Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 18 қыркүйек N 1408. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы мылтық ату жөнiндегi ұлттық құрама командасының 2000 жылғы Сиднейдегі (Австралия) ХХYII жазғы Олимпиадалық ойындарға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң Спорт және дене тәрбиесi комитетi Республикалық спорттың қолданбалы түрлерi бойынша жоғары спорттық шеберлiк мектебiнiң балансына тегiн негiзде саны 10 (он) бiрлiк ТОЗ-36 (49) спорттық тапаншалар мен саны

 

900 (тоғыз жүз) мың дана "Экстра" винтовкалық оқтарын берсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгіленген

тәртiппен спорттық қарулар мен оларға спорттық оқтар алуға рұқсатты

ресiмдесiн және олардың одан әрi пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


  Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Омарбекова А.