Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1961 және 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1963 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 сәуір N 492

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл облысының Шу ауданындағы Тасөткел су көтергіш бөгетін күшейту жөніндегі орындалған жұмыстар үшін берешекті өтеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен Жамбыл облысының әкіміне 18951000 (он сегіз миллион тоғыз жүз елу бір мың) теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың

 

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Жамбыл облысының әкімі 2001 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан

Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне орындалған

жұмыстардың көлемі мен құны жөнінде есеп берсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.




     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

      бірінші орынбасары


     Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.