"Қазпочта" ашық акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес сыртқы заем тартуы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 30 желтоқсан N 1961

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      9 000 000 (тоғыз миллион) АҚШ доллары мөлшеріндегі негізгі борышты, сондай-ақ кепілдік берушінің төлеуіне жататын пайыздар мен өзге де төлемдерді қамтитын сомаға тартылып отырған мемлекеттік емес заем бойынша міндеттемелерді "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Заем алушы) орындауын қамтамасыз ету ретінде кредиторға "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Z990473_ Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті шегінде мемлекеттік кепілдік берсін;
      Қазақстан Республикасының көрсетілген мемлекеттік кепілдігінің берілуіне байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының алдындағы оның міндеттемелерін қамтамасыз ету туралы Заем алушымен тиісті келісім жасассын.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.14. N 492
               қаулысымен. P010492_
      2. Заем алушы заңнамада Z990464_ , Р971366_ белгіленген тәртіппен

мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптардың 
орындалуын қамтамасыз етсін.
     3.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.12.30. N 1963      
              қаулысымен.  

P001963_

 
     4. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.