Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548 Кодексі

Жаңартылған

       ҚОЛДАНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!

      Қазақстан Республикасының 2005.11.22.  N 90  Заңымен  енгізілген өзгерістер әртүрлі уақытта қолданысқа  енгізілген 
( 2-бапты  қараңыз). Қажет болған жағдайда "Заң" Деректер
базасының 5 версиясының алдыңғы редакцияларын қараңыз.

      Осы Кодекс бюджеттiк және бюджетаралық қатынастарды реттейдi және бюджет жүйесi жұмыс iстеуiнiң, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының негiзгi ережелерiн, принциптерi мен тетiктерiн белгiлейдi.

  Жалпы бөлік

  1-бөлім. Бюджет жүйесі

  1-тарау. Жалпы ережелер

       1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары

      1. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының  Конституциясына  негiзделедi, осы Кодекстен және қабылдануы осы Koдексте көзделген өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

       2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының
               қолданылуы

      1. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
      2. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тиiстi қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актiлерi, осы актiлердiң қайтарымды негiзде ақша бөлу туралы ережелерiн қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жояды.
      3. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдар, тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәслихаттардың шешiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың оларды iске асыру туралы актiлерi тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
      4. Егер заң актiлерiнде және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетiн ережелер көзделсе, онда Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелерi қолданылады.

       3-бап. Бюджет жүйесiнiң принциптерi

      Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:
      1) бiрлiк принципi - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк заңдарының қолданылуын, соның iшiнде бiрыңғай бюджеттiк сыныптауды, бюджет процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету;
      2) толықтық принципi - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегiнуге жол бермеу;
      3) реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарының бекiтiлген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi;
      4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттiк қаржы бақылауын жүргiзу;
      5) дәйектiлiк принципi - бюджеттiк қатынастар аясында бұрын қабылданған шешiмдердi мемлекеттiк басқару органдарының сақтауы;
      6) тиiмдiлiк және нәтижелiлiк принципi - бюджеттердi бюджеттiк бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзу қажеттiлiгiн негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткiзу үшiн қажеттi оңтайлы көлемiн пайдалана отырып әзiрлеу және атқару немесе бюджеттiк қаражаттың бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып ең үздiк нәтиженi қамтамасыз ету;
      7) басымдық принципi - бюджеттiк процестi республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;
      8) жауапкершiлiк принципi - бюджет процесiне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңдарын бұзғаны үшiн жауапқа тарту;
      9) бюджеттердiң дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында түсiмдердiң тұрақты түрде бөлiнiп тұруын орнықтыру және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнiң осы Кодекске сәйкес бюджет процесiн дербес жүзеге асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi, осы Кодекстiң 40-бабының 6-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмейтiндiгi, тиiстi өтемсiз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмейтiндiгi.

       4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттiң активтерi - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесiнде мемлекеттiк меншікке алынған мүліктiк және мүліктiк емес игiлiктер мен құндық бағасы бар құқықтар;
      2) бюджет - мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;
      3) облыстың бюджетi - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, облыстық бюджеттi, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiн бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық бюджет;
      4) бюджеттiк қамтамасыз етiлу - мемлекеттiк басқару органдары тиiстi бюджет қаражаты есебiнен ұсынатын мемлекеттiк қызметтер көрсетудi алушылардың бiрлiгiне шаққандағы заттай нормалар есепке алынған мемлекеттiк қызметтер көрсету құны;
      5) бюджет жүйесi - бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы;
      6) бюджеттiк инвестициялық бағдарлама - сипаты техникалық-экономикалық негiздеу сатысында қол жеткiзу мерзiмiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн бiрыңғай инвестициялық мақсатты көздейтiн iс-шаралар жиынтығы;
      7) бюджеттiк инвестициялар - экономикалық пайда табу немесе әлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiкке жету мақсатымен мемлекет активтерiнiң құнын ұлғайтуға, адам ресурстарын дамытуға және табиғи ресурстарды жаңғыртуға бағытталған қаржыландыру;
      8) бюджеттiк операциялар - бюджеттi атқару процесiнде жүзеге асырылатын операциялар;
      9) бюджеттiк қатынастар - бюджет процесiнде туындайтын қатынастар;
      10) бюджет қаражаты - мемлекеттiк меншiкке түсуi мен жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақша және өзге де активтерi;
      11) бюджеттiк инвестициялық жоба - шектеулi уақыт кезеңi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жиынтығы;
      12) бюджет процесi - бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау, түзету жөнiндегi, бюджеттiң атқарылуы бойынша бюджет есебi мен есептiлiгiн жүргiзу мемлекеттiк қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөнiндегi Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен реттелген қызмет;
      13) мемлекеттiк инвестициялық саясат - инвестициялық процестердi ұлттық экономиканың мүдделерi үшiн мемлекеттiк реттеудiң экономикалық және қаржылық негiзделген шараларын көрсететiн әлеуметтiк-экономикалық саясаттың құрамдас бөлiгi;
      14) мемлекеттiк бағдарлама - салааралық сипаты бар, әлеуметтiк-экономикалық дамудың неғұрлым маңызды мiндеттерiн шешуге және мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, құқық тәртiбiн, заңдылық пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi әзiрлейтiн және Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн бағдарлама;
      15) мемлекеттiк бюджет - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық бюджет;
      16) инвестициялық ұсыныс - инвестициялық жобаның (бағдарламаның) мақсатын, оған жету жолдарын көрсететiн және инвестициялық жобаны (бағдарламаны) одан әрi әзiрлеу үшiн оны алдын ала iрiктеудi жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн инвестициялық жоба (бағдарлама) тұжырымдамасы;
      17) кассалық алшақтық - қаржы жылы iшiнде шығыстар көлемiнiң бюджетке түсетiн түсiмдер мен бюджет қаражатының бос қалдықтары көлемiнен асып түсуi;
      18) жергiлiктi бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi;
      19) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, жергiлiктi бюджеттiң орташа мерзiмдi кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерiн және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң жобасын жоспарлау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
      20) бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, бюджеттi атқару, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi бюджеттiк есеп пен есептiлiктi жүргiзу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
      21) экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың негiзгi бағыттарын әзiрлеу функциясын жүзеге асыратын атқарушы орган;
      22) кiрiстердi бөлу нормативi - кiрiстердi әртүрлi деңгейлердегi бюджеттердiң арасында бөлудiң проценттiк арақатынасы;
      23) салалық (секторлық) бағдарлама - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн, экономиканың жекелеген салаларының (секторларының) неғұрлым маңызды мiндеттерiн шешуге бағытталған бағдарлама;
      24) басым (республикалық немесе жергілiктi) бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi - республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландыру жоспарланған инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзiмi болып табылатын, республиканы немесе аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарына қосымша;
      25) бюджет қаражатын алушы - бюджет қаражатын игерудiң барлық деңгейiнде бюджет қаражатын пайдаланатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк мекемелер, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсететiн, соның iшiнде азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде қызмет көрсететiн тұлғалар;
      26) аймақтық бағдарлама - мәслихаттар бекiтетiн, аймақтың (аумақтың) әлеуметтiк-экономикалық дамыту мiндеттерiн шешуге бағытталған бағдарлама;
      27) түзетiлген бюджет - тиiсiнше Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы органдар енгiзген өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып бекiтiлген немесе нақтыланған бюджет;
      28) әлеуметтiк-экономикалық дамудың орташа мерзiмдiк жоспары - Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе мәслихат бекiтетiн, республиканы немесе аймақты әлеуметтiк-экономикалық дамытудың үш жылдық кезеңге арналған негiзгi көрсеткiштерi мен бағыттарын және оларды iске асыру жөнiндегi шараларды айқындайтын құжат;
      29) трансферттер - бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, сондай-ақ бюджеттен, соның iшiнде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке төленетiн өтеусiз және қайтарылмайтын төлемдер;
      30) бекiтiлген бюджет - тиiстi қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламентi немесе тиiстi мәслихат бекiткен бюджет;
      31) нақтыланған бюджет - атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламентi немесе тиiстi мәслихат қабылдаған өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып тиiстi қаржы жылына бекiтiлген бюджет;
      32) қаржыландыру - бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу;
      33) қаржы жылы - бюджеттiң атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңi;
      34) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган - орташа мерзiмдi кезеңге арналған мемлекеттiк бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын жоспарлау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      35) iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган - iшкi мемлекеттiк қаржы бақылауы функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      36) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган - республикалық бюджеттi және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердi атқару жөнiндегi бюджеттiк есеп пен есептiлiктi атқару, жүргiзу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      37) экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын әзiрлеу функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
      2. Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының осы бапта көрсетiлмеген басқа ұғымдары осы Кодекстiң тиiстi баптарында айқындалған мәндерде пайдаланылады.
      Қазақстан Республикасы бюджет заңдары ұғымдарының анықтамалары бюджеттiк қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасының басқа да заң салалары ұғымдарының анықтамаларымен сәйкес келмеген кезде Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ұғымдары пайдаланылады.
      3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының басқа да заңдар салаларының ұғымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасы заңдарының осы салаларында пайдаланылып жүрген мәнiнде қолданылады.

       5-бап. Бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстарына әсер
               ететiн нормативтiк құқықтық актiлер

      1. Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн Қазақстан Республикасы заңдары жобаларының ережелерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана енгiзiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескерiле отырып жасалады.
      Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары жобаларының ережелерiн Республикалық бюджет комиссиясының мiндеттi түрде қарауына жатады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген актiлер жобаларының ережелерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң (Республикалық бюджет комиссиясының) қорытындысы ағымдағы жылдың бiрiншi жартысында берiлген жағдайда қолданысқа келесi қаржы жылынан ерте енгiзiле алмайды.
      Қорытынды ағымдағы жылдың екiншi жартысында берiлген жағдайда аталған ережелер қолданысқа жоспарланып отырған жылдан кейiнгi қаржы жылынан ерте енгiзiле алмайды.
      3. Жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн жергiлiктi өкiлдi органдар шешiмдерiнiң жобалары әкiмдiктiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана мәслихаттардың қарауына енгiзiлуi мүмкiн. Әкiмдiктiң қорытындысы тиiстi бюджет комиссиясының ұсыныстары ескерiле отырып жасалады.
      Жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн жергiлiктi атқарушы органдар актiлерi жобаларының ережелерiн тиiстi бюджет комиссиясының мiндеттi түрде қарауына жатады.
      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген ережелер әкiмдiктiң (тиiстi бюджет комиссиясының) оң қорытындысы болған жағдайда қолданысқа келесi қаржы жылынан ерте енгiзiле алмайды.
      5. Осы баптың 2 және 4-тармақтарында көрсетiлген ережелер тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдарға және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәслихаттар шешiмдерiне, сондай-ақ оларды iске асыру туралы нормативтiк құқықтық актiлерге қолданылмайды.

  2-тарау. Бюджет жүйесі

       6-бап. Бюджеттердiң түрлерi мен деңгейлерi

      1. Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегi бюджеттер бекiтiледi, атқарылады және дербес болып табылады:
      республикалық бюджет;
      облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi;
      аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi.
      2. Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгiленген жағдайларда төтенше мемлекеттiк бюджет әзiрленуi, бекiтiлуi және атқарылуы мүмкiн.

       7-бап. Республикалық бюджет

      1. Осы Кодекспен айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттiк органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттiк саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.
      2. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiледi.

       8-бап. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар
               қала, астана бюджетi

      1. Осы Кодекспен айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер, есебiнен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегi жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджетi, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi болып табылады.
      2. Тиiстi қаржы жылына арналған облыстың бюджетi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешiмiмен бекiтiледi.

       9-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi

      1. Осы Кодекспен айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi болып табылады.
      2. Тиiстi қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмiмен бекiтiледi.

       10-бап. Төтенше мемлекеттiк бюджет

      1. Төтенше мемлекеттiк бюджет республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң негiзiнде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгiзiледi.
      2. Төтенше мемлекеттiк бюджеттi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiледi.
      3. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгiзу және оның күшiн жою туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы төтенше мемлекеттiк бюджеттi енгiзуге және оның қолданылуын тоқтатуға негiз болып табылады.
      4. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламентi дереу хабардар етiледi.
      5. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қолданылу уақытына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиiстi қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегi жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттар шешiмдерiнiң қолданылуы тоқтатыла тұрады.
      6. Төтенше мемлекеттiк бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген мерзiм iшiнде қолданыста болады.
      Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиiстi қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегi жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгiзiлген ретте төтенше мемлекеттiк бюджет енгiзiлмейдi.
      8. Қазақстан Республикасының бiрнеше аймақтарының аумақтарында бiр мезгiлде төтенше жағдай енгiзу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауiпсiздiгiне нақты қатер төндiруi мүмкiн болатын ретте ғана төтенше мемлекеттiк бюджет енгiзуге негiз бола алады.

       11-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi шотында шоғырландырылатын, мемлекеттiң қаржылық актив түрiндегi, сондай-ақ, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiк түрiндегi активтерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады.  (РҚАО-ның ескертуі:  U000402  қараңыз )
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердiң және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердiң қорлануына, экономиканың шикiзат секторына тәуелдiлiгiн және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау функциясы қаржылық активтердiң және, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктердiң қорлануын қамтамасыз етедi. Тұрақтандыру функциясы шикiзат ресурстарына әлемдiк бағаның конъюнктурасына республикалық бюджеттiң тәуелдiлiгін төмендетуге арналған.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзiлiк және iшкi тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегi және шет елдердегi экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтары ескерiле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi сақтала отырып айқындалады.  U010543
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмi мен жұмсалуы ұлттық және шетелдiк валюталармен жүргiзiледi.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөнiндегi есебi мен есептiлiгі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.

  3-тарау. Бюджеттің құрылымы

       12-бап. Бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстары

      1. Кiрiстер, бюджет кредиттерiн өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер, сондай-ақ мемлекеттiк қарыздар бюджеттiң түсiмдерi болып табылады.
      2. Шығындар, бюджет кредиттерi, қаржы активтерiн сатып алу, қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу бюджеттiң шығыстары болып табылады.

       13-бап. Бюджеттiң құрылымы

      1. Бюджеттiң құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:
      1) кiрiстер:
      салықтық түсiмдер;
      салықтық емес түсiмдер;
      негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер;
      ресми трансферттер түсiмдерi;
      2) шығындар;
      3) операциялық сальдо;
      4) таза бюджеттiк кредит беру:
      бюджеттiк кредиттер;
      бюджеттiк кредиттердi өтеу;
      5) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
      қаржы активтерiн сатып алу;
      мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
      6) бюджет тапшылығы (профицитi);
      7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану):
      қарыздар түсiмi;
      қарыздарды өтеу;
      бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
      2. Бюджеттердi бекiту және бюджеттердiң атқарылуы туралы есептердi түзу осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құрылым бойынша жүзеге асырылады.

       14-бап. Бюджет кiрiстерi

      1. Салық және басқа да мiндеттi төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусiз негiзде берiлетiн, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатуға байланысты емес, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес бюджетке eceптелуге тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады.
      2. Салықтық түсiмдер - Қазақстан Республикасының  Салық кодексiнде  белгiленген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер.
      3. Салықтық емес түсiмдер - Қазақстан Республикасының  Салық кодексiнде  белгiленген, негiзгi капиталды, байланысты гранттарды сатудан түсетiн түсiмдерге жатпайтындардан басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде белгiленген бюджетке төленетiн мiндеттi, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусiз негiзде берiлетiн ақша.
      4. Мынадай ақшалар негізгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер болып табылады:
      1) мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша;
      2) мемлекеттiк материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетiн ақша;
      3) мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн жеке меншiкке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жер учаскелерiн өзге құқықтық нысандарда өткiзуден түсетiн ақша;
      4) мемлекетке тиесiлi материалдық емес активтердi сатудан түсетiн ақша.
      5. Ресми трансферттер түсiмдерi - бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншісiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетiн трансферттер түсiмдерi.
      6. Кiрiстердiң жаңа түрлерiн енгiзу, қолданылып жүргендерiнiң күшiн жою немесе оларды өзгерту осы Кодекске мiндеттi түрде өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзiле отырып жүзеге асырылады.
      7. Нысаналы ресми трансферттердi қоспағанда, кiрiстердiң нысаналы мақсаты болмайды.
       Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.21.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.  

       15-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды
                (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi)
                өткiзуiнен түсетiн ақша

      1. Мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша тиiстi бюджетке есептелуге тиiс.
      Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнiң негiзгi қызметiне жатпайтын, төленетiн ақысының мiндеттi сипаты болмайтын әрi жеке және заңды тұлғамен келiсiм бойынша айқындалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу құқығы көзделген болса, мұндай тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақша мемлекеттiк мекеменiң иелiгiнде қалуы мүмкiн.
      2. Мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн өздерiнiң иелiгiнде қалған ақша осы Кодекске сәйкес және Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған тәртiппен пайдаланылады.  P020832  

       16-бап. Бюджет шығындары

      1. Қайтарылмайтын негiзде бөлiнетiн бюджет қаражаты бюджет шығындары болып табылады.
      2. Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз ететiн шығындар;
      2) тұрақты сипаты жоқ iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуге байланысты шығындар;
      3) мемлекеттiк тапсырысқа арналған шығындар - мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында (мемлекеттiк органдардың өздерiнiң тұтынуына арналмаған) өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) мемлекеттiк органдардың ақы төлеуi;
      4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегi үшiн ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;
      5) субсидиялар - мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын шаруа (фермер) қожалықтары мен заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарылмайтын негізде қаржыландыру;
      6) ресми трансферттер - бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншiсiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына трансферттер төлеу;
      7) мемлекеттiң мiндеттемелерiн орындауға арналған шығындардың өзге де түрлерi.
      3. Субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын әлеуметтiк-экономикалық дамыту мiндеттерiн iске асырудың басқа, неғұрлым тиiмдi тәсiлi болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда берiлуi мүмкiн. Субсидия берудiң басым бағыттары орта мерзiмдi фискалдық саясатпен айқындалады.
      4. Ресми трансферттердiң жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы мүмкiн. Нысаналы сипаты бар ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.
       Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.10.   N 116   (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       17-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
                жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi

      1. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу кезiнде оларды болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейiнге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететiн шығындарды қаржыландыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң құрамында құрылады.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың резервi:
      1) төтенше резервтi;
      2) шұғыл шығындарға арналған резервтi;
      3) облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнiң, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резервтi қамтиды.
      3. Төтенше резерв Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында ғана пайдаланылады. <*>
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервi Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуiне де пайдаланылуы мүмкiн. <*>
      4. Шұғыл шығындарға арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларды жою, соттардың шешiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындау мақсатында ғана пайдаланылады.
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiмен айқындалатын көзделмеген өзге де шығындарға пайдаланылуы мүмкiн. <*>
      5. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резерв оларда кассалық алшақтық пайда болған жағдайда облыс бюджетiне, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне кредит беру үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделедi.
      6. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резерв оларда кассалық алшақтық пайда болған жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне кредит беру үшiн облыстық бюджетте көзделедi.
      7. Кассалық алшақтықты жабуға қарыз беру қаржы жылы шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады және республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылауды талап етпейдi.
      8. Қазақстан Республикасы Үкiметi резервiнiң және жергiлiктi атқарушы орган резервiнiң жалпы көлемi тиiстi бюджет түсiмдерi көлемiнiң екi процентiнен аспауға тиiс.
      9. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен ақша бөлу тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлген көлемдер шегiнде тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жоятын шешiмдерi бойынша жүзеге асырылады.
      10. Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемiнде пайдаланылған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Парламентiне немесе тиiстi мәслихатқа тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган резервтерiнiң мөлшерiн ұлғайту туралы ұсыныстар енгiзедi.
      11. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бөлiнген ақша қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған немесе iшiнара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкiмшiсi бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгiн ағымдағы қаржы жылының соңына дейiн тиiстi бюджетке қайтаруды қамтамасыз етедi.
      12. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.   P991408  
      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.   

       18-бап. Операциялық сальдо

      1. Операциялық сальдо бюджет кiрiстерi мен шығындары арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      2. Бюджет шығындарының бюджет кiрiстерiнен асып түскен сомасы терiс операциялық сальдо болып табылады.
      3. Бюджет кiрiстерiнiң бюджет шығындарынан асып түскен сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.
      4. Бюджет шығындарында бюджеттiк даму бағдарламалары болған жағдайда терiс операциялық сальдоға жол берiледi.
      Ағымдағы бюджеттiк бағдарламалардың жалпы көлемi бюджет кiрiстерiнiң көлемiнен асып түспеуге тиiс.
      5. Терiс операциялық сальдоның жол берiлетiн шектi мөлшерi орта мерзiмдi фискалдық саясатпен айқындалады.

       19-бап. Таза бюджеттiк кредит беру

      Таза бюджеттiк кредит беру бюджеттiк кредиттердiң және бюджеттiк кредиттердi өтеудiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

       20-бап. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар
                бойынша сальдо

      1. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар:
      1) қаржы активтерiн сатып алуды;
      2) мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдердi қамтиды.
      2. Қаржы активтерiн сатып алу - заңды тұлғалардың, соның iшiнде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын мемлекеттiк меншiкке сатып алу операцияларымен байланысты бюджет шығыстары.
      3. Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - мемлекеттiк меншiктегi заңды тұлғалардың, соның iшiнде халықаралық ұйымдардың, мүлiктiк кешен түрiндегi мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындардың қатысу үлесiн, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуiндегi өзге де мемлекеттiк мүлiктi сату жөнiндегi операцияларға байланысты бюджетке түсетiн түсiмдер.
      4. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо қаржы активтерiн сатып алу мен мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдердiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      5. Қаржы активтерiн сатып алу және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер Қазақстан Республикасының заң актiлерiне және әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

       21-бап. Бюджет тапшылығы (профицитi)

      1. Бюджет тапшылығы (профицитi) таза бюджеттiк кредит берудi және қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегерiп тастағандағы операциялық сальдоға тең.
      Терiс белгiмен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгiмен алынған шама бюджет профицитi болып табылады.
      2. Бюджет тапшылығының жол берiлетiн шектi мөлшерi әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарымен белгiленедi.

       22-бап. Бюджет тапшылығын қаржыландыру
                (профицитiн пайдалану)

      1. Бюджет тапшылығын қаржыландыру - қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебiнен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету.
      Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемi алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгi борышты өтеу сомасынан асып түсуi ретiнде белгiленедi.
      Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәнi оң белгiмен белгiленедi және бюджет тапшылығының шамасына сай келедi.
      2. Бюджет профицитiн пайдалану - қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге бюджет профицитiн, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын жұмсау.
      Бюджет профицитiн пайдалану көлемi қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы сомасынан асып түсуi ретiнде белгiленедi.
      Бюджет профицитiн пайдалану мәнi терiс белгiмен белгiленедi және бюджет профицитiнiң шамасына сай келедi.

  4-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

       23-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
                қалыптастыру көздерi

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздерi:  U010543  
      1) шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн нақты түсiмдердiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекiтiлген олардың жылдық көлемiнен асып түсуi ретiнде айқындалатын республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер;
      2) республикалық меншiктегі және кен өндiру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдердiң есебiнен айқындалатын республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер;
      3) шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн республикалық бюджетте жоспарланған түсiмдер сомасының он процентi мөлшерiнде есептелген республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер;
      4) ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түскен түсiмдер есебiнен айқындалатын жергiлiктi бюджеттiң ресми трансферттерi;
      5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстер;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер болып табылады.
      2. Негiзгi қызметi табиғи ресурстарды өндiру мен өңдеу болып табылатын заңды тұлғалар шикiзат секторының ұйымдары болып табылады. Шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      3. Шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдер - шикiзат секторы ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлерi бойынша түсетiн түсiмдердiң жиынтығы:
      корпорациялық табыс салығы;
      қосылған құнға салынатын салық;
      үстеме пайдаға салынатын салық;
      бонустар;
      роялти;
      жасасқан келiсiм-шарттар бойынша Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөнiндегі үлесi.
      4. Шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдер болжамы шикiзат секторының тауарларына республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарында айқындалған дүниежүзiлiк тұрақты есеп айырысу бағалары ескерiле отырып жасалады.
      5. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген ресми трансферттердi, сондай-ақ республикалық меншiктегi және кен өндiрушi және өңдеушi салаларға жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн жоспардан тыс түсiмдер есебiнен айқындалатын республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттердi  республикалық бюджеттi тиiсiнше түзету негiзiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындап, республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады. <*>
      6. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген ресми трансферттер, сондай-ақ республикалық меншiктегі және кен өндiрушi және өңдеушi салаларға жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн жоспарлы түсiмдер есебiнен айқындалатын республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiледi.
      7. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түскен түсiмдер есебiнен айқындалатын, осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасында көрсетiлген ресми трансферттер мәслихаттың тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмiмен бекiтiледi, ал жоспардан тыс түсiмдер есебiнен айқындалған ресми трансферттердi жергiлiктi бюджеттен бюджеттi атқару жөнiндегі жергілiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi бюджеттi тиiсiнше түзету негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады. <*>
      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қаржылық активтерге және, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктерге орналастырудан құрылады.
       Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       24-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
      1) тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойынша шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң бекiтiлген және нақты көлемдерi арасындағы айырма ретiнде айқындалатын республикалық бюджет шығынын өтеуге жұмсалады. Өтем мөлшерi республикалық бюджеттiң түсiмдер бойынша толық атқарылмаған жалпы сомасынан аспауға тиiс. Түсiмдердiң жалпы нақты көлемi олардың бекiтiлген көлемiнен асып түскен жағдайда өтем жүзеге асырылмайды;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн мақсаттарға арналып берiлетiн нысаналы трансферттер түрiнде;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайын аудит өткiзуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жеткiлiктi өтiмдiлiк деңгейiн ұстап тұру;
      3) тәуекел деңгейiнiң қалыптылығы жағдайында ұзақ мерзiмдi перспективада Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры табыстылығының жоғары деңгейiн ұстап тұру;
      4) инвестициялық кiрiстер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат етiлген қаржы активтерiне және, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктерге орналастырылады.
      3. Рұқсат етiлген қаржылық активтердiң және, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңестiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге және мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз ету ретiнде пайдалануға болмайды.
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебiнен республикалық бюджеттiң шығынын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңестiң келiсiмiмен қаржы жылының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Парламентiнде республикалық бюджеттi нақтыламай-ақ жүзеге асырылады.
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берiлетiн нысаналы трансферттердiң көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiледi.
      7. Активтердi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.  U010543  

       25-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
                басқару жөнiндегi кеңес

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес - Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиiмдi пайдалану және оны қаржылық активтерге және, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастыру жөнiнде ұсыныстар талдап-жасайтын консультациялық-кеңесшi орган.    U010543  
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңестiң функциялары:   U010543  
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану көлемдерi мен бағыттары жөнiндегi ұсыныстарды қарау және талдап-жасау;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн рұқсат етiлген қаржылық активтердiң және материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктердiң тiзбесi жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңестi құру туралы шешiмдi, оның құрамы мен ол туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

  5-тарау. Бірыңғай бюджеттік сыныптама

       26-бап. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың анықтамасы

      1. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджет түсiмдерi мен шығыстарын сыныптама объектiлерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджет жүйесiнiң барлық деңгейдегi бюджеттерi көрсеткiштерiнiң салыстырымдылығын қамтамасыз етедi.
      2. Бюджет процесi бiрыңғай бюджеттiк сыныптама негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджеттердiң барлық деңгейлерi үшiн бiрыңғай және мiндеттi болып табылады.  V032647
      4. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының негiзiнде әзiрленедi.
      5. Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.

       27-бап. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың құрамы

      Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама:
      1) бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасын;
      2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын;
      3) бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.

       28-бап. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы

      1. Барлық деңгейдегi бюджеттер түсiмдерiнiң белгiлi бiр сипаттамалар бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына негiзделген топтамасы бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы болып табылады.
      2. Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, iшкi сыныптан және ерекшелiктен тұрады.
      Санаттар түсiмдердi экономикалық белгiлер бойынша топтастыру болып табылады.
      Сыныптар мен iшкi сыныптар түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтастырады.
      Ерекшелiк бюджетке төленетiн төлем немесе түсiм түрiн айқындайды.

       29-бап. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы

      1. Мемлекет функцияларының орындалуын, республикада мемлекеттiк саясатты iске асыруды бейнелейтiн функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджеттiк қаражаттардың жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.
      2. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден:
      функционалдық топтардан;
      функционалдық iшкі топтардан;
      бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiнен;
      бюджеттiк бағдарламалардан және iшкi бағдарламалардан тұрады.
      3. Функционалдық топ - бюджет шығыстарын салалық белгiлер мен функционалдық бағыт бойынша бiрiктiру.
      Функционалдық iшкi топ бюджет қаражатының функционалдық топ iшiнде жұмсалу бағытын нақтылайды.
      4. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы негiзiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiн, функционалдық топтармен бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкiн.

       30-бап. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң анықтамасы

      1. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi - бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлауға, негiздеуге және iске асыруға жауапты мемлекеттiк орган.
      Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi оған жүктелген функциялар мен өкiлеттiктерге сәйкес айқындалады.
      2. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджет қаражатын бюджеттiк бағдарламалардың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет шегiнде дербес пайдаланады, олардың тиiмдi, нәтижелi және нысаналы пайдаланылуына жауапты болады.
      3. Мемлекеттiк органдардың құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бола алмайды.

       31-бап. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың
                әкiмшiлерi

      Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдар республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылады.

       32-бап. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың
                әкiмшiлерi

      1. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгiлiк құрылымы негiзге алына отырып айқындалады.
      2. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкiмдігі уәкiлеттiк берген атқарушы органдар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкiмдерi мен мәслихаттарының аппараттары облыстық бюджеттiк бағдарламалардың, республикалық маңызы бap қалалардың, астананың бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi болып табылады.
      3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi уәкiлеттiк берген атқарушы органдар, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi мен мәслихатының аппараттары аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылады.
      4. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң аппараттары осы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi болып табылады.

       33-бап. Бюджеттiк бағдарламалардың анықтамасы

      1. Бюджеттiк бағдарлама - бюджеттiң мемлекеттiк басқару функциялары мен мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi шығыстары.
      2. Бюджеттiк бағдарлама бюджет шығыстарының бюджеттiк бағдарлама шеңберiндегi бағыттарын нақтылайтын iшкi бағдарламаларға бөлiнуi мүмкiн.
      3. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi болуға тиiс.
      Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты бюджеттiк бағдарламаны орындау кезiнде қол жеткiзiлуге тиiс белгiлi бiр түпкi нәтиже болып табылады. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жететiндей болуға тиiс.
      Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты жекелеген мiндеттерге бөлiнедi, олар бюджеттiк бағдарламаның мақсатына жетудiң жолдары болып табылады.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның атауы мен мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттiк функцияларды, сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының мемлекеттік, салалық (секторлық) аймақтық бағдарламалармен айқындалған мақсаттарын көрсетуге тиiс.

       34-бaп. Бюджеттiк бағдарламалардың түрлерi

      1. Экономикалық нәтижелерге байланысты бюджеттiк бағдарламалар:
      1) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мемлекеттiк басқару функциялары мен мемлекет мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты сипаты бар немесе дамудың бюджеттiк бағдарламаларына жатпайтын бiржолғы шаралар өткiзудi көздейтiн ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар;
      2) бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған дамудың бюджеттiк бағдарламалары болып бөлiнедi.
      2. Белгiлi бiр функцияларды атқаратын мемлекеттiк басқару деңгейiне байланысты бюджеттiк бағдарламалар:
      1) республикалық бюджетте бекiтiлетiн республикалық бағдарламалар;
      2) облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнде бекiтiлетiн облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бағдарламалары;
      3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнде бекiтiлетiн аудандық (қалалық) бағдарламалар;
      4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнде бекiтiлетiн қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары болып бөлiнедi.
      Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандық (қалалық), сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар болып табылады.
      3. Iске асыру тәсiлiне байланысты бюджеттiк бағдарламалар:
      1) бiр әкiмші iске асыратын жеке бюджет бағдарламалары;
      2) бюджеттiк бағдарламалардың бiр әкiмшiсi бойынша бюджетте бекiтiлетiн және бюджеттiк бағдарламалардың түрлi әкiмшiлерi арасында қаржы жылы iшiнде бөлiнуге тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар болып бөлiнедi. Мұндай бюджеттiк бағдарламаларды бөлу Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысымен немесе жергiлiктi атқарушы органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.  P020832  

       35-бап. Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау

      1. Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау iске асырылатын бағдарламалардың түпкi мақсатқа қол жеткiзу дәрежесiн айқындау үшiн шығыстардың тиiмдiлiк, уақтылылық, сапа, нәтижелiлiк өлшемдерi қолданыла отырып жүргiзiледi, осы өлшемдер арқылы:
      бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлау сатысында олардың есебiн және негiздемесiн талдау;
      бюджеттiк бағдарламалардың ағымдағы атқарылуын және мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайына олардың ықпал етуiн талдау;
      бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру мен бақылаудың барлық сатыларында оларды атқарудың неғұрлым тиiмдi және нәтижелi әдiстерi мен тәсiлдерiн талдап-жасау жүзеге асырылады.
      2. Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау үш сатыда:
      бюджет жобасын әзiрлеу кезiнде;
      бюджеттiң атқарылуы кезiнде;
      бюджеттiң атқарылуын бақылау кезiнде жүзеге асырылады.
      3. Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау бюджеттiк өтiнiмдер, паспорттар, бюджеттiк бағдарламаның iске асырылу барысы туралы есептер, бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру жоспарлары негiзiнде жүргiзiледi.
      4. Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      5. Бюджеттiң атқарылуын сыртқы бақылау кезiнде бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзу тәртiбiн Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi айқындайды.

       36-бап. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы

      1. Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратын операцияларды бейнелейтiн экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.
      2. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан, сыныптан, iшкi сыныптан және ерекшелiктен тұрады.
      Санат шығыстарды экономикалық белгiлерi бойынша топтастырады.
      Сынып пен iшкi сынып шығыстарды мемлекеттiк мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлерi бойынша топтастырады.
      Ерекшелiк бюджеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн мемлекеттiк мекеме жүргiзетiн операцияның түрiн айқындайды.

       37-бап. Барлау және қарсы барлау қызметiн жүзеге
                асыратын мемлекеттiк органдар мен олардың
                мекемелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
                Президентiнiң қауiпсiздiгiн тiкелей қамтамасыз
                ететiн органдардың шығыстарын сыныптау

      Барлау және қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен олардың мекемелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң қауiпсiздiгiн тiкелей қамтамасыз ететiн органдардың шығыстары шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiгі бойынша көрсетiле отырып, бiр функционалдық топ, ағымдағы бiр бюджеттiк бағдарлама және бiр бюджеттiк даму бағдарламасы бойынша сыныпталады.

  2-бөлім. Бюджетаралық қатынастар және түсімдер мен
шығыстарды бюджет деңгейлері арасында бөлу

  6-тарау. Бюджетаралық қатынастар

       38-бап. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер

      1. Жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттердiң бюджет процесiндегi қатынастары бюджетаралық қатынастар болып табылады.
      2. Бюджет процесiнде республикалық бюджеттiң аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiмен өзара қатынастарына жол берiлмейдi.
      3. Бюджет процесiнде облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерiмен өзара қатынастарына жол берiлмейдi.
      4. Бюджет процесiнде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң бiр-бiрiмен өзара қатынастарына жол берiлмейдi.
      5. Бюджетаралық қатынастар мемлекеттiк басқарудың деңгейлерi арасындағы функциялар мен өкiлеттiктердiң ара жiгiн дәлме-дәл ажыратуға, түсiмдер мен шығыстарды бюджеттер деңгейлерi арасында бiрыңғай бөлуге, сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды айқындау әдiстерiнiң бiртұтастығы мен ашықтығына негiзделген.
      6. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен орталық мемлекеттiк органдардың, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiсiнше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет процесiне араласуына жол берiлмейдi.
      7. Осы Кодекстi қоспағанда, Қазақстан Республикасының өзге заң актiлерiнде, оның есебiнен шығыстар қаржыландырылуға тиiс және өзге түсiмдер есептелуге тиiс бюджет деңгейiн белгiлеуге жол берiлмейдi.
      Шығыстарды немесе түсiмдердiң жекелеген түрлерiн бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншi деңгейiне беру осы Кодекске өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген кезде ғана жүзеге асырылады. <*>
       Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       39-бап. Бюджетаралық қатынастар принциптерi

      Бюджетаралық қатынастар мынадай принциптерге негiзделедi:
      1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнiң - республикалық бюджетпен өзара қатынастарда, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастарда теңдiгi;
      2) түсiмдердi тиiмдi бөлу, ол түсiмдердiң ара жiгiн ажыратудың мынадай өлшемдерiн бiр мезгiлде сақтауды ескередi:
      төмен тұрған бюджеттерге тұрақты сипаты бар, сыртқы факторлардың әсерiне тәуелсiз салықтық және салықтық емес түсiмдер бекiтiледi;
      мемлекеттiк мекемелер көрсеткен қызметтер үшiн төлемақы болып табылатын салықтық және салықтық емес түсiмдер аталған қызметтер көрсету қаржыландырылатын бюджет кiрiсiне түседi;
      қайта бөлiну сипаты бар, сондай-ақ салық базасы әркелкi орналастырылатын салықтар бюджет жүйесiнiң неғұрлым жоғары деңгейлерiне бекiтiледi;
      салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi бекiткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесiн қамтамасыз ететiн бюджет деңгейiне артықшылық берiледi;
      нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергiлiктi бюджеттерге бекiтiледi;
      3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң бюджеттiк қамтамасыз етiлу деңгейлерiн теңестiру;
      4) жергiлiктi атқарушы органдардың бiрдей деңгейде мемлекеттiк қызмет көрсетуiн қамтамасыз ету;
      5) мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұсынудың барынша тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгi - мемлекеттiк қызмет көрсетудiң неғұрлым тиiмдi және нәтижелi жүргiзiлуi мен ұсынылуын қамтамасыз ете алатын мемлекеттiк басқару деңгейiне мемлекеттiк қызметтер көрсетудi бекiтiп беру;
      6) мемлекеттiк қызмет көрсету деңгейiн оны алушыларға барынша жақындату - қызметтердi алушылардың қажеттерiн жақсылап есепке алу және мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатымен, көрсетiлетiн қызметтердi атқаруды бюджет жүйесiнiң мүмкiн болғанша неғұрлым төмен деңгейiне беру;
      7) бюджеттiң әрбiр деңгейiнiң алынған ресми трансферттер мен кредиттердiң тиiмдi және нысаналы пайдаланылуы үшiн жауаптылығы.

       40-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары

      1. Бюджетаралық қатынастар:
      1) республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң арасында:
      ресми трансферттермен;
      бюджеттiк кредиттермен;
      2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:
      ресми трансферттермен;
      бюджеттiк кредиттермен;
      кiрiстердi бөлу нормативтерiмен реттеледi.
      2. Ресми трансферттер жалпы сипаттағы трансферттер, ағымдағы нысаналы трансферттер, дамуға арналған нысаналы трансферттер болып бөлiнедi.
      3. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарын айқындаған кезде бюджеттер деңгейлерiнiң әрқайсысының салықтық әлеуетi, аймақтардың объективтiк бюджеттiк қажеттiлiктерiн бағалау нәтижелерi, бекiтiлген заттай нормалар ескеріледi.
      4. Бюджетаралық қатынастарды pеттеу нысандары орта мерзiмдi фискалдық саясатқа сәйкес белгiленедi.
      5. Нысаналы трансферттер мен кредиттердi жергiлiктi атқарушы органдар тек қана олардың нысаналы қызметiне сәйкес пайдаланады.
      6. Нысаналы трансферттер мен кредиттердiң нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн мiндеттi түрде қайтарылуға жатады.
      Нысаналы трансферттер мен кредиттердiң қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке қаржы жылы аяқталғаннан кейiн он күн iшiнде мiндеттi түрде қайтарылуға жатады.
      Дамуға арналған нысаналы трансферттердiң қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары осы Кодекстiң 92-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында белгiленген мөлшерде тиiстi төмен тұрған бюджеттердiң иелiгiнде қалдырылуы мүмкiн.

       41-бап. Жалпы сипаттағы ресми трансферттер

      1. Бюджет субвенциялары мен бюджеттiк алып қоюлар жалпы сипаттағы ресми трансферттер болып табылады.
      2. Жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекiтiлген сомалар шегiнде берiлетiн pecми трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.
      3. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекiтiлген сомалар шегiнде берiлетiн pecми трансферттер бюджеттiк алып қоюлар болып табылады.
      4. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемдерi абсолюттiк түрде жылдар бойынша бөлiне отырып үш жылдық кезеңге:
      республикалық бюджет пен облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнiң арасында - Қазақстан Республикасының заңымен;
      облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң арасында - облыстық мәслихаттың шешiмiмен белгiленедi.
      Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемдерi әрбiр үш жылда өзгертiлуге жатады.
      5. Жалпы сипаттағы ресми трансферттер жергiлiктi бюджеттердiң бюджеттiк қамтамасыз етiлу деңгейiн теңестiруге және бюджеттiң әрбiр деңгейi үшiн осы Кодекспен бекiтiлген шығыстар бағыттарына сәйкес көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң стандарттық деңгейiн беру үшiн бiрдей фискалдық мүмкiндiктердi қамтамасыз етуге бағытталған.
      6. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке бюджеттiк алып қоюларды және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге бюджет субвенцияларын аудару тәртiбi мен кезеңдiлiгін Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.  P020832  

       42-бап. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердi есептеу

      1. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемдерi тиiстi жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi мен шығындары көлемдерiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      2. Жергiлiктi бюджет шығындарының болжамды көлемiнен кiрiстерiнiң болжамды көлемi асып түскен кезде жергiлiктi бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттiк алып қоюлар белгiленедi.
      Жергiлiктi бюджет шығындарының болжалды көлемi кiрiстердiң болжалды көлемiнен асып түскен жағдайда жергiлiктi бюджетке жоғары тұрған бюджеттен бюджет субвенциялары белгiленедi.
      3. Кiрiстердiң болжамды көлемдерi аймақтың салықтық әлеуетiн ескере отырып және бюджеттер деңгейлерi арасындағы түсiмдердi бөлу негiзiнде есептеледi.
      Жергiлiктi бюджеттер шығындарының болжамды көлемдерi олардың ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға және дамудың бюджеттiк бағдарламаларына бөлiнуiн, бюджеттiк қамтамасыз етiлудi, бекiтiлетiн заттай нормаларды ескере отырып және бюджеттер деңгейлерi арасында шығыстарды бөлу негiзiнде есептеледi.
      4. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң үш жылдық кезеңге арналған көлемдерiн айқындау, әрбiр үш жыл сайын олардың өзгеруi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жалпы сипаттағы ресми трансферттердi есептеу әдiстемесi негiзiнде жүргiзiледi.
      5. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемдерiн есептеу кезiнде нысаналы трансферттер мен бюджет кредиттерi ескерiлмейдi.
      6. Егер бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) жергiлiктi бюджетте бюджеттiк алып қоюлар мен субвенцияларды есептеу кезiнде ескерiлген шығыстар көзделмейтiн болса, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органы қаржы жылы iшiнде тиiстi шамаға бюджет субвенцияларын қысқарту немесе бюджеттiк алып қоюларды ұлғайту туралы шешiм қабылдайды.

       43-бап. Ағымдағы нысаналы трансферттер

      1. Жекелеген ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшiн республикалық немесе облыстық бюджетте бекiтiлген бюджеттiк алып қоюларды (бюджет субвенцияларын) есептеу кезiнде ескерiлмейтiн сомалар шегiнде жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретiн ресми трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады.
      Ағымдағы нысаналы трансферттер мемлекеттiк, салалық (секторлық) немесе аймақтық бағдарламалардың iс-шараларын орындауға ғана, сондай-ақ қаржы жылы iшiнде әкiмдердiң өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаржыландырылатын iс-шараларға ғана берiледi.
      2. Жоғары тұрған органдардың нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауынан туындайтын, жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң үш жылдық көлемдерiнiң қолданылуы кезеңiнде шығыстардың ұлғаюына және (немесе) кiрiстердiң азаюына әкеп соғатын төмен тұрған бюджеттердiң шығындарын өтеу ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы мiндеттi түрде жүргізіледі.

       44-бап. Дамуға арналған нысаналы трансферттер

      Мыналар:
      мемлекеттiк, салалық (секторлық) бағдарламаларда көзделген жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру үшiн республикалық бюджетте бекiтiлген сомалар шегiнде республикалық бюджеттен облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне берiлетiн;
      аймақтық бағдарламаларда көзделген жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру үшiн облыстық бюджетке бекiтiлген сомалар шегiнде облыстық бюджеттен аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне берiлетiн ресми трансферттер дамуға арналған нысаналы трансферттер болып табылады.

       45-бап. Төмен тұрған бюджеттерге берiлетiн кредиттер

      1. Республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттерден бюджеттiк кредиттер тиiсiнше облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiне және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне қаржы жылы iшiнде бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға және кассалық алшақтықты жабуға берiлуi мүмкін.
      2. Төмен тұрған бюджеттерге бюджеттiк кредиттер осы Кодекске сәйкес берiледi.

  7-тарау. Түсімдерді бюджеттер деңгейлері арасында бөлу

       46-бап. Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер

      1. Республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер:
      1) корпорациялық табыс салығы;
      2) қосылған құнға салынатын салық, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер;
      4) шикi мұнайға, газ конденсатына акциздер; <*>
      5) экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы; <*>
      6) үстеме пайдаға салынатын салық; <*>
      7) бонустар;
      8) роялти;
      9) Қазақстан Республикасының жасалған келiсiм-шарттар бойынша өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесi;
      9-1) қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi; <*>
      10) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк ақылы автомобиль жолдары арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алынатын алымнан басқа, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым;
      11) телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алынатын алым;
      12) теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу үшiн алынатын алым;
      12-1) кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу үшiн алынатын алым; <*>
      13) дәрiлiк заттарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;
      13-1) туындыларға және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым;
      14) азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;
      15) радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;
      16) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергенi үшiн төленетiн төлем;
      17) радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
      18) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
      19) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
      20) кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
      21) республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төленетiн төлем;
      22) әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарларға кеден баждары;
      23) кеден бақылауын және кеден рәсiмдерiн жүзеге асырудан түсетiн түсiмдер;
      24) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау шаралары ретiнде алынатын баждар;
      25) консулдық алым;
      26) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартқа сәйкес, Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға мемлекеттiк органдардың апостил қойғаны үшiн мемлекеттiк баж;
      27) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәлiктерiн бергенi үшiн мемлекеттiк баж;
      28) жүргiзушi куәлiктерiн бергенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж;
      29) көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктер бергенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж;
      30) мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiлерiн бергенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж;
      31) мемлекеттiк нотариат кеңселерi нотариустарының нотариаттық iс-әрекет жасағаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж;
      32) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж болып табылады.
      2. Республикалық бюджетке түсетiн салықтық емес түсiмдер:
      1) республикалық меншiктен алынатын кiрiстер:
      республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;
      республикалық меншiктегi мемлекеттiк акциялар пакеттерiне дивидендтер;
      республикалық меншiктегi заңды тұлғаларға қатысу үлесiне кiрiстер;
      республикалық меншiктегi мүлiктi жалға беруден алынатын кiрiстер;
      екiншi деңгейдегi банктердiң шоттарында мемлекеттiк сыртқы қарыздардың қаражатын орналастырғаны үшiн және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң депозиттерi бойынша сыйақылар (мүдделер);
      республикалық бюджеттен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер);
      қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетiн кiрiстер;
      республикалық меншiктен түсетiн басқа да кiрiстер;
      2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн түсiмдерi;
      3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуларды өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi;
      4) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiнен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар;
      5) республикалық бюджетке түсетiн салықтық емес басқа да түсiмдер болып табылады.
      3. Негiзгi капиталды сатудан республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер:
      1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн;
      2) мемлекеттiк материалдық резервтен тауарлар сатудан түсетiн;
      3) мемлекетке тиесiлi материалдық емес активтердi сатудан түсетiн ақша болып табылады.
      4. Республикалық бюджетке ресми трансферттердiң түсiмдерi:
      1) облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнен түсетiн ресми трансферттер;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетiн нысаналы трансферттер болып табылады.
      5. Республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi өтеуден, мемлекеттiң республикалық меншiктегi қаржы активтерiн сатудан, үкiметтiк қарыздардан түсетiн түсiмдер республикалық бюджетке есептеледi.
       Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. N  601  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13.  N 11  (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.11.22.  N 90  (күшіне ену тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.

       47-бап. Облыстық бюджетке түсетiн түсiмдер

      1. Облыстық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер:
      1) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша жеке табыс салығы;
      2) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша әлеуметтiк салық;
      3) қоршаған ортаны ластағаны үшiн төленетiн төлем;
      4) облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары арқылы жүрiп өткенi үшiн алынатын алым;
      5) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастырғаны үшiн төленетiн төлем;
      6) жер үстi су көздерiнiң ресурстарын пайдаланғаны үшiн төленетін төлем;
      7) орманды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
      8) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем болып табылады.
      2. Облыстық бюджетке түсетiн салықтық емес түсiмдер:
      1) коммуналдық меншiктен түсетiн кiрiстер:
      облыстық әкiмдiктiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;
      облыстық коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк акциялар пакеттерiне дивидендтер;
      облыстық коммуналдық меншiктегi заңды тұлғаларға қатысу үлесiне кiрiстер;
      облыстық коммуналдық меншiк мүлкiн жалға беруден түсетiн түсiм;
      облыстық бюджеттен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер);
      уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар (мүдделер);
      облыстық коммуналдық меншiктен түсетiн басқа да кiрiстер;
      2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн түсiмдер;
      3) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алулар өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi;
      4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұл, санкциялар, өндiрiп алулар;
      5) облыстық бюджетке түсетiн салықтық емес басқа да түсiмдер болып табылады.
      3. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша негiзгi капиталды сатудан облыстық бюджетке түсетiн түсiмдер болып табылады.
      4. Облыстық бюджетке түсетiн ресми трансферттердiң түсiмдерi:
      1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнен түсетiн ресми трансферттер;
      2) республикалық бюджеттен түсетiн ресми трансферттер болып табылады.
      5. Облыстық бюджеттен берiлген кредиттердi өтеуден, мемлекеттiң oблыстық коммуналдық меншiктегi қаржы активтерiн сатудан, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыздарынан түскен түсiмдер облыстық бюджетке есептеледi.

       48-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне
                түсетiн түсiмдер

      1. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне түсетiн салықтық түсiмдер:
      1) жеке табыс салығы;
      2) әлеуметтiк салық;
      3) жеке тұлғалар, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкiне caлынатын салық;
      4) жер салығы;
      5) бiрыңғай жер салығы;
      6) жеке және заңды тұлғалардың көлiк құралдарына салынатын салық;
      7) мыналарға:
      Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген спирттiң барлық түрiне;
      Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген алкоголь өнiмiне;
      Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген темекi бұйымдарына;
      Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген құрамында темекi бар басқа да бұйымдарға;
      ойын бизнесiне;
      лотерея ойынын ұйымдастыруға және өткiзуге;
      Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған жеңiл автомобильдерге (мүгедектер үшiн арнайы жасалған қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);
      бензинге (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынына акциздер;
      8) жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
      9) орманды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
      10) қоршаған ортаны ластағаны үшiн төленетiн төлем;
      11) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
      12) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
      13) жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;
      14) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын лицензиялық алым;
      15) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;
      16) аукциондардан алынатын алым;
      17) республикалық маңызы бар қаланың, астананың ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары арқылы жүрiп өткенi үшiн алынатын алым;
      18) консулдық алымнан және республикалық бюджеттiң есебiне алынатын мемлекеттiк баждардан басқа, мемлекеттiк баж;
      19) жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;
      19-1) жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым; <*>
      20) механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;
      21) қалалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төленетiн төлем болып табылады.
      2. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне түсетiн салықтық емес түсiмдер:
      1) коммуналдық меншiктен түсетiн кiрiстер:
      республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiктерiнiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгіндегi мемлекеттiк акциялар пакетiне дивидендтер;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегi заңды тұлғаларға қатысу үлестерiне кiрiстер;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi органдарының шешiмдерi бойынша өткiзiлетiн мемлекеттiк лотереялардан түскен кiрiстердiң түсiмдерi;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiнiң мүлкiн жалға беруден түсетiн кiрiстер;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер);
      уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар (мүдделер);
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiнен түсетiн басқа да кiрiстер;
      2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердің тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткізуiнен түсетiн түсiмдер;
      3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алулар өткiзуден түсетiн ақша түсiмi;
      4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар;
      5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiне түсетiн салықтық емес басқа да түсiмдерi болып табылады.
      3. Негiзгi капиталды сатудан республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiне түсетін түсiмдер:
      1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша;
      2) жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
      3) жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төленетін төлем болып табылады.
      4. Республикалық бюджеттен түсетiн ресми трансферттер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiне түсетiн ресми трансферттердiң түсiмдерi болып табылады.
      5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен берiлген кредиттердi өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiндегi мемлекеттiк қаржы активтерiн сатудан, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының қарыздарынан түсетiн түсiмдер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiне есептеледi.
       Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.13.  N 11  (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.10.   N 116   (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

       49-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне
                түсетiн түсiмдер

      1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн салық түсiмдерi:
      1) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша жеке табыс салығы;
      2) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша әлеуметтiк салық;
      3) жеке тұлғалардың, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкiне салынатын салық;
      4) жер салығы;
      5) бiрыңғай жер салығы;
      6) жеке және заңды тұлғалардың көлiк құралдарына салынатын салық;
      7) мыналарға:
      Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген спирттiң барлық түрiне;
      Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген алкоголь өнiмiне;
      Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген темекi бұйымдарына;
      Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген құрамында темекi бар басқа да бұйымдарға;
      ойын бизнесiне;
      лотерея ойынын ұйымдастыруға және өткiзуге;
      Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған жеңiл автомобильдерге (мүгедектер үшiн арнайы жасалған қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);
      бензинге (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынына акциздер;
      8) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
      9) жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;
      10) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын лицензиялық алым;
      11) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;
      12) аукциондардан алынатын алым;
      13) механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;
      14) жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;
      14-1) жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым; <*>
      15) аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төленетiн төлем;
      16) консулдық алымнан және республикалық бюджеттiң есебiне алынатын мемлекеттiк баждардан басқа, мемлекеттiк баж болып табылады.
      2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн, салықтық емес түсiмдер:
      1) коммуналдық меншiктен түсетiн кiрiстер:
      аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiктерiнiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiндегi мемлекеттiк акциялар пакетiне дивидендтер;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiндегi заңды тұлғаларға қатысу үлестерiне кiрiстер;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) өкiлдi органдарының шешiмдерi бойынша өткiзiлетiн мемлекеттiк лотереялардан түсетiн кiрiстердiң түсiмдерi;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiнiң мүлкiн жалға беруден түсетiн кiрiстер;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер);
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiнен түсетiн басқа да кiрiстер;
      2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткiзуiнен түсетiн түсiмдер;
      3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi;
      4) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар;
      5) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн басқа да салықтық емес түсiмдер болып табылады.
      3. Негiзгі капиталды сатудан аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер:
      1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша;
      2) жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
      3) жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төленетін төлем болып табылады.
      4. Облыстық бюджеттен түсетiн ресми трансферттер аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн ресми трансферттердiң түсiмдерi болып табылады.
      5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен берiлген кредиттердi өтеуден, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiндегi мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қарыздарынан түсетiн түсiмдер аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне есептеледi.
       Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.13.  N 11  (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.10.   N 116   (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

  8-тарау. Шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасында бөлу

       50-бап. Республикалық бюджеттiң шығыстары

      1. Республикалық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет көрсетулер:
      Қазақстан Республикасының Президентiн және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету;
      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң жұмыс iстеуi;
      сайлаулар мен референдумдар өткiзу;
      Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын стратегиялық және орта мерзiмдi жоспарлау;
      мемлекеттiк бюджеттi болжау және республикалық бюджеттi жоспарлау;
      салық қызметi органдарының қызметi;
      республикалық бюджеттiң атқарылуын және жергiлiктi бюджеттердiң есеп-кассалық қызмет көрсетуiн ұйымдастыру;
      республикалық меншiктi басқару;
      банкроттық рәсiмдерiн, оңалту рәсiмiн және таратудың соттан тыс рәсiмiн жүргізуді ұйымдастыру; <*>
      мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;
      мемлекеттiк қаржы бақылауы;
      кеден қызметi;
      мемлекеттiң сыртқы саяси қызметi;
      iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзу;
      мемлекеттiк статистикалық есеп;
      мемлекеттiк қызметтiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;
      ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтiң әртүрлi салалары мен аяларында мемлекеттiк сыйлықтар беру және мемлекеттiк наградалармен марапаттау;  Z010222 U010691
      2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
      мемлекеттiң қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      орталық атқарушы органдар өткiзетiн жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру;
      мемлекеттiк материалдық резервтердi қалыптастыру және сақтау;
      ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      терроризмге және экстремизм мен сепаратизм көрiнiстерiне қарсы күрес;
      мемлекеттiк құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ету;
      облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын iс-шараларды қоспағанда, жалпыға бiрдей әскери мiндеттi орындауға байланысты iс-шараларды ұйымдастыру;
      облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; <*>
      табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметтi ұйымдастыру;
      жаhандық немесе аймақаралық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою;
      кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiнiң iс-әрекетiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету; <*>
      мемлекеттiк өртке қарсы күрес қызметiнiң жұмысын қамтамасыз ету;
      азаматтық қорғаныс жүйесiн ұйымдастыру;
      азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарына мемлекеттiк кадастр жүргiзу;
      экономикалық және қаржы салаларындағы құқық қорғау қызметi;
      3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi:
      әдiлет саласындағы қызмет;
      азаматтар мен мемлекеттiң мүдделерiн құқықтық қорғау;
      заңдылықты және құқық тәртiбiн қамтамасыз ету;
      мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу;
      сот сараптамасы қызметi;
      сот жүйесiнiң жұмыс iстеуi;
      қылмыстық-атқару жүйесiне қызметiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      4) бiлiм беру:
      республикалық бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы бiлiм беру;
      республикалық мектеп олимпиадаларын өткiзу;
      республикалық деңгейде орта кәсiптiк бiлiмi бар мамандар даярлау;
      жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмi бар мамандар даярлау;
      республикалық деңгейде кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау;
      республикалық бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шет елдердiң мектептерiнде оқып жүрген отандастарымызды оқулықтармен, оқу-әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз ету; <*>
      оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, көмекшi оқу құралдарын, бағдарламалар әзiрлеу;
      республикалық маңызы бар бiлiм беру ұйымдарында балаларды оңалту;
      5) денсаулық сақтау:
      жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
      табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезiнде республикалық деңгейде шұғыл медициналық көмек қызметiн
ұйымдастыру;
      республикалық маңызы бар мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық оңалту;
      психиатриялық бұзылулардан (аурулардан) зардап шегiп жүрген және қатаң бақылауға алу талап етiлетiн адамдарға медициналық көмек көрсету;
      сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасын жүргiзу;
      ауру адамдарды шетелде емдеудi ұйымдастыру;
      ерекше қатерлi инфекцияларға қарсы әрекет;
      республикалық маңызы бар мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның компоненттерi мен препараттарын өндiру; <*>
      санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын республикалық деңгейде және мемлекеттiк шекара мен көлiкте қамтамасыз етуi;
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң арасынан шыққан зейнеткерлерге және азаматтардың басқа да санаттарына медициналық қызмет көрсету;  Z934000  
      жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын шығыстардан басқа, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қызмет;
      6) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:
      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға бюджет қаражаты есебiнен зейнетақы төлемдерi;  P971701
      мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
      мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар;
      арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
      зейнеткерлердi, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мемлекеттiк жәрдемақы алушыларды жерлеуге жәрдемақы;   U952247  11-бап  (32-т.); Z970126  6-бап  (3-1-т.)
      бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      баланы бір жасқа толғанға дейін бағып-күту бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      экологиялық апат аймақтарында тұрып жатқан адамдарға Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген әлеуметтiк көмек;  Z922600
      әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер;
      саяси қуғын-сүргiн құрбандарына және одан зардап шеккендерге Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер;    Z932200  
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мiндеттемелерi болып табылатын әлеуметтiк төлемдер;
      көшi-қон iс-шаралары;
      7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк:
      қазақтың ұлттық мәдениетi мен басқа да ұлттық мәдениеттердi қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;
      республикалық маңызы бар театр және музыка өнерiн қолдау;
      мәдениет және мемлекеттiк жастар саясаты саласында әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар өткiзу;
      республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз ету;
      республикалық деңгейде спорттың ұлттық және бұқаралық түрлерiнiң дамуын қолдау;
      жоғары жетiстiктер спортын дамыту;
      Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерiнiң халықаралық спорттық жарыстарға дайындалуы және қатысуы;
      Қазақстан және оның туристiк мүмкiндiктерi туралы ақпарат әзiрлеп, халықаралық туристiк рынокта және мемлекеттiң iшiнде тарату;
      республикалық маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
      республикалық кiтапханалардың жұмыс iстеуi;
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы республикалық деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу;
      мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халықтарының басқа да тiлдерiн дамыту;
      8) агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары:
      су ресурстарын қорғауды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, су шаруашылығы баланстарын, су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау схемаларын әзiрлеу, су ресурстарын пайдалану мен қорғауды болжау, су ресурстарын пайдаланудың ақпараттық-талдау жүйесiн қамтамасыз ету;
      судың мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу;<*>
      су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану;
      авариялық қаупi ерекше республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру;
      суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнiң мониторингi және оны бағалау;
      республикалық маңызы бар орман қорының, жануарлар дүниесiнiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебiн, табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрларын жүргiзу, ормандар мен жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк мониторингі;
      орман орналастыру;
      орман тұқым шаруашылығы және селекция;
      мемлекеттік орман кадастрын, жануарлар дүниесiнiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрларын жүргізу;
      ормандарды өрттен қорғау, зиянкестерден және орман ауруларынан қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстар;
      балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау және молайту;
      балық аулауды мемлекеттiк реттеу және балық қорларын қорғау;
      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстау, мемлекеттiк табиғат-қорық қорын қалпына келтiру;
      қоршаған ортаның мемлекеттiк мониторингi;
      республикалық деңгейде қоршаған ортаны қорғау жөнiнде iс-шаралар өткiзу; 
      гидрометеорологиялық мониторинг;
      стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын жүргiзу; 
      республикалық деңгейде жер қатынастарын реттеу;
      мемлекеттiк жер кадастрын, жер мониторингiн жүргізу;      
      топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар;
      жануарлар ауруларының диагностикасы, эпизоотияға қарсы жұмыс, соның ішінде ветеринариялық дәрі-дәрмектерді, олардың қорын қоса алғанда, сатып алу, жеткізу, сақтау, қолдану, сондай-ақ жануарлар мен құстардың қатты жұқпалы ауруларының ошақтарын жою және дезинфекциялау;
      ветеринариялық дәрі-дәрмектерді, жем-шөпті және жем-шөп қоспаларын тіркеу сынақтары, байқау, сондай-ақ ветеринариялық дәрі-дәрмектердің сапасына шағым жасау кезінде олардың серияларын (топтарын) бақылау;
      фитосанитариялық мониторинг;
      карантиндегі өнімнің лабораториялық сараптамасы мен егіс және екпе материалдарындағы жасырын түрдегі ауру жұқтыруды анықтау;
      карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) олардың қорымен қоса, оларды жеткізуге, сақтауға және қолдануға байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу, мемлекеттік азық-түлік астығы резервін сақтау және ауыстыру;
      аграрлық азық-түлік нарығында сатып алу операцияларын және баға интервенциясын жүргізу;
      сорт сынақтары, тұқымдық және екпе материалдың сорттық және егістік сапаларын айқындау;
      ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық және агроклиматтық қамтамасыз ету;
      агроөнеркәсіптік кешенді техникалық қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
      агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның субъектілеріне бәсекелес нарықта жоқ немесе жете ұсынылмаған қызмет түрлерін ұсыну;
      агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесін ұйымдастыру;
      екінші деңгейдегі банктердің ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу жөніндегі кәсіпорындарға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкаларын субсидиялау;
      ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару мен нарығы жүйелерін дамыту;
      өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды қолдау;
      өсімдіктердің жоғары бағалы сорттарының, ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың тұқымдары мен түрлерінің тектік қорын сақтау және дамыту;
      9) өнеркәсiп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:
      мемлекеттiк өнеркәсiп саясатын iске асыру;
      отын-энергетика кешенiн дамыту;
      энергияны сақтау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
      жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, сейсмологиялық ақпарат мониторингi;
      мемлекеттiк геологиялық зерттеу;
      геологиялық ақпаратты қалыптастыру;
      кенiштер мен шахталарды жабу және жою, техногендiк қалдықтарды көму;
      республикалық маңызы бар мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу; 
      құрылыс нормалары мен стандарттарын иелену және әзiрлеу;
      10) көлiк және коммуникациялар:
      халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және ұстау;
      су көлiгi қызметiн ұйымдастыру және реттеу;
      кеме қатынасы жолдарын, шлюздердi ұстау және кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      теңiз жолдарын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету;
      әуе және су көлiгiн мемлекеттiк реттеу;
      әлеуметтiк маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
      магистралды темiр жолдарды дамыту;
      аэроғарыш қызметi;
      радиожиiлiк спектрi мен радиоэлектрондық құралдар мониторингi;
      11) экономикалық қызметтi реттеу:
      стандарттау, метрология және сертификаттау;
      патенттердi, тауар белгiлерiн тiркеу және қорғау;
      мемлекеттiк инновациялық саясат;
      мемлекеттiк экспорттық және импорттық бақылау;
      саудалық және демпингке қарсы реттеу;
      бәсекелестiктi қорғау және табиғи монополияларды реттеу;
      12) басқа да бағыттар:
      облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiне берiлетiн ресми трансферттер;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттер;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің орны толтырылмаған залалдарын өтеу;
      үкiметтiк борышқа қызмет көрсету және оны өтеу;
      мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау.
      2. Республикалық бюджеттен, сонымен қатар:
      1) кадрларды қайта даярлауды және аталған мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерiн орындайтын орталық мемлекеттiк органдар мен басқа да мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз етуге;
      2) осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулерге және нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге;
      3) орталық мемлекеттiк басқару органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығыстар қаржыландырылады.
      3. Орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiн ұстауға арналған шығындар Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiмен бекiтiлетiн штат санының лимитi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн заттай нормалар негiзiнде жоспарланады.
       Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.07.08.   N 69 , 2006.01.10.   N 116   (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.

       51-бап. Облыстық бюджеттiң шығыстары

      1. Облыстық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет көрсетулер:
      облыстық деңгейдегi жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың жұмыс icтeуi;
      облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуын орта мерзiмдi жоспарлау;
      облыс деңгейiнде бюджеттiк жоспарлау;
      облыстық бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру;
      облыстық коммуналдық меншiктi басқару;
      2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
      облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғанысты дайындау және аумақтық қорғаныс; <*>
      облыстық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;
      су-құтқару қызметiнiң жұмысын қамтамасыз ету;
      облыс аумағында қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      облыстық ауқымдағы азаматтық қорғаныс iс-шаралары;
      облыстық әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлiкпен, автомобиль көлiгiмен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететiн адамдармен қамтамасыз ету бойынша әскери мiндеттi атқару шеңберiндегi iс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;<*>
      iшкi iстер органдарының айдауылмен алып жүруi;
      азаматтық, көшiп кету және көшiп келу, шетелдiктермен жұмыс мәселелерi және заңсыз көшi-қонға қарсы күрес жөнiндегi қызмет;
      уақытша ұстау изоляторларының, медициналық айықтырғыштардың, кәмелеттiк жасқа толмағандарды, белгiлi тұрғылықты жерi және құжаттары жоқ адамдарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарының, питомниктердiң, арнаулы панажайлардың жұмыс iстеуi және әкiмшiлiк жазамен қамалған адамдарды ұстау;
      мемлекеттiк нөмiр белгiлерiн, жүргiзушi куәлiгiнiң бланкiлерi мен көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу куәлiгiнiң бланкiлерiн даярлау ақысын қаржыландыруды қоспағанда, жол полициясы қызметiн қамтамасыз ету;
      жанар-жағар май материалдарын сатып алуды қоса алғанда, қызметтiк үй-жайлар мен көлiк құралдарын ұстау, оларға қызмет көрсету және оларды жөндеу, сондай-ақ аумақтық органдар аппараттарының электрондық почта қызметiн көрсетуге арналған шығындарын қоспағанда, аумақтық iшкi iстер органдарының коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылу беруге және байланыс қызметiне ақы төлеу бойынша шығындар;
      3) бiлiм беру:
      мемлекеттiк облыстық бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар сатып алу және оларды жеткiзу;
      балалар мен жеткiншектерге спорт бойынша қосымша бiлiм беру;
      бастапқы кәсiптiк бiлiм;
      арнаулы бiлiм беру бағдарламалары бойынша жалпы бiлiм беру;
      мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы бiлiм беру;
      облыстық ауқымдағы мектеп олимпиадаларын өткiзу;
      орта кәсiптiк бiлiм беру;
      жергiлiктi деңгейде кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау;
      балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
      өсiп-жетiлуiнде қиындықтарға душар болған балалар мен жасөспiрiмдердi оңалту және әлеуметтiк бейiмдеу;
      4) денсаулық сақтау:
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн қамтамасыз ету;
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету; <*>
      вакциналарды, иммунобиологиялық және басқа да медициналық препараттарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу;
      жергiлiктi денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның компоненттерi мен препараттарын өндiру;
      республикалық - бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да iс-шаралар;
      5) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:
      жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыру;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын әлеуметтік көмек түрлерін қоспағанда, мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру;
      6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
      елдi мекендердi газдандыру;
      7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк:
      жергiлiктi маңызы бар театр және музыка өнерiн қолдау;
      мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
      жергiлiктi маңызы бар тарихи-мәдени мұраның сақталуын және оған қолжетiмдi болуын қамтамасыз ету;
      республикалық және халықаралық спорт жарыстарына спорттың әр түрi бойынша облыстық құрама командалардың мүшелерiн дайындау және олардың қатысуы;
      облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткiзу;
      жергiлiктi деңгейде туристiк қызметтi реттеу;
      жергілiктi маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
      облыстық кiтапханалардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргізу;
      мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халықтарының басқа да тiлдерiн жергiлiктi деңгейде дамыту;
      жастар саясаты саласындағы аймақтық бағдарламаларды iске асыру;
      8) агроөнеркәсіптік кешен, су, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесiн қорғау, жер қатынастары:
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы қатынастарды реттеу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық деңгейде өсімдік шаруашылығының, тұқым шаруашылығының, мал шаруашылығының, ветеринарияның дамуын, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді және өткізуді реттеу;
      арнаулы қоймаларды (көмінділерді) күтіп-ұстау, салу және жөндеу;
      бюджет қаражаты есебінен алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру;
      ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың айрықша маңызды топтық жүйесінен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау;
      коммуналдық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      су қорғау аймақтарын, су объектiлерi белдеулерiн белгiлеу; <*>
      авариялық қаупi ерекше облыстық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру;
      облыстық маңызы бар су құбырларының құрылысын салу және реконструкциялау;
      ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсiру;
      жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтiп-ұстау және қорғау;
      қоршаған ортаны қорғау жөнiнде iс-шаралар өткiзу; <*>
      республикалық бюджет есебiнен қаржыландыру жүзеге асырылатын сараптамаларды қоспағанда, мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қамтамасыз ету;
      жануарлар дүниесiн қорғау;
      облыстық деңгейде жер қатынастарын реттеу;
      9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн ұйымдастыру және бақылау;
      10) көлiк және коммуникациялар:
      әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
      облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау;
      11) экономикалық қызметтi реттеу:
      кәсiпкерлiк қызметтi қолдау;
      12) басқа да бағыттар:
      аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне берiлетiн pecми трансферттер;
      республикалық бюджетке берiлетiн ресми трансферттер;
      жергiлiктi атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету.
      2. Облыстық бюджеттерден:
      1) кадрларды қайта даярлауды және көрсетiлген мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз етуге;
      2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға);
      3) облыстың жергіліктi мемлекеттiк басқару органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады.
      3. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергiлiктi атқарушы органдарды ұстауға арналған шығындар Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн штат санының жалпы лимитi және заттай нормалар негiзiнде жоспарланады.
       Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.10.   N 116   (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

       52-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана
                бюджетiнiң шығыстары

      1. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет көрсетулер:
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының жұмыс iстеуi;
      республикалық маңызы бap қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуын орта мерзiмдi жоспарлау;
      республикалық маңызы бар қала, астана деңгейiнде бюджеттiк жоспарлау;
      республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуын ұйымдастыру;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiн басқару;
      салық салу мақсатында мүлiктi бағалауды жүргiзу;
      2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғанысының дайындығы және аумақтық қорғанысы;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың әскери басқару органдарын жабдықталған шақыру (жинау) пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлiкпен, автомобиль көлiгiмен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететiн адамдармен қамтамасыз ету бойынша әскери мiндеттердi атқару шеңберiндегi iс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;
      республикалық маңызы бар қала, астана ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;
      су-құтқару қызметiнiң жұмысын қамтамасыз ету;
      республикалық маңызы бар қала, астана аумағында қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс iс-шаралары;
      уақытша ұстау изоляторларының, медициналық айықтырғыштардың, кәмелеттiк жасқа толмағандарды, белгiлi тұрғылықты жерi және құжаттары жоқ адамдарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарының, питомниктердiң, арнаулы панажайлардың жұмыс iстeуi және әкiмшiлік жазамен қамалған адамдарды ұстау; <*>
      елдi мекендерде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      iшкi iстер органдарының айдауылмен алып жүруi;
      азаматтық, көшiп кету және көшiп келу, шетелдiктермен жұмыс мәселелерi және заңсыз көшi-қонға қарсы күрес жөнiндегi қызмет;
      мемлекеттiк нөмiр белгiлерiн, жүргiзушi куәлiгiнiң бланкiлерi мен көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу куәлiгiнiң бланкiлерiн даярлауды қаржыландыруды қоспағанда, жол полициясы қызметiн қамтамасыз ету;
      жанар-жағар май материалдарын сатып алуды қоса алғанда, қызмет үй-жайлары мен көлiк құралдарын ұстау, оларға қызмет көрсету және оларды жөндеу, сондай-ақ электронды почта қызметiн көрсетуге арналған шығындарды қоспағанда, аумақтық iшкi iстер органдарының коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылу беруге және байланыс қызметiне ақы төлеу бойынша шығындары;
      3) бiлiм беру:
      балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту;
      оқытудың кешкi (ауысымдық) нысанын және интернаттық ұйымдар арқылы орта бiлiм берудi қоса алғанда, мемлекеттiк оқу орындарында азаматтарға мiндеттi тегiн орта бiлiм берудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету; <*>
      арнаулы бiлiм беру бағдарламалары бойынша жалпы бiлiм беру;
      мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы бiлiм беру;
      республикалық маңызы бар қала, астана ауқымындағы мектеп олимпиадаларын өткiзу;
      бастауыш кәсiптiк бiлiм беру;
      орта кәсiптiк бiлiм беру;
      жергілiктi деңгейде кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау;
      балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
      өсiп-жетiлуiнде қиындықтарға душар болған балалар мен жасөспiрiмдердi оңалту және әлеуметтiк бейiмдеу;
      балалар мен жасөспiрiмдерге арналған қосымша бiлiм беру;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар сатып алу және жеткiзу;
      4) денсаулық сақтау:
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн қамтамасыз ету;
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;
      вакциналарды, иммунобиологиялық және басқа да медициналық препараттарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу;
      жергiлiктi денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның компоненттерi мен препараттарын өндiру;
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да iс-шаралар;
      5) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:
      тұрғын үй көмегi;
      мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету;
      белгiлi бiр тұрғылықты орны жоқ адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу;
      жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыру;
      мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру;
      халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
      мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек;
      он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
      тұрғын үй қорын түгендеу;
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;  Z970094   V930104
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою, соның iшiнде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иелiктен айыру;  K030442   P960403   P040240   коммуналдық меншiктегi сумен жабдықтау объектiлерiн, тазарту, сорғыту жүйелерiн, кәрiз, жылу және электр желiлерiн құру және реконструкциялау;
      елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету;
      жерлеу орындарын күтiп-ұстау және туысы жоқтарды жерлеу;
      елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру;
      елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру;
      елдi мекендердi газдандыру;
      республиканың сейсмикалық қауiптi аймақтарында орналасқан тұрғын үйлердiң сейсмикалық берiктiгiн қолдауға бағытталған, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес iс-шаралар;
      коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы;
      авариялық және ескiрген тұрғын үйлердi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес бұзу;
      7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк:
      жергiлiктi маңызы бар театр және музыка өнерiн қолдау;
      жергiлiктi маңызы бар тарихи-мәдени мұралардың сақталуын және оған қолжетiмдi болуын қамтамасыз ету;
      мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
      зоопарктер мен дендропарктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      жергiлiктi деңгейде спорттық жарыстар өткiзу;
      республикалық және халықаралық спорт жарыстарына әртүрлi спорт түрлерi бойынша республикалық маңызы бар қала, астана құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың қатысуы;
      жергіліктi деңгейде туристiк қызметтi реттеу;
      жергiлiктi маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
      қалалық кiтапханалардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу;
      жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халықтарының басқа да тiлдерiн дамыту;
      жастар саясаты саласындағы аймақтық бағдарламаларды iске асыру;
      8) агроөнеркәсіптік кешен, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары:
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде өсімдік шаруашылығының, тұқым шаруашылығының, мал шаруашылығының, ветеринарияның дамуын, ауыл шаруашылық өнімін өңдеуді және өткізуді реттеу;
      ауру жануарларды санитарлық союды, мал көмінділерін (биотермиялық орлар) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      арнаулы қоймаларды (көмінділерді) күтіп-ұстау, салу және жөндеу;
      бюджет қаражаты есебінен алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру;
      республикалық маңызы бар қала, астана су құбырларының құрылысын салу және реконструкциялау;
      су қорғау аймақтарын, ауызсумен қамтамасыз ету көздерiнiң санитарлық қорғау белдеулерi мен аймақтарын белгiлеу;
      республикалық маңызы бар қалалардың, астананың авариялық қаупi ерекше су шаруашылығы құрылыстарын және гидромелиорациялық жүйелерiн қалпына келтiру;
      жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтiп-ұстау және қорғау;
      қоршаған ортаны қорғау жөнiнде iс-шаралар өткізу;
      қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылатын сараптаманы қоспағанда, мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қамтамасыз ету;
      республикалық маңызы бар қалада, астанада жер қатынастарын реттеу;
      елдi мекендердi жер-шаруашылық орналастыру;
      9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн ұйымдастыру және бақылау;
      10) көлiк және коммуникациялар:
      әлеуметтiк маңызы бар iшкi қатынастар бойынша жолаушы тасымалдарын ұйымдастыру;
      қалалардың көшелерін, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау;
      11) экономикалық қызметтi реттеу:
      кәсiпкерлiк қызметтi қолдау;
      12) басқа да бағыттар:
      республикалық бюджетке берiлетiн ресми трансферттер;
      жергiлiктi атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттер.
      2. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнен:
      1) кадрларды қайта даярлауды және көрсетiлген мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз етуге;
      2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға;
      3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады.
      3. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi атқарушы органдарды ұстауға арналған шығындар Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн штат санының жалпы лимитi және заттай нормалар негiзiнде жоспарланады.
      4. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң құрамында қаладағы ауданның бюджеттiк бағдарламалары мынадай бағыттар бойынша көзделедi:
      1) қаладағы аудан әкiмi аппаратының жұмыс iстеуi;
      2) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру;
      3)  алып тасталды
      4) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;
      5) ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрiгерлiк көмек көрсететiн ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткiзудi ұйымдастыру;
      6) мұқтаж азаматтарға үйiнде әлеуметтiк көмек көрсету;
      7) елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету;
      8) жерлеу орындарын күтiп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу;
      9) елдi мекендерде көшелердi жарықтандыру;
      10) елдi мекендердi абаттандыру мен көгалдандыру;
      11)  алып тасталды -   2006.01.10.   N 116   Заңымен.
       Ескерту. 52-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.10.   N 116   (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

       53-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң
                шығыстары

      1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет көрсетулер:
      аудандық (қалалық) деңгейдегi жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың жұмыс iстеуi;
      аудандық (қалалық) деңгейде экономикалық және бюджеттiк жоспарлау;
      аудандық (қалалық) бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру;
      салық салу мақсатында мүлiктi бағалауды жүргiзу;
      аудандық (қалалық) деңгейдегi коммуналдық меншiктi басқару;
      2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
      аудандық әскери басқару органдарын жабдықталған шақыру (жинау) пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлiкпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететiн адамдармен қамтамасыз ету бойынша әскери мiндеттердi атқару шеңберiндегi iс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;
      аудандық (қалалық) ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою;
      елдi мекендерде жол жүрiсi қауiпсiздiгін қамтамасыз ету;
      3) бiлiм беру:
      балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту;
      оқытудың кешкi (ауысымдық) нысанын және интернаттық ұйымдар арқылы мiндеттi тегiн орта бiлiм берудi қоса алғанда, мемлекеттiк оқу орындарында азаматтарға мiндеттi тегiн орта бiлiм берудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету; <*>
      аудандық (қалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын өткiзу;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар сатып алу және жеткiзу;
      балалар мен жасөспiрiмдерге арналған қосымша бiлiм беру;
      4) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:
      тұрғын үй көмегi;
      үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;
      он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      дербес оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін - жеке көмекші, құлағы естімейтін мүгедектер үшін ымдау тілінің мамандарын беру;
      мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету;
      белгiлi бiр тұрғылықты орны жоқ адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу;
      халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
      мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмек;
      жергіліктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек;
      5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
      тұрғын үй қорын түгендеу;
      азаматтардың жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес тұрғын үймен қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою, оның iшiнде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иелiктен айыру;  K030442    P960403    P040240  
      авариялық және ескiрген тұрғын үйлердi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес бұзу;
      коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерiн салу;
      республиканың сейсмикалық қауiптi аймақтарында орналасқан тұрғын үйлердiң сейсмикалық берiктiгiн қамтамасыз етуге бағытталған, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес iс-шаралар;
      коммуналдық меншiктегi сумен жабдықтау объектiлерiн, тазарту, сорғыту жүйелерiн, кәрiз, жылу және электр желiлерiн құру, және реконструкциялау;
      елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету;
      жерлеу орындарын күтiп-ұстау және туысы жоқтарды жерлеу;
      елдi мекендердегi көшелердi жарықтандыру;
      елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру;
      6) мәдениет және спорт:
      жергiлiктi деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
      аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi;
      зоопарктер мен дендропарктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерiн дамыту;
      аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейiнде спорт жарыстарын өткiзу;
      облыстық спорт жарыстарына спорттың әр түрi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) құрама команда мүшелерiн дайындау және олардың қатысуы;
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу;
      жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халықтарының басқа да тiлдерiн дамыту;
      жергiлiктi деңгейде жастар саясатын жүргiзу;
      7) ауыл шаруашылығы, жер қатынастары:
      мал шаруашылығында мал көмінділерін (биотермиялық орларды) салу, күтiп-ұстау;
      ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру;
      аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде жер қатынастарын реттеу;
      8) көлiк және коммуникациялар:
      аудандық (қалалық) маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау;
      кент iшiндегi (қала iшiндегi) және аудан iшiндегi қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру;
      8-1) экономикалық қызметті реттеу:
      кәсіпкерлік қызметті қолдау;
      9) басқа да бағыттар:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттер;
      облыстық бюджетке берiлетiн ресми трансферттер.
      2. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнен:
      1) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз етуге;
      2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға;
      3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады.
      3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi атқарушы органдарды ұстауға арналған шығындар Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн штат санының жалпы лимитi және заттай нормалар негiзiнде жоспарланады.
      4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары мынадай бағыттар бойынша көзделедi:
      1) қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкiмi аппаратының жұмыс iстеуi;
      2) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру;
      3) азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi қызметтi қамтамасыз ету;
      4) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;
      5) ауылдық (селолық) жерлерде балаларды мектепке дейiн тегiн алып баруды және керi алып келудi ұйымдастыру;
      6) ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрiгерлiк көмек көрсететiн ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткiзудi ұйымдастыру;
      7) мұқтаж азаматтарға үйiнде әлеуметтiк көмек көрсету;
      8) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
      9) елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету;
      10) жерлеу орындарын күтiп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу;
      11) елдi мекендерде көшелердi жарықтандыру;
      12) елдi мекендердi абаттандыру мен көгалдандыру;
      13) мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;
      14) аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;
      15) елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастыру;
       Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.10.   N 116   (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

  3-бөлім. Бюджеттік қатынастарды реттеу
саласындағы мемлекеттік басқару

  9-тарау. Мемлекеттік басқару органдарының бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы құзыреті

       54-бап. Мемлекеттiк басқарудың бюджеттік қатынастарды
                реттеу саласындағы құрылымы

      Мемлекеттiк басқарудың бюджеттiк қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын:
      Қазақстан Республикасының Президентi;
      Қазақстан Республикасының Парламентi;
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi;
      экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
      бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
      бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
      iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
      мәслихат;
      жергiлiктi атқарушы орган құрайды.

       55-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Президентi бюджеттiк қатынастарды реттеу саласында:
      1) республикалық бюджеттi әзiрлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртiбiн айқындайды;
      2) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттiк бюджет енгiзу туралы шешiм қабылдайды және оны әзiрлеу тәртiбiн айқындайды;
      4) мемлекеттегi жағдай мен республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының бюджет саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды;
      5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес құрады және ол туралы ереженi бекiтедi;  (РҚАО-ның ескертуі:   U010543  қараңыз)
      6) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемi мен бағыттары жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
      7) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептердi бекiтедi;
      8) осы Кодексте көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекiтедi;
      9) Қазақстан Республикасының  Конституциясына  және заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. <*>
       Ескерту. 55-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       56-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Парламентi бюджеттiк қатынастарды реттеу саласында:
      1) республикалық бюджеттi, сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi бекiтедi;
      2) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi;
      3) Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламентке жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. <*>
       Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       57-бап. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау
                жөнiндегi есеп комитетiнiң құзыретi

      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi бюджеттiк қатынастарды peттeу саласында:
      1) республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
      2) iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен бiрлесiп мемлекеттiк қаржы бақылауының стандарттарын әзiрлейдi, сондай-ақ оларды бекiтедi және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      3) республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асырады;
      4) төтенше мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;
      5) бақылау iс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

       58-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi бюджеттiк қатынастарды реттеу саласында:
      1) Қазақстан Республикасының Парламентiне республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi;
      2) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi;
      3) жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды;
      4) республикалық бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару тәртiбiн айқындайды;
      5) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулы қабылдайды;
      6) қарыз алуды жүзеге асырады;
      7) шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн бекiтедi;
      8) орта мерзiмдi фискалдық саясат жобасын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды;
      9) бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қарау тәртiбiн айқындайды;
      10) салықтық емес түсiмдердi алуға жауапты және олардың түсуiне бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың тiзбесiн, оларды бюджетке аудару тәртiбiн айқындайды;
      11) мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдайды;
      12) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру тәртiбiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету, оларды тiркеу мен есепке алу, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың мониторингi мен оны басқару тәртiбiн айқындайды;
      13) мемлекеттiк мекемелердiң өз иелiгiнде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақшаны пайдалану тәртiбiн айқындайды;
      14) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервiн пайдалану тәртiбiн айқындайды;
      15) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтердi есептеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртiбiн айқындайды;
      16) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн рұқсат етiлген қаржылық активтердiң және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктің тiзбесiн айқындайды;
      17) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудитiнiң өткiзiлуiн қамтамасыз етедi;
      18) төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке - бюджеттiк алып қоюлардың және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге бюджеттiк субвенцияларды аударудың тәртiбi мен кезеңдiлiгiн айқындайды;
      19) жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемдерi есептерiнiң әдiстемесiн айқындайды;
      20) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатын бекiтедi;
      21) заттай нормаларды бекiтедi;
      22) бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiтедi және оны жасау тәртiбiн айқындайды;
      23) бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
      24) iшкi бақылау жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
      25) орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң штат санының лимитiн бекiтедi;
      26) жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгiлiк құрылымын және жергiлiктi атқарушы органдардың штат саны лимитiн бекiтедi;
      27) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептi жасайды;
      28) Қазақстан Республикасының  Конституциясымен , заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен өзiне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
       Ескерту. 58-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       59-бап. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi
                органның құзыретi

      Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган:
      1) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатының жобасын әзiрлейдi;
      2) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобаларын әзiрлейдi және оларды қарауға Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс етедi;
      3) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлейдi;
      4) бюджеттiк өтiнiм жасаудың және табыс етудiң тәртiбiн айқындайды;
      5) мемлекеттiк мекемелердiң өз иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн түсiмдер мен ақша шығыстарының болжамын жасау нысанын белгiлейдi;
      6) бюджет түсiмдерiн болжау әдiстемесiн айқындайды;
      7) бiрыңғай бюджет сыныптамасының жобасын әзiрлейдi;
      8) жылдық қаржыландыру жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi;
      9) республикалық бюджетті нақтылау (түзету) жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      10) бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асырады;
      11) мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алуды және борышты жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;
      12) бюджеттiк кредиттеудi жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;
      13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

       60-бап. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық
                уәкiлеттi органның құзыретi

      Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттiк қатынастарды реттеу саласында:
      1) республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарының жобасын әзiрлейдi;
      2) басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастырады;
      3) байланысты гранттарды тартуға басымдығы бар өтiнiмдердiң тiзбесiн қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге енгiзедi;
      4) бюджеттiк инвестициялар мен байланысты гранттардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзедi;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
       Ескерту. 60-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       61-бап. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi
              органның құзыретi

      Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган:
      1) республикалық бюджеттi атқарады және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсетудi жүзеге асырады;
      2) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобаларын әзiрлеуге қатысады;
      3) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлеуге қатысады;
      4) бюджетке түсетiн түсiмдердi болжауға және мемлекеттiк бюджетке кiрiстердiң түсуi саласындағы мемлекеттiк саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысады;
      5) республикалық бюджеттiң түсiмдерi мен оны қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекiтедi және оларға өзгерiстер енгiзедi;
      6) республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне рұқсаттар бередi;
      7) мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеудi жүзеге асырады;
      8) мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асырады;
      9) уақытша бос бюджеттiк ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi салымдарға (депозиттерге) орналастырады;
      10) банктiк шоттардан шетел валютасын қайта айырбастау тәртiбiн айқындайды;
      11) осы Кодексте белгіленген жағдайларда қаржыландыруды тоқтата тұрады;
      12) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда мемлекеттiк мекемелердiң шоттарын ашу, жабу және жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
      13) бюджеттiк есепке алуды жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
      14) есептiлiк жасаудың және табыс етудiң тәртiбiн айқындайды;
      15) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарыздарын алады, пайдаланады, тiркейдi, өтейдi және оларға қызмет көрсетедi, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өзi шығарған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды жүзеге асырады;
      16) мемлекеттiк емес қарыздардың мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етедi;
      17) бюджет қаражатын игеру мониторингiн жүзеге асырады;
      18) республикалық бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділігiн бағалауды жүзеге асырады;
      19) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, бюджеттiк есепке алу, есептiлiк жөнiндегi әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
      20) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша келiссөздер жүргiзедi, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыздар шарттарына қол қояды, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады, мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер бередi;
      21) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыздарына және мемлекеттiк кепiлдiктерi бар мемлекеттiк емес қарыздарға қызмет көрсетуге екiншi деңгейдегi банктердi конкурстық негiзде айқындайды және оларға уәкiлеттiк бередi;
      22) республикалық бюджет қаражаты есебiнен бюджет кредиттерiнiң берiлуiн, оларға қызмет көрсетiлуiн және олардың нысаналы пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингiн және қайтарылуын қамтамасыз етедi;
      23) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

       62-бап. Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi
                органның құзыретi

      Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган:
      1) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерi қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгіне iшкi бақылауды жүзеге асырады;
      2) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, ол бойынша есеп және есептiлiк жүргiзу, байланысты гранттардың, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекет активтерiнiң, мемлекеттiк мекемелердiң тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сатуынан түскен өз иелiктерiнде қалатын ақшаның пайдаланылуы бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңдары талаптарының бұзылу себептерiне баға бередi;
      3) бақылау iс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
       Ескерту. 62-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       63-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана,
                аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының
                құзыретi

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты:
      1) жергiлiктi бюджеттi және оның атқарылуы туралы жылдық есептi бекiтедi;
      2) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мәслихаттың тексеру комиссиясын сайлайды;
      3) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылау жүргiзу туралы есептердi қарайды;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

       64-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана,
                аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң
                құзыретi

      Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi:
      1) жергiлiктi бюджет жобасын әзiрлейдi және оны мәслихатқа табыс етедi;
      2) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi және мәслихатқа оның атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi;
      3) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы жергiлiктi өкiлдi органның шешiмiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды;
      4) жергiлiктi атқарушы органның орта мерзiмдi фискалдық саясатын бекiтедi;
      5) экономикалық, бюджеттiк жоспарлау, бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарды құрады;
      6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды;
      7) осы Кодексте көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспарын бекiтедi;
      8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

  10-тарау. Бюджеттік комиссиялар

       65-бап. Бюджеттiк комиссиялар туралы негiзгi ережелер

      1. Бюджеттiк комиссия - бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзiрлеу мен бюджеттi нақтылау және атқару жөнiнде ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын комиссия.
      2. Республикалық бюджеттiк комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк комиссиялары өз қызметiн тұрақты негiзде жүзеге асырады.

       66-бап. Бюджеттiк комиссиялардың құзыретi

      Бюджеттiк комиссиялардың құзыретiне:
      1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясат жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау;
      2) тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттер жобаларының көрсеткiштерiн айқындау жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау;
      3) алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарланып отырған қаржы жылында қаржыландыруға арналған бюджеттiк бағдарламаларды iрiктеу, орта мерзiмдi фискалдық саясатты негiзге ала отырып, оларды iске асыру тетiгiн айқындау жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау;
      4) республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ұсыныстар талдап-жасау;
      5) тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттердi нақтылау жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау;
      6) бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын бағалау нәтижелерiн қарау және солар бойынша ұсыныстар талдап-жасау;
      7) осы Кодексте, сондай-ақ бюджеттiк комиссиялар туралы ережелерде көзделген өзге де өкiлеттiктер кiредi.  (РҚАО-ның ескертуі:  U020801  ;  U010589  қараңыз)

       67-бап. Бюджеттiк комиссиялардың құрамы мен жұмыс
                органдары

      1. Бюджеттiк комиссиялардың құрамына:
      бюджеттiк комиссияның төрағасы;
      бюджеттiк комиссия төрағасының орынбасарлары;
      бюджеттiк комиссияның хатшысы;
      бюджеттiк комиссияның мүшелерi кiредi.
      2. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органдар тиiсiнше бюджеттiк комиссиялардың жұмыс органы болып табылады.
      3. Бюджеттiк комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, бюджеттiк комиссияның отырыстарын өткiзедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады.
      Бюджеттiк комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын бюджеттiк комиссия төрағасының өзi тағайындаған орынбасары орындайды.
      4. Бюджеттiк комиссияның хатшысы бюджеттiк комиссияның қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты үйлестiредi, бюджеттiк комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.
      5. Жұмыс органы бюджеттiк комиссия айқындайтын мерзiмдер мен күн тәртiптерiне сәйкес бюджеттiк комиссияның отырыстарына материалдар дайындайды.

  Ерекше бөлік

  4-бөлім. Бюджетті әзірлеу мен бекіту

  11-тарау. Бюджетті жоспарлау негіздері

       68-бап. Бюджеттi жоспарлау туралы жалпы ережелер

      1. Бюджеттi жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсiмдерiнiң көлемiн және басымдықты ескере отырып, мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу процесi болып табылады.
      2. Бюджет бiр қаржы жылына жоспарланады. Кезектi қаржы жылына арналған бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiң болжамы жасалады.
      3. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды. Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

       69-бап. Бюджеттi жоспарлау принциптерi

      Мыналар:
      1) сабақтастық принципi - бюджеттi алдыңғы кезеңде негiзге алынған орта мерзiмдi фискалдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және ағымдағы қаржы жылдары бюджетiнiң атқарылу нәтижелерiн ескере отырып жоспарлау;
      2) басымдық принципi - бюджеттi алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;
      3) негiздiлiк принципi - бюджеттi нормативтiк құқықтық актiлер және бюджет жобасына белгiлi бiр түсiмдердi немесе шығыстарды енгiзу қажеттiгiн айқындайтын басқа да құжаттар негiзiнде жоспарлау және олардың көлемдерiнiң негiздiлiгi бюджеттi жоспарлаудың негiзгi принциптерi болып табылады.

       70-бап. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi
                фискалдық саясатты айқындау

      1. Орта мерзiмдi фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын, соның iшiнде:
      мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерiн;
      бюджеттiк бағдарламалардың өткен кезеңнiң iшiнде iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;
      бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;
      республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын iске асырудың тәсiлдерiн;
      бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
      мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;
      ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып табылады.
      2. Орта мерзiмдi фискалдық саясат республиканың немесе аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары негiзiнде, өткен қаржы жылы бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат, мемлекеттiк, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы iшiнде бюджеттiң атқарылуын талдау мен бағалау ескерiле отырып, оның негiзгi бағыттары жыл сайын түзетiлiп үш жылдық кезеңге әзiрленедi.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатын Қазақстан Республикасының Yкiмeтi ағымдағы жылдың 1 маусымына дейiн бекiтедi және ол мiндеттi түрде жариялануға жатады.
      Жергiлiктi атқарушы органның алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатын жергiлiктi атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1 шiлдесiне дейiн бекiтедi және ол мiндеттi түрде жариялануға жатады.
      4. Орта мерзiмдi фискалдық саясатты әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

       71-бап. Заттай нормалар

      1. Заттай нормалар - қажеттi материалдық немесе материалдық емес игiлiктердi тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткiштерi. Заттай нормаларды қолдану бюджеттi жоспарлау мен атқару кезiнде мiндеттi болып табылады.
      2. Заттай нормаларды орталық мемлекеттiк органдар әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      3. Орталық мемлекеттiк органдар мемлекеттiк бюджеттiң және республиканың, әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамды көрсеткiштерiн ескере отырып, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына заттай нормаларды өзгерту немесе олардың күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзуге құқылы.

  12-тарау. Бюджеттер жобаларын әзірлеу

       72-бап. Бюджет түсiмдерiн болжау

      1. Бюджет түсiмдерiн болжауды республиканың немесе аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары және алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясат негiзiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      2. Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) құны түрiндегi бюджетке түсiмдердi көрсетуге өтеусiз техникалық көмек түрiндегi байланысты гранттар алған кезде ғана, сондай-ақ тек Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көзделген жағдайларда жол берiледi.
      Бұл ретте шығыстарда бюджеттiк бағдарлама алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) құнына тең көлемде көзделуге тиiс.
      3. Бюджет түсiмдерiн болжау әдiстемесiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.
      4. Бюджет түсiмдерiнiң алдағы қаржы жылына арналған болжамды көрсеткiштерiн бюджет комиссиясы қарап, мақұлдайды.
       Ескерту. 72-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       73-бап. Бюджет шығыстарының лимиттерiн айқындау

      1. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган орта мерзiмдi фискалдық саясат негiзiнде ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн бюджет шығыстарының лимиттерiн қалыптастырады.
      2. Бюджет шығыстарының лимиттерiн бюджет комиссиясы қарап, мақұлдайды.
      3. Бюджет шығыстары лимиттерiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне және бюджеттiк даму бағдарламаларына арналған шығыстар лимиттерiн бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iрiктеу үшiн экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға жеткiзудi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

       74-бап. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң
                бюджеттiк өтiнiмдер жасауы

      1. Бюджеттiк өтiнiм бюджетті әзiрлеу кезiнде бюджеттiк бағдарламалардың қажеттiгiн негiздеу және оларды қаржыландыру сомаларын айқындау үшiн алдағы қаржы жылына және үш жылдық кезеңге арнап бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi жыл сайын жасап, табыс ететiн құжаттар жиынтығы болып табылады.
      2. Бюджеттiк өтiнiм:
      бiрыңғай бюджет сыныптамасы;
      бюджет шығыстарының лимиттерi;
      өткен қаржы жылы бюджеттiк комиссия мақұлдаған үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiм;
      республиканың немесе аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары және орта мерзiмдi фискалдық саясат;
      басым бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тiзбесi негiзiнде жасалады.
      3. Осы Кодексте көзделген бюджеттi нақтылау жағдайларын қоспағанда, бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi жыл сайын бiр ғана бюджеттiк өтiнiм жасайды.
      4. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк өтiнiмi:
      1) бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесiн және олар бойынша шығыстар сомасын;
      2) бюджеттiк бағдарламаға түсiндiрме жазбаны;
      3) бюджеттiк өтiнiмге енгiзiлген бюджеттiк бағдарлама (iшкi бағдарлама) паспортының жобасын;
      4) кредиторлық берешектiң жалпы сомасын оның пайда болуының негiзгi себептерiн көрсетiп, жылдар бойынша мiндеттi түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кредиторлық берешек туралы ақпаратты;
      5) дебиторлық берешектiң жалпы сомасын оның пайда болуының негiзгi себептерiн көрсетiп, жылдар бойынша мiндеттi түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дебиторлық берешек туралы ақпаратты;
      6) байланысты гранттар сомасын жұмсалу бағыттары бойынша мiндеттi түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпаратты;
      6-1) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпаратты; <*>
      7) бюджеттiк өтiнiмге енгiзiлген бюджеттiк бағдарлама (iшкi бағдарлама) бойынша шығыстар есептерiн;
      8) басқа да ақпаратты қамтиды.
      Мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатудан түскен өздерiнiң иелiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының тиiстi қаржы жылына арналған болжамы бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жасалып, бюджеттiк өтiнiммен бiрге табыс етiледi.
      5. Бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесi белгiленген нысанда өткен жылғы есептiлiк деректерiн, ағымдағы жылға арналған жоспарлы көрсеткiштердi және алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштердi көрсете отырып, алдағы үш жылдық кезеңге әкiмшi жоспарлайтын бюджеттiк бағдарламаларды айқындайды.
      6. Бюджеттiк бағдарламаға түсiндiрме жазба жоспарланып отырған бюджеттiк бағдарламаның қысқаша сипаттамасын айқындайды, оның мәнiн, республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуына қажеттiгi мен рөлiн ашып көрсетедi, өткен жылғы бюджеттiк өтiнiмнен ауытқу себептерiн көрсетедi.
      7. Бюджеттiк бағдарлама (iшкi бағдарлама) паспортының жобасы бюджеттiк бағдарламаның мақсаттарын, мiндеттерiн, нормативтiк-құқықтық негiздемесiн, күтiлетiн нәтижелерiн, iс-шараларын, жауапты орындаушыларын, орындау мерзiмдерiн, ұлттық валютамен көрсетiлген құнын, қаржыландыру көздерiн айқындайтын құжат болып табылады.
      8. Бюджеттiк бағдарлама (iшкi бағдарлама) бойынша шығыстардың есебi бекiтiлген заттай нормалар ескерiле отырып айқындалатын бюджеттiк бағдарламалардың сандық және құндық көрсеткiштерiн ашып көрсетедi.
      9. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттік бағдарламаларды бюджеттiк кредит беру арқылы iске асыруды ұсынған жағдайда, осы бюджеттiк бағдарламалар бойынша бюджеттiк өтiнiм мынадай құжаттарды, соның iшiнде инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) дайындау мен iрiктеу кезiнде қалыптастырылған құжаттарды:
      1) бюджеттiк кредит берудiң мақсатына, принциптерiне, өлшемдерiне, бағыттарына бюджеттiк бағдарламаның сәйкестiгi негiздемесiн қоса алғанда, бюджеттiк бағдарламаны бюджеттiк кредит беру арқылы iске асырудың мақсатқа сай екендiгiнiң негiздемесiн;
      2) бюджеттiк кредит беру объектiлерiне және (немесе) бағыттарына қажеттiлiк негiздемесiн;
      3) бюджеттiк кредиттер шарттарының негiздемесiн;
      4) бюджеттiк кредит беру өтелiмдiлiгiнiң есебiн;
      5) жұмысқа тартылған жағдайда, сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттердiң) көрсеткен қызметiне ақы төлеу мөлшерiнiң негiздемесiн қосымша қамтуға тиiс.
      10. Бюджеттiк өтiнiмдi жасау мен ұсыну тәртiбiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
       Ескерту. 74-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       75-бап. Бюджеттiк өтiнiмдердi қарау

      1. Бюджеттiк өтiнiмдердi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган қарап, оларға бағалау жүргiзедi және солар бойынша тиiстi қорытынды дайындайды.
      Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi бюджеттiк өтiнiмдi шығыстар лимитi шегiнде енгізуге мiндеттi.
      2. Бюджеттiк комиссия бюджеттiк өтiнiмдер мен бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның қорытындысын қарап, олар бойынша шешiм қабылдайды.
      3. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның арасындағы келiспеушiлiктердi бюджеттiк комиссия қарайды.
      4. Бюджеттiк комиссия бюджеттiк бағдарламалар бойынша түпкiлiктi шешiм қабылдағаннан кейiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi қосымша өтiнiмдердi ұсынуға құқылы емес.

       76-бап. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық
                бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу

      1. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Республикалық бюджеттiк комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi.
      2. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.
      3. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтiнiнде:
      1) алдағы қаржы жылындағы республикалық бюджет кiрiстерiнiң, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттiк кредит беруiнiң, қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитiнiң), тапшылығын қаржыландырудың (профициттi пайдаланудың) көлемдерi;
      2) жалақының, зейнетақының, айлық есептiк көрсеткiштiң ең төменгi мөлшерi;
      3) жергiлiктi бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлар көлемi;
      4) республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн бюджеттiк субвенциялар көлемi;
      5) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервi мөлшерi;
      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелердi орындау сомасы;
      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитi;
      8) үкiметтiк борыш лимитi;
      9) басқа да ережелер болуға тиiс.
      4. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасына:
      1) осы Кодексте белгiленген құрылым бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасы қоса тiркеледi. Бұл ретте түсiмдер - санаттар, сыныптар және iшкi сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджеттiк бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi жалпы сомамен ұсынылады;
      2) республикалық бюджетке шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдер көлемi;
      3) республикалық меншiкте тұрған және кен өндiрушi және өңдеуші салаларға жататын мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдер көлемi;
      4) <*>
      5) бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттiк бағдарламаларға бөлiнген, республикалық бюджеттiң бюджеттiк даму бағдарламаларының тiзбесi;
      6) республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар тiзбесi;
      7) басқа да деректер қоса тiркеледi.
      5. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң бекiтiлетiн тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерi жалпы iшкi өнiмге ақшалай түрде және процентпен көрсетiледi.
      6. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 15 тамызынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне қарауға табыс етедi.
      7. Орталық мемлекеттiк органдар жаңа қаржы жылы басталғанға дейiн алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк және республикалық бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiн ескере отырып, орындалуы бюджет қаражатының қосымша жұмсалуына әкеп соғатын қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерге талдау жүргiзедi және олардың күшiн жою, тоқтата тұру немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныстар әзiрлейдi.
       Ескерту. 76-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       77-бап. Тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджет,
                республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi
                туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу

      1. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттiк комиссиясы қабылдаған шешiмдерi негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттiк комиссиясының қарауына енгiзедi.
      2. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 15 қыркүйегiнен кешiктiрiлмей аяқталады.
      3. Шешiм жобасының мәтiнiнде:
      1) алдағы қаржы жылына арналған бюджет кiрiстерiнiң, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттiк кредит беруiнiң, қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитiнiң), тапшылығын қаржыландырудың (профициттi пайдаланудың) көлемдерi;
      2) облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне берiлетiн бюджет субвенцияларының көлемдерi және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнен облыстық бюджетке бюджеттiк алып қоюлар көлемдерi;
      3) жергiлiктi атқарушы органның резервi мөлшерi;
      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының тиiстi қаржы жылының аяғындағы жағдай бойынша борыш лимитi;
      5) басқа да ережелер болуға тиiс.
      4. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi туралы шешiмнiң жобасына:
      1) осы Кодексте белгiленген құрылым бойынша тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасы қоса тiркеледi. Бұл ретте түсiмдер санаттар, сыныптар және iшкi сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджеттiк бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi жалпы сомамен ұсынылады;
      2) бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттiк бағдарламаларға бөлiнген, облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң бюджеттiк даму бағдарламаларының тiзбесi;
      3) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын, соның iшiнде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар тiзбесi;
      4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне түсетiн түсiмдер көлемi;
      5) қаладағы әрбiр ауданның бюджеттiк бағдарламалары;
      6) басқа да деректер қоса тiркеледi.
      5. Тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнiң бекiтiлетiн тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерi ақшалай түрде көрсетiледi.
      6. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына қарауға табыс етедi.
       Ескерту. 77-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       78-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi
                қаржы жылына арналған бюджетi туралы мәслихат
                шешiмiнiң жобасын әзiрлеу

      1. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қабылдаған шешiмдер негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      2. Алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрiлмей аяқталады.
      3. Шешiм жобасының мәтiнiнде:
      1) алдағы қаржы жылына арналған бюджет кiрiстерiнiң, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттiк кредит беруiнiң, қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операциялары бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитiнiң), тапшылығын қаржыландырудың (профициттi пайдаланудың) көлемдерi;
      2) жергiлiктi атқарушы органның резервi мөлшерi;
      3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен облыстық бюджетке бюджеттiк алып қоюлары көлемi;
      4) басқа да ережелер болуға тиiс.
      4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы шешiмнiң жобасына:
      1) осы Кодексте белгiленген құрылым бойынша тиiстi қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасы қоса тiркеледi. Бұл ретте түсiмдер санаттар, сыныптар және iшкi сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджеттiк бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi жалпы сомамен ұсынылады;
      2) бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлiнген, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң бюджеттiк даму бағдарламаларының тiзбесi;
      3) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын, соның iшiнде тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң бекiтiлгенi туралы облыстық мәслихаттың шешiмiмен белгiленген бюджеттiк бағдарламалар тiзбесi;
      4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер көлемi;
      5) әрбiр қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары;
      6) басқа да деректер қоса тiркеледi.
      5. Тиiстi қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң бекiтiлетiн тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерi ақшалай түрде көрсетiледi.
      6. Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 15 қазанынан кешiктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына қарауға табыс етедi.  (РҚАО-ның ескертуі:  P020592  қаулысын қараңыз)
      Ескерту. 78-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

  13-тарау. Бюджет жобасын қарау мен бекіту процесінің
негізгі ережелері

       79-бап. Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекiту
                туралы жалпы ережелер

      1. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметi жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзедi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттарды және материалдарды:
      1) әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмді жоспарын;
      2) алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты;
      3) республикалық бюджеттiк бағдарламалар паспорттарының жобаларын;
      4) республикалық бюджеттiң түсiмдерi бойынша негiздемелер мен болжамдық есептердi;
      5) соңғы есептiлiк күнгi жағдай бойынша мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың жайы туралы деректердi;
      6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасында негiзге алынған шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны табыс етедi.
      2. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталарының бiрлескен отырысында кемiнде екi оқылымда және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрiлмей бекiтiледi.
      3. Қазақстан Республикасының Парламентi ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президентi алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджеттi Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткенге дейiн қолданылады.
      Алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрiлмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының төрттен бiр бөлiгі көлемiнде бекiтiледi.
      Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      4. Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар бекiтiлген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешiктiрiлмей бекiтiлуге тиiс.
      Бұл ретте аталған қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескерiле отырып бекiтiледi.
      5. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

       80-бап. Жергiлiктi бюджеттiң жобасын қарау мен
                бекiту туралы жалпы ережелер

      1. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 15 қазанынан кешiктiрмей тиiстi мәслихатқа енгізедi.
      Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасынан кешiктiрмей тиiстi мәслихатқа енгiзедi.
      Жергiлiктi атқарушы орган алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттарды және материалдарды:
      1) әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарын;
      2) үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты;
      3) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар паспорттарының жобаларын;
      4) жергiлiктi бюджеттiң түсiмдерi бойынша негiздемелер мен болжамдық есептердi;
      5) алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет жобасында негiзге алынған шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны табыс етедi.
      2. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей бекiтiледi.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) алдағы қаржы жылына арналған бюджетi тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттi бекiту туралы облыстық мәслихаттың шешiмiне қол қойылғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей бекiтiледi.
      3. Мәслихат осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiмде алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмдi қабылдамаған жағдайда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органы алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары туралы шешiм шығаруға құқылы, ол жергiлiктi бюджеттi мәслихат бекiткенге дейiн қолданылады.
      Алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрiлмей алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет жобасының төрттен бiр бөлiгi көлемiнде бекiтiледi.
      Жергiлiктi қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      4. Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары бекiтiлген жағдайда осы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешiктiрiлмей бекiтiлуге тиiс.
      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiн бекiту туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бiр апта мерзiмде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бекiтiлген жергiлiктi бюджеттердiң негiзiнде жинақталған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiн, сондай-ақ тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалар мен бағдарламалардың тiзбесiн табыс етедi.
      6. Мәслихаттардың алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы қабылдаған шешiмдерi қосымшаларымен және жергiлiктi атқарушы органдардың алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары туралы шешiмдерi қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

       81-бап. Өкiлдi органдардың бюджет жобасын қарауының
                негізгі принциптерi

      1. Өкiлдi органдар бюджет жобасын қараған кезде мынадай принциптердi:
      1) негiздiлiк принципiн;
      2) бюджеттiң теңдестiрiмдiлігін сақтау принципiн ұстанады.
      2. Негіздiлiк принципi депутаттардың бюджет жобасына өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзу туралы кез келген ұсыныстары,  тиiстi есептердi оларға қоса тiркей отырып, осы түзетулердi енгiзудiң қажеттiгiн, олардың әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестiгiн жазбаша баяндаумен қатар жүруге тиiс екендiгiн бiлдiредi.
      3. Бюджеттiң теңдестiрiмдiлiгiн сақтау принципi депутаттар бюджет жобасына кез келген өзгерiс пен толықтыру енгiзген кезде бюджет тапшылығының мөлшерiн бюджет жобасында белгiленген деңгейден асырмай сақтау үшiн түсiмдердiң қосымша көздерi не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиiс екендiгін бiлдiредi.
       Ескерту. 81-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

  14-тарау. Қазақстан Республикасы Парламентінің Республика бюджет жобасын қарау және бекіту процесі

       82-бап. Республикалық бюджет жобасын Қазақстан
                Республикасының Парламентiнде қарау

      1. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi мен Сенатының жалпы отырыстарында талқылау Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары, орта мерзiмдi фискалдық саясат және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары уәкiлеттiк берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды.
      2. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары жалпы отырыстарда алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi басшыларының сөздерiн тыңдауға құқылы.
      3. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында кемiнде екi оқылымда қаралады.
      Талқылау Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары, орта мерзiмдi фискалдық саясат және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөнiндегi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының ақша-кредит саясаты жөнiндегi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары уәкiлеттiк берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды.
       Ескерту. 82-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       83-бап. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық
                бюджеттi бекiту

      Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi бекiту Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында заң қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

  15-тарау. Мәслихаттың жергілікті бюджет жобасын
қарау және бекіту процесі

       84-бап. Жергiлiктi бюджет жобасын мәслихаттың тұрақты
                комиссияларында қарау

      1. Жергiлiктi бюджет жобасы тиiстi мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады.
      2. Тиiстi мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерiнiң арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарына жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi тартылуы мүмкiн.
      3. Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарының пiкiрлерiн ескере отырып, тиiстi негiздемелермен және есептермен қоса жергiлiктi бюджет жобасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар жасайды және оларды тиiстi мәслихат белгiлеген бас тұрақты комиссияға жiбередi.
      4. Бас тұрақты комиссия тұрақты комиссиялардан түскен ұсыныстардың жинақтамасын жасап, оны мәслихаттың сессиясына шығарады. Бұл ретте жинақтамаға тиiстi негiздемелерi мен есептерi бар ұсыныстар ғана енгiзiледi.
      5. Тиiстi мәслихаттың сессиясында жергiлiктi бюджеттiң жобасын талқылау тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмiнiң немесе жергiлiктi атқарушы орган уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) тиiстi, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасы, орта мерзiмдi фискалдық саясат және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң жобасы бойынша баяндамаларын, сондай-ақ мәслихат уәкiлеттiк берген адамдардың жергiлiктi бюджеттiң жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамаларын қамтиды.
      6. Мәслихат сессияда алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет бойынша жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi басшыларының сөздерiн тыңдауға құқылы.

       85-бап. Мәслихаттың жергiлiктi бюджеттi бекiтуi

      Тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекiту мәслихаттың шешiмiн қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

  5-бөлім. Бюджеттердің атқарылуы мен нақтылануы

  16-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер

       86-бап. Бюджеттiң атқарылуы туралы жалпы ережелер

      1. Бюджетке түсiмдердiң түсуiн, бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану) жөнiндегi iс-шаралар кешенiн орындау бюджеттiң атқарылуы болып табылады.
      2. Бюджеттiң атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.
      3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің атқарылуы кассалық негiзде жүзеге асырылады.
      4. Қазақстан Республикасының Yкiметi республикалық бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi.
      5. Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын қамтамасыз етедi. Бюджеттi атқару жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган осы Кодекске сәйкес жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсетудi жүзеге асырады.

       87-бап. Бюджеттiң атқарылу принциптерi

      1. Бюджет қаражатын нысаналы пайдалану принципi - бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарымен, мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiмен, нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалып, бюджеттiк бағдарламалар соларға сәйкес жүзеге асырылатын iс-шараларға бюджет қаражатын пайдалану.
      2. Уақтылылық принципi - бюджет түсiмдерiн есепке алу және бюджет қаражатын белгiленген мерзiмдерде пайдалану.
      3. Бюджеттiң бiрқалыпты атқарылу принципi - қаржы жылының аяғына қарай төлемдер көлемiнiң жинақталып қалуына жол бермеу мақсатында бюджет қаражатын қаржы жылы iшiнде бiрқалыпты бөлу.
      4. Кассаның бiрыңғайлық принципi - түсiмдердiң барлығын бiрыңғай қазынашылық шотқа есепке алу және көзделген шығыстардың барлығын бiрыңғай қазынашылық шоттан ұлттық валютамен жүзеге асыру. Бюджет жүйесiнiң барлық деңгейдегi бюджеттерi кассаның бiрыңғайлығы принципi негiзiнде атқарылады.

       88-бап. Бiрыңғай қазынашылық шот

      1. Бiрыңғай қазынашылық шот - аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебiн жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде ашылатын шот.
      2. Бiрыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат қалдықтарын, мемлекеттiк мекемелер шоттарын қамтиды. <*>
      Қолма-қол ақшаны бақылау шоты бюджеттiң тиiстi деңгейiнен түскен түсiмдер мен төленген төлемдер бойынша операцияларды есепке алуға арналған.
      Мемлекеттiк мекеменiң шоттары бюджеттiк шығыстар мен Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде рұқсат етiлген өзге де қаражатты есепке алуға арналған.
      3. Шетел валютасымен түсетiн түсiмдер бойынша бюджеттiк операцияларды жүзеге асыру және олардың есебiн жүргiзу үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде шетел валюталарының түрлерi бойынша банк шотын ашады.
      4. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражатын банк шоттарында орналастыруға жол берiлмейдi.
       Ескерту. 88-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       89-бап. Мемлекеттiк мекемелердi қаржыландыру

      1. Мемлекеттiк органдарды қоспағанда, мемлекеттiк мекемелер республикалық немесе жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен және осы Кодексте көзделген жағдайларда өзге де қаражат есебiнен қаржыландырылады.
      2. Iшкi iстер органдарын қоспағанда, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердi республикалық бюджеттен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
      Iшкi iстер органдарын қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердi жергiлiктi бюджеттен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
      Мемлекеттiк мекеменi екi және одан да көп жергiлiктi бюджеттен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
      3. Бiр мемлекеттiк мекеменi басқа мемлекеттiк мекеменi қаржыландырудың жеке жоспары есебiнен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
      4. Мемлекеттiк органдар тек қана республикалық немесе тиiстi жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
      5. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң мемлекеттiк мекемелерге қатысты ережелерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiнен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге қолданылмайды.
       Ескерту. 89-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.   N 69   Заңымен .

       90-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң шоттары

      1. Мемлекеттiк мекемелердiң мынадай шоттары болуы мүмкiн:
      1) бюджеттiк шот - бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшiн ашылатын шот;
      2) тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түскен ақшаны есепке алуға арналған шот - мемлекеттiк мекемелердiң иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден алынатын, ақша түсiмдерi мен жұмсалуын есепке алу үшiн ашылатын шот;
      3) демеушiлiк және қайырымдылық көмек шоты - Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес заңды және жеке тұлғалардан қайырымдылық және демеушiлiк көмек ретiнде алынатын, ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де түсетiн ақша түсiмi мен жұмсалуын есепке алу үшiн ашылатын шот;
      4) депозиттiк шот - ұлттық және шетел валютасымен мемлекеттiк мекеменiң уақытша иелiгiне түсетiн және белгiлi бiр жағдайлар орын алған ретте, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге мақсаттарға жұмсау құқығынсыз, оны аударушы тұлғаларға қайтарылуға немесе бюджетке не үшiншi тұлғаларға аударылуға жататын ақшаны есепке алу үшiн ашылатын шот;
      5) бюджеттiк инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шоты - үкiметтiк сыртқы қарыздың немесе гранттың аванстық төлемдерi арқылы жаңартылатын халықаралық қарыз шартында немесе байланысты грант туралы келiсiмде айтылған шетел валютасындағы шот. Арнайы шотты бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi үкiметтiк сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың есебiнен халықаралық қарыз шартына не байланысты грант туралы келiсiмге сәйкес тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сатып алуға және бюджеттiк инвестициялық жобаға немесе бағдарламаға әкiмшiлiк етуге шығарылған шығыстар үлесiнiң орнын толтыру үшiн ашады; <*>
      6) бюджеттiк инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шотына ұлттық валютамен төлемдердi жүзеге асыру үшiн ашылған шот;
      7) бюджеттiк инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты - үкiметтiк сыртқы қарыздар есебiнен берiлген кредит бойынша негiзгi борышты өтеу шотына қарыз алушылар қайтаратын ақшаны есепке алу және пайдалану үшiн бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асыру кезеңiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық атқарушы органға ашылатын шот;
      8) шетел валютасымен операциялар жүргiзуге арналған шетел валютасындағы шот;
      9) нысаналы қаржыландыру шоты - ерекше шығыстар жасауға ақшаны есепке алу және жұмсау үшiн республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемеге ашылатын шот.
      2. Мемлекеттiк мекемелердiң шоттары бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда ғана ашылады. Осы Кодексте, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда Үкiмет белгiлеген және Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген тәртiппен шоттар екiншi деңгейдегi банктерде ашылуы мүмкiн.  (РҚАО-ның ескертуі:  Z952444  ;  Z952155  ;  V001199  қаулысын қараңыз)
      Ескерту. 90-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       91-бап. Бюджет қаражатының қалдықтары

      1. Бюджет қаражатының қалдықтары - есептiлiк кезеңiнiң аяғындағы жағдай бойынша пайдаланылмай қалған бюджет қаражаттары.
      2. Уақытша бос бюджет ақшасы - белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде пайдаланылмаған, бiрыңғай қазынашылық шотта жатқан бюджет қаражаттары.
      3. Pеспубликалық және жергiлiктi бюджеттердiң уақытша бос бюджеттiк ақшасын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi салымдарға (депозиттерге) орналастыра алады. Уақытша бос бюджет ақшасын салымдарға (депозиттерге) орналастыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.  (РҚАО-ның ескертуі:  P020832   қаулысын қараңыз)
      4. Бюджет қаражатының бос қалдықтары - өткен қаржы жылынан кейiнгi 1 қаңтардағы жағдай бойынша өткен қаржы жылындағы бюджеттiң атқарылу қорытындылары бойынша пайдаланылмай қалған бюджеттiк қаражаттар.
      5. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілiктi бюджеттердiң бюджет қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алуға болмайды.
      6. Бюджет қаражатының бос қалдықтары ағымдағы жылдың шығыстары бойынша жоспарлы жұмсалымдарды ұлғайтуға мынадай ретпен:
      1) өткен жылғы бюджетте бекiтiлген бюджеттiк инвестициялық жобаны оның бекiтiлген жылдық көлемiнiң он процентiнен аспайтын сомаға ағымдағы жылдың бюджетiн Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтыламай-ақ, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның қаулысы негiзiнде қаржыландыруды аяқтауға жұмсалуы мүмкiн. Мұндай шығыстар ағымдағы жылдың шығыстары болып табылады;
      2) ағымдағы жылдың бюджетiн Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтыламай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның қаулысы негiзiнде алынған қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге;
      3) ағымдағы жылдың бюджетiн Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтылай отырып, мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеуге;
      4) ағымдағы жылдың бюджетiн Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтылай отырып, ағымдағы бюджеттiк бағдарламалардың қаржыландырылуын қамтамасыз етуге;
      5) ағымдағы жылдың бюджетiн Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтылай отырып, басқа да шығыстарға жұмсалуы мүмкін.
      7. Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - бюджет қаражатының бос қалдықтары мен есептiлiк кезеңiнiң аяғындағы жағдай бойынша бюджет қаражаты қалдықтарының арасындағы айырма.

  17-тарау. Бюджеттің атқарылу негізі

       92-бап. Бюджеттiң атқарылу негiзi болып табылатын
                құжаттар

      Мыналар:
      1) осы Кодекс;
      2) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерi;
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру жөнiндегi қаулылары;
      4) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердi атқару барысында ағымдағы жылы қабылдайтын шешiмдерi;
      5) бюджеттiк бағдарламалардың паспорттары;
      6) жылдық қаржыландыру жоспары;
      7) түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары;
      8) осы Кодекске сәйкес бюджеттi атқару тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер бюджеттiң атқарылу негiзi болып табылады.

       93-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
                жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы
                жылына арналған республикалық бюджет туралы
                заңды және тиiстi қаржы жылына арналған
                жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың
                шешiмдерiн iске асыру туралы қаулылары

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулысы жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейiн қабылданады.
      Жергiлiктi атқарушы органның тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру жөнiндегi қаулысы мәслихат жергiлiктi бюджеттi бекiткеннен кейiн екi апта мерзiмде қабылданады.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру жөнiндегi және жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру жөнiндегi қаулылары бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне, бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету жөнiндегi тапсырмаларды көздейдi.
      Қаулыға мыналар қоса тiркеледi:
      1) осы Кодексте белгiленген құрылым бойынша бекiтiлген республикалық немесе жергiлiктi бюджет. Бұл ретте түсiмдер ерекшелiктер деңгейiне дейiн ұсынылады, ал бюджеттiк бағдарламалар ішкi бағдарламаларға бөлiнiп ұсынылады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi толық берiледi;
      2) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыруға қажеттi басқа да деректер немесе көрсеткiштер, оларды анықтау Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе жергiлiктi атқарушы органға жүктеледi.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiн iске асыру жөнiндегi қаулысын әзiрлеудi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдармен келiсе отырып, бюджеттi жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.

       94-бап. Бюджеттiк бағдарламалар паспорттары

      1. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын тиiстi қаржы жылына Қазақстан Республикасының Үкiметi жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешiктiрмей бекiтедi.
      Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын тиiстi қаржы жылына жергiлiктi атқарушы орган мәслихат жергiлiктi бюджеттi бекiткеннен кейiн екi апта мерзiмде бекiтедi.
      2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың паспорттары бюджеттiк өтiнiмнiң құрамында ұсынылған және бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттiк бағдарлама паспортының жобасы негізiнде, бюджеттi бекiткен (нақтылаған, түзеткен) кезде қабылданған шешiмдердi ескере отырып жасалады.
      3. Бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына өзгерiстер мен толықтырулар:
      1) бюджет нақтыланған;
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру жөнiндегi қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген;
      3) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, экологиялық және әлеуметтiк тұрақтылығына қауiп төндiретiн жағдайды жою қажет болған жағдайларда енгiзiледi.
      4. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң паспорттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк құпиялардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, электрондық және (немесе) өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi түрде жариялануға жатады.
(РҚАО-ның ескертуі:  P020832  қаулысын қараңыз)

       95-бап. Жылдық қаржыландыру жоспары

      1. Жылдық қаржыландыру жоспары - бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) жылдық түсiмдер көлемiмен теңдестiрiлген жылдық қаржыландыру көлемдерiн айқындайтын құжат.
      2. Жылдық қаржыландыру жоспарын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган әзiрлеп, бекiтедi және ол бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға берiледi, сондай-ақ бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне жiберiледi.
      3. Жылдық қаржыландыру жоспарын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

  18-тарау. Бюджеттің атқарылу процесі

       96-бап. Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы

      1. Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджетке түсетiн түсiмдердiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергіліктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде белгiленгеннен төмен болмайтындай мөлшерде толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүргiзу болып табылады.
      2. Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы:
      1) түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа төлеудi және есепке алуды;
      2) осы Кодекске сәйкес түсiмдердi бюджет деңгейлерi арасында бөлудi;
      3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес бюджеттен түсiмдер сомасын қайтаруды не оларды салық берешегiн өтеу есебiне есепке алуды қамтиды.

       97-бап. Түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа төлеу
                және есепке алу

      1. Бюджетке түсетiн түсiмдер ақшалай нысанда жүзеге асырылады және бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес толық көлемде бiрыңғай қазынашылық шотқа есепке алынады.
      2. Бюджетке шетел валютасымен түсетiн түсiмдер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсе отырып, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен есепке алынады.

       98-бап. Түсiмдердi бюджет деңгейлерi арасында бөлу

      Түсiмдердi бюджет деңгейлерi арасында бөлудi осы Кодекске сәйкес әрбiр жұмыс күнi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

       99-бап. Бюджеттен түсiмдер сомасын қайтару

      Тиiстi бюджеттен түсiмдер сомасын қайтару не оларды салық берешегiн өтеу есебiне есепке алу Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.  (РҚАО-ның ескертуі:  K010209  қараңыз)

       100-бап. Бюджеттiң шығыстар бойынша атқарылуы

      1. Бюджеттiң шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларды тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде не түзетiлген бюджетте бекiтiлген сомалар шегiнде толық және уақтылы орындауға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруы болып табылады.
      2. Мыналар:
      1) мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын жасау және бекiту;
      2) түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және бекiту;
      3) мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер қабылдауына рұқсаттар беру;
      4) мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеу;
      5) төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру;
      6) бюджеттiк қаражаттарды игеру бюджет шығыстарын атқарудың негiзгi кезеңдерi болып табылады.
      3. Бюджеттiк қаражат есебiнен тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сатып алу мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
(РҚАО-ның ескертуі:  P021158  ;  Z020321  қараңыз)

       101-бап. Бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi
                 бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары

      1. Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (ішкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары - мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер қабылдауының және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша оларды атқару үшiн төлемдер төлеудi жүзеге асыруының ай сайынғы кестесiн айқындайтын құжаттар (бұдан әрi - бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары).
      2. Бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен әзiрлейдi.
(РҚАО-ның ескертуі:  P040231  қаулысын қараңыз)
      3. Бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергілiктi атқарушы органның тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы қаулысына, жылдық қаржыландыру жоспарына, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк өтiнiмiне, бюджеттiк бағдарлама паспортына, бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес әзiрленедi.
      4. Бюджеттiк бағдарламаны (iшкi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарлары түсiмдер мен қаржыландырудың тиiстi жиынтық жоспарларын қалыптастыру үшiн пайдаланылады.
      5. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) бойынша төлемдердi жүзеге асырудың ай сайынғы кестесiне бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң келiсiмi бойынша түсiмдердiң болжамды көлемдерiн ескере отырып өзгерiстер енгiзуге құқылы.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны (iшкi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларын түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары бекiтiлгеннен кейiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бекiтедi.
      7. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мемлекеттiк мекемелердi қаржыландырудың жеке жоспарларын бекiтудi қамтамасыз етедi.
      Мемлекеттiк мекемелердi қаржыландырудың жеке жоспарларын мемлекеттiк мекемелер әзiрлейдi және оларды бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бекiткеннен кейiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға табыс етiледi.
      8. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бюджеттiк бағдарламаны (iшкi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарына бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнің немесе жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмдерiн iске асыру туралы қаулыларымен бекiтiлген жылдық сома шегiнде өзгерiстер енгiзуге құқығы бар.
      Бұл ретте мынадай талаптар сақталуға тиiс:
      1) бюджеттiк бағдарлама паспортына сәйкес келу;
      2) мемлекеттiк мекемелердiң қабылданған мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету;
      3) мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiнiң пайда болуына жол бермеу;
      4) ағымдағы қаржы жылында бюджетке түсетiн түсiмдердiң күтілетiн көлемiн ескере отырып, бюджеттiң теңдестiрiлуiн сақтау.
       Ескерту. 101-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       102-бап. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары

      1. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары - бюджет түсiмдерiнiң бюджет сыныптамасы бойынша бюджетке түсетiн түсiмдердiң және бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) төлемдер бойынша қаржыландырудың ай сайынғы теңдестiрiлген жоспарын айқындайтын құжат.
      2. Түсiмдер және бюджеттiк бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) бойынша жылдық сомалар түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарында бастапқы бекiтiлуi кезiнде жылдық қаржыландыру жоспарына сәйкес келуге тиiс.
      3. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес бюджетке төлемдер төлеудiң белгiленген мерзiмi, бюджетке өткен жылдары түскен түсiмдер қарқыны, мемлекеттiк бағалы қағаздардың табыстылық қарқынын талдау және бағалы қағаздар рыногындағы сұраныс пен ұсыныс деңгейi, жасасылған кредиттiк шарттардың, қарыз шарттарының, байланысты гранттар туралы келiсiмдердiң талаптары мен бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi әзiрлеген бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары негiзге алына отырып жасалады.
      4. Мiндеттемелер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының негiзiнде мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары жасалады.
      5. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жасап, бекiтедi.
      6. Жылдық сомаларды қоса алғанда, түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
      7. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлетті орган түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.
       Ескерту. 102-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       103-бап. Рұқсаттар беру

      1. Рұқсат - бюджет қаражатының көлемiн айқындайтын құжат, мемлекеттiк мекемелер солардың шегiнде мiндеттемелер қабылдайды.
      2. Рұқсаттарды бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар бередi.
      3. Рұқсаттар ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн күшiнде болады.
      4. Рұқсаттар беру нысаны мен тәртiбiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлейді.
       Ескерту. 103-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       104-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi

      1. Мемлекеттiк мекемелер тиiстi қаржы жылына арналған мiндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларында бекiтiлген сомалар шегiнде ғана мiндеттемелер қабылдайды.
      2. Мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерi олар бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда мiндеттi тiркелуден өткеннен кейiн күшiне енедi.
      3. Бюджеттiк қаражаттар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бөлiнетiн жағдайларды қоспағанда, ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанынан кейiн мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасуына жол берiлмейдi.
      4. Мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.  (РҚАО-ның ескертуі:  P020832    ;  U020917  қараңыз)
      Ескерту. 104-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       105-бап. Төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру

      1. Алдын ала ақы төлеу нысанындағы төлемдердi қоспағанда, төлемдер растайтын құжаттардың негiзiнде мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi бойынша жүзеге асырылады. Бюджеттен төленетiн төлем сомасы мемлекеттiк мекемелер мiндеттемелерiнiң сомасынан аспауға тиiс.
      2. Растайтын құжаттар - тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiленiң шарттарына немесе Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес келетiн тауарлардың жеткiзiлу, жұмыстардың орындалу немесе қызметтердiң көрсетiлу фактiсiн дәлелдейтiн құжаттар.
      3. Төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру төлеуге берiлетiн шоттар мен төлем құжаттарын қалыптастыруды қамтиды.
      Төлеуге берiлетiн шот - мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелердi орындағанын растайтын құжат, соның негiзiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган төлемдердi жүзеге асырады.
      Бюджеттен төленетiн төлемдер тиiстi бюджеттегi қолма-қол ақшаның бақылау шотындағы бюджеттiк қаражаттың қалдығы шегiнде жүзеге асырылады.
      Шоттарды ресiмдеу, ұсыну және төлемге пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.
      Төлем құжаттарын ресiмдеу, ұсыну және пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы заңдарымен белгiленедi.  (РҚАО-ның ескертуі:   Z980237  қараңыз)
      4. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган төлемдер жүргiзген кезде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлеуге берiлген шоттар мен төлем құжаттарының:
      1) бюджеттiк бағдарламалар паспорттарына;
      2) бюджеттiк бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) жоспарларына, жеке қаржыландыру жоспарларына;
      3) бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға;
      4) кредиттiк шарттардың, қарыз шарттарының, сондай-ақ азаматтық-құқықтық мәмiлелер жөнiндегi шарттардың талаптарына;
      5) Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген өзге де ережелерге сәйкестiгiн тексеруден тұрады.
      5. Төлемдердi және аударымдарды жүзеге асырған кезде бюджеттiк қаражаттың тиiстi сомасы бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның нұсқауы негiзiнде бiрыңғай қазынашылық шоттан шығарылып, қабылданған мiндеттемелермен айқындалатын бюджеттiк қаражатты алушының шотына есептеледi.
      6. Мемлекеттiк мекеменiң келiсiмiнсiз оның шотынан ақшаны алу Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      7. Осы Кодекстiң талаптары және қабылдануы осы Кодексте көзделген, бюджеттiң атқарылу тәртiбiн айқындайтын басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптары бұзылған жағдайда бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган өзi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелердiң төлемдерiн тоқтата тұруға құқылы.
      8. Төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру әдiстерi Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы, бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi заңдарымен немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен айқындалады.  (РҚАО-ның ескертуі:   Z980237  ;  V001155  ;  V001148  ;  U952301  қараңыз)
      9. Сыртқы экономикалық қызметке байланысты төлемдер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүзеге асырылады.
      10. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның төлемдердi жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
       Ескерту. 105-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       106-бап. Бюджеттiк ақшаны басқару

      1. Бюджеттiк ақшаны басқаруды бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
      2. Бюджеттiк ақшаны басқару - төлемдердiң бюджетке түсетiн түсiмдер мерзiмдерiне сәйкес уақтылы төленуiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар кешенi.
      3. Төлемдердiң уақтылығы мен толықтығын қамтамасыз ету үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган алдағы кезеңде бюджетке түсетiн ақша түсiмдерiнiң болжамды көлемiн айқындайды.
      4. Бюджетке түсетiн ақша түсiмдерiнiң болжамды көлемi тиiстi кезеңде жеткiлiксiз болған жағдайда бюджеттi атқару жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган төлемдер жүргiзу үшiн қарыз алу арқылы ақша тарту процесiн ұйымдастырады.
      5. Бюджеттiк ақшаны басқару Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.

       107-бап. Бюджет қаражаттарын игеру

      1. Бюджет қаражаттарын игеру - бюджет қаражаттарын, оларды алушылардың бюджеттiк бағдарлама паспортында, мемлекеттiк мекемелер жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерде және бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру соларға сәйкес жүзеге асырылатын нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген мақсаттарға пайдалануы.
      2. Мемлекеттiк мекеменiң өткен жылдардағы дебиторлық берешегiнiң сомасы тиiстi бюджеттiң кiрiсiне қайтарылуға тиiс.
      3. Бюджеттiк және экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдар осы Кодексте көзделген есептердiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе жергiлiктi атқарушы органға бюджеттi нақтылау (түзету) туралы ұсыныстар беруге құқылы.

       108-бап. Бюджет қаражаттарын игеру мониторингi

      1. Бюджет қаражаттарын игеру мониторингiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар қаржыландыру жоспарларының жылдық сомасының ай сайын бөлiнуiн, қаржыландыру жоспарларына бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi енгiзген өзгерiстердiң негiздiлiгiн талдау және бағалау, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерiн анықтау, бюджеттiк бағдарламалардың атқарылуы туралы есеп жасау арқылы жүзеге асырады.
      2. Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру мониторингi барысында бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен әкiмдiктерге - толық игерiлмеу себептерiн көрсете отырып және республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептiң негiзiнде бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi ұстанымдары туралы ұсыныстармен ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары бойынша бюджет қаражаттарының толық игерiлмеуi туралы;
      2) республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне бюджет қаражатын игеру қаржыландыру жоспарларынан кешеуiлдеп жүрiп жатқан бюджеттiк бағдарламалар бойынша;
      3) тиiстi бюджет комиссияларына ағымдағы, сонымен қатар алдағы жоспарланып отырған қаржы жылындағы жекелеген бюджеттiк бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) бойынша жылдық жоспарлы жұмсалымдарды қайта қарау қажеттiгi туралы ақпарат жiбередi.

       109-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды
                 (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi)
                 өткiзуiнен түсетiн өздерiнiң иелiгiнде
                 қалатын ақша бойынша атқару

      1. Мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақшаның есебiнен операцияларды жүзеге асыруы үшiн мемлекеттiк мекеме Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының түрлерi бойынша жыл сайын жоспар жасайды.
      2. Мемлекеттiк мекеменiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн өз иелiгінде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспарын бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бекiтедi.
       3. Мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн өз иелiгінде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының бекiтiлген жоспарының қолданылуы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.
      4. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi тиiстi бюджеттiк бағдарлама (ішкi бағдарлама) бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының мемлекеттiк мекемелер ұсынған жоспарлары негiзiнде мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспарын жасайды.
      5. Мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақша есебiнен тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сатып алу мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақша есебiнен азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеу осы Кодекстiң 104-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Қаржы жылы iшiнде мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспарында көзделген сомалардан тыс кiрiстер тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспары нақтыланған жағдайда ағымдағы қаржы жылында жұмсалуы мүмкiн.
      8. Мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақша есебiнен жүргiзiлетiн төлемдер мемлекеттiк мекеменiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақшаны есепке алу үшiн ашылған шотындағы нақты ақша көлемi шегiнде жүзеге асырылады.

       110-бап. Қаржы жылының аяқталуы

      1. Ағымдағы қаржы жылының бюджет түсiмдерiн есепке алуға және бюджеттен төленетiн төлемдердi жүзеге асыруға байланысты операциялардың барлығы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында аяқталады.
      2. Бюджетке 31 желтоқсаннан кейiн есепке алынған түсiмдер жаңа қаржы жылының түсiмдерi болып есептеледi.
      3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн қоса алғанда пайдаланылмаған жоспарлы жұмсалымдар қалдықтарының күшi жойылады.

  19-тарау. Бюджеттерді нақтылау мен түзету
процесінің негізгі ережелері

       111-бап. Бюджеттi нақтылау

      1. Бюджеттi нақтылау - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы бюджеттiң көрсеткiштерiн өзгерту.
      2. Бюджеттi нақтылау:
      1) бюджет түсiмдерiн қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн Қазақстан Республикасының заң актiлерi қабылданған немесе өзгертiлген;
      2) бюджеттi атқару барысында бюджет түсiмдерi олардың бекiтiлген жылдық көлемiнен он проценттен астам сомаға төмендеген жағдайларда мiндеттi түрде жүргiзiледi.
      3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде бекiтiлген көлемнен артық қосымша шығыстарды бюджеттен жүзеге асыруға бюджеттi нақтылау кезiнде ғана жол берiледi.
      4. Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылауға бюджеттiң кiрiстерi жөнiндегi жылдық жоспар қаржы жылының бiрiншi тоқсанының қорытындылары бойынша кем дегенде отыз процентке немесе бiрiншi жарты жылдығының қорытындылары бойынша алпыс процентке және үш тоқсанының қорытындылары бойынша сексен проценттен астам орындалған жағдайда жол берiледi.
      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi, жергiлiктi атқарушы органдар бюджет қаражатын игеру мониторингiнiң нәтижелерi негiзiнде тиiстi бюджеттiк комиссияның жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша жылдық жоспарлы жұмсалымдарды қайта қарау қажеттiгi жөнiндегi ұсыныстарын ескере отырып, жеке бюджеттiк бағдарламалар бойынша республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылауға бастамашы болуға құқылы.
      6. Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылау осы Кодексте көзделген басқа да жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкiн.

       112-бап. Бюджеттi нақтылау принциптерi

      Бюджеттердi нақтылау кезiнде мынадай принциптер сақталады:
      1) уақтылылық принципi - бюджеттi нақтылауды бюджеттiк бағдарламаларды тиiмдi iске асыруға мүмкiндiк беретiн мерзiмдерде жүргiзу;
      2) негiздiлiк принципi - енгiзiлiп отырған өзгерiстер мен толықтырулардың қажеттігін нормативтік құқықтық актiлермен, тиісті есептермен және басқа да құжаттармен растау;
      3) теңдестiрiлiмдiктi сақтау принципi - депутаттардың тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңның жобасын немесе мәслихаттың шешiмiн ескере отырып, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде белгiленгеннен аспайтын бюджет тапшылығының көлемiн сақтау үшiн түсiмдердiң қосымша көздерiн не қысқартылатын шығыстарды негiздей және айқындай отырып, кез келген өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi.

       113-бап. Секвестр

      1. Секвестр - бюджет қаражаттарын жұмсауға белгілі бiр шектерде тыйым салуды көздейтiн арнайы тетiк, ол бюджеттi атқару кезiнде бекiтiлген бюджетке түсетiн түсiмдер қысқартылған, соның нәтижесiнде бекiтiлген бюджеттiк бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкiн болмайтын жағдайда енгiзiледi.
      2. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе тиiсті қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi белгiленедi.
      3. Бюджеттiк бағдарламаларды олардың бекiтiлген жылдық көлемiнiң он процентiнен кем сомаға секвестрлеу - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша, ал он проценттен астам сомаға секвестрлеу заңның немесе мәслихат шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
      4. Бюджеттiк бағдарламалар қысқартылған жағдайда олардың басымдығы мен әлеуметтiк бағыттылығы ескерiледi.
      5. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiс және толықтыру туралы заңның жобасы немесе мәслихаттың шешiмi Қазақстан Республикасының Парламентiне немесе мәслихатқа енгiзiлген күннен бастап бюджеттi атқару жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган секвестрлеу белгiленген бюджеттiк бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) бойынша төлемдердiң жүзеге асырылуын тоқтата тұруға құқылы.
      6. Бюджеттi секвестрлеу кезiнде бюджеттiк қаражат есебiнен жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша туындаған қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

  20-тарау. Бюджеттерді нақтылау мен түзету процесі

       114-бап. Республикалық бюджеттi нақтылау

      1. Республикалық бюджеттi нақтылау Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және (немесе) Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының ұсыныстары негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Республикалық бюджеттi нақтылау жөнiндегi ұсыныстарды Республикалық бюджет комиссиясы қарайды.
      3. Республикалық бюджеттi нақтылау кезiнде республикалық бюджеттi әзiрлеу мен бекiту кезiнде қойылатын, осы Кодексте белгiленген талаптар сақталады.

       115-бап. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар
                 қаланың, астананың бюджетiн нақтылау

      1. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiн оның атқарылу барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиiстi жергiлiктi атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiн нақтылау жөнiндегі ұсыныстарды тиiстi бюджет комиссиясы қарайды.
      3. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiн нақтылау кезiнде облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiн әзiрлеу мен бекiту кезiнде қойылатын, осы Кодексте белгiленген талаптар сақталады.
      4. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiн нақтылау тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi нақтылауға байланысты жүргiзiлген жағдайда, мәслихаттың тиiстi шешiмi Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi заңға қол қойғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей қабылданады.

       116-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiн
                 нақтылау

      1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiн оны атқару барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиiстi жергiлiктi атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiн нақтылау жөнiндегi ұсыныстарды тиiстi бюджет комиссиясы қарайды.
      3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiн нақтылау кезiнде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн әзiрлеу мен бекiту кезiнде қойылатын, осы Кодексте белгiленген талаптар сақталады.
      4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiн Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджетi арасында бөлiнетiн түсiмдер бойынша нақтылау облыстың бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлетті органымен келiсiм бойынша жүргiзiледi.
      5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiн нақтылау тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттi нақтылауға байланысты жүргiзiлген жағдайда, мәслихаттың тиiстi шешiмi тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы - мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiмге қол қойылғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей қабылданады.

       117-бап. Бюджеттердi түзету

      1. Бюджеттердi түзету - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның қаулысына Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтыламай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу.
      2. Республикалық бюджеттi түзетуге:
      1) орталық мемлекеттiк органдар және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, олардың функциялары өзгерген жағдайларда жол берiледi. Түзету көрсетiлген жағдайларға байланысты тиiстi бюджеттiк бағдарламаларды тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекiтiлген (нақтыланған) осы бюджеттiк бағдарламалардың жалпы сомасы шегiнде қосу, бөлу, беру болып табылады;
      2) жоспардан тыс түсiмдер есебiнен үкiметтiк борышты өтеу көлемi ұлғайған;
      3) осы Кодексте көзделген жағдайларда жол берiледi.
      3. Жергiлiктi бюджеттердi түзетуге:
      1) қаржы жылы iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша жоғары тұрған бюджеттен қаражат бөлiнген;
      2) жоспардан тыс түсiмдер есебiнен жергiлiктi атқарушы органдардың борышын өтеу көлемi ұлғайған;
      3) осы Кодексте көзделген жағдайларда жол берiледi.

  6-бөлім. Бюджеттік есепке алу және есептілік

  21-тарау. Бюджеттік есепке алу туралы жалпы ережелер

       118-бап. Негiзгi ережелер

      Бюджеттiк есепке алу - бюджеттiк операциялар туралы ақшалай түрдегi ақпаратты жинаудың, тiркеудiң және қорытындылаудың олардың үздiксiз құжаттық есебiн жүргiзу арқылы реттелген жүйесi.

       119-бап. Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу

      1. Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу тәртiбiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
      2. Бюджеттiк есепке алу деректерi бюджеттiң атқарылуы жөнiнде есептiлiк жасаудың негiзi болып табылады.

  22-тарау. Есептілік туралы жалпы ережелер

       120-бап. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi есептiлiктiң
                 сапалық сипаттамалары

      1. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi есептiлiк:
      1) жасалған операциялардың түпнұсқалығын және есепке алуда оларды көрсеткен кезде қателердiң болмауын бiлдiретiн анықтық;
      2) Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген барлық талап етiлетiн ақпараттың көрсетiлуiн бiлдiретiн толықтық;
      3) осы Кодекстiң және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң есептiлiктi жасау жөнiндегi ережелерiнiң сақталуын бiлдiретiн сәйкестiк сияқты сапалық сипаттамаларға сәйкес келуге тиiс.
      2. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi есептiлiкте алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) бюджетке түсетiн түсiмдерi ақшалай көрсетiледi.

       121-бап. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi
                 есептiлiктiң түрлерi

      Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi есептiлiк есептердiң мынадай түрлерiн:
      1) мемлекеттiк мекемелердiң есептерiн:
      мемлекеттiк мекеменiң балансын;
      жеке қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы есептi;
      тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түскен ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептi;
      демеушiлiк және қайырымдылық көмектен ақшаның түсуi мен жұмсалуы туралы есептi;
      бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлейтiн басқа да есептердi;
      2) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң есептерiн:
      бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы есептi;
      бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есептi;
      тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түскен ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептi;
      бюджеттi атқару жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдар белгiлеген басқа да есептердi;
      3) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның есептерiн:
      мемлекеттiк бюджеттiң және облыс бюджетiнiң (бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген) атқарылуы туралы есептi;
      республикалық немесе тиiстi жергiлiктi бюджеттiң (бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген) атқарылуы туралы есептi;
      бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы талдамалық есептi;
      түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының орындалуы туралы есептi;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның талаптары мен мiндеттемелерiнiң жай-күйi туралы есептi;
      түсiм сомаларының бюджеттен қайтарылуы не олардың салық берешегiн өтеу есебiне есептелуi туралы есептi;
      бюджеттi атқару жөнiндегі және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдар белгiлеген басқа да есептердi;
      4) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органның есептерiн:
      республикалық немесе тиiстi жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп жасайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептi қамтиды.

       122-бап. Есептiлiктiң нысандары, кезеңдiлiгi,
                 оны жасаудың және табыс етудiң мерзiмдерi
                 мен тәртiбi

      1. Есептiлiктiң нысандарын, кезеңдiлігін, оны жасаудың және табыс етудiң мерзiмдерi мен тәртiбiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасаудың және табыс етудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
      2. Бюджеттiк және экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдар өз құзыретi шегiнде есептiлiктiң қосымша нысандарын және оларды жасау мен табыс ету тәртiбiн белгiлеуге құқылы.
      3. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер есептiлiктi жасау және табыс ету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi басшылыққа алуға мiндеттi.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп осы Кодекстiң 129 және 130-баптарына сәйкес жасалып, табыс етiледi.

  23-тарау. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп

       123-бап. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы
                 есептi табыс ету

      1. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнгi жағдай бойынша республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi, сондай-ақ осы Кодекстiң 121-бабының 3) тармақшасында көзделген басқа да есептердi Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне, бюджеттiк жоспарлау және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға табыс етедi.
      2. Бюджеттi атқару жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Yкiметiне, бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарына табыс етедi.
      3. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген республикалық бюджеттi, тiркелген мiндеттемелердi, орындалмаған мiндеттемелердi және республикалық бюджеттiң кассалық атқарылуын көрсетедi.
      4. Өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есепке:
      1) түсiндiрме жазба;
      2) түсiмдер бойынша атқарылуы туралы, сондай-ақ республикалық бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгін бағалауды қоса алғанда, олардың iске асырылуы туралы талдамалық есеп қоса тiркеледi.
      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен бiрге Қазақстан Республикасының Парламентiне және Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне табыс етедi.
       Ескерту. 123-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       124-бап. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы
                 жылдық есептi Қазақстан Республикасының
                 Парламентiнде қарау және бекiту

      1. Қазақстан Республикасының Парламентi өткен қаржы жылы iшiнде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жылдық есебiн Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебiн алғаннан кейiн кезегiмен, алдымен - Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарайды.
      2. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi қараған кезде Қазақстан Республикасының Парламентi:
      Қазақстан Республикасының Yкiметi республикалық бюджеттi атқару туралы уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) баяндамасын;
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi төрағасының республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы баяндамасын;
      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары уәкiлеттiк берген адамдардың республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын тыңдайды.
      Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Парламентiнде қараған кезде республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру туралы есептерi тыңдалуы мүмкiн.
      3. Есептi қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi мен Сенатында қаралғаннан кейiн Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында бекiтiледi.
      4. Қазақстан Республикасының Парламентi есептi қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi бекiткен кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың республикалық бюджеттiң атқарылу нәтижелерi бойынша тиiстi шаралар қабылдауы қажет екендiгi туралы шешiм шығаруға құқылы.

  24-тарау. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы
бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есеп

       125-бап. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы
                 бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы
                 есептi табыс ету

      1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың бiрi күнге жағдай бойынша облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi, сондай-ақ осы Кодекстiң 121-бабының 3) тармақшасында көзделген басқа да есептердi әкiмдiкке, мәслихаттың тексеру комиссиясына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органына және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.
      2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы есептi жылдан кейiнгi жылғы 1 сәуiрден кешiктiрмей өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi әкiмдiкке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органына және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.
      3. Жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген жергiлiктi бюджеттi және жергiлiктi бюджеттiң кассалық атқарылуын көрсетедi.
      4. Өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есепке:
      1) түсiндiрме жазба;
      2) түсiмдер бойынша атқарылуы туралы, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды қоса алғанда, олардың iске асырылуы туралы талдамалық есеп қоса тiркеледi.
      5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiгi жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен қоса облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына табыс етедi.
      6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы ай сайын және жыл қорытындылары бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есептердi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.

       126-бап. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы
                 бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы
                 туралы жылдық есептi қарау және бекiту

      1. Мәслихат өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдігінiң жылдық есебiн облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы мәслихаттың тексеру комиссиясының есебiн алғаннан кейiн бiр айдың iшiнде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.
      2. Есептi қараған кезде мәслихат:
      облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы әкiмдiк уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) баяндамасын;
      облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуын бақылау нәтижелерi туралы мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының баяндамасын;
      облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысымен қоса мәслихат уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) баяндамаларын тыңдайды.
      Мәслихатта есептi қараған кезде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы есептерi тыңдалуы мүмкiн.
      3. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейiн, мәслихаттың сессиясында бекiтiледi.
      4. Есептi қаржы жылындағы жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi бекiткен кезде мәслихат жергiлiктi атқарушы органдардың жергiлiктi бюджеттiң атқарылу нәтижелерi бойынша тиiстi шаралар қабылдауы қажет екендiгi туралы шешiм шығаруға құқылы.

  25-тарау. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп

       127-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң
                 атқарылуы туралы есептi табыс ету

      1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың бiрi күнгi жағдай бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi, сондай-ақ осы Кодекстiң 121-бабының 3) тармақшасында көзделген басқа да есептердi әкiмдiкке, мәслихаттың тексеру комиссиясына, облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органына және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.
      2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 наурызынан кешiктiрмей өткен қаржы жылғы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен қоса әкiмдiкке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органына және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.
      3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есеп ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген бюджетiн және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң кассалық атқарылуын көрсетедi.
      4. Өткен қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есепке:
      1) түсiндiрме жазба;
      2) түсiмдер бойынша атқарылуы туралы, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды қоса алғанда, олардың iске асырылуы туралы талдамалық есеп қоса тiркеледi.
      5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмдігі ағымдағы жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей өткен қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен қоса ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына, облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органына табыс етедi.

       128-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала)
                 бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi
                 қарау және бекiту

      1. Мәслихат аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгінiң өткен қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есебiн мәслихаттың тексеру комиссиясының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есебiн алғаннан кейiн бiр ай iшiнде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.
      2. Есептi қараған кезде мәслихат:
      аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы әкiмдiк уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) баяндамасын;
      аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуын бақылау нәтижелерi туралы мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының баяндамасын;
      аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысымен қоса мәслихат уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) баяндамасын тыңдайды.
      Мәслихатта есептi қараған кезде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы есептерi тыңдалуы мүмкiн.
      3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейiн мәслихаттың сессиясында бекiтiледi.
      4. Есептi қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi бекiткен кезде мәслихат ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылу нәтижелерi бойынша тиiстi шаралар қолдану қажеттiгі туралы шешiм шығаруға құқылы.

  26-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп

       129-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
                 қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы
                 жылдық есептi жасау

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты қызметтiң транспаренттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргiзiледi.
      Аудиторды немесе аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негiзде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.  (РҚАО-ның ескертуі:  P011011  ;  Z020321  қараңыз)
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры аудитiнiң нәтижелерiн қоса отырып, жыл сайын есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп жасайды.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепте:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмдерi мен пайдаланылуы туралы есеп;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару жөнiндегi қызметi туралы есебi;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi өзге де деректер болуға тиiс.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп жасаудың нысандары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсе отырып бекiтедi.

       130-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
                 қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы
                 жылдық есептi табыс ету

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге табыс етедi.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Президентi бекiткеннен кейiн оны ақпарат ретiнде Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсынады.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп және аудит жүргiзудiң нәтижелерi туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

  7-бөлім. Мемлекеттік қаржылық бақылау

  27-тарау. Жалпы ережелер

       131-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылау ұғымы

      Мемлекеттiк қаржылық бақылау (сыртқы және iшкi) - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептiлiк жүргiзу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттiң байланысты гранттарын, активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақшаны пайдалану бөлiгiндегi қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн тексеру.
       Ескерту. 131-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       132-бап. Осы бөлiмде пайдаланылатын ұғымдар

      Осы бөлiмде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) сыртқы бақылау - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi, мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асыратын мемлекеттiк қаржылық бақылау;
      2) iшкi бақылау - iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және iшкi бақылау қызметтерi жүзеге асыратын мемлекеттiк қаржылық бақылау;
      3) бюджет қаражатын нысанасыз пайдалану - бюджеттiк қаражаттарды бюджеттiк бағдарламаның паспортында және бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жүзеге асырылатын нормативтiк құқықтық актiлерде көзделмеген iс-шараларға пайдалану;
      4) негiзсiз пайдалану - бюджеттiк қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн, өз иелiгiнде қалатын ақшаны, мемлекет активтерiн Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдалану;
      5) бюджет қаражатын тиiмдi пайдаланбау - республикалық және жергілiктi бюджеттердi атқару кезiнде тиiмдiлiк пен нәтижелiлiк принципiн сақтамау;
      6) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерi - Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi атқарушы органдар, бюджетке түсетiн түсiмдердi алуға және бақылауға жауапты мемлекеттiк органдар, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, бюджеттiк қаражатты алушылар, мемлекеттiң байланысты гранттарын, активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
      7) мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
      8) iшкi бақылау қызметi - мемлекеттiк органның, оның аумақтық бөлiмшелерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқаруына, мемлекеттiң байланысты гранттарының, активтерiнiң, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақшаның пайдаланылуын бақылауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган бөлiмшесi;
      9) қаржылық есептiлiк - егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және олардың қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпарат.
       Ескерту. 132-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

  28-тарау. Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың үлгiлерi,
түрлері, принциптері мен стандарттары

       133-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың үлгiлерi

      Мемлекеттiк қаржылық бақылау мынадай үлгiлерге бөлiнедi:
      1) сәйкестiкке бақылау жасау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсi қызметiнiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн бағалау;
      2) қаржылық есептiлiктi бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң қаржылық есептiлiктi жасауының және табыс етуiнiң анықтығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау;
      3) тиiмдiлiктi бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң республикалық немесе жергiлiктi бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түскен ақшаны, байланысты гранттарды үнемдiлiкпен, нәтижелiлiкпен және өнiмдiлiкпен пайдалануын тексеру мен бағалау.
       Ескерту. 133-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       134-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың түрлерi

      Мемлекеттiк қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады:
      1) кешендi бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң нақты кезеңдегi қызметiн жаппай әдiспен тексеру және бағалау;
      2) тақырыптық бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң нақты кезеңдегі қызметiн жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдiспен тексеру және бағалау;
      3) үстеме бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектісiне қатысты ақпарат алу қажеттiгiне байланысты үшiншi тұлғаларды бақылау, ол операциялардың бiрдейлiгiне қарай бiр-бiрiмен өзара байланысты құжаттарды салыстырып қарауды бiлдiредi. Yстеме бақылау тек қана мемлекеттiк қаржылық бақылаудың негiзгi объектiсiмен өзара қатынастар мәселелерi бойынша және тексерiлiп отырған мәселе шеңберiнде жүргiзiледi.

       135-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың принциптерi
                 мен стандарттары

      1. Мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүргiзу құпиялылық режимiн қамтамасыз ету ескерiле отырып, тәуелсiздiк, объективтiлік, анықтық, ашықтық, құзыреттiлiк, жариялылық принциптерi мiндеттi түрде сақталып жүзеге асырылады.
      Тәуелсiздік принципi - мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының, iшкi бақылау қызметтерiнiң және олардың қызметкерлерi мен мүшелерiнiң тәуелсiздiгiне, бақылау функцияларын жүзеге асыру кезiнде олардың жүргiзiп жатқан бақылау iс-шарасының тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн кез келген араласушылыққа жол бермеу.
      Бақылаудың объективтiлiк принципi - бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына, мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестiлiкпен жүргiзу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, бақылау нәтижелерi бойынша анықталған және құжаттармен расталған фактiлер негiзiнде ғана шешiмдер қабылдау.
      Бақылау нәтижелерiнiң анықтық принципi - бақылау нәтижелерiн бухгалтерлiк, банктiк құжаттармен және мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң өзге де құжаттарымен растау.
      Бақылаудың ашықтық принципi - бақылау нәтижелерiн баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Парламентiне, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, мәслихаттарға есеп беретiндiгi.
      Құзыреттiлiк принципi - мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары, iшкi бақылау қызметтерi қызметкерлерiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссиялары мүшелерiнiң бақылауды сапалы жүзеге асыруы үшiн қажеттi кәсiби бiлiмдер мен дағдылардың жиынтығы.
      Жариялылық принципi - құпиялылық режимiн, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етудi ескере отырып, бақылау нәтижелерiн жариялау.
      2. Мемлекеттiк қаржылық бақылауға қойылатын бiрыңғай талаптар мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады.
      3. Мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарын Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi ішкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып әзiрлейдi және оларды Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi бекiтедi.
      4. Мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, iшкi бақылау қызметтерi, олардың қызметкерлерi мен мүшелерi орындауға мiндеттi.

       136-бап. Бақылау нәтижелерi бойынша қабылданатын
                 актiлер

      Бақылау нәтижелерi бойынша мынадай актiлер қабылданады:
      1) қорытынды - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актiлерi негiзiнде жасайтын құжаты;
      2) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң қаулысы - Республикалық бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi есеп комитетiнiң отырысында алқалы негiзде қабылданатын және оның бақылау нәтижелерi бойынша барлық актiлерiнiң қолданылуын растайтын құжат.
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң қаулысын ол арналған барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi. Қаулыны қабылдаудың тәртiбi Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетi туралы ережемен және оның регламентiмен айқындалады;  (РҚАО-ның ескертуі:  U020917  (3 тарау, 23-тармақ) қараңыз)
      3) мәслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы - белгiленген тәртiппен қабылданған және тиiстi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын барлық атқарушы органдар мен тиiстi жергiлiктi бюджеттер қаражаттарын пайдаланатын немесе жергiлiктi бюджеттер қаражаттарын игерудiң барлық сатысында қаржылық қызмет көрсететiн ұйымдар орындауға мiндеттi құжат;
      4) ұсыным - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң мемлекеттiк органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға жұмыстағы кемшiлiктердi жою үшiн, сондай-ақ құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту мәселелерi бойынша жiберетiн құжаты;
      5) нұсқама - iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның басшысы өз құзыретi шегiнде қабылдаған және бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшiлiктердi жою туралы мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарына мiндеттi түрде орындау үшiн жiберiлген, белгiленген нысандағы құжат;
      6) бақылау актiсi - мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, iшкi бақылау қызметтерi бақылау нәтижелерi бойынша жасаған құжат;
      7) бақылау жүргiзу туралы есеп - белгiлi бiр уақыт кезеңi iшіндегi бақылау бойынша жүргiзiлген жұмыс нәтижелерi туралы құжат.

  29-тарау. Сыртқы бақылауды ұйымдастыру негіздері

       137-бап. Сыртқы бақылау

      Сыртқы бақылауды:
      1) республикалық деңгейде - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi;
      2) жергiлiктi деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.

       138-бап. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау
                 жөнiндегi есеп комитетi мен мәслихаттардың
                 тексеру комиссияларының өкiлеттiктерi

      1. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.
      2. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы  ереженi  Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      3. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi:
      1) Қазақстан Республикасының Президентiне Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң жұмысы туралы тоқсан сайын ақпарат бередi;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылауды талдауға, оның қорытындылары мен нәтижелерiне, салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң толық және уақтылы түсуiне, бюджет қаражатының нысаналы және тиiмдi пайдаланылуына байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын,  сондай-ақ басқа да жекелеген тапсырмаларды орындайды;
      3) Қазақстан Республикасының Парламентiне ағымдағы жылдың 1 маусымына дейiн өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi табыс етедi, ол өзiнiң мазмұны жағынан Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебi бойынша қорытынды болып табылады және Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткеннен кейiн ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады;
      4) iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган табыс еткен республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау актiлерiн талдайды және Қазақстан Республикасының Үкiметiне, тиiстi iшкi бақылау қызметтерiне республикалық бюджеттiң атқарылуына iшкi бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар бередi;
      5) республикалық бюджет қаражаттарын пайдалану мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсi лауазымды адамдарының iс-әрекеттерiнде қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың өзге де фактiлерi анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдарға бередi;
      6) мемлекеттiк бюджет саясатын iске асыруға қатысады;
      7) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнiң республикалық бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстарын атқару сәйкестiгiне, қаржы есептiлiгi мен тиiмділігiне бақылауды жүзеге асырады;
      8) мемлекеттiк қаржы бақылауы стандарттарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      9) сыртқы бақылау саласында кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды ұйымдастырады;
      10) мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, республикалық бюджеттен мемлекеттiң мiндеттемелерiн өтеуге арнап берiлген қаражаттардың, мемлекеттiң байланысты гранттарының, активтерiнiң нысаналы және тиiмдi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
      11) мемлекеттiк органдар мен барлық меншiк нысанындағы ұйымдардың республикалық бюджетке түсiмдердiң толық және уақтылы түсуiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне, сондай-ақ республикалық бюджеттен түскен сомалардың қайтарылуына бақылауды жүзеге асырады;
      12) республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асырады;
      13) республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) атқарылу тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгiне баға бередi;
      14) мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламалардың iске асырылуының тиiмділігiне баға бередi;
      15) бюджеттiк инвестицияларды бақылауды жүзеге асырады;
      16) республикалық бюджеттiң атқарылуына ықпал ететiн нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуы бойынша ұсыныстар әзiрлейдi және енгiзедi;
      17) Қазақстан Республикасының Үкiметiнен, мемлекеттiк органдардан, мемлекеттiк қаржылық бақылаудың басқа да объектiлерiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органнан республикалық бюджет қаражаттарының түсуi мен пайдаланылуының толықтығына қатысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттамалар мен ақпарат сұратады және алады;
      18) республикалық бюджеттiң атқарылу мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының есептерiн тыңдайды;
      19) Қазақстан Республикасының Президентiне мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтамауының анықталған фактiлерi бойынша ұсынымдар енгiзедi;
      20) мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнен өзi белгiлеген мерзiмде республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер алады;
      21) республикалық бюджет қаражатының нысаналы емес, негiзсiз және тиiмсiз пайдаланылуын анықтау және болғызбау жөнiнде осы Кодекске және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес шаралар қолданады;
      22) құпиялылық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық бюджеттiң атқарылуы, байланысты гранттарды тарту және пайдалану мәселелерiне қатысты құжаттамамен кедергiсiз танысады;
      23) республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзуге мемлекеттiк органдардың тиiстi мамандарын және, қажет болған жағдайда, республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлiнген қаражат шегiнде олардың көрсеткен қызметтерiне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдардың мамандары мен сарапшыларды тартады;
      24) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      4. Мәслихаттың тексеру комиссиясы:
      1) өзiнiң мазмұны жағынан жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жергiлiктi атқарушы органның есебi бойынша қорытынды болып табылатын жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есептi белгiленген мерзiмде мәслихатқа бередi және мәслихат бекiткеннен кейiн ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады;
      2) мәслихат пен әкiмдiкке бақылау нәтижелерi бойынша жергiлiктi бюджет қаражаттарының нысаналы емес, негізсiз және тиiмсiз пайдаланылу фактiлерi жөнiнде, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттi атқару жөнiндегi жұмыстағы кемшілiктер туралы ақпарат бередi;
      3) iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган табыс еткен жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына iшкi бақылау жүргiзу актiлерiне талдау жасайды және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына iшкi бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар бередi;
      4) жергiлiктi атқарушы органдардың жергiлiктi бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстарын атқару сәйкестігiне, қаржы есептiлiгi мен тиiмдiлiгіне бақылауды жүзеге асырады;
      5) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының жергiлiктi бюджет қаражаттарын пайдалану кезiндегi iс-әрекеттерiнде қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың өзге де фактiлерi анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдарға бередi;
      6) жергiлiктi мемлекеттiк органдардың жергiлiктi бюджетке түсiмдердiң толық және уақтылы келiп түсуiне қатысты мәселелер жөнiндегi қызметiне бақылауды жүзеге асырады;
      7) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына ықпал ететiн нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданысы жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және енгiзеді;
      8) тиiстi жергiлiктi бюджет қаражаттарын пайдаланудың тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асырады;
      9) құпиялық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, жергiлiктi бюджеттiң атқарылу мәселелерiне қатысты құжаттамамен кедергiсiз танысады;
      10) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнен белгiленген мерзiмде жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер алады;
      11) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзуге жергiлiктi мемлекеттiк органдардың тиiстi мамандарын және, қажет болған жағдайда, жергiлiктi бюджеттен осы мақсаттарға бөлiнген қаражат шегiнде олардың көрсеткен қызметтерiне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдардың мамандары мен сарапшылар тартады;
      12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
       Ескерту. 138-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

  30-тарау. Iшкі бақылауды ұйымдастыру негіздері

       139-бап. Iшкi бақылау

      Iшкi бақылауды iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және iшкi бақылау қызметтерi жүзеге асырады.

       140-бап. Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi
                 органның өкiлеттiктерi

      Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган:
      1) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын атқару сәйкестiгiне, қаржылық есептiлiгi мен тиiмдiлігіне бақылауды жүзеге асырады;
      2) iшкi бақылау қызметтерi жүзеге асыратын бақылау тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар бередi;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң нысаналы емес, негiзсiз және тиiмсiз пайдаланылуын анықтау, болғызбау және оған жол бермеу жөнiнде шаралар қолданады;
      4) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне, мәслихаттардың тексеру комиссияларына хабардар ету үшiн бақылаудың тиiстi жоспарлары мен актiлерiн жiбередi;
      5) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiне жiберiлген нұсқамалардың және бақылау iс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      6) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттарын пайдалану кезiндегi iс-әрекеттерiнде қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың өзге де фактiлерi анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдарға бередi;
      7) iшкi бақылау қызметтерiнiң мемлекеттiк қаржы бақылау стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      8) iшкi бақылау саласындағы кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды ұйымдастырады;
      9) iшкi бақылау қызметi бар мемлекеттiк органдардың жоспарларды орындау және iшкi бақылау жүргiзу нәтижелерi туралы есептерiн қарайды;
      10) мемлекеттiк органдар мен барлық меншiк нысанындағы ұйымдардың республикалық және жергiлiктi бюджетке салықтық емес түсiмдерiнiң толық және уақтылы енгiзiлуiне қатысты мәселелер жөнiндегi қызметiне бақылауды өз құзiретi шегiнде жүзеге асырады;
      11) республикалық және жергiлiктi бюджеттерден берiлген бюджет қаражатының, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекеттiң байланысты гранттары мен активтерiнiң нысаналы және тиiмдi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
      12) республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) атқарылуының тиiмдiлiгiне және нәтижелiлiгiне баға бередi;
      13) мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатуынан түскен өздерiнiң иелiгiнде қалатын ақшаны қалыптастыруын және пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;
      14) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнен бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша өзi белгiлеген мерзiмде қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi сұратады және алады;
      15) төтенше мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуын бақылауға қатысады;
      16) iшкi бақылау қызметтерi бар мемлекеттiк органдардан қажеттi ақпарат алады;
      17) бақылау жүргiзуге мемлекеттiк органдардың тиiстi мамандарын және қажет болған жағдайда республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлiнген қаражат шегiнде олардың көрсеткен қызметтерiне ақы төлей отырып, аудиторларды немесе аудиторлық ұйымдарды және сарапшыларды тартады;
      18) құпиялылық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, мемлекеттiң байланысты гранттарын, активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатуынан түскен, өздерiнiң иелігінде қалатын ақшаларды пайдалану мәселелерiне қатысты құжаттамамен кедергiсiз танысады;
      19) iшкi бақылау қызметтерiнiң бақылау актiлерiне талдау жасайды және олардың қызметтерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныс бередi;
      20) нормативтiк құқықтық базаны және iшкi бақылау жүргiзу әдiстемесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша iс-шаралар әзiрлейдi;
      21) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
       Ескерту. 140-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       141-бап. Iшкi бақылау қызметi

      1. Iшкi бақылау қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орталық мемлекеттiк орган басшысының шешiмiмен құрылады.
      Iшкi бақылау қызметiн құруға рұқсат берiлетiн мемлекеттiк органдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      2. Iшкi бақылау қызметi орталық мемлекеттiк органның басшысына есеп бередi, мемлекеттiк органның басқа құрылымдық бөлiмшелерiнен ұйымдастыру және функционалдық жағынан тәуелсiз болады.
      3. Iшкi бақылау қызметi:
      1) бақылау жоспарын жасайды;
      2) орталық мемлекеттiк органның басшысына iшкi бақылау жүргiзу жоспарының орындалуы жөнiнде есептi табыс етедi.
      4. Iшкi бақылау қызметi бар мемлекеттiк орган iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бақылау жоспарларын, олардың орындалуы туралы есептердi және iшкi бақылау жүргiзу нәтижелерiн ол белгiлеген нысандар мен мерзiмдер бойынша табыс етедi.
      Iшкi бақылау жүргiзу жоспарлары туралы есептер мен ақпаратты табыс ету туралы талаптар ол туралы ақпарат мемлекеттiк құпияларға жататын шығыстарды бақылаумен байланысты жағдайларға қолданылмайды.
      5. Iшкi бақылау қызметi:
      1) мемлекеттiк органда және оның аумақтық бөлiмшелерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында iшкi бақылау жүргiзуге;
      2) iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органнан консультациялар алуға құқылы.

  31-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері
мен органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының
өзара іс-қимылы

       142-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсi
                 басшысының құқықтары мен мiндеттерi

      1. Мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң басшысы:
      1) бақылаудың мақсатын, уақытын және ұзақтығын, оның нәтижелерiн, тұжырымдары мен ұсыныстарын бiлуге;
      2) тиiсiнше Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң, мәслихаттың тексеру комиссиясының тапсырмасын, iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi басшысының бұйрығын табыс етпеген мемлекеттiк қаржылық бақылау органының қызметкерлерiн, мәслихаттардың тексеру комиссияларының мүшелерiн бақылауға жiбермеуге;
      3) бақылау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда он күн мерзiмде бақылау жүргiзген мемлекеттiк қаржылық бақылау органына немесе мәслихаттың тексеру комиссиясына бақылау актiсiне қарсылық жiберуге;
      4) бақылауды жүзеге асырған мемлекеттiк қаржылық бақылау органының, мәслихаттың тексеру комиссиясының iс-әрекетiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым беруге құқылы.
      2. Мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң басшысы:
      1) мемлекеттiк қаржылық бақылау органының қызметкерлерiн, мәслихаттардың тексеру комиссияларының мүшелерiн жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге;
      2) мемлекеттiк қаржылық бақылау органының, iшкi бақылау қызметтерiнiң қызметкерлерiн, мәслихаттардың тексеру комиссияларының мүшелерiн бақылау жұмысын жүзеге асыру үшiн сұратылып отырған қажеттi барлық ақпаратпен қамтамасыз етуге және оның анықтығы, объективтiлiгi мен толықтығы үшiн дербес жауапкершiлiкте болуға;
      3) мемлекеттiк қаржылық бақылау органы, iшкi бақылау қызметтерi қызметкерлерiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссиялары мүшелерiнiң iс-әрекеттерiне араласпауға, оларды шатастырмауға, бақылау жүргiзуге кедергi келтiрмеуге және бақылау ауқымын шектемеуге;
      4) кемшiлiктердi жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы уақтылы есеп табыс етiп отыруға;
      5) жүргiзiлген бақылау нәтижелерi бар актiнi таныстыруға берген күннен бастап үш күн мерзiмде белгiленген тәртiппен бақылау актiсiне қол қоюға мiндеттi.

       143-бап. Мемлекеттiк органдар мен мәслихаттардың
                 тексеру комиссияларының мемлекеттiк қаржылық
                 бақылау саласындағы өзара iс-қимылы

      1. Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетiне, мәслихаттардың тексеру комиссияларына бақылау жоспарлары мен актiлерiн жiбередi.
      2. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары мен мәслихаттардың тексеру комиссиялары бақылау актiсi мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарының талаптарына сәйкес келген жағдайда бақылау нәтижелерiн өзара таниды, келiсiлген мерзiмде тексерiлген объектiлер және тақырыптық бақылаумен қамтылған бағдарламалар туралы ақпарат алмасады.
      3. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары мен мәслихаттардың тексеру комиссиялары кешендi бақылауды жиi дегенде жылына бiр рет және кем дегенде екi жылда бiр рет жүргiзедi.
      4. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары және iшкi бақылау қызметтерi келiсiм бойынша бiрлескен бақылау қызметiн жүзеге асыра алады.

       144-бап. Мүдделер қақтығысы

      1. Мүдделер қақтығысы - мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының, ішкі бақылау қызметтерiнiң, олардың қызметкерлерi мен мүшелерiнiң объективтiлiгi мен тәуелсiздiгiн шектей алатын қызмет немесе қатынастар.
      2. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының, iшкi бақылау қызметтерiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссияларының:
      1) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсi басшысының, құрылтайшысының немесе қатысушысының жақын туысы, жекжаты, сенiм бiлдiрiлген адамы болып табылатын;
      2) бақылау объектiсiнiң онда жеке мүлiктiк мүдделерi бар қызметкерлерi, қатысушылары, лауазымды адамдары арасынан;
      3) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнде жұмыс iстеген не тексерiлетiн кезеңде мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсi басшысының, құрылтайшысының немесе қатысушысының жақын туысы, жекжаты немесе сенiм бiлдiрiлген адамы болып табылатын қызметкерлерi мен мүшелерiне бақылау жүргiзу тыйым салынады.
      3. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының, iшкi бақылау қызметiнiң қызметкерлерi бұл туралы - бақылауды тағайындаған басшыларға, ал мәслихаттың тексеру комиссиясының мүшесi тексеру комиссиясының төрағасына хабарлауға тиiс. Мүдделер қақтығысы ахуалының туындағаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк қаржылық бақылау органының, iшкi бақылау қызметiнiң қызметкерiне, мәслихаттың тексеру комиссиясының мүшесiне жүктеледi.

       145-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары, iшкi
                 бақылау қызметтерi, мемлекеттiк қаржылық
                 бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының,
                 мәслихаттар тексеру комиссиялары мүшелерiнiң
                 жауапкершiлігі

      1. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының, iшкі бақылау қызметтерiнiң қызметкерлерi, мәслихаттардың тексеру комиссияларының мүшелерi бақылау актiсiнде жазылған мәлiметтердiң анықтығы, объективтiлiгi және толықтығы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.  (РҚАО-ның ескертуі:  Z952732  қараңыз)
      2. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының, iшкi бақылау қызметтерiнiң лауазымды адамдарына, тексеру комиссиясының мүшелерiне өз құзыреттерiне сәйкес олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауына, бақылау жүргiзу үшiн жiберуге бас тарту, қажеттi құжаттарды, материалдарды, қызмет туралы ақпаратты және өзге де мәлiметтердi беруден бас тарту, анық емес ақпарат беру түрiндегі кедергi келтiру, бақылауды жүзеге асыруға өзге де кедергi жасау, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы актiлердi орындамау немесе тиiсiнше орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.  (РҚАО-ның ескертуі: K010155   183 -185 бб. қараңыз)

       146-бап. Дауларды шешу

      Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары, ішкi бақылау қызметтерi, мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының, сондай-ақ мәслихаттардың тексеру комиссиялары мүшелерiнiң iс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасалына алады.

  8-бөлім. Бюджеттік инвестициялар

  32-тарау. Бюджеттік инвестицияларды
жоспарлау мен жүзеге асыру

       147-бап. Бюджеттiк инвестицияларды сыныптау

      1. Бюджеттiк инвестициялар бюджеттiк инвестициялық жобалар мен бюджеттiк инвестициялық бағдарламаларды (бұдан әрi - бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) iске асыру арқылы, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылады.
      2. Шешiлетiн мiндеттердiң маңыздылығы деңгейiне қарай бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) республикалық және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) болып бөлiнедi.
      3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) анықтау өлшемдерi мыналар:
      1) меншiк түрi бойынша өлшемдер - бюджеттiк инвестициялық жобаны (бағдарламаны) iске асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк құқығына (республикалық немесе коммуналдық) байланысты оны республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жоба ретiнде айқындайтын өлшем;
      2) пайда алушылар бойынша өлшемдер - егер бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) iске асырылуынан экономикалық пайда алушылар екi және одан да көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болса, бюджеттiк инвестициялық жобаны (бағдарламаны) - республикалық, ал егер бюджеттiк инвестициялық жобаны (бағдарламаны) iске асырудан экономикалық пайда алушылар бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болса, оны жергiлiктi деп тануды айқындайтын өлшем.
      4. Инвестициялық жобаны (бағдарламаны) республикалық деп айқындау үшiн оның осы баптың 3-тармағында аталған өлшемдердiң бiрiне сәйкестiгi жеткiлiктi болады.
      5. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деп сыныптау осы баптың 3-тармағында көзделген өлшемдер негiзiнде жүзеге асырылады.
      6. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) орталық мемлекеттiк органдар iске асырады және олар республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
      7. Жергілiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жергiлiктi атқарушы органдар iске асырады және олар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
      8. Басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн келiсудi экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарлары шеңберiнде жүзеге асырады.  (РҚАО-ның ескертуі:  P021219  қаулысын қараңыз)

       148-бап. Бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау
                 мен жүзеге асыру принциптерi

      1. Бюджеттiк инвестициялар:
      1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын жоспарлау жүйесiндегi барлық бағдарламалық және жоспарлау құжаттарының тұрақтылығы мен өзара толықтырылуы;
      2) мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар шешiмдерiнiң қабылданған мемлекеттiк инвестициялық саясатқа дәйектiлiгi және сәйкестiгi принциптерiне сәйкес жоспарланады және жүзеге асырылады.
      2. Бюджеттiк инвестицияларды бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру арқылы жоспарлау және жүзеге асыру тәртібi осы Кодекстiң 149-152-баптарына сәйкес айқындалады.
      Бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жоспарлау үш кезеңде жүзеге асырылады:
      1) инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру және iрiктеу;
      2) бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) дайындау және iрiктеу;
      3) басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастыpу және бекiту. 
      3. Бюджеттiк инвестицияларды заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жоспарлау мен жүзеге асыру тәртiбi осы Кодекстiң 153-бабымен айқындалады.

       149-бап. Инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру
                 мен iрiктеу

      1. Инвестициялық жобаларды қалыптастыру бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) мақсатына қол жеткiзу үшiн оңтайлы стратегияны айқындау және мiндеттер қою мақсатында, сондай-ақ жоспарланатын бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) құрылымы мен алдын ала құнын анықтау үшiн жүзеге асырылады.
      2. Инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыруды бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi орта мерзiмдi мемлекеттiк, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды әзiрлеу сатысында жүзеге асырады.
      3. Инвестициялық ұсыныстарды бағалауды экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган орта мерзiмдi мемлекеттiк, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды келiсу сатысында жүзеге асырады.
      4. Инвестициялық жобаларды iрiктеудi экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган оларды бағалау жөнiндегi оң қорытынды негiзiнде жүзеге асырады.
      5. Iрiктелiп алынған инвестициялық ұсыныстар жоспарланған кезеңнiң екiншi немесе үшiншi жылында iске асырылуы басталатын жоспарланған бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) ретiнде басым бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тiзбесiне енгiзiледi.

       150-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды
                 (бағдарламаларды) дайындау мен iрiктеу

      1. Бюджеттiк инвестициялық жобаны (бағдарламаны) дайындау бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеудi ұйымдастыруын және оның сараптамаларын жүргiзуiн көздейдi.
      2. Бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негiздемесi бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) жүзеге асырылатындығын және тиiмдiлiгiн шығындар мен пайданы экономикалық талдау негiзiнде жүргiзiлетiн зерделеу нәтижелерi бар жоба алдындағы құжат болып табылады. Бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негiздемесiне қойылатын талаптарды экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
      3. Бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесiн әзiрлеу ол инвестициялық ұсыныстар қалыптастыру мен iрiктеу кезеңiнде басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiне енгiзiлген жағдайда жүзеге асырылады.
      4. Бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) белгiленген техникалық-экономикалық өлшемдерiн растау үшiн бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негiздемесiне экономикалық және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да сараптамалар жасалуға тиiс.  (РҚАО-ның ескертуі:  V990845  қараңыз)
      5. Бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) экономикалық сараптамасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес талап етiлетiн басқа сараптамалардың қорытындылары негiзiнде жүргiзiледi және бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) оның техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу шеңберiнде жүргiзiлген экономикалық талдауды кешендi бағалауының мiндеттi нысаны болып табылады.
      6. Экономикалық сараптамаға қойылатын талаптарды экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.  (РҚАО-ның ескертуі:  V990845  (4-тарау) қараңыз)
      7. Республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
      Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасын жергiлiктi атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады.
      8. Бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға уәкiлеттi заңды тұлғалар бюджеттiк инвестициялық жобаны (бағдарламаны) iске асыру жөнiнде ұсынылатын шешiмдердiң негiздiлiгі және тиімділігі үшін, сондай-ақ экономикалық сараптама қорытындысында бюджеттiк инвестициялық жобаны (бағдарламаны) iске асыруға және оның мақсаттарына қол жеткiзуге терiс әсер еткен тәуекелдердi бағалау болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      9. Экономикалық сараптама жүргізуге уәкiлеттi заңды тұлғалар қажет болған жағдайда жүргiзiлген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптама, сондай-ақ тәуелсiз сараптама жүргiзудi талап етуге құқылы.
      10. Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеудi және оларға сараптамалар жүргiзудi қаржыландыру тиiсiнше экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкілеттi органдардың бөлiнетiн бюджеттік бағдарламалары шеңберiнде жүзеге асырылады.
      11. Экономикалық сараптаманың нәтижелерi бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негiздемесiн экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып, бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi бекiтедi.
      12. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iрiктеудi экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган экономикалық сараптама бойынша оң қорытындылар негiзiнде жүзеге асырады.  (РҚАО-ның ескертуі:  P021219  қараңыз)
      13. Ірiктелiп алынған бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) жоспарланатын кезеңнiң бiрiншi немесе екiншi жылында iске асырылуы басталатын басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiне енгiзiледi.

       151-бап. Басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың
                 (бағдарламалардың) тiзбелерiн қалыптастыру
                 мен бекiту

      1. Басым республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн және басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар жыл сайын әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспары құрамында үш жылдық кезеңге арнап әзiрлейдi және олар бюджеттiк даму бағдарламаларын қаржыландырудың тiзбесi мен көлемiн айқындау бөлiгiнде тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу үшiн негiз болады.
      2. Басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн қалыптастыру қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламалардың негiзiнде жүзеге асырылады, бұл ретте басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiне енгізу үшiн ұсынылатын, iске асырылуы жоспарланатын кезеңнiң бiрiншi жылында басталатын бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) мына талаптарға сәйкес келуге тиiс:
      1) бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) мақсаттарының мемлекеттiк инвестициялық саясатқа сәйкестiгi;
      2) бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) белгiленген тәртiппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемесiнiң бар болуы.
      3. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiне енгiзу үшiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық және жергілiктi уәкiлеттi органдарға осы баптың 2-тармағында аталған талаптарға сай келетiн бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша өтiнiмдер табыс етедi.
      4. Бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша табыс етiлген өтiнiмдердi қарау нәтижелерi бойынша экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар бюджет комиссиясы айқындаған бюджеттiк даму бағдарламаларына арналған лимит шегiнде басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастырады және оны мемлекеттiк, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламалар тұрғысында бюджет комиссиясының қарауына табыс етедi.
      5. Бюджет комиссиялары бюджеттiк инвестициялық басым жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қарау кезiнде:
      1) бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландырудың көзi мен тетiгiн айқындайды;
      2) бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландыруға бағытталған бюджеттiк бағдарламалар бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн айқындайды.
      6. Басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) мемлекеттiк, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламалар тұрғысындағы үш жылдық кезеңге арналып жоспарланған, бюджет комиссиясы мақұлдаған тiзбесi әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарының құрамында бекiтiледi.
      7. Басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.  (РҚАО-ның ескертуі:  P021219   қаулысын қараңыз)

       152-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды
                 (бағдарламаларды) iске асыру

      1. Бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) олардың белгiленген тәртiппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемелерiне сәйкес iске асырылады.  (РҚАО-ның ескертуі:  V990845  4-тарау қараңыз)
      2. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру шеңберiнде көзделетiн құрылыс қызметi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      2-1. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру шеңберінде көзделетін шет мемлекеттер аумағындағы құрылыс қызметі осы жоба аумағында іске асырылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) құны бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттаманың және (немесе) мемлекеттiк сатып алу туралы жасасылған шарттардың негiзiнде түзетiлуге жатады.
      4. Бюджеттiк инвестициялық жобаны (бағдарламаны) iске асыру шеңберiнде көзделген құрылыс қызметiне ақы төлеу үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттерден төлемдер белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттама бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
       Ескерту. 152-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының, 2006.01.10.   N 116   (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       153-бап. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын
                 қалыптастыру мен ұлғайтуға қатысу арқылы
                 бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау және
                 жүзеге асыру

      1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға қатысу арқылы iске асырылатын бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарын әзiрлеу шеңберiнде жүзеге асырылады.
      2. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға қатысу арқылы iске асырылатын бюджеттiк инвестициялар бюджеттiк инвестицияларды қаржылық-экономикалық негiздеу бойынша экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган сараптамасының қорытындысы негiзiнде әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарына енгiзiледi. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесi заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың мақсатқа сай екендiгiн негiздеуден және тиiмдiлігін бағалаудан тұратын құжат болып табылады.
      3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемелерiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi әзiрлейдi және экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға табыс етедi. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің мазмұнына қойылатын талаптарды, әзiрлеу және қарау тәртiбiн экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
      4. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға қатысу арқылы бюджеттiк инвестицияларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметi және жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.

  33-тарау. Бюджеттік инвестицияларды іске асыру
мониторингі және олардың тиімділігін бағалау

       154-бап. Бюджеттiк инвестицияларды iске
                 асыру мониторингi

      1. Бюджеттiк инвестицияларды iске асыру мониторингi:
      1) бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) дайындау және iске асыру барысы мен нәтижелерi туралы бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi табыс еткен ақпаратты жинауды және өңдеудi;
      2) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) дайындау және iске асыру барысы мен нәтижелерi туралы ақпаратты бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ресiмдеуiн және табыс етуiн;
      3) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдардың бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға түсiмдердiң және бюджеттiк даму бағдарламаларын (iшкi бағдарламаларды) қаржыландырудың жиынтық жоспарын және бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тұрғысындағы бюджеттiк даму бағдарламалары (iшкi бағдарламалар) шеңберiнде нақты жүзеге асырылған төлемдер бойынша ақпаратты табыс етуiн;
      4) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдардың бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру барысы туралы табыс етiлген ақпараттың және бюджеттiк даму бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) бойынша нақты жүзеге асырылған төлемдер жөнiндегi ақпараттың негiзiнде бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асырудың тиiмдiлiгiн ағымдағы бағалауын;
      5) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты жасауын және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға табыс етуін;
      6) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi органның республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты жасауын және Қазақстан Республикасының Үкiметiне және экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілеттi органға табыс етуiн көздейдi.
      2. Бюджеттiк инвестицияларды iске асыру мониторингiн жүзеге асыру шеңберiнде көзделетiн ақпаратты ұсыну мерзiмдерi мен нысандарын экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
      3. Бюджеттiк инвестициялар мониторингi деректерiнiң негiзiнде, сондай-ақ ағымдағы және болжамды әлеуметтiк-экономикалық және саяси ахуалды ескере отырып, бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының Үкiметiне және жергiлiктi атқарушы органдарға бюджеттiк инвестицияларды тиiмдi жүзеге асыру шараларын iске асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқылы.
      4. Бюджеттiк инвестицияларды тиiмдi жүзеге асыру шаралары:
      1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың бюджеттiк инвестицияларды тиiмдi жүзеге асыруға бағытталған нормативтiк құқықтық актiлерi мен басқа да шешiмдердi қабылдауын;
      2) негiзделген жағдайларда бюджеттiк инвестициялардың жүзеге асырылуын тоқтатуды немесе тоқтата тұруды;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қамтиды.

       155-бап. Бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау

      1. Бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асырудың мақсаттары бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау процесiн жетiлдiру және мемлекеттiк инвестициялық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау болып табылады.
      2. Бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалауды экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады және бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру нәтижелерi мен салдары туралы деректер жинауды, алынған деректерге талдау жасауды және мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асырудың тиiмдiлiгiн бағалауды көздейдi.
      3. Бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау нақты және жоспарланған шығындарды, бюджеттiк инвестициялардың нақты және күтiлетiн нәтижелерiн салыстыру, сондай-ақ бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiне әсер еткен факторларды бағалау арқылы жүзеге асырылады.
      4. Бюджеттiк инвестициялардың тиiмділігiн бағалау үшiн деректердi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiп пен құрамда табыс етедi.
      5. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар табыс етiлген деректердiң негiзiнде бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi есептердi қалыптастырады.
      6. Бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлігін бағалау жөнiндегi есептердi:
      1) экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар жергiлiктi атқарушы органдарға және экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға жыл сайын, есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 наурызына дейiн;
      2) экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Yкiметiне жыл сайын, есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 сәуiрiне дейiн табыс етедi.
      7. Бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi ақпаратты экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 123, 125 және 127-баптарында белгiленген мерзiмдерде тиiсiнше Қазақстан Республикасының Парламентiне, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне және мәслихаттардың тексеру комиссияларына табыс етедi.
      8. Бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi есеп:
      1) бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негiздемесiнiң немесе заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылған бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесiнiң деректерiн;
      2) бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) немесе заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылған бюджеттiк инвестициялардың iске асырылуының қол жеткен нәтижелерiн;
      3) бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау үшiн ақпарат жинаудың көздерi мен әдiстерiн, сондай-ақ ақпаратты өңдеу және талдау әдiстерiн;
      4) бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;
      5) мемлекеттiк инвестициялық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру жөнiндегi ұсыныстарды қамтиды.
      9. Бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi есептi жасау мен табыс ету тәртiбiн экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.  (РҚАО-ның ескертуі:  P000848  ;  P000968  қараңыз)

  9-бөлім. Гранттар

  34-тарау. Гранттар туралы жалпы ережелер

       156-бап. Осы бөлiмде пайдаланылатын ұғымдар

      Осы бөлiмде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) өтеусiз техникалық көмек - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына тауарлар жеткiзiп берудi, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетудi жүзеге асыруы немесе ұйымдастыруы;
      2) өтеусiз қаржылық көмек - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына тауарлар жеткiзiп берудi, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетудi қаржыландыру үшiн ақша беруi;
      3) грант - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына беретiн өтеусiз қаржылық немесе техникалық көмегi;
      4) донорлар - шет мемлекеттер, олардың үкiметтерi мен агенттiктерi, халықаралық және шетелдiк мемлекеттiк ұйымдар, қызметi Қазақстан Республикасының  Конституциясына  қайшы келмейтiн шетелдердiң үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдары және қорлары;
      5) байланысты грант туралы келiсiм - мемлекеттiк орган мен донор арасындағы Қазақстан Республикасына өтеусiз қаржылық немесе техникалық көмек берудi көздейтiн шарт.
       Ескерту. 156-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       157-бап. Гранттарды сыныптау

      Гранттар берiлу шарттары бойынша былай бөлiнедi:
      1) байланысты гранттар - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант берген донордан одан әрi қарыз алуын немесе мемлекеттiк бюджеттен қоса қаржыландыруды көздейтiн гранттар;
      2) байланыссыз гранттар - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант берген донордан одан әрi қарыз алуын немесе мемлекеттiк бюджеттен қоса қаржыландыру көзделмейтiн гранттар.
      Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, олардың мониторингi және пайдаланылу тиiмдiлiгiн бағалау Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
       Ескерту. 157-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       158-бап. Байланысты гранттарды жоспарлау

      1. Байланысты гранттарды жоспарлау - байланысты гранттар тартуға өтiнiмдер қалыптастыру, ұсыным жасау және iрiктеу жөнiндегi қызмет.
      2. Байланысты гранттарды жоспарлау жоспарлаудың негiзi:
      1) республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары;
      2) донорлардың өтеусiз қаржылық және техникалық көмек беру туралы ұсыныстары болып табылады.
      3. Мемлекеттiк, салалық (секторлық) бағдарламалар, сондай-ақ донорлардың ұсыныстары негiзiнде байланысты гранттар тартуға арналған өтiнiмдердi түзудi орталық мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады.
      4. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтiнiмдердi орталық мемлекеттiк органдар жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың өтiнiмдерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады.
      5. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтiнiмдердi iрiктеудi экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлетті орган:
      1) байланысты грантты тартуға арналған өтiнiмнiң Қазақстан Республикасының орта мерзiмдi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарына сәйкестiгi;
      2) байланысты грантты тартуға арналған өтiнiмнiң донорлардың байланысты гранттарды беру саясатына сәйкестiгi негiзiнде жүзеге асырады.
      6. Байланысты гранттарды тартуға арналған iрiктелген өтiнiмдердiң негiзiнде, экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен гранттарды тартуға арналған басым өтiнiмдердiң тiзбесiн қалыптастырады.
       Ескерту. 158-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

  35-тарау. Байланысты гранттарды тарту және пайдалану 

       Ескерту. 35-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       159-бап. Байланысты гранттарды тарту

      1. Байланысты гранттарды тартуға арналған басым өтiнiмдер тiзбесiнiң негiзiнде экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган донорларға байланысты гранттар беруге арналған өтiнiмдер жiбередi.
      2. Байланысты грант беруге арналған өтiнiмдердi донорларға жiберу донорлар белгiлеген нысан бойынша жүзеге асырылады, оны экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның сұратуы негiзiнде тиiстi орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органдар толтырады.
      Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсiп алмай донорларға өтiнiш жасауға тыйым салынады.
      3. <*>
      4. Байланыстырылған грантты тартуға өтiнiмдi донор мақұлдаған ретте оны тартудың мақсатқа сай екендiгiн тиiстi бюджет комиссиялары айқындайды. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган байланыстырылған гранттарды тартуға арналған өтiнiмдер тiзбесiн қалыптастырады және оны бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға не жергiлiктi атқарушы органдарға тиiстi бюджет комиссияларына қарауға өтiнiмдер енгiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру үшiн жiбередi.
      5. Байланыстырылған грантты беру туралы келiсiм тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттер бекiтiлгеннен кейiн жасалады.
      6. <*>
       Ескерту. 159-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       160-бап. Байланысты гранттарды пайдалану

      1. Байланысты гранттарды пайдалану жеке бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) құрайды және байланысты грант туралы келiсiмге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды мемлекеттiк ұйымдар - гранттарды алушылар жүзеге асырады.  (РҚАО-ның ескертуі:  P020886  қараңыз)
      2. Мемлекеттiк ұйымдар - байланысты гранттарды алушылар:
      1) байланысты грант туралы келiсiмде көзделген, өздерiне қабылдаған мiндеттемелердi уақтылы орындауға;
      2) алынған байланысты гранттардың нысаналы және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
      3) байланысты гранттардың есебiнен сатып алынған жабдықтар мен материалдардың балансқа қойылуын қамтамасыз етуге;
      4) гранттардың есебiнен сатып алынатын тауарлар импорты кезiнде кедендiк ресiмдердi уақтылы жүзеге асыруға мiндеттi.
      3. Байланысты грантты пайдалану аяқталған соң мемлекеттiк ұйымдар - байланысты гранттарды алушылар экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға донордың уәкiлеттi өкiлi және өтiнiмi бойынша байланысты грант беру жүзеге асырылған орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның бiрiншi басшысы қол қойған байланысты грантты пайдаланудың аяқталуы туралы түпкiлiктi есептi табыс етедi.
       Ескерту. 160-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

  36-тарау. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингі
және пайдалану тиімділігін бағалау 

       Ескерту. 36-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       161-бап. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингi

      1. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингi:
      1) орталық мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелерi туралы ақпарат жинауын және оны өңдеуiн;
      2) орталық мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелерi туралы есептердi экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға табыс етуiн көздейдi.
      2. Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелерi туралы есептiлiктi және ақпаратты табыс ету мерзiмдерi мен нысандарын экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлетті орган айқындайды.
       Ескерту. 161-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       162-бап. Байланысты гранттарды пайдалану
               тиiмдiлігін бағалау

      1. Байланысты гранттарды пайдалану тиiмдiлiгiн бағалауды экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады және ол байланысты гранттарды тарту нәтижелерi мен салдары туралы деректер жинауды, алынған деректердi талдауды және байланысты гранттарды тарту мен пайдалану тиiмдiлiгiн бағалауды көздейдi.
      2. Байланысты гранттарды пайдалану тиiмдiлiгiн бағалау байланысты гранттарды тартудың жоспарланған және қол жеткен нәтижелерiн салыстыру, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану тиiмдiлiгiне әсер еткен сыртқы факторларды бағалау арқылы жүзеге асырылады.
      3. Байланысты гранттарды пайдалану тиiмдiлiгiн бағалау үшiн экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға деректердi экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiп пен құрамда өтiнiмдерi бойынша байланысты гранттар беру жүзеге асырылған орталық мемлекеттiк және жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар табыс етедi.
      4. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган орталық мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардан осы органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша байланысты гранттарды пайдалану тиiмдiлiгiн бағалауға қажеттi ақпаратты табыс ету туралы сұратуға құқылы.
      5. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган табыс етiлген деректердiң негiзiнде байланысты гранттарды пайдалану тиiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi ақпаратты қалыптастырып, оны Қазақстан Республикасының Парламентiне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне жыл сайын осы Кодекстiң 123-бабында белгiленген мерзiмдерде табыс етедi.
       Ескерту. 162-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

  10-бөлім. Бюджеттік кредиттеу

  37-тарау. Бюджеттік кредиттеудің жалпы ережелері

       163-бап. Бюджеттiк кредиттеу туралы негiзгi ережелер

      1. Бюджеттiк кредит - бюджеттен қайтарымды, мерзiмдi және ақылы негiзде бөлiнетiн ақша.
      2. Бюджеттiк кредиттеу - бюджеттiк кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешiм қабылдау рәсiмдерiн қамтитын процесс.
      3. Кредиттiк шарт - бюджеттік кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезiнде тараптардың құқықтық қатынастарын белгiлейтiн, кредитор, бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi және қарыз алушы арасындағы келiсiм.
      4. Бюджеттiк кредиттер:
      1) орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарының шеңберiнде бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға;
      2) мемлекеттiң сыртқы экономикалық қызметiн iске асыруға;
      3) облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға;
      4) мемлекеттiң жүз процент қатысуымен қаржы агенттiктерiнiң (бұдан әрi - қаржы агенттiктерi) мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруына бағытталады.
      5. Бюджеттiк кредиттер тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және (немесе) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларда көзделген бағыттар бойынша және сомалар шегiнде берiледi.
      6. Бюджеттiк кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсаттарына, қарыз алушының шаруашылық қызметiнiң залалдарын жабуына, көрсетiлетiн қызметтер үшiн сенiм бiлдiрiлген тұлғаларға (агенттерге) ақы төлеуге берiлмейдi.
      7. Бюджеттiк кредиттер мынадай талаптар сақталған жағдайда берiледi:
      1) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiнiң болмауы;
      2) қарыз алушының бюджеттiк кредит бойынша мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз ететiн жағдайының болуы;
      3) қарыз алушының бұрын берiлген бюджеттiк кредиттер бойынша берешегiнiң болмауы.
      8. Бюджеттiк кредиттер Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын Қазақстан Республикасының орта мерзiмдiк фискалдық саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

       164-бап. Бюджеттiк кредиттеу принциптерi

      Бюджеттiк кредиттер беру мынадай принциптерге:
      1) кредит шартына сәйкес бюджеттiк кредиттi өтеу мiндеттiлiгiн көздейтiн қайтарымдылық принципiне;
      2) мiндеттемелердiң орындалуын Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәсiлдермен қамтамасыз ететiн жағдайының болуын көздейтiн қамтамасыз етiлу принципiне;
      3) бюджеттік кредиттi бергенi үшiн қарыз алушыға ақы төлеуiн көздейтiн ақылылық принципiне;
      4) бюджеттiк кредитті беру мерзiмiн белгiлеудi көздейтiн мерзiмдiлiк принципiне сәйкес жүзеге асырылады.

       165-бап. Бюджеттiк кредиттеу өлшемдерi

      Бюджеттiк бағдарлама мынадай өлшемдер сақталған жағдайда бюджеттiк кредит беру арқылы iске асырылады:
      1) орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарына сәйкес келу;
      2) iс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы iске асырудың экономикалық және әлеуметтiк тиiмдiлiгi;
      3) бюджеттiк кредит есебiнен iске асырылатын iс-шаралардың өзiн-өзi ақтауы;
      4) қарыз алушының Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын өлшемдерге сәйкес кредиттiк қабiлетi.

       166-бап. Бюджеттiк кредиттеу субъектiлерi

      1. Бюджеттiк кредиттеу субъектiлерi кредитор, бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi, қарыз алушы, соңғы қарыз алушы, сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) болып табылады.
      2. Бюджеттiк кредиттеу субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес кредиттiк шартпен және (немесе) тапсырма шартымен айқындалады.

       167-бап. Кредитор

      1. Кредитор - Қазақстан Республикасының бюджеттiк және азаматтық заңдарына сәйкес бюджеттiк кредит беретiн кредит шартының тарабы.
      2. Республикалық бюджеттен бюджеттiк кредиттеу кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi кредитор болып табылады.
      Бюджеттiк кредиттеу кезiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан әрекет етедi.
      3. Жергiлiктi бюджеттен бюджеттiк кредиттеу кезiнде тиiстi жергiлiктi атқарушы орган кредитор болып табылады.
      4. Кредитор осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджеттiк кредит берудi қамтамасыз етедi, кредит шарты талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

       168-бап. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi

      Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттiк кредиттеу кезiнде кредиттiк шарттың тарабы болып табылады және:
      1) қаржы агенттiктерiн қоспағанда, қарыз алушы банктердi және сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi (агенттердi) конкурстық негiзде айқындауды;
      2) бюджеттiк кредиттердiң нысаналы және тиiмдi пайдаланылуының, өтелуi мен оларға қызмет көрсетiлуiнiң бақылауы мен мониторингiн жүзеге асырады.

       169-бап. Қарыз алушылар

      1. Қарыз алушы - бюджеттiк кредиттi алушы, негiзгi борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредиттiк шартқа сәйкес басқа да төлемдердi төлеу жөнiнде мiндеттемелер алатын кредит шартының тарабы.
      2. Мыналар:
      1) жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары;
      2) қарыз алушы банктер - Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар;
      3) жергiлiктi атқарушы органдар;
      4) шетелдiк мемлекеттер қарыз алушылар бола алады.

       170-бап. Соңғы қарыз алушылар

      1. Соңғы қарыз алушы - қарыз берушi банк оған кредитор немесе қаржы агенттiгi айқындаған шарттармен беретiн бюджеттiк кредиттi соңғы алушы.
      2. Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар соңғы қарыз алушылар бола алады.
      3. Соңғы қарыз алушыларды iрiктеудi және кредиттеудi бюджеттiк бағдарламаның мақсатына, сондай-ақ өздерiнiң кредиттiк саясатына сәйкес қарыз алушы банктер жүзеге асырады.

       171-бап. Сенiм бiлдiрiлген өкiлдер (агенттер)

      1. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) - тапсырма шартының негiзiнде кредитордың (сенiмгердiң) атынан және оның есебiнен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттiк кредит беруге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды жасайтын тұлға.
      2. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) кредитордың (сенiмгердiң) тапсырмасы бойынша мынадай iс-қимылдарды орындай алады:
      1) қарыз алушыларды - жеке тұлғаларды айқындау және олармен кредиттiк шарттар жасасу;
      2) бюджеттiк кредиттерге қызмет көрсету;
      3) қарыз алушылармен есеп айырысу;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берешектi өндiрiп алу.
      3. Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым сенiм бiлдiрiлген өкiлдер (агенттер) болып табылады.
      4. Қаржы агенттiгiн қоспағанда, сенiм бiлдiрiлген өкiлдi (агенттi) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңдарына сәйкес белгiлейдi.
      5. Кpeдитор (сенiмгер) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тапсырмаларды орындағаны үшiн сыйақы төлеудi жүзеге асырады.
      Сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тапсырмаларды орындағаны үшiн сыйақы төлеу мөлшерi тапсырма шарттарында белгiленедi.

  38-тарау. Бюджеттік кредиттеу шарттары

       172-бап. Кредиттiк шарттың негiзгi талаптары

      1. Кредиттiк шартта бюджеттiк кредиттiң мынадай негiзгi талаптары мiндеттi түрде болуға тиiс:
      1) берудiң мақсаты;
      2) мөлшерi;
      3) валютасы;
      4) мерзiмi;
      5) игеру кезеңi;
      6) сыйақы ставкасы.
      2. Бюджеттiк кредиттiң негiзгi шарттары және қарыз алушылардың санаты кредитордың шешiмiмен белгiленедi.
      3. Кредиттiк шартқа қосымша талаптар, соның iшiнде бюджеттiк кредиттi беру тәсiлiн айқындайтын талаптар, бюджеттiк кредиттi өтеу және оған қызмет көрсету кестесi, бюджеттiк кредит бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерi енгiзiледi.

       173-бап. Бюджеттiк кредиттiң мерзiмi

      1. Бюджеттiк кредиттiң мерзiмi - қарыз алушы бюджеттiк кредит алатын, пайдаланатын, оған қызмет көрсететiн және оны өтейтiн уақыт кезеңi.
      2. Бюджеттiк Kpeдиттiң мерзiмi бюджеттiк кредиттiң қаражатын кредитордың шотынан аударған кезден бастап есептеледi.
      3. Бюджеттiк кредиттер берiлу мерзiмiне қарай мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) қысқа мерзiмдi - 1 жылға дейiн;
      2) орта мерзiмдi - 1 жылдан 5 жылға дейiн;
      3) ұзақ мерзiмдi - 5 жылдан 30 жылға дейiн.

       174-бап. Бюджеттiк кредиттi игеру кезеңi

      1. Бюджеттiк кредиттi игеру кезеңi - бюджеттiк кредиттiң берiлу мақсаттарына сәйкес iс-шараларды iске асыру үшiн қарыз алушы бюджеттiк кредиттi пайдалана алатын уақыт кезеңi.
      2. Бюджеттiк кредиттiң пайдаланылмаған бөлiгi игеру кезеңi аяқталған күннен бастап үш күннiң iшiнде тиiстi бюджетке қайтарылуға тиiс.

       175-бап. Бюджеттiк кредит бойынша мiндеттемелердiң
                 орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерi

      1. Бюджеттiк кредит бойынша мiндеттемелердiң орындалуы кепiлмен, кепiлдiкпен, кепiлгерлiкпен немесе Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта көзделген басқа да тәсiлдермен қамтамасыз етiледi.
      Тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қаржы агенттiктерiне республикалық бюджеттен бюджеттiк кредиттер мiндеттемелердi орындау қамтамасыз етiлмей бөлiнуi мүмкiн.
      2. Бюджеттiк кредиттiң қайтарылуын қамтамасыз ету құны сыйақы сомасы ескерiле отырып, бюджеттiк кредит мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
      3. Бюджеттік кредит жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi бағалау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Бюджеттiк кредит бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi бағалау жөнiнде көрсетiлген қызметтерге ақы төлеудi қарыз алушы жүргiзедi.

       176-бап. Сыйақы ставкасы

      1. Сыйақы - бюджеттiк кредит берiлгенi үшiн қарыз алушы жүзеге асыратын төлем.
      2. Сыйақы ставкасы - жылдық проценттер түрiнде көрсетiлетiн сыйақы мөлшерi.
      3. Сыйақы ставкасы тiркелген немесе құбылмалы болуы мүмкiн.
      Тiркелген сыйақы ставкасы - мөлшерi бюджеттiк кредиттiң барлық мерзiмiне өзгерiссiз белгiленетiн сыйақы ставкасы.
      Құбылмалы сыйақы ставкасы - қаржы рыногындағы конъюнктураға байланысты өзгерiп тұратын сыйақы ставкасы.
      4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына, қаржы агенттiктерiне, мемлекеттiк бiлiм беру кредиттерiне және студенттiк кредиттерге бюджеттiк кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын қоспағанда, бюджеттiк кредиттер бойынша сыйақы ставкасы бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздардың тиiстi түрлерi бойынша табыстылықтың орта өлшемдi ставкасынан төмен емес шамада белгiленедi.
      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган шығарған тиiстi мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша табыстылықтың орта өлшемдi ставкасын анықтау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
       Ескерту. 176-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       177-бап. Бюджеттiк кредит беру тәсiлi

      Бюджеттiк кредит:
      1) қарыз алушының төлем құжаттарына ақы төлеу;
      2) бiр мерзiмде не аудару кестесiне сәйкес бөлiп-бөлiп немесе қарыз алушының тиiстi құжаттар беруiне қарай қарыз алушының банк шотына аудару арқылы берiлуi мүмкiн.

       178-бап. Бюджеттiк кредиттi өтеу мен оған
                 қызмет көрсету кестесi

      1. Бюджеттiк кредиттi өтеу және оған қызмет көрсету кестесi бюджеттiк кредиттi өтеу және оған қызмет көрсету жөнiндегi төлемдердiң мерзiмдерiн, кезеңдiлiгiн белгiлейдi.
      2. Кредиттiк шартта жеңiлдiк кезеңiн беру көзделуi мүмкiн.
      Жеңiлдiк кезеңi - бюджеттiк кредит мерзiмiнiң құрамына кiретiн уақыт кезеңi, бұл кезеңде қарыз алушы кредиттi өтеудi жүзеге асырмайды.
       Ескерту. 178-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

  39-тарау. Бюджеттік кредиттеу рәсімдері

       179-бап. Бюджеттiк кредит беру туралы шешiм қабылдау

      Бюджеттiк кредит беру туралы шешiм қабылдау:
      1) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламалардың iс-шараларын бюджеттiк кредиттеудiң, әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспары мен орта мерзiмдi фискалдық саясаттың мақсатқа сай екендiгiн айқындауды;
      2) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн бюджеттiк кредиттеу арқылы iске асыру ұсынылатын бюджеттiк бағдарламаның бюджеттiк кредиттеу өлшемдерiне сәйкестiгiне қатысты қарауын;
      3) бюджеттiк өтiнiмдi және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның қорытындысын бюджеттiк комиссияның қарауын;
      4) бюджеттiк комиссияның оң шешiмi болған жағдайда тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттiң жобасына бюджеттiк бағдарлама енгiзудi қамтиды.

       180-бап. Бюджеттiк кредит беру рәсiмi

      1. Бюджеттiк кредит беру рәсiмi мынадай кезеңдердi:
      1) бюджеттiк кредиттiң негiзгi талаптарын айқындауды;
      2) қарыз алушыны айқындауды;
      3) кредиттiк шарт және олармен байланысты шарттар жасасуды;
      4) қарыз алушыға бюджеттiк кредит берудi қамтиды.
      2. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi кезектi қаржы жылына арналған тиiстi бюджеттер бекiтiлгеннен кейiн бюджеттiк кредиттердiң негiзгi шарттары мен қарыз алушылардың санаттары туралы кредитор шешiмдерiнiң жобаларын бекiтуге енгiзедi.
      3. Қарыз алушыларды:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджеттiк кредиттеу кезiнде тапсырма шартына сәйкес сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент);
      2) қаржы агенттiктерiн қоспағанда, қарыз алушы банктердi бюджеттiк кредиттеу кезiнде конкурс нәтижелерi бойынша бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi айқындайды. Қарыз алушы банктердi iрiктеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi;
      3) жергiлiктi атқарушы органдар бюджеттiк кредиттеу кезiнде қарыз алушылар осы Кодекске сәйкес айқындалады;
      4) шет мемлекеттердi бюджеттiк кредиттеу кезiнде қарыз алушылар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес айқындалады.
      4. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда бюджеттiк кредиттер алады.
      Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджеттiк кредиттеу сенiм бiлдiрiлген өкiлдер (агенттер) арқылы жүзеге асырылады.
      5. Бюджеттiк кредит беру кредиттiк шарт, тапсырма шарттары және бюджеттiк кредит бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi растайтын құжаттар жасалып, тiркелгеннен кейiн жүзеге асырылады.
      Бюджеттiк кредит беру кезiндегi қажеттi құжаттар тiзбесiн бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Бюджеттiк кредиттер беру жөнiндегi қаржылық рәсiмдер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалады.

       181-бап. Шет мемлекеттердi кредиттеудiң ерекшелiктерi

      1. Шет мемлекеттерге бюджеттiк кредиттер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебiнен берiледi.
      2. Шет мемлекеттерге бюджеттiк кредиттер шет мемлекеттер бюджеттiк кредит беру туралы халықаралық шартқа мiндеттi күш беру үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi жүргiзген жағдайда берiледi.
      3. Шет мемлекеттердi бюджеттiк кредиттеудiң тәртiбi мен талаптары бюджеттiк кредит беру туралы халықаралық шартта белгiленедi.
      Шет мемлекеттерге берiлген бюджеттік кредит бойынша негiзгi борыш шет мемлекеттердiң Қазақстан Республикасы алдындағы борышын құрайды.

       182-бап. Бюджеттiк кредиттi пайдалану

      Қарыз алушы бюджеттiк кредит қаражатын бюджеттiк бағдарлама паспорты мен кредиттiк шартта көзделген мақсаттарға ғана пайдаланады.
      Бюджеттiк кредит өз нысанасында пайдаланылмаған жағдайда қарыз алушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.  (РҚАО-ның ескертуі:  K010155  ;  V001285  қараңыз)

       183-бап. Бюджеттiк кредитке қызмет көрсету

      1. Бюджеттiк кредитке қызмет көрсету - бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның немесе сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) бюджеттiк кредит қаражатының пайдаланылуын есепке алу және қарыз алушының кредиттiк шарттың талаптарына сәйкес негiзгi борышты, сыйақыны және басқа да төлемдердi өтеуге төлемдер жасауды жүзеге асыру жөнiндегi қызметi.
      Негiзгi борыш - ол бойынша есептелген сыйақы, комиссиялық төлемдер, тұрақсыздық төлемдерi (айыппұлдар, өсімдер) сомасы ескерiлмей алынған және өтелмеген бюджеттiк кредит сомасы.
      2. Негiзгi борышқа қызмет көрсету - кредиттiк шарт талаптарына сәйкес, белгiлi бiр уақыт кезеңiндегi сыйақының, өзге де төлемдердiң жиынтық төлемдерi.
      Берешек - бюджеттiк кредиттi (кредиттiк шартты) өтеу және оған қызмет көрсету кестесiне сәйкес мерзiмi басталған, қарыз алушы төлемеген төлемдер сомасы.
      3. Сыйақыны есептеу кредитордың шотынан бюджеттiк кредит аударылған күннен бастап ол толық өтелген күнге дейiн бюджеттiк кредит бойынша негiзгi борыш сомасына қойылған сыйақы ставкасы бойынша жүргiзiледi.
      4. Сыйақыны есептеу тәртiбi кредиттiк шартта белгiленедi.
      Сыйақыны есептеу үшiн жылдың 360 күнi және айдың 30 күнi есепке алынады.
      Төлем мерзiмi басталған кезде қарыз алушы негiзгi борыш пен сыйақы бойынша тиiстi бюджетке төлем тапсырмасымен ақша аудару арқылы кезектi төлемдердi жүзеге асыруға мiндеттi.
      5. Берешек пайда болған кезде бюджеттiк кредитке қызмет көрсету төлемдердiң мынадай кезектiлігімен жүзеге асырылады:
      1) есептелген тұрақсыздық төлемi (айыппұлдар, өсiмпұл);
      2) есептелген сыйақы;
      3) негiзгi борышты өтеу.

       184-бап. Бюджеттiк кредиттi өтеу

      1. Бюджеттiк кредитті өтеу - кредиттiк шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджеттiк кредит бойынша негiзгi борышты қарыз алушының өтеуi.
      2. Бюджеттiк кредиттен қарыз алушылардың кредитормен немесе сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) келiсiм бойынша кредиттi мерзiмiнен бұрын өтеуге құқығы бар.
      Қарыз алушы кредиттiк шарттың талаптарын бұзған кезде кредитордың немесе сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) тапсырма шартына сәйкес кредитті мерзiмiнен бұрын өтеудi талап етуге құқығы бар.
      3. Қарыз алушыда бюджеттiк кредит бойынша берешек пайда болған кезде кредитор немесе сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) тапсырма шартына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кредиттiң өтелуiн қамтамасыз ететiн шаралар қабылдайды.
      4. Бюджеттiк кредит бойынша берешектi өтеу есебiнен өндiрiлiп алынған мүлiк Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өткiзiлуге және (немесе) мемлекеттiк меншiкке айналдырылуға жатады.
      5. Бюджеттiк кредиттi өтеу есебiнен мемлекеттiк меншiкке айналдырылатын мүлiкке бағалау жүргiзуге арналған шығыстар тиiстi бюджет қаражаты есебiнен төленедi.
      6. Бюджеттiк кредит бойынша берешектi өтеу есебiнен мүлiктi мемлекеттiк меншiкке айналдыру кезiнде кредитор талаптарының мөлшерi мүлiк құнының сомасына кемiтiледі.
      7. Бюджеттiк кредит бойынша жергiлiктi атқарушы органда берешек болған немесе ол бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсатына пайдаланылмаған жағдайда кредитор берешек сомасын немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған соманы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жергiлiктi бюджеттiң есебiнен шығаруды жүзеге асырады.

  40-тарау. Бюджеттік кредитті қайта
құрылымдау және қарыз алушыны ауыстыру

       185-бап. Бюджеттiк кредиттi қайта құрылымдау

      1. Бюджеттiк кредиттi қайта құрылымдау - тараптардың келiсiмi бойынша олардың кредиттiк шарттар бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмдерiнiң, қаржылық және өзге де талаптарының өзгеруi.
      2. Бюджеттiк кредиттi қайта құрылымдау туралы шешiм қарыз алушыда қаржылық жағдайды сауықтыру жөнiнде жоспар болған кезде қарыз алушының қаржылық жай-күйiн талдау негізiнде қабылданады.
      3. Бюджеттiк кредиттi қайта құрылымдау:
      1) негiзгi борышты өтеу және (немесе) сыйақыны төлеу мерзiмдерiн өзгерту;
      2) бюджеттiк кредит, кредит бойынша сыйақы және өзге де төлемдер бойынша берешектi капиталдандыру (жиынтықтау) арқылы жүзеге асырылады.
      4. Бюджеттiк кредиттi қайта құрылымдау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергілiктi атқарушы органның жанындағы консультациялық-кеңесшi органның оң қорытындысы болған кезде әрбiр кредиттiк шарт бойынша кредитордың шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.  (РҚАО-ның ескертуі:  P990813  қараңыз)
      5. Бюджеттiк кредиттi қайта құрылымдау әрi кеткенде бiр рет жүзеге асырыла алады.
      Бюджеттiк кредиттi қайта құрылымдау кредиттiк шартқа қосымша келiсiм жасау арқылы ресiмделедi.

       186-бап. Бюджеттiк кредит бойынша борышты аудару

      Бюджеттiк кредит бойынша борышты аударуға кредитор шешiмiнiң негiзiнде кредиттiк шарт тараптарының келiсiмi бойынша жол берiледi.
      Борышты аудару бюджеттiк кредит бойынша борышты өтеу есебiне өндiрiп алынған (ұсынылған) мүлiктi берген кезде жүзеге асырылуы мүмкiн.

  41-тарау. Талап қою мерзімі, бюджеттік кредиттер
бойынша кредиторлар талаптарының тоқтатылуы

       187-бап. Талап қою мерзiмi

      Бюджеттiк кредиттер бойынша кредиторлардың талаптарына талап қою мерзiмi қолданылмайды.

       188-бап. Кредитордың бюджеттiк кредиттi өтеу
                 жөнiндегi талаптарының тоқтатылуы

      1. Кредитордың бюджеттiк кредиттi өтеу жөнiндегi талабы қарыз алушы кредиттiк шарт бойынша мiндеттемелердi тиiсiнше орындаған кезде, қарыз алушы мен кредитop бiр тұлға болғанда не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарыз алушы - заңды тұлға таратылған жағдайда тоқтатылады.
      2. Қарыз алушы-заңды тұлға таратылған жағдайда кредитордың бюджеттiк кредиттi өтеу жөнiндегi талабының тоқтатылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мiндеттемелердiң орындалуын бағалау жөнiндегi алдын ала рәсiмдер жүргiзiлгеннен кейiн:
      1) республикалық бюджеттен берiлген бюджеттiк кредиттер бойынша - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның негiзiнде;
      2) жергілiктi бюджеттен берiлген бюджеттiк кредиттер бойынша - мәслихаттың шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген таратылған қарыз алушылардың берешегi өтелдi деп есептеледi және оны кредитордың есептен шығаруына жатады.

  42-тарау. Бюджеттік кредиттер бойынша
бақылау, мониторинг, есепке алу

       189-бап. Бюджеттiк кредиттердi бақылау

      1. Кредитор және (немесе) сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) бюджеттiк кредиттiң нысаналы пайдаланылуына және ол бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ететiн жағдайдың болуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi жергiлiктi жерлерде бюджеттiк кредиттiң нысаналы және тиiмдi пайдаланылуын тексерудi жүзеге асыра алады.
      2. Бюджеттiк кредиттi нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау фактiлерi анықталған жағдайда кредитор немесе сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) қарыз алушыдан кредиттiң заңсыз пайдаланылған сомасын кредиттiк шартта белгiленген мөлшерде айыппұл ала отырып өндiрiп алады.

       190-бап. Бюджеттiк кредиттер мониторингi
                 және оларды есепке алу

      1. Бюджеттiк кредиттер бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мiндеттi тiркеуге, есепке алынуға және оларға мониторинг жүргiзiлуге жатады.
      2. Жергiлiктi бюджеттерден берiлген бюджеттiк кредиттер жасалған кредиттiк шарттар туралы, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған нысандар мен мерзiмдер бойынша бюджеттiк кредиттердi нақты беру, оларға қызмет көрсету және өтеу туралы жергiлiктi атқарушы органдардың есептiлігі негiзiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның орталықтандырылған түрде есепке алуына жатады.
      3. Кредиторлар берiлген барлық бюджеттiк кредиттердiң қарыз алушылар мен сенiм бiлдiрiлген өкiлдер (агенттер) тұрғысынан тiзiлiмiн жүргiзедi.
      4. Бюджеттiк кредиттердi пайдалану тиiмдiлiгiн бағалауды бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi, бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

  11-бөлім. Мемлекеттік және мемлекет
кепілдік берген қарыз алу мен борыш

  43-тарау. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік
берген қарыз алу мен борыш туралы жалпы ережелер

       191-бап. Осы бөлiмде пайдаланылатын ұғымдар

      Осы бөлiмде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) аваль - вексельдiк кепiлдiк, бұл жағдайда оны жасаған тұлға вексель бойынша мiндеттi басқа тұлға үшiн вексель бойынша төлем жасауға (толық немесе бiр бөлiгiнде) өзiне мiндеттеме алады;
      2) сыртқы қарыз - қарыз берушi Қазақстан Республикасының резидентi емес, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының резидентi болатын қарыз қатынастары;
      3) iшкi қарыз - қарыз берушi Қазақстан Республикасының резидентi, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының резидентi болатын қарыз қатынастары;
      4) банк кепiлдiгi - қарыз алушы белгiленген мерзiмде қарыз шарты бойынша өзiнен алынуға тиесiлi соманы төлемеген жағдайда бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның алдындағы мемлекет кепiлдiк берген қарызды өтеу жөнiндегi банктiң мiндеттемесi;
      5) мемлекет кепiлдiк берген борыш - мемлекеттiк кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген, белгiлi бiр күнге алынған және өтелмеген мемлекеттiк емес қарыздар сомасы;
      6) мемлекет кепiлдiк берген қарыз - мемлекеттiк кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мемлекеттік емес қарыз;
      7) мемлекеттiк қарыз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi немесе жергiлiктi атқарушы органдар болатын қарыз қатынастары;
      8) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болатын қарыз қатынастарында оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;
      9) ақша рыногы - қысқа мерзiмдi (бiр жылға дейiнгi) өтiмдi қаржы құралдары рыногы;
      10) қарыз шарты - соған байланысты қарыз алушы қарыз қаражатын алатын және қарыз берушiнiң алдында оны қайтару және сыйақыны (мүдденi), сондай-ақ қарызға байланысты басқа да төлемдердi төлеу жөнiнде мiндеттеме атқаратын келiсiм;
      11) қарыз беруші - мемлекеттiк кепiлдiкпен мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес қарыздарды берген тұлға;
      12) қарыз алу - қарыз қаражаттарын тарту қажеттiгi туралы шешiм қабылдау, қарызды тарту, пайдалану, өтеу және оған қызмет көрсету тәртiбi мен талаптарын айқындау рәсiмдерiн, келiссөздер, мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету және оларға кепiлдiк беру, қарыз бойынша тиiстi құжаттарды ресiмдеу және оларға қол қою, қарыз шартын бекiту (мемлекеттiк сыртқы қарыз алу кезiнде), тараптардың мiндеттемелердi орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсiмдерiн қоса алғанда қарыз қаражатын алу, пайдалану рәсiмдерiн қамтитын процесс;
      13) мемлекеттiк кепiлдiктердi беру лимитi - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiлетiн, оның шегiнде мемлекеттiк кепiлдiктер берiлуi мүмкiн тiркелген сома;
      14) жергiлiктi атқарушы орган борышының лимитi - тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте бекiтiлетiн жергiлiктi атқарушы органның белгiленген күнге (қаржы жылының аяғына) жергiлiктi атқарушы органның нақты борышынан асып кетпеуге тиiс алынған және өтелмеген қарыздарының тiркелген сомасы;
      15) үкiметтiк борыш лимитi - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiлетiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң белгiленген күнге (қаржы жылының аяғына) нақты борышынан асып кетпеуге тиiс алынған және өтелмеген үкiметтiк қарыздардың тiркелген сомасы;
      16) борыш мониторингi - мемлекеттiң өзi уәкiлеттiк берген органдар арқылы борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету процесiн бақылау жөнiндегi қызметi;
      17) мемлекеттiк емес қарыз - Қазақстан Республикасының Үкiметiн, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен жергiлiктi атқарушы органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидентi қарыз алушы болатын қарыз қатынастары;
      18) сыйақының (мүдденiң) тiркелмеген (құбылмалы) ставкасы - рынок конъюнктурасына байланысты өзгерiстерге ұшыраған кредиттер, қарыздар жөнiндегi сыйақы (мүдде) ставкасы немесе сыйақымен (мүддемен) қоса бағалы қағаздар бойынша кiрiс;
      19) борышқа қызмет көрсету - уақыттың белгiлi бiр кезеңiндегi сыйақының (мүдденiң), комиссиялық алымдардың, айыппұлдардың және қарыз алу шарттарынан туындайтын өзге де төлемдердiң жиынтық төлемдерi;
      20) қарызға қызмет көрсету - бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның немесе банктiң қарыз алушының шоттарындағы қарыз қаражаттарының пайдаланылуын есепке алу жөнiндегi қызметi және қарыз алушының сыйақы (мүдде) төлемдерiн, комиссиялық алымдарды және қарыз шарттарына сәйкес басқа да төлемдердi жүзеге асыруы;
      21) борышты өтеу - қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартында белгiленген тәртiппен қайтаруы, қарыз шартынан туындайтын басқа да мiндеттемелердi орындауы;
      22) бағдарламалық қарыздар - халықаралық қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту және реформалау жөнiндегi өздерiмен келiсiлген iс-шараларын орындау шарттарымен Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне беретiн қарыздары;
      23) үкiметтiк борыш - Қазақстан Республикасының Үкiметi алған және өтемеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң белгiлi бiр күнге борыштық мiндеттемелерiнiң борышына жатқызылған мемлекеттiк қарыздар сомасы;
      24) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын бiрiншi иеленушiлерге азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау арқылы иелiктен шығаруы;
      25) мемлекеттiк борышты қайта қаржыландыру - жаңадан алынған қарыз қаражаттары есебiнен мемлекеттiк борышты өтеу;
      26) қарызды қайта құрылымдау - тараптардың келiсiмi бойынша қарыз шарты жөнiндегi өздерiнiң мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн, қаржылық және өзге де талаптарды өзгертуi;
      27) Қазақстан Республикасының резиденттерi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегiнен тыс жерлерде орналасқан олардың филиалдары мен өкiлдiктерi;
      28) негiзгi борыш сомасы - қарыз берушiден алынған және оған қайтарылмаған қарызды, сол бойынша сыйақының (мүдденiң), тұрақсыздық төлемiнiң (айыппұлдың, өсiмпұлдың) есептелген сомасын есепке алмастан, өтелуге жататын сома.

       192-бап. Қарыз алу туралы жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы, мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу Қазақстан Pecпубликасының бюджеттiк заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қарыз алуы "Қазақстан Pecпубликасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің, жергiлiктi атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қарыз алуы мемлекеттiк қарыз алу болып табылады.
      3. Мемлекеттiк емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттерi кез келген мөлшерде, кез келген валютада және кез келген нысанда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi ескере отырып дербес жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк ұйымдар мен қазыналық кәсiпорындар мемлекеттiк емес қарыз алуды жүзеге асыруға құқылы емес.
      Мемлекеттiк емес қарыздарды заңды тұлғалар мемлекеттiк кепiлдiкпен тарта алады.
      Мемлекеттiк кепiлдiкпен тартылатын мемлекеттiк емес қарыздар қарыз шарты нысанында болуға тиiс.

       193-бап. Мемлекеттiк қарыздардың түрлерi мен нысандары

      1. Мемлекеттiк қарыздар қарыз алушыға қатысты алғанда:
      1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыздары;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қарыздары;
      3) жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздары болып бөлiнедi.
      2. Несие капиталының рыноктарына қарай мемлекеттiк қарыздар:
      1) мемлекеттiк сыртқы қарыздар;
      2) мемлекеттiк iшкi қарыздар болып бөлiнедi.
      3. Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттiк қарыздар:
      1) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығару;
      2) қарыз шарттарын жасасу болып бөлiнедi.
      4. Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылу мерзiмiне қарай:
      1) 1 жылға дейiнгi айналыс мерзiмiмен қысқа мерзiмдi;
      2) 1 жылдан 5 жылға дейiнгi айналыс мерзiмiмен орта мерзiмдi;
      3) 5 жылдан артық айналыс мерзiмiмен, ұзақ мерзiмдi болып бөлiнедi.
      Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттамалық және құжаттамалық емес нысанда шығарылуы мүмкiн. Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар ұсынушыға арналып құжаттамалық нысанда ғана шығарылуы мүмкiн. Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар нақты және дисконттық құны бойынша сыйақының (мүдденiң) тiркелген және тiркелмеген (құбылмалы) ставкасымен шығарылуы мүмкiн.

       194-бап. Мемлекеттiк борыш

      1. Мемлекеттiк борыш - Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң борышына немесе мәслихаттардың шешiмдерiмен жергiлiктi атқарушы органдардың борышына жатқызылған алынған (игерiлген) және өтелмеген мемлекеттiк қарыздардың белгiлi бiр күнге, сондай-ақ борыштық мiндеттемелердiң белгiлi бiр күнге сомасы.
      2. Мемлекеттiк борыш iшкi және сыртқы мемлекеттiк борышты қамтиды.
      3. Мемлекеттiк iшкi борыш - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының қарыз берушi резиденттерiнiң алдындағы мемлекеттiк iшкi қарыздары мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк борышының құрамдас бөлiгi.
      4. Мемлекеттiк сыртқы борыш - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының қарыз берушi резидент еместерiнiң алдындағы мемлекеттiк сыртқы қарыздар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк борышының құрамдас бөлiгi.

       195-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және
                 жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк
                 борышты өтеу мен оған қызмет көрсету
                 жөнiндегi мiндеттемелерi

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджеттiң қаражатымен қамтамасыз етiлетiн үкiметтiк борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөнiнде мiндеттемелер атқарады.
      2. Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджеттердiң қаражатымен қамтамасыз етiлетiн өзiнiң борышын өтеу және оған қызмет көрсету жөнiнде мiндеттемелер атқарады.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi және жергiлiктi атқарушы органдар бiр-бipiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерi қарыз берушiге негiзгi борыш қайтарылған және борышқа қызмет көрсету жөнiндегi төлемдер толық мөлшерде төленген кезде орындалды деп есептеледi.
      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi және жергiлiктi атқарушы органдар тиiсiнше үкiметтiк борыштың және жергiлiктi атқарушы органдар борышының мониторингiн борышты қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процесiн есепке алуды, талдауды және бақылауды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырады.

       196-бап. Мемлекеттiк борышты басқару

      Мемлекеттiк борышты басқару:
      1) алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыштың жай-күйiн ондағы көрсеткiштердi үкiметтiк борышты және жергiлiктi атқарушы органдардың борышын өтеу және қызмет көрсету көлемдерiн, лимиттерiн, мемлекеттiк кепiлдiктердi ұсынудың белгiленген көлемдерiне сәйкес айқындай отырып жыл сайынғы бағалауды және болжамдауды қамтиды. Алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыштың жай-күйi мен болжамын жыл сайынғы бағалауды дайындауды бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қатысуымен республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарының, жинақталған мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың көлемдерi мен құрылымының негiзiнде жүзеге асырады;
      2) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекiтiлетiн үкiметтiк борыш лимитiн және мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитiн айқындауын;
      3) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекiтiлетiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алу көлемдерiн, нысандары мен шарттарын, үкiметтiк борышты өтеу мен қызмет көрсету көлемдерiн айқындауын;
      4) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның мемлекеттiк қарыздарды тiркеудi, мемлекеттiк қарыздар алу, өтеу және қызмет көрсету мониторингiн және мемлекеттiк борыш мониторингiн жүзеге асыруын;
      5) борыш құрылымын оңтайландыру жөнiндегi, соның iшiнде борышты мерзiмiнен бұрын өтеу, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды эмитенттiң сатып алуы мен сатуы, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борышты қайта құрылымдау, борышты қайта қаржыландыру, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу тәуекелiн басқару жөнiндегi iс-шаралар дайындауын және iске асыруын қамтиды.

       197-бап. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген
                 борыштың жай-күйi туралы мәлiметтердi жариялау

      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк борышының ағымдағы жай-күйi туралы, мемлекеттiк борышты өтеу есебiне төленген ақша сомасы туралы, берiлген мемлекеттiк кепiлдiктер және кепiлдiктер бойынша төленген ақша сомалары туралы мәлiметтер ашық болып табылады және оларды бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның статистикалық есеп нысанында тоқсан сайын ресми жариялауына жатады.

  44-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы

       198-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз
                 алу мақсаттары

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алуы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi бюджет профицитi кезiнде үкiметтiк қарызды қайта қаржыландыру үшiн қарыз алуды жүзеге асыра алады.

       199-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз
                 алуды жүзеге асыруы

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алуы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен:
      1) қарыз алудың қаржылық шегiн белгiлеу;
      2) қарыз алудың инвестициялық басымдықтарын айқындау;
      3) болжамды үкiметтiк қарыздардың тiзбесiн қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қарыздар тартуды әрбір жекелеген қарыз шарты немесе мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар түрi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      3. Бюджеттi aтқару жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарының эмитентi болып табылады, ол осындай мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздардың әрбiр шығарылымының көлемдерiн, мерзiмдерiн және шарттарын айқындайды.

       200-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                 қарыз алуды шектеуi

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мемлекеттiк қарыз алуы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген үкiметтiк қарыз лимитiмен және үкiметтiк борышқа қызмет көрсетуге бағытталатын бюджет қаражаттары көлемiмен шектеледi.

       201-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң борышын
                 өтеу мен оған қызмет көрсету

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң борышын өтеудi және оған қызмет көрсетудi, олар шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алуды бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражаттары есебiнен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.

  45-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы

       202-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың
                 қарыз алу мақсаттары

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуы бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру мақсатында облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру үшiн, сондай-ақ кассалық алшақтықты жабуға Қазақстан Республикасы Үкiметiнен қарыз алу түрiнде жүзеге асырылады.
      2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуы бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру мақсатында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру үшiн, сондай-ақ кассалық алшақтықты жабуға облыстың жергiлiктi атқарушы органынан қарыз алу түрiнде жүзеге асырылады.
      3. Жергiлiктi атқарушы органның қарыздары бойынша алынған қаражаттар тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi атқару тәртiбiмен аталған мақсаттарға пайдаланылады.

       203-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз
                 алуын шектеу

      1. Облыстың жергiлiктi атқарушы органының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк қарыз алуы тиiстi жергiлiктi атқарушы органның белгiленген борыш лимитiмен және тиiстi жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бағытталатын жергiлiктi бюджет қаражатының көлемiмен шектеледi.
      2. Тиiстi қаржы жылына жергiлiктi атқарушы орган борышының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатта айқындалған мақсаттар мен мiндеттерге сүйене отырып белгiлейді.
      3. Жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемi тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет кiрiстерiнiң он процентiнен аспауға тиiс.
       Ескерту. 203-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       204-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың борышын
                 өтеу мен оған қызмет көрсету

      Жергілiктi атқарушы органдардың борышын өтеудi және оған қызмет көрсетудi олар тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражаттар есебiнен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.

  46-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш

       205-бап. Мемлекеттiк кепiлдiк

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (үкiметтiк, егемендiк) кепiлдiгi (бұдан әрi - мемлекеттік кепiлдiк) - Қазақстан Республикасының қарыз алушы резидентi одан тиесiлi соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда берешектi толық немесе iшiнара өтеуге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз берушiнiң алдындағы мiндеттемесi.
      2. Мемлекеттiк кепiлдiктер қарыз берушiлерге Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң өздерi алған мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етуi ретiнде берiледi.
      3. Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттiк кепiлдiктер берудiң айрықша құқығына Қазақстан Республикасының Yкiметi ие болады.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер берудi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн шарттармен және тәртiппен жүзеге асырады.

       206-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер берудi шектеу

      1. Мемлекеттiк кепiлдiктер тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленетiн лимит шегiнде берiледi.
      2. Мемлекеттiк кепiлдiктер жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретiнде берiлмейдi.
      3. Мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитiнiң көлемi осы лимит белгiленген тиiстi қаржы жылының шегiнде ғана пайдаланыла алады.

       207-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер беру шарттары

      1. Мемлекеттiк кепiлдiктер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары негізiнде берiледi.
      2. Мемлекеттiк кепiлдiктер беру осы Кодекстiң 208-бабына сәйкес кепiл мiндеттемелерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi жұмсайтын бюджет қаражатының қарыз алушыға қайтарымдылығы шарттарымен жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттiк емес қарыз бойынша мемлекеттiк кепiлдiк берiлгенi үшiн қарыз алушыдан жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз процент қатысуымен құрылған заңды тұлғалар үшiн мемлекеттiк кепiлдiк сомасының 0,2 процент мөлшерiнде және басқа да заңды тұлғалар үшiн мемлекеттiк кепiлдiк сомасының екi процентi мөлшерiнде алдын ала бiржолғы төлем (алым) алынады.
      4. Мемлекеттiк кепiлдiк беру мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы келiсiм мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк кепiлдiк жөнiндегi мiндеттемелерiн орындауға байланысты республикалық бюджеттен бағытталған қаражаттарды қайтару жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуы қамтамасыз етiлгенiн растайтын құжаттар ресiмделiп, тiркелгеннен кейiн жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы келiсiм - бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган, сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) және мемлекет кепiлдiк берген қарызды алушы арасындағы тараптардың мемлекеттiк кепiлдiк беру, мемлекет кепiлдiк берген қарыз шартына сәйкес мiндеттемелердi, мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелер орындалған жағдайда бөлiнген республикалық бюджет қаражатын қайтаруды қамтамасыз ету жөнiндегi құқықтық қатынастарды белгiлейтiн келiсiм.

       208-бап. Мемлекеттiк кепiлдiк алуға үмiткер
                 тұлғаларға қойылатын талаптар

      1. Қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiк алуға үмiткер заңды тұлғаларға осы заңды тұлғалар қарыз алушы ретiнде әрекет еткенде, мынадай талаптар қойылады:
      1) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушының Қазақстан Республикасының резидентi болуы;
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен бекiтiлетiн, тиiстi кезеңге арналған мемлекеттiк кепiлдiкпен берiлетiн мемлекеттiк емес қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылып отырған инвестициялық жобалардың тiзбесiне енгiзiлген жобалардың iске асырылуын жүзеге асыру;
      3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсе отырып бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлейтiн қарыздардың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын банк кепiлдiгiнiң болуы;
      4) салалық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
      5) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
      6) экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
      7) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
      8) мемлекеттiк кепiлдiкпен бұрын алынған мемлекеттiк емес қарыздарды, ол бойынша басталған төлем мерзiмдерiн, сондай-ақ кредиторлар алдындағы өзге де мерзiмi өткен берешектi өтеу және оған қызмет көрсету жөнiнде берешектерiнiң болмауы;
      9) жобаның жалпы құнын жаппайтын қарыз тартылған жағдайда, ұсынылып отырған инвестициялық жобаны қоса қаржыландыру жөнiндегi мiндеттемелердiң қамтамасыз етiлуi.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк емес қарыздың және инвестициялық жоба тәуекелiнiң шарттарына қарай мемлекеттiк кепiлдiк алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын қосымша талаптар белгiлей алады.

       209-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер беруге арналған
                 инвестициялық жобаларды iрiктеу

      Мемлекеттiк кепiлдiктер беруге арналған инвестициялық жобаларды iрiктеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.

       210-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктiң нысаны

      1. Мемлекеттiк кепiлдiк бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мен қарыз берушi арасында кепiлдiк шартын жазбаша түрде жасасу арқылы не мемлекеттiк емес қарыз бойынша кепiлгердiң мiндеттемесiн (кепiлдiк мiндеттемесiн) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қабылдағаны туралы қарыз берушiнiң жазбаша хабарлауы нысанында берiледi.
      Мемлекеттiк емес сыртқы қарыздар бойынша кепiлдiк шарты болған жағдайда, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен қарыз алушының векселдерiн авалдандыруға құқылы.
      Осы баптың және осы Кодекстiң 211-бабының талаптарына сәйкес келетiн құжат қана мемлекеттiк кепiлдiк болып танылуы мүмкiн. Мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының ешбiр актiлерiнде немесе өзге де құжаттарында мемлекеттiк кепiлдiктiң заңдық күшi болмайды.
      2. Әрбiр инвестициялық жоба бойынша кепiлдiк шартына, кепiлдiк берiлген мiндеттемеге, қарыз алушының әрбiр мiндеттемесi бойынша авалға бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы қол қояды.

       211-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктiң мазмұны

      1. Кепiлдiк шартында немесе кепiлдiк берiлген мiндеттемеде:
      1) соған сәйкес мемлекеттiк кепiлдiк берiлетiн Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының деректемелерi;
      2) қарыз алушының атауы және тұрған жерi;
      3) қарыз шартының тараптары және қарыз алушының негiзгi мiндеттемесiнiң мазмұны;
      4) кепiлдiк берiлетiн қарыз сомасы, берiлетiн мемлекеттiк кепiлдiктiң күшi қолданылатын қарыз бойынша басқа да кепiлдiк берiлетiн мiндеттемелер;
      5) мемлекеттiк кепiлдiктiң қолданылу мерзiмi;
      6) кепiлдiк шартына (кепiлдiк берiлген мiндеттемеге) қол қойған лауазымды адам көрсетiледi.
      2. Кепiлдiк шартында, кепiлдiк берiлген мiндеттемеде осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген талаптар болмаған жағдайда:
      1) мемлекеттiк кепiлдiк қарыз бойынша борышкердiң барлық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi;
      2) мемлекеттiк кепiлдiк қарыз шартының қолданылу мерзiмiне берiлдi деп есептеледi.
      Кепiлдiк шартында және кепілдiк берiлген мiндеттемеде осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптар болмаған не осы Кодекстiң 210-бабының 2-тармағын бұза отырып, уәкiлеттi емес адам оларға қол қойған, сондай-ақ қарыз алушының мiндеттемелерiн авалдандырған жағдайда мемлекеттiк кепiлдiк жарамсыз деп есептеледi.

       212-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер берудi және
                 мемлекет кепiлдiк беретiн қарыздарды
                 есепке алу

      Берiлетiн мемлекеттiк кепiлдiктердi және мемлекет кепiлдiк беретiн қарыздарды бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен тiркеуге және есепке алуға тиiс.
      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекет кепiлдік берген борыштың мониторингiн және оны басқаруды жүзеге асырады.
      Мемлекет кепiлдiк берген қарызды алған қарыз алушының қаржылық жай-күйiнiң мониторингi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.  (РҚАО-ның ескертуі:  P000834   қараңыз)
      Ескерту. 212-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       213-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктің орындалуы

      Егер қарыз шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, қарыз алушы мемлекеттiк кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген қарызды төлем мерзiмi басталған күнi және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражаттар шегiнде толық немесе iшiнара өтемеген жағдайда, қарыз берушiнiң талабы бойынша мемлекеттiк кепiлдiк төлем күнi басталғаннан кейiн орындалуға жатады.
      Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелердiң орындалуына бағытталған қаражаттарды қайтаруға, қарызды қайта құрылымдауға, борышкердi ауыстыруға, талап қою мерзiмi өтiп кетуiне, аталған қаражатты қайтару бойынша талаптарды тоқтатуға осы Кодекстiң 183-188-баптары қолданылады.
      Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелердiң орындалуына бөлiнген қаражат осы Кодекстiң 176-бабына сәйкес белгiленген сыйақы ставкасы бойынша мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы келiсiмде белгiленген мерзiм iшiнде республикалық бюджетке қайтарылуға тиiс.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қарыз шартының талаптарына сәйкес және қарыз берушiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп танылған және (немесе) таратылған қарыз алушы үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаржы есебiнен мемлекеттiк кепiлдiктi орындау арқылы мемлекет кепiлдiк берген қарызды мерзiмiнен бұрын өтеудi жүзеге асыруға құқылы.

       214-бап. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды
                 қайта құрылымдау

      1. Мемлекет кепiлдiк берген қарызды қайта құрылымдау Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдаған жағдайда қарыз берушi мен қарыз алушының келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
      2. Қарыз берушiнiң талабы бойынша мемлекет кепiлдiк берген қарызды қайта құрылымдау кезiнде бұрын берiлген мемлекеттiк кепiлдiктi Қазақстан Республикасының Үкiметi растай немесе жаңасымен ауыстыра алады.
      3. Бұл ретте кепiлдiк берiлген қарыз сомасы бұрын берiлген мемлекеттiк кепiлдiк бойынша қарыз сомасынан артық бола алмайды. Жаңадан берiлген мемлекеттiк кепiлдiкке осы Кодекстiң 206-бабының 1-тармағында белгiленген шектеулер қолданылмайды.

       215-бап. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша
                 қарыз алушыны ауыстыру

      1. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қарыз алушыны ауыстыруға Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдаған жағдайда қарыз шарты тараптарының келiсiмi бойынша жол берiледi.
      2. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қарыз алушы ауыстырылған жағдайда, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттiк кепiлдiктi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде қарыз берушiнiң талабы бойынша жаңасымен ауыстыра немесе растай алады.
      3. Бұл ретте кепiлдiк берiлген қарыз сомасы бұрын берiлген мемлекеттiк кепiлдiк бойынша қарыз сомасынан артық бола алмайды. Жаңадан берiлген мемлекеттiк кепiлдiкке осы Кодекстiң 206-бабының 1-тармағында белгiленген шектеулер қолданылмайды.

       216-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктiң қолданылуын тоқтату
                 негiздерi

      Мемлекеттiк кепiлдiк:
      1) қарыз алушы немесе кепiлгер Қазақстан Республикасының Үкiметi кепiлдiк берген қарыз бойынша мiндеттемелердi толық орындаған;
      2) егер кепiлдiк шартында (кепiлдiк мiндеттемесiнде) өзгеше айтылмаса, онда көрсетiлген кепiлдiк мерзiмi өткен;
      3) қарыз шартында және (немесе) кепiлдiк шартында (кепiлдiк мiндеттемесiнде) арнайы айтылған;
      4) мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қайта құрылымдау және (немесе) қарыз алушыны ауыстыру Кезiнде кепiлдiк жаңасына ауыстырылған жағдайларда, өзiнiң қолданысын тоқтатады.

       217-бап. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз қаражаттарын
                 пайдалануға қойылатын шектеулер

      Мемлекет кепiлдiк берген қарыз қаражаттарын қарыз шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттiк органдарға кредит беруге пайдалануға тыйым салынады.

       218-бап. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз қаражаттарының
                 пайдаланылуына бақылау жасау және жауаптылық

      Мемлекет кепiлдiк берген қарыз қаражатының пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк кепiлдiгi бар қарыз бойынша қарыз алушы және кепілдiк берген банк Қазақстан Республикасының Үкiметi кепiлдiк берген қарыз бойынша алынған қаражаттарды нысаналы пайдаланбағаны үшiн және қарыз алушы қарыз бойынша борыштық мiндеттемелердi орындамаған жағдайда мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындауға бөлiнген қаражаттарды қайтару үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жауаптылықта болады.

  47-тарау. Қарыз берушінің мүдделерін қорғау

       219-бап. Қарыз шарты бойынша мiндеттеменi
                 орындаудан бiржақты бас тартуға жол бермеу

      Қарыз шарты бойынша мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға немесе мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қарыз берушiнiң алдындағы мiндеттемелердi орындау мерзiмiн ұзартуға жол берiлмейдi.

       220-бап. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды
                 адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiнен қорғау

      Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып қабылдаған және мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тарту, пайдалану немесе өтеу шарттарын нашарлататын актiлерiнiң заңдық күшi болмайды.

       221-бап. Дауларды шешу

      1. Қарыз шарттарына, мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарға, үкiметтiк кепiлдiктерге байланысты немесе мемлекеттiк, үкiметтiк борышты, жергiлiктi атқарушы органдардың борышын немесе мемлекет кепiлдiк берген борышты басқаруды қоса алғанда, олардың қызметiне байланысты туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiнше келiссөздер жүргiзу арқылы не қарыз шарттарында, мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығару ережелерiнде белгiленген дауларды шешудiң бұрын келiсiлген рәсiмдерiне сәйкес шешiледi.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделмеген өзге даулардың барлығын, шетелдiк қарыз берушiнiң Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен дауларын қоса алғанда, егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының соттары шешедi.

  12-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

  48-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

       222-бап. Қазақстан Республикасының бюджет
                 заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының бюджет заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.  (РҚАО-ның ескертуі:  K010155  ;  V001285  қараңыз)

       223-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер

      1. Осы Кодекс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. 2005 жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттер осы Кодекске сәйкес әзiрленедi.
      Осы Кодекстi орындау үшiн қабылданған, 2005 жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi жоспарлау мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер оларға қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      3. Осы Кодекс қолданысқа енгiзiлген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және ол қолданысқа енгізiлген күннен бастап бiр жылдың iшiнде осы Кодекске сәйкес келтiрiлуге тиiс.
       Ескерту. 223-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.   N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       224-бап. Қазақстан Республикасының кейбiр
                 заңдарының күшi жойылды деп тану туралы

      2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының мына заңдарының күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңы  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 7, 225-құжат; N 20, 731-құжат; N 21, 783-құжат; N 23, 916, 928, 930-құжаттар; 2000 ж., N 21, 395-құжат; 2001 ж., N 1, 6-құжат; N 10, 123-құжат; N 23, 310-құжат; 2002 ж., N 18, 160-құжат; 2003 ж., N 14, 100-құжат; N 24, 178-құжат);
      2) "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының  Заңы  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 21, 784-құжат; 2001 ж., N 21-22, 282-құжат; 2003 ж, N 14, 101-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар);
      3) "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы" 2002 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 3, 21-құжат).

       Қазақстан Республикасының
      Президенті