"Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидаларын, қарж

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 324 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 қыркүйекте № 33366 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқын электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекітілсін.";

      Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидаларын, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 29 тамыздағы
№ 324 Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 2 наурыздағы
№ 164 бұйрығымен
бекітілген

Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясын бірыңғай сатып алушының және қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және электр энергиясын тікелей тұтынушыларға, өнеркәсіптік кешендерге және басым тұтынушыларға орталықтандырылған сатуы тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

      1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр энергиясын электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға;

      2) аукциондық сауда-саттық – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары ескеріле отырып, осы жаңа объектілерді, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудың жаңа объектілерін салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс;

      3) басым тұтынушылар – құрамына электр энергиясын өндіру үшін қазба отындарын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлға немесе тұлғалар тобы және (немесе) өндіріп шығарған электр энергиясын осы тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға орталықтандырылған сауда-саттықта сататын, жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) жұмыс істеп тұрған (2021 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін энергия өндіруші ұйымдар;

      4) есепті кезең – тиісті айдың бірінші күні сағат 00.00-ден басталатын және тиісті айдың соңғы күні 24.00-де аяқталатын, оның нәтижесінде электр энергиясының сатып алу-сату көлемінің есептеулері жүргізілетін күнтізбелік ай;

      5) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф – Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген) бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына (бұдан әрі - Тарифті айқындау қағидалары) сәйкес басым тұтынушылар, өнеркәсіптік кешендер және тікелей тұтынушылар үшін электр энергиясын бірыңғай сатып алушы белгілейтін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатуына арналған тариф;

      6) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – Заңның 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының тарапы болып табылатын заңды тұлға;

      7) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым (бұдан әрі - Субъект) – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      8) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі (бұдан әрі – ЖЭК пайдалану объектісі) – ЖЭК пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ЖЭК пайдалану объектісін игеру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және ЖЭК пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;

      9) Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгерімі (бұдан әрі - нақты теңгерім) – жүйелік оператор жасаған есепті кезең ішінде жеткізілген және тұтынылған электр энергиясының көлемдерін көрсететін құжат;

      10) қайталама энергетикалық ресурстар – электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын ферроқорытпа, кокс және доменді газдарды пайдалану бөлігінде өнеркәсіптік өндіріс процесінде жанама өнім ретінде түзілетін энергетикалық ресурстар;

      11) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      12) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі – қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және олармен өзара байланысты, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін пайдалану үшін технологиялық жағынан қажетті және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы құрылысжайлар мен инфрақұрылым;

      13) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған техникалық құрылғылар мен қондырғылардың және олармен өзара байланысты қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға технологиялық тұрғыдан қажетті құрылысжайлар мен инфрақұрылымның жиынтығы;

      14) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым (бұдан әрі – ҚЭКЖ субъектісі) – Заңға және Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      15) коммерциялық есепке алу аспабы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат етiлген электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған техникалық құрылғы;

      16) өнеркәсіптік кешен – өздерінің құрамындағы меншік, жалға алу немесе өзге де заттық құқықтағы генерациялайтын көздерден электр энергиясымен қамтамасыз етілетін көтерме тұтынушылар;

      17) сатып алу шарты - электр энергиясын бірыңғай сатып алушы немесе қаржы-есеп айырысу орталығы мен Субъект немесе ҚЭКЖ Субъектісі арасында жасалған электр энергиясын сатып алудың ұзақ мерзімді шарт;

      18) теңгерімдеуші нарық жүйесі - электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің сатып алуға арналған өтінімдерді және сатуға арналған өтінімдерді беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен, электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін қалыптастыру, цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының көлемін айқындау, энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының көлемін айқындау, жүйелік оператормен келісілген бекітілген тәуліктік кестеге түзетулер енгізу, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты мәндерін қалыптастыру, электр энергиясының сағаттық теңгерімсіздіктерін есептеу, электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алу-сатудың сағаттық бағаларын есептеу, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алудың (сатудың) және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алудың (сатудың) сағаттық бағалары;

      19) тікелей тұтынушылар - жасалған екі жақты шарттарға сәйкес өздерімен бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясымен қамтамасыз етілетін көтерме сауда тұтынушылары;

      20) тіркелген тариф – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф;

      21) уәкілетті орган – ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      22) шартты тұтынушы – өзімен бірге бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын көтерме тұтынушы, Заңға сәйкес айқындалатын өнеркәсіптік кешен және басым тұтынушы;

      23) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы – "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 32-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын, көрсетілген Заңда көзделген тәртіппен электр энергиясының жоспарлы көлемдерін орталықтандырылған сатып алуды және орталықтандырылған сатуды жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға.

      Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      3. Осы Қағидалардың талаптары мыналарға қолданылмайды:

      1) пайдалану мерзімі ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган 2013 жылдың 21 шілдесіне дейін бекіткен және онымен келісілген ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген өзін-өзі ақтау мерзімінен асып кеткен, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері бар энергия өндіруші ұйымдарға;

      2) 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға енгізілген гидроэлектр станцияларды есепке алмағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар және (немесе) реттеудің тәуліктік көлемінен астамын қамтамасыз ететін су қоймалары бар гидроэлектр станциялары.

      Гидроэлектр станциясының су қоймасының сыйымдылығы су қоймасына құйылатын өзен ағысының есептік қамтамасыз етілуінің тәуліктік көлемінен асып түскен кезде, ол реттеудің тәуліктік көлемінен астам көлемді қамтамасыз етеді деп есептеледі.

      4. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар және электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты бар, жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар (бұдан әрі – жаңартылатын көздер) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жауапкершілікті беру шартын жасасуға міндетті.

      Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өзінің теңгерімсіздіктері жоқ және жасалған сатып алу шарты бар ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату үшін жауапкершілікті өзіне ала отырып, осы нарыққа теңгерім провайдері ретінде ғана қатысады.

      5. Басым тұтынушының құрамына кіретін энергия өндіруші ұйымдарды қоса алғанда, жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген, электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен немесе қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған сатып алу шарты бар ЖЭК, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын барлық энергия өндіруші ұйымдар өз объектісінде ЖЭК және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объекті бойынша коммерциялық есептің автоматтандырылған жүйесін пайдаланады. Коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі арқылы деректер Жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталықтарына беріледі.

      ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілерде, электр энергиясын шоғырландыруға арналған құрылғылармен, дербес қоректендіру көздерімен, сондай-ақ резервтік қоректендіру электр желілерімен жарақтандырылған қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіде электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі осы құрылғылар жіберетін және (немесе) тұтынатын электр энергиясын коммерциялық есепке алуды қамтамасыз етеді.

      ЖЭК пайдалану объектісінде техникалық құрылғыларды пайдаланған кезде ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар ЖЭК-тің әртүрлі түрлерін не техникалық құрылғыларды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге арналған ЖЭК-тің бір түрін пайдаланудан электр энергиясын өндіруге арналған бірақ электр энергиясын бірыңғай сатып алушының немесе қаржы-есеп айырысу орталығының әртүрлі тіркелген тарифтер бойынша не аукциондық бағалар бойынша сатып алуына жататын, ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні өндірілген электр энергиясын бөлек есепке алуды қамтамасыз ететіндей коммерциялық есепке алу аспаптарымен жарақтандырады.

      6. ЖЭК пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндірген электр энергиясын сатып алу басталған күн Субъект немесе ҚЭКЖ Субъектісі ЖЭК пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күн болып табылады, бұл ретте электр энергиясы энергия беруші ұйымның электр желілеріне беріледі және коммерциялық есепке алу аспаптарымен тіркеледі.

      7. Субъект немесе ҚЭКЖ Субъектісі ЖЭК пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі желісіне қосылған электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны немесе қаржы-есеп айырысу орталығын және энергия беруші ұйымды ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектінің электр қондырғыларына кешенді сынақ жүргізу күні туралы тиісті сынақ жүргізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүргізіледі және айлар бойынша бөле отырып, ағымдағы жылдың соңына дейінгі кезеңге электр энергиясын өндірудің, желіге жіберудің болжамды көлемін ұсынады.

      8. Сатып алу шартын жасасқан Субъект немесе ҚЭКЖ Субъектісі электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға немесе қаржы-есеп айырысу орталығына тұрақты түрде мынадай ақпаратты жібереді:

      1) айларға бөле отырып, электр энергиясын өндіру, желілерге босатудың алдағы жылға арналған болжамды көлемі – жыл сайын бірінші қазанға қарай;

      2) электр энергиясын желіге босатудың іс жүзіндегі айлық көлемі – есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірілмей;

      3) электр желілеріне ЖЭК-ті пайдалану объектісі мен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі қосылған ЖЭК-ті пайдалану объектісі мен энергия беруші ұйым арасында қол қойылған, электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу актісінің көшірмесі – есепті кезеңнен кейінгі айдың жетінші күнінен кешіктірілмей;

      4) генерациялайтын жабдықты жоспарлы жөндеуге шығарған кезде жөндеу жұмыстарының мерзімдері мен сипаты – жөндеу жұмыстары басталғанға дейін бір апта бұрын;

      5) авариялық бұзылу немесе құрылғылардың дұрыс жұмыс істемеуі, олардың зақымдануы немесе ЖЭК-ті пайдалану объектісінің немесе қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдалану объектісінің генерациялау көрсеткішіне әсер ететін нормаланған көрсеткіштерден параметрлердің ауытқуы кезінде электр энергиясының тәуліктік кестесінен мәжбүрлі ауытқу кезіндегі бұзушылықтар сипаты – тәулік ішінде.

      9. Электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын операциялық тәуліктерге сату үшін сатып алу шартын жасасқан Субъектілер немесе ҚЭКЖ Субъектілері операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің сағат 08:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) ол өтінімді жүйелік оператор бекітетін электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізу үшін теңгерімдеуші нарық жүйесінде операциялық тәуліктерге сатуға өтінім береді.

      10. Сатып алу шартын жасасқан Субъектілер немесе ҚЭКЖ Субъектілері бірыңғай сатып алушыға кешенді сынақтар жүргізгенге дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің 18-разрядты сәйкестендіру кодтарын ұсынады.

      11. Қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шартын жасаған Субъектілерге немесе ҚЭКЖ Субъектілеріне энергия беруші ұйымның электр желісіне берілген электр энергиясы үшін Субъектілер немесе ҚЭКЖ Субъектілерінің тиісті шотының негізінде жеткізу айы аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң 15 (он) бес жұмыс күнінен кешіктірмей ақы төлейді.

      Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы немесе қаржы-есеп айырысу орталығы ЖЭК пайдалану объектісінде коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған немесе олар ақаулы болған кезеңде осы объектілер өндірген электр энергиясы үшін ақы төлемейді.

      12. Сатып алу шартын жасасқан Субъекті немесе ҚЭКЖ Субъектісі электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. ЖЭК пайдалану объектілерінен электр энергиясының теңгерімсіздігін қаржылық реттеуді Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына (бұдан әрі – Теңгерімдеуші нарық қағидалары) сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушы немесе қаржы-есеп айырысу орталығы жүзеге асырады.

      13. Сатып алу шартын жасасқан Субъекті немесе ҚЭКЖ Субъектісі Теңгерімдеуші нарық қағидаларына сәйкес электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысады.

      14. Сатып алу шартын жасасқан Субъекті немесе ҚЭКЖ Субъектісі тиісті қызметкерлер тиісті өтініш берушіде қолданылатын қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптарды сақтаған жағдайда және ЖЭК-ті пайдалану объектісіне бару күні мен уақытын өтініш берушімен келіскен кезде электр энергиясын бірыңғай сатып алушының немесе қаржы-есеп айырысу орталығының, жүйелік оператордың және электр желілеріне ЖЭК-ті пайдалану объектісі қосылған энергия беруші ұйымның уәкілетті қызметкерлерінің коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу және олардың қосылу схемасын тексеру үшін ЖЭК-ті пайдалану объектісіне және электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына жұмыс уақытында кіруіне кедергі келтірмейді.

      15. Сатып алу шартын жасасқан Субъектіге немесе ҚЭКЖ Субъектісіне:

      1) сатып алу шартында көзделген генерациялайтын жабдықтың белгіленген жиынтық қуатын ұлғайту жолымен оған қатысты сатып алу шарты жасалған ЖЭК пайдалану объектісін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін өзгертуге;

      2) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға немесе қаржы-есеп айырысу орталығына ЖЭК пайдаланудан немесе қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан өндірілмеген электр энергиясын сатуға;

      3) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға немесе қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын басқа сатып алу шарты бойынша сатуды қоспағанда, оған ЖЭК пайдалану объектісінде немесе қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінде өндірілмеген электр энергиясын сатуға жол берілмейді.

      16. Пайдалануға берілген ЖЭК пайдалану объектісінің нақты параметрлері сатып алу шартында көрсетілген параметрлерден өзгеше болса, электр энергиясын бірыңғай сатып алушы немесе қаржы-есеп айырысу орталығы және Субъект ЖЭК-ті пайдалану объектісін пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісінің көшірмесі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ЖЭК-ті пайдалану объектісінің сипаттамасын нақты мән-жайларға сәйкес келтіру және уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған ЖЭК-ті пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне тиісті өзгерістер енгізу үшін сатып алу шартына тиісті қосымша келісім жасайды.

      17. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы немесе қаржы-есеп айырысу орталығы мен Субъект немесе ҚЭКЖ Субъектсі өзара есеп айырысуды жылына кемінде бір рет салыстырып тексеруді жүргізеді.

      18. Сатып алу шартында көзделген жел электр станциясының генерациялайтын жабдығының (электр энергиясын өндіретін құрылғының) нақты жиынтық белгіленген қуаты асып кеткен кезде, Субъект сатып алу шартында көрсетілген жиынтық белгіленген қуаттың сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің дара генерациялайтын қондырғысының (қажет болған кезде бірнеше дара генерациялайтын қондырғылардың) қуатын шектейді.

      Бұл ретте, Субъект осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес шектеу белгіленген генерациялайтын қондырғылардың электр энергиясын сағаттық өндіру туралы деректерді диспетчерлік және технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйелері арқылы немесе электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі арқылы жүйелік операторға беруді қамтамасыз етеді.

      Сонымен қатар, жел электр станциясы генерациялайтын жабдығының нақты жиынтық белгіленген қуатын сатып алу шартында көрсетілген белгіленген қуаттан 10%-дан (он пайыз) артық ұлғайтуға жол берілмейді.

2-тарау. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерден аукциондық бағалар бойынша орталықтандырылған сатып алу тәртібі

      19. Аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша жеңімпаз болып танылған Субъект оны және оның ЖЭК пайдалану бойынша сәйкес объектісін салу жобасын ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне қосқаннан бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес шарт жасауға өтінім (бұдан әрі – Өтінім) береді.

      20. Субъект сатып алу шартын жасау өтініміне мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) құрылтай құжаттары;

      2) сатып алу шартына қол қоятын тұлғаның өкілеттігін куәландыратын құжат;

      3) электр энергиясының жоспарланған жеткізу көлемдері туралы ақпарат;

      4) өткен аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы туралы жазбаша хабарламаның көшірмесі.

      21. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы Өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. Субъект осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген құжаттарды толық көлемде ұсынбаған кезде, электр энергиясын бірыңғай сатып алушы олар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, Өтінімді қайтарады.

      22. Субъект өтінім қайтарылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтырады және/немесе Өтінімді және қоса берілген құжаттарды осы Қағидалардың және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында бірыңғай сатып алушының ескертулерін жояды.

      23. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы Субъектімен мынадай талаптарды орындау кезінде:

      1) Субъект осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген құжаттарды ұсынса;

      2) ЖЭК пайдалану объектісі және Субъект Тізбеге енгізілген;

      3) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы немесе қаржы-есеп айырысу орталығы мен Субъект арасында Өтінімде көрсетілген ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіде өндірілген қолданыстағы сатып алу шарты жоқ;

      4) Субъект Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес өндірілетін электр энергиясын өткізуді таңдайды;

      5) Субъект Өтінімді қайтару кезінде осы Қағидалардың 19, 20 және 22-тармақтарының талаптарын орындаса;

      6) Субъект Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16240 болып тіркелген) бекітілген Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен сатып алу-сату шартын жасасқан кезде сатып алу шартын жасасады.

      24. Сатып алу шарты Заңның 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен сатып алу шартының үлгілік нысанына сәйкес ресімделеді. Сатып алу шартында Субъект үшін жеңімпаздардың тізіліміне сәйкес аукционда сатылатын бағасы көрсетіледі. Сатып алу шартында көрсетілген аукциондық баға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысымен бекітілген Тіркелген және аукциондық бағаның шекті тарифтерін айқындау қағидаларына сәйкес 20 (жиырма) жыл бойы, жыл сайын индекстелумен энергияны жіберуші ұйымдардың электр желілеріне берілген электр станцияларының электрлі қондырғыларын кешенді сынақтан өткізу басталған күннен бастап қолданылады.

      25. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен сатып алу шартын жасасу үшін қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап 60 (алпыс) жұмыс күні ішінде сатып алу шарты жобасының екі данасын Субъектіге Өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша жібереді немесе Субъектінің уәкілетті өкіліне электр энергиясын бірыңғай сатып алушының орналасқан жері бойынша қолма-қол береді.

      26. Субъект электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алу шартының екі данасын алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларға қол қояды және электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға жібереді.

      27. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы Субъект қол қойған сатып алу шартының екі данасын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларға қол қояды және Өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша сатып алу шартының қол қойылған бір данасын Субъектіге жібереді немесе электр энергиясын бірыңғай сатып алушының орналасқан жері бойынша Субъектінің уәкілетті өкіліне қолма-қол береді.

      28. Сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді Субъекті сатып алу шартына қол қойған соң күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14915 болып тіркелген) Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларына (бұдан әрі - Беру қағидалары) сәйкес ресімделген банк кепілдігін немесе SWIFT жүйесі бойынша шығарылған резервтік аккредитивті беру арқылы ұсынады.

      Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті Субъект шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard&Poor’s бойынша "В" немесе Fitch бойынша "В-" немесе Moody’sInvestorsService бойынша "В3"-тен төмен болмайтын немесе бас ұйымның (Қазақстан Республикасының резидент банкі акцияларының 50% астамына ие) рейтингі Standard&Poor’s бойынша "ВВВ" немесе Fitch бойынша "ВВВ" немесе Moody’sInvestorsService бойынша "Ваа2" деңгейінен төмен емес Қазақстан Республикасы резидент банктерінен ұсынады.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының резиденті емес банктерден банк кепілдігін немесе резервтік аккредитивті резидент банктер резидент емес банктердің контр-міндеттемелеріне кепілдеме шығару жолымен растауы тиіс.

      Standard & Poor's, "BBB" Fitch "Baa2" бойынша Moody's Investorservice бойынша "BBB"-тен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, Қазақстан Республикасының резидент емес-банктері, тиісті қарсы міндеттемелерді шығарусыз банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив шығаруы мүмкін.

      29. Сатып алу туралы шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету көлемі ЖЭК объектісінің Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары тізілімінде көрсетілген белгіленген қуатына көбейтілген қуаттың 1 (бір) кВт үшін белгіленген 10 000 (он мың) теңгені құрайды.

      30. Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив қайтарылуға жатпайтын және оларды сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен бастап алушының (бенефициардың) нұсқауы бойынша толық немесе бөлшектеп орындау мүмкіндігін көздейтін болады:

      күн электр станциялары үшін – 25 (жиырма бес) айдан кем емес;

      жел және биогаз электр станциялары үшін –37 (отыз жеті) айдан кем емес;

      гидроэлектр станциялары үшін – 61 (алпыс бір) айдан кем емес.

      31. Банктік кепілдік немесе резервтік аккредитив қаржы-есеп айырысу орталығы мына төмендегі құжаттарды ұсынған жағдайда банк тарапынан орындалады:

      1) қаржы-есеп айырысу орталығының уәкілетті тұлғасы қол қойған және қаржы-есеп айырысу орталығының мөрімен куәландырылған, қағазда орындалған борышкердің міндеттемелерін орындамауы туралы өтініш;

      2) сатып алу шартына сәйкес ұстап қалу сомасы көрсетілген төлем жасау туралы талап.

      32. Барлық банктік комиссиялар мен қаржылық қамтамасыз етуге байланысты, оның ішінде алушы банктің (бенефициар) шығындарын да аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы (Субъект) төлейді.

      33. Сатып алу туралы шарттың талаптарын немесе оның бір бөлігін орындауды қаржылық қамтамасыз етуді қайтару ЖЭК пайдалану объектісін уақтылы пайдалануға берген кезде, жазбаша өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      34. Сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету осы Қағидалардың 31-тармағымен белгіленген тәртіпте мынадай жағдайларда ұсталып қалады:

      1) егер сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 12 (он екі) ай (күн электр станциялары үшін), 18 (он сегіз) ай (жел және биогазды электр станциялары үшін), 24 (жиырма төрт) ай (гидроэлектр станциялары үшін) өткен соң 6 (алты) ай ішінде сатып алу шарты жасалған ЖЭК пайдалану объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген хабарламаның көшірмесі ұсынылмаса – сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 30% (отыз пайыз) мөлшерінде;

      2) сатып алу шарты жасалатын "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңнын (бұдан әрі – Сәулет қызметі туралы заң) 11-тарауына сәйкес бекітілген ЖЭК пайдалану бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі ұсынылмаған кезінде – сатып алу шартының талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100% (жүз пайыз) мөлшерінде, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етудің бір бөлігін ұстап қалу кезінде –сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап келесі мерзімдерде сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70% (жетпіс пайыз) мөлшерінде:

      күн электр станциялары үшін – 24 (жиырма төрт) ай ішінде;

      жел және биогаз электр станциялары үшін – 36 (отыз алты) ай ішінде;

      гидроэлектр станциялар үшін – 60 (алпыс) ай ішінде;

      3) осы Қағидалардың 36-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген мерзімді сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100%-ы (жүз пайыз) мөлшерінде, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етудің бір бөлігі ұсталған кезде - сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70%-ын (жетпіс пайыз);

      4) Субъектінің бастамасы бойынша сатып алу шарты осы Қағидалардың 36-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзімнен бұрын бұзылған кезде.

      35. Осы Қағидалардың 37-тармағында көзделген осы Қағидалардың 34-тармағында көзделген сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуді ұстап қалу тәртібі осы Қағидалардың 37-тармағында көрсетілген мерзімдерді ұзартуды ескере отырып жүзеге асырылады.

      36. Сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін Субъект электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген сатып алу шарты жасалатын ЖЭК-ті пайдалану объектісінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі – күн электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде, жел және биогаз электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде, гидроэлектр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай;

      2) Сәулет қызметі туралы заңның 11-тарауында айқындалған тәртіппен бекітілген, оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК-ті пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін – күн электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде, жел және биогаз электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде, гидроэлектр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай.

      Бұл ретте, көрсетілген мерзімдер, егер осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткенге дейін техникалық қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымнан (адамнан) ЖЭК-ті пайдалану жөніндегі объектіні салу жөніндегі жұмыстардың жалпы көлемінің кемінде 70%-ы (жетпіс пайыз) көлемінде ЖЭК-ті пайдалану объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалғаны туралы растау ұсынылған жағдайда, күнтізбелік 1 (бір) жылға ұзартылады;

      3) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК-ті пайдалану объектісі үшін энергия беруші ұйым мен Субъект арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілігін шектеу және пайдалану жауапкершілігі актісінің көшірмесі – тараптардың теңгерімдік тиесілігін шектеу және пайдалану жауапкершілігі актісіне қол қойылған күннен бастап және ЖЭК-ті пайдалану объектісін кешенді сынау басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      4) энергия беруші ұйым мен оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК-ті пайдалану объектісі үшін өтініш беруші арасында қол қойылған ЖЭК-ті пайдалану объектісінде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісінің көшірмесін – электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісіне қол қойылған күннен бастап және ЖЭК-ті пайдалану объектісін кешенді сынау басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      5) сатып алу шартына қол қойған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оның талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді;

      6) кешенді сынақ жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЖЭК-ті пайдалану объектісінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалануға беру туралы актінің көшірмесі;

      7) ЖЭК-ті пайдалану объектісін салуға алынған шетел валютасындағы кредиттік міндеттемелердің болуы туралы ақпаратты – жыл сайын бірінші қазанға қарай ұсынады.

      37. Осы Қағидалардың 36-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға жіберілген "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 13) тармақшасына сәйкес еңсерілмейтін күш мән-жайларын куәландыратын растауды қоса бере отырып, Субъектінің өтінішіне сәйкес (еркін нысанда) күнтізбелік 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады, бірақ сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда, ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін беру мерзімінен кешіктірмей. Мерзімді ұзарту осы Қағидалардың 38-тармағының қолданылуын ескере отырып, сатып алу шартына қосымша келісіммен ресімделеді.

      38. Осы Қағидалардың 36-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген мерзім ұзартылған кезде, сатып алудың жиырма жылдық мерзімін есептеу осы Қағидалардың 36-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіне және (немесе) 37-тармағына сәйкес ұзартуды есепке алмай, осы Қағидалардың 36-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну мерзімі өткен күннен кейінгі күннен басталады.

      39. Сатып алу шарты мынадай жағдайларда:

      1) осы Қағидалардың 36-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімі бұзылған кезде;

      2) осы Қағидалардың 36-тармағының 5) тармақшасына сәйкес сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұсынбаған кезде өз қолданысын тоқтатады.

      40. Сатып алу шарты және тиісті аукциондық баға, осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сатып алу шартына сәйкес ЖЭК объектісі өндірген электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап 20 (жиырма) жыл өткен соң өз қолданысын тоқтатады.

      41. Сатып алу шарты бойынша "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сәйкес Тараптардың даулары төмендегі шарттармен "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығында қаралуы мүмкін:

      1) төрелік – "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығы;

      2) төрелік регламент – өтініш берушінің таңдауы бойынша;

      3) төрелік талқылаудың тілі – өтініш берушінің таңдауы бойынша;

      4) қолданылатын құқық – Қазақстан Республикасының материалдық құқығы;

      5) төрелік құрамы – 3 (үш төреші);

      6) төрелік талқылауды өткізу орны – Астана қаласы.

      Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы Төрелік келісім жасау алдында "Төрелік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 10-тармағына сәйкес саланың уәкілетті органына осындай келісімді жасасуға келісім алу үшін сұраумен жүгінеді. Уәкілетті органның оң қорытындысы кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрелік келісім жасалады.

3-тарау. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерінен алынған электр энергиясын аукциондық бағалар бойынша орталықтандырылған сатып алу тәртібі

      42. Осы тарауға сәйкес сатып алу шартын жасасқан ҚЭКЖ Субъектісіне және электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға осы Қағидалардың 2-тарауының 24, 25, 26, 27-тармақтарының ережелері қолданылады.

      43. Аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы деп танылған ҚЭКЖ Субъектісі өзі және оның қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін салу жөніндегі тиісті жобасы аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне енгізілген күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде мынадай құжаттарды қоса бере отырып, электр энергиясының бірыңғай сатып алушысымен сатып алу шартын жасасуға өтінім береді:

      1) құрылтай құжаттары;

      2) тұлғаның сатып алу шартына қол қоюға өкілеттігін растайтын құжат;

      3) электр энергиясын берудің жоспарланған көлемі туралы ақпарат;

      4) өткен аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары туралы жазбаша хабарламаның көшірмесі.

      44. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы Өтінімді және ұсынылған құжаттарды оларды алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. ҚЭКЖ Субъекті осы Қағидалардың 43-тармағында көзделген құжаттарды толық көлемде ұсынбаған кезде, электр энергиясын бірыңғай сатып алушы олар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, Өтінімді қайтарады.

      ҚЭКЖ Субъектісі өтінімді қайтарған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Өтінімді және қоса берілген құжаттарды осы Қағидалардың және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтырады және/немесе электр энергиясын бірыңғай сатып алушының ескертулерін жояды.

      45. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы мынадай талаптарды орындаған кезде ҚЭКЖ Субъектісімен сатып алу шартын жасасады:

      1) ҚЭКЖ Субъектісі осы Қағидалардың 43-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған;

      2) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объект және ҚЭКЖ Субъектісі аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне енгізілген;

      3) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы немесе қаржы-есеп айырысу орталығы мен ҚЭКЖ Субъектісі арасында өтінімде көрсетілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіде өндірілген электр энергиясын сатып алудың қолданыстағы шарты болмаған.

      46. Жаңадан енгізілетін энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіде бұрын пайдалануда болған генерациялайтын қондырғылардың қалдықтары қолданылған кезде, тиісті ақпарат Сәулет қызметі туралы заңның 11-тарауында айқындалған тәртіппен бекітілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау актісінде көрсетіледі.

      47. Энергия өндіруші ұйымның сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұсыну осы Қағидалардың 28, 29, 31, 32, 33-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады

      48. Банктік кепілдік немесе резервтік аккредитив сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап кемінде 61 (алпыс бір) ай қолданылу мерзімімен оларды толық немесе алушының (бенефициардың) нұсқауы бойынша бөліп-бөліп орындау мүмкіндігін көздейтін қайтарып алынбайтын болып ұсынылады.

      49. Сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету осы Қағидалардың 31-тармағында белгіленген тәртіппен мынадай жағдайларда:

      1) сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай өткеннен кейін 6 (алты) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген, өзіне қатысты қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі ұсынылмаған кезде - сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 30%-ы (отыз пайыз) мөлшерінде;

      2) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні қабылдау актісінің көшірмесі ұсынылмаған кезде, Сәулет қызметі туралы заңның 11-тарауына сәйкес айқындалған тәртіппен бекітілген сатып алу шарты жасалатын адамға қатысты - сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100%-ы (жүз пайыз) мөлшерінде, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етудің бір бөлігі ұсталған кезде - сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70%-ын (жетпіс пайыз) құрайды.

      50. Сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін ҚЭКЖ Субъектісі электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мынадай құжаттарды:

      1) өзіне қатысты мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген сатып алу шарты жасалатын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі - қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде;

      2) өзіне қатысты сатып алу шарты жасалатын Сәулет қызметі туралы заңның 11-тарауында айқындалған тәртіппен бекітілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін - қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде;

      3) сатып алу шарты жасалатын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объект үшін энергия беруші ұйым мен ҚЭКЖ Субъектісі арасында қол қойылған тараптардың баланстық тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмесі - тараптардың теңгерімдік тиесілігі мен пайдалану жауапкершілігін шектеу актісіне қол қойылған күннен бастап және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектінің кешенді сынақтары басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      4) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалануға беру туралы актінің көшірмесі - кешенді сынақ жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      5) сатып алу шарты жасалатын энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объект үшін энергия беруші ұйым мен ҚЭКЖ Субъектісі арасында қол қойылған қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісінің көшірмесі – электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісіне қол қойылған күннен бастап және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіге кешенді сынақтар басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      6) оған қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету;

      7) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалануға беру туралы актінің көшірмесі - кешенді сынақ жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      51. Сатып алу шарты мынадай жағдайларда:

      1) осы Қағидалардың 50-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімі бұзылған кезде;

      2) осы Қағидалардың 50-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуді ұсынбаған кезде.

      52. Сатып алу шарты және тиісті аукциондық баға қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі сатып алу шартына сәйкес өндірген электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап 15 (он бес) жыл өткен соң өз қолданысын тоқтатады.

4-тарау. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының өнеркәсіптік кешендерге және тікелей тұтынушыларға электр энергиясын орталықтандырылған сату тәртібі

      53. Өнеркәсіптік кешендер, тікелей тұтынушылар:

      1) жыл сайын 1 қазанға дейін электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға Тарифті айқындау қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдағы жылға арналған электр энергиясын өндірудің, желіге жіберудің болжамды көлемі, тұтыну көлемі туралы ақпаратты жібереді;

      2) күн сайын теңгерімдеуші нарық жүйесіне "Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидалары туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) (бұдан әрі – Көтерме сауда нарығы қағидалары) сәйкес алдағы операциялық тәулікке электр энергиясын сатып алуға және сатуға өтінім енгізеді.

      54. Өнеркәсіптік кешеннің құрамына кіретін энергия өндіруші ұйымдар өндіретін электр энергиясы көлемінің жоспарлы мәндері және тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларға электр энергиясын желіге жіберу көлемдері Көтерме сауда нарығы қағидаларына сәйкес айқындалады.

      55. Тікелей тұтынушыларға, өнеркәсіптік кешендерге тиесілі ЖЭК пайдалануды қолдауға арналған шығындар оның меншік құқығындағы генерациялайтын қондырғылар есебінен жабылатын немесе осы электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісімен бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар жабатын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің электр энергиясын тұтынуының жоспарлы көлемінің тиісті үлесі ретінде айқындалады республиканың жоспарлы тұтынуының жалпы көлемінде жүзеге асырылады.

      56. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы Заңның 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен сату шартының үлгі нысанына сәйкес электр энергиясын тікелей тұтынушыларға және өнеркәсіптік кешендерге сату шартын жасайды.

      Шартта меншік, жалға алу құқығында немесе өнеркәсіптік кешендердің немесе адамдар тобының құрамында өзге де заттық құқығында бар электр станциялары (олардың атауы, типі және генерациялайтын жабдықтың жиынтық белгіленген қуаты көрсетіле отырып) көрсетіледі.

      57. Сату шартына электр энергиясын бірыңғай сатып алушының бірінші басшысы немесе сатып алу шартына қол қоюға уәкілетті өзге тұлға екі данада қол қояды және тікелей тұтынушыға немесе өнеркәсіптік кешенге жіберіледі.

      58. Тікелей тұтынушының немесе өнеркәсіп кешенінің бірінші басшысы немесе оның атынан сатып алу шартына қол қоюға уәкілетті өзге тұлға электр энергиясын бірыңғай сатып алушы дайындаған сату шартына оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде екі данада қол қояды.

      59. Тікелей тұтынушы, өнеркәсіптік кешен электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға қол қойылған сату шартының бір данасын оны алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жібереді.

      60. Тікелей тұтынушы, өнеркәсіптік кешен электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға Көтерме сауда нарығы қағидаларына және жасалған сату шартына сәйкес жеткізілген электр энергиясы үшін ақы төлейді.

      61. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және тікелей тұтынушы, өнеркәсіптік кешен жылына кемінде бір рет өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеруді жүргізеді.

      62. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы ЖЭК пайдалануды қолдауға арналған шығындарды тікелей тұтынушыларға және өнеркәсіптік кешендерге мынадай формула бойынша бөледі:




– тікелей тұтынушылар мен өнеркәсіптік кешендер үшін ЖЭК электр энергиясын бөлудің жоспарлы көлемі;

– электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің өзінде меншік құқығындағы генерациялайтын қондырғылар есебінен жабылатын немесе осы электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісімен бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар жабылатын электр энергиясын тұтынудың жоспарлы көлемі;

– цифрлық майнерлерді және шартты тұтынушыларды қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің электр энергиясын тұтынудың жоспарланған көлемі;

– электр энергиясын бірыңғай сатып алушы сатып алған ЖЭК электр энергиясының жоспарлы көлемі;

– осы басым тұтынушымен бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар жабатын басым тұтынушының электр энергиясын тұтынуының жоспарлы көлемі;

– басым тұтынушыдан ЖЭК электр энергиясының жоспарлы көлемі;

– басым тұтынушыдан ЖЭК электр энергиясын есепке алудың жоспарлы көлемі:

мәндердің ең азы ретінде айқындалады

5-тарау. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының басым тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған шығындардың үлестерін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібі

      63. Басым тұтынушы сату шартын жасасу үшін ЖЭК пайдалану объектісінің және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісінің электр қондырғыларына кешенді сынақ жүргізу басталатын күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мынадай құжаттарды:

      1) басым тұтынушының мүдделерін білдіретін уәкілетті заңды тұлғаның құрылтай құжаттары (бұдан әрі - БТ өкілі);

      2) заңды тұлғаның басым тұтынушының мүдделерін білдіру құқығын растайтын құжат;

      3) басым тұтынушы пайдалануға берген ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіге және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі объектіге құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;

      4) басым тұтынушының ЖЭК пайдалану объектілері және (немесе) басым тұтынушының пайдалануға берілген қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері бөлінісінде, сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейін электр энергиясын өндіру үшін қазбалы отынды пайдаланатын олардың құрамына кіретін энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын желіге беруді жоспарлайтын көлемдер туралы ақпаратты;

      5) Заңның 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілерді орналастыру жоспарына басым тұтынушыны енгізу туралы уәкілетті орган хабарламасының көшірмесін береді.

      64. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы электр энергиясын бірыңғай сатып алушының Заңның 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен сату шарттарының үлгі нысанына сәйкес басым тұтынушыларға электр энергиясын сату шартын жасасады.

      65. Сату шартына электр энергиясын бірыңғай сатып алушының бірінші басшысы немесе сату шартына қол қоюға уәкілетті өзге тұлға екі данада қол қояды және басым тұтынушыдан құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қол қоюға БТ өкіліне жіберіледі.

      Бірінші басшы немесе БТ өкілінің өзге де уәкілетті тұлғасы сату шартына екі данада қол қояды және қол қойылған электр энергиясын сату шартының бір данасын оны алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бірыңғай сатып алушыға жібереді.

      66. Сату шарты ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің және (немесе) басымбасым тұтынушының пайдалануға берілген және ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілерді орналастыру жоспарына енгізілген қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі объектінің электр қондырғыларына кешенді сынақ жүргізу басталған күннен бастап күшіне енеді, бұл ретте электр энергиясын бірыңғай сатып алушы мен тікелей тұтынушы арасында жасалған қолданыстағы сату шарты өзінің қолданысын көрсетілген күні тоқтатады.

      67. Сату шартына қол қойылғаннан кейін БТ өкілі электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мынадай құжаттарды:

      1) осы актіге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде БТ пайдалануға берілген және Сәулет қызметі туралы заңда белгіленген тәртіппен бекітілген ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі;

      2) осы актіге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде энергия беруші ұйым мен ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйым және (немесе) басым тұтынушының пайдалануға берілген қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым арасында қол қойылған тараптардың баланстық тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмесін;

      3) оған қатысты Шарт жасалған ЖЭК пайдалану объектілері үшін энергия беруші ұйым мен Сатушы арасында қол қойылған, ЖЭК пайдалану бойынша объектілердегі коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын, электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісінің көшірмесін - электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісіне қол қойған күннен бастап және ЖЭК пайдалану объектілерін кешенді сынаудан өткізу басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынуға.

      4) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу шарттарының көшірмелерін (олар болған кезде) ұсынады.

      68. Басым тұтынушы ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі объектіні пайдалануға енгізгенге дейін өзінің ЖЭК пайдалану жөніндегі объектісінде және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі объектіде электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі арқылы деректер өңірлік диспетчерлік орталықтарға беріледі.

      69. Басым тұтынушы жыл сайын 1 қазанға дейін электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға өзінің құрамына кіретін ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілерден және (немесе) басым тұтынушы пайдалануға берген қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі объектілерден, сондай-ақ олардың құрамына кіретін, электр энергиясын өндіру үшін қазбалы отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан алдағы жылға энергия беруші ұйымдарға және өз тобының тұтынушыларына электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың, жеткізудің болжамды көлемдері туралы ақпаратты жібереді.

      70. ЖЭК пайдалану объектілері және (немесе) басым тұтынушы пайдалануға берген қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері өндірген электр энергиясы көлемінің жоспарлы мәндері және электр энергиясын өндіру үшін қазбалы отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың басым тұтынушының құрамына кіретін электр энергиясын желіге берудің жоспарлы көлемдері Көтерме сауда нарығы қағидаларына сәйкес айқындалады.

      71. Басым тұтынушының құрамына кіретін тұтынушы электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға Көтерме сауда нарығы қағидаларына сәйкес басым тұтынушы тәуліктің осы сағатына сатып алған электр энергиясының тиісті жоспарлы көлемі үшін ақы төлейді.

      72. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы ЖЭК пайдалануды қолдауға арналған шығындарды басым тұтынушыға мынадай формула бойынша бөледі:




– басым тұтынушы үшін ЖЭК электр энергиясының жоспарлы көлемі;

– ЖЭК пайдалану объектілері және (немесе) басым тұтынушы пайдалануға берген қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері өндірген электр энергиясы көлемінің жоспарлы көлемі;

– басым тұтынушыдан ЖЭК жоспарлы көлемін шегергенде, басым тұтынушы үшін ЖЭК электр энергиясын бөлудің жоспарлы көлемі;

– осы басым тұтынушымен бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар жабатын басым тұтынушының электр энергиясын тұтынуының жоспарлы көлемі;

– электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің өзінде меншік құқығындағы генерациялайтын қондырғылар есебінен жабылатын немесе энергия өндіруші ұйымдар жабатын электр энергиясын тұтынудың жоспарлы көлемі;

– цифрлық майнерлерді және шартты тұтынушыларды қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің электр энергиясын тұтынудың жоспарланған көлемі;

– электр энергиясын бірыңғай сатып алушы сатып алған ЖЭК электр энергиясының жоспарлы көлемі;

– басым тұтынушыдан ЖЭК электр энергиясын есепке алудың жоспарлы көлемі

мәндерінің ең азы ретінде айқындалады.

6-тарау. Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу тәртібі

      73. Сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін Субъект қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды жібереді:

      1) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні салу құрастыру жұмыстары басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген хабарламаның көшірмесі – сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде;

      2) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану жөніндегі жаңа объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесі – сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде.

      Бұл ретте, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім егер ол аяқталғанға дейін Сәулет қызметі туралы заңға сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымнан (адамнан) ЖЭК пайдалану объектісін салу жөніндегі жұмыстардың жалпы көлемінің кемінде 70% (жетпіс пайыз) көлемінде ЖЭК пайдалану объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалғаны туралы растау ұсынылған жағдайда күнтізбелік 1 (бір) жылға ұзартылады;

      3) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану жөніндегі объекті үшін энергия беруші ұйым мен Субъект арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілілігі мен пайдаланудағы жауапкершілігінің аражігін ажырату актісінің көшірмесі – тараптардың теңгерімдік тиесілілігі мен пайдаланудағы жауапкершілігінің аражігін ажырату актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде және ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні кешенді сынау басталғанға дейін;

      4) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану жөніндегі объекті үшін энергия беруші ұйым мен Субъект арасында қол қойылған электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдап алу актісінің көшірмесі – электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдап алу актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде және ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні кешенді сынау басталғанға дейін;

      5) ЖЭК-ті пайдалану объектісіндегі объектінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалануға беру туралы актінің көшірмесін – кешенді сынақ жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

      74. Осы Қағидалардың 73-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 13) тармақшасына сәйкес еңсерілмейтін күштің мән-жайларын куәландыратын растауды қоса бере отырып, Субъектінің электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға жіберген өтінішіне (еркін нысандағы) сәйкес күнтізбелік 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге, бірақ ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімінен кешіктірілмей ұзартылады. Мерзімді ұзарту осы Қағидалардың 75-тармағының қолданылуын ескере отырып, шартқа қосымша келісіммен ресімделеді.

      75. Осы Қағидалардың 73-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген мерзім ұзартылған жағдайда, сатып алудың он бес жылдық мерзімін есептеу осы Қағидалардың 73-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіне және (немесе) 74-тармағына сәйкес ұзартуды есепке алмай, осы Қағидалардың 73-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну мерзімі өткен күннен кейінгі күннен басталады.

      76. Осы Қағидалардың 73-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген мерзімдердің қандай да бірі күнтізбелік 6 (алты) айдан артық мерзімге бұзылған жағдайда, сатып алу шарты өзінің қолданысын тоқтатады.

      77. Осы Қағидалардың 75-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сатып алу шартына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) жыл өткен соң сатып алу шарты мен тиісті тіркелген тариф өз қолданысын тоқтатады.

7-тарау. Қаржы-есеп айырысу орталығының техникалық-экономикалық негіздемесі бар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінде өндірілген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу тәртібі

      78. Сатып алу шарты және техникалық-экономикалық негіздемедегі тиісті тариф техникалық-экономикалық негіздемеде ЖЭК пайдалану объектісі үшін белгіленген өзін өзі ақтаудың қалған мерзімі аяқталған соң өз қолданысын тоқтатады.

8-тарау. Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінен электр энергиясын аукциондық бағалар бойынша орталықтандырылған сатып алу тәртібі

      79. Осы тарауға сәйкес аукциондық бағалар бойынша жасалған сатып алу шартына осы Қағидалардың 2-тарауының 28-тармағының екінші-төртінші бөлігінің, 29, 32, 33, 34, 35, 41- тармақтарының ережелері қолданылады.

      80. Сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді Субъекті сатып алу шартына қол қойған соң күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қаржы-есеп айырысу орталығына Беру қағидаларына сәйкес ресімделген банк кепілдігін немесе SWIFT жүйесі бойынша шығарылған резервтік аккредитивті беру арқылы ұсынады.

      81. Банктік кепілдік немесе резервтік аккредитив қаржы-есеп айырысу орталығы мына төмендегі құжаттарды ұсынған жағдайда банк тарапынан орындалады:

      1) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының уәкілетті тұлғасы қол қойған және электр энергиясын бірыңғай сатып алушының мөрімен (бар болса) куәландырылған, қағазда орындалған борышкердің міндеттемелерін орындамауы туралы өтініш;

      2) сатып алу шартына сәйкес ұстап қалу сомасы көрсетілген төлем жасау туралы талап.

      82. Сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін Субъект қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген сатып алу шарты жасалатын ЖЭК-ті пайдалану объектісінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі – күн электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде, жел және биогаз электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде, гидроэлектр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай;

      2) Сәулет қызметі туралы заңның 11-тарауында айқындалған тәртіппен бекітілген, оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК-ті пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін – күн электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде, жел және биогаз электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде, сгидроэлектр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай;

      Бұл ретте, көрсетілген мерзімдер, егер осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткенге дейін Сәулет қызметі туралы заңға сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымнан (адамнан) ЖЭК-ті пайдалану жөніндегі объектіні салу жөніндегі жұмыстардың жалпы көлемінің кемінде 70%-ы көлемінде ЖЭК-ті пайдалану объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалғаны туралы растау ұсынылған жағдайда, күнтізбелік 1 (бір) жылға ұзартылады;

      3) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК-ті пайдалану объектісі үшін энергия беруші ұйым мен өтініш беруші арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілігін шектеу және пайдалану жауапкершілігі актісінің көшірмесі – тараптардың теңгерімдік тиесілігін шектеу және пайдалану жауапкершілігі актісіне қол қойылған күннен бастап және ЖЭК-ті пайдалану объектісін кешенді сынау басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      4) энергия беруші ұйым мен оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК-ті пайдалану объектісі үшін өтініш беруші арасында қол қойылған ЖЭК-ті пайдалану объектісінде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісінің көшірмесін – электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісіне қол қойылған күннен бастап және ЖЭК-ті пайдалану объектісін кешенді сынау басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      5) сатып алу шартына қол қойған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оның талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді;

      6) кешенді сынақ жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЖЭК-ті пайдалану объектісінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалануға беру туралы актінің көшірмесін;

      7) ЖЭК-ті пайдалану объектісін салуға алынған шетел валютасындағы кредиттік міндеттемелердің болуы туралы ақпаратты – жыл сайын бірінші қазанға қарай ұсынады.

      83. Осы Қағидалардың 82-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 13) тармақшасына сәйкес еңсерілмейтін күштің мән-жайларын куәландыратын растауды қоса бере отырып, Субъектінің электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға жіберген өтінішіне (еркін нысандағы) сәйкес күнтізбелік 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге, бірақ ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімінен кешіктірілмей ұзартылады. Мерзімді ұзарту осы Қағидалардың 84-тармағының қолданылуын ескере отырып, шартқа қосымша келісіммен ресімделеді.

      84. Осы Қағидалардың 82-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген мерзім ұзартылған жағдайда, сатып алудың он бес жылдық мерзімін есептеу осы Қағидалардың 82-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіне және (немесе) 83-тармағына сәйкес ұзартуды есепке алмай, осы Қағидалардың 73-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну мерзімі өткен күннен кейінгі күннен басталады.

      85. Сатып алу шарты мынадай жағдайларда:

      1) осы Қағидалардың 82-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімі бұзылған кезде;

      2) осы Қағидалардың 82-тармағының 5) тармақшасына сәйкес шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұсынбаған кезде өз қолданысын тоқтатады.

      86. Сатып алу шарты және тиісті аукциондық баға, осы Қағидалардың 84-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сатып алу шартына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісінен электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.

9-тарау. Қаржы-есеп айырысу орталығының қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерден электр энергиясын аукциондық бағалар бойынша орталықтандырылған сатып алу тәртібі

      87. Осы тарауға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу шартын жасасқан ҚЭКЖ Субъектісіне осы Қағидалардың 31-тармағының ережелері қолданылады.

      88. Жаңадан енгізілетін энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіде бұрын пайдалануда болған генерациялайтын қондырғылардың қалдықтары қолданылған кезде, тиісті ақпарат Сәулет қызметі туралы заңның 11-тарауында айқындалған тәртіппен бекітілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау актісінде көрсетіледі.

      89. Банктік кепілдік немесе резервтік аккредитив сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап кемінде 61 (алпыс бір) ай қолданылу мерзімімен оларды толық немесе алушының (бенефициардың) нұсқауы бойынша бөліп-бөліп орындау мүмкіндігін көздейтін қайтарып алынбайтын болып ұсынылады.

      90. Сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету осы Қағидалардың 31-тармағымен белгіленген тәртіпте мынадай жағдайларда ұсталып қалады:

      1) сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай өткеннен кейін 6 (алты) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген сатып алу шарты жасалатын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесін ұсынбаған кезде – сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 30%-ы (отыз пайыз) мөлшерінде;

      2) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын Сәулет қызметі туралы заңның 11-тарауына сәйкес айқындалған тәртіппен бекітілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні қабылдау актісінің көшірмесін ұсынбаған кезде-сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100%-ы (жүз пайыз) мөлшерінде, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету бөлігі ұстап қалған кезде, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі – сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70%-ы (жетпіс пайыз).

      91. Сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін ҚЭКЖ Субъектісі қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды жібереді:

      1) Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген, оған қатысты сатып алу шарты жасалатын, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі;

      2) Сәулет қызметі туралы заңның 11-тарауында айқындалған тәртіппен бекітілген, оған қатысты сатып алу шарты жасалатын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде;

      3) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын, энергия беруші ұйым мен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмесі – тараптардың теңгерімдік тиесілігін ажырату актісіне қол қойылған күннен бастап және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін кешенді сынау басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      4) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объект үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалануға беру туралы актінің көшірмесі – кешенді сынақ жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      5) энергия беруші ұйым мен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі үшін қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым арасында қол қойылған, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісінің көшірмесі – электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісіне қол қойылған күннен бастап және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін кешенді сынау басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      6) сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету оған қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

      7) ЖЭК-ті пайдалану объектісінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалануға беру туралы актінің көшірмесі – кешенді сынақ жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      92. Сатып алу шарты мынадай жағдайларда:

      1) осы Қағидалардың 91-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімі бұзылған кезде;

      2) осы Қағидалардың 91-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұсынбаған кезде өз қолданысын тоқтатады.

      93. Сатып алу шарты және тиісті аукциондық баға сатып алу шартына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндірген электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап 15 (он бес) жыл өткен соң өз қолданысын тоқтатады.

  Электр энергиясын бірыңғай
сатып алушының жаңартылатын
энергия көздерін пайдалану
объектілері, қалдықтарды
энергетикалық кәдеге
жарату объектілері өндірген
электр энергиясын
орталықтандырылған сатып алу
және сату қағидаларына
1-қосымша
Нысан
  кімге
  __________________________
  (заңды тұлғаның атауы)
  кімнен
  _________________________

Қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сату туралы шарт жасасуға өтінім ________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы және мекенжайы)

      жаңартылған энергия көздерін (бұдан әрі - ЖЭК) пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасуды сұрайды.

      Заңды тұлғаның (бар болса оның филиалдарының, өкілдіктерінің) орналасқан жері:

      Почталық мекенжайы: __________________________________________________

      Телефон нөмірлері: ____________________________________________________

      E-maіl: _______________________________________________________________

      Факс: ________________________________________________________________

      ЖЭК пайдалану объектісінің атауы _______________________________________

      Электр энергиясын өндіру үшін пайдаланатын ЖЭК-тің түрі (қажеттісінің астын сызу керек):

      жел электр станциялары;

      күн энергиясын фотоэлектрлі түрлендіргіштер;

      гидроэлектрстанциялары, биогаз қондырғылары.

      ЖЭК объктісінің орналасқан жері: ________________________________________

      ______ МВт пайдаланылатын ЖЭК-тің түрлері бойынша бөле отырып, ЖЭК объектісінің түрлендіруші жабдығының белгіленген жиынтық қуаты.

      ______________ мың кВт/сағ. жылдар бойынша бөліп, сатып алу шарты қолданылатын бүкіл мерзім ішінде объектіде өндіру жоспарланған электр энергиясының болжамды көлемі.

      ЖЭК объектісін іске қосу күні (іс жүзіндегі немесе жоспарланған) _____________.

      ЖЭК пайдалану объектісінің белгіленген қуатын пайдаланудың болжамды коэффициенті ______.

      Қоса берілген құжаттар

      (парақтар санын көрсете отырып):

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________

      4. ___________________________________________________________

      5. ____________________________________________________________

      6. ____________________________________________________________

      Ұйым басшысы (лауазымы)

      ___________________________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)

  Электр энергиясын бірыңғай
сатып алушының жаңартылатын
энергия көздерін пайдалану
объектілері, қалдықтарды
энергетикалық кәдеге жарату
объектілері өндірген
электр энергиясын
орталықтандырылған
сатып алу және сату
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

ТӨРЕЛІК КЕЛІСІМ

Астана қ.

20___ жылғы "__" ______

      Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын ______________ негізінде әрекет ететін ______________________"Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы - есеп айырысу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бір тараптан және ___________________ негізінде әрекет ететін __________________________ екінші тараптан "Төрелік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 10-тармағына сәйкес уәкілетті органның келісімімен ___________ жылғы № _______ Төрелік келісімді төмендегілер туралы жасасты:

      1. Тараптар қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан аукциондық бағалар бойынша электр энергиясын сатып алу шарты бойынша Тараптар арасындағы құқықтық қатынастарға байланысты дауларды шешуді "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығының қарауына төмендегі шарттармен беру туралы уағдаласты:

      1) төрелік – "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығы;

      2) төрелік регламент – ______________________;

      3) төрелік талқылау тілі – ___________________;

      4) қолданылатын құқық – Қазақстан Республикасының материалдық құқығы;

      5) төрелік құрамы – 3 (үш төреші);

      6) төрелік талқылауды өткізу орны – Астана қаласы;

      7) қолданыстағы заңнамада тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығының шешімі түпкілікті және орындауға міндетті деп танылады.

      2. Келісімге екі данада қол қойылды, Тараптардың әрқайсысына біреуден беріледі.

      Тараптардың заңды мекенжайлары және қолтаңбалары: