Қазақстан Республикасының Yкiметi және Америка Құрама Штаттарының Yкiметi арасында Экономикалық даму жөнiндегi Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандум жасасу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 мамырдағы N 370 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi және Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Экономикалық даму жөнiндегi Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi Болат Әбiлқасымұлы Палымбетовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi және Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасында Экономикалық даму жөнiндегi Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандум жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка
Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Экономикалық
даму жөнiндегi Қазақстан - Американ бағдарламасы
бойынша өзара түсінiстiк туралы
МЕМОРАНДУМ

       1. Мақсаттары

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - ҚР Yкiметi) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi тұлғасында және Америка Құрама Штаттарының Үкiметi (бұдан әрi - АҚШ Үкiметi) Халықаралық даму жөнiндегi американ агенттiгi (ЮСАИД) тұлғасында,
      "Хьюстон бастамасы" экономикалық даму жөнiндегi Қазақстан - Американ бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) әзiрлеу және iске асыру үшiн осы Экономикалық даму жөнiндегi Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандумға (бұдан әрi - Меморандум) қол қоюға ниет бiлдiредi. Осы Меморандум Бағдарламаның негiзгi қағидаттарын және шарттарын түсiнудi қамтиды.

       2. Жәрдемдесудiң мәнi

      2.1.  Мiндеттер . Қазақстан экономикасын әртараптандыруға жәрдемдесу, экономиканың, оның iшiнде кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, және орнықты экономикалық өсуге қол жеткiзу Бағдарламаның мiндеттерi (бұдан әрi - мiндеттер) болып табылады.
      2.2.  Нәтижелер . Осы мiндеттерге қол жеткiзу және Бағдарламаны iлгерiлету үшiн Тараптар Қазақстанда экономикалық өсуге жәрдемдесу үшiн қажеттi мынадай нәтижелерге қол жеткiзу үшiн бiрлесiп жұмыс iстеуге келiсiм бiлдiредi:
      нарық субъектiлерiнiң қаржыландыруға және инвестицияларға кеңейтiлген қолжетiмдiгi;
      кәсiпкерлiк бiлiм деңгейiн арттыру мен ақпаратқа қолжетiмдiлiк арқылы адами капиталды дамыту;
      бәсекеге қабiлеттiлiктi және экономика салаларының өсу қарқынын арттыру;
      инвестициялық ахуалды жақсарту және әлемдiк экономикалық жүйеге ықпалдасу.
      2.3.  Тиiмдiлiктiң мониторингi және индикаторлар . Талаптар тиiмдiлiк индикаторларын және тиiстi күтiлетiн көрсеткiштердi кейiннен оларды жыл сайынғы Iс-шаралар жоспарына қосу үшiн, әзiрлеуге және бекiтуге мiндеттi. Бұл индикаторлар мен көрсеткiштер Бағдарламаны iске асыру тиiмдiлiгiн  талдау үшiн қажеттi. Осы нәтижелерге қол жеткiзу және олардың мониторингi Тараптардың бiрлескен мiндеттемелерi болып табылады.
      2.4.  Бағдарламаның құрылымы мен сипаты . Тараптар арасындағы үйлестiру құралдары осы Меморандумның 5-бабында жазылған. 4-бапта көрсетiлген Бағдарлама компоненттерiнiң сипатына және 2.2-тармақта көрсетiлген нәтижелерге өзгерiстер 8.5-тармақта көрсетiлген Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң өзара жазбаша келiсiмi бойынша осы Меморандумға формалды қосымша қабылдамай-ақ енгiзiлуi мүмкiн.
      2.5.  Техникалық жәрдем . Осы Меморандумның шеңберiнде көрсетiлетiн техникалық жәрдем мынадай iс-шараларды қамтиды, бiрақ та олармен ғана шектеле қоймайды: консультациялық қызметтердi (шетелдiк және жергiлiктi консультанттарды ұзақ және қысқа мерзiмдi негiзде тарту арқылы) ұсыну, мақсатты тренингтер өткiзу, зерттеу және талдамалық жұмыстарын жүргізу, және Қазақстан алдына қойған даму мақсаттарына қол жеткiзуде ұлттық потенциалды күшейту үшiн қажеттi жәрдемдесудiң өзге де түрлерi.

       3. Жиындық жоспарлы бюджет және тараптар салымдары

      3.1. Осы Меморандум мақсатында Бағдарламаның әр күнтiзбелiк жұмыс iстеу жылы бағдарламалық жыл болып айқындалады;
      3.2. Жыл сайынғы Iс-шаралар жоспарында тараптар жобалар тiзбесiн және әр бағдарламалық жылға шығыстар сметасын бекiтедi. Iс-шаралар мен олардың бағасын Тараптар әр бағдарламалық жыл алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн жазба түрiнде келiсуге жатады;
      3.3. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен ЮСАИД Бағдарламаны қаржыландыруға бiрлесе қатысады. Тараптар мынадай әр бағдарламалық жылға арналған төмендегiдей болжамды қаржыландыру үлесiн және 3.2-тармақта көрсетiлген шарттарға сәйкес жүргiзуге келiсiм бiлдiредi: 
                                               АҚШ доллары

Бағдарламалық жыл

Жалпы бюджет

ЮСАИД

Қазақстан Республикасының Yкiметi

1-қаңт. - 31 желт.
2006 ж

10.000.000

75%

7.500.000

25%

2.500.000

 1-қаңт. - 31 желт
2007

10.000.000

65%

6.500.000

35%

3.500.000

1-қаңт. - 31 желт.
2008

10.000.000

55%

5.500.000

45%

4.500.000

1-қаңт. - 31 желт.
2009

10.000.000

50%

5.000.000

50%

5.000.000

Итого:

40.000.000

  

24.500.000

  

15.500.000

      3.4. Қазақстан Республикасының Үкiметi кез-келген белгiленген бағдарламалық жылда өзiнiң жыл сайынғы Бағдарламадағы болжамды үлесiнен асып түсетiн ақшалай қаражатты аудара алады. Бұл жағдайда артылған қаражат келесi бағдарламалық жылдың есебiне Бағдарламаның Қазақстан Республикасы Үкiметi салымының бiр бөлiгi ретiнде қабылданады;
      3.5. Кез-келген бағдарламалық жылда игерiлмеген қаражат келесi бағдарламалық жылға жоспарланған бюджетке қосымша ретiнде аударылатын болады. Игерiлмеген қаражат - шығындарды қоспағанда, жобаларды iске асыруға бөлiнген қаражат. Шығындар төленген сомаларды және бөлiнген бiрақ та төленбеген сомалардан тұрады.

        4. Бағдарламаның болжамды компоненттерi

      Төменде болжамды iс-шаралар тiзiмi ұсынылып отыр, оларды Тараптар көрсетiлген нәтижелерге қол жеткiзу үшiн iске асыра алады:
      4.1.  Қаржы және инвестициялар . Қазақстан iшкi қаржы нарығын дамытуда айтарлық үлкен жетiстiктерге жеткенiмен, кредиттеу мөлшерiн ұлғайту, қосымша инвестицияларды тарту және Қазақстанның ұзақ мерзiмдi экономикалық өсу потенциалын жақсарту үшiн бұл рыноктарды одан әрi нығайту және кеңейту қажет. Бұл мақсатқа қол жеткiзу қаржы институттарын нығайтуға, шағын кредиттеудi қолдауға және шағын бизнес субъектiлерiне кредит беруге және компаниялардың инвестициялық мүмкiндiктерiн кеңейтуге көзделген iс-шаралардың арқасында мүмкiн болады.
      4.2.  Адами капитал . Экономикалық өсу және даму экономикалық, әкiмшiлiк, құқықтық және ғылыми мәселелерде, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызмет саласында бiлiм мен тәжiрибенiң болуын қажет етедi. Жоғары сапалы адами капитал мықты мемлекеттiк және жеке меншiк институттарын және нақты әртараптандырылған жеке секторды құруға ықпал етедi. Қазақстанның дамуы үшiн экономикалық саясатты қалыптастыруға және экономикалық даму процесiне қатыса алатын бiлiктiлiгi жоғары кадрлардың тапшылығы негiзгi факторлары болып табылады. Жастарға, сондай-ақ экономикалық және бизнес факультеттерiнiң түлектерiн жұмысқа орналастыруға және олардың қызметтiк өсуiне қолдау жасау қажет.
      Экономикалық және бизнес бiлiмiн одан әрi жетiлдiру сондай-ақ оны әрдайым жақсарту үшiн негiз құруға мыналар арқылы қол жеткiзiлуi мүмкiн:
      кәсiпкерлiк субъектiлерiне және мемлекеттiк органдарға арналған мақсатты тренингтер өткiзу;
      кәсiпкерлiк қызмет және экономика саласында субъектiлердiң мұқтажына жауап беретiн бiлiм беру бағдарламаларын әзiрлеу арқылы бизнес және экономикалық бiлiмнiң сапасын жақсарту және сол бағдарламаларды халықаралық бiлiм беру стандарттарын сәйкес келтiру;
      жұмысқа орналасу мүмкiндiгiн арттыру немесе өз бизнесiн ашу үшiн жастарды қажеттi нарық бiлiмiмен, тәжiрибе мен дағдылармен қамтамасыз ету.
      4.3.  Кәсiпкерлiктiң өсуi және бәсекеге қабiлеттiлiк .  Кәсiпкерлiкке бәсекеге қабiлеттiлiктi дамыту мен арттыруда қолдау көрсету үшiн бизнес-қызметтер ұсынатын ұйымдарды тарту арқылы және бизнес ассоциациялармен ынтымақтасудың мақсатқа сәйкестiлiгi болған жағдайда мынадай iс-шаралар iске асырылуы мүмкiн:
      техникалық және басқарушылық мәселелерi жөнiнде консультациялық қызметтер;
      мақсатты бизнес тренингтер;
      өңiрлiк саудаға жәрдемдесу, маркетингiлiк қызметтер;
      қаржылық менеджмент және бухгалтерлiк есеп.
      4.4.  Инвестициялық климат және жаhандық ықпалдасу . Кәсiпкерлiкке инвестициялық климатты айтарлықтай жақсарту және Қазақстанның өңiрлiк және халықаралық сауда жүйесiне неғұрлым терең ықпалдасуы Қазақстанда экономиканың орнықты өсуiне қажеттi шарттар болып табылады. Бұл мақсатқа мынадай мiндеттердi шешу арқылы қол жеткiзуге болады:
      мемлекеттiк мекемелердiң, сондай-ақ бизнес-қауымдастықтардың институционалдық мүмкiндiктерiн дамыту;
      құқықтық талдау жүргiзу және заңдарды әзiрлеудi қолдау;
      бюджеттiк процестi, аудиторлық жұмысты, сондай-ақ талдамалық жұмысты жетiлдiру арқылы мемлекеттiк қаражатты пайдалануда мемлекеттiк органдардың жауапкершiлiгiн арттыру;
      коммерциялық құқық саласында заңдар мен нормативтiк актiлердi тиiстi түрде қолдану және орындау;
      Қазақстанның Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына кiруiне қолдау жасау халықаралық ережелерге сәйкес саудаға қатысу үшiн тұлғалық, адами және институционалдық әлеуетiн арттыру.

        5. Іс-шараларды жүзеге асыру бойынша рәсiмдер

      5.1.  Бағдарламаның үйлестiрушiлерi . Әрбiр тарап Бағдарламаны әзiрлеу және орындауды қадағалау, тиiмдiлiк индикаторларын және күтiлетiн нәтижелерiн әзiрлеу және кезеңдiк шолу процестерiне басшылық жасау, жыл сайынғы Іс-шаралар жоспарын дайындау, сондай-ақ Бағдарламаны орындау жөнiнде есеп дайындауға бақылауды қамтамасыз ету үшiн Бағдарламаның үйлестiрушiсiн тағайындау қажет. Yйлестiрушiлер Бағдарламаны iске асыруға қатысатын ведомстволармен бағдарламаларды үйлестiрудi қамтамасыз ету үшiн жауапты болады.
      5.2.  Күнделiк негiзде Бағдарламаны басқару.  Тараптар ЮСАИД-ке Бағдарламаны басқаруға, жыл сайынғы Iс-шаралар жоспарын әзiрлеуге, әр бағдарламалық жылдың соңында жыл сайынғы есептер дайындауға және айқындалған жобаларды iске асыруға өкiлеттiк бередi. Жыл сайын Тараптар көрсетiлген бағдарламалық жылға iс-шаралар және негiзгi нәтижелер айқындалған жыл сайынғы Iс-шаралар жоспарын келiсетiн болады.

       6. Қаржыландыру тетiгi

      6.1.  Арнайы шот . Қаражат болған жағдайда, ҚР Үкiметi осы Меморандум шарттарына сәйкес Америка Құрама Штаттары Үкiметi атынан ЮСАИД пайдалану yшiн ЮСАИД-тiң арнайы шотына (бұдан әрi - арнайы шот) АҚШ долларында өзiнiң жыл сайынғы төлемдерiн орналастыруға келiсiм бередi. ҚР Үкiметiнiң қаржыландыру үлесi кейiннен 7-тармаққа сәйкес шарттар, гранттар  және ынтымақтастық туралы келiсiмдер арқылы қаржыландыру үшiн пайдаланатын болды олардың негiзiнде Бағдарлама iске асырылады.
      6.2.  ҚР Үкiметiнiң қаржы қаражатын аудару тетiгi . Қаражат болған жағдайда, ҚР Үкiметi осы Меморандумның 3.3-тармағына сәйкес 1-қосымшада көрсетiлген "Қаржы аудару туралы хат үлгiсi" жөнiндегi құжаттамаға сәйкес әр бағдарламалық жылдың 1 сәуiр және 1 тамызында екi тең аударулар арқылы арнайы есеп шотқа жыл сайынғы төлемдердi жүргiзуге келiсiм бередi.
      6.3.  ЮСАИД-тiң қаржыландыру тетiгi . Қаражат болған жағдайда, ЮСАИД АҚШ Үкiметi атынан осы Меморандумда айтылған iс-шараларды iске асыруды қамтамасыз ету үшiн осы Меморандумның 3.3-тармағына сәйкес Бағдарламаға үлес қосуға келiсiм бередi.

       7. Iске асыру тетiгi

      7.1.  Iске асыру құралдары және қаржыландыру . Тараптар келiскен және 4-тармақта көрсетiлген техникалық жәрдемдi көрсету үшiн ЮСАИД-тiң АҚШ Үкiметiнiң заңнамасына және ЮСАИД-тiң саясаты мен қағидаларына сәйкес Бағдарламаны iске асыруға қатысатын ұйымдармен техникалық жәрдем және тиiстi тауарлар мен қызметтер сатып алу мақсатында келiсiм-шарттар жасауға және келiсiмге қол қоюға мүмкiндiгi бар. Тараптар бiрлесiп келiсiм-шарттар және техникалық тапсырмалардың шарттарын әзiрлеуге, сондай-ақ тиiстi жұмыстарды iске асыру үшiн мердiгерлердi таңдауға қатысатын болады. Америка Құрама Штаттары Үкiметiнiң барлық iс-шаралары осы Меморандумның шеңберiнде қаражат болған жағдайда жүзеге асырылатын болады.

       8. Жалпы ережелер

      8.1.  Мерзiм . Меморандумның қолданылу мерзiмi 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы немесе тараптар жазбаша түрде уағдаласуы мүмкiн неғұрлым кеш мерзiмге дейiнгi кезең болып саналады.
      8.2.  Қаржылық мiндеттемелер . Осы Меморандум қаржылық мiндеттеме болып саналмайды, сондай-ақ ЮСАИД немесе ҚР Yкiметi тарапынан қаржылық мiндеттемелердiң туындау құралы болып саналмайды.
      8.3.  ҚР Үкiметi төмендегiмен келiстi:
      Бағдарламаны iске асыруға байланысты ұсынылатын немесе қолданылатын тауарлар, жеткiзулер және өзге меншiк Қазақстан белгiлеген қандай да бiр тарифтер, алымдар, кедендiк баждар, импортқа салық немесе басқа да осындай салықтар немесе алымдар алынбай Қазақстанға әкелiнуi, одан шығарылуы немесе онда қолданылуы мүмкiн;
      Бағдарламаны орындауға жауапты АҚШ-тың кез келген үкiметтiк немесе жеке меншiк ұйымы, сондай-ақ Қазақстанның азаматы немесе тұрақты тұрғыны болып саналмайтын және осындай бағдарламаны iске асыру бойынша сонда жүрген жеке меншiк ұйымның кез келген персоналы:
      1) Қазақстан немесе оның есептi органдары белгiлеген кiрiстерге, әлеуметтiк қамтамасыз етуге кез келген салықтардан және өзге де салықтардан, Бағдарламаны iске асырудан түсетiн түсiмдерден;
      2) кез келген тарифтерден, салымдардан, кедендiк алымдардан, импорт салықтарынан және өзге де осындай салықтардан немесе төлемдерден, Қазақстанда осы персоналдың немесе олардың отбасылары мүшелерiнiң жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн, шығарылатын немесе қолданылатын жеке немесе үй мүлiгiне салынатын салықтардан босатылады.
      8.4.  Жариялылық.  ҚР Үкiметi Америка Құрама Штаттары Үкiметiнiң қатысуымен болған Бағдарламаны тиiстi түрде жариялауды қамтамасыз етедi.
      8.5.  Уәкiлеттi өкiлдер.  Уәкiлеттi өкiлдер осы Меморандумға қол қоюға құқығы бар Тараптарды ұсынулары қажет. Әр Тарап басқа Тарапты жазбаша түрде хабарлау арқылы осы Меморандумға ресми қосымшалар жасаудан басқа толық көлемде осы Тарапты ұсынуға  уәкiлеттi қосымша тұлғаларды тағайындауға құқылы. Әр Тарап екiншi  Тарапты өзiнiң уәкiлеттi өкiлдерiнiң құрамындағы өзгерiстер туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
      8.6.  Ақпарат.  ҚР Үкiметi мен ЮСАИД жәрдем көрсетуге және оның тиiмдiлiгiн бағалауға жәрдемдесуге қажеттi ақпаратпен бiр-бiрiн қамтамасыз етуi қажет.
      8.7.  Ақпарат алмасу.  Осы Меморандум Тараптарының бiрiнен келiп түскен кез келген хабарламалар, сұраулар, құжаттар немесе хат алысудың өзге де түрлерi мынадай мекен-жайлар бойынша тиiстi түрде екiншi Тарапқа жiберiлген болса ұсынылған немесе жiберiлген болып саналады:
      ҚР ЭБЖМ-ге:
      010000 Қазақстан, Астана қ., Жеңiс даңғ., 11, ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi, факс: (3172) 71-71-29
      ЮСАИД-ке:
      050100 Қазақстан, Алматы қ., Қазыбек би көшесi, 41, Американың
Халықаралық даму жөнiндегi агенттiгi, факс: (3272) 50-76-35
      Тараптардың келiсiмi бойынша барлық хат алысулар қазақ, ағылшын немесе орыс тiлдерiнде ұсынылуы тиiс. Жоғарыда көрсетiлген почталық мекен-жайлар жазбаша хабарламалар негiзiнде өзгертiлуi мүмкiн.
      8.8.  Меморандумға толықтырулар мен өзгерiстер.  Осы Меморандумға өзгерiстер мен толықтырулар Меморандумның ажырамас бөлiгi болып саналатын қосымша келiсiмдер жасау арқылы енгiзiлуi мүмкiн.
      8.9.  Бұзу.  Кез келген Тарап осы Меморандумды толық немесе бөлiгiнде жазбаша хабарлау түрiнде әр күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн кем дегенде тоқсан (90) күн бұрын хабарлап тоқтатуға мүмкiндiгi бар. Жартылай бұзған жағдайда осындай хабарламада Меморандумның алынып тасталатын тармақтары туралы ақпарат болуы қажет. Осы Меморандумды тоқтату Меморандумда айтылған Тараптардың кез келген мiндеттерiн алып тастайды.
      8.10.  Тiл.  Осы Меморандум қазақ, ағылшын және орыс тiлдерiнде жасалған. Мәтiндер бойынша әр түрлi оқулар немесе даулар туындаған жағдайда ағылшын тiлiндегi мәтiн заңды түрде басым болып табылады.
      8.11.  Күшiне ену.  Осы Меморандум Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекеттiкiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алғаннан кейiн күшiне енедi.
       Қазақстан, Астана қаласында 2006 жылғы _____________ қазақ, ағылшын, орыс тiлдерiнде әрқайсысы екi данадан, алты данада жасалды.

      Қазақстан Республикасының       Америка Құрама Штаттары
      Үкiметi үшiн                    Yкiметi үшiн

      Аты-жөнi:                       Аты-жөнi:

      Лауазымы:                       Лауазымы:

N 1 Қосымша

Қаржы қаражатын аудару туралы хат нысаны

      Осы ҚАРЖЫ ҚАРАЖАТЫН АУДАРУ ТУРАЛЫ ХАТ 2006 жылғы ________ Экономикалық даму жөнiндегi Қазақстан - Америка бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi және Америка Құрама Штаттарының Үкiметiнiң арасындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумға сәйкес жасалған.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - ҚР Үкiметi) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi арқылы Америка Халықаралық даму жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - ЮСАИД) арқылы Америка Құрама Штаттарының Үкiметiне Алматы қаласында, Қазақстан, ______________ жылы басталып және ___________жылы аяқталатын (Меморандумда айқындалған) осы бағдарламалық жылға арналған Бағдарламаның мақсаттарын қолдау үшiн___________ АҚШ доллары  көлемiнде (сомасын толық жазу) сома (бұдан әрi - ҚР Үкiметiнiң /ЭБЖМ қаржыландыру үлесi) бөледi.
      1. ҚР Үкiметiнiң /ЭБЖМ қаржыландыру үлесiн ЮСАИД Бағдарламаға сәйкес iс-шараларды орындау үшiн пайдаланылатын болады.
      Жоспарланған кезеңде мемлекеттiк органдар бөлiнiсiнде мынадай iс-шаралар бойынша жұмыстар жүргiзiлетiн болады:

      (iс-шара)                           (сомасы)

      2. ҚР Үкiметiнiң /ЭБЖМ қаржыландыру үлесiн ЮСАИД пайдалану бөлiгiнде кез келген маңызды өзгерiстер (ЮСАИД-тiң қарауы бойынша) ЭБЖМ-ге бекiтуге алдын ала жазбаша түрде ұсынылуы қажет. Егер ұсынылатын өзгерiстердi ресми түрде алған күннен бастап екi апта өткенге дейiн, ЭБЖМ ұсынылатын өзгерiстермен келiспейтiнiн айтпаса немесе өзгерiстерге ешқандай түзетулер ұсынбаса, бұл өзгерiстер ҚР Үкiметiнiң /ЭБЖМ қаржыландыру үлесiн пайдалануға қатысты қабылданған болып саналады.
      3. ҚР Үкiметiнiң /ЭБЖМ қаржыландыру үлесiн электрондық төлеу арқылы арнайы жеке есеп шотқа ЮСАИД аударатын болады. Осы есеп шоттағы сомаға қосылған банктiң сыйақысы және кез келген артық қаражат тараптардың өзара келiсуi бойынша бағдарламаның мақсаттарына пайдаланылатын немесе ҚР Үкiметiне қайтарылатын болады.
      4. Тауарлар және қызметтер сатып алу немесе ҚР Үкiметiнiң /ЭБЖМ қаржыландыру үлесiнен қаражат төлеуге қатысты барлық iстер ЮСАИД-тiң нұсқамаларына, саясатына және рәсiмдерiне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      5. Осы есеп шоттан алынатын қаражат ЮСАИД тарапынан стандартты iшкi бақылау мен аудитке жатады. ЮСАИД ҚР Yкiметiне тоқсан сайын әр тоқсан аяқталғаннан кейiн үш айдан кеш емес мерзiмде қаражатты пайдалану және алу туралы есеп, сондай-ақ жыл сайынғы есептен көшiрме бередi. ЮСАИД осы есеп шоттың қаржылық аудитiн жүргiзудi қамтамасыз етедi.
      6. Қаражат аудару туралы хаттың мақсаты Бағдарламада көрсетiлген қорытындыларға қол жеткiзу үшiн ұсынылатын қаражат болып табылады. Қаражат аудару туралы хат пен Бағдарламаның шарттары арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда Бағдарламаның шарттары заңды басым күште болып табылады.
      7. Осы Хат қазақ, ағылшын және орыс тiлдерiнде жасалған. Мәтiндер бойынша әр түрлi оқулар немесе келiспеушiлiктер туындаған жағдайда ағылшын тiлiндегi мәтiннiң заңды басым күшi болады.

      Қазақстан Республикасының       Америка Құрама Штаттары
      Үкiметi үшiн                    Yкiметi үшiн

      Аты-жөнi:                       Аты-жөнi:

      Лауазымы:                       Лауазымы: