Мемлекеттік кепілдіктердің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 желтоқсан N 1614

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      25 000 000 (жиырма бес миллион) АҚШ доллары мөлшеріндегі негізгі борышты, сондай-ақ кепілдік берушінің төлеуіне жататын пайыздар мен өзге де төлемдерді қамтитын сомаға тартылып отырған мемлекеттік емес заем бойынша міндеттемелерді "Атырау халықаралық әуежайы" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қарызгер) орындауын қамтамасыз ету ретінде несиегерге "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Z000131_ Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті шегінде мемлекеттік кепілдік берсін;
      Қазақстан Республикасының көрсетілген мемлекеттік кепілдігінің берілуіне байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының алдындағы оның міндеттемелерін қамтамасыз ету туралы Қарызгермен тиісті келісім жасассын.
      2. "Мұнай және газ тасымалдау" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы Қарызгердің заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптарды орындауын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес сыртқы заем тартуы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1961 P001961_ қаулысына:

 

     1-тармақтың екінші абзацындағы "2001" деген сан "2002" деген санмен

ауыстырылсын;

     2) "Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік

инвестицияларының бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1963 


P001963_


  қаулысына

(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 631-құжат):

     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2000-2002

жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына 2-қосымшада:

     "Көлік және байланыс" салалық секторында реттік нөмірі 55-жол алынып

тасталсын;

     қорытынды бөлімде:

     "Барлығы" деген жолда:

     6-бағандағы "2550.34" деген сан "2525.34" деген санмен ауыстырылсын;

     10-бағандағы  "266.95" деген сан "266.51" деген санмен ауыстырылсын;

     11-бағандағы "931.23" деген сан "906.67" деген санмен ауыстырылсын;

     "Сыртқы көздерден барлығы" деген жолда:

     6-бағандағы "2082.46" деген сан "2063.71" деген санмен ауыстырылсын;

     10-бағандағы "211.35" деген сан "210.91" деген санмен ауыстырылсын;

     11-бағандағы "790.58" деген сан "772.27" деген санмен ауыстырылсын;

     "заемдар" деген жолда:

     6-бағандағы "1895.89" деген сан "1877.14" деген санмен ауыстырылсын;

     10-бағандағы "174.52" деген сан "174.08" деген санмен ауыстырылсын;

     11-бағандағы "765.31" деген сан "747.00" деген санмен ауыстырылсын;

     "Ішкі көздерден барлығы" деген жолда:

     6-бағандағы "467.88" деген сан "461.63" деген санмен ауыстырылсын;

     11-бағандағы "140.65" деген сан "134.40" деген санмен ауыстырылсын;

     "республикалық бюджет" деген жолда:

     6-бағандағы "462.02" деген сан "455.77" деген санмен ауыстырылсын;

     11-бағандағы "140.65" деген сан "134.40" деген санмен ауыстырылсын;

     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2000-2002

жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына 3-қосымшада:

     "Көлік және байланыс" салалық секторында:

     реттік нөмірі 11-жолда:

     4-бағандағы "2000-2001" деген сандар "2002" деген санмен ауыстырылсын;

     10-бағандағы "9.00, 9.00" деген сандар алынып тасталсын;

     11-баған "9.00, 9.00" деген сандармен толықтырылсын;

     реттік нөмірі 13-жол алынып тасталсын;

     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-1-жолмен толықтырылсын:

"_____________________________________________________________________

    1  !               2                  !             3

_____________________________________________________________________

16-1  !  Атырау қаласы әуежайының           "Атырау халықаралық

       ! ұшу-қону алаңын қайта жаңарту         әуежайы" ААҚ

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

    4  !   5   !  6   !      7      !  8  !  9  !   10  !  11  !  12     

_____________________________________________________________________

2002-  ЕҚДБ    25.00  Заемды игеру                      1.60  23.40

2004                 

                       Кепіл мөлшері             25.00               

_____________________________________________________________________";  


     қорытынды бөлімде:

     "Барлығы" деген жолда:

     6-бағандағы "1338.60" деген сан "1313.60" деген санмен ауыстырылсын;

     "Заемды игеру" деген жолда:

     10-бағандағы "361.82" деген сан "322.82" деген санмен ауыстырылсын;

     11-бағандағы "422.74" деген сан "413.34" деген санмен ауыстырылсын;

     12-бағандағы "326.57" деген сан "349.97" деген санмен ауыстырылсын;

     "Кепіл мөлшері" деген жолда:

     10-бағандағы "299.06" деген сан "272.06" деген санмен ауыстырылсын;

     11-бағандағы "252.00" деген сан "254.00" деген санмен ауыстырылсын.

     4. 6-тармағын қоспағанда, "Алматы қаласындағы метрополитен құрылысын

аяқтау және бірінші желісін іске қосу туралы" Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2001 жылғы 12 шілдедегі N 950 


P010950_


  қаулысының күші жойылды

деп танылсын.

     5. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 3-тармақтың

1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.