Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 тамызда № 33219 болып тіркелді.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына және 36-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 15-тармағының 179) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекітілсін.

      2. "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "__" ________ 2023 ж.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2023 жылғы "__" ________

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 28 шілдедегі
№ 230 Бұйрығымен
бекітілген

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 52) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңы) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдік білім беру ұйымдарында, оның ішінде олардың филиалдарында, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханаларда білім алған жеке адамдардың орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттарын тану қағидаларының тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) білім туралы құжаттарды тану – бұл шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарды ресми растау;

      2) бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      3) сараптамалық бағалау – білім туралы шетелдік құжаттың ұлттық заңнаманы ескере отырып, оның иегерінің оқуын жалғастыруға және/немесе жұмысқа орналасуына қол жеткізу мақсатында академиялық және (немесе) кәсіби құқықтарын бере отырып, оның тең маңыздылығын ресми түрде белгілеу;

      4) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі.

      3. Білім туралы құжаттарды тану жеке адамдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қатысты жүзеге асырылады.

      4. "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі құжаттарды танудың тиісті рәсімдерін жүзеге асыру үшін "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетеді.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтер енгізуді қамтамасыз етеді.

      6. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы көрсетілетін қызметті берушілерге, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына хабарлайды.

2-тарау. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану тәртібі

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы не Мемлекеттік корпорация арқылы жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті алуға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қолхат береді.

      Өтініш портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен күні өтінішті тіркейді және оны басшының жетекшілік ететін орынбасарына қайта жібереді, ол жауапты қызметкерді 1 (бір) жұмыс күні ішінде айқындайды. Құжаттар топтамасы толық жіберілмеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдаудан/одан әрі қараудан бас тартады. Өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Негізгі талаптардың тізбесі), оның ішінде процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.

1-параграф. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану тәртібі

      9. Құжаттарды тануға басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханаларда білім алған жеке адамдардың орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттар жатады.

      Білім туралы құжаттарды тану білім туралы құжаттың түпнұсқалығын анықтау, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында (ғылыми орталықта, зертханада) оны беру кезінде тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болуын анықтау, қажет болған жағдайда сараптамалық бағалау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      10. Заңдастырылған немесе апостильденген білім туралы құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі портал не Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен күні өтінішті тіркейді және оны басшының жетекшілік ететін орынбасарына жолдайды, ол бір жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерді айқындайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының аумағында заңдық күші бар білім туралы құжаттарды тану мәселелері бойынша халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімін жүргізеді;

      Діни білім туралы құжаттар келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері тиісті саланың мамандарын тартады.

      Халықаралық шарттар болмаған кезде білім туралы құжаттың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сараптамалық бағалау жолымен тану рәсімін жүргізеді, қажет болған жағдайда тиісті салалардың мамандарын тартады.

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері тану/сараптамалық бағалау негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде білім туралы құжатты тану туралы бұйрық шығарады не Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі;

      4) білім туралы құжатты тану туралы бұйрықтың негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша білім туралы құжатты тану туралы куәлік ресімделеді

      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      портал арқылы жүгінген кезде білім туралы құжатты тану туралы электрондық куәлік электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сенімхаттың электрондық көшірмесі негізінде көрсетілетін қызметті алушының немесе уәкілетті өкілдің "жеке кабинетіне" жіберіледі;

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері ілеспе хат дайындайды және білім туралы құжатты тану туралы куәлікті Мемлекеттік корпорацияға жібереді. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      11. Көрсетілетін қызметті берушіге заңдастырылмаған немесе апостильденбеген білім туралы құжаттарды тануға арналған құжаттардың толық топтамасы портал не Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен күні өтінішті тіркейді және оны басшының жетекшілік ететін орынбасарына жолдайды, ол бір жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерді айқындайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері өтініш келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім туралы құжатты беру фактісін және білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болуын растауды алу мақсатында шетелдік білім беру ұйымына, ғылыми орталыққа немесе зертханаға ресми сұрау салу жібереді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері ресми сұрау салу жіберілген сәттен бастап жауапты күту барысында Қазақстан Республикасының аумағында заң күші бар білім туралы құжаттарды тану мәселелері бойынша халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімін жүргізеді.

      Діни білім туралы құжаттар келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері тиісті саланың мамандарын тартады.

      Халықаралық шарттар болмаған кезде білім туралы құжаттың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сараптамалық бағалау жолымен тану рәсімін жүргізеді, қажет болған жағдайда тиісті салалардың мамандарын тартады;

      4) егер білім беру ұйымы, ғылыми орталық немесе білім туралы құжат берген зертхана 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ресми сұрау салуына (электрондық пошта немесе ресми түрде) жауап бермесе, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды қайтару туралы дәлелді жауапты ресімдейді;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің тану/сараптамалық бағалау негізінде оң жауап алған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде білім туралы құжатты тану туралы бұйрық шығарылады не Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі;

      6) білім туралы құжатты тану туралы бұйрықтың негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжатты тану туралы куәлік ресімделеді;

      7) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      портал арқылы жүгінген кезде білім туралы құжатты тану туралы электрондық куәлік электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сенімхаттың электрондық көшірмесі негізінде көрсетілетін қызметті алушының немесе уәкілетті өкілдің "жеке кабинетіне" жіберіледі;

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері ілеспе хат дайындайды және білім туралы құжатты тану туралы куәлікті Мемлекеттік корпорацияға жібереді. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      12. Білім туралы құжаттарды тану рәсімінен танудан босататын мынадай халықаралық шарттарға (келісімдерге) қол қойған елдердің білім беру ұйымдарының білімі туралы құжаттардың иегерлері өтпейді:

      1) 1992 жылғы 15 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының "Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы" келісімі.

      2) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарты.

      13. Өзара тану туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) қол қойған елдердің білімі туралы құжаттар мынадай тәртіппен танылады:

      1) Егер білім туралы құжат заңдастырылмаған немесе апостиль қойылмаған болса, білім туралы құжаттың түпнұсқалығын белгілеу;

      2) білім туралы құжат берген білім беру ұйымында (ғылыми орталықта, зертханада) оны беру сәтінде тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болуын белгілеу.

      Өзара тану туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) қол қойған елдердің білімі туралы құжаттарды тану көрсетілетін қызметті берушінің Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік беруі негізінде жүзеге асырылады.

      14. Өзара тану туралы халықаралық шарттар (келісімдер) болмаған кезде білім туралы құжаттар мынадай тәртіппен сараптамалық бағалау жүргізе отырып танылады:

      1) егер білім туралы құжат заңдастырылмаған немесе апостиль қойылмаған болса, білім туралы құжаттың түпнұсқалығын белгілеу;

      2) білім туралы құжат берген білім беру ұйымында (ғылыми орталықта, зертханада) оны беру сәтінде тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болуын белгілеу;

      3) Білім және (немесе) біліктілік деңгейін бағалау;

      4) оқу кезеңдерін бағалау;

      5) оқыту мерзімдері мен нысанын бағалау;

      6) осы құжат берілген мемлекетте білім туралы құжатты иеленушіге берілетін академиялық және (немесе) кәсіптік құқықтардың Қазақстан Республикасында белгіленген үлгідегі білім туралы тиісті құжаттарға берілетін құқықтарға тең екендігін айқындау;

      7) қосымша білімнің болуын айқындау (білім беру деңгейінде, оқу кезеңдерінде, оқыту мерзімдері мен нысанындағы айырмашылықтар анықталған кезде);

      8) мамандық немесе білім беру бағдарламасы бойынша практикалық дағдылар мен жұмыс тәжірибесінің болуын айқындау (білім беру деңгейінде, оқу кезеңдерінде, оқыту мерзімдері мен нысанында айырмашылықтар анықталған кезде).

      15. Сараптамалық бағалау жүргізу және білім беру деңгейіндегі, оқыту кезеңдеріндегі, оқыту мерзімдері мен нысанындағы айырмашылықтарды анықтау кезінде білім туралы құжатты тану қосымша білім алуды және оқуды, мәлімделген мамандық немесе білім беру бағдарламасы бойынша 5 жылдан астам практикалық дағдылар мен жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттарды ескере отырып жүргізіледі.

      Егер шетелдiк бiлiм беру ұйымы, ғылыми орталық немесе зертханалар берген бiлiм туралы құжатта Қазақстан Республикасының бiлiм беру деңгейлерi бойынша кадрлар даярлау бағыттарының немесе бiлiктiлiктердiң, мамандықтардың сыныптауыштарында жоқ бiлiктiлiктер көрсетiлген жағдайда, білім беру мазмұны оқытудың тиісті саласы немесе біліктілік, мамандық бойынша жүзеге асырылады.

      16. Білім туралы құжаттарды тану рәсімінің нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) Қағидаларға 14-тармағында көрсетілген құжаттар санаты үшін оқуды жалғастыруға және (немесе) жұмысқа орналасуға құқық бере отырып, ұсынылған құжат бойынша білім туралы құжатқа сәйкес білім туралы құжатты тану туралы;

      2) Қағидаларға 15-тармағында көрсетілген құжаттар санаты үшін оқуды жалғастыруға және (немесе) жұмысқа орналасуға құқық бере отырып, тиісті білім деңгейі/дәрежесі, мамандығы немесе кадрлар даярлау бағыты, біліктілігі бойынша білімі туралы құжатты тану туралы;

      3) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      17. Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, орны мен тәсілі туралы хабарлайды. Хабарлама (Хабарлама) ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекен-жай бойынша не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып мәтіндік хабарламамен жіберіледі.

      Тыңдау туралы хабарлама дәлелді бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылдайды не дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      18. Тану туралы куәлік, білімі туралы құжаттарды қайтару немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушыға немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша үшінші тұлғаға беріледі не көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

3-тарау. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктердің телнұсқаларын беру тәртібі

      19. Тегі, аты немесе әкесінің аты (бар болған жағдайда) өзгерген, білімі туралы құжатты тану туралы куәлік жоғалған, бүлінген жағдайда тану туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі – телнұсқа) беріледі.

      20. Телнұсқаны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді.

      21. Берілген куәлік бланкісінің оң жақ жоғары бұрышына "Телнұсқа" деген жазу жазылады.

      22. Көрсетілетін қызметті берушіге білім туралы құжаттардың тану туралы куәліктеріне телнұсқаларын беруге арналған құжаттардың толық топтамасы портал не Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен күні өтінішті тіркейді және оны басшының жетекшілік ететін орынбасарына жолдайды, ол бір жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерді айқындайды;

      2) құрылымдық бөлімшенің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде тану туралы куәлікті беру фактісін растайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне жолдайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде білім туралы құжатты тану туралы куәліктің телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім туралы құжатты тану туралы куәліктің телнұсқасына немесе Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;

      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      портал арқылы жүгінген кезде білім туралы құжатты тану туралы электрондық куәліктің телнұсқасы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сенімхаттың электрондық көшірмесі негізінде көрсетілетін қызметті алушының немесе уәкілетті өкілдің "жеке кабинетіне" жіберіледі;

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері ілеспе хат дайындайды және білім туралы құжатты тану туралы куәліктің телнұсқасын Мемлекеттік корпорацияға жібереді. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

4 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      23. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

      24. Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      25. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  Орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
туралы құжаттарды тану
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрлігінің
"Жоғары білім беруді
дамыту ұлттық орталығы"
шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда) *
________________________
Азаматтығы: *____________
*_______________________
Жеке басын растайтын құжаты
(паспорт/жеке куәлік):
*_______________________
(нөмірі, сериясы, күні
және кім бергені)
________________________
Тұрғылықты мекенжайы:
________________________
________________________
(ел, облыс, қала, аудан, көше
атауы, үй және пәтер нөмрі)
Байланыс деректері *______
*Тел.:______________________
*Эл.пошта: ________________
(ұялы, жұмыс/үй телефондары,
электрондық пошта адресі)
Жұмыс немесе оқу орны:
*_______________________
________________________

Өтініш

      Сізден білім туралы құжатты *_________________________________________

      (жұмысқа орналасу, оқуды жалғастыру)

      _________________________________________ мақсатымен тануды өтінемін.

      Білім туралы құжаттың түрі, сериясы және нөмірі*________________________

      ___________________________________________________________________

      (диплом, аттестат, куәлік, сертификат)

      Кім берген*_________________________________________________________

      (білім беру ұйымының, ғылыми орталықтың, зертхананың, елдің толық атауы)

      Мамандық/бағыты бойынша*_________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (толық атауы)

      Берілген біліктілік/ дәреже*___________________________________________

      (толық атауы)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін. Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығы

      үшін толық жауап беремін.

      "___"______________20____жыл _____________________________ (жеке қолы)

      *- толтырылуы міндетті.

  Орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
туралы құжаттарды
тану қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  Үлгі _______________________
__________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты,
әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
(бұдан әрі - Т.А.Ә.)
(бар болған жағдайда)
__________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
__________________________

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Сіздің Қағидаларда көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1. _______________________;

      2. _______________________;

      3. _______________________

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      ___________________________________________________ _____________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (Мем.корпорация қызметкері) (қолы)

      Телефон: __________________________

      Алдым: _____________________________________________________

      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)/қолы

      20_____жылғы "____" ______________

  Орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
туралы құжаттарды
тану қағидаларын
3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану"
Мемлекеттік қызметтің кіші түрінің атауы:
1) "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану";
2) "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасын беру".

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Барлық кіші түрлер үшін:
1) Мемлекеттік корпорация арқылы;
2) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы.

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

Білім туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:
-портал арқылы жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні
- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 25 (жиырма бес) жұмыс күні
Білім туралы заңдастырылмаған және жарияланбаған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:
- портал арқылы жүгінген кезде - 35 (отыз бес) жұмыс күні
- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 45 (қырық бес) жұмыс күні
Телнұсқа беру туралы өтінішті қарау мерзімі:
Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні.
Портал арқылы жүгінген кезде - 7 (жеті) жұмыс күні.
Құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру
үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
Көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды түрінде (ішінара автоматтандырылған):
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану;
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасын беру.
Қағаз түрінде:
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану;
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасын беру.

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
–Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес білім туралы құжаттарды тану туралы куәлік;
- Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасы;
- осы Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2) порталға жүгінген кезде:
–Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес білім туралы құжатты электрондық нысанда тану туралы куәлік;
- Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес электрондық нысанда білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасы;
- осы Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қағаз жеткізгіште жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе осыған уәкілеттік берілген адамның мөрімен және қолымен куәландырылады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру шарты:
- көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі Мемлекеттік корпорация арқылы жеке куәлігін көрсеткен кезде жүзеге асырылады;
- порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның мерзімінде талап етілмеген құжаттарды сақтау шарты:
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация құжаттардың сақталуын бір ай бойы қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

№ п/п

Қызмет атауы

1 бірліктің бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (АЕК)

1

Орта білім туралы құжаттарды тану

6 МРП

2

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану

8 МРП

3

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасын беру.

3 МРП

Мемлекеттік қызметті көрсету құнын "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 146-бабына сәйкес айқындалып Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қарастыруға қабылдаған жағдайда, төлем қайтарылмайды.


7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен.
2) Мемлекеттік корпорацияда - дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа.
Қабылдау "электронды" кезек тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жүзеге асырылады, портал арқылы кезекті броньдауға болады.
3) Порталда - құжаттарды қабылдау жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілісті есептемегенде тәулік бойы жүзеге асады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

1.1. Білім туралы құжатты тану туралы куәлікті алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
- Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) нотариат куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;
2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
3) білімі туралы заңдастырылған немесе апостильденген құжаттың көшірмесі және оған қосымшаның нотариат куәландырған аудармасымен (егер құжат толығымен шет тілінде болса), мөрдің аудармасын қоса алғанда.
Заңдастырудың күшін жоюды және (немесе) білім туралы құжаттарға апостиль қоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шартқа (келісімге) қатысушы елде білім туралы құжатты беру кезінде білім туралы құжаттың және оған қосымшаның қағаз нотариалды куәландырылған көшірмесі және мөрді, мөртабанды аударуды қоса алғанда, нотариат куәландырған аударма (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады;
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы білімі туралы құжаттың және оған қосымшаның көшірмесін, олардың нотариат куәландырған аудармаларымен бірге (егер құжат толығымен шет тілінде болса) мөрді, мөртабанды аударуды қоса алғанда ұсынады.
4) Қазақстан Республикасының бейрезиденттер үшін – білімі туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліне аудармасы бар).
5) төлем туралы мәліметтер (сұрау салуға жауап болмаған кезде қайта жүгінген кезде талап етілмейді);
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
- портал арқылы жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
2) білімі туралы заңдастырылған немесе апостильденген құжаттың және оған қосымшаның мөрдің аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған аудармасымен (егер құжат толығымен шет тілінде болса) электрондық көшірмесі.
Заңдастырудың күшін жоюды және (немесе) білім туралы құжаттарға апостиль қоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шартқа (Келісімге) қатысушы елде білім туралы құжатты беру кезінде білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық нотариалды куәландырылған көшірмесі және мөрдің, мөртаңбаның аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған аударма (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады;
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы білімі туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесін, олардың нотариат куәландырған аудармаларымен бірге (егер құжат толығымен шет тілінде болса) мөрді, мөртабанды аударуды қоса алғанда ұсынады.
3) Қазақстан Республикасының бейрезиденттер үшін – білімі туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліне аудармасы бар).
4) төлем туралы мәліметтер (сұрау салуға жауап болмаған кезде қайта жүгінген кезде талап етілмейді).
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау/бас тарту мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
2. Білім туралы құжатты тану туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
- Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) нотариат куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;
2) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша телнұсқа беру туралы өтініш;
3) Егер тану туралы куәліктің иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен болса, тегін, атын немесе әкесінің атын өзгерту жазбасы актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы актілік жазба (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен);
4) тану туралы куәліктің түпнұсқасы (егер бар болса);
5) Қазақстан Республикасының бейрезиденттер үшін-білімі туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліне аудармасы бар);
6) төлем туралы түбіртек (қайта жүгінген кезде талап етілмейді) ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
- Порталға жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша телнұсқа беру туралы өтініш;
2) Егер тану туралы куәліктің иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен болса, тегін, атын немесе әкесінің атын өзгерту жазбасы актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы актілік жазба (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен);
3) тану туралы куәліктің түпнұсқасы (егер бар болса);
4) Қазақстан Республикасының бейрезиденттер үшін-білімі туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліне аудармасы бар);
5) төлем туралы мәліметтер ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуы;
4) білім туралы құжатты беру фактісін растау туралы сұрау салуға теріс жауап немесе білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болмауы;
5) Қазақстан Республикасы Халықаралық құқық субъектісі ретінде танымайтын елдердің білімі туралы құжаттарды не шетелдік білім беру ұйымын беру елінің білім беру саласындағы уәкілетті органы мойындамаса;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік білім беру бағдарламасының білім беру деңгейлерінің және (немесе) даярлау бағыттарының (мамандықтардың, кәсіптердің) ешқайсысына сәйкес келмеуі;
7) білім туралы құжатты беру фактісін және білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растау туралы сұрау салуға жауаптың болмауы.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.
Осы тармақтың 1), 2), және 7) тармақшаларына сәйкес бас тартылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы қайта жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін жаңа төлем жүргізбейді.

10

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді.
Субъект мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторландырудан өтеді, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.
Заңнамада белгіленген тәртіпте өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүруді, бағдарлануды жүзеге асыру қабілеттерінен немесе мүмкіндігінен толық немесе жартылай айырылған көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 28-75-27. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу тәртібінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметі, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
туралы құжаттарды
тану қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Білім туралы шетелдік құжатты тану туралы КУӘЛІК (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның нотариалды расталған аудармасымен нақты)

      БТ __________

      Осы білім туралы құжат ____________________________________________________

      (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі және берілген күні)

      __________________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ____________________________________________________________ атына берілген

      оқу орны _________________________________________________________________

      (білім туралы құжатты берген ұйымның, ғылыми орталықтың, зертхананың, елдің атауы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасында танылып

      ________________________________________________ құқығымен куәландырылады

      (оқуды жалғастыру және (немесе) жұмысқа орналасу)

      Негіздеме:________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нөмірі мен күні)

      Басшы__________________М.О (қолы)

      Тіркеу нөмірі №___________________

      20 жылғы "___" ________________

  Орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
туралы құжаттарды
тану қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Білім туралы шетелдік құжатты тану туралы КУӘЛІК (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның нотариалды расталған аудармасымен нақты)

      БТ І __________

      Осы білім туралы құжат _____________________________________________________

      (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі және берілген күні)

      __________________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ____________________________________________________________ атына берілген

      оқу орны _________________________________________________________________

      (білім туралы құжатты берген ұйымның, ғылыми орталықтың, зертхананың, елдің атауы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ______Қазақстан Республикасында (деңгейі/білім дәрежесі, мамандығы немесе білім

      беру бағдарламасы/ біліктілік, кадрларды дайындау бағыты

      бойынша) _________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      сәйкес құқықтық теңдігімен танылсын ________________________________________

      (білім алуға және (немесе) кәсіби қызметке қол жеткізу)

      Негіздеме:_________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нөмірі мен күні)

      Басшы______________М.О (қолы)

      Тіркеу нөмірі № ______________

      20 жылғы "____" ___________

  Орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
туралы құжаттарды
тану қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

  Қазақстан Республикасы Ғылым
және жоғары білім
министрлігінің
"Жоғары білім беруді дамыту
ұлттық орталығы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы
республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
__________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
___________________________
___________________________
(бар болған жағдайда)
Азаматтығы: *______________
___________________________
Жеке басын растайтын құжаты
(паспорт/жеке куәлік):
*__________________________
___________________________
(нөмірі, сериясы, күні
және кім бергені)
___________________________
___________________________
Тұрғылықты мекен жайы: ____
___________________________
(ел, облыс, қала, аудан,
көше атауы, үй және пәтер
нөмрі)
___________________________
Байланыс деректері*________
*Тел.:______________________
*Эл.пошта: ________________
(ұялы, жұмыс/үй телефондары,
электрондық пошта адресі)
___________________________
___________________________
Жұмыс немесе оқу орны:*____
___________________________

Өтініш

      Сізден _________________________________________________________

      (білім туралы құжатты тану туралы куәліктің телнұсқасын беру)

      Себебі _________________________________________________________

      (куәліктің жоғалуы/бүлінуін/ тегі, аты немесе әкесінің аты өзгеруі және т.б.)

      Білім туралы құжаттың түрі, сериясы және нөмірі _____________________

      ________________________________________________________________

      (диплом, аттестат, куәлік, сертификат)

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (білім беру ұйымының, ғылыми орталықтың, зертхананың, елдің толық атауы)

      ________________________________________________________________

      ______________________________________________ мамандық бойынша

      (толық атауы)

      берілген біліктілік/дәрежесі ________________________________________

      _________________________________________________________________

      (толық атауы)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға

      келісім беремін. Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығы толық жауап

      беремін.

      20_____жылғы "____"______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) жеке қолы немесе уәкілетті өкіл)

      *- толтырылуы міндетті.