Концессияға берiлуi мүмкiн объектiлер бойынша ұсыныстарды беру, қарау және iрiктеу мен объектiлердi концессияға беру жөнiндегi конкурсты өткiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 814 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қазандағы N 921 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулыға 12-қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бағанда:
      реттiк нөмiрi 1-жолда "65 815" деген сандар "65 816" деген сандармен ауыстырылсын;

      реттiк нөмiрi 14-жолда "151 160" деген сандар "151 510" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі