Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1961 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2003 жылғы 27 тамыздағы N 880 қаулысы

      Қазіргі заманғы халықаралық білім беру технологияларын пайдалана отырып, нарық экономикасы мен әлеуметтік ғылымдар бойынша халықаралық деңгейдегі кадрларды даярлау, шетелдік мамандарды тарту және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын одан әрі дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: P920285K941605

      1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институты (бұдан әрі- ҚМЭБИ)" мемлекеттік мекемесі коммерциялық емес акционерлік қоғам етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. ҚМЭБИ-ді қайта ұйымдастыру "Мүліктік кешен ретінде кейіннен сатып алу құқығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институты" (ҚМЭБИ) мемлекеттік жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру мекемесін сенімгерлік басқаруға беру туралы" 2000 жылғы 21 ақпандағы N 05/04-2000 келісім-шартты ескере отырып, қызмет бейінін - жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар мамандар даярлауды сақтап жүзеге асырылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті