Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2012 жылғы 17 ақпандағы № 25-НҚ бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына және 40-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымына жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Б.И. Досмұхамбетоваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төрағаның міндетін атқарушы                     А. Шкарупа

Қазақстан Республикасы  
Табиғи монополияларды  
реттеу агенттігі төрағаның
міндетін атқарушының  
2012 жылғы 17 ақпандағы
№ 25-НҚ бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі

      1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2373 нөмірмен тіркелген, «Ресми газетте» 2003 жылғы 19 шілдеде жарияланған).
      2. Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 321-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2660 нөмірмен тіркелген, «Ресми газеттің» 2004 жылғы 24 қаңтардағы № 4 нөмірінде жарияланған).
      3. «Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 2 наурыздағы № 99-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2772 нөмірмен тіркелген, «Ресми газеттің» 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 17 нөмірінде жарияланған).
      4. «Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 6 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 5 наурыздағы № 73-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3512 нөмірмен тіркелген, «Ресми газетте» 2005 жылғы 7 мамырдағы № 19 нөмірінде жарияланған).
      5. «Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 374-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4014 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінің» 2006 жылғы 27 қаңтардағы № 13-14 нөмірлерінде жарияланған).
      6. «Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2006 жылғы 3 наурыздағы № 63-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4123 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінің» 2006 жылғы 31 наурыздағы № 56-57 нөмірлерінде жарияланған).
      7. «Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 14 тамыздағы № 204-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4355 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінің» 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 166 нөмірлерінде жарияланған).
      8. «Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары реттеліп
көрсетілетін кызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе
олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 189-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4852 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінің» 2007 жылғы 22 тамыздағы № 128 нөмірінде жарияланған).
      9. «Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығының 5-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5557 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетені, 338-бап, № 3, 2009 жылы жарияланды).