2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 Қаулысы (үзінді)

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет  кодексіне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Мыналардың:
       204 205 206 207 (құпия) 208 209 210 211 212 ,   213-қосымшаларға  сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2007 жылғы 12 желтоқсандағы  
N 1224 қаулысына       
204-ҚОСЫМША         

220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
              Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Стратегиялық, орта мерзімді экономикалық және
бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органның
қызметін қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны:  1047631 мың теңге (бір миллиард қырық жеті миллион алты жүз отыз бір мың теңге).
       2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:  Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет  кодексі , "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; "Ақпараттандыру туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 1426  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116  қаулысы .
       3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымды міндеттерін іске асыруға және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың толық және тиімді жүйесін қалыптастыру.
       5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ақша-кредит саясаты басымдықтарымен өзара іс-қимылы үшін фискалдық, кеден және бюджеттік инвестициялық саясатты, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар, экономиканың секторларындағы мемлекеттік активтерді басқару саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу, өзінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, шеберлікті және дағдыны жаңарту, бюджеттік инвестициялық жобалардың жан-жақты экономикалық сараптамасын қамтамасыз ету.
       6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

N
р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдарла-
маның
(кіші бағ-
дарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Стратегия-
лық, орта
мерзімді
экономика-
лық және
бюджеттік
жоспарлау
саласындағы
уәкілетті
органның
қызметін қамтамасыз
ету

  

  

  

2

  

001

Орталық
органның
аппараты

Қазақстан Респу-
бликасы Экономика
және бюджеттік
жоспарлау министр-
лігі функциялары-
ның орындалуын
қамтамасыз ету

Жыл бойы

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Экономика
және
бюджеттік
жоспарлау
министр-
лігі

3

  

007

Мемлекеттік
қызметші-
лердің бі-
ліктілігін
арттыру

Үш бағыт бойынша
мемлекеттік қыз-
метшілердің білік-
тілігін арттыру
жөніндегі қызмет-
терді сатып алу:
1) экономика және
қаржы;
2) басқару.
Мемлекеттік және
ағылшын тілдеріне
оқыту.

Жыл бойы

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Экономика
және
бюджеттік
жоспарлау
министр-
лігі

4

  

009

Мемлекеттік
органдарды
материалдық
-техникалық
жарақ-
тандыру

Қызметті материал-
дық-техникалық
қамтамасыз ету

Жыл бойы

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Экономика
және
бюджеттік
жоспарлау
минист-
рілігі

5

  

017

Ақпараттық
жүйелердің
жұмыс
істеуін
қамтамасыз
ету және
мемлекеттік
органдарды 
ақпараттық-
техникалық
қамтамасыз
ету

Уәкілетті органның
ақпараттық жүйеле-
рі мен жергілікті
міндеттерінің
жұмыс істеуін қам-
тамасыз ету үшін
қажетті есептеу,
желілік,
телекоммуникация-
лық және электр
жабдықтарын,
үздіксіз
қоректендіру көз-
дерін, құрамдауыш-
тары мен қосалқы
бөлшектерін,
шығыс материалдар
мен бағдарламалық
өнімдер сатып алу,
орнату, монтаждау
және сүйемелдеу.
Серверлік үй-жайы
мен конференц-зал
үшін жобалау
жөніндегі жабдық-
тарды, қызметтерді
сатып алу.
Интернет желісіне,
VРDN және элект-
рондық почтаға
қолжетімділік
қызметтері.
Министрліктің веб-
сайтын әзірлеу.
Негізгі тауарлар
нарығының статис-
тикасы мен шолуын,
жетекші елдер
компанияларының
және салалардың
рейтингтерін,
әлемнің негізгі
индустриялары мен
елдерінің ақпарат
көздерін қамтитын
онлайн дерекқорына
қол жеткізу.
"Юрист" ақпараттық
дерекқорына жазылу.

Жыл бойы

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Экономика
және
бюджеттік
жоспарлау
минист-
рілігі

6

  

100

Инвестиция-
лық жоба-
лардың эко-
номикалық
сараптамасы

Инвестициялық жо-
балардың экономи-
калық сараптама
жүргізу

Жыл бойы

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Экономика
және
бюджеттік
жоспарлау
минист-
рілігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:  Тікелей нәтиже: Әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін экономикалық және бюджеттік жоспарлау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде салық және бюджет жүйесі бойынша заңнамалық актілерді әзірлеуге қатысу.
      Кәсіби деңгейін арттыру - кемінде 35 адам, мемлекеттік тілді оқытуға - кемінде 128 адам, ағылшын тілін оқытуға - кемінде 60 адам.
      Компьютерлік техника паркін 22 %-ға жаңарту. Халықаралық іскерлік ақпаратқа тікелей қол жеткізу. 
      Жылына кемінде 100 бюджеттік инвестициялық жобаға бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүргізу.
      Түпкі нәтиже:
      Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді және экономикалық қызметтің түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтін Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесін барынша салааралық және өңіраралық үйлестіру; мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру және стратегиялық, орта мерзімді экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі алға қойылған міндеттерді іске асыру.
      Қазақстанның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін және экспорттық мүмкіндіктерін арттыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу.
      Инвестициялық жобаларды бағалау жөніндегі қызметтерді бәсекелі ортаға шығару.
      Қаржы-экономикалық нәтиже:
      Республикалық бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру.
      Бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға арналған орташа шығын - 37,20 мың теңге.
      Бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға арналған орташа шығын - 18,05 мың теңге.
      Бір мемлекеттік қызметшіні ағылшын тіліне оқытуға арналған орташа шығын - 16,8 мың теңге.
      Еңбекті және халықаралық іскерлік ақпаратты іздеу, шолу, жүйелендіру уақыты шығындарын азайту (статистика, талдамалық есептер).
      Уақтылығы:
      Іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес жоспарланған іс-шараларды орындау.
      Сапасы:
      Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын сапалы қалыптастыру; мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарымен өзара іс-қимыл үшін мемлекеттік фискалдық, кедендік және бюджеттік инвестициялық саясатты және ақша-кредит саясатын, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясатты қалыптастыру.
      Республикалық бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру.
      Қазіргі экономикалық талаптарға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына орай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілге оқыту курстарынан өткеннен кейін мемлекеттік тіл бойынша іс-жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 30%, ағылшын тіліне оқыту курстарынан өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 30%, біліктілігін арттыру курстарынан өткеннен кейін жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 30%.
      Бөлінетін бюджет қаражатының тиімділігін инвестициялық жобаларға тәуелсіз бағалау жүргізу жолымен арттыру.

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2007 жылғы 12 желтоқсандағы  
N 1224 қаулысына       
205-ҚОСЫМША         

220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
              Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Мемлекеттік жоспарлау саласында ақпараттық жүйені жаңғырту"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны:  186010 мың теңге (бір жүз сексен алты миллион он мың теңге).
       2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:  "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116  қаулысы .
       3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:  республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:  Осы заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру.
       5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:  Министрліктің қолданыстағы ақпараттық жүйелерін жаңарту және біріктіру.
       6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

N
р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдарла-
маның
(кіші бағ-
дарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003

  

Мемлекеттік
жоспарлау
саласында
ақпараттық 
жүйені
жаңғырту

Мемлекеттік жос-
парлау саласында
ақпарат жүйесін
дамыту. Сервер
сатып алу.

Жыл
бойы

Қазақстан
Респуб-
ликасы
экономика
және
бюджеттік
жоспарлау
министр-
лігі

  

  

  

  

  

  

  

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:  Тікелей нәтиже: тиімді мемлекеттік жоспарлауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.
      Түпкі нәтиже: стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау процестерін автоматтандыру.
      Қаржылық-экономикалық нәтиже:
      1) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясатының;
      тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы үшжылдық кезеңге арналған ресми трансферттердің көлемі туралы заңдардың;
      тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Заңды іске асыру туралы және Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары;
      жылдық қаржыландыру жоспарының жобаларын әзірлеу кезінде, сондай-ақ есептер дайындау және шешімдер қабылдау кезінде уақытты қысқарту;
      әмбебап және икемді жоспарлау құралын құру жолымен шығындарды, теңгерімді көрсеткіштер жүйесін қысқарту;
      бюджеттік және экономикалық жоспарлау рәсімдерін оңтайландыру жолымен еңбек өнімділігін арттыру.
      Уақтылығы: процестер мен операцияларды бақылау, мониторингін және талдау жүргізу жолымен жобалар әзірлеудің жеделдігін қамтамасыз ету.
      Сапасы: жобаларды, есептерді әзірлеу және шешімдер қабылдау сапасын арттыру, олардың келісімсіздігін және қарама-қайшылығын жою.

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2007 жылғы 12 желтоқсандағы  
N 1224 қаулысына       
206-ҚОСЫМША         

220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың
(бағдарламалардың) техникалық-экономикалық
негіздемелерін әзірлеу және сараптау"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны:  700000 мың теңге (жеті жүз миллион теңге).
       2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:  2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің  150-бабы ; "Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы N 245  қаулысы .
       3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:  республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:  тиісті үшжылдық кезеңге арналған республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру.
       5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:  тиісті үшжылдық кезеңге арналған республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған бюджеттік инвестициялардың басымдықтарына сәйкес инвестициялық жобаларды уақтылы дайындау, атап айтқанда:
      - республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеу;
      - республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техника-экономикалық негіздемелерін заңнамада көзделген сараптамадан өткізу.
       6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

N
р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдарла-
маның
(кіші бағ-
дарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004

  

Республика-
лық бюд-
жеттік ин-
вестициялық
жобалардың
(бағдарла-
малардың)
техникалық-
экономика-
лық негіз-
демелерін
әзірлеу
және
сараптау

1. Қазақстан Рес-
публикасы Үкіметі-
нің шешімімен бекітілген бөлуге
сәйкес жоспарланып
отырған кезеңнің
екінші немесе
үшінші жылында
іске асырылуы
басталатын респу-
бликалық бюджеттік
инвестициялық
жобалардың
(бағдарламалардың)
техника-экономика-
лық негіздемелерін
әзірлеуді
қаржыландыру.
2. Қазақстан Рес-
публикасы Үкіметі-
нің шешімімен
бекітілген бөлуге
сәйкес жоспарланып
отырған кезеңнің
екінші немесе
үшінші жылында
іске асырылуы
басталатын респу-
бликалық бюджеттік
инвестициялық
жобалардың
(бағдарламалардың)
техника-экономика-
лық негіздемеле-
ріне мемлекеттік
және заңнамаларда
көзделген басқа
да сараптамалар
жүргізуді
қаржыландыру.

қаңтар-
жел-
тоқсан

Бюджеттік
бағдар-
ламаның әкімші-
лігі,
Қазақстан
Респуб-
ликасы
Экономика
және
бюджеттік
жоспарлау
министр-
лігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:  Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілген бөлуге сәйкес республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді қаржыландыру, республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техника-экономикалық негіздемелеріне сараптама жүргізу.
      Түпкі нәтиже: республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асырылуы 2010 жылы басталатын Басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесіне енгізу.
      Уақтылығы: 700 000 мың теңге сомаға техника-экономикалық негіздемелерді әзірлеуді қаржыландыру және оның сараптамасын жүргізу 2008 жыл бойы жүзеге асырылады.
      Сапасы: әзірленген техника-экономикалық негіздемелердің және жүргізілген сараптамалардың сапасы белгіленген талаптарға сай келеді.

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2007 жылғы 12 желтоқсандағы  
N 1224 қаулысына       
207-ҚОСЫМША        
(құпия)        

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2007 жылғы 12 желтоқсандағы  
N 1224 қаулысына       
208-ҚОСЫМША         

220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
              Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Концессиялық жобаларды бағалау және сараптау"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 972000 мың теңге (тоғыз жүз жетпіс екі миллион теңге).
       2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:  "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңы , "Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарды беру, қарау және іріктеу және объектілерді концессияға беру жөнінде конкурс өткізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 тамыздағы N 814  қаулысы , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысы .
       3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуды ескере отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және орта мерзімді жоспарларын іске асыруды қамтамасыз ету, елдің тұрақты және қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін тиімді экономикалық тетігін қалыптастыру, экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру.
       5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : концессияға берілуі мүмкін объектілер жөніндегі ұсыныстарды сараптамадан өткізу; мемлекеттік органдар үшін концессиялық жобаларды бағалау және сараптамадан өткізу.
       6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдарла-
маның
(кіші бағ-
дарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

006

  

Концес-
сиялық
жобаларды
бағалау
және
сараптау

  

  

  

2

  

100

Концессияға
берілуі
мүмкін
объектілер
бойынша
ұсыныстарды
сараптау

Концессияға
берілуі мүмкін
объектілер бойынша
ұсыныстарды
сараптау.

Жыл бойы

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Экономика
және
бюджеттік
жоспарлау
министр-
лігі

3

  

101

Концес-
сиялық
жобаларды
бағалау мен
сараптау

Мемлекеттік
органдар үшін
концессиялық
жобаларды бағалау
және сараптау.

Жыл бойы

Конкурс-
тарды
ұйымдас-
тырушылар

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтиже: 
      Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарға жүргізілген сараптама бойынша қорытынды;
      Мемлекеттік органдар үшін концессиялық жобаларға жүргізілген бағалау мен сараптама бойынша қорытынды.
      Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасында концессия институтын дамыту, концессияға берілуі мүмкін объектілер, концессиялық жобалар бойынша ұсыныстар бойынша ұсынымдарды тұжырымдау.
      Қаржы-экономикалық нәтиже: концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарға сараптама және мемлекеттік органдар үшін концессиялық жобаларға бағалау мен сараптама жүргізуге жұмсалатын шығындар.
      Уақтылығы: Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарға сараптама және мемлекеттік органдар үшін концессиялық жобаларға бағалау мен сараптама нәтижелерін белгіленген мерзімде беру.

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2007 жылғы 12 желтоқсандағы  
N 1224 қаулысына       
209-ҚОСЫМША         

220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
              Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Экономика саласындағы қолданбалы зерттеулер"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 440000 мың теңге (төрт жүз қырық миллион теңге).
       2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі : "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310  Жарлығы , "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116  қаулысы , "Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 319  қаулысы .
       3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:  республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:  Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және орта мерзімді жоспарларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасының міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету, елдің тұрақты және қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін тиімді экономикалық тетікті қалыптастыру, ел экономикасының теңгерімділік деңгейін арттыру, экономиканы мемлекеттік басқаруды жетілдіру.
       5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:  елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары бойынша зерттеулер жүргізу; жалпы экономикалық, салааралық, өңірлік, сыртқы экономикалық проблемаларды шешу бөлігінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша шаралар мен тетіктерді тұжырымдау, экономиканы мемлекеттік басқаруды жетілдіру бойынша шараларды тұжырымдау.
       6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

N
р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдарла-
маның
(кіші бағ-
дарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

007

  

Экономика
саласындағы
қолданбалы
зерттеулер

Экономикалық сая-
сат, оның ішінде,
инвестициялық,
өңірлік және
бюджет саясатының
мәселелері бойынша
зерттеу

Жыл
бойы

Қазақстан
Респуб-
ликасы
экономика
және
бюджеттік
жоспарлау
министр-
лігі

  

  

  

  

  

  

  

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:  Тікелей нәтиже: экономикалық саясат саласындағы зерттеулер бойынша талдамалық есеп.
      Түпкі нәтиже: экономикалық жоспарлау және болжамдау бөлігінде мемлекеттік басқаруды экономикамен жетілдіру, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу
      Қаржы-экономикалық нәтиже: талдамалық зерттеулер жүргізуге жұмсалатын шығындар.
      Сапасы: елдің экономикалық дамуының неғұрлым өзекті және проблемалық мәселелерін қамту және зерттеулердің нәтижелерін мемлекеттік экономикалық саясатты жетілдіру үшін қолдануы мүмкіндігі.
      Уақтылығы: талдамалық зерттеулер нәтижелерін белгіленген мерзімде беру.

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2007 жылғы 12 желтоқсандағы  
N 1224 қаулысына       
210-ҚОСЫМША         

220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
              Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін
қайта қарау мәселелері бойынша халықаралық рейтинг
агенттіктерімен өзара іс-қимыл жасау"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 24786 мың теңге (жиырма төрт миллион жеті жүз сексен алты мың теңге).
       2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі : "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116  қаулысы .
       3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін қалыптастыру.
       5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : халықаралық рейтинг агенттіктерінің Қазақстан Республикасының төлем қабілетінің және инвестициялық тартымдылығының кіріктірілген көрсеткіші болып табылатын тәуелсіз кредиттік рейтингін растауы немесе қайта қарауы.
       6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдарла-
маның
(кіші бағ-
дарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

010

  

Қазақстан
Республи-
касының
егемен
кредиттік
рейтингін
қайта қарау
мәселелері
бойынша
халықаралық
рейтинг
агенттікте-
рімен өзара
іс-қимыл
жасау

Moody`s Investors
Service, Standart&
Poor`s Internatio-
nal Services Inc.
Fitch Ratings Ltd
халықаралық
агенттіктерінің
Қазақстан Респуб-
ликасының тәуелсіз
кредиттік рейтин-
гін растауы немесе
қайта қарауы бо-
йынша қызметтеріне
ақы төлеу.

2008
жылғы
мамыр,
тамыз,
қазан

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Экономика
және
бюджеттік
жоспарлау
министр-
лігі

  

  

  

  

  

  

  

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтиже: халықаралық рейтингтік агенттіктерге олар көрсеткен қызметтері үшін уақтылы ақы төлеу
      Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын (екінші деңгейдегі банктер, ірі компаниялар) қарыз алушы компаниялардың корпоративтік кредиттік рейтингтеріне ықпал ететін ҚР тәуелсіз кредиттік рейтингін қайта қарау немесе растау.
      Қаржы-экономикалық нәтиже: Халықаралық рейтинг агенттіктерінің қызметіне мына мөлшерде ақы төлеу: Moody`s Investors Service - 6 075 мың теңге, Standart& Poor`s International Services Inc. - 6 075 мың теңге және Fitch Ratings Ltd - 12 636 мың теңге.
      Сапасы: Қазақстан Республикасының міндеттемелері үшін инвестициялық тәуекелдің төмен болуынан көрінетін Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін қанағаттандыру; Қазақстан Республикасының инвесторлық базасын кеңейту; тәуелсіз еврооблигацияларды орналастырған жағдайда қарыз алу құнын азайту.

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2007 жылғы 12 желтоқсандағы  
N 1224 қаулысына       
211-ҚОСЫМША         

220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
              Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы зерттеулер"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 1494450 мың теңге (бір миллиард төрт жүз тоқсан төрт миллион төрт жүз елу мың теңге).
       2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі : "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 желтоқсандағы N 1285  қаулысы ; "2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы N 1203  қаулысы ; "Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасында Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 мамырдағы N 370  қаулысы .
       3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және орта мерзімді жоспарларын іске асыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік қаржыны басқаруды жетілдіру, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, ел экономикасының теңгерімдік деңгейін арттыру негізінде халықтың тұрмыс деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін тиімді экономикалық тетігін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін арттыру.
      Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық өсуіне қол жеткізу, мемлекеттік басқару мен өндірістік сектордың деңгейін арттыру, сондай-ақ мұнай-газ секторына кірмейтін салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
       5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : Қабылданған бағдарламалық іс-шараларды іске асыру бойынша қажетті өзгерістер мен түзетулерді орындау мақсатында тиісті шешімдер қабылдау үшін талдамалық материалдар даярлау; әлеуметтік-экономикалық сипаттағы бірлескен талдамалық зерттеулер жүргізу жолымен халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту.
       6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдарла-
маның
(кіші бағ-
дарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

011

  

Әлеуметтік-
экономика-
лық даму
саласындағы
зерттеулер

  

  

  

2

  

006

Респуб-
ликалық
бюджеттен
грантты
бірлесіп
қаржыланды-
ру есебінен

1. Халықаралық
Қайта Құру және
Даму Банкімен
2008 қаржы жылына
арналған Техника-
лық ынтымақтастық-
тың жыл сайынғы
бағдарламасында
көзделген Бірлес-
кен экономикалық
зерттеулер бағдар-
ламасын іске асыру
шеңберінде зерт-
теулер жүргізу.
2. Халықаралық
даму жөніндегі
Американ агентті-
гімен экономикалық
даму бағдарламасын
іске асыру.

қаңтар-
жел-
тоқсан

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Экономика
және
бюджеттік
жоспарлау
министр-
лігі

3

  

018

Грант есебінен

1. Халықаралық
Қайта Құру және
Даму Банкімен 2008
қаржы жылына ар-
налған Техникалық
ынтымақтастықтың
жыл сайынғы
бағдарламаларында
көзделген Бірлес-
кен экономикалық
зерттеулер бағдар-
ламасын іске асыру
шеңберінде зерт-
теулер жүргізу.
2. Халықаралық
даму жөніндегі
Американ агентті-
гімен экономикалық
даму бағдарламасын
іске асыру.
2.1. Халықаралық
даму жөніндегі
Американ агентті-
гінің экономикалық
даму бағдарламасын
іске асыру туралы
есептер даярлау.

қаңтар-
жел-
тоқсан

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Экономика
және
бюджеттік
жоспарлау
министр-
лігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының Үкіметіне есептер мен ұсыныстар даярлау және беру, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен және Халықаралық даму жөніндегі Американ агенттігімен жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік билік органдары үшін консультациялар өткізу.
      Түпкі нәтиже:
      Қабылданған бағдарламалық іс-шараларды іске асыру бойынша қажетті өзгерістер мен түзетулерді орындау мақсатында тиісті шешім қабылдау үшін талдамалық зерттеулердің нәтижелерін уәкілетті мемлекеттік органдардың (мембағдарламалар әкімшілерінің) тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін талдамалық зерттеулердің нәтижелерін қолдану.
      Мемлекеттік органдар қызметінің, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының проблемалы мәселелері бойынша шешімдер даярлау сапасының, бағдарламалық құжаттар әзірлеудің тиімділігін арттыру.
      Қаржы-экономикалық нәтиже: экономиканың шешуші секторларындағы мемлекеттік органдар жұмысында талдамалық зерттеулердің нәтижелерін қолдану жолымен республикалық бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру.
      Сапасы: Зерттеулер нәтижелерін мемлекеттік экономикалық саясатты жетілдіру үшін, сондай-ақ бағдарламалық құжаттар әзірлеу үшін қолдану мүмкіндігі.
      Уақтылығы: Талдамалық зерттеулер нәтижелерін 2006-2007 қаржы жылдарына арналған Техникалық ынтымақтастықтың жылсайынғы бағдарламаларында белгіленген мерзімге сәйкес мерзімде ұсыну.

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2007 жылғы 12 желтоқсандағы  
N 1224 қаулысына       
212-ҚОСЫМША         

220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
              Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Мемлекеттік басқаруының көкейтесті мәселелерін зерделеу"
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 282265 мың теңге (екі жүз сексен екі миллион екі жүз алпыс бес мың теңге).
       2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі : "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008-2009 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы N 79  қаулысы ; Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319  қаулысы .
       3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : мемлекеттік активтерді және мемлекеттік жоспарлауды басқару жүйесін жетілдіру
       5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : мемлекеттік холдингтер және оның құрамына кіретін компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік жоспарлау жүйесін басқару мәселелері жөніндегі заңнамаларды жетілдіру.
       6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдарла-
маның
(кіші бағ-
дарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

020

  

Мемлекеттік
басқаруының
көкейтесті
мәселелерін
зерделеу

Мемлекеттік басқа-
ру саласында, оның
ішінде, мемлекет-
тік жоспарлау жү-
йесінде мемлекет-
тік активтерді
басқару мәселелері
бойынша зерттеу

Қаңтар-
жел-
тоқсан

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Экономика
және
бюджеттік
жоспарлау
министр-
лігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтиже: мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мәселелері бойынша талдамалық, әдістемелік құжаттар.
      Түпкі нәтиже:
      - мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру;
      - нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін құру және енгізу.
      Қаржы-экономикалық нәтиже: Мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мәселелері бойынша ұсыныстар, әдістемелік материалдар әзірлеуге арналған шығындар
      Уақтылығы: зерттеу нәтижелерін уақтылы ұсыну;
      Сапасы: Қазақстан жағдайында зерттеу нәтижелері бойынша ұсынылған ұсыныстар мен әдістемелік құжаттардың қолданылуы

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2007 жылғы 12 желтоқсандағы  
N 1224 қаулысына       
213-ҚОСЫМША         

220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
              Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Экономика саласындағы басшы қызметкерлер мен
менеджерлердің біліктілігін арттыру"
деген 042 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 163772 мың теңге (бір жүз алпыс үш миллион жеті жүз жетпіс екі мың теңге).
       2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі : 2007 жылғы 17 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Герман Федеративті Республикасы Үкіметі арасындағы экономика саласында басшылық қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру саласында ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме.
       3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:  республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:  қазақстандық кәсіпорындар қызметкерлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және нарық жағдайында жұмысқа бағдарлануын арттыру. Қазақстан мен неміс кәсіпорындарының арасында екіжақты экономикалық байланыстардың интенсивтендірілуіне жәрдемдесу.
       5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:  еліміздің нарықтық экономикасының салиқалы негізін жасау қолынан келетін менеджерлердің жаңа буынын тарту; басқарудың осы заманғы үрдістерін енгізу есебінен еліміздің экономикасы саласында ұйымдастыру құрылымын жетілдіру; кадрлардың біліктілігін жетілдіру және Қазақстан мен Германияның тиісті фирмаларының өзара іс-қимылы бөлігінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау.
       6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

N
р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдарла-
маның
(кіші бағ-
дарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

042

  

Экономика
саласындағы
басшы қыз-
меткерлер
мен менед-
жерлердің
біліктілі-
гін арттыру

І. Шетелдік оқыту-
шыларды тарта
отырып, экономика
саласындағы басқа-
рушы қызметкерлер
мен менеджерлердің
біліктілігін
арттыру.
Оқу мерзімі алты
айдан артық емес.
II.  Біліктілікті
арттыру орталықта-
рының санын
көбейту.
III. Қазақстан
Республикасы мен
Герман Федеративті
Республикасының
бірлескен
мәлімдемесінің
шарттарына сәйкес
Герман Федеративті
Республикасының
кәсіпорындарына
таңдаулы басшы
қызметкерлер мен
менеджерлерді
тағылымдамаға
жіберу.
IV. Таңдаулы
менеджерлерді
Герман Федеративті
Республикасында
тағылымдамадан
өткізу іс-шара-
ларын үйлестіру.
V. Герман Федера-
тивті Республика-
сында тағылымдама-
дан өткізу тәжіри-
бесі туралы ақпа-
рат алмасу
мүмкіндігін
қамтамасыз ету.
VI. "Халықаралық
біліктілікті арт-
тыру және InWent
даму" қоғамымен
ынтымақтастық шең-
берінде менеджер-
лердің біліктілі-
гін арттырудың
шетелдік тәжірибе-
сін зерделеу.
VII. Германия Үкі-
метінің тапсырмасы
бойынша "Халықара-
лық біліктілікті
арттыру және In
Went даму" қоғамы
таңдаған германия-
лық оқу орнымен
бірлесіп қатысу-
шыларды оқыту
Бағдарламасын
әзірлеу.
VIII. Германияда
тағылымдамадан
өткен тыңдаушылар-
ды тарта отырып
бағдарламаларға
қатысушылар үшін
семинарлар өткізу.

Жыл
бойы

Қазақстан
Респуб-
ликасы
экономика
және
бюджеттік
жоспарлау
министр-
лігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтиже: Менеджерлердің экономика және өндірісті басқару саласында біліктілігін арттыру.
      Түпкі нәтиже: Осы заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес менеджерлердің экономика саласында біліктіліктерін жетілдіру. Еліміздің экономикасының нақты секторындағы ұйымдарда жұмыс істеу үшін кадрлар резервін құру. Герман Федеративтік Республикасының компанияларымен әріптестік қатынастар орнату.
      Уақтылығы: жасалатын шарттарға сәйкес жыл бойы.
      Сапасы: қазақстандық кәсіпорындардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру.