Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (Алматы қаласының мәртебесi туралы мәселелер жөнiнде)

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 259

      Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Қазақ КСР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1984, N 14 (қосымша); N 41; 534-құжат; 1985 ж., N 19, 190, 191-құжаттар; N 32; 325-құжат; N 45; 457-құжат; N 49, 513-құжат; 1986 ж., N 13, 122-құжат; N 25, 242-құжат; N 31, 320-құжат; N 49, 506-құжат; 1987 ж., N 2, 19-құжат; N 16, 201-құжат; N 29, 356-құжат; N 32; 421-құжат; N 41, 503-құжат; N 46, 560-құжат; 1988 ж., N 35, 324-құжат; 1989 ж., N 16, 129-құжат; N 27, 208-құжат; N 45, 364-құжат; N 49, 444-құжат; N 50-51, 458-құжат; 1990 ж., N 12-13, 114-құжат; N 44, 410-құжат; N 48, 445-құжат; N 49, 461-құжат; 1991 ж., N 25, 318-құжат; N 26, 348-құжат; N 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 96, 98, 100-құжаттар; N 13-14, 323-құжат; N 15, 380-құжат; N 16, 400-құжат; 1993 ж., N 3, 42-құжат; N 4, 70-құжат; N 8, 159, 161-құжаттар; N 9, 220, 222-құжаттар; N 20, 468, 469-құжаттар; 1994 ж., N 4-5, 60-құжат; N 8, 134-құжат; N 15, 207-құжат; N 21-22, 272-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 5, 41-құжат; N 8, 55-құжат; N 9-10, 64-құжат; N 15-16, 105-құжат; N 17-18, 110-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 177-құжат; N 14, 274, 277-құжаттар; N 15, 281-құжат; 1997 ж., N 6, 66-құжат; N 11, 146, 152-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 208-құжат; N 22, 333-құжат):
      5-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Алматы қаласының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн айыппұлдар өндiрiп алу мөлшерi мен тәртiбiн Алматы қаласының өкiлдi органы белгiлейдi".
      2. "Бiлiм туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 6, 110-құжат; N 13-14, 327-құжат; N 16, 402-құжат; 1993 ж., N 8, 154-құжат; 1994 ж., N 9-10, 158-құжат; 1995 ж., N 15-16, 104-құжат; N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 183-құжат; 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжт; N 22, 327-құжат):
      34-бапта:
      он алтыншы абзацтағы "Лицензиялау" деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы он жетiншi абзацпен толықтырылсын:
      "- заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, нақты мамандықтар бойынша дипломдар беру құқығымен орта және арнаулы орта бiлiм беретiн оқу орындарының қызметiн лицензиялау;".
      3. "Туризм туралы" 1992 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 16, 388-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат;):
      5-баптың бiрiншi бөлiгiнiң бесiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының аумағында" деген сөздер "егер заңдарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Z952200_ Заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат):
      5-баптың 2-тармағындағы "банк заңдарымен" деген сөздер "заңмен" деген сөзбен ауыстырылсын.
      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; N 1998 жылғы 18 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" 1998 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы):
      4-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) заңды және жеке тұлғалардың Алматы қаласының рәмiздерiн өз фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны үшiн алынатын алым.";
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген алымды алу тәртiбi мен мөлшерiн Алматы қаласының өкiлдi органы белгiлейдi.".
      6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 U952717_ Заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 159-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 189-құжат; N 13-14, 209-құжат):
      85-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Алматы қаласының қала маңындағы аймағына қосылған жерлердi пайдалану тәртiбi мен режимiн Алматы қаласының атқарушы органы белгiлейдi.".
      7. "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" 1990 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақ КСР Заңында (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 1, 8-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; N 21, 130-құжат):
      18-баптың он бiрiншi абзацы "жұмыс күшiн" деген сөздерден кейiн "егер заңдарда өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын.
      8. "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау

туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 10,
109-құжат):
     5-баптың 2-тармағының оныншы абзацында "Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес" деген сөздер "Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген
сөздермен ауыстырылсын.


     Қазақстан Республикасының
           Президентi
     
     
     
     оқығандар:
     
     Багарова Ж.
     Икебаева А.