Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
9 000 000 (тоғыз миллион) АҚШ доллары мөлшеріндегі негізгі борышты, сондай-ақ кепілдік берушінің төлеуіне жататын пайыздар мен өзге де төлемдерді қамтитын сомаға тартылып отырған мемлекеттік емес заем бойынша міндеттемелерді "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Заем алушы) орындауын қамтамасыз ету ретінде кредиторға "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті шегінде мемлекеттік кепілдік берсін; <*>
Қазақстан Республикасының көрсетілген мемлекеттік кепілдігінің берілуіне байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының алдындағы оның міндеттемелерін қамтамасыз ету туралы Заем алушымен тиісті келісім жасассын.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.14. N 492
қаулысымен .
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.11. N 1614
қаулысымен .
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.27. N 880
қаулысымен .
2. Заем алушы заңнамада Z990464_ , Р971366_ белгіленген тәртіппен мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етсін.
3. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.12.30. N 1963 қаулысымен .
4. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі