Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 сәуірде № 27595 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-2-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2026 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова
     
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

  Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123
бұйрығына 1-қосымша

Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2026 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-2-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) еңбекші көшіп келушілер – еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй қызметкері ретінде келген көшіп келушілер;

      2) еңбекші көшіп келушіге рұқсат – жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) үшін еңбекші көшіп келушіге берілетін, белгіленген нысандағы құжат;

      3) жұмыс беруші жеке тұлға – үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) үшін еңбекші көшіп келушіні тартатын тұлға;

      4) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге жеке тұлғаға тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны.

      3. Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жібереді.

2-тарау. Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу тәртібі

      4. "Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті берушілер көрсетеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2026 № 225 (12.07.2026 бастап қолданылады) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті алу үшін еңбекші көшіп келуші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) жұмыс беруші-жеке тұлғамен (бұдан әрі – жұмыс беруші) бірлесіп, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру/ұзарту туралы өтінішті "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе "migration.enbek.kz" порталы арқылы және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттарды береді.

      6. Көрсетілетін қызмет беруші еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдаған кезде аумақтық ішкі істер органдарымен келіседі.

      7. Рұқсатты беру немесе ұзарту не беруден немесе ұзартудан бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті берушілер өтініш берілген күнді есептемегенде 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2026 № 225 (12.07.2026 бастап қолданылады) бұйрығымен.

      8. Көрсетілетін қызмет алушы өтінішті "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе "migration.enbek.kz" порталы арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрінеді.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы паспорттық деректерді көрсетіп және біліктілігі, дағдылары мен жұмыс өтілі туралы мәліметтерді толтырып, тіркеуді "migration.enbek.kz" порталында жүзеге асырады.

      10. Жұмыс берушілер шетелде жүрген, "migration.enbek.kz" порталында есептік жазбасы бар еңбекші көшіп келушілерді іздестіруді бос жұмыс орындары enbek.kz-да жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күн өткен соң ғана жүзеге асырады.

      Бұл ретте еңбекші көшіп келушілерді тартуға өтінім осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап 2 (екі) ай ішінде беріледі.

      11. "Мigration.enbek.kz" порталы арқылы рұқсат беру көрсетілетін қызметті алушы жұмыс берушімен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісімге (бұдан әрі – ниет туралы келісім) қол қойған кезде және көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасына келгеннен кейін жүзеге асырылады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы ниет туралы келісімге қол қойған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде "migration.enbek.kz" порталы арқылы рұқсат алады, осы кезеңде көрсетілетін қызметті алушы үшін квота сақталады.

      13. "Migration.enbek.kz" порталы арқылы рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген өтініш пен құжаттарды жібереді.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2026 № 225 (12.07.2026 бастап қолданылады) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші "Шетелдік жұмыс күші" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "ШЖК" ААЖ) арқылы құжаттар келіп түскен күні:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттардың;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2026 № 225 (01.07.2026 бастап қолданылады) бұйрығымен.

      2) шетелдік азаматтығының "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген шарттарға;

      3) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-2-бабының 5-тармағында көзделген шарттарға;

      4) Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 412-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына немесе 696-бабына сәйкес жеке табыс салығы бойынша төлем сомасының сәйкес келуіне тексеруді жүзеге асырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      16-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2026 № 225 (12.07.2026 бастап қолданылады) бұйрығымен.

      16. "Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "migration.enbek.kz" порталынан "ШЖК" ААЖ-ға келіп түскен құжаттар автоматты түрде "Көші-қон полициясы" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "КҚП" АЖ) қарауға жіберіледі. Аумақтық ішкі істер органдары келіп түскен құжаттарды 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды.

      17. Құжаттарды толық көлемде ұсынбаған және (немесе) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген қолданылу мерзімі аяқталған құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында рұқсатты беруге немесе ұзартуға құжаттарды қабылдаудан дәлелді бас тартуды "жеке кабинетке" жібереді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      18-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2026 № 225 (12.07.2026 бастап қолданылады) бұйрығымен.

      18. Өтінішті қарау оң нәтиже берген кезде еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру немесе ұзарту осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші қай жүйе арқылы жіберілгеніне байланысты "ШЖК" ААЖ-дан көрсетілетін қызметті алушының "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы немесе "migration.enbek.kz" порталындағы жеке кабинетіне жіберу арқылы жүзеге асырылады.

      19. Рұқсат көрсетілетін қызметті алушының рұқсатты беруге немесе ұзартуға арналған өтінішінде көрсетілген мерзімге беріледі және 1 (бір) айдан 12 (он екі) айға дейін болуы мүмкін. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзартуды ескере отырып, ең ұзақ мерзім 12 (он екі) айдан аспайды.

      20. Көрсетілетін қызметті беруші халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде рұқсат береді.

      21. Рұқсатты ұзарту кезінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бұрын берілген қолданыстағы рұқсаттардың саны бір квота есебіне кіреді.

      22. Көрсетілетін қызметті беруші берген рұқсат үшінші тұлғаларға берілмейді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.

      23. Көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат көрсетілетін қызметті алушы еңбек қызметін жүзеге асыруға ниет білдірген жұмыс берушінің меншік құқығындағы жылжымайтын мүлік мекенжайы сәйкес келген кезде беріледі.

      24. Ұзартуға өтініш күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес және еңбекші көшіп келушіге қолданыстағы рұқсат мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмей беріледі.

      25. Өтініш қолданыстағы рұқсат мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктіріліп берілсе рұқсат ұзартылмайды.

      26. 12 (он екі) ай мерзімге рұқсат алған не ұзартуларды ескере отырып, рұқсаты 12 (он екі) айға жеткен көрсетілетін қызметті алушы қолданыстағы рұқсаттың мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде жаңа рұқсатқа өтініш береді.

      Рұқсат алуға арналған құжаттар көрсетілген осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен беріледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      27-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2026 № 225 (12.07.2026 бастап қолданылады) бұйрығымен.

      27. Үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) аяқталған жағдайда жұмыс беруші еңбек шарты бұзылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе "migration.enbek.kz" порталы арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушімен еңбек шартын бұзу туралы хабарламаны жібереді.

      28. Рұқсат алған еңбекші көшіп келушіні тартатын жұмыс беруші еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасында көзделген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізеді не "hr.enbek.kz" веб-порталында еңбек шартын жасасады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      29-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2026 № 225 (12.07.2026 бастап қолданылады) бұйрығымен.

      29. Көрсетілетін қызметті беруші жұмыс беруші мен еңбекші көшіп келушілер арасындағы еңбек шарттарын "ШЖК" ААЖ жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады.

      30. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

3-тарау. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі

      31. Көрсетілетін қызметті беруші қолданыстағы рұқсатты:

      1) Қазақстан Республикасының еңбек және көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде, үй шаруашылығындағы жұмыс берушілерде жұмыстарды орындаумен (қызметтер көрсетумен) байланысты емес еңбек қызметі жүзеге асырылған;

      2) берілген рұқсаттың мақсаттары мен талаптарына сәйкес келмейтін еңбек қызметі жүзеге асырылған;

      3) егер мұндай төлем рұқсаттың қолданылуының міндетті шарты болып табылса, жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төлемеу не уақтылы төлемеген;

      4) рұқсатты ресімдеу кезінде көрсетілген жұмыс беруші – жеке тұлғаның еңбек қызметі тоқтатылған;

      5) еңбекші көшіп келушінің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен;

      6) еңбекші көшіп келушіні Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарып жіберу туралы сот шешімінің заңды күшіне енген;

      7) еңбекші көшіп келушінің Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы заңды күшіне енген шешімі болған;

      8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда кері қайтарып алады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      32-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2026 № 225 (12.07.2026 бастап қолданылады) бұйрығымен.

      32. Кері қайтарып алуды көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "электрондық үкімет" веб-порталының жеке кабинетіне немесе "migration.enbek.kz" порталына, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты кері қайтарып алу туралы хабарламаны жібере отырып "ШЖК" ААЖ арқылы жүргізеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      33-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2026 № 225 (12.07.2026 бастап қолданылады) бұйрығымен.

      33. Көрсетілетін қызметті беруші рұқсатты кері қайтарып алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кері қайтарып алу туралы ақпаратты "ШЖК" ААЖ арқылы "КҚП" АЖ-ға аумақтық ішкі істер органдарына жібереді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      34-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2026 № 225 (12.07.2026 бастап қолданылады) бұйрығымен.

      34. Аумақтық ішкі істер органдары хабарлама келіп түскен күні кері қайтарып алу негіздерін көрсете отырып, "КҚП" АЖ-ға ақпарат енгізеді және еңбекші көшіп келушінің Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімін күнтізбелік 15 (он бес) күнге дейін қысқартады.

4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      35. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қарауды шағымды қарайтын жоғары тұрған әкімшілік орган (лауазымды адам) жүргізеді.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік орган (лауазымды адам) шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік орган (лауазымды адам), егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      36. Көрсетілетін қызметті алушы ҚР ӘРПК 91-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      37. "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      38. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі жергілікті атқарушы органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2026 № 225 (01.07.2026; 12.07.2026 бастап қолданылады) бұйрығымен.

  Еңбекші көшіп келушіге рұқсат
беру, ұзарту және кері
қайтарып алу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
  ___________________________
(жергілікті атқарушы
органның атауы)
азамат (қай елден
екенін көрсетіңіз)
кімнен ______________________
еңбекші көшіп келушінің
тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
ЖСН _______________________
Туған күні __________________
Туған жері __________________
Жеке басты куәландыратын
құжаттың сериясы және №
___________________________
кімнен____________________
жұмыс беруші жеке тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты
( ол болған жағдайда)
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру/ұзарту туралы өтініш

      Сізден _________________________________________________________
(облыс/республикалық маңызы бар қала, көше, үй, пәтер)
мекенжай бойынша жұмыс беруші жеке тұлғаның (бұдан әрі – жұмыс беруші) үй шаруашылығында үй жұмыскері ретінде жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) үшін ____ айға (айларға) еңбекші көшіп келушіге рұқсат беруді/ұзартуды (қажет емесін сызып тастау) сұраймын.

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
1. Тұрғылықты тұратын жерім ____________________________________________________________________ (азаматтығы, тұрақты тұратын жері бойынша толық мекенжай, ел, облыс, қала, аудан, кент, көше, үй, телефон, оның ішінде ұялы телефон нөмірі көрсетіледі)
2. Отбасы құрамы ________________________________________________
(отбасылық жағдайы, жұбайының анықтама деректері/және (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы, балалар саны, үй телефон нөмірі көрсетіледі)
3. Қазақстан Республикасында уақытша тұратын мекенжайы___________________________________________________________
(қала, аудан, көше, үй, пәтер, телефон, оның ішінде ұялы телефон нөмірі)
Қазақстан Республикасының көші-қон және салық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық туралы хабардармын.
"Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
________________________ ________ 20__ ж. "____"__________________
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда )             қолы
Мен ___________________________________________________________
жұмыс берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ____________________________________________________________________
туған жылы, ЖСН
_______________________________________________________________
(шетелдіктің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), азаматтығы)
оларға тиісті рұқсат алғаннан кейін үй шаруашылығына еңбекші көшіп келуші ретінде тартуға ниеттенудемін.
2. Тұрақты тұрғылықты мекенжайы___________________________________________________________
(қала, аудан, көше, үй, пәтер, телефон, оның ішінде ұялы телефон нөмірі).
3. Еңбекші көшіп келушінің тұрғылықты жері мен жұмысы, сондай-ақ жұмыс беруші қабылдауды жоспарлап отырған кәсіп
____________________________________________________________________
Еңбекші көшіп келушіні "www.eqonaq.kz" веб-сайты және визалық-көші-қон порталының (www.vmp.gov.kz) көмегімен "e-Qonag" ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етуге міндеттенемін.
Қазақстан Республикасының көші-қон және салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы хабардар.
"Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
______________________________ ____________ 20__ж. "___"_______
      жұмыс берушінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) қолы

  Еңбекші көшіп келушіге рұқсат
беру, ұзарту және кері
қайтарып алу қағидаларына
2-қосымша

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-қосымшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2026 № 225 (01.07.2026; 12.07.2026 бастап қолданылады) бұйрығымен.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

1) Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру;
2) Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзарту;
3) Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты кері қайтарып алу.

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе "migration.enbek.kz" порталы арқылы жүзеге асырылады.

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Қажетті құжаттар топтамасы "электрондық үкімет" веб-порталы немесе "migration.enbek.kz" порталы арқылы тапсырған күннен бастап өтініш түскен күнді есептемегенде 2 (екі) жұмыс күні. "Электрондық үкімет" веб-порталы немесе "migration.enbek.kz" порталы арқылы жүгінген кезде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Барлық оның кіші түрлері: Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. "Электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе "migration.enbek.kz" порталында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Еңбекші көшіп келушіге мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе "migration.enbek.kz" порталы арқылы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталында;
2) "migration.enbek.kz" - порталында.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) еңбекші көшіп келуші мен жұмыс берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмелері;
3) соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжаттың электрондық көшірмесі;
4) шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның, көшіп-қонушының, еңбекші-көшіп-қонушының (оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттен) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесі (берілген күні 12 айдан аспайтын 028/Е нысанындағы медициналық анықтама);
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және "бірыңғай сақтандыру деректер базасы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандырудың электрондық көшірмесі;
6) жұмыс беруші – жеке тұлға мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісімнің электрондық көшірмесі;
2. Рұқсатты ұзарту үшін:
1) еңбекші көшіп келуші мен жұмыс берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған еңбекші көшіп келушіге рұқсат ұзарту туралы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмелері;
3) соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және "Бірыңғай сақтандыру дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандырудың электрондық көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шартының электрондық көшірмесі.

11

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беруден және ұзартудан мынадай жағдайларда бас тартылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі №123 бұйрығымен бекітілген Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27595 болып тіркелді) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) шетелдіктің азаматтығының "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкес келмеуі;
5) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-2-бабының 5-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмеуі;
6) жеке табыс салығы бойынша төлем болу аумағына сәйкес келмейтін мемлекеттік кірістер органдарына төленген;
7) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 360-бабының 2-тармағында немесе 658-бабының 5-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем сомасының сәйкес келмеуі;
8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
9) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

12

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы немесе порталдағы "жеке кабинет" арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен барысы туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар;
2) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары 1414, 8-800-080-7777;
3) көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ болған кезде, оның мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе "migration.enbek.kz" порталы арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

  Еңбекші көшіп келушіге
рұқсат беру, ұзарту және кері
қайтарып алу қағидаларына
3-қосымша
Нысан

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-қосымшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2026 № 225 (01.07.2026 бастап қолданылады) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасында жұмыс беруші-жеке тұлғамен еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісім


20__ жылғы "____"___________

      Бұдан әрі "1-тарап" деп аталатын жұмыс беруші (жеке тұлға)
____________________________________________

      (Т.А.Ә.)

      (жеке басын куәландыратын құжат № ____ 20__жылғы "___"_____, _________ берген)

      бір тараптан және бұдан әрі "2-тарап" деп аталатын жұмыскер ____________________

      ________________________________________,

      (Т.А.Ә.)

      (паспорт сериясы _______ 20__жылғы "_____"________, __________берген) екінші тараптан, "2-тарап" Қазақстан Республикасына кірген кезде мынадай талаптарды көздейтін еңбек шартын жасасу туралы ниетке қол қоюға келісті:

      1. 1-тарап пен 2-тарап орындалатын жұмыстардың көлемі, жұмыстарды орындау мерзімдері және үй шаруашылығында орындалатын басқа да шарттар туралы уағдаласты.

      2. 2-тарап 1-тараптың үй шаруашылығына _____________________ ретінде (кәсіптің атауы) қабылданады;

      3. 1-тарап осы Келісімде және еңбек шартында көзделген жалақыны ___________ теңге сомасында толық көлемде төлеуді жүзеге асырады;

      4. Тараптардың ҚР еңбек және көші-қон заңнамасын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі техникасы қағидаларын және т. б. сақтауы;

      5. 2-тараптың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көшіп келушілердің келуі мен болуы жөніндегі талаптарды сақтауы;

      6. 1-тараптың ішкі істер органдарын 3 (үш) жұмыс күні ішінде еңбекші көшіп келушілердің келгені туралы хабарлауы;

      7. 1-тараптың 2 (екі) жұмыс күні ішінде еңбекші көшіп келушіге рұқсат берген органға 2-тараппен еңбек қатынастарын тоқтату туралы хабарлауы;

      8. 1-тарап жұмыскердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЖСН, ЭЦҚ алуына 2-тарапқа жәрдемдеседі;

      9. 2-тарап рұқсат алғаннан кейін Тараптардың еңбек шартын жасасуы;

      10. 1-тараптың Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасында көзделген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шартын тіркеуі не еңбек шартын "hr.enbek.kz" веб-порталында жасасу.

      Ескертпе: Осы Келісім шетелдіктің Қазақстан Республикасына келуіне негіз болып табылмайды.

Тараптардың деректемелері және басқа да мәліметтер:

1-тарап
________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))
ЖСН____________________________
Тіркеу
мекенжайы ______________________
Телефон:_________________________
Қолы _________________________

2-тарап
________________________________
(Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))
ЖСН____________________________
Тіркеу мекенжайы______________________
Телефон:________________________
Қолы _________________________

  Еңбекші көшіп келушіге
рұқсат беру, ұзарту және кері
қайтарып алу қағидаларына
4-қосымша

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2026 № 225 (01.07.2026 бастап қолданылады) бұйрығымен.

Жұмыс беруші-жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға ЕҢБЕКШІ КӨШІП КЕЛУШІГЕ РҰҚСАТ № < Рұқсат нөмірі >

(ұзартылатын рұқсат нөмірі: №___________________)

Т.А.Ә.: <тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) латын әліпбиінде > төлқұжат №: < төлқұжаттың сериясы және нөмірі > азаматтығы: < азаматтығы > ЖСН: < ЖСН нөмірі > ЖҰМЫС БЕРУШІ-ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДА үй шаруашылығында ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ бастап <басталу күні> дейін <аяқталу күні>
Өңір (облыс/республикалық маңызы бар қала, астана
____________________________________________________________________
Еңбекші көшіп келушінің ұлттық төлқұжатын көрсеткен кезде жарамды
Рұқсат берген уәкілетті органның атауы:__________________________________
______________________________________________
Лауазымы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
Рұқсат берілген күні: КК/АА/ЖЖЖЖ

Назар аударыңыз!
1. Бұл құжат еңбекші көшіп келушіге Қазақстан Республикасында УАҚЫТША ТҰРУҒА НЕГІЗ БОЛМАЙДЫ.
Уақытша тұруға рұқсатты (бұдан – УТР) ресімдеу үшін қабылдаушы тарап (жұмыс беруші – жеке тұлға) көші-қон қызметі бөліміне немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінуге немесе "электрондық үкімет" веб-порталы немесе "migration.enbek.kz" порталында өтінім береді.
УТР уақтылы ресімделмеген жағдайда, еңбекші көшіп келуші "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 517-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатады.
2. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзарту үшін осы рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын және кемінде 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын "электрондық үкімет" веб-порталы немесе "migration.enbek.kz" порталы арқылы өтінішпен жүгіну қажет.

     


  Еңбекші көшіп келушіге
рұқсат беру, ұзарту және кері
қайтарып алу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
  қайда _______________________
(жергілікті атқарушы
органның атауы)
кімнен ______________________
тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)

Еңбекші көшіп келушімен еңбек шартын бұзу туралы ХАБАРЛАМА

      Мен _____________________________________________

      Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), ЖСН

      20__жылғы "____" __________ № _____ рұқсаттың негізінде жұмыс істеген еңбекші көшіп келуші ________________________________

      Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), ЖСН

      20__жылғы "___" ________ бастап еңбек шарты тоқтатылғаны туралы хабарлаймын.

      __________________________________ ______

      (жұмыс беруші жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) қолы

      20__ жылғы "__" _______.

  Еңбекші көшіп келушіге
рұқсат беру, ұзарту және кері
қайтарып алу қағидаларына
6-қосымша
Нысан

"Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу" мемлекеттік қызметін көрсетуден БАС ТАРТУ

      Т.А.Ә: <тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) латын әліпбиінде> төлқұжат №: < төлқұжат сериясы және нөмірі> азаматтық: < азаматтық>

      ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДА ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА РҰҚСАТ БЕРУДЕН БАС ТАРТЫЛДЫ ("Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңының 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес)

      <НЕГІЗ______________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      <мемлекеттік қызметтен бас тартудың толық сипаттамасы>

      Рұқсат берген уәкілетті органның атауы:_____________________________

      Күні: <берілген күні>

     


  Еңбекші көшіп келушіге
рұқсат беру, ұзарту және кері
қайтарып алу қағидаларына
7-қосымша
Нысан
  Кімге _____________________
____________________________
еңбекші көшіп келушінің тегі,
аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
қайдан _____________________
(ауданның, облыстық маңызы
бар қалалардың жергілікті
атқарушы органдарының атауы)

Еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсатты кері қайтарып алу туралы АҚПАРАТ

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27595 болып тіркелді) 36 және 37-тармақтарына сәйкес 20___ жылғы "___"_________ берілген рұқсатты__________________________________________

      ____________________________

      (аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының атауы) қайтарып алды.

      Жұмыс беруші-жеке тұлғаның үй шаруашылығындағы жұмыстарға (қызметтер көрсетуге) қатысы жоқ еңбек қызметін жүзеге асыруыңызға байланысты рұқсатты кері қайтарып алу негізінде Сізге Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімі 20__ жылғы "____" ____________ дейін қысқартылды.

      Осыған байланысты, көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін Сізге жоғарыда көрсетілген күннен кешіктірмей шығу керек.

      _________________________________

      (жергілікті атқарушы орган (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) басшысы лауазымының атауы)

  Еңбекші көшіп келушіге
рұқсат беру, ұзарту және кері
қайтарып алу қағидаларына
8-қосымша
Нысан
  Кімге _____________________
____________________________
еңбекші көшіп келушінің тегі,
аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
қайдан _____________________
(ауданның, облыстық маңызы
бар қалалардың жергілікті
атқарушы органдарының атауы)

Еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсатты кері қайтарып алу туралы АҚПАРАТ

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27595 болып тіркелді) 36 және 37-тармақтарына сәйкес 20___ жылғы "___"_________ берілген рұқсатты___________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________________________

      (аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының атауы) қайтарып алды:

      Жұмыс беруші-жеке тұлғаның үй шаруашылығындағы жұмыстарға (қызметтер көрсетуге) қатысы жоқ еңбек қызметін жүзеге асыруыңызға байланысты рұқсатты кері қайтарып алу негізінде Сізге Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімі 20__ жылғы "____" ____________ дейін қысқартылды.

      Осыған байланысты, көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін Сізге жоғарыда көрсетілген күннен кешіктірмей шығу керек.

_____________________________

(жергілікті атқарушы орган басшысы

лауазымының атауы)

_________

(қолы)

_____________________

(Т.А.Ә (ол болған жағдайда))


  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 15 сәуірдегі
№ 123 бұйрығына
2 қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9200 болып тіркелген).

      2. "Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 545 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11709 болып тіркелген).

      3. "Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 473 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13782 болып тіркелген).

      4. "Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 8 желтоқсандағы № 894 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17926 болып тіркелген).

      5. "Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 273 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20218 болып тіркелген).

      6. "Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 636 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21255 болып тіркелген).

      7. "Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 16 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22082 болып тіркелген).

      8. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің "Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың қағидаларын бекіту туралы" 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 және "Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрықтарының кейбір құрылымдық элементтерінің қолданысын тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 576 бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24514 болып тіркелген).