ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы, Тізбенің 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 100 Қаулыға қосымша |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 24 қыркүйектегі № 345 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2548 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Шарттың мәні сақтандыру ұйымы - қатысушының Заң және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес бастапқы біржолғы және қосымша жарналарды (көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы - қатысушы үшін), міндетті, төтенше жарналарды төлеу арқылы Қорға қатысуы, шартты міндеттемелерді қалыптастыруы және өзіне сақтанушылардың құқықтарын қосымша қорғау бойынша осы шартта айқындалған міндеттемелер қабылдауы болып табылады.";
4 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары-қатысушылар міндетті жарналарды есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша Қордың Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын есепке алу үшін ашылған шотқа дербес төлейді.
Міндетті жарналарды "өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын қатысушы сақтандыру ұйымдары "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын есепке алу үшін ашылған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі Қордың шотына, әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей дербес жүргізеді.";
2-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1-тарау. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары – қатысушылардың бастапқы біржолы қосымша жарналарды төлеу тәртібі;
мынадай мазмұндағы дополнить 4-4 және 4-5-тармақтармен толықтырылсын:
"4-4. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы-қатысушы "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары-сақтандыру ұйымдары төлеу үшін бастапқы біржолғы жарна мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 184 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4855 болып тіркелген) белгіленген мөлшерде бастапқы біржолғы жарна төлейді.
4-5. Бастапқы біржолғы жарна төлеуді көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы-қатысушы осы шарт жасалған күннен бастап 5 (бес) күннен кешіктірмей зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алу үшін Қордың Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде ашылған шотына жүргізеді.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы - қатысушы шартты міндеттемелерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он) күнінен кешіктірмей сақтандырудың әрбір кепілдік берілген түрі бойынша тоқсан сайын қалыптастырады және қалыптасқан шартты міндеттемелер ағымдағы тоқсан аяқталғанға дейін өзгермейді.";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Қордың таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфеліне ақы төлеуі. Кепілдік төлемдерін жүзеге асыру талаптары мен тәртібі";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қор таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру ұйымы - қатысушыға берілетін сақтандыру портфелін Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының меншікті активтерін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау қағидаларына сәйкес инвестициялау нәтижесінде сатып алынған активтермен төлеуді жүзеге асырады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Қор таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфеліне ақы төлеуді сақтандыру портфелін табыс ету туралы шартты жасасқан күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей жүзеге асырады.";
28 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Қор:
1) сақтандыру ұйымы – қатысушымен қатысу шартын жасасуға;
2) сақтандыру ұйымдары - қатысушыларға қатысу шартына сәйкес жылдық қаржылық есептілік ұсынуға;
3) жыл сайын аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілікті жариялауға;
4) сақтандыру ұйымдары - қатысушылардың міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібіне, сондай-ақ олардың шартты міндеттемелерді қалыптастыруына бақылау жасауға;
5) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндеттемелері бойынша кредиторларға Заңда көзделген тәртіппен кепілдік төлемін жасауға;
6) аудит жүргізуге;
7) сақтандыру ұйымдарының оған мәлім болған Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарын бұзу фактілері жөнінде уәкілетті органға хабарлауға;
8) бүлінген мүлікті бағалауды жүргізу шығыстарын қосқанда, сақтандыру ұйымы – қатысушының сақтандыру жағдайы мен келтірілген зиян мөлшерін айқындау бойынша іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты болған шығыстарды Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде өтеуге;
9) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру ұйымы – қатысушыға берілетін сақтандыру портфеліне ақы төлеуге;
10) өзінің қызметін жүзеге асыру барысында оған мәлім болған сақтандыру ұйымының қызметі туралы барлық ақпаратты тек қызметтік мақсатта пайдалануға міндетті.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Сақтандыру ұйымы - қатысушы:
1) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын қазақ және орыс тілдеріндегі мерзімді баспа басылымдарында сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу туралы ақпаратты жариялауға;
2) Қордан кредиторларға кепілдік төлемдерін жасауға қатысты ақпаратты алуға;
3) Қордан жылдық қаржылық есептілікті талап етуге құқылы.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Сақтандыру ұйымы - қатысушы қатысу шартына сәйкес:
1) міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шартты міндеттемелерді қалыптастыруға;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, Қорға осы Үлгі шарттың 1 және (немесе) 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша мәліметтер ұсынуға;
3) Қорға № 387 қаулымен белгіленген нысан бойынша, тәртіпте және мерзімде міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемелерін есептеу үшін қажетті ақпаратты ұсынуға;
4) Қорға Қордың директорлар кеңесі айқындайтын мерзімде және көлемде ақпарат, оның ішінде сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) бойынша сақтандыру және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын оның міндеттемелері бойынша мәліметтер ұсынуға;
5) Қорды өзінің төлем қабілетсіздігі туралы және уәкілетті органның санкцияларды қолдану фактілері туралы хабардар етуге;
6) Қорға сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру қызметінің тоқтатылғаны туралы хабарлау;
7) сотқа мәжбүрлеп тарату туралы талап арыз берілгені туралы, сондай-ақ соттың сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағаны туралы Қорды хабардар етуге;
8) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын лицензиядан айыруы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін жүргізуі туралы Қорды хабардар етуге;
9) Заңда көзделген жағдайларда және тәртіпте мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысынан (сақтандырылғаннан, пайда алушыдан) сақтандыру жағдайының басталуы және кепілдік төлемін төлеу туралы хабарламасын (өтінішін) қабылдауға және сақтандыру жағдайы мен келтірілген зиян мөлшерін айқындау бойынша жұмысты жүзеге асыруға;
10) сақтанушыларды (сақтандырылушыларды), сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) бойынша сақтандыру шартын жасасуға ниеті бар тұлғаларды Қордың басқару органы бекіткен нысан бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне өзінің қатысуы туралы хабардар етуге;
11) өзінің ресми интернет-ресурсында сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.";
36 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Бастапқы, міндетті, қосымша не төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайда сақтандыру ұйымы - қатысушы төлеу күнін қосқанда, мерзімі өткен әрбір жұмыс күні үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,1 пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.";
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартына 1-қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес жазылсын.
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартына 2-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6287 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру ережелері Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары – сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 387 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8329 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары – сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, бастапқы біржолғы, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібін бекіту туралы";
кіріспесі және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары – сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының міндетті, бастапқы біржолғы, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібі (бұдан әрі – Әдістеме) бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары – сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесінде, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерінде, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары – сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының міндетті, бастапқы біржолғы, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібі";
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары – сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының міндетті, бастапқы біржолғы, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібі (бұдан әрі – Әдістеме) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының (бұдан әрі – қатысушы сақтандыру ұйымдары) міндетті, бастапқы біржолғы, қосымша жарналардың, шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібін белгілейді.";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Міндетті жарналар мөлшерлемелерін есептеу қағидаларын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі – Қор) директорлар кеңесі бекітеді және ол 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет қайта қаралуға тиіс.
Міндетті жарналар мөлшерлемелерін есептеу қағидалары Әдістеменің 5, 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарын ескере отырып, кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша базалық мөлшерлемелерді және түзету коэффициенттерін есептеу тәртібін қамтиды.
Міндетті жарналар мөлшерлемелерін есептеу Қордағы тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарды ескере отырып жүзеге асырылады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) шеңберінде жинақтаушы сақтандырудың әрбір түрі бойынша міндетті жарнаның базалық мөлшерлемесі сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерінің оң өзгерісінен кемінде 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайызын құрайды және 1 (бір) пайызынан аспайды.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қатысу шарты бірінші рет жасалған жыл ішінде қатысушы сақтандыру ұйымы үшін сақтандырудың кепілдік берілетін әрбір түрі бойынша міндетті жарна мөлшерлемесі түзету коэффициентін қолданбай базалық мөлшерлеменің жоғарғы шегінің мөлшерінде белгіленеді.
Қатысушы сақтандыру ұйымы үшін кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша міндетті жарнаның мөлшерлемесі кепілдік берілетін сақтандырудың түрі бойынша жарналар алғаш рет төленетін жыл ішінде түзету коэффициентін қолдана отырып, базалық мөлшерлеме мөлшерінде белгіленеді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қатысушы сақтандыру ұйымы сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) шеңберінде жинақтаушы сақтандырудың кепілдік берілетін әрбір түрі бойынша міндетті жарна сомасын есептеуді қатысушы сақтандыру ұйымы үшін тиісті міндетті жарнаның мөлшерлемесін есепті тоқсанның соңында және басында жинақтаушы сақтандырудың кепілдік берілетін әрбір түрі бойынша сақтандыру резервтерінің мөлшерлері арасындағы оң айырмаға көбейту арқылы тоқсан сайын дербес жүргізеді. Есепті тоқсанның соңында және басында жинақтаушы сақтандырудың кепілдік берілген түрі бойынша сақтандыру резервтерінің арасындағы айырма теріс болған жағдайда Қор міндетті жарналарды қайтармайды.
Егер есепті кезеңде жинақтаушы сақтандырудың кепілдік берілген түрі бойынша сақтандыру резервтерінің ұлғаюы Сақтандыру қызметі туралы заңда көзделген жағдайларда сақтандыру шарттарын (сақтандыру портфелін) басқа сақтандыру ұйымынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының басқа филиалынан қабылдауға байланысты болған жағдайда, міндетті жарналар сомасын есептеу қабылданған сақтандыру портфелі бойынша міндетті жарналары сақтандыру портфелін беруді жүзеге асырған сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының Қорға төлеген сақтандыру резервтерінің сомасын есепке алмай жүзеге асырылады.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Қосымша жарналар мөлшерлемесін есептеу әдістемесі, бастапқы біржолғы, қосымша жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері";
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
"22-1. Бастапқы біржолғы жарнаның мөлшері "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары-сақтандыру ұйымдары төлеу үшін бастапқы біржолғы жарна мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 184 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4855 болып тіркелген) белгіленеді.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Қатысушы сақтандыру ұйымдары қосымша жарналарды төлеуді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінен) кешіктірмей әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша Қордың Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алу үшін ашылған шотына дербес жүргізеді.
Бастапқы біржолғы жарнаны төлеуді қатысушы сақтандыру ұйымы Қордың зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алу үшін ашылған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі шотына Қормен қатысу шарты жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Жинақтаушы сақтандырудың кепілдік берілетін әрбір түрі бойынша қалыптастырылуға тиіс шартты міндеттемелердің мөлшерлемесі жинақтаушы сақтандырудың кепілдік берілетін әрбір түрі бойынша сақтандыру резервтерінің оң өзгерісінің кемінде 0 (нөл) пайызын құрайды және 4 (төрт) пайызынан аспайды.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Қатысушы сақтандыру ұйымы кепілдік берілетін жинақтаушы сақтандырудың әрбір түрі бойынша шартты міндеттемелердің мөлшерін есептеуді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінен) кешіктірмей шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есепті тоқсанның басындағы және соңындағы кепілдік берілетін жинақтаушы сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру резервтерінің мөлшерлері арасындағы оң айырмаға көбейту арқылы тоқсан сайын дербес жүргізеді.".
4. "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы", "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы", "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:"
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" (бұдан әрі – Инвестициялық қорлар туралы заң), "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы", "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" (бұдан әрі – Қор туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру талаптары мен тәртібін айқындайды.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Кастодиандық шартта кастодиан ерікті жинақтаушы зейнетақы қормен немесе арнайы қаржы компаниясымен немесе арнайы қаржы компаниясымен және арнайы қаржы компаниясының инвестициялық портфельді басқарушысымен немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен және инвестициялық портфельді басқарушымен немесе сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен жасалатын кастодиандық шартты қоспағанда, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 75-бабының 3-тармағында белгіленген оның мазмұнына қойылатын талаптардан басқа мыналар қамтылады:
1) кастодианның бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны, сондай-ақ кастодианның клиенттен немесе клиенттің шоттарын басқаруға өкілеттігі бар ұйымнан кастодианның осы Қағидалардың 22-тармағының 8) тармақшасында көзделген функцияларын орындауы үшін қажетті құжаттарды алу құқығы;
2) кастодианның клиент алдындағы есептілігінің нысаны мен кезеңділігі;
3) клиентке активтерді қайтару не клиенттің активтерін жаңа кастодианға тапсыру тәртібі;
4) салыстырып тексеруді жүргізу тәртібі мен кезеңділігі;
5) тараптардың біреуінің бастамасы бойынша және (немесе) уәкілетті органның кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берген кастодиан лицензиясының қолданысы тоқтатылған кезде кастодиандық шартын бұзу тәртібі мен талаптары;
6) уәкілетті органға нақты болуын және сақталатын резервтік көшірмесінің мазмұнын тексеруге мүмкіндік беретін шарттар;
7) кастодианның кастодиандық қызметін реттейтін ішкі құжаттарымен танысқаны туралы клиенттің белгісі;
8) кастодианның ішкі құжаттарына сәйкес өзге де ережелер.
Осы тармақтың 3), 5) және 7) тармақшаларының талаптары кастодиан мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалған кастодиандық шарттың мазмұнына қолданылмайды.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Кастодиандық шартты бұзудың бастамашысы екінші тарапты (тараптарды):
1) кастодианның және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалған кастодиандық шартты бұзудың белгіленген күніне дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын;
2) кастодианның және арнайы қаржы компаниясының арасында жасалған кастодиандық шартты немесе кастодианның, арнайы қаржы компаниясының, және инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалған кастодиандық шартты бұзудың белгіленген күніне дейін күнтізбелік отыз күн бұрын;
3) кастодианның және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалған кастодиандық шартты бұзудың белгіленген күніне дейін күнтізбелік отыз күн бұрын хабардар етеді.
4) кастодианның және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының арасында жасалған кастодиандық шартты бұзудың белгіленген күніне дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын хабардар етеді.
Өзге кастодиандық шарттарды бұзуға бастамашы шарттың екінші тарабын кастодиандық шартта белгіленген мерзімде хабардар етеді.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Кастодиан өз функцияларын іске асыру мақсатында:
1) кастодиандық қызмет көрсетуге берілген эмиссиялық бағалы қағаздардың номиналды ұсталуын жүзеге асырады;
2) кастодиандық қызмет көрсетуге берілген активтердің есебін жүргізуді және сақталуын, сондай-ақ мәмілелер жасау кезінде олардың бар болуын қамтамасыз етеді;
3) кастодиндық қызмет көрсетуге берілген эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдармен жасалған мәмілелер бойынша төлем агентінің қызметін көрсетеді;
4) клиенттің эмиссиялық бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелерді тіркейді және осындай бағалы қағаздар бойынша оның құқығын растайды;
5) кастодиандық қызмет көрсетуге берілген клиенттердің эмиссиялық бағалы қағаздары мен өзге де активтері бойынша кірістер алады және оларды клиенттердің шоттарына есепке алады;
6) меншікті активтерге қатысты клиенттер активтерінің жеке сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз етеді;
7) Қағидалардың 4-бөлімінде белгіленген клиенттердің эмиссиялық бағалы қағаздары мен өзге де активтерінің шоттарын жүргізу және есепке алу технологиясын сақтайды;
8) өз клиенттерінің активтерімен жасалған мәмілелердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуіне, оның ішінде Қағидалардың 24, 25, 26, 26-1-тармақтарында белгіленген тәртіппен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, инвестициялық қорлардың активтерін, арнайы қаржы компаниясының активтерін және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының зиянын өтеу резервін мақсатты орналастыруына (пайдалануына) бақылау жасайды;
9) клиенттерге олардың шоттарының жай-күйі туралы есептілікті тұрақты негізде және олардың алғашқы талап етуі бойынша, ал бағалы қағаздарды және кастодиандық қызмет көрсетуге берілген өзге де қаржы құралдарын ұстаушыларға – олардың алғашқы талап етуі бойынша ұсынады;
10) кастодианның есепке алу жүйесінде клиенттерге ашылған шоттардағы клиенттердің активтері туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді және бағалы қағаздар эмитенттерінің және орталық депозитарийдің тапсырмасы бойынша клиенттерге ақпарат береді;
11) уәкілетті орган сұрататын ақпаратты береді;
12) кастодиандық шартта көзделген қызметтерді көрсетеді.";
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
"23-1. Кастодиан "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының зиянын өтеу резервін сақтау және есепке алу функцияларын іске асыру мақсатында:
1) кастодианның ішкі құжаттарында және кастодиандық шартта көзделген тәртіппен және мерзімдерде, нысан бойынша "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін және зиянды өтеу резервін есепке алуға және сақтауға арналған шоттардың жай-күйі туралы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын ай сайын хабардар ету;
2) кастодиандық шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, оның ішінде сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қорына ұсыну үшін кастодианның ішкі құжаттарында айқындалған нысан бойынша "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві қаражатының құрылымы, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және зиянды өтеу резерві туралы есепті Қағидалардың 36-тармағына сәйкес салыстырып тексеру үшін ай сайын жасау;
3) "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының зиянын өтеу резервінің қаражатын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына мақсатты орналастырылуын бақылау;
4) "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві қаражатының құнын, қозғалысын және құрамын, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының зиянын өтеу резервін есепке алуды жүзеге асырады.
"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві қаражатының құрылымы (құрамы), "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының зиянын өтеу резерві Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған кезде, кастодиан сәйкессіздік анықталған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы уәкілетті органға, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына хабарлама жібереді.";
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
"26-1. Кастодиан "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының зиянын өтеу резерві қаражатының мақсатты орналастырылуына (пайдаланылуына) бақылауды кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған шоттар бойынша операцияларды жасауға ұсынылған құжаттарды және бұйрықтарды (тапсырмаларды) тексеру арқылы, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында;
2) инвестициялық декларацияда;
3) уәкілетті орган қолданған, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры резервтері қаражаттарына қатысты инвестициялық қызметті шектеуге бағытталған қадағалап ден қою шараларында белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеру арқылы жүзеге асырады.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві қаражатының, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және зиянды өтеу резерві қаражаттарын бақылау функцияларын орындау шеңберінде кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған шоттар бойынша көрсетілген активтер есебінен операция жүргізуге алынған бұйрық Қағидалардың 24, 25, 26 және 26-1-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде операцияны (орындалуды) тіркейді және осы бұйрықты (осы тапсырманы) берген тұлғаға тиісті бұйрықтың (тапсырманың) орындалуы туралы есепті жібереді.
Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген есепті жіберу қор биржасының сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер бойынша талап етілмейді.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Бұйрықтың (тапсырманың) Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, кастодиан уәкілетті органды, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын және егер мәміле оның сауда жүйесінде жасалған болса қор биржасын жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы дереу хабардар етеді.
Бұйрықтың (тапсырманың) Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, кастодиан уәкілетті органды, басқарушы компанияны, егер мәміле акционерлік инвестициялық қордың активтерін қатыстырумен жасалған болса, акционерлік инвестициялық қордың атқарушы органын, егер мәміле оның сауда жүйесінде жасалған болса қор биржасын жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы дереу хабардар етеді.
Бұйрықтың (тапсырманың) Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, кастодиан уәкілетті органды, арнайы қаржы компаниясын, инвестициялық портфельді басқарушыны, сондай-ақ, егер мәміле оның сауда жүйесінде жасалған болса, қор биржасын жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы дереу хабардар етеді.
Бұйрықтың (тапсырманың) Қағидалардың 26-1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, кастодиан уәкілетті органды, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын және қор биржасын, егер мәміле оның сауда жүйесінде жасалған болса, жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы дереу хабардар етеді.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Кастодиан эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеуді, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірме беруді және ақпаратты ашуды, сондай-ақ номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыру шеңберінде кастодианның есепке алу жүйесінде өзге операцияларды жүргізуді Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген) Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларында (бұдан әрі - № 210 Қағидалар) және Қағидаларда белгіленген тәртіппен және талаптарда жүзеге асырады.
Кастодиан кастодианның есепке алу жүйесінде ескерілетін бағалы қағаздарды ұстаушы болып табылатын тұлғаның алғашқы талап етуі бойынша күнтізбелік үш күн ішінде оған оның жеке шотынан үзінді көшірмені береді.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Кастодиан әрбір клиентке оның активтерінің есебін жүргізуге арналған жеке шот ашады және кастодианды есепке алу жүйесінде ашылған клиент шотының шегінде қосалқы шоттар ашу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Кастодиандық қызмет көрсетуге берілген шетелдік бағалы қағаздардың есебін жүргізу мақсаттары үшін кастодианның есеп жүргізу жүйесінде бағалы қағаздар нарығында номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шотын жүргізу құқығы бар брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның әрбір клиентіне (бұдан әрі - бірінші санаттағы брокер) осы бірінші санаттағы брокерге ашылған жеке шоттың шеңберінде осы клиентке тиесілі шетелдік бағалы қағаздарын есепке алу үшін жеке баланстан тыс шот ашылады.
Кастодиандық қызмет көрсетуге берілген ақшаны, бағалы қағаздарды және өзге де активтерді есепке алу мақсаттары үшін кастодиан инвестициялық портфельді басқарушының әрбір клиентіне инвестициялық портфельді басқарушыны көрсете отырып ақшаны есепке алуға арналған жеке банк шоты және бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдарын (ақшаны қоспағанда), сондай-ақ өзге активтерді есепке алуға арналған баланстан тыс шот ашылады.
"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және зиянды өтеу резервінің қаражаттарын есепке алу мақсаттары үшін кастодиан сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын (ақшаны қоспағанда) есепке алу үшін жеке баланстан тыс шот (қосалқы шоттар) және ақшаны есепке алуға арналған банктік шоттар ашады.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Кастодианның ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, инвестициялық қорлардың активтері, "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және зиянды өтеу резервінің қаражаттарын, арнайы қаржы компанияларының бөлінген активтерін, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздарды және олармен жасалған мәмілелерді есепке алу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында, кастодианды шарттарда және кастодианның ішкі құжаттарымен белгіленеді.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Кастодиан оған кастодиандық қызмет көрсетуге берілген клиенттердің активтерін актуалды есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында айына кем дегенде бір рет өзінің клиенттерінің ақшасын, қаржы құралдарын және өзге активтерін есепке алу жүйесінің деректерін бірінші санаттағы брокер-дилердің, инвестициялық портфельді басқарушының, арнайы қаржы компаниясының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, орталық депозитарийдің, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, сондай-ақ шетелдік номиналды ұстаушының деректеріне сәйкестігін салыстырып тексереді.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының зейнетақы активтерін сондай-ақ кастодиандық қызмет көрсетуге берілген, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін салыстырып тексерудің ерекшеліктері кастодианды шартпен белгіленеді.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Кастодиан кастодианның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен № 210 қағидалардың 21-тармағында көзделген есепке алу журналдарын, сондай-ақ мыналарды:
1) кастодиан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, инвестициялық қорлардың, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының және арнайы қаржы компанияларының жеке шоттары бойынша операцияларының Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) осы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық декларацияларына мен инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына және (немесе) зейнетақы ережелеріне және (немесе) акционерлік инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына және (немесе) "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді қорының зиянды өтеу резервінің қаражаттарын инвестициялау қағидаларына және (немесе) инвестициялық пай қорларының ережелеріне, және (немесе) арнайы қаржы компаниясы мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару шарттарына сәйкес келмеуі себебінен қабыл алмаған (орындамаған) операцияларын;
2) кастодиан инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін ақша және қаржы құралдарынан басқа, инвестициялық портфельді басқарушы мүлікпен жасалан мәмілелер (операциялар), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) акционерлік инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына сәйкес келмеуі себебінен қабыл алмаған (орындамаған) инвестициялық қорлардың ақша және қаржы құралдарынан басқа, мүлкімен жасалған мәмілелер (операциялар);
3) кастодианға инвестициялық қорлардың инвестициялық портфельді басқарушыларының не арнайы қаржы компанияларының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорларының, Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) осы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық декларацияларына және инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына және (немесе) зейнетақы ережелеріне және (немесе) акционерлік инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына және (немесе) "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді қорының зиянды өтеу резервінің қаражаттарын инвестициялау қағидаларына және (немесе) инвестициялық пай қорларының ережелеріне, және (немесе) арнайы қаржы компаниясы мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару шарттарына сәйкес келмейтін арнайы қаржы компанияларының берілген бұйрықтары (тапсырмалары) туралы уәкілетті органға жіберілген хабарламаларды есепке алу журналдарын жүргізу арқылы дәйекті және актуалды есепке алуды (есепке алу деректерін өзгертуге негіздемелер туындаған күні) жүзеге асырады.";
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"59. Кастодианның инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін, инвестициялық қордың, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының активтерін және арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін жаңа кастодианға беруді клиент жаңа кастодианмен кастодиандық шарт жасасқаннан кейін іс-әрекет етуші және жаңа кастодианның уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.";
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"64. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясының белгіленген активтерін, инвестициялық қордың активтерін, "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының зиянды өтеу резервінің қаражаттарын жаңа кастодианға қабылдау-тапсыру актісінде Қағидалардың 62-тармағында көрсетілген ақпараттан басқа мынадай ақпарат қамтылады:
1) активтерді қабылдау-тапсыру актісін жасаған күнгі жағдай бойынша жасалған депонент-банктердің атауын, салымдар сомаларын, банктік салым шартының жасалған күні мен нөмірлерін, салымдар мерзімдерін, сыйақы ставкаларын көрсете отырып, екінші деңгейдегі банктердегі салымдар туралы ақпарат;
2) активтерді қабылдау-тапсыру актісін жасаған күнгі жағдай бойынша клиенттердің активтерін құрайтын қаржы құралдарының сатып алу және ағымдағы құны туралы ақпарат;
3) активтерді қабылдау-тапсыру актісін жасаған күнгі жағдай бойынша әрбір қаржы құралы бойынша есептелген және алынған инвестициялық кірістің сомасы туралы, сондай-ақ әрбір қаржы құралы бойынша есептелген, бірақ төленбеген сомасы туралы;
4) активтерді қабылдау-тапсыру актісін жасаған күнгі жағдай бойынша есептелген және төленген, сондай-ақ төлеуге жататын комиссиялық сыйақылар сомасы туралы;
5) кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қатысты өзге де мәліметтер.";
мынадай мазмұндағы 68-1-тармақпен толықтырылсын:
"68-1. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының зиянды өтеу резервінің қаражатын қабылдау-өткізу актісі кастодиандық шартты бұзған күнгі жағдай бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, кастодиан, жаңа кастодиан, уәкілетті орган үшін бір-бірден төрт данада жасалады, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, кастодианның және жаңа кастодианның бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды.";
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының зиянды өтеу резервінің қаражатын, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін, инвестициялық қор активтерін қабылдау-өткізу актісінің даналарын кастодиандық қызмет көрсетуге активтерді қабылдайтын кастодиан оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынады.".
5. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері және зиянды өтеу резерві есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақыны алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 199 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17396 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Активтерді инвестициялау қағидаларын және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының меншікті активтері, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты және зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақыны алу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының меншікті активтерін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау қағидалары мсы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес;
2) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының меншікті активтері, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты және зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес;
3) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақыны алу қағидалары осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.";
1-қосымша Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес редакциядағы 3-қосымшамен толықтырылсын.
Нысан
Сақтандыру сыйлықақыларының, міндетті жарналар, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің есептелген сомасы жөніндегі мәліметтер
____________________________________________________________________
(сақтандыру ұйымы - қатысушының атауы)
Есепті кезең: 20 __ жылғы _______ тоқсандағы жағдай бойынша
(теңгемен) |
Кепілдік берілген сыныптың атауы | Сақтандыру сыйлықақылары | Сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, сақтанушыларға қайтарылған (қайтарылуы тиіс) сақтандыру сыйлақылары | Есептелген міндетті жарналар сомасы | Есептелген шартты міндеттемелер сомасы | Қорға қатысудың басынан бастап кезең ішінде есептелген шартты міндеттемелердің жалпы сомасы (өспелі жиынтығымен) | Есептелген қосымша жарналар сомасы |
Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
_________________
_____________ ___________
(қолы) (күні)
Нысан
Сақтандыру резервтерінің, міндетті жарналардың және шартты міндеттемелердің сомасы бойынша мәліметтер
____________________________________________________________________
(сақтандыру ұйымы - қатысушының атауы)
Есепті кезең: 20 __ жылғы _______ тоқсандағы жағдай бойынша
(теңгемен) |
Кепілдік берілетін сақтандыру түрінің атауы | Сақтандыру резервтері | Есептелген міндетті жарналар сомасы | Есептелген шартты міндеттемелер сомасы | Қорға қатысудың басынан бастап кезең ішінде есептелген шартты міндеттемелердің жалпы сомасы (өспелі жиынтығымен) | ||
өткен тоқсанның басына | есепті тоқсанның басында | айырмашылығы | өткен тоқсанның басына | |||
А | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
_____________ _________________ __ _________
(қолы) (күні)
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру ережесі
Осы "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының Қор қатысушысы – таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының кредиторларына кепілдік төлемдерін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Таратылатын Қор қатысушысы – сақтандыру ұйымының кредиторларына кепілдік төлемдерін жүзеге асыру тәртібін реттейтін Ереженің талаптары уәкілетті орган оларға қатысты сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына (қызметі тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары) "Сақтандыру қызметі туралы" (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң) және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып қолданылады.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ереже мақсатына мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) дебиторлар тізілімі - уақытша әкімшілік беретін сақтандыру шарттарының сақтандыру сыйлықақылары төлемі бойынша таратылатын сақтандыру ұйымы алдында борышы бар тұлғалардың тізімі;
2) кредитор – Заңға сәйкес кепілдік төлем алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) не сақтандыру шарты мен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген сақтандырушы жауапкершілігінің көлемі шегінде келтірілген зиянды жәбірленушіге (зиянның өтелуіне құқығы бар адамға) өтеген және тиісінше сақтандыру төлемін алу құқығы өткен өзге де тұлға;
3) кредиторлар тізілімі - уақытша әкімшілік беретін кепілдік төлемді алу құқығын иеленген тұлғалар тізімі.
4) сақтандыру актісі - сақтандырушы және (немесе) оның өкілінің қатысуымен қатысушы-сақтандыру ұйымы жасаған үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына және (немесе мүлкіне) келтірілген зиянның жері, уақыты, мөлшері және себебі көрсетілген және сақтандыру төлемін жүзеге асырудың негізі болып табылатын құжат;
5) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы (қатысушы-сақтандыру ұйымы) – Қормен қатысу шартын жасасқан және оның акционері болып табылатын сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы;
6) сақтандырудың аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлем - Қордың Заңында көзделген тәртіппен және талаптармен аннуитеттік сақтандыруға кепілдік беру шеңберінде сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) және (немесе) сақтандырылушының пайдасына төлейтін ақша сомасы;
7) сақтандырудың міндетті түрлері бойынша кепілдік төлем – Сақтандыру қызметі туралы заңда көзделген жағдайларда, таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру шарты бойынша Қордың Заңда көзделген тәртіппен және талаптармен басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) төлейтін ақша сомасы;
8) мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жасалған өмірді сақтандыру шарттары бойынша кепілдік төлем – Қордың "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес іске асырылатын өмірді сақтандыру шаты бойынша орын алған сақтандыру жағдайлары бойынша Қордың – Қор қатысушысы-таратылатын сақтандыру ұйымының пайда алушыға төлейтін ақша сомасы;
9) шарттардың тізілімі - Заңның 7-бабының 1-тармағы 2) бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес кепілдік берілетін таратылатын сақтандыру ұйымының қолданыстағы сақтандыру шарттарының тізілімі;
10) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-тарау. Қордың міндетті сақтандыру түрлері және мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жасалған, өмірді сақтандыру шарттары бойынша кепілдік төлемдерін жүзеге асыруы
2. Кепілдік төлемін алу негіздері Заңның 15-бабының 1-тармағында белгіленген.
3. Кредитор Заңның 15-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша кепілдік төлемін алу үшін Қорға өтініш берген жағдайда, кепілдік төлемін жүзеге асыру жөніндегі жазбаша өтінішке мынадай растайтын құжаттарды:
1) сақтандыру төлемін жүзеге асырудан не сақтандыру төлемін толық емес көлемде жүзеге асырудан заңсыз бас тартқан жағдайда сақтандыру ұйымы мен сақтанушы (сақтандырылушы) арасында жасалған бітімге келу келісімін, сақтандыру төлемін не сақтандыру төлемінің даулы бөлігін заңды күшіне енгені жөніндегі белгімен жүзеге асыру туралы соттың шешімін; не сот актісі болмаған жағдайда таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемінен бас тарту немесе оны ішінара жүзеге асыру туралы шешімін (бар болғанда), сондай-ақ жүзеге асырылған сақтандыру төлемінің көлемін растайтын төлем құжаттарын, сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген зиян мөлшерін растайтын құжаттарды;
2) егер сақтандыру жағдайы уәкілетті орган қатысушы сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған және уақытша әкімшілікті тағайындау күнінен бастап таратылатын қатысушы сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелін табыстау (қабылдау) күніне дейінгі кезеңде болған жағдайда - кредитор сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы талабын қойған кезде ұсынатын, сақтандырудың кепілдік берілетін түрлерін (кластарын) реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарында немесе сақтандыру шартында көзделген құжаттар.
3) орын алғаны туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы таратылғаннан кейін мәлімделген және олар бойынша міндеттемелер таратылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелінің құрамында берілмеген сақтандыру жағдайлары бойынша – сақтандыру шарты бойынша қолда бар құжаттар және Қазақстан Республикасының кепілдік берілетін сақтандыру түрлерін (сыныптарын) реттейтін жекелеген заңдарында көзделген, сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттар.
Кепілдік берілген төлемді алуға қажетті растаушы құжаттар болмаған жағдайда, кредитор таратылатын сақтандыру ұйымының уақытша әкімшілігіне немесе мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына тиісті құжаттарды Қорға немесе таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін қабылдаған қатысушы сақтандыру ұйымына беру туралы өтінішпен жүгінеді.
Уақытша әкімшілікте және (немесе) тарату комиссиясында кепілдік берілген төлемдерді алуға қажетті растайтын құжаттардың жоқтығы анықталған кезде, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның және (немесе) таратылатын қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дерекқорынан алынған мәліметтер пайдаланылады.
4. Кредитор Ереженің 3-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап Қор кепілдік берілген сақтандыру түрлерін (сыныптарын) реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) сақтандыру шартында көзделген мерзімдерде және тәртіппен кепілдік төлемін жүзеге асыру (жүзеге асырудан бас тарту) туралы мәселені қарайды. Кредитордан келіп түскен өтініш бойынша шешім қабылдау үшін Қор қатысушы- таратылатын сақтандыру ұйымының (бұдан әрі – уақытша әкімшілік) немесе қатысушы-сақтандыру ұйымынан кредитордың сақтандыру ісін, оның ішінде есептелген және төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, сақтандыру төлемдерінің мөлшері туралы ақпаратты жазбаша түрде сұратады.
5. Уақытша әкімшілік, қатысушы-сақтандыру ұйымы Қордың сұратуын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде құжаттардың тізімдемесін жасап, Қорға бар сақтандыру ісі мен қажетті ақпаратты, оның ішінде сақтандыру төлемдерінің жүзеге асырылу фактілері мен мөлшерін растайтын төлем құжаттарының көшірмелерін жібереді не Қорға кредитор жөніндегі құжаттар мен ақпараттың жоқтығы туралы хабарлайды.
6. Ереженің 3-тармағының бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторы Қорға не қатысушы-сақтандыру ұйымына сақтандыру жағдайының басталуы және Қазақстан Республикасының сақтандырудың кепілдік берілген түрлерін (сыныптарын) реттейтін жекелеген заңдарында немесе сақтандыру шартында көзделген мерзімде және тәртіппен сақтандыру (кепілдік) төлемін жүзеге асыру туралы өтінішпен хабарласа алады. Қор мекенжайын көрсете отырып, қатысушы-сақтандыру ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Кредитордың талабын алғаннан кейін қатысушы-сақтандыру ұйымы не Қор кепілдік берілген сақтандыру түрлері (сыныптары) туралы Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарында немесе сақтандыру шартында көзделген тәртіппен сақтандыру жағдайын және келтірілген зиянның мөлшерін анықтау жөніндегі жұмысты жүргізеді.
7. Кредиторларға сақтандыру (кепілдік) төлемін жүзеге асыру үшін Қор уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уақытша әкімшіліктен жазбаша түрде:
1) шарттар тізілімін;
2) кредиторлардың әрқайсысы бойынша мынадай ақпаратты қамтитын:
есептелген және төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері туралы;
есептелген және жүзеге асырылған сақтандыру төлемінің мөлшері туралы кредиторлар тізілімін;
3) осы дебиторлардың әрқайсысының сақтандыру сыйлықақысы бойынша берешегінің мөлшері туралы ақпаратты қамтитын дебиторлар тізілімін сұратады.
8. Уақытша әкімшілік Қордың сұратуын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде сұраған ақпаратты Қорға жібереді.
Қор ақпаратты алғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде қатысушы-сақтандыру ұйымына шарттар тізілімін жібереді.
9. Кредитор қатысушы - сақтандыру ұйымына сақтандыру жағдайының басталуы және кепілдік төлемін жүзеге асыру туралы өтінішпен хабарласқан жағдайда қатысушы - сақтандыру ұйымы кредитор туралы ақпараттың болуын шарттар тізілімінен және (немесе) дерекқордан тексереді.
Кредитор туралы мәліметтер шарттар тізілімінде және (немесе) деректер базасында болмаған жағдайда қатысушы-сақтандыру ұйымы кредитор мен Қорға өтінішті қабылдаудан бас тартуды жібереді, сондай-ақ кредиторға осы факті бойынша Қорға хабарласу қажеттігін түсіндіреді.
10. Кредитор өзі туралы мәліметтер шарттар тізілімінде және (немесе) дерекқорда болмағандықтан Қормен хабарласқан кезде Қор уақытша әкімшілікке не тарату комиссиясына 3 (үш) жұмыс күні ішінде кепілдік төлемін жүзеге асыру (жүзеге асырудан бас тарту) үшін кредитор жөніндегі ақпаратты беру туралы жазбаша түрде сұрату жібереді.
11. Уақытша әкімшілік немесе тарату комиссиясы Қордың сұратуын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сақтандыру шартының көшірмесін (ол бар болса) және (немесе) сақтандыру сыйлықақы төлемін растайтын құжатты және сақтандыру шарты бойынша ақпаратты жібереді.
12. Өтініш беруші мен таратылатын қатысушы-сақтандыру ұйымы арасында жасалған сақтандыру шарты бойынша ақпарат болған кезде қатысушы-сақтандыру ұйымы кепілдік берілетін сақтандыру түрін (сыныбын) реттейтін Қазақстан Республикасының Заңында және (немесе) сақтандыру шартында белгіленген мерзімде кредитор кепілдік берілетін сақтандыру түрін (сыныбын) реттейтін Қазақстан Республикасының Заңында және (немесе) сақтандыру шартымен көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап сақтандыру жағдайын және келтірілген зиянның мөлшерін айқындау бойынша жұмыс жүргізеді, сақтандыру актісін жасайды немесе кепілдік төлемді жүзеге асырудан бас тарту туралы құжаттар пакетін қалыптастырады.
13. Қатысушы-сақтандыру ұйымымен Ереженің 12-тармағында көрсетілген құжаттарды жасаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қалыптасқан құжаттар пакетін Қорға жібереді.
Құжаттар пакетіне сақтандыру жағдайын, келтірілген зиян мөлшерін айқындау бойынша жұмысты жүзеге асырумен байланысты шығыстарды және бүлінген мүлікті бағалауды жүргізу шығыстарын Қордың өтеуі туралы қатысушы-сақтандыру ұйымының талабы қоса беріледі. Қор Заңның 15-бабының 5-тармағында айқындалған мөлшерде құжаттар пакеті келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қатысушы-сақтандыру ұйымының шығыстарын өтейді.
14. Қор уақытша әкімшіліктен, қатысушы - сақтандыру ұйымынан кепілдік берілген сақтандыру түрлерін (сыныптарын) реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарында немесе сақтандыру шартында және Ережеде көзделген құжаттар пакетін алғаннан кейін Қор кепілдік төлемін жүзеге асыру не жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімді кепілдік берілген сақтандыру түрлерін (сыныптарын) реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарында белгіленген мерзімдерде қабылдайды.
15. Қор кепілдік төлемін кепілдік берілген сақтандыру түрлері (сыныптары) бойынша Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарында, сақтандыру шартында және Ережеде белгіленген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде жүзеге асырады.
Қор кепілдік төлемін жүзеге асыруы үшін кредитор Ережеде көзделген құжаттардан басқа жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, банктік деректемелері (бар болған кезде) туралы деректерді ұсынады.
16. Кепілдік төлемін Қор тікелей өзі немесе кредитордың банк шотына қолма-қол ақшасыз нысанда агент-банк арқылы не тараптардың келісімі бойынша қолма-қол ақшамен жүзеге асырылуы мүмкін.
17. Егер уәкілетті орган қатысушы сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін табыстау (қабылдау) күніне дейінгі уақыт аралығы аяқталғанға дейін Қор Қазақстан Республикасының кепілдік берілетін сақтандыру түрлерін (сыныптарын) реттейтін жекелеген заңдарының талаптарына сәйкес кредиторлардың талаптарын қабылдаған болса, сақтандыру жағдайының басталуына әкеліп соқтырған оқиғаның нәтижесінде кредитордың денсаулығы нашарласа (мүгедектік немесе мүгедектіктің ең жоғарғы тобы белгіленеді) не ол қайтыс болса, Қор кредитордан немесе оның мұрагерлерінен келіп түскен өтініштің және тиісті құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мөлшерде кепілдік төлемінің сомасын қайта есептеуді жүргізеді. Кепілдік төлемінің сомасын қайта есептеген кезде есепке бұрын төленген сомалар қабылданады.
18. Кредитордың (сақтанушының) таратылатын сақтандыру ұйымы алдында сақтандыру сыйлықақылары бойынша берешегі болған жағдайда, Қор осы кредиторға төлейтін кепілдік төлемінің мөлшерін, берешек сомасын шегере отырып, белгілейді.
19. Кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тартылған жағдайда таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторына кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тарту себебін негіздей отырып, Қазақстан Республикасының кепілдік берілген сақтандыру түрлерін (сыныптарын) реттейтін заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде жазбаша хабарлама жіберіледі.
20. Кредитор сақтандыру (кепілдік) төлемін жүзеге асыру туралы өтінішті және Қағидалардың 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап Қор 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей кепілдік төлемін жүзеге асыру (жүзеге асырудан бас тарту) туралы мәселені қарайды.
Мемлекеттік органдарға, жеке, заңды тұлғаларға сұрату жіберуді талап ететін кредитордың өтініші бойынша қосымша мәліметтер және (немесе) растайтын құжаттар алу қажет болған кезде өтінішті қарау мерзімі жауап беру үшін қажетті мерзімге, ал сұрату шетелдік мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберілген жағдайда өтініш немесе сұрату жіберілетін елдің ұлттық заңнамасында көзделген мерзімге тоқтатыла тұрады.
Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Қор кепілдік төлемін жүзеге асыру не жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Кепілдік төлем Қағидалардың 16-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тартылған жағдайда Қор бас тарту себептерін негіздей отырып, кредиторға жазбаша жауап жібереді.
21. Кепілдік төлемінің төленген сомаларын салыстырып тексеру Қор және агент-банк жасайтын кепілдік төлемнің төленген сомалары бойынша салыстырып тексеру актісінің негізінде сақтандыру портфелін тапсыру сәтінде жүзеге асырылады.
22. Қордан аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлемдері келесі түрде жүзеге асырылады:
1) кредиторларға – "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жасалған, уәкілетті орган уақытша әкімшілікті тағайындаған кезде оның сақтандыру ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша қолданыстағы аннуитетті сақтандыру шарттары бойынша;
2) Заңның 7-бабы 2-2-тармағының бірінші бөлігіндегі үшінші абзацпен белгіленген жағдай туындағанда "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына кредиторлар пайдасына.
Кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап қою құқығы кредиторда Қордан шарттардың тізілімін алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні өткен соң туындайды және сақтандыру қызметі туралы Заңда көзделген тәртіппен қатысушы - таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелі тапсырылған күнге дейін қолданылады.
Уәкілетті орган өз қызметін "өмірді сақтандыру" саласында атқарған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиядан айырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тағайындаған уақытша әкімшілік, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөнінде және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дерекқорынан сақтандыру аннуитетті сыныптары бойынша шарттар тізілімін Қорға қалыптастырып береді және тапсырады, олар бойынша Заңның 15-1-бабының 2-тармағының бірінші бөлігіндегі 1) тармақшасына сәйкес кепілдік ұсынылады.
Қор уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімінің және уақытша әкімшіліктен аннуитеттік сақтандыру шарттары тізілімінің көшірмелерін алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде кредиторларға кепілдік төлемдерді жүзеге асырғаны туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында, Қазақстандық ақпараттық интернет-ресурстарда және Қордың интернет-ресурсында жариялайды.
23. Қор сақтандырудың аннуитеттік сыныптары бойынша кепілдік төлемдердің үзіліссіздігі мен уақтылылығын қамтамасыз етеді. Қор мен сақтандырушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында жаңа шарт жасаудың қажеті жоқ.
Заңның 15-1-бабының 2-тармағының бірінші бөлігіндегі 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап қою құқығының туындауына байланысты кредитор Қорға өтініш жасаған жағдайда, Қор кепілдік төлемін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінен алынған ақпарат негізінде жүзеге асырады.
Заңның 15-1-бабының 2-тармағының бірінші бөлігіндегі 2) тармақшасымен белгіленген құқығын жүзеге асыру мақсатында және заңды тұлға және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы таратылған жағдайда, кредитор "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе Қорға жүгінеді.
Осындай аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысын Қор төлейді.
Қажет болған жағдайда, кредитор және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасында жасалған аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының дұрыс есептелгенін тексеру үшін Қор тәуелсіз актуарийді тартады.
"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аннуитеттік сақтандыру шартын жасаған кезде және ол шарттың қолданысы өткен соң қызметкердің кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесін белгілеу немесе ұзарту (қайта куәландыру) салдарынан кейінгі аннуитеттік сақтандыру шарты қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру ұйымымен жасалуы тиіс.
Заңның 7-бабының 2-2-тармағының бірінші бөлігіндегі екінші абзацпен белгіленген аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша кредиторларға кепілдік төлемді Қор шарттар тізілімін алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні өткен соң тікелей немесе банк агент арқылы кредитордың банктік шотына қолма-қол ақшасыз нысанда не қолма-қол ақшамен жүзеге асырады.
3-тарау. Қорытынды ережелер
24. Тарату комиссиясы тағайындалғанға дейін Қор мен уақытша әкімшілік салыстыру актісіне қол қояды, онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) кепілдік төлемдерін алған кредиторлардың деректерін, кепілдік төлемінің мөлшерін, сондай-ақ кепілдік төлемдерін жүзеге асыруға байланысты Қорда туындаған шығыстардың мөлшерін көрсете отырып, кредиторлардың тізімі;
2) деректерін көрсету арқылы өздеріне қатысты кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылданған кредиторлардың тізімі;
3) уақытша әкімшілікке қайтарылған сақтандыру істерінің тізімі.
25. Қор және уақытша әкімшілік салыстырып тексеру актісіне қол қойған кезде Қор уақытша әкімшілікке тізімдеме бойынша бір уақытта олар бойынша Қор кепілдік төлемді жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдаған кредиторлардың сақтандыру істерін береді.
26. Қор кепілдік төлемдерді жүзеге асырған кредиторлардың құжаттары қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 3 (үш) жыл бойы Қорда сақталады.
27. Кепілдік төлемдері жасалған күннен бастап кредитордың таратылатын сақтандыру ұйымына жасалған кепілдік төлемдері көлемінде кері талап ету құқығы Қорға ауысады.
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру" акционерлік қоғамының меншікті активтерін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау қағидалары
Осы "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру" акционерлік қоғамының меншікті активтерін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Қор туралы заң) сәйкес әзірленді және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) меншікті активтерін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау тәртібін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қордың меншікті активтерін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын (бұдан әрі – резервтер қаражаты) инвестициялаудың негізгі мақсаттары:
1) Қордың меншікті активтерін және резервтер қаражатын сақтау және оларды көбейту;
2) Қордың меншікті активтері мен резервтер қаражатының өтімділігінің жеткілікті деңгейін сақтау;
3) Қордың меншікті активтерінің және резервтер қаражатының кірістілігін қамтамасыз ету.
2. Қордың меншікті активтерін және резервтер қаражатын инвестициялау бір немесе бірнеше инвестициялық стратегия шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Соның шеңберінде Қордың меншікті активтерін және резервтер қаражатын инвестициялау жүзеге асырылатын инвестициялық стратегияны (инвестициялық стратегияларды) Қор басқармасы әзірлейді және оны Қордың Директорлар кеңесі бекітеді.
4. Қордың меншікті активтерін және резервтер қаражатын инвестициялау мақсатында Қорда бір немесе бірнеше инвестициялық комитет құрылады.
5. Қордың меншікті активтерін және резервтер қаражатын инвестициялау Қордың Директорлар кеңесінің шешімі бойынша бір немесе бірнеше инвестициялық портфель шеңберінде жүзеге асырылады.
6. Қор Қордың меншікті активтерін және резервтер қаражатын инвестициялау туралы шешімдерді дербес түрде қабылдайды не Қордың меншікті активтері мен резервтер қаражатын инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның (бұдан әрі – инвестициялық портфельді басқарушы) басқаруына береді.
7. Инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау жөніндегі шешімді Қордың Директорлар кеңесі қабылдайды.
8. Инвестициялық портфельді басқарушы Қордың меншікті активтерін және резервтер қаражатын инвестициялық басқаруды Қордың Директорлар кеңесі бекіткен инвестициялық стратегияның (инвестициялық стратегиялардың) негізінде жүзеге асырады.
2-тарау. Қордың меншікті активтерін және резервтер қаражатын инвестициялау тәртібі
9. Қордың меншікті активтерін және резервтер қаражатын инвестициялау туралы шешімдерді дербес түрде қабылдаған жағдайда Қор мыналарды реттейтін ішкі құжаттарды әзірлейді:
1) инвестициялық комитетті қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібі, оның негізгі міндеттері мен құзыреті;
2) Қордың меншікті активтеріне және резервтер қаражатына қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі;
3) инвестициялық қызметтің нәтижелерін ішкі бақылау тәртібі.
Қағидалардың осы тармағында көрсетілген Қордың ішкі құжаттарын Қор басқармасы әзірлейді және Қордың Директорлар кеңесі бекітеді.
10. Инвестициялық комитет (инвестициялық комитеттер) Қордың тәуекелдерді басқару бөлімшесі (тәуекел менеджері) әзірлеген ұсынымдар негізінде Қордың меншікті активтеріне және резервтер қаражатына қатысты инвестициялық шешімдер қабылдайды.
11. Инвестициялық комитет (инвестициялық комитеттер) Қор туралы заңда айқындалған функциялардан басқа мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) өткізу кезеңділігін тәуекелдің маңыздылығына қарай, бірақ жылына екі рет Директорлар кеңесі белгілейтін инвестициялық портфельге (инвестициялық портфельдерге) тән тәуекелдер көрсеткіштерінің мониторингі;
2) тұрақты стресс-тестілеу және тәуекелдерді талдау;
3) тәуекелдерді басқару әдістерін таңдау және қолдану;
4) тәуекелдердің рұқсат етілетін мөлшеріне лимиттер белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5) тәуекелдерді басқару бойынша жоспарлар әзірлеу;
6) тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру, Қордың инвестициялық стратегиясына (инвестициялық стратегияларына) өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды Қордың Директорлар кеңесінің қарауына шығару.
12. Қордың тәуекелдерді басқару бөлімшесінің (тәуекел менеджерінің) ұсынымы мыналарды қамтиды:
1) ұсынымның берілген күні және нөмірі;
2) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпарат көздерінің тізбесі (сипаты);
3) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижелері;
4) инвестициялық шешімнің ұсынылатын нұсқалары;
5) ұсыным берген адамдардың қолдары.
13. Инвестициялық шешім мыналарды қамтиды:
1) инвестициялық шешімнің қабылданған күні және нөмірі;
2) инвестициялық шешім қабылдауға негіз болған ұсынымның берілген күні мен нөмірі;
3) жасалуға тиіс мәміленің түрі;
4) ол бойынша мәміле жасалуға тиіс қаржы құралының сәйкестендіргіші;
5) жасалуға тиісті мәміленің көлемі, бағасы және сомасы (көлемінің, бағасы мен сомасының ауқымы);
6) мәмілені жасау мерзімдері;
7) мәміле жасау болжанатын нарықтың типін (бастапқы немесе қайталама) көрсету;
8) оның көмегімен мәміле жасау болжанатын брокердің атауы (ол болған кезде);
9) Қордың меншікті активтері және резервтер қаражаты есебінен мәміле жасау көзделетін инвестициялық портфельдің атауы;
10) инвестициялық шешім қабылдаған тұлғалардың қолдары;
11) инвестициялық шешім қабылдауға қатысқан адамның ерекше пікірі (бар болса).
Қор туралы Заңда және Қағидаларда реттелмеген Қорда инвестициялық шешімдер қабылдау рәсімдері Қордың ішкі қағидаларында айқындалады.
14. Қабылданған инвестициялық шешімдерге және осы инвестициялық шешімдерді орындау үшін жасалған мәмілелерге бақылауды жүзеге асыру үшін Қорда қабылданған инвестициялық шешімдерді, орындалған және орындалмаған мәмілелерді есепке алу және тіркеу журналдары, сондай-ақ Қордың ішкі құжаттарында көзделген өзге де журналдар жүргізіледі.
15. Қор әрбір айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша айына кемінде бір рет өзінің есепке алу жүйесінің деректерін олардың инвестициялық портфельді басқарушының (ол болған кезде) және резервтер қаражатын есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын кастодианның деректеріне сәйкестігіне қатысты салыстырып тексеруді жүргізеді.
16. Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген салыстырып тексеру қорытындылары салыстырып тексеру актісімен (салыстырып тексеру актілерімен) ресімделеді.
17. Қор биржасы делистингке ұшыратқан бағалы қағаздарды өткізуді қоспағанда, Қордың қайталама нарықтағы бағалы қағаздармен мәмілелерін Қор ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасайды.
18. Қордың меншікті активтері мен резервтер қаражатының қатысуымен ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері ашық сауда-саттық әдісімен жасалады.
19. Қордың меншікті активтері мен резервтер қаражаты есебінен "кері репо" мәмілелері қор биржасының сауда жүйесінде орталық контрагенттің қатысуымен автоматты түрде жасалады және күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге жасалады.
20. Егер қандай да бір мән-жайлардың нәтижесінде Қордың инвестициялық портфелінің (инвестициялық портфельдерінің) құрылымы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмей қалса, Қор осындай сәйкессіздікті одан әрі күшейтетін активтер орналастыруды дереу тоқтатады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі-уәкілетті орган) хабарлайды , сондай-ақ уәкілетті орган оны мақұлдаған жағдайда 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынады, іс-шаралар жоспарында айқындалған мерзімдерде бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының меншікті активтері, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты және зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі
1. Осы "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының меншікті активтері, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты және зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Қор туралы заң) сәйкес әзірленді және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) меншікті активтері, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты және зиянды өтеу резервінің қаражаты (бұдан әрі-резервтер қаражаты) есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілейді.
2. Қор Қордың меншікті активтерін, резервтер қаражатын мынадай қаржы құралдарына:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар/ағымдағы шоттар;
2) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін салымдар/ ағымдағы шоттар:
Standard & Poor 's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor ' s (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzA-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
Қазақстан Республикасының резидент-еншілес банктері болып табылады, Standard&Poor 's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-" төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес-бас банктері;
3) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor 's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша (эмиентінің) "ВВ" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor 's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzA-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкала бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының борыштық бағалы қағаздары;
4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда), кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлға шығарған, акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар борыштық бағалы қағаздар;
5) Standard&Poor 's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "BBB-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар борыштық бағалы қағаздар;
6) қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған борыштық бағалы қағаздар;
7) Standard & Poor 's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "AA-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразиялық Даму Банкі шығарған борыштық бағалы қағаздар;
8) тазартылған қымбат металдар мен металл шоттарына орналастыруды жүзеге асырады.
3. Қордың меншікті активтерін Тізбенің 2-тармақтың 1), 2), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдарына ("кері репо" операцияларын ескере отырып) жиынтық орналастыру Қордың меншікті активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің кемінде сексен пайызын құрайды.
Резервтер қаражатын Тізбенің 2-тармақтың 1), 2), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдарына ("кері репо" операцияларын ескере отырып) жиынтық орналастыру резервтер қаражатының кемінде 80 (сексен) пайызын құрайды.
4. Қордың меншікті активтерін қаржы құралдарына (баланстық құны бойынша) жиынтық орналастыру мынадай:
1) екінші деңгейдегі бір банктегі (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөнінде Қормен агенттік келісім негізінде қызметтер көрсететін банк-агентті қоспағанда) және оның үлестес тұлғаларының салымдарына, ақшасына және бағалы қағаздарына ("кері репо" операцияларын ескере отырып) - Қордың меншікті активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің 20 (жиырма) пайызынан аспайтын, бірақ осы банктің меншікті капиталы мөлшерінің 25 (жиырма бес) пайызынан астам емес;
2) Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерін қоспағанда) және осы заңды тұлғаның үлестес тұлғаларының борыштық бағалы қағаздарына - Қордың меншікті активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің 10 (он) пайызынан аспайтын, бірақ осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің 25 (жиырма бес) пайызынан астам емес;
3) мемлекеттік мәртебесі бар, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын ескере отырып) - Қордың меншікті активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық порфтельдің 10 (он) пайызынан астам емес;
4) Қордың меншікті активтерінің қатысуымен жасалатын "кері репо" мәмілелері Қордың меншікті активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің 10 (он) пайызынан астам емес;
5) борыштық бағалы қағаздарға бір шығарылым борыштық бағалы қағаздардың жалпы көлемінің 25 (жиырма бес) пайызынан астам емес;
6) халықаралық қаржы ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздарға – Қордың меншікті активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің 10 (он) пайызынан аспайды, бірақ осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің 25 (жиырма бес) пайызынан астам емес;
7) тазартылған қымбат металдарға және металл шоттарға – Қордың меншікті активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің 10 (он) пайызынан астам емес мәндерден аспайды.
Осы тармақта белгіленген Қордың меншікті активтерін жиынтық орналастыру жөніндегі талаптар Тізбенің 2-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген бағалы қағаздарға қолданылмайды.
5. Резервтер қаражатын қаржы құралдарына жиынтық орналастыру (баланстық құны бойынша) мынадай:
1) екінші деңгейдегі бір банктегі (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөнінде Қормен агенттік келісім негізінде қызметтер көрсететін банк-агентті қоспағанда) және осы банктің үлестес тұлғаларының салымдарына, ақшасына және бағалы қағаздарына ("кері репо" операцияларын ескере отырып) – резервтер қаражатының 20 (жиырма) пайызынан астам емес;
2) Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерін қоспағанда) және осы заңды тұлғаның үлестес тұлғаларының борыштық бағалы қағаздарына ("кері репо" операцияларын ескере отырып) – резервтер қаражатының 20 (жиырма) пайызынан астам емес;
3) мемлекеттік мәртебесі бар, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын ескере отырып) – резервтер қаражатының 10 (он) пайызынан астам емес;
4) резервтер қаражатының қатысуымен жасалатын "кері репо" мәмілелері-резервтер қаражатының 10 (он) пайызынан астам емес;
5) борыштық бағалы қағаздарға – бір шығарылған борыштық бағалы қағаздардың жалпы көлемінің 25 (жиырма бес) пайызынан астам емес;
6) халықаралық қаржы ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздарға – резервтер қаражатының 10 (он) пайызынан аспайтын, бірақ осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің 25 (жиырма бес) пайызынан астам емес;
7) тазартылған қымбат металдарға және металл шоттарға – резервтер қаражатының 10 (он) пайызынан астам емес мәндерден аспайды.
Осы тармақта белгіленген резервтер қаражатын жиынтық орналастыру жөніндегі талаптар Тізбенің 2-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген бағалы қағаздарға қолданылмайды.
6. Standard & Poor 's (Стандард энд Пурс) агенттігінің рейтингтік бағаларынан басқа қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган Moody' s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) және Fitch (Фич) агенттіктерінің, сондай-ақ олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының рейтингтік бағаларын да таниды.
7. Тізбеде реттелмеген инвестициялаудың қосымша лимиттері Қордың инвестициялық стратегиясында (инвестициялық стратегиясында) белгіленеді.
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақыны алу қағидалары
1. Осы "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақыны алу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – заң) сәйкес әзірленді және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялаудан жиынтық инвестициялық кірістен (бұдан әрі – резервтер қаражаты) және сақтандыру ұйымдары енгізген жиынтық жарналардан комиссиялық сыйақыны алу тәртібін айқындайды.
2. Қор комиссиялық сыйақы алуды қорытындылары бойынша Заңның 8-1-бабы 2-тармағында белгіленген мөлшерден аспайтын комиссиялық сыйақы алынатын қаржы жылының соңына дейін Қордың Директорлар Кеңесі белгілеген мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырады.
3. Резервтер қаражатына қатысты инвестициялық қызметті жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы сомасы Қордың Директорлар кеңесі бекіткен комиссиялық сыйақы мөлшерлемесін Қор акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен жылдық қаржылық есептілікке сәйкес қаржы жылының қорытындылары бойынша резервтер қаражатын инвестициялаудан алынған жиынтық инвестициялық кіріс сомасына көбейту арқылы айқындалады.
4. Қор қаржы жылының қорытындылары бойынша теріс жиынтық инвестициялық кіріс болған жағдайда резервтер қаражатына қатысты инвестициялық қызметті жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы алмайды.
5. Жарналар үшін комиссиялық сыйақы сомасы Қордың Директорлар кеңесі бекіткен комиссиялық сыйақы мөлшерлемесін сақтандыру ұйымдары қаржы жылында Қорға енгізген жиынтық жарналардың сомасына көбейту арқылы Қор акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен жылдық қаржылық есептілікке сәйкес қаржы жылының қорытындылары бойынша айқындалады.
6. Қор резервтер қаражатын есепке алу үшін ашылған банк шоттарынан Қордың меншікті активтері үшін ашылған банк шотына ақша қаражатын аудару арқылы комиссиялық сыйақы алады.