Парламент депутаттарының сауал салуларының, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру туралы өтiнiшпен Парламент Палаталары хаттарының орындалуын бақылауды ұйымдастыруды регламенттейдi.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N 1300 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
2. Премьер-Министрдiң Кеңсесi Қазақстан Республикасы Yкiметінің Регламентiне сәйкес бақылаудағы құжаттардың орындалуын бақылау жөнiнде ұйымдастыру және таңдау жұмысын жүзеге асырады, орындаушылық тәртiбiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне жүйелi түрде хабарлап отырады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N 1300 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде (бұдан әрi - Кеңсе) бақылау жұмысын үйлестiрудi Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады, ол мынадай құжаттарды (бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар) бақылауға алады:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Үкiметке немесе оның басшылығына тапсырма беретiн кесiмдерiн;
2) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсырмалары бар Үкiметтiң қаулыларын, Үкiмет мәжiлiстерiнiң хаттамаларын, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн;
3) Президенттiң Үкiметке немесе оның басшылығына, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Президент Әкiмшiлiгi басшылығының және Кеңсе Басшысының не оны алмастыратын адамның орындалу мерзiмдерi көрсетiлген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулары, "шұғыл", "баяндалсын", "ұсыныстар енгiзiлсiн" деген белгiлерi бар тапсырмалары (соның ішінде мәжілiстер хаттамалары мен iс-шаралар жоспарларында қамтылған), сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттiгi туындайтын тапсырмаларды;
4) Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру өтiнiшiмен Парламент Палаталарының хаттарын;
5) прокурорлық қадағалау актілерін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.12.10 N 1300 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2008.06.04 N 535 Қаулыларымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
4. Бақылаудағы құжаттар олардың орындалуын бақылау үшiн Кеңсе Басшысы бекiткен осы бөлiмшелер мен олардың функционалдық мiндеттерi туралы ережелерге сәйкес немесе Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының (бұдан әрi - Басшылық) тапсырмаларына сәйкес Кеңсенiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне бекiтiп берiледi.
Қандай да болмасын iс-шаралар жоспарын бекiтетiн Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң орындалуын бақылау, тұтастай алғанда, осы қаулыны немесе өкiмдi орындаушыға (қаулы немесе өкiм жобасының Кеңседе өтуi үшiн жауап беретiн Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшесiне) жүктеледi.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 358 қаулысымен.
5. Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары осы бөлiмшеге бекiтiлген әрбiр бақылаудағы құжатқа тұтас құжаттың не оның жекелеген тармақтарының орындалуын бақылау оған жүктелетiн бөлiмшенiң қызметкерiн (бұдан әрi - орындаушы) айқындайды.
6. Бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзiмдерiн бақылауды Кеңсенiң бақылаудағы нақты құжаттар оған бекiтiп берiлген құрылымдық бөлiмшесi мен Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң бақылау секторы (бұдан әрi - бақылау секторы) жүзеге асырады.
РҚАО-ның ескертпесі!
7-тармақты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
7. Егер бақылаудағы құжаттарда (Қазақстан Республикасы Президентiнiң кесiмдерi мен тапсырмаларынан басқа) орындалу мерзiмi нақты көрсетiлмесе, онда мұндай құжаттар тапсырма берілген күнiнен бастап бiр ай мерзiмде, ал "шұғыл" немесе "жеделдетiлсiн" белгiсi болса - он күн мерзiмде орындалады.
Бақылау құжаттарының тізбесі мемлекеттік органдарға «Мемлекеттік органдардың интранет-порталы» ақпараттық жүйесі арқылы жіберіледі.
Мемлекет басшысының жеке тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзгеше белгiленбесе, тапсырма берiлген күннен бастап екi апта мерзiмде орындалуы тиiс.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 358, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
7-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
РҚАО-ның ескертпесі!
8-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
8. Егер Басшылық тапсырманы Кеңсенiң бiрнеше құрылымдық бөлiмшесiне берсе, онда орындалуын бақылау және үйлестiру жөнiндегi жұмысты тапсырмада бiрiншi көрсетiлген құрылымдық бөлiмше не оның атауының жанында "(шақыру)" белгiсi бар бөлiмше жүзеге асырады. Құрылымдық бөлiмшелер - тапсырмаларды бiрге орындаушылар жинақтауды жүзеге асыратын бөлiмшеге өз ұсыныстарын тапсырманың белгіленген орындалу мерзiмi өткенге дейiн бiр күннен кешiктiрмей енгiзедi.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N 1300 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
9-тармақты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
9. Егер бақылаудағы құжаттарда Кеңсенiң бiрнеше құрылымдық бөлiмшесiнiң құзыретiне жататын тапсырма болса, онда құжаттың орындалуын тұтас бақылау бекiтiлген құрылымдық бөлiмше үш күндiк мерзiмде нақты тармақтарын орындау бекiтiлетiн Кеңсенiң басқа құрылымдық бөлiмшелерiмен (әрбiр тармақ бойынша Кеңсенiң нақты құрылымдық бөлiмшесiндегi орындаушы мен орындау күнi көрсетiледi) келiседi және жасайды, оны Кеңсе Басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы адам бекiтедi. Бекiтiлген бекiменiң көшiрмелерi iске қосылған құрылымдық бөлiмшелерге, іс жүргізу және мұрағат секторына және бақылау секторына жiберiледi.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 358 қаулысымен.
9-1. Бақылау секторы Үкiмет Регламентiнде көзделген әр түрлi iс-шаралар жоспарларын бекiтудi көздейтiн енгiзілетiн Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын тiркеу алдындағы тексеру барысында жобалардың мәтiндерiнде және iс-шаралар жоспарларында келiспеушілiктердi, оның iшiнде негiзделмеген орындау мерзiмiн, аяқталу нысанының дұрыс еместiгiн және орындаушыларды дұрыс белгілемеудi анықтаған кезде бұл жобалар әзiрлеушiге тiркеусiз қайтарылады.
Кеңседе тiркелген көрсетілген жобалар Басшылықтың қарауына енгiзілгенге дейiн бақылау секторымен келiсілуге (бұрыштама соғылуға) тиiс. Басшылық кеңесшілерiне (көмекшiлерiне) және қабылдау бөлмелерiнiң аға мамандарына мұндай жобаларды бақылау секторының келiсiмiнсiз (бұрыштамасынсыз) қабылдауға тыйым салынады.
Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 358 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
10-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
10. Орындаушы Президенттiң және Yкiметтің бақылауға алынған әрбiр кесiмiне, Премьер-Министрдiң өкiмiне жинақтаушы папка (ic) ашады, және тiркеу-бақылау кәртiшкесiн толтырады.
Жинақтаушы папкалардағы құжаттар мынадай тәртiппен топталады:
бақылаудағы кесiмнiң (қаулының, өкiмнiң) көшiрмесi;
құжатты бақылаудан алу туралы анықтама;
бақылаудағы құжаттың және оның жекелеген тармақтарының орындалу барысы туралы ақпарат пен басқа да құжаттар (хронологиялық тәртiппен орналастырылады).
Президенттiң кесiмдерiн, Үкiметтiң қаулыларын, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн орындау жөнiндегi құжаттар бар iстер көшiрiлуi және олар толық шешiлiп, бақылаудан алынғанға дейiн Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнде сақталуы мүмкiн, одан кейiн мұрағатқа тапсырылады.
11. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан келіп түсетін бақылаудағы құжаттар мен олардың жекелеген тармақтарын орындау туралы есептер Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі. Бұл ретте есептердің төлнұсқалары - құжаттың тұтастай орындалуын бақылау бекітіліп берілген Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне, ал олардың көшірмелері Премьер-Министр, Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы (оның міндетін атқарушы тұлға) бекіткен немесе оның тапсырмасымен бекітілген бекітіп беруге сәйкес бақылаудағы құжаттардың жекелеген тармақтарының орындалуына жауапты құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.
Егер орталық немесе жергілікті атқарушы органдар бақылаудағы құжаттың орындалуы туралы есептерді белгіленген мерзімде немесе толық көлемде тапсырмаса, онда нақты құжаттың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік органдар үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін орындалу мерзімінің бұзылу себептері туралы Басшылыққа хабарлауға және осы бақылаудағы құжаттың одан әрі орындалуы жөнінде ұсыныс енгізуге тиіс.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
12. Премьер-Министр Кеңсесіндегі тұтастай құжатты немесе оның жекелеген тармақтарын бақылау үшін жауапты орындаушы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан есеп алғаннан кейін (құжаттың, оның ішінде құпия сипаттағы құжаттың әрбір бақылаудағы тармағы бойынша) есептің орындалу уақтылылығы, толықтығы және сапасы мәніне талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша нақты қорытындылар мен ұсыныстары бар қызметтік жазба не тиісті қарардың жобасын дайындайды. Бақылаудағы және бақылаудағы емес құжаттар бойынша есептерге талдау жүргізу мерзімі олардың Премьер-Министр Кеңсесінде тіркелген күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Келіп түскен ақпараттың негізінде және талдау нәтижелеріне қарай орындаушы орындалу мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей Басшылыққа:
1) Президенттің актілері мен тапсырмалары бойынша – оларды бақылаудан алу туралы (егер тапсырма толық көлемде орындалса) не орындау мерзімін ұзарту туралы не құжаттарды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының (ол болмаған кезде – оның міндетін атқарушы адамның) атынан Президент Әкімшілігіне нақты орындалу мерзімдері мен жауапты орындаушыларды көрсете отырып, негізді хаттың белгіленген тәртіппен дайындалған жобасын;
2) үкіметтік шешімдер, хаттамалар және Басшылықтың тапсырмалары бойынша – Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының атына хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы қызметтік жазба, ал хаттамалық тапсырмаларды (хаттамаларды) орындау аяқталғаннан кейін орындау тіртібімен мемлекеттік органдардан келіп түскен ақпараттың (деректердің) негізінде бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту немесе орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы ұсыныстармен бірге үкіметтік шешімді, хаттаманы және Басшылықтың тапсырмасын нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, талдау нәтижелерін ескере отырып, орындау туралы қорытынды ақпарат дайындайды не бақылаудан алу туралы қарардың жобасын ресімдейді (заңға қол қойылған, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметтің актісі, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бұйрықтары қабылданған жағдайда).
Нақты орындау мерзімін көрсете отырып бақылаудан алу, мерзімін ұзарту тапсырманы берушінің қарарымен, ал Премьер-Министрдің тапсырмалары бойынша Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның қарарымен бөлімнің жазбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте орындаушы мемлекеттік органдарды үкіметтік шешімдер мен басшылық тапсырмаларының нақты орындалу мерзімін көрсете отырып, орындау мерзімін ұзарту немесе орта мерзімді және ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы дереу хабардар етеді;
3) мемлекеттік органның тапсырманы сапасыз орындағаны белгіленген кезде Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты бөлімі тапсырма берген Үкімет Басшылығының немесе Кеңсе Басшысының атына сапасыз орындалғанын негіздей отырып, жазба дайындайды;
4) депутаттық сауалдар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашы болған заң жобаларына қорытындылар мен Үкімет бастамашы болған заң жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша – Парламент депутаттарына жауаптың белгіленген тәртіппен дайындалған жобасын немесе Үкіметтің тиісті қорытындысының жобасын дайындайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
13. Оларға Басшылықтың қарарлары бар, орындалу мерзiмi көрсетiлген құжаттарды, соның iшiнде "шұғыл" немесе "жеделдетiлсiн" белгiсiмен, не оны бақылауға қою туралы нұсқау болса немесе "баяндалсын", "ұсыныс енгiзiлсiн" және т.с.с. белгiлерi бар құжаттар адресаттарға жiберiлуден бұрын мiндеттi түрде бақылау секторына тапсырылады да, ол құжатқа "БАҚЫЛАУҒА" немесе "БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ" мөртабанын қояды да, одан кейiн құжаттар нысанасына қарай жiберу үшiн іс жүргізу және мұрағат секторына тапсырылады.
14. Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысында өткен кеңестер хаттамаларының тармақтарын, сондай-ақ Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының тапсырмаларын бақылауға қоюды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары бойынша Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
Бұл ретте, бақылауға қою туралы ұсыныстар бақылау секторына құрылымдық бөлімшелердің басшылары (олардың міндеттерін орындайтын тұлғалар) қол қойған қағаз жеткізгіште немесе ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық форматта ЭҚАБЖ арқылы беріледі.
«ҚПҮ» деген белгісі бар хаттамалар Бақылау секторына қағаз және электрондық нысанда (электрондық жеткізгіштерде) ұсынылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.13 № 34, өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
14-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын, Үкімет бағдарламасын, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкімет мәжілістерінің хаттамаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Үкімет қаулыларының орындалуын бақылауды тұтастай алғанда Әлеуметтік-экономикалық бөлім жүзеге асырады.
Ескерту. 14-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
15. Басшылықтың аймақтар әкімдеріне берген тапсырмаларының орындалуын бақылауды Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі жүзеге асырады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.
16. Құпия құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылау Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің құпия іс жүргізуінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.
17. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен).
17-1. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен).
18. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi Кеңсенiң Басшысымен келiсiм бойынша осы Нұсқаулықтың орындалуына тексеру жүргiзуге және бұзылуы анықталған фактiлер туралы шешiм қабылдау үшiн Басшылыққа баяндауға құқылы.
РҚАО-ның ескертпесі!
18-1, 18-2-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда
19. Бақылаудағы құжаттардың уақытылы әрi сапалы орындалуына, заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларының әзiрленуiне, олардың Қазақстан Республикасының Президентi мен Премьер-Министрдiң қарауына ұсынылуы үшiн жауапкершiлiк орталық атқарушы органдардың бiрiншi басшыларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне жүктеледi. Бұл ретте, көрсетiлген органдардың басшылары бақылау жұмысын ұйымдастыруға жауапты бөлiмшелер мен лауазымды адамдарды белгiлейдi.
РҚАО-ның ескертпесі!
19-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
РҚАО-ның ескертпесі!
20-тармақты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
20. Тапсырмаларды бiрнеше мемлекеттiк орган орындаған жағдайда атауының жанында "(шақыру)" белгiсi бар орган жауапты болып табылады. Ол қосарлы орындаушылармен келiскеннен кейiн ғана орындау мерзiмiн ауыстыру туралы ұсыныс енгiзуге құқылы. Бұл ретте, қосарлы орындаушылар оған шақыру бекiтiлген жауапты органға, егер тиiстi тапсырмамен өзгеше белгіленбесе, ол үшiн белгіленген орындау мерзiмiне дейiн кемiнде 3 күн бұрын, ал орындау мерзiмi 5 күннен кем тапсырмалар бойынша - тапсырма келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде өз ұсыныстарын енгiзедi.
Ал, тапсырмада жауапты орындаушы белгiленбеген жағдайда, яғни "(шақыру)" белгісi болмаса, тапсырмада аталған барлық органдар тапсырма берушiге өз жауаптарын жiбередi.
Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 358 қаулысымен.
20-1-тармақты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
20-1. Бақылаудағы құжаттарды орындау үшiн дайындалған құжаттар оларды Кеңсеге енгiзгенге дейiн ведомстволық бақылау қызметтерiмен оларда Басшылық тапсырмаларына сiлтемелердiң болуы, олардың ресiмделуiнiң дұрыстығы, сондай-ақ Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерi жобаларының мәтiндерiнде және оларда бекiтiлетiн iс-шаралар жоспарларында келiспеушiлiктердiң жоқтығы мәнiне келiсілуi (бұрыштама қойылуы) тиiс.
Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 358 қаулысымен.
20-2-тармақты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
20-2. Үкiмет мәжiлiстерiнiң және Премьер-Министрде өтетiн кеңестердiң хаттамаларындағы тапсырмаларды орындау туралы есептердi мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар, егер тапсырмада өзгеше белгiленбесе, оларды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн 3 күннен кешiктiрмей, ал орындау мерзiмi 5 күннен кем тапсырмалар бойынша - тиiстi хаттама келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Кеңсеге ұсынады.
Ескерту. 20-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 358 қаулысымен.
20-3. Премьер-Министр, оның орынбасарлары немесе Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы өткізген кеңестердің хаттамаларында қамтылған тапсырмалардың орындалуы туралы есептер берген кезде жинақтауға жауапты орындаушы мемлекеттік орган хатпен әрбір тармақ бойынша атқарылған жұмыс және орындау туралы жиынтық ақпарат, сондай-ақ орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының көшірмелерін береді.
Ескерту. 20-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540Қаулысымен.
21. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу, орындалу мерзiмдерiн ұзарту мен орындалуы туралы жауаптарды (есептердi) ұсыну Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N 1300 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.
22-
25. алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N 1300 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
26-27-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
28. Президент, Премьер-Министр, Мемлекеттік хатшы, Үкімет, Президент Әкімшілігі мен Кеңсе басшыларының актілері мен тапсырмаларын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың орындау сапасына бақылау жүргізуге, сондай-ақ Президент Әкімшілігі бекітетін жыл сайынғы кестеге сәйкес Экономикалық даму және сауда министрлігіне қорытындыларды беруге Премьер-Министр Кеңсесінің мынадай құрылымдық бөлімшелері жауапты болып табылады:
1) орталық мемлекеттік органдар бойынша – Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі;
2) жергілікті арқарушы органдар бойынша – Ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімі.
Ескерту. Нұсқаулық 28-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.13 № 34 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 31 қаңтардағы
N 168* қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және
олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
Ескерту. Нұсқаулық жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен, бүкіл мәтін бойынша "қызметтік хат-хабар секторында", "қызметтік хат-хабар секторы", "қызметтік хат-хабар секторының" деген сөздер тиісінше "іс жүргізу және мұрағат секторында", "іс жүргізу және мұрағат секторы", "іс жүргізу және мұрағат секторының" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
1. Осы Нұсқаулық "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне (бұдан әрі - Кеңсе) келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін регламенттейді.
2. Осы Нұсқаулықтың сақталуын бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
3. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштер Кеңсеге келіп түскен күні белгіленген нысандағы есеп карточкалары бойынша (1-қосымша) Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің іс жүргізу және мұрағат секторында (бұдан әрі - іс жүргізу және мұрағат секторы) тіркеледі. Өтініштің бірінші бетіне мөртабан қойылады, онда жеке өтініштер үшін автордың тегінің бастапқы әрпінен және өтініштің реттік нөмірінен (мысалы, А-1780), ұжымдық өтініштер үшін ҰЖЫМ индексінен, нөмірі мен күнінен тұратын тіркеу индексі көрсетіледі. Күнді белгілеу мынадай кезектілікпен жүргізіледі: күні, айы, жылы (мысалы, 01.01.2008). Тіркеу индексі бір мезгілде кіріс және шығыс болып табылады және өтініштер бойынша барлық жауаптар осы нөмірмен тіркеледі. Бұдан кейін өтініш сипаттамасының коды қойылады. Бұдан кейін хатқа аннотация жасалады, ол жүйелі, қысқа, өтініштің (ұсыныстың, арыздың не шағымның) мазмұнын көрсетуге тиіс. Бұл ретте есеп карточкасындағы жазба өтінішті қарауға жіберудің адрестілігін негіздеуі қажет.
Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес басқа іс жүргізу түрлерінен бөлек жүргізіледі.
Осы Нұсқаулықтың ережелері электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерудің оң нәтижесін белгіленген тәртіппен анықтау туралы растамасы бар электрондық құжаттарды қоса алғанда, тасымалдаушының түріне қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыруға қолданылады.
Өтініштерді қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
4. Премьер-Министрдің Кеңсесіне тікелей жазбаша өтініш берген өтініш берушіге күні мен уақытын, іс жүргізу және мұрағат секторының өтінішті қабылдаған қызметкерінің тегі мен аты-жөні көрсетіліп, тиісті мөртабанмен куәландырылған талон (1а-қосымша) беріледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Егер бірінші өтінішті тіркеген уақыттан бастап заңнамада белгіленген қарау мерзімі аяқталса немесе өтініш беруші өзінің өтініші бойынша қабылданған шешіммен келіспесе, сол адамнан сол бір мәселе бойынша келіп түскен жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері қайталама болып саналады. Сол автордың әр түрлі мәселелер бойынша өтініштері бастапқы болып саналады.
Сол бір адамның мүддесімен сол бір мәселе бойынша бірнеше өтініш түскен кезде бірінші өтініш негізгі өтініш ретінде тіркеледі, ал кейінгілері негізгі өтінішке толықтырылады және өтініш берушілерді бірінші өтініш келіп түскен күннен бастап есептелетін белгіленген мерзім шегінде оларды шешу нәтижелері туралы хабарлай отырып, бір өтініш ретінде қаралады.
Олар бойынша авторға толымды жауап берілген сол бір мәселе бойынша көп мәрте келген өтініштер қайталама болып саналмайды және қаралмайды.
Автор күнтізбелік бір жылдың ішінде сол бір мәселені қоятын жеке тұлғалардың қайталама өтініштеріне "екінші", "үшінші" деп және одан әрі көрсетіле отырып, бастапқы өтініштің тіркеу нөмірі қойылады, ал "қайталама" деген белгісі бар есеп карточкасы бастапқысымен бірге ағымдағы жылдың картотекасына орналастырылады. Қайталама өтініштерге оның алдындағы өтініштерді қарау материалдары қосып қойылады.
Кеңсенің іс жүргізу және мұрағат секторында немесе құрылымдық бөлімшелерінде толымды жауаптары бар жеке немесе заңды тұлғалардың бұрын қаралған қайталама өтініштері қосымша қарауға жатпайды, өтініш берушіге үш күн мерзімде бұл туралы хабарланады.
6. Өтініштер мазмұнына қарай Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына немесе оның орынбасарларына (бұдан әрі - Басшылық) баяндалады немесе Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі алдын ала қарау және Басшылық қарарын дайындау үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне береді не олардың құзыретіне сәйкес орталық және жергілікті атқарушы және өзге де органдардың атына үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жолдайды.
Өтініштерді Кеңсенің бір құрылымдық бөлімшесінен екіншісіне беру тек олардың басшыларының келісімі бойынша есеп карточкасында тиісті белгі жасалып, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің іс жүргізу және мұрағат секторы арқылы жүргізіледі.
РҚАО-ның ескертпесі!
6-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
РҚАО-ның ескертпесі!
7-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
7. Жеке тұлғалардың өтініштері орталық және жергілікті атқарушы және өзге де органдардың атына олар құзыретіне сәйкес қарауы үшін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі қол қойған ілеспе хатпен бірге дереу жіберіледі.
8. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің іс жүргізу және мұрағат секторы Басшылықтың жеке тұлғалардың өтініштері бойынша Кеңсеге жауап ұсынуды талап ететін "баяндалсын", "хабарласын" деген және басқа да нақты мерзімдері көрсетілген белгісі бар тапсырмаларын бақылауға алады, бұл ретте өтініштер мен карточкаларға "БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ" ("Взято на контроль") және "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жауаппен бірге қайтарылуға жатады" ("Подлежит возврату в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан вместе с ответом") деген мөртабандар қойылады.
9. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне жіберілген Басшылықтың жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тапсырмаларының орындалуын бақылау олардың басшыларына жүктеледі.
Егер жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін қарау Кеңсенің бірнеше құрылымдық бөлімшелеріне тапсырылса, онда қарарда бірінші көрсетілген не атауының тұсында "(жинақтау)" деген белгі тұрған бөлімше орындалуын бақылау үшін жауапты болып табылады.
10. Басшылықтың нұсқауы бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, ол қосымша бақылауға алынады, хаттың есеп карточкасының тыс жағына іс жүргізу және мұрағат секторы бұл туралы белгі қояды, тиісті түзету енгізіледі және электрондық құжат айналымы жүйесінің тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына тиісті есепті деректер енгізіледі.
11. Жеке тұлғалардың өтініштеріне Басшылық тапсырмаларының орындалу мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын, ал қосымша зерделеуді және тексеру жүргізуді талап етпейтіндер 15 (он бес) күнтізбелік күннен аспайтын болып белгіленеді және оларды Кеңсеге тіркеген күннен бастап есептеледі.
Егер оған жауапта өтініштерде қойылған мәселелерді іс жүзінде шешу бойынша қабылданған шаралар туралы деректер қамтылмаса, өтінішті қарауды аяқталды деп санауға болмайды.
Өтініштерді қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда оларды қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспай ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.
Өтініштердің нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
1) өтініштерді толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
2) мұндай шешім қабылдаудың негізділігімен өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы;
3) өтініштің мән-жайы бойынша түсініктеме беру туралы;
4) өтінішті қарауды тоқтату туралы.
12. Жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін бақылаудан, әдетте, оның тапсырмасы бойынша қаралған лауазымды тұлғаның өзі алады. Бұл ретте оның тиісті қарары өтінішті бақылаудан алу үшін негіздеме болып табылады.
Бақылаудағы өтініштерге жауаптар түскен кезде Кеңсенің олардың орындалуы үшін жауапты құрылымдық бөлімшелері өтініштерде қойылған мәселелерді шешудің сапасы мен толықтығын зерделейді және Басшылыққа қарау нәтижелері туралы бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту немесе басқа да іс-әрекеттер туралы ұсыныспен бірге баяндайды. Жеке және заңды тұлғалардың бақылаудан алынған өтініштері бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріндегі орындаушылар есеп карточкасындағы тиісті бағанды толтырады, одан кейін өтініштер мен оларға материалдар құрылымдық бөлімшенің ағымдағы мұрағатына есеп карточкаларымен бірге тапсырылады.
13. Өтініш берушінің авторлығын белгілеу мүмкін емес, қолы, оның ішінде электрондық цифрлық қолы қойылмаған, почталық мекенжайы көрсетілмеген өтініштері жасырын өтініштер деп саналады және оған мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер туралы мәліметтер қамтылатын және мұндай жағдайда іс жүргізу және мұрағат секторы зерделеп, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісіне баяндалғаннан кейін олардың құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға жедел қайта жіберілетін жағдайларды қоспағанда, қаралуға жатпайды.
Сондай-ақ мәселенің мән-жайы баяндалмаған өтініштер қаралуға жатпайды.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 қаулысымен.
14. Күнтізбелік жыл аяқталған соң жеке және заңды тұлғалардың қаралған өтініштері мен оларға барлық материалдар іске түзіледі және мұрағатқа тапсырылады.
Бүркеншік өтініштер іс жүргізу және мұрағат секторында зерттеледі және бір жыл сақталады, одан кейін актімен жойылады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
15. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен оларға қатысты материалдар мұрағаттан Кеңсе қызметкерлеріне Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің немесе оның орынбасарының рұқсатымен ғана беріледі.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, азаматтардың өтініштерін қарау туралы статистикалық деректер есепті кезеңдерде белгіленген тәртіппен ұсынылады.
16. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды Кеңсе Басшысы бекіткен кестеге сәйкес бөлімдердің басшылары және Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторлары Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесінде жүргізеді. Жеке қабылдау кестесі Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесінің кіреберісінде ақпараттық тақтаға ілінеді.
Азаматтарды қабылдаудың есебі өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, оның жұмыс орны, лауазымы, мекен-жайы, өтініштің және тапсырманың қысқаша мазмұны және қарау нәтижелері көрсетіле отырып, карточкалар (2-қосымша) бойынша жүргізіледі.
Егер өтініш немесе шағым қабылдау кезінде шешілмейтін болса, онда азаматтар көтеріп отырған мәселелер жазбаша түрде жазылады және онымен әрі қарай жұмыс істеу азаматтардың хаттарымен жұмыс сияқты жүргізіледі.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 Қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
17. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және оларға Басшылық тапсырмаларының орындалуы мерзімдерін бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
18. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды тікелей өздері басқаратын мемлекеттік органдарда жүргізеді.
___________________
* Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300, 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 358 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін
қарау және олардың орындалуын бақылау
тәртібі туралы нұсқаулыққа
1-қосымша
(карточканың беткі жағы)
Түскен өтінішті
ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ
ТІРКЕУ
___________________________________________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә.
мекен-жайы Тіркеу нөмірі Тіркелген күні
___________________________________________________________________
Өтініш сипаттамасының коды
___________________________________________________________________
Әлеуметтік жағдайы Өтініштің қысқаша түсініктемесі
Ұсыныс, өтініші, шағым, лебіз, сауал
Өтініш қай тілде жазылған
Қарарды орындаушының шифрі
___________________________________________________________________
(карточканың артқы беті)
Күні |
Өтінішті кім жіберді, кімге |
Қолхат |
Істі сақтау/том:
Орындалуы дейін ұзартылды
Бақылаудан алынды:
Тексерудің қорытындысы:
Құрылымдық бөлімше бақылауға қойды:
Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау және олардың
орындалуын бақылау тәртібі туралы
нұсқаулыққа 1а-қосымша
Ескерту. Нұсқаулық 1а-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
(талонның алдыңғы беті)
ТАЛОН* (талонның саны/номер талона) ____________________________________________ ____________________________________________ Талон қабылдаушының қолы/подпись получившего талон ___________________ «___» сағ/час «___» мин. |
ТАЛОН* (талонның саны/номер талона) ________________________________________ «___» ______________________ 20__ ж./г. |
(талонның артқы беті)
* Қазақстан Республикасы Жеке және заңды тұлғалардың Интернет желісінің мекенжайы: 1012 нөміріне SMS хабарлама Станционарлық телефон арқылы Ұялы телефон арқылы 1414 нөміріне Ескерту\примечание: |
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін
қарау және олардың орындалуын бақылау
тәртібі туралы нұсқаулыққа
2-қосымша
(карточканың беткі жағы)
КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ 200_жылгы "__"»____________N________ Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты______________________ |
_________________________________________________________
(карточканың артқы беті)
Кімге және не тапсырылды, күні________________________________ |